Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 11:42, дипломная работа
Кез келген қоғамның тарихи дамуы мен өркендеуі сол елдің өнері мен мәдениетіне тікелей байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге кеңінен танымал біртуар туындыларымен өз отандарын әлемге паш еткен Леонардо да Винчи, Микеланджело, Пабло Пикассо, Ә.Қастеев сынды тағы басқа құдіретті өнер иелерінің қас шеберліктері мен атақ даңқтары дәлел.
КІРІСПЕ
Жалпы адам баласында рухани және материалды байлық деген бар. Соның ішінде адамды адам етіп, ұлтты ұлт ететін-рухани байлық. Рухани байлықтың қайнар көзі-өнерде. Соның ішінде тоқталып өтетініміз бұл-бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің адамға сыйлар рухани байлығы ұлан-ғайыр [1].
Қазақстан Республикасының
Елбасы Нұрсултан Әбішұлы
Бейнелеу өнерін эстетикалық мәдениеттің рухани және материалдықсаласына жатқызамыз. Бейнелеу өнері рухани және материалдық құндылықтар саласының қайсысына қатыстылығын: материалдық құндылықтарға адамға қажетті барлық материалдық заттарды (олар шаблонды болуы мүмкін) қарастыратын болсақ. Ал, өнердің руханилығының нағыз шығармашылықты білдіретініне көңіл бөлу керек. Материалдық құндылықтардың өлшейтін бағасы болады. Ал, рухани құндылықтар материалдық құндылықтарға қарағанда өзгешелеу, олар адам өмірінде көптеген жылдар бойы қалыптасқан, тұрақты салт-дәстүрлермен немесе сакральды қасиеттілігімен ерекшеленеді және сол өлшеммен бағаланады. Мысалы, «мерседес» маркалы машина бұл неміс машинасы. Ол сол халықтың материалдық және рухани құндылығы бола алады дейтін болсақ, ал, Рембрандтың картинасы голландықтардың рухани құндылығы. Демек, рухани құндылықтың да бағасы бар, бірақ бұл критерии ұлттық құндылық критериіне сәйкес келіп, осының негізінде бағаланады. Ал ең жоғарғы адамзаттық құндылықтарда орындалған өнер туындысы бүкіл адамзаттық рухани құндылыққа айналады. Немесе керісінше кейбір бұйымдар мен өнер туындылары басқа ұлтта ешқандай сезімді оятпауы да мүмкін. Мысалы, қазақ халқы үшін домбыра-ұлттық құндылығымыз, домбыра қазақ үшін музыкалық аспап қана емес, ол ұлттық болмысты ашып көрсетуде қазақтың архетипті белгісі бола алады. «Нағыз қазақ, қазақ емес-нағыз қазақ домбыра» деген сөз осыдан қалған. «Домбыра-қазақтың жаны, түп тамыры, ұлттық психология көзі, ұлттық ағартушылықтың бастауы, ұлттық тәрбиенің діңгегі. Домбыра қазақ халқының өнердегі ұйытқысы ретінде, дамытушысы қызметінен еш төмендетпей, керісінше үдеп дамып келеді. Домбыраның одан әрі мәртебесін арттыру-бүгінгі ұрпақтың міндеті болмақ» (Гүлфарида Зейнуллина). Сол сияқты орыс халқы үшін-икона, ал француздар үшін-Эйфель мұнарасы, Египет үшін-пирамида және тағы басқа ұлттың құнды дүниелерінен көптеп мысалдар келтіре беруге болады.
Мәдениеттің өзекті бөлігі-өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шынында да, өнер мөдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі-оның әсемдікке, сұлулыққа үмтылуы. Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет-адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, оқыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған.
Өнер-көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты-дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі.
Өнер арқылы мәдениет өзінің тұңғиық тереңінде болып жатқан құбылыстарын дәп бір айнаға қарап көргендей, байқап отырады. Сондықтан да өнерді «мәдениеттің айнасы» деп анықтауға негіз бар. Нақты тарихи жағдайлар шеңберінде белгілі бір ұлттың, этностың мәдениетінде өнер арқылы сол мәдениеттің әлемді және әлемдегі адамды түсінуін көреміз. Өнер-мәдениеттің жаны, оның өзіндік танымының түрі. Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеруі барысында әдеби мәтіндерге, мүсінге, сәулет туындыларына, суреттерге, әуенге, биге және тағы басқа негізделген өнер түрлері қалыптасады. Өнер-адамның рухани болмысына, сезіміне, эмоциясына әсер етіп, оны толғандыратын суреткер қолынан шыққан шығармашылық үлгісі. Өнер-адами ақикат, адамдандырылған «екінші әлем» тудыратын күш.
Сұлулық, әсемдік, әдемілік сынды бірдеңгейлік ұғымдар мазмұнына негізделген өнер туындысы үшін адам мен қоғамның еркіндік туралы түсінігінің мәні зор. Өнерді көп ойшылдар өз ләззаты, өз рақаты өзінде, еш нәрсеге тәуелсіз «мақсатсыз» мақсат көздегіштік деп анықтайды. Бірақ, бұл сипаттамалардан өнерді беталды, тізгінсіз әрекет деп түсінуге болмайды.
