Таңдалған тақырыптың өзектілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 11:42, дипломная работа

Описание работы

Кез келген қоғамның тарихи дамуы мен өркендеуі сол елдің өнері мен мәдениетіне тікелей байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге кеңінен танымал біртуар туындыларымен өз отандарын әлемге паш еткен Леонардо да Винчи, Микеланджело, Пабло Пикассо, Ә.Қастеев сынды тағы басқа құдіретті өнер иелерінің қас шеберліктері мен атақ даңқтары дәлел.

Файлы: 1 файл

Дипломка Худайкулова Акмарал.doc

— 381.50 Кб (Скачать файл)

   Портрет жанрының өркендеуіне екі бағыт түкпір болады:

   Бейнелеудің техникалық талаптарын меңгеру, мысалы, адам анатомиясы мен композиция құру негіздерін үйрену.

   Дұрыс білім алмаған суретшілер адамның бейнесін, денесінің құрылысын шынайы етіп бейнелей алмайды. Портрет өнерінің шыңына адам тек өзінің мүмкіндіктеріне сенсе ғана жете алады. Портрет қазіргі заман талаптарына жетуі-европалық мәдениеттің өркендеуімен құндылықтарының арқасында. Портрет жанрының ең жоғары өркендеу уақыты римдік мүсіндік портрет және қайта өркендеу дәуірі деп есептелінеді.

   Портреттің атқаратын қызметтері:

   Діни

   Жерлеу рәсімінде

   Репрезентативті

   Мемориалды

   Батыс елдерінің Жаңа уақыт мәдениетінде портретті өнер шығармасы деп үш пункт арқылы анықтайды:

1. Портрет қазір жоқ адам орнына еске түсіру қызметін атқарады.

2. Портрет эмоция мен сезімдерді оятады.

3. Портрет транспортабельді болады.

   Портрет кескіндемесінің ең маңызды талаптарының бірі бейненің шын сұлбамен ұқсас болуы. Портрет жанрының ең басты сапасы-сыртқы келбеттің дәл ұқсастығында ғана емес, снымен қоса бейнеленіп отырған адам келбетінің ішкі ойы, оның мамандығы, әлеуметтік жағдайы қоса бейнеленіп көрінуінде.

   Портреттің негізгі тақырыбы адамның жеке өмірі, оның болмысының индивидуалдығы. Егер тақырып өзінің жекелігін жоғалтса, онда портрет өзінің жанрлы спецификасының шекарасынан шығып кетеді. Мысалы, тақырып болып бір жағдай алынса, онда ол портрет емес картинаға айналады, ондағы кейіпкерлер портрет тәрізді орындалсада.

   Тарихи портрет-бұрын өмір сүрген белгілі бір зиялы адамның портретін еске түсіру арқылы немесе суретшінің көмекші ретінде (көркем әдебиет, құжаттама және т. б.) қолданып, өз қиялымен орындауы.

   Адам қайтыс болғаннан кейін салынатын (ретроспективті) портрет-адам қайтыс болғаннан кейін оның портретін қалған суреттеріне қарап немесе толығымен ойдан салу.

   Портрет-картина-бейнеленіп жатқан адамның портретін оны қоршап жатқан өмір, заттар, табиғат, сәулет және адамдармен бірге белгілі бір мағынада немесе сюжетте орындау.

   Портрет-тип-құрастырылған бейне, құрылымы жағынан портретке жақын.

   Киім-кешенді портрет-адамның портретін аллегориялы, мифологиялық, тарихи, театралды немесе көркем әдебиет кейіпкері бейнесінде орындау. Мысалы, «ІІ Екатерина Минерваның бейнесінде». Оларды:

   Аллегориялы

   Мифологиялық

   Тарихи

   Отбасылық портрет

   Жанрлы портрет деп бір-бірінен айырады.

   Автопортрет-суретшінің өзін өзі салуы.

   Діни (донаторлық немесе ктиторлық) портрет-портреттің ежелгі түрі. Мұнда құрбандық жасаған адамды картинада (мысалы, Мадоннаның қасында) бейнелеу.

   Портрет мінезі  жағынан да бірнеше түрге бөлінеді.

   Парадтық-қоғамдық жерлерде салынатын суреттер. Мұнда суретші осы адамның қоғамдағы ролін, істеген игі істерін көрсеткісі келеді. Мұндай портреттерде адамның толық денесі бейнеленеді. Бейнеленетін атрибутарына байланысты:

   Тәжге отырғызулы

   Ат үстінде

   Әскери қолбасшы  бейнесінде

   Аңшылық уақытында  орындалатын портрет деп бөлінеді.

   Жартылай парадтық портрет-парадтық портретке ұқсас, бірақ белге немесе дізіге дейінгі бейне.

   Камерлы портрет-бейне белге, кеудеге дейін бейнеленеді. Көбінесе бейне бір түсті фонда орындалады.

   Интимді портрет-бір түсті фонда орындалатын камерлы портреттің аз кездесетін түрі. Мұнда суретші мен бейнеленетін адамның арасындағы бір-біріне сенімді қатынасы сезіндіріледі.

   Әлеуметтік-әр түрлі қоғам таптарының өмірін көрсетіп және салыстыратын портрет түрі.

  Психологиялық-ойға батқан шешілмейтін сұрақтарға шешім іздеп уайымға батқан немесе қуаныш сезімі бар адамдар салынған портрет түрі.

   Кішкентай форматты  немесе миниатюралы портреттер  акварельмен немесе тушьпен орындалады.

   Портретте адамды қоршаған заттар, атрибуттар-символдық элементтерді қолдану реализм дәуіріне дейінгі уақытта жақсы дамыды. Атрибуттар адамның моральды, діни немесе профессионалды орнын көрсетуде көмекші ретінде қолданылады. Портреттің жанрлары бейнеленетін атрибуттар және қосымша белгілер арқылы анықталады. Мысалы, екінші орында тұратын фон арқылы.

   Портрет визуалды мінезіне, техникасы, типіне қарай

   Қарындашпен орындалған

   Акварельмен орындалған

   Гравюралы

   Кескіндемелі (майлы  бояу, темпера, гуашь)

   Рельефты (мысалы, медальдар мен тиындарда)

   Мүсінді

   Фотопортрет

   Портреттің қандай техникада орындалатыны да портреттегі бейнеге әсер ететін негізгі фактор болып есептеледі. Ежелгі тарихта портрет тасқа қашалып орындалған болса, қайта өрлеу дәуірінде алдыңғы қатарға майлы бояумен орындалған портреттер шықты және бүгінгі күнге дейін өз мәртебесін жоғалтқан жоқ [16].

   Фотографияға қарап салынатын портреттерді өнертаным адамдары шынайы портрет деп есептемейді, өйткені, натурасыз портрет жанрында шынайы бағалы бейнелеу шығармасын орындау мүмкін емес. Осылай, Делакруа репродукцияға қарап салынған портреттерді портрет қатарына қоспаған, өйткені мұндай жұмыстарға ойдан қосу немесе бұрыс мағына қосылыу мүмкін. Көбінесе мұндай жұмыстар беттің қырларын бейненің өзіне тән мінезісіз механикалық түрде қайталау болып табылады.

   Портреттің орындалуындағы маңызды мінездемесі-оның көлемі. Осылай, мұражайда көрсетілетін немесе интерьерде қолданылатын портреттер адам оңай көтеріп алып кете алатын камерлі портреттерден айырмашылығы бар. Жақсы суретші бұл жұмыс қандай көлемді бөлмеге қойылатынын назарына алу керек.

   Олар көлеміне қарай:

   Портреттік миниатюра

   Станкты (картина, бюст, графикалық беттер)

   Монументальды (мүсін, фреска, мазаика).

   Бейнеленетін адамдардың санына қарай бір бейнеден басқа тағыда екеулік және топтық портреттер бар. Екеулік (немесе pendant-пандан) портрет деп композициясы, көлемі және колориті жағынан сәйкес келетін екі түрлі кенепте салынған портреттерді айтады. Көбінесе бұл ерлізайыптылардың портреттері.

   Кейде портреттер толық ансамбльді-портреттік галереяны құрайды. Онда негізінен бір отбасының мүшелері бейнеленеді. Одан да басқа мамандық, административті және тағы басқа белгілеріне қарай бейнеленеді, мысалы, корпорация, гильдия, әскери полк мүшелерінің портреттік галереясы.

   Суреттің пішімі көркем шығарманың ішкі мазмұндық құрылымыментікелей байланысты және көп жағдайда суретшінің ойын түсінуге тура жолсілтейді.

   Формат тарихы әлі күнге зерттеле қоймағанымен кейбір түрлерінің қай кезеңде көп қолданыста жүргені туралы кейбір мағлұматтар бар. Мысалы, шаршы және дөңгелек формалы пішім, сезім мен ойды орталыққа жинақтайтын, өзінің эмоционалды жағдайымен ерекшеленеді. Дегенмен, шаршы мен тондо (дөңгелек) ең аз тараған формат түрі. Ренессанс дәуірінде дөңгелек форматты Флоренция мен Римде ғана кездестіруге болатын болса, ал венециялықтар одан бас тартқан. Ренессанстық идеялар өзінің беделін түсіре бастағаннан кейін, тондо да өз орнын форматтың жаңа түрі-сопақша дөңгелекке кезек береді. Сопақша дөңгелек, XVI ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында еуропалық суретшілердің ең сүйікті пішіміне айналады.

   Биік жіңішке готикалық ғибадатханалардың қабырғалары горизонтальды пішімді қолданса, ал, керісінше ренессанстық ғимараттарда кең кеңістік пен көлденең бөліктерге ұмтылады. Олай болса, суреттің пішіміне талдау жасауда, біздің эстетикалық қабылдауымызға картинаның барлық функциясы бірдей қатысуы керек. Суретті дұрыс қабылдау мен оны түсіну-картинаның сыртын да, ішкі тереңдігін де, әшекейін де, ырғағын да,бейнені де бір мезгілде және бірден көруді айтады.

   Пішіміне қарай:

   Тіктөртбұрышты

   Вертикальды-жеке бір адамдық портретте ең көп қолданылатын көлем.

   Горизонтальды-бір адамдық портретке қарағанда топтық портретте көп қолданылады.

   Шаршы көлемді  аз кездеседі.

   Сопақша-портрет жанрының шыңына жеткен кезде пайда болады. Портреттің сәндік қызметін жоғарлатады.

   Шар көлемді-аз кездеседі.

   Портретте композицияны қолдану өте маңызды, өйткені, көрерменнің бірден көзіне түсетіні адамның бет бейнесі болғандықтан, оны дұрыс табу керек. Бет бейнені адамның тұрысы, киімі, қоршаған заттары, фоны және тағы басқалар арқылы анықтайды.

   Портрет бейнелену көлеміне қарай:

  • Иыққа дейін
  • Кеудеге дейін
  • Белге дейін
  • Бөксеге дейін
  • Тізеге дейін
  • Толық бойлы

   Алдыңғы екі ңұсқада адамды бейнелеу үшін жоғары академиялық білімнің керегі жоқ. Сондықтан, мысалы, XVIII ғасырда Рессейде көп жаңа портретистер осыны көп қолданды.

   Кескіндемелі портреттерде көру нүктесінің маңызы да зор. Егер суретші модельге кішкене астынан қарайтын болса бейне монументальды көрінеді, ал үстінен қараса қозғалысы көрінеді. Дәл алдынан қараған көрініс аз кесдеседі.

   Суретшілер портертті жеке адамдардың немесе ұйымның тапсырысы бойынша, жеке шабыты пайда болса немесе бейнеленетін адамға құштарлығы болса орындайды. Көбінесе көп суретшілер өздерінің жанұя мүшелерінің портреттерін көп орындайды. Бұл оларға деген қатты құштарлықтың белгісі емес, олар тегін және ыңғайлы натурщиктер болғандықтан.

   Портреттің фотографиядан айырмашылығы. Портрет кескіндеменің басқа жанрларына қарағанда шынайылығы мол және теориялық түсініктемелерді талап етпейді. Фотографияның өткені және болашағы жоқ, ол әрқашанда осы шақта. Портрет уақыты-әрқашан динамикалы, оның осы шағы өткен және болашақ естеліктеріне толы. Сондықтан кескіндемеде орындалған портрет фотографияға қарағанда құндылығы мол болады. Өйткені, онда суретшінің жұмсаған уақыты, орындаудағы барлық уайымы бейнеленеді.

   Кейіпкердің сырт бейнесін суреттеу-бейнелеу өнерінде жалғыз құрастырудың жолы. Портрет кейіпкердің ішкі және сыртқы бейнесін шынайы етіп жеткізе алса ғана қанағаттандырады. Бұл білімнің жоғары деңгейдеекендігін көрсетеді. Шынайы бейнелеу үшін сурет салу мен адам анатомиясын жетік білу керек. Ұқсастық айқын көрінетін болса тапсырыс берушілер ішінде сұраныс көп болады.

   Шығыс елдер  бейнелеу өнерінде ұқсастық басты талап болып есептелмейді. Онда адамның сыртқы атрибутикасы дәл жеткізілсе ғана болғаны [17].

   Реализм. Реалистік портретті салу үшін суретші адамды қоршаған ортасымен бірге қабылдау сезімі және реалистік кескіндеме шеберлігіне ие болу керек. Бірақ, бұл талаптар әр бейнелеу дәуірлерінде әр түрлі болды. Кейбір дәуірлерде тарихи сәттерге сай реалистік портрет қиын формаларға ие болады. Сондықтан, әр заманның реалистік портретінің өзіне сай сапалық ерекшеліктері бар.

   Суретшілердің айтуы бойынша жоғары дәрежеде орындалған портрет адамның тек сыртқы бейнесін ғана емес, ішкі дүниесін де жеткізу керек. Бұндай талап еуропа портрет өнерінің енді қалыптасу уақытында XIV ғасырдың басында пайда болды.

   Адамның келбетінің  дәл анатомиялық құрылысын бейнелеу шынайылықтың белгісі емес. Көрермен көбінесе анатомиялық сипаты бойынша оригиналға мүлдем сай келмейтін, бірақ, адамның қайталанбас сипатын бейнелеген портреттерді қымбат тұтады. Портретист суретші дәл ұқсастықты жеткізуге талпынбайды. Олар кейде көрініп тұрғанды өзгертіп, бейнеленушіде мүлдем жоқ элементтерді қосады. Бұның бәрі тапсырыс берушіде портрет оригиналға ұқсас деген сезімді тудыру үшін әдейі істелінеді. Тапсырыс берүшінің сұранысы мен оның шынайы келбетін бейнелеу портретист үшін маңызды талап. Модель тапсырыс беру алдын өзіне не керектігін біледі. Мысалы, Оливер Кромвел суретшіден оның дәл келбетін еш сәндіксіз, беттің барлық кемсіздігімен бейнелеуді сұрағаны сияқты.

   Портретте бейнеленген адамның индивидуалдығын ғана емес, сонымен қатар суретшінің бейнеленушіге деген сезімін, өзіне ғана тән шығармашылық манерін де көруге болады. Сондықтан, бір адамның бейнесін екі түрлі суретші орындаса ондағы ішкі сезімдер әр түрлі екендігін көруге болады [18].

   2.2.1 Суреттің бейнелеу өнеріндегі маңыздылығы

   Жалпы суреттің бейнелеу өнеріндегі алатын орны ерекше. Сурет-бейнелеу өнерінің негізі деуге болады. Суретсіз бейнелеу өнерін кескіндеме, сәулет, композиция, мүсін сияқты бейнелеу түрін суреттен тыс қарауға болмайды. Өйткені кескіндемеші де, мүсінші де, сәулетші де суретке соқпай өте алмайды. Қайта өрлеу дәуірінің алыбы Микеланджело былай деген болатын: «Нобай жасау өнері-басқаша таалып жүрген сурет-кескіндеменіңде, сәулеттің де, мүсіннің де еңбек нүктесі, сурет-кез-келгген «Нобай жасау өнері-басқаша таалып жүрген сурет-кескіндеменіңде, сәулеттің де, мүсіннің де еңбек нүктесі, сурет-кез-келгген ғылымның қайнар көзі мен түп тамыры. Сонымен суретдеген сөзге анықтама берер болсақ, сурет дегеніміз қарындаш, көмір, сангина, қаламыш, арқылы нобай ретінде жеңіл сызып салған шығармасын атаймыз.

Информация о работе Таңдалған тақырыптың өзектілігі