Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 11:42, дипломная работа
Кез келген қоғамның тарихи дамуы мен өркендеуі сол елдің өнері мен мәдениетіне тікелей байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге кеңінен танымал біртуар туындыларымен өз отандарын әлемге паш еткен Леонардо да Винчи, Микеланджело, Пабло Пикассо, Ә.Қастеев сынды тағы басқа құдіретті өнер иелерінің қас шеберліктері мен атақ даңқтары дәлел.
Жаңа портреттер жаңа сәнге, стилге, суретшінің өз бағытына және тұтынушының сұранысына сәйкес орындалған. Соған сәйкес бейнеленетін аксессуарлар көлемі жағынан өзгеріп отырды. Оның орны сәнге, таңдалған гамма, интерьердің көлемі, ондағы қабырғаның құрылысы, перделері мен жиһаз, бөлмедегі басқа өнер туындылары, мүсін және графикаға байланысты анықталады.
Орындауымдағы
портреттер бітіріп жатқан оқу
орнында қабырғаларды
4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
4.1 Жобаны дайындауға кеткен материалдар мен шығындардың есебі
Өнімнің өзіндік құнының деңгейі шығынмен есептеледі. Шығынды сыныптаудың мынадай түрлері бар:
-негізгі шығындарға жасалған өнімнің құрамына кіретін барлық шығындалған материалдардың өзіндік құны жатады;
-қосымша материалдарға бұйымдарды өңдеу (жабдықтарды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектердің құны, шағын механизмдердің инструменттері мен құралдарының, тозуының орнын толтыру сомасы, шаруашылық мұқтаждыққа арналған материалдардың құны) процесінде пайдаланылған қосымша мақсаттағы материалдардың құны қосылады;
-отын және энергия бұйымды дайындау кезінде пайдаланылатын энергияның барлық түріне есептеледі.
-жұмысшылардың еңбекақысы бойынша шығындар өнім өндірісіндегі тірі еңбекте көрсетіледі.
Кесте 1
№ |
Материалдар тізімі |
Өлшем бірліктері |
Дана Метр |
Дана/метр бағасы |
Шығын тг. |
1
2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 |
Негізгі материалдар Кенеп Майлы бояулар: Мырыш ақ бояу Шунгит Қызыл кадмий Алтын жоса Көгілдір Көк-жасыл Сары кадмий Сарғылт кадмий Қоңыр марс Сарғыш Зығыр майы Багет |
дана
дана дана дана дана дана дана дана дана дана дана дана дана |
5
3 1 1 1 1 1 1 1 2 1 1 5 |
1300
500 550 550 600 500 500 550 550 500 550 950 4000 |
6500
1500 550 550 600 500 500 550 550 1000 550 950 20000 |
Қорытынды |
34300 | ||||
1 2 |
Қосымша құралдар Қылқалам Лак (жылтыр сыр) |
дана дана |
3 1 |
300 1050 |
900 1050 |
Қорытынды |
1950 | ||||
Қорытынды |
36250 |
Негізгі және қосымша материалдарға кеткен жалпы шығын .................36250
Негізгі материалдар
..............................
Қосымша материалдар...........
5 ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
5.1. Іс-шаралардың қауіпсіздік ережесі
Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол-өмірді сақтап қалу. Сол себепті қауіпсіздік ережесі туралы айтып кетуіміз керек. Жалпы кез келген жұмыс істеген жағдайда әр түрлі қауіпті жағдайлар бар. Кескіндемеде қолданылатын бояулар адам өміріне қауіпті емес, бірақ бәрібір де қауіпсіздік шараларын қолданған дұрыс. Мысалы, сурет салу бөлмесін желдетіп тұру, өйткені, бояулардың, зығыр майының және араластырғыштардың бас айналдыратын иістері бар. Жалпы әр бір ұжымдарда қолданатын қауіпсіздік және қорғаныс құралдары бар.
Технологиялық процестер барлық жұмыс уақытының ішінде техникалық қауіпсіздікке жауап беруі тиіс. Өндірістің ауыр, қауіпті және зиянды процестерін механикаландыру еңбектің ауырлығын жояды. Қол жұмысының ең көп проценті жүктерді көтеруге және қосалқы жұмыстарға кетеді. Жеке қорғаныс құралдары ұжымдық құралдар адамдарды толығымен қорғамаған жағдайларда қолданылады. Ұжымдық қорғаныс құралдары бөлінеді:
Әрқашан жұмыс жасаған кезде түрлі жағдайлар болып қалуы мүмкін. Сондықтан, ең алдымен бір жұмысты бастар алдында сол жұмыстың техникалық қауіпсіздігін қатаң түрде тексеріп алған жөн. Жасағалы тұрған жұмыстың адам үшін қауіпті тұстары барма соны анықтап біліп алу керек. Барлық тұстарын зерттеп, анықтап болған соң жұмысқа кірісуге болады.
Жұмыс кезінде мынадай қауіпті және зиянды факторлардың әсер етуін болдырмау:
-майлы бояудың және
араластырғыш сұйықтықтарының
-улы заттармен улануды;
- жұмыс кезінде өрт
қауіпсіздігін ережелерін
-жұмыс процесінде жеке басының гигиенасын сақтау, жұмыс орнын тазалықта ұстау;
-қауіпсіздікті және
жұмыстың тиімділігін
-жұмыс орнында жабдықтарды
қауіпсіз пайдалануды
-желдету режимі, температура режимі бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау;
-жұмыс орнына жарық түсу нормасын сақтау;
-лакпен, бояумен, жұмыс кезінде олардың теріге, көзге және киімге төгілуіне жол бермеу;
-жұмыс аяқталған соң жұмыс орнын жинақтап, қолды сабынмен мұқият жуу қажет.
5.1.1 Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңы
Еңбек туралы Заңнама
Осы Заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын iске асыру процесiнде туындайтын еңбек қатынастарын реттейдi.
Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен қызметкерлердiң жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттейтiн, нормалары осы Заңның нормаларынан кем бола алмайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. Мәжбүрлi еңбекке тыйым салынған. Мәжбүрлi еңбекке тек сот үкiмi бойынша, не төтенше немесе соғыс жағдайлары жарияланған кездерде ғана жол берiледi.
ҚОРЫТЫНДЫ
Таңдалған тақырыпты осы бөлімде қорытындылап, қорытындысын айтамыз. Таңдалған тақырыптың алдағы бөлімдерінде мазмұнын, мақсатын, сипаттамасын тілге тиек еттік. Келесі екінші бөлімде тақырыптың тарихи анықтамасын және оның шығу тарихын, қазақ бейнелеу өнерін, портрет жанры туралы, оның тарихы, қазақ портретистері туралы, портрет түрлерін және қолдануын, маңыздылығын, орындалу жолдары мен әрлеу, сәндеуінің қыр сырларын анықтап, зерттедік. Кезекті конструкторлық-техникалық бөлімде портрет орындауға қажетті материалдарды дайындау туралы, жабдықтарды қалай даярлау керектігін білдік. Бұл бөлімде портрет орындауға қажетті материалдарды пайдалану тәсілдері мен ерекшелігінің сырын ашып түсіндірдік. Эксплуатация бөлімінде портретті қолдану мәдениеті мен ережелері туралы білдік. Экономикалық бөлімде дайындауға және жұмысты жасап шығаруға кеткен шығындардың есебін жаздық. Еңбекті және қоршаған ортаны бөлімінде жұмыс жасау кезінде болатын қауіпті жағдайлар мен жарақаттанудан сақтау туралы, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету керектігі, іс-шаралардың қауіпсіздік ережелерін түсіндірдік.
Кескіндеме өнері көпшілік қауым ұнататын өнер түрі. Өйткені кескіндеменің тіліне ұшқыр қиял, мәңгі идеялар, бір сәттік мезет пен мінез-құлықтың нәзік құбылыстары мен дүниенің барлық құбылыстарын, сезімдерін, мінез-құлқын, күйзелістерін, нұсқаның нәзік қатынастырын бейнелеп көрсету тән. Егер сәулет-кеңістікті, мүсін-денені жасаса, ал кескіндеме дене мен кеңістікті, олар өмір сүретін, түстер мен ауаның, фигуралар мен оларды қоршаған заттардың ортасында біріктіреді.
Бүкіл образдың байлығы мен жалтылдаған кез келген түстерін жарық арқылы бояу түсімен кескіндемеде жазып көрсетуді айтамыз. Кескіндеме-бір ғана көру нүктесі бар және кеңістік пен бейнелеушінің жұмыр көлемі тек иллюзиялы өмір сүретін жазық бетте орындалатын өнер түрі. Бұл кеңістік кескіндеменің негізгі «шарттылығын» құрады. Батыс Еуропалық кескіндемеде үшінші өлшемнен бас тарту деген жоқ, ал көрермендер кескіндеменің екі өлшемді екендігін ұмытып та кетеді. Әрбір картинаның орындайтын екі функциясы бар-бейнелеуші және экспрессивті-сәнді. Кенеп (картина) кеңістігіндегі декоративті-ритмді кім түсінетін болса, сол адам кескіндемешінің тілін де түсіне алады.
Жалпы қазақтың бейнелеу өнерінің тарихы сонау неолит дәуірінен бастау алады. Оған Ұлытау жартастарына ойып салынған өщпес бейнелер айғақ. Небір өнер шеберлерінің аттары сақталмаса да қолдарынан щыққан құнды дүниелері бізге жеткен [34].
Өнері ғасырда ұлтымыздың бейнелеу өнері жақсы дамып, кең өріс алды. Қылқаламның құдыретін танытқан айтулы тұлғалар төрткүл дүниеге танылды. Олардың қатарында Ә. Қастеев, Қ. Телжанов, А. Ысмайылов, Қ. Наурызбаев, М. Кенбаев, Қ. Қожықов, А. Ғалымбаева, Е. Сидоркин, А. Молдабеков, С. Мәмбеев, Ж. Шарденов, Ү. Әжиев, тағы басқа бар.
Осындай тұлғалардың жолын жалғастыру үшін жастар біз де өз үлесімізді қосқымыз келеді. Ұлттық өнеріміздің дамуына өз үлесімізді қосу жолында аянбай еңбек етсем деймін!
Мәдениеттің өзекті бөлігі-өнер. Өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністеріндің бірі оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылу. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджеланың мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу денелерсіз, өнер әлемінсіз қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шыныныда да, өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі-оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы. Осыған дейінгі қарастырылған анықтымалардан бір қорытынды жасасақ, мәдениет-адам әлемі [35].
Мәдениет көріністерінде адамдық, парасат, ақыл-ой, ізгілік, пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен қатар, мәдениет-адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ЭДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