Адам еңбек процесінде айналадағы дүниені танып біледі. Бұл білім оған өте қажет, өйткені еңбек дегеніміз білімді қажет ететін мақсатты да саналы іс-әрекет. Алайда еңбек ету процесінде көздеген мақсатқа жету үшін білім ғана жеткіліксіз, ол үшін белгілі бір мінез-құлық сапалары, мысалы табандылық, ержүректілік, ынтымақтылық сезім және сондай-ақ қара күш сапалары-күш-қуат, төзімділік, ептілік тағы басқалары керек. Ал олардың бәрі адамға өздігінен келмейді, оларды тәрбиелеу қажет. Өнер сол сапаларды тәрбиелеудің маңызды бір құралы ретінде пайда болды.
Өнердің мынадай
негізгі ерекшеліктерін атап
көрсету керек: біріншіден, өнер
шындықты бейнелендіру формасы,
Өнердің шындықты бейнелендіру формасы ретіндегі ерекшелігі ең алдымен оның нені және қалай бейнелендіретіндігімен анықталады.
Өнер дүниені
адамның нақты сезімдік
Өнер де жалпыны бейнелендіреді, бірақ оны абстракция формасында емес, жинақталған жеке образ формасында немесе, өнер тілімен айтқанда, типтік образ формасында бейнелендіріледі.
Өнер деп адамның рухани болмысына, сезіміне, эмоциясына әсер етіп, оны толғандыратын суреткер қолынан шыққан шығармашылық үлгісін айтамыз. Өнер-адами ақиқат, адамдандырылған «екінші әлем». Өнер, көркем бейне және жасампаздық тікелей әлеуметтік адам тұлғасымен байланысты категориялар.
Өнерде үйлесімділік ретінде танылған кемелділік бейнесі жасалады. Өнер арқылы адамның әмбебаптылығы ашылады. Өнер адамның шексіз болмыстық сұрақтарына жауап табуға талпыныс барысында гуманистік принциптерді қалыптастырады. Нәтижесінде, өнер тек белгілі бір қоғамның даму нәтижелерін көрнекілеп қана қоймай, сонымен қатар, әлеуметтік-рухани өмірдің күйіне әсер ететіндігін білдіреді.
Әсемдік, әдемілік, сұлулық сынды бірдеңгейлік ұғымдар мазмұнына негізделген өнер туындысы үшін адам мен қоғамнің еркіндік туралы түсінігінің мәні зор. Өнерді көп ойшылдар өз ләззаты, өз рахаты өзінде, ешнәрсеге тәуелсіз «мақсатсыз» мақсат көздегіштік деп анықтайды. Бірақ, бұл сипаттамалардан өнерді беталды, тізгінсіз әрекет деп түсінуге болмайды. Бұл тұста таза өнер мен кәсіп-өнерді ажырата білген абзал. Мысалы, неміс философы И. Кант таза өнер мен кәсіп-өнерді ажыратып қарастырды да, біріншісін-еркін өнері, екіншісін-табыс үшін жасалатын өнер дейді. Кант бұл жерде еркін өнер деп адамның өзінің рухани болмысынан шыққан образды шешімдермен байланысты өнерді айтып отыр. Ал табыс үшін, сауда-саттық мақсатында жасалған өнер өзіне емес, өзгеге ұнау үшін, сатып алушы талғамына, сұранысына аңғайластырып жасалынады.
Өнердің жекелеген түрлерін және олардың бір-бірінен ерекшеліктерін білу, ажырату адамзатты көнеден бері толғандырып келеді.
Бейнелеу өнері-дүниені көзбен көріп түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы.
Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болды. Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары түптік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке композициясы, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс пән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түсті бояуды, графика түрі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтық астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемдікті пайдаланады [2].
Қазіргі таңда дүние жүзінде жүріп жатқан замана өзгерістерінен келер ғасырдың өмір сипаттарын аңғармау тіптіде мүмкін емес. Өйткені жер бетіндгі сан-алуан халықтардың өз ара ой олғаныстары мен қол созған үміттері осыны байқатады. Адамзат қоғамы ізінен қай кездегісінен әлде қайда есейгендігін ерекше аңғартып отыр. Осынау таңғажайып тамаша өзгерістердің қозғаушы күшіне айналып отырған Отанымыздың келбеті бүкіл жер шарындағы күллі халықтардың алдына мерейі өсіп адамзат қауымының жаңаша ойлау жүйесінің қалыптастыруда елеулі үлес қосуда. Осының бірден-бір айғағындай бүкіл елімізді сан алуан халықтарды да өзінің өткен тарихы мен ұлттық мәдениеттерін шындық таразысынан өткізіп қана қоймай шын мәніндегі ұлтаралық теңдік әр республиканың егеменді дербестіктерін жаңа қалыптастыруға бет бұрып отыр.
Қазіргі кезде егеменді алған еліміз өздерінің өмір тіршіліктеріне үстемділік пен танылған құбылыстарды жойып жаңаша ойлаудың құдіреті мен ондаған жылдар бойы бұзылған ата-дәстүрлерімен халықтық педогикасын қалпына келтіруге бет бұрды.
Әлем көркін бейнелеу жемісінде әр кезеңнің қайталанбас келбеті қашанда өз дәуірінің өзекті ағындарымен, негізгі даму бағдарларымен мейлінше тығыз байланыста ашылған. Ағарту дәуірі табиғатқа құштарлық қатынасын жаңа қырынан дамытып, қайтадан жасандырып дүние заңдылықтарына сай өмір сүретін «Жаратылыс адамы» теориясын қалыптастырды.
Қоғам өмірінің келесі, кезек оқиғаларымен сабақтас пейзаж өнерінің даму белсенділерін қарастырғанда, оларды қашанда жалпы азаматтық ортақ мәдениет өрісінде алатын орны тұрғысынан ғана саралап бағалай білген жөн. Бұл арада тек табиғатты рухани игерудің өзіндік ерекшелік үлгілерін ескере отыру керек-ақ [3].
«Кескіндеме, сурет, мүсін және сәулет-өнердің биік шыңы, барлық ғылымның түп тамыры және кескіндеме түрлерінің жанрлары руханиылықтың қайнар көзі» (Микеланджело).
Кез келген қоғамның тарихи дамуы мен өркендеуі сол елдің өнері мен мәдениетіне тікелей байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге кеңінен танымал біртуар туындыларымен өз отандарын әлемге паш еткен Леонардо да Винчи, Микеланджело, Пабло Пикассо, Ә.Қастеев сынды тағы басқа құдіретті өнер иелерінің қас шеберліктері мен атақ даңқтары дәлел. Сондықтан да өз халқының өмір тарихын, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын нақтырақ зерттеп білу үшін, оның сан-салалы өнерін оқып үйренудің маңызы зор. «Ел болам десең, бегіңді түзе» деген нақыл сөзді Мұхтар Омарханұлы Әуезовтей ғұлама текке айтпаса керек [4].
1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ
Тақырыптың мазмұнына тоқтап өтсек. Адамзат бейнелеу өнері қайдан шыққаны, кескіндеменің бір саласы-портреттің шығу тарихы, маңыздылығы, түрлері мен қолданылуы туралы, әлемнің және Қазақстанның атақты портретшілері жайында сөз ететін боламыз.
Көркем бейнелеу өнерінің шығармасының эстетикалық және эмоционалды әсері басқа өнер түрлеріндегі сияқты бейненің мағынасының тереңдігі мен мінсіздігіне байланысты.
Көркем суреттеу өнерінің
мағынасы көркем бейнелерде
Қайта өрлеу кезеңінің ұлы суретшісі Леонардо да Винчидің пікірі бойынша «кескіндемеші табиғатпен жарысып айтысады». Француз пейзажшысы Камиль Коро былай деп жазған: «Табиғатта ең алдымен Табиғатқа еліктесең әрқашан жеңістікке жетесін. Мен әрқашан табиғатты зерттеймін, мен оған ғашықпын» [5].
1.2 Орындалған жұмыстың мақсаты
Жұмысымның негізгі мақсаты, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына өнер шығармалары арқылы білімге, өнерге деген қызығушылығын арттыру, әлем математика ғалымдары туралы түсінік алу, орындалған портреттер арқылы эстетикалық сезім ояту болып табылады.
1.3 Дипломдық жобаға еңгізілген бөлімдердің қысқаша сипаттамасы
Қазақ бейнелеу өнері-көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қазақ бейнелеу өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі-халықтың қолөнері болып табылады. Әдебиет пен музыкаға қарағанда, кәсіби Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында этнограф-ғалым Ш. Уәлиханов тұрды. Кейінгі зерттеулер Шоқан туындыларынан (әсіресе, графикалық суреттері), «Потанин», «Тезек төре», тағы басқа портреттік жұмыстарынан оның кәсіби суретшілерге тән шеберлігі байқалатынын анықтады. Шоқанның қас-қағым сәтте салған графикалық долбар суреттері қайта өрлеу дәуірі өкілдері (Леонардо Да Винчи, Рафаэль Санти) шығармаларымен сабақтасып жатыр («Аға сұлтан портреті», «Бақсы», «Қазақ музыканттары», «Шығыс ұйғырларының киімі», тағы басқа). Шоқан Қазақ бейнелеу өнерінің графикалық саласында ғана емес, сонымен қоса, кескіндеме саласында да жоғары шеберлікке жеткен («Алатау көрінісі», «Жатақ»). Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіпқой шеберлерін даярлайтын студия 1920 жылы ұйымдастырылып, онда Н. Г. Хлудов, Н. Антонов және мүсінші А. С. Пономарев сабақ берді.