Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 23:26, курсовая работа
Жоғарыда көрсетілген мəселелерге талдау жасауда жергілікті материалдардың қолданылуына баса назар аударылған. Мысалы, патша үкіметінің жер саясатына баға беруде, оның Шығыс Қазақстанды мекендеген қазақтарға əсеріне сипаттама берілген. Осы қазақтардың ата мекендерінен қуылып, Қытай, Монғолия жəне Алтай өлкесіне қоныс аударуға мəжбүр болуы жаңа деректік негізде қарастырылған. Оқу құралының соңында берілген қосымша материалдар студенттің өзіндік
жұмысын ұйымдатыруына көмекші құрал болады деп сенеміз.
Кіріспе
1-тарау. Қазақстанның Ресей құрамына енуі
1.1 ХVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның ішкі саяси жəне
халықаралық жағдайы. Қазақ-жоңғар соғыстары
1.2 Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауы.Əбілқайыр хан
1.3 XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің отаршылдық саясаты.
Абылай хан
1.4 Қазақстанның Ресей құрамына енуінің аяқталуы
2-тарау. Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі халық-азаттық күресі
2.1 Сырым Датов бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
2.2 Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар көтерілісі
2.3 Кенесары Қасымов бастаған азаттық қозғалысы
3-тарау . Қазақстан Ресей империясы құрамында.
.1 ХIХ ғасырдың 20, 60-90 жылдарындағы реформалар
3.2 ХIХ ғасырдың 20-60 жылдары қазақ қоғамындағы əлеуметтік-
экономикалық өзгерістер
3.3 ХIХ ғасырдың соңғы ширегіндегі патша үкіметінің Қазақстандағы
отарлық саясаты
4-тарау. ХVIII –ХIХ ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті
4.1 Халық ауыз əдебиеті
4
4.2 Музыка өнері
4.3 Қазақтың демократ ағартушылары
4.4 Халық ағарту ісі
Қосымша
Қолданылған əдебиеттер
шекті. Орыс ғалымдары оны ержүрек саяхатшы жəне Орта Азия мен Қазақстан
халықтарының өмірін жақсы білетін білімді адам ретінде қарсы алып, Владимир
орденімен марапаттады.
Петербургте болған аз уақытында ол орыс зиялылыарымен араласа жүріп, өзінің
таланты мен білімін танытты, бірнеше мекемелерде жұмыс істеді. Карталарды
құрастыру, энциклопедиялық басылымдарды дайындауға қатысу, шығыс
қолжазбаларын зерттеу. Орыс географиялық қоғамында шығыс тарихы жөнінде
лекциялар оқу – осының бəрі Шоқанның көп уақытын алды.
Петербургте болған кезеңінде Шоқанға оның достар мен таныстары: профессор
А.Н.Бекетов, белгілі шығыстанушы, профессор Е.П.Ковалевский, атақты
ориенталист ғалымдар В.В.Григорьев, В.П.Васильев жəне В.В.Вельяминов-Зернов
зор ықпал жасады. П.П.Семенов-Тян-Шанскиймен, Ф.М.Достоевскиймен достық
байланыста болды. Көрнекті орыс жазушылары мен ғалымдары арасында достары
көбейді. Астанада неғұрлым ұзақ болуына науқасы кедергі болып, ол 1861 жылы
қайтадан елге оралады. Жазды жайлауда өткізіп, осында қарапайым халықпен
жақын араласып, аңыздар мен жырлар тыңдап, жазып алады. Осы жерде бұқара
халықтың қазақ бай-феодалдары мен отарлаушы өкімет органдарының заңсыз
озбырлығынан азап көріп отырғандығының куəсі болады.
Омбыға барып, Ш.Уəлиханов даладағы жергілікті басқару ісін қайта ұйымдастыру
жөніндегі шараларға тікелей қатысты жəне бірқатар практикалық ескертпелер мен
ұсыныстар енгізді. Оның негізгі ойлары өкімет орындарына берілген бірқатар
жазбаларында баяндалған, олардың қатарында “Қырдағы мұсылманшылық
туралы”, “Сот реформасы туралы жазба”, “Қырғыздардың көші-қоны туралы” т.б.
еңбектері бар. 1864 жыдың көктемінде Ол Черняевтың Оңтүстік Қазақстан
аумағын Ресейге қосып алуды мақсат еткен əскери жорығына қатысады, тілмаш
75
қызметін атқарады. Алайда орыс əскербасыларының жергілікті қарапайым
халыққа көрсетіп отырған
қатыгездігіне наразылық
Ол 1865 жылдың сəуірінде Алтынемел деген жерде Тезек төренің ауылында
қайтыс болды.
Ш.Уəлихановтың ғылыми мұрасы қазақ халқының құрылуы, ХVII-ХIХ ғасырдың
бірінші жартысындағы əлеуметтік жəне саяси тарихы, қазақтардың Ресей
бодандығын қабылдауы, Орта Азия мен Түркістан халықтарының рухани жəне
материалдық мəдениетінің тарихи проблемаларын қамтиды. Ол бүкіл Орта Азия
мен оған іргелес жатқан аймақтар халықтарының географиясын, этнографиясы мен
фольлорын зертеуге үлкен үлес қосты.
Шоқан Уəлихановтан кейінгі қазақ мəдениетінің тарихында жарқырап ағып өткен
жарық жұлдыздай тамаша із қалдырған ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин (1841-
1889). Ол Қостанай
облысында туған. Атасы
Ыбырай 1850 жылы Шекаралық комиссия жанынан қазақ балаларына арнап ашқан
мектепке түсіп, алтын медальмен бітіріп шықты.
Мектепті бітіргеннен
кейін бірер жыл кеңсе
Ыбырайға облыстық басқарма 1860 жылы Торғайда қазақ балаларына бастауыш
мектеп ашуды тапсырады. Бұл мектеп 1864 жылы салтанатты түрде ашылды.
1868 жылы Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші, кейіннен уезд
бастығының аға көмекшісі жəне уақытша судья міндеттерін қатар атқарған.
Қызмет бабымен халық арасында жиі болып, оның мұң-мұқтажын, басшылардың
жүгенсіздігі мен қиянатын өз көзімен көрді. Оларды əшкерелеп шағымдар жазды,
халық мүддесін қорғады.
1879 жылы Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып
тағайындалды. Осы кезде ол Ырғыз, Николаев, Торғай жəне Елек уездерінде екі
сыныптық орыс-қазақ училищелерін ашып, оқушылар жинап, мұғалімдермен
қамтамасыз етті.
Алтынсарин қолөнер жəне ауыл шаруашылығы училищелерін ашуға көп күш-
жігер жұмсады, байырғы халық арасынан Қазақстанның экономикалық дамуына
қажетті мамандар даярлауға ерекше мəн берді.
76
Қазақстанда қыз
балаларға білім берудің
байланысты. 1888 жылы ол Ырғыз қаласында қазақ қыздарын оқытатын,
интернаты бар мектеп
ашып, патша əкімшілігінен
училищелерін ашуға рұқсат алды. 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қостанайда,
1896 жылы Ақтөбеде осындай оқу орындары ашылды.
Сонымен қатар ол
орыс-қазақ мектептерінің
ретінде орыс педогогтары мен жазушыларының еңбектері мен оқулықтарын
ұсынды.Олар: Ушинскийдің, Бунаковтың, Крыловтың ______________т.б.еңбектері. Ы.Алтысарин
орыс-қазақ мектептерінің
оқушыларына арнап “Қырғыз
Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық” атты екі оқу
құралын жазды.
Алтынсарин жан-жақты білімді адам болды. Ол қазақ этнографиясының кейбір
мəселелерін зерттеді, қазақ жазба əдебиетін дамытуға елеулі үлес қосты.
Асқан ойшыл, сөз зергері Абай Құнанбаев (1845-1904) Семей облысының Шыңғыс
тауында тұрған. Абайдың əкесі Құнанбаев Тобықты руының старшыны болды.
Алғашында ауыл молдасынан сабақ алған Абайды əкесі Семейдегі имам Ахмет-
Риза медресесіне жіберді. Діни оқу жөнді ештеңе бермегенімен, Абай араб, парсы,
шағатай тілдерін ықыласпен меңгеріп, шəкірт кезінің өзінде Шығыстың Науаи,
Низами, Физули, Сағди, Фирдоуси сияқты т.б. ұлы ақындардың туындыларымен
танысты. Қосымша орыс мектебінде білім алды. Əкесі Құнанбай оны ел билеу
ісіне ертерек араластыру үшін оқудан ерте босатып алды. Осы тұста Абай
əлеуметтік теңсіздік пен əділетсіздікті өз көзімен көріп, жүрегімен танып, білді.
Абайдың əділдік, шындық үшін еңбекші халықтың мүддесін қорғап жасаған
əрекеттері елдегі ұлық-басшыларға ұнамады. Дүниетанымы қалыптасып, рухани
толысқан Абай он-жиырма жыл ішінде халықтың поэтикалық шығармашылығын,
шығыс ақындары мен орыстың классикалық əдебиетін терең зерделейді. 1886
жылы ол алғаш рет өз атын қойып “Жаз” деген өлеңін жазды.
Абай қаламынан өлеңдермен қатар, қара сөзбен жазылған ғибраттар, “Ескендір”,
“Масғұт”, “Əзім əңгімесі” дастандары дүниеге келді. Абайдың əдеби мұрасында
аудармалары да елеулі орын алады.
77
Абай өз шығармаларында қоғам өмірінің аса маңызды мəселерін көтерді. Оған
дəуір тынысын терең сезіну тəн болды. “Қалың елім, қазағым, қайран жұртым”,
“Сегіз аяқ” сияқты шығармаларында халық өмірінің қайғы-қасіретін бар жанымен
түсінген адамның
сезім күйзелісі шебер
қайшылықтар негізінде ауыр тұрмысқа душар болған халықтың аянышты өмірін
жан-жақты терең көре де, көрсете де білді.
Старшындар мен билердің іс-əрекеттеріне деген көзқарасынан Абайдың
демократиялық бағыт ұстанғаны көрінеді. Халықтың қараңғылығын, надандығы
мен жасқаншақтығын пайдаланып, билер барынша пайда табуға тырысты.
Олардың қабылдаған шешімдері патша отаршыларының мүддесін қорғады. Осы
əрекеттерді ақын шебер сынға алды.
Абай заманындағы қоғамның қайшылықтары оның дінбасыларына деген
көзқарасынан көрінді. Абай дінді мойындай отырып, Оның Қазақстандағы
қызметшілері –
тағайындалған молдалардың
екенін өз көзімен көрді. Билер сияқты, олардың да көпшілігі атақ-мансапты сатып
алып, баюды ғана көздеді.
Ескіліктің қалдығына, тоғышарлыққа, тоңмойындыққа қарсы тұрып, Абай
жаңалықтың, жақсылықтың жаршысы бола білді. Абай өлеңдерінің көпшілігі
жастарға, өсіп келе жатқан жас буынға арналады.”Көкірегі сезімді, тілі орамды”
жастарға ақын жарқын үміт артумен бірге оларға жақсы ой салып, жарасты істерге
бастауды өз міндеті санады. Жас ұрпақты еңбекке тəрбиелеу, ғылым мен білімге
тарту, алға қойған мақсатқа қалай да жетуге баулу – Абай шығармаларының негізгі
идеялық арқауы болды. Ағарту – оқу, білім тақырыбы Абай поэзиясында аса зор
əлеуметтік сипатқа ие болды. Ол халыққа білім беруді жолға қою арқылы ғана
қоғамдық өмірдің кемшіліктерін түзету мүмкін деп есептеді. Алайда ақынның бұл
мақсат-мүдделері барған сайын əлсірей берді. Өйткені сол кездегі қоғамдық өмір
жағдайында Абай көтерген озық идеялардың тоғышарлық пен надандықтың
көлеңкесінде қала беруі, ақынның көңілінде өкініш пен күдік тудырды.
78
Еңбекші халықтың өмірін жақсартудың жолдарын Абай қоғамның экономикалық
негізін өзгертуде деп білді. Қазақтардың прогресшіл дамуын Абай егіншілікті,
қолөнер мен сауданы дамытумен тығыз байланыстырды.
Абайдың табиғат лирикасын, жылдың төрт мезгіліне арналған өлеңдерін –
көркемдік қуаты жағынан қайталанбас құбылыс деуге болады. Туған ел
табиғатының тамаша көріністерін ақын əлеуметтік, қоғамдық өмірмен ұтымды
ұштастырып, шебер байланыстырумен бірге ол табиғат, қоғам, адамды өзара
ажырамас бірлікте суреттейді.
Абай 1886 жылдан бастап
орыстың белгілі ақын-
Лермонтовтардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Абай шығармалары кезінде ел арасында ауызша, жазбаша түрде тарап, біреуден
біреу тыңдап, жаттап алып алыстағы ауылдарға ауызекі жетіп жатты.
Абай сонымен қатар белгілі композитор, халық музыкасының шебер білгірі
болды. Ол қазақ музыкасының алтын қорына енген біраз лирикалық əндердің
авторы болған.
Х1Х ғасырдағы белгілі тұлғалардың бірі Мұхамбет Салық Бабажанов. Ішкі
Орданың ханы Жