Таңдалған тақырыптың өзектілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 11:42, дипломная работа

Описание работы

Кез келген қоғамның тарихи дамуы мен өркендеуі сол елдің өнері мен мәдениетіне тікелей байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге кеңінен танымал біртуар туындыларымен өз отандарын әлемге паш еткен Леонардо да Винчи, Микеланджело, Пабло Пикассо, Ә.Қастеев сынды тағы басқа құдіретті өнер иелерінің қас шеберліктері мен атақ даңқтары дәлел.

Файлы: 1 файл

Дипломка Худайкулова Акмарал.doc

— 381.50 Кб (Скачать файл)

   Атақты суретші-педагогтар сурет өнеріне үлкен баға беріп, сурет кезкелген бейнелеу өнерінің фундаменті. Суретке баса назар аудару керек.,-деп ескерткен, болатын. Әрине, бұл тезистің өміршілдігігі бүгінгі таңда да анықталып отыр. Суретшінің кез келген жұмысы суреттен басталады. Ол болашақ картинасын бастамас бұрын кенепке анық нобайын салып шығады. Сондықтан да әйгілі де атақты шеберлердің қай-қайсы да суретке үлкен мән берген. Қайта өрлеу дәуірінің атақты мүсіншісі Микеланджоло бейнелеу өнерінің барлық түрлерінің қайнар бастауы мен жан жүрегі сурет деп санаған. Ал көркем өнер академиясында Репинді, Суриковты және Серовты оқытқан профессор П.П. Чистяков «Қиял деңгейі төмен  адам картина жаза алмайды»,-деп есептеген.

   Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері бейнелеуді оқыту әлістеріне байланысты біршама құнды пікірлер айттты. Олардың пікіренше бейнелеуді оқытудың негізі заттан қарап бейнелеу болу керек деді. Мысалға, Чепнино өзінің кескіндеме туралы трактатында Байқасаң салтанатты қақпа арқылы жетелеп өнерге апаратын ең жетілген жетекші – ол заттан қарап бейнелеу деп жазған.

   Осыған байланысты тарихи деректер бойынша Ежелгі герек суретші-педагогтары бейнелеу өнерінңі басты мәселелерін шешуге талпынып, өз шәкірттерін бейнелеуге оқуды ғылым арқылы игеруге шақырып, бейнелеуге ұсаөқ кәсіп ретінде емес үлкен шығармашылық  Рим империясының суретші-педагогтарын бейнелеу өнерін оқытуды одлан әрі дамыту мәселелері көп алаңдатпады. Олар бейнелеу өнеріне ұсақ кәсіп ретінде қарап, бейнелеуге дамытуда тек үлгіден көшіру әдісімен шектеліп, әйгілі грек шеберлерінің жұмыс тәсілдерін қайталады.

   Сөйтіп римдік суретшілер гректер жасаған бейнелеуді оқыту әдістемесін одан әрі дамытып жетілдірмей кейбір оқыту әдістемелерін біртіндеп жоғалта бастады.

   «Живопись туралы үш кітап еңбегінде» Леон Баттист Альберти бірқатар құнды әдістемелік ережелер ұсынды. Ол бейнелеуді маңызды ғылыми пән ретінде қарастырды. Өнерге оқытудың нәтижесі болуы ғылыми биіктілікке байланысты деп жазды.

   Альберти оқыту әдістемесіне ғылыми негіздене бере отырып, сурет салу тек қолды жаттықтыру емес, ақыл-ойды жаттықтыру деп қарастырды. Бұл қағиданы басшылыққа алып кеәіннен Микиланджело «суретті қолмен емес баспен салады» деген болатын. Қазіргі суретшілердің жұмыстарын талдау кезінде біз негізіне мән бере қоймаймыз. ХХ ғасырдың басында швецария педагогі Иоганн Генрих Песталоццидің ықпалымен бейнелеу өнері жалпы білім беретін мектептерде пән ретінде енгізіле бастады. Песталоцци сурет салуға оқытудың, әсіресе бастауыш сыныптарда маңызы зор екендігін айтты. Оның айтуынша жазуға үйренбес бұрын сурет салуға үйрену керек, өйткені суре салу дағдысы жазуды меңгеруді жеңілдетеді. Дұрыс ойлану үшін қоршаған ортадағы табиғатты дұрыс көре білу керек. Ол биіктіліккі жетудің бірден бір тәсілі-сурет салу дейді.

   Қандайда болмасын нақты суретпен жұмыс, заттың өзіне қарап салудан, оның платикалық қасиетін оқып білуден басталады.

   Сурет салуға үйренудің алғашқы кезінде қарапайым бұйымдардың-шар, цилиндр, пирамида тағы басқа сияқты заттардың суретін салып, көптеген жаттығу жұмыстарын жасаған пайдалы. Мұндай қарапайым жаттығулар жазықтықта тұрған заттардың кеңістікте орналасу заңдылықтарын дұрыс ұғынуға көмектеседі. Сол себептен алдымен суретті жақсы меңгерген жөн. Суретшілердің менуарларын оқып отырсақ, атақты суретшілер-Ә.Қастеев, Қ.Тельжанов, А.Ғалымбаева тағы басқа суреттерін қыл қалам арқылы көп салған, арнайы уақыт бөліп, нобайлар (наброскалар), жылдам салған суреттермен эскиздермен жиі-жиі айналысып отырған. Сөйтіп, сурет өнеріне қолдарын машықтпандырған, яғни қабілеттерін одан ары арттыра түскен.

   Сурет салуды жетік игеруге күн сайын жүйелі жұмыс істеу арқылы кәсіби суретшілік дәрежесіне жететінімізді әйгілі суретшілердің өмірлік тәжирибиелерінен көрдік. Сонда ғана біз сияқты жас суретшілер күнделікті еңбектің арқасында білікті тәжирибие жинақтап, техникалық білім мен тәсілдерді игереді. Өткен және қазіргі заманғы шеберлердің сурет салу техникасын зерттеп үйренгеніміз жөн. Мұндай ізденістің өзі суретшіні ой-өрісін кеңейтіп, сурет салудың сан алуан тәсілдерімен танысуына көмектеседі. Сонадай-ақ сурет салғанда қолданылатын түрлі материалдарды игеруге, олардың мүмкіндіктері мен қасиеттерін іс барысында танып білуге үйретеді. Сондықтан менің ойымша бейнелеу өнеріндегі суреттің ролі ерекше екенін бағалауымыз керек [19].

   2.2.2 Кескіндемеде  майлы бояуды қолдану және түстер

   Майлы бояуды  пигментті зығыр майымен араластыру  арқылы алады. Майлы бояудың  әдістері әр түрлі: майлы бояумен  жұқалатып немесе керісінше, кедір-бұдыр  етіп (мазок) жазуға болады. Майлы бояудың бір қасиеті акварельдей емес, ұнамаған бояу түсін қалақша (мастихин) арқылы алып тастап немесе үстінен өңдеп, қайта жазуға болады.

   Ақ түс-цинковтік  ақ, свинцовтік ақ, екі ақ түстің  қосындысы кремицк түс.

   Сары-ашық охра, алтын түс охра, кадмий сары, неаполитандық сары, үндістан сары, кадмий лимон, марс сары, алтын-сары лак.

   Қызыл-коноварь, кадмий  қызыл, краплак жарық, краплак  қараңғы, ағылшын қызыл, венециандық  қызыл, капут-мортуум, қызыл жер  поццуол, коноварь алқызыл.

   Көк-ультрамарин, кобальт көк, церулеум, азуритовттік лазурь, кобальт жарық, кобальт көк қараңғы, индиго.

   Жасыл-изумруд  жасыл, Поль Веронез, кобальт  жасыл, жасыл жер веронсттік, грузиндік  жасыл жер, волконсконт, окись  хромы, богемстік жасыл жер.

   Қоңыр-марс жарық қоңыр, копуг-моргуун,қоңыр жер,хотьковтік қоңыр жер, табиғи умбра, Ван-Дик, табиғи сиена, кассиельстік қоңыр жер, асфальт.

   Қара-виноградтық  қара, піл сүйегін күйдірілген.

   Майлы бояудың  кебу жылдамдығы ондағы майдың  мөлшерімен, пигменттің химиялық  құрамымен байланысты.

   Майлы бояу XV ғасырдан бастап қолданала бастады. Майлы бояу екі түрге бөлінеді: «езілген ұсақ бояу» және «эскиздік» болып. Бірінші түрі ең жақсы майлы бояу болып табылады. Соңғысы онша жауапты жұмыстарға арналмаған бояу. Оқушылардың мына бояу түрлерін қолданғаны тиіс.

   Цинковтік ақ-барлық  бояудың түстерімен араласа береді  және жай кебеді. Бұл бояудың  қасиеті түс іздеу үшін қолайлы.

   Сары кадмий-өте  жай кебетін бояу. Әр түрлі  реңк (оттенок) шығаруға болады.

   Сары охра-(ашық).қатты да тұрақты да тұрақты түсін өзгертпейтін бояу.

   Қызыл кадми-киноварьдің  орнына қолдануға болады . Өте  ашық және тұрақты түс.

   Қызыл краплак-қанық  қызыл (пурпур) түс. Мөлдір және  басқа бояумен араластырғанда  жеткілікті қатты. Жасыл түспен  араластыруға болмайды, қарайып кетеді [20].

   Түс-көркем өнеркәсіпті және ұлттық көркем шығармаларды анық етіп  көрсетудің бірден бір тәсілі. Кескіндемеге үйретудің ең басты мақсаты-болашақ суретшіні жазықтыққа, шындықтың, қоршаған әлемнің әдемілігін түстің көмегі арқылы көріп және соны жеткізе білуге үйрету. Белгілі бір затты бейнелеу процесінде түсті және оның көптеген белгілерін сезінуі дами түседі. Кескіндемені анық етіп көрсетудің ең басты жолы түстерді қолдану болып табылады. «Әдемілік» «бояулар» «бояу» сөздері көбінде бір мағынада қолданылады. В. Дальдің анықтамалық сөздігінде «бояу-безендіру, әдемілік беру, көруге жағымды ету»-деп жазылған.Түсті қабылдау, табиғаттан адамға берілген ең ғажап сапалардың бірі. Адам көзі 200-ден аста түс белгілерін ажырата алады. Кескіндемеде түс пен қалып әрқашан байланысты, бірлікте болуы керек.

   Тек үлкен шеберлікке  қол жеткізген жағдайда суретші  бояуға дайындап қойылған түстердің  жазықтық бетінде қалай көрінетіндігін  алдынала сезіне алады. Ылғал  бояуды түс деп тек суреттің  колоритіне әдемі сіңген кезінде ғана атауға болады.

   Түстік қарым-қатынастарды  қолдана отырып, суретші түстердің  тәсілдері мен заттың жарықтығын, бейненің өлшемін, құралдығын, кеңістік  тереңдігін және басқа да байқалатын  сапаларын көрсете алады [21].

   2.2.3 Таңдалған портреттер туралы анықтама

   Дипломдық жобаға таңдалған тақырыпты орындау үшін әлем математикасының ұлы ғұлама ғалымдардың портреттері таңдалды. Олар: Гаусс Карл Фридрих, Исаак Ньютон, Жозеф Луи Лагранж, Крамер Габриель және Пьер Симон Лаплас. Бұл ғалымдар математика және физика саласында көпнекті із қалдырған. Олардың ғылыми өмір жолдары мен үшін олардың портреттерін орындауға шабыт болды.

   Сол ғалымдардың әр біреуі туралы қысқаша мәлімет бергім келеді. Біріншісі Гаусс Карл Фридрих.

   Гаусс Карл Фридрих (30.4.1777, Германия, Брауншвейг-23.2.1855, Геттинген)-неміс математигі, Санкт-Петербург Ғылым Академиясының құрметті мүшесі (1824). Геттинген университетінде оқыған (1795-98). 1807 жылдан Геттинген университетінің професоры және Геттинген астрономия обсерваториясының директоры болды. Оның еңбектері алгебраның, сандар теориясының, дифференциалдық геометрияның, тартылыс теориясының, электр және магнит құбылыстарының классикалық теориясының, геодезияның, теориялық астрономияның дамуына орасан зор ықпал етті. Кез келген алгебралық теңдеудің кем дегенде бір түбірі болатындығы жөніндегі алгебраның негізгі теоремасын дәлелдеген (1799). Гаусс сондай-ақ, астрономия, ықтималдықтар теориясы, шексіз қатарлар теориясы, потенциалдар теориясы, тағы басқа салалар бойынша да іргелі еңбектер жазған, жоғары геоздезияның математикалық негізін қалаған. Ол өлшеу кезінде жіберілетін қателіктерді есептей отырып, ең кіші квадраттар тәсілін және үш рет бақылау нәтижесінде планеталардың эллипстік орбитасын есептеу тәсілін ұсынған. 1830-40 жылдары неміс физигі В. Вебермен біріге отырып теориялық физикадан елеулі табысқа жетті. Сөйтіп электр магниттік бірліктердің абсолют жүйесін (Бірліктердің СГС жүйесі) құрды. 1833 жылы Германиядағы тұңғыш электр магниттік телеграфты құрастырды. Ол Н.И. Лобачевскийдің еңбектерінде дамытылған Евклидтік емес геометриялардың идеяларына ерекше мән берді.

   Жозеф Луи Лагранж (25.1.1736-10.4.1813)-көрнекті француз математигі және механик. Италияның Турин қаласында италян-француз отбасында дүниеге келген. Артиллерий училищесінде оқып, кейінен 18 жаста профессор болып осында сабақ берген. 1759 жылы Эйлердің ұсынысымен 23 жасар Лагранжды Берлин ғылым академиясының мүшесі етіп таңдайды. 1766 жылы сол жердің президенті болады. ІІ Фридрих Лагранжды Берлинге шақырып алады. 1786 жылы ІІ Фридрихтің өлімінен кейін ол Парижге көшіп барады. 1722 жылдан бастап Париж ғылым академиясының мүшесі болады. Динамикалық есептерді шешу үшін жалпы аналитикалық әдісін ұсынған. Бойлық иілу құбылысы зерттеуді үлкен үлес қосқан [22].

   Исаак Ньютон, Корольдік қоғамның мүшесі (Үлгі: PronEng; 1643 жылғы қаңтардың 4-і-1727 наурыздың 31-і (жаңа стиль бойынша)-ағылшын физигі, математигі, астрономы, табиғи философы, алхимигі және теологы. Оның 1687 жылы жарық көрген Табиғи философияның математикалық бастамалары (латынша: «Philosophiæ Naturalis Principia Mathematica») деген кітабы ғылым тарихындағы ең ықпалды шығарма болып саналады. Осы еңбегінде Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңын және қозғалыс заңдарын тұжырымдап, содан кейінгі үш ғасырда үстемдік еткен және қазіргі заманғы инженерлік ғылымның негізі болып табылатын классикалық механиканың негізін қалады. Ньютон өзінің тартылыс заңы мен Кеплердің ғаламшарлар қозғалысының заңдарының арасындағы сәйкестікті дәлелдеп, жер бетіндегі заттардың қозғалысы мен аспан денелерінің қозғалысы бірдей заңдарға бағынатынын көрсетті. Осылайша ол гелиоцентризм туралы соңғы күмәнды сейілтіп, ғылыми революцияның басын бастап берді. Математикада Ньютон Готтфрид Лейбницпен қатар дифференциалдық және интегралдық санақты ойлап шығарды. Сонымен қатар ол биномдық теореманы көрсетіп, функцияның нөлін шамалауға қолданылатын Ньютон әдісін тапты. Дәрежелік қатарларды зерттеуге де үлес қосты [23].

   Крамер Габриель (31.7.1704-1752)-швеция математигі. Женева қаласында дүниеге келген. Иоган Бернуллидің шәкірті әрі досы болған. Женевада оқып, жұмыс істеген. Негізгі жұмыстары жоғары алгебра және аналитикалық геометриядан. Геометрияда Крамер парадоксы атты жұмысы қалған. Лондон корольдік ұжымының мүшесі (1749ж.) [24].

   Пьер Симон Лаплас 1749 жылдың 23 наурызында Бомон-ан-Ож (Норвегия) жерінде шаруа отбасында дүниеге келген. Кейінен граф және маркиз атанған Лаплас өзінің қарапайым отбасынан шыққандығынан ұялатын, сондықтан оның балалық шағы туралы мәлімет өте аз. Пьер Симон өзінің талантын ерте көрсетті және оқуын үздік бітіріп, сонда әскери мектепте математикадан сабақ беріп қалды. Он жеті жасында өзінің бірінші ғылыми жұмысын жазды. 1766 жылы Парижге аттанып, Д'Аламбердің көмегімен Әскери мектепке жұмысқа алынды. 1773 жылы Париж академиясының адъюнкты болып, 1785 жылы толық мүшесі болды. Кейінен Турин және Копенгагендегі корольдік ұжымының (1801ж.), Геттингендегі (1802ж.), Берлиндегі (1808ж.) және Голландия (1809ж.) ғылым академиясының мүшесі болып сайланды. Лаплас жан-жақты білімді адам болған. Ол астрономия, математика және физикадан басқа, тілдер, тарих, философия, химия, биологияны жақсы білген. Поэзия, музыка және кескіндемені жақсы көрген. Көтерілістен кейін билікке келген Наполеон Лапласты ішкістер министрі етіп тағайындады. 1803 жылы сенаттың вице-президенті, бір айдан кейін канцлер етіп тағайындалды. 1804 жылы Құрметті легион орденіне ие болды. Монархияның қайта қалпына келтірілуінен кейін Лаплас XVIII Людовиктің құрметінде болды. Патша оны Франция пэросы етіп таңдап, маркиз атағын берді. 1817 жылы Франция академиясының мүшесі болды. 1827 жылы 5 наурызында ауырып, қайтыс болған [25].

   Осы жоғарыда  атап өткен ғалымдардың портреттерін  орындаған суретшілер туралы  өкінішке орай еш мәлімет таба  алмадым. Бірақ осы репродукцияларға қарап олардың өз ісінің шеберлері болғанын бірден ақ көріп білуге болады.

   Жоғарыда айтылып  өткен ғалымдардың портреттері  реализм жанрында орындалғандықтан  сол жанр туралы айтып өту  артық болмас.

   Реализм (лат. Relіs-заттылық, шындық)-әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс. Реализм әдісі өмір құбылыстарын, маңызды қоғамдық мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы сан алуан жайттарды мейлінше кең қамтып, әлеум. қайшылықтарды, адам бейнесін терең ашып көрсетуді мақсат тұтады. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік формасы алуан түрлі.

   Романтизм әдісі  көбіне сирек кездесетін ерекше жағдайларға көңіл аударса, реализм айналадағы нақтылы өмір құбылыстарын толық көрсетуді қажет етеді. Реализм болмыстың ең маңызды сипатын сұрыптап, көркем образ арқылы бейнелейді, өмір шындығын анық кескіндейтін образдар жүйесін жасайды. Реализм өмірде үнемі кездесетін нақтылы жағдайларды, адамның іс-әрекеттерін бейнелеуді басты міндет санайды, дегенмен оған алға ұмтылушылық, алыс арманға, асқақ қиялға бойұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс емес. Алайда реалистік әдістің негізгі ерекшелігі-өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейнелі тұлғалар жасау. Бейнелеу өнерінде сыншыл реализм XVIII ғасырдан байқалды. Суретшілер шығармаларындағы қарапайым адамдардың күнделікті тіршілігіне үңілу, жекелеген мінезге көңіл аудару, қоғамдағы кертартпа салт-сананы келемеждеу (Францияда Ж.Б. Шарден, Ж.Б. Грез; Англияда У. Хогарт; Германияда Д.Н. Ходовецкий) ағартушылық идеяларының шартына бағындырылды. Реализм әдістерін қалыптастыруда Ф. Гойя шығармалары ерекше орын алды. Ол өз еңбектерінде төңіректі қоршаған дүниенің жанды поэзиясын қалай ашса, әлеум. қайшылықты аяусыз талдауда соншалықты батыл қадам жасады. XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың алғашқы бөлігінде, романтизмнің қалыптасу кезінде бейнелеу өнері (портрет, тұрмыстық жанр мен табиғат көрінісі саласында) реализмге бет бұрды.

Информация о работе Таңдалған тақырыптың өзектілігі