Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 11:42, дипломная работа
Кез келген қоғамның тарихи дамуы мен өркендеуі сол елдің өнері мен мәдениетіне тікелей байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге кеңінен танымал біртуар туындыларымен өз отандарын әлемге паш еткен Леонардо да Винчи, Микеланджело, Пабло Пикассо, Ә.Қастеев сынды тағы басқа құдіретті өнер иелерінің қас шеберліктері мен атақ даңқтары дәлел.
Францияда Т. Жерико мен Э. Делакруа өмірдің нақтылы көрінісін бейнелеуге ден қойып, оның шытырман оқиғаға толы тынысын суреттеді. Осы бағыттың әсерінен өз заманының өткір мәселелеріне тереңірек үңілген О. Домьенің шығармалары қалыптасты, Ресейде XIX ғасырдың I-жартысында реализм тенденциясы О.А. Кипренскийдің портреттерінен, А.Г. Венециановтың шаруалар тұрмысы тақырыбына жазылған картиналарынан, С.Ф. Щедриннің пейзаждарынан айқын көрінді [26].
Классицизм (лат. Classіcus-ең үлгілі)-XVII-XIX ғасырлардың басында әдебиет пен өнерде өріс алған көркемдік бағыт.
Бейнелеуде сән
және қосалқы өнерде
Классицизм белгілері алғаш, XVI ғасырдың II-жартысында Италияда пайда болды. Ал біртұтас стильдік жүйе түрінде XVII ғасырдың I-жартысында Францияда қалыптасты. Франция рационализмінің эстетикалық өзегі ретіндегі классицизм, әсіресе, бейнелеу өнерінде жан-жақты ашылды. Франция классицизмнің көрнекті өкілдері Жак Луи Давид, оның шәкірті Доминик Энгр (1780-1867) және италиялық мүсінші Антонио Канова (1757-1822), даниялық Бертель Торвальдсен (1768-1844) болды. XIX ғасырдың I-ширегінде классицизмде жалаң стиль қуалаушылық пен академизм белгілері бұрынғыдан да күшейе түсті (Францияда Давидтің кейінгі кезеңдегі суреттері, ішінара Энгрдің суреттері) [27].
Осы репродукциялардағы ғалымдардың портреттері реализм мен классицизм бағытында орындалған. Жұмысты орындағанда тек көшіріп қана қоймай, өзімнің техникамды да қолданғым келді. Сол себепті таңдалған тақырыптағы жұмыстар осы екі бағыт стилінде орындалды. Бірақ, реализм стилі айқын көрінеді.
Жалпы өзіме портретті реализм бағытында орындаған ұнайды. Реализм басқа стильдерге қарағанда өзіме жақын. Сол себепті осы тақырыптағы допломдық жобаны таңдадым.
3 КОНСТРУКТОРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3.1 Жабдықтарды дайындау, материалдарды пайдалану
Жұмысты орындар алдын барлық материалдарды дайындап, жұмыс орнын дұрыс таңдаған жөн. Өйткені, кез келген суретті салуда ең алдымен бөлменің жарықтығы маңызды рөл атқарады. Жұмыс орны үлкен, жайлы әрі жарық боған дұрыс. Осылар арқылы сенің жұмысқа деген құштарлығың одан да зор ашылуы мүмкін (Тіркеме 1, 2, 3).
Кенепте майлы бояумен салынған портретті шексіз өзгертік, қайта сала беруге болады. Бұл суретшінің көп қолдануынан қорқпайтын қағаз емес. Әрине, кез келген көркем жұмыста дәл уақытында тоқтау үлкен негіз. Сонда ғана шексіздіктің шегіне жетесін, бұдан әрі шығарманы тек бұзып алуға болады.
Портретті ойластыру сатысында бейнені оңтайлы көрсету үшін қосымша көмекші элементтер қолданылады: киім, шаш сәні, фон. Кейде картинаның идеялық мағынасы жұмыс процессінде туындайды. Сол кезде пайда болған сезімдерді көздің жарқырауы, иықтың қимылы және сюжеттің айналасындағы ауа арқылы кенепте көрсетуге тырысасын (Тіркеме 4, 5, 6).
Ал ер адамды бейнелегенде өзінің еркектік болмысына сай статикалы етіп бейнеленеді. Оның интелигенттігін, ақыл-ойын таққан көзілдірігі, киген киімі арқылы көрсетіледі.
Бүгінгі күнге дейін майлы бояумен орындалатын портрет тұтынушы халық арасында бірінші орында тұр. Кейбір уақытта портрет адамның сыртқы өмірмен қатынасының жолы болып табылады.
Майлы бояумен портрет орындау кезінде суретшіден сұрайтын талап ойлай білу және сараптама жасай алу. Сонымен бірге өзінің барлық назарын кенепке, майлы бояуға аудара білу керек.
Майлы бояумен орындалған портрет қымбат әрі бағалы сый бола алады. Фотографияға қарап салынған әйел немесе еркек болсын дұрыс, нақты орындалса құлпырып кетуі мүмкін және қайталанбас келбетке ие болады. Суретшінің көзқарасы және материалдардың сапасы бұған көмектеседі. Енді тек қымбат багетті кигізсек болғаны.
Майлы бояумен жұмыс істегенде кенепті таңдаған жөн. Ол болмаса оргалит немесе фанераны қолдануға болады. Жұмысты бастар алдын кенепті грунтовка (арнайы грунтовка) жасап, дұрыстап кептіру қажет. Кепкеннен кейін жұмысқа кірісе беруге болады. Ал эскизін угольмен салған жөн.
Суретші бар ыңтасын жұмысқа салып, түстік шешімді дұрыс қадағалау керек. Сонда түс жағынан қиындықтар болмайды.
Жұмысты бастар алдын бояулар мен палитраны дайындау керек. Бұдан кейін кенепті бірінші қабатты жағу керек. Бірінші қабатты жағу арқылы суретші түстік шешімді анықтайды. Осыдан кейін үлкен объектілерге кірісе беруге болады. Бояуды негізінен үлкеннен кіші объектілерге өту арқылы орындаған дұрыс. Жұмысты моделировка және жалпылаумен аяқтайды. Осы кезеңде барлық детальдар жалпыланады.
Портрет салуға қажетті материалдар.
XVIII ғасырдан бастап кескіндемешілердің арасында ағаштың беделі түсе бастайды. XV-XVI ғасырдан бастап Падуе мен Венецияда кескіндемені жазатын кенеп кең тарайды. Венецияндықтардың әсерінен кенепті Дюрер пайдалана бастайды. Тицианнан бастап италияда кескіндемеде кенеп күнделікті қолданысқа түседі. Кенепке қарсы тұрып, ағашты ұзақ сақтап қалған Нидерландықтар еді. Кенепті пайдалану алдында ерекше грунтовка (тегістеу) қажет. Тегістеудің мақсаты-кенеп бетін тегістеп, біркелкілеу, бояуды кенептің сорып алуынан сақтандыру, сондай-ақ, картинадағы шырай мен заттардың тонын сақтап қалу. XVI ғасырдан бастап майлы бояумен кенепті түрлі-түсті етіп тегістеу Италияда қолдау табады. Әсіресе көлеңкелерге жылы түсберетін, қызғылт-қоңыр түсті пайдалану кең таралды. Дегенмен, Рубенс тақырыбы мен мақсатына байланысты грунттың түсін өзгертіп отырды: ол кейде ақ түсті, кейде қызғылт түсті, кейде сұр түсті пайдаланатын. Түрлі-түсті грунт түстердің кереғарлығын, динамикасын күшейте түскенімен, картинаның төзімділігін кеміте түсті. Сондықтан да, кватроченто кезеңіндегілерге қарағанда, Барокко кезеңінің суреттері кейінірек орындалғанымен, олар бізге дейін нашар сақталып жетті.
Кенеп-кескіндеме салуға арналып, матадан керілген негіз. Мата тікелей кескіндемеге арналса да кенеп деп аталады. Кенепке сурет салу ХVII ғасырдан кейін өріс алды. «Полотно» сөзі майлы бояумен салынған картина ұғымын да білдіреді [28].
Майлы бояу-тұрмыста және бейнелеу өнерінде қолданылатын бояу түрі. Майлы бояу техникасы ұзақ уақыт ағаш мүсіндерді бояумен байланысты. Бірақ оның кейінгі гүлденуі жаңа кескіндеменің дамуына түрткі болды, ал тіпті кейінгі кезде кескіндеменің синониміне айналды. Майлы бояубасқа кескіндемелердің жазылу әдістеріне қарағанда мүмкіндігі әлдеқайда алда. Ең алдымен, майлы бояу техникасының ерекшелігі, кебетін түрлі майлар мен лажылардың (лак) бояу пигменттеріменараластыруға келеді. Майлы бояу ұзаққа дейін түрін де, өңін де (тон),жылтылын да өзгертпейді. Малы бояу суретшіге жұмыс екпіні мен қарқынын өз еркімен (ұзақ, детальды және батыл-alla prima) қалауға және бедерін (рельеф) таңдауға-бояуды сұйықтан қаныққа, қаймалжыңнан қою жағысқа дейінгі аралықта алуға мүмкіндік береді. Дегенмен, майлы бояудың кемшіліктері болашақта көрінуі мүмкін: уақыт өткен сайын майлы бояу созылғыштық икемділік қасиетін жоғалта түседі де, сол себептерден майлы бояу кепкен сайын оның өлшемі кішірейе бастайды, оның құрамындағы байланыстырушылық күші жоғалып, бояу күңгірт, сарғыш тартып, кенептің бетіне сызаттар (кракелюра) түседі.
Бейнелеу өнерінде пайдаланылатын майлы бояу өсімдік майларының (кендір, зығыр, жаңғақ, самырсын) қоспасынан алынады. Майлы бояу Х ғасырда белгілі болған, XIV ғасырдан бастап қолданылған. Қазіргі майлы бояуды ұзақ уақыт тәжірибеден кейін Нидерланд суретшілері Ян Ван Эйк пен Гувер Ван Эйк жасаған. Өсімдік майынан алынған майлы бояулар өте ажарлы болады және тез құрғайды. Оған кейде лак қосады. Майлы бояумен жазылған өнер туындылары ұзақ уақыт бойы өз сынын жоғалтпайды. Еуропадағы Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері (Рафаэль Санти, Леонардо да Винчи, Сандро Боттичелли, тағы басқа) көптеген шығармаларын майлы бояумен салған.
Қазақ суретшілері: Ә. Қастеев, М. Кенбаев, С. Мәмбеев, К. Телжанов, С. Айтбаев, Е. Төлепбаев, Айша Галымбаева, Сахи Романов, Агымсалы Дузелханов майлы бояуды кеңінен пайдаланып, ұлттық туындылар жасады [29].
Кескіндемешінің құралы-қылқалам. С. Даниэль «Искусство видеть» оқулығында: «... кескіндеме құралы саусақтарымен бірігіп кеткенде, дененің жалғасына ұқсас психиканың басқаруымен әрекет етеді»,-деп бұндай жағдайда кескіндеменің жай тәсіл ғана емес, оның табиғи жасаушы функциясынына баса назар аударған. Кескіндеменің осы ерекшелігі суретшінің жеке қолтаңбасын қалыптастырушы және бұл жағдай суретшінің шығармашылық жолын қалыптастырады.
Кескіндемеге арналған қылқаламды негізгі екі топқа бөлуге болады: жұмсақ қылды (колонок, тиін, бұқа жүнді және жұмсақ синтетикалық) және шошқа жүнінен немесе жуан синтетикадан жасалған щетиналы қатты қылқаламдар. Бұлардан басқа бояу жағуға қолданылатын қосымша қылқаламдар бар. Мысалы: бояуды араластырғыш қылқаламдар.
Суретшілер бояу палитраларын XV ғасырдар бастап қолданып келуде. Ең алдымен төртбұрыш формалы кішігірім палитралар болды. Олардың ұстағыштары және кейде басбармақ үшін тесік болатын. XIX ғасырдың басынан бастап сопақша немесе өкпе тәріздес формалы және басбармақ тесігі бар үлкен палитралар сәнде болды. Оларды алдымен зығыр майымен жағып, жақсылап кептіретін. Қазіргі таңда палитраларды полиуретанды немесе эфироцеллюлозды жылтырмен герметизациялайды. Қызыл ағаштан жасалған палитраларда бояудың сапасы жақсы көрінеді [30].
Суреттің жақтауы (рама) көрерменнің картинадан алған әсерін жинақтайды және бір жағынан-картинаны сыртқы қоршаған ортадан бөліп тұрады. Суреттегі жақтаудың пайда болуы қондырғылы кескіндемемен байланысты. Көне шеберлер жақтауға өте мұқияттықпен қараған және оның жұмыс үрдісіне әсерін ескере, кейде дайын жақтаулы кенепте жұмыс жазатын болған. Жақтауға талдау жасау бізді кескіндеменің негізгі екі диллемасына, оның екі жақты функциясы бар екендігіне әкеледі: бір жағынан кескіндеме жазықтықты сәндеу болса, екінші жағынан-иллюзиялы пластикалы формалар мен кеңістіктің тереңдігі. Көркем өнерге кескіндемелі форманың барлық түрі бірдей қатысады және олар бір-бірінен ажырағысыз, бірі екіншісіне көмектесе, бірдей жазықтыққа да, бейнеге де тікелей әсер етеді. Өнер тарихынан белгілі, жеке суретшілердің шығармашылығында немесе бір өнердің тарихи кезеңінде, кескіндеме формаларындағы, жеке элементтердің бір түрі, кейде басқа екінші бір түрі басым болып, айқындала түскен: бірде сызық, бірде жарық-көлеңке, ал енді бірде сұлба (силуэт). Егер де біз Дюрер, Рембрандт, Тициан картиналарын салыстыра қарастыратын болсақ, ондабізге бірден белгілі болатыны, неміс суретшілерінде сызық, жиекті сызық (контур), сұлба басым; голландық суретшілер алтын түстердің толқынына берілген, ал италияндық суретшінің картиналары ашық кереғарлы түстерге қанық болып келді [31].
Мольберт (нем. Malbrett) әдетте ағаштан жасалатын сурет салуға арналған қүрылғы. Оған суретші жұмыс жасау уақытында картиналарын, сызбаларын, тағы басқа салып қояды. Бұл сурет салуда ең қажетті құралдың бірі болып саналады. Мольберттің бірнеше түрі кездеседі. Мольберттердің сурет салуға ең ыңғайлысы-төрт тіреуіші бар мольберт, сондықтан көп қолданады. Екінші түрі тізеге қойып қолданатын морльберт [32].
3.2 Портрет пайдалануы
Бұл жанр басқалардан бұрын пайда болды-үш мың жылдан астам уақыт бұрын жасалған скульптуралық египет портреттері, екі мың жыл бұрынғы мозаикалық Рим және темпералық фаюм портреттері белгілі. Адамдар әрдайым өз бейнемін көгісі келді, ал ежелгі египеттіктер тіпті қайтыс болған адамның жаны портретке көшеді екен деп есептеді.
Үлкен шебердің шабытты қолымен жазылған әрбір портрет шынында да рухтанғандай болады, портретке түсірілген бет-әлпетте ой, қайғы-күйініш, қуаныш, күрделі және кейде қиын бүкіл өмір жолының көрінісі жатады.
Портреттік кескіндеменің қолданудағы функциясы көп. Олардың көбісі сиқырмен байланысты: бір адамға ұқсас бейне оның орның басушы ретінде қолданылды. Ежелгі Рим империясында сот ісі жүру уақытында императордың портреті міндетті түрде бейнеленетін атрибуттардың бірі болды. Үйлерде қайтыс болған туыстарының келбеттерінің бетперделері немесе мүсіндері тұрған, олар отбасының амандығын сақтаған. Басқа елдер де портретті жерлеу рәсімінде қолданған: египеттік портреттік мүсіндер, микендік алтын жерлеу бетперделері, фаюмдық жерлеу портреттері. Жапонияда монахтардың кепкен мүсіндік жерлеу портреттерін жасаған.
Адамдар портреттің қолданудағы жаң-жақтылығын ежелден ақ жақсы меңгерген. Өйткені, портрет алыстағы немесе қайтыс болған адамның орын ауыстырушысы немесе егізі ретінде бола алады. Бұл портретті қоғамда да отбасылық өмірде де маңызды орында екенін көрсетеді. Портрет адамның туылуынан өмірінің соңына дейінгі сәттерін бейнелеп, сақтап қалуға мүмкіндік береді. Сондықтан, портретті тирихи құжаттардың қатарына қоса аламыз.
Ортағасыр және қайта өрлеу дәуірінде портрет бейнеленген адамның даңқын және байлығын көрсеткен. Кейінгі византия және қараңғылық дәуірлерінде портретте адамның ұқсастығы емес, мағыналығы, символикалығы, сол адамның кім екендігі маңызды болды.
Саясатта елбасының портреті мемлекеттік символ ретінде қолданылады. Көптеген елдерде елбасының портретін мемлекеттік маңызды мекемелерде іліп қою әдет болып кеткен. Бұдан да басқа да қолдану көп таралған: портреттермен үй интерьерлерін, бар тәрізді жеке мекемелерді әсемдеген. Үлкен салтанатты тұрғын үйлерде уақыттың өзгеруімен жеке портреттік бөлмелер сәнге келді. Ондай бөлмелердің қабырғалары толығымен қазір және бұрын өмір сүрген ұлы патшалар, қолбасшылардың портреттерімен сәнделген.
Көп жағдайларда портрет өзінің адамшылдық және эстетикалық мағынасын сақтап, тағы бір атқаратын рөлі-тұрмыстық өмірмен тығыз байланысты: мысалы, сәулет, жиһаз, адамдардың мінезі мен киімі.