Таңдалған тақырыптың өзектілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 11:42, дипломная работа

Описание работы

Кез келген қоғамның тарихи дамуы мен өркендеуі сол елдің өнері мен мәдениетіне тікелей байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге кеңінен танымал біртуар туындыларымен өз отандарын әлемге паш еткен Леонардо да Винчи, Микеланджело, Пабло Пикассо, Ә.Қастеев сынды тағы басқа құдіретті өнер иелерінің қас шеберліктері мен атақ даңқтары дәлел.

Файлы: 1 файл

Дипломка Худайкулова Акмарал.doc

— 381.50 Кб (Скачать файл)

   Қайта өрлеу дәуірінің ең ірі суретшілері: Мазаччо, Боттичелли, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Джорджони, Тициан, Паоло Веронезе, Якопо Тинторетто (Италияда), Ян ван Эйк, П. Брейгель (Нидерландыда), А. Дюрер, Х. Хольбейн (кішісі; Германияда).

   XVII-XVIII ғасырларда Еуропада кескіндеменің дамуы одан әрі жалғасты. Франция (Н. Пуссен, А. Ватто, Ж. Б. Шарден, Ж. Л. Давид), Италия (М. Караваджо, Дж. Б. Тьеополло), Испания(Эль Греко, Д. Веласкес, Ф. Сурбаран, Ф. Гойя). Фландрия (П. П. Рубенс, Я. Йорданс, А. ван Дейк), Голландия (Рембрандт, Я. Вермер), Англия (Г. Гейнсборо, У. Хогорт) пен Ресейде (Ф. С. Рокотов, Д. Г. Левицкий, В. Л. Боровиковский) кескіндеменің ұлттық мектептері пайда болды. Кескіндеме де жаңа идеялар көтерілді, нақтылы өмірді алуан түрлі қырымен, адамды қоршаған ортамен шынайы бейнелеу мақсаты көзделді.

   Психологиялық мәнде бейнелеу тереңдеді, жеке адам мен дүние қатысын көрсету дамыды. XVII ғасырда жанрлар жүйесі ұлғайып, қалыптаса түсті. XVII-XVIII ғасырларда монументтік-сәндік кескіндеме (әсіресе, барокко стилінде) өркендеді. Тақырып ауқымының кеңеюі, алдына қойған міндеттерінің артуы, дүниені сезінудегі әлеуметтік жіктелу-осының бәрі кескіндеме де жаңа бағыттар туғызды (барокко, классицизм, рококо, тағы басқа). XIX ғасырда Еуропа (Балқан елдерінде) мен Америкада кескіндеменің жаңа ұлттық мектептері қалыптасты. Еуропа мен басқа елдер (Үндістан, Қытай, Жапония, тағы басқа) кескіндемесінің байланысы ұлғайып, бір-бірінің дамуына әсері тиді. Түрлі ағымдар мен бағыттар арасындағы шығармашылық тартыс нәтижесінде жаңа стильдік жүйелер өмірге келді. Осы кезеңде академизм айрықша дамыды. Кескіндеменің нәзіктік ерекшелігін, сезімталдық дербестігін жоққа шығаратын натуралистік үрдіс те бой көтерді. Солармен шығармашылық тартыс барысында романтизм туды. Бұл бағыт өмірдің жарқын, жағымды жақтарын көбірек алып, көтере, асқақтата суреттеді. Оның көрнекті өкілдері: Т. Жерико, Э. Делакруа, Г. Курбе, Ж. Ф. Милле, О. Домье, К. Коро (Францияда); Дж. Констебл (Англияда); А. Менцель, В. Лейбль (Германияда), К. П. Брюллов, А. А. Иванов, А. Г. Венецианов, П. А. Федотов (Ресейде), тағы басқа. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге өткір сыншылдық тұрғыдан келіп, бейнелеген суреткерлер В. Г. Перов, И. П. Крамской, И. В. Репин, В. И. Суриков, В. В. Верещагин, И. И. Левитанның, тағы басқа туындылары кескіндемеде жаңа бағыт туғызды.

   Қоршаған дүниені табиғи қалпында, өзгеріп, түрленіп отыратын жанды күйінде айнытпай бейнелеуде 1870 жылдардың бас кезіндегі импрессионизм (К. Моне, О. Ренуар, К. Писсарро, А. Сислей, Э. Мане, Э. Дега, тағы басқа) ерекше табысқа жетті. XIX ғ-да Еуропада майлы бояумен салынған қондырғылы кескіндеме кең өріс алды. Майлы бояулы кескіндеменің техникасы еркін, автордың даралық стиліне байланысты болды. Бояу палитрасы ұлғайды, бұрынғы қоңыр түсті жақпа қабаттың орнына ақ түсті жақпалар қолданылды. Кескіндеме нің әр алуан түрлерін сән және қосалқы өнермен және архитектурамен үндестіру (негізінен, «модерн» өнерінде) көрініс тапты. Монументтік-сәндік кескіндеменің техникалық құралдары жаңарды. Силикаттық кескіндеме техникасы жасала бастады. ХІХ ғасырдың аяғында және XX ғасырда дүние жүзі бойынша кескіндеме өнерінің дамуы зор қайшылықтарға тап болды. Реалистік және модернистік ағымдар күрес үстінде қатар өмір сүрді. Азия, Африка, Австралия, Латын Америкасы елдерінде кескіндеменің жаңа мектептері туды. Постимпрессионизм кескіндемесінің өзінде-ақ (П. Сезанн, В. Ван Гог, П. Гоген, А. Тулуз-Лотерек), ішінара «модерн» кескіндемесінде де ХХ ғасырларға тән кейбір ағымдардың ерекшеліктері айқындала бастады.

   ХХ ғасырдың бас кезінде көптеген модернистік ағымдардың (кубшылдық, футуризм, сюрреализм) туындыларында көрініп тұрған дүниенің оп-оңай аңғарылатын элементтері ретсіз сызықтармен суреттелді, кейде ойда жоқ абстракт формаларға айналады. Мұндай ағымдардың көбі бара-бара өзіндік бағытқа (Абстракты өнер) айналды. 1960 жылдардың орта шенінен Батыс Еуропа мен Америка кескіндемесі «поп-арттың» бір саласының бөлігін құрады. ХХ ғасырда монументтік-сәндік кескіндеменің рөлі артқанымен, қондырғылы кескіндеме бұрынғыша күрделі орында тұрды; кескіндеме техникасында жаңалық іздеу үрдісі күшейді. Балауыз бен темпераны пайдалану жиіледі. Монументтік кескіндеме де жаңа бояулар-Мексикада пироксилиндік, бұрынғы КСРО-да кремний-органикалық бояулар табылды. Сонда да, майлы бояу басым қолданылды [12].

   2.1.3 Қазақ бейнелеу өнері

   Қазақ бейнелеу өнері-көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қазақ бейнелеу өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі-халықтың қолөнері болып табылады. Әдебиет пен музыкаға қарағанда, кәсіби Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында этнограф-ғалым Ш. Уәлиханов тұрды. Кейінгі зерттеулер Шоқан туындыларынан (әсіресе, графикалық суреттері), «Потанин», «Тезек төре», тағы басқа портреттік жұмыстарынан оның кәсіби суретшілерге тән шеберлігі байқалатынын анықтады. Шоқанның қас-қағым сәтте салған графикалық долбар суреттері қайта өрлеу дәуірі өкілдері (Леонардо Да Винчи, Рафаэль Санти) шығармаларымен сабақтасып жатыр («Аға сұлтан портреті», «Бақсы», «Қазақ музыканттары», «Шығыс ұйғырларының киімі», тағы басқа). Шоқан Қазақ бейнелеу өнерінің графикалық саласында ғана емес, сонымен қоса, кескіндеме саласында да жоғары шеберлікке жеткен («Алатау көрінісі», «Жатақ»). Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіпқой шеберлерін даярлайтын студия 1920 жылы ұйымдастырылып, онда Н. Г. Хлудов, Н. Антонов және мүсінші А. С. Пономарев сабақ берді.

   XX ғасырдың 20-30 жылдары Қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын жасады. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді. Олар (Н. И. Крутильников, Ә. Қастеев, Ә. Ысмайылов, И. И. Савельев, Б. Сәрсенбаев, Қ. Қожықов, тағы басқа) өздерінің қарапайым мазмұнға құрылған алғашқы еңбектерінде елімізде болып жатқан өзекті өзгерістерді бейнелеуге ұмтылды. 1928 жылы Семейде бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстан суретшілерінің кәсіптік шеберлікті тез игеруіне сол кездегі одақтас республикалардың, Мәскеу мен Санкт-Петербург шеберлерінің (Б. В. Иогансон, А. А. Дейнека, С. В. Герасимов, А. А. Пластов) тәжірибесі көп көмектесті.

   Қазақ бейнелеу өнері-1933 жылы республика Суретшілер одағының ұйымдастыру комитеті құрылды. 1934 жылы Мәскеудегі Шығыс мәдениетінің мемлекеттік мұражайында қазақ суретшілерінің тұңғыш көрмесі ұйымдастырылып, бір жыл өткен соң Алматыда Қазақ Мемлекеттік көркемсурет галереясы ашылды. Әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірдің жаңа жағдайлары, түбегейлі уақыт талаптары шығармаларға тың тақырып болды. Ә. Қастеев шығармаларының өзіндік ұлттық бояуы осы кезде жарқырап көрінді. Қазақ бейнелеу өнері қалыптасу және өркендеу жолы осы суреткер шығарм-мен тығыз байланысты. Шығармалары бүкіл Отан келбетін бейнелейтін Ә. Ысмайылов та қазақ кескіндемешілерінің аға буынына жатады. Өздерінің шығармашылық жолын республика өмірімен тікелей байланыстырған көптеген орыс шеберлері: кескіндемешілер-А. А. Риттих, Н. В. Соловьев, А. И. Бортников, Н. И. Крутильников, Л. П. Леонтьев, графиктер Г. А. Брылов, Б. А. Чекалин, Л.В. Гербановский, тағы басқа. 30 жылдардағы қазақ бейнелеу өнеріне белсене ат салысты. 1940 жылы маусымда ашылған Қазақстан суретшілерінің І-съезі шығармашылық ұжымның біраз жылғы жұмыстарын қорытындылап, ұлттық өнерді одан әрі дамытудың жолдарын белгілеп берді. 40-жылдардың басында қазақ кескіндемесі мен графикасы едәуір табыстарға жетті. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында республика қыл қалам шеберлері өз өнерлерін фашист-басқыншыларына қарсы үгіт-насихат құралына айналдырып, бүкілхалықтық ерлікті, қаһармандық пен қайсарлықты көрсетуге күш салды. Бұл жылдары Леонтьев, К. Я. Баранов, Риттих, А. И. Черкасский, И. Я. Иткинд, М. С. Лизогуб, тағы басты табысты еңбек етті.

   Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда қазақ бейнелеу өнерінің барлық түрі: кескіндеме, мүсіндеме, графика ілгері дамыды. Қазақ және өзбек халықтарына ортақ суреткер-қазақ табиғатын тамсана жазған, алғашқы академик-суретші О. Н. Таңсықбаев қазақ бейнелеу өнерінде ерекше орын алады. Ол елден жырақ жүрсе де (Өзбекстанда тұрған) бар болмысымен, жүрегімен өзін әрқашанда елімен, жерімен бірге сезінген, қазақ табиғатын ерекше бір сүйіспеншілікпен жазған суретшінің бірі болды («Қазақстан жолдары», «Көш», тағы басқа). 50-жылдардың соңы (Қ. Телжанов, М. Кенбаев) Қазақ бейнелеу өнері жанрлық және ізденіс бағыттарының сонылығымен ерекшеленеді. қазақ бейнелеу өнерінде графика елеулі орын алады. 60-жылдары акварельдің, офорттың, линогравюраның, автолитографияның өзіндік бағыттары бар дарынды шеберлері (А. А. Дячкин, Е. Г. Сидоркин, Н. С. Гаев, Ш. Б. Кенжебаев, И. Г. Квачко, тағы басқа) өсіп жетілді. Қазақстан бейнелеу өнерінің байырғы шебері В. И. Антощенко-Оленев гравюра мүмкіндіктерін барынша табысты пайдалана білді. Қазақ бейнелеу өнерінің шығармалары бұл кезеңде шет елдерде де таныла бастады. Олар Мәскеудегі Третьяков галереясына, Қазақстан мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайына қойылды, шет ел мұражайлары сатып алатын болды. Қазақстан суретшілерінің үздік еңбектері ұлт өнерінің қазынасына асыл мұра болып қосылды. Республиканың көптеген облыс орталықтарында (Шымкентте, Қарағандыда, Астанада, Павлодарда, тағы басқа) шығармашылық ұжымдар құрыла бастады. Қазақ бейнелеу өнерінде халықтың өзіндік дүниетанымын, оның мәдениеті мен дәстүрлік ерекшеліктерін танытатын белгілер барған сайын айқын қалыптасты. Бұл кезеңдегі қазақ бейнелеу өнерінің дамуына А. Ғалымбаева, Г. Ысмайылова, Қ. Телжанов, М. Кенбаев, С. Мәмбеев, Ә. Жүсіпов, С. Романов, А. М. Степанов, К. Шаяхметов, Ү. Әжиев, тағы басқа суретшілердің тақырыптық картиналары үлкен үлес қосты. Ауыл тақырыбы көптеген Қазақстан суретшілерінің назарында болып, әсіресе, шығармашылық жолын 60-70-жылдары бастаған шеберлердің ең басты тақырыбына айналды. С. Айтбаев, Ш. Сариев, Т. Тоғызбаев, Ә. Садыханов, О. Нұржұмаев, А. Ақанаев шығармаларына өзіндік дүниетаным, өмірді кең көлемде тани білу, символикаға құштарлық тән болды.

   М.Аманжолов, К.Муллашев, Е.Төлепбаев, тағы басқа шығармаларынан романтикалық-символдық және сезімдік бастаулар көрініс тапты. Бұл суретшілердің шығармалары айқын да күрделі түсімен, шиыршық атқан бояуымен, белсенді кеңістік ортасымен, бейнелердің әсемдігімен және сырлылығымен ерекше көзге түседі. М. Қисамединов еңбектері жұртшылықтың қызығушылығын туғызды. Оның Махамбет Өтемісұлының өлеңдеріне салған суреттерінде (1973) өз халқының азаттығы жолында күрескен батырдың тарихи бейнесін жасады. И.Исабаев қазақ әдебиеті классиктерінің, Қазақстан жазушыларының шығармалары, балалар әдебиеті бойынша суреттер салумен қатар көптеген қондырғылы графика шығармаларын берді. ХХ ғасырдың 70–80-жылдар шығармаларында өзіндік қолтаңбасы айқын графиктер қатары көбейді. 80–90-жылдары қазақ бейнелеу өнері тың ізденіспен, еуропа жаңа сипаттағы ағымдардың әдіснамасын меңгеруімен ерекшеленеді (А. Ақанаев, Е. Мергенов, Д. Әлиев, Е. Төлепбаев, Б. Түлкиев, Ж. Аралбаев, тағы басқа). Одан беріде күнделікті қарапайым қазақ өмірін, белгілі тарихи кезеңдерді жаңаша сипат беріп, ерекше тәсілмен бейнелей білген суретшілер бой көтерді (М. Аманжолов, А. Нақысбеков, К. Каметов, Е. Сергебаев, А. Қорғанбаев, Т. Ордабеков, А. Дүзелханов, тағы басқа). Елімізге қасірет әкелген, көп жылдар бойы жабық тақырып болып келген Семей атом полигонының, Аралдың қасіретті ащы шындығы бейнеленді (Ақанаев, М. Аманжолов, А. Губашев, Ә. Төлебиев, тағы басқа). Е. Төлепбаев 2002 ж. халықаралық С. Дали атындағы алтын белгіге ие болды [13].

   Қазақ халқының бейнелеу өнері, оның ішіндегі кескіндеме жанрының ежелгі ескерткіштері палеолит және неолит дәуіріне саяды. Олар үңгірлерге салынған бейнелер ретінде кезігеді (Қаратау, Хантау, Жасыбай, Зараутсай үңгірлері, тағы басқа). Сонымен қатар Таңбалы тас шатқалында (Жамбыл облысы), Бұғытас қорымында (Шығыс Қазақстан облысы) жануарлар, адам кескіні түрінде кезігеді. Зараутсай үңгірлеріндегі кескіндемеден сол кездегі суретшілердің бірнеше түсті бояумен сүйкей жағу, ретті бояу әдістерін қатар қолдану арқылы жан-жануарлар мен адамның әрқилы пішінін бейнелегенін көруге болады. Сол сияқты қола дәуіріндегі тасқа оймыштап (шекіліп) қына және жосамен әрленген аңшылық, жаугершілік көріністер бар Кескіндемені айтуға болады. Есік қазынасы (б.з.б. V–III ғасырлар), Шелек қорғанынан (б.з.б. VII–VI ғасырлар) қазылып алынған байырғы сақ, ғұн, үйсін өнеріне жататын мұралар айтылмыш кезде тұтыну заттарында (киіз үй сүйегі, үй жиїаздарындағы сырлы өрнектер) бояу қолданылғандығын айғақтады. Кескіндеме өнері, әсіресе, орта ғасырларда қыш ыдыстарда, қару-жарақ, ат әбзелдерінде, күнделікті тұтыну заттарында (төсек, асаяқ, шкаф, тағы басқа) көптеп кездеседі. Осы кезеңдегі бірнеше кескіндеме шығармаларын айтуға болады. Олар: Тараз қаласынан табылған арыстан бейнесі бар табақ (X–XII ғасырлар) және Сарайшық қаласынан шыққан тоты құс бейнесі (XI–XV ғасырлар). Тоты құстың түрлі түсті бояумен салынған кейпі, шиыршық атқан қозғалысы өте әдемі бейнеленген. Бұл сол кезеңдегі кескіндемешінің шеберлігін паш етеді. Сонымен қатар ірі сәулеттік кешен, кесенелерде (мыс., Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Айша Бибі кесенесі) ою-өрнектің пейзаждық үлгілері, жүкаяқ, кебеже, жағылан сияқты үй бұйымдарындағы сырлы әлеміш нұсқалары заманындағы халық өнері өкілдерінің асқан шебер болғанын көрсетеді [14].

   2.2 Кескіндеме саласы-Портрет

   Портрет (фр. portraіt, portraіtе-бейнелеу)-бейнелеу өнерінің жанры. Портрет бейнелеу өнерінің барлық түрімен: сұңғат (живопись), мүсін, графика, мозаика, тағы басқа жазыла береді. Портреттің негізгі міндеті-адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсетіп, дәуірлік-тарихи ұлттық тұлғасын шынайылықпен бейнелеу. Портрет кейіпкерге қарап отырып салынады, кейде көмекші материалдарға (көркем, ауыз әдебиеті, түрлі тарихи деректерге, тағы басқа), естеліктерге сүйене отырып та ойдан туындайды. Портрет жасалу ерекшелігіне қарай қондырғылы (сұңғат-кескіндеме, бюст, графика, монументті, мозайка, тағы басқа), салтанатты, миниатюралы, тағы басқа болып бөлінеді. Портретте жеке немесе топтама адамдар бейнеленеді [15].

   Портрет ежелгі Мысыр, Қосөзен, Грек, Рим өнері дәуірінен белгілі. Кикладтық бұт мүсіні біздің заманымыздан бұрын 2700—2300 жылдары орындалған. Оның авторлары әлі портрет орындаудың жеткілікті тәжірибелерін білмеген және жеке адамның индивидуалдығы маңызды емес еді. Көне дәуірдегі озық портрет үлгісі мүсінші Тутмес сомдаған Нефертитидің бейнесі (б.з.б. XVI ғ.). Орта ғасырларда портрет өнері Қытайда, Жапонияда дамып, Орталық Азия, Әзербайжан, Ауғанстан (Бекзад Камал әд-Дин), Иран (Реза Аббаси) елдерінде миниатюралық портрет қанат жайды. Еуропада портрет өнерін қайта өрлеу дәуірі суретшілері (Б. ди Джотто, Мазаччо, С. Боттичелли, Леонардо да Винчи, С. Рафаэль, Тициан, тағы басқа) дамытты (XV-XVI ғасырлар). Портреттің нағыз гүлденген кезеңі-Х. Рембрант, Х. ван Рейн, Ф. Хальс, А. ван Дейк және Д. Веласкес, тағы басқа өмір сүрген дәуір (XVII ғ.). Ресейде портрет XVIII ғасырда (Ф. Рокотов, Д. Левицкий, В. Боровиковский, тағы басқа) өркендеп, одан әрі оны И. Репин, В. Серов, М. Сарьян, мүсіншілер В. Мухина, Е. Вучетич, тағы басқа жалғастырды.

   Орыс бейнелеу өнерінде портреттік кескіндеме өзінің тамаша тарихын XVIII ғасыдың басынан бастады. Ф. С. Рокотов, Д. Т. Левицкий, В. А. Боровиновский сынды суретшілер XVIII ғасырда үлкен жетісіктерге жетті. Портрет жанрына мысал ретінде орыс суретшілері В. Боровиковскийдің «Портрет М. И. Лопухиной», М. Нестеровтың «Портрет скульптора И. Шадра» сияқты көркем шығармаларын атап өтуге болады.

   Қазақ тарихында мүсіндік портреттің дені ежелгі түркі қағандығы (V-VIII ғ-лар) мен қыпшақ заманы (VIII-XIII ғ-лар) кезеңіндегі балбалдар мен тас мүсіндер. Қазақтың тұңғыш суретшісі Ш.Уәлиханов портрет ағымында көп еңбек етті («Сұлтан Мамырхан Рүстемов», «Тезек төре», қарындаш, 1856 ж., «Алатау қырғызы» түрлі-түсті қарындаш, 1856 ж.). XX ғасырдың басынан қазақ суретшілері Ә. Қастеев, І. Телжанов, Н. Нұрмұхамедов, А. М. Черкасский, Г. Исмаилова, А. Ғалымбаева, М. Кенбаев, Х. Наурызбаев, Ү. Әжиев, тағы басқа. Портрет жанрын ұлттық үрдісте дамыта білді. Кейінгі толқын суретшілері С. Айтбаев, А. Аканаев, С. Досмағанбетов, Е. Сергебаев, М. Аманжолов, А. Дүзелханов, Ж. Сыдықов, Д. Қасымов, Б. Мырзахметов, Ә. Жұмабай, Н.Далай, тағы басқа. Портрет өнерін жаңа қырынан дамытты.

Информация о работе Таңдалған тақырыптың өзектілігі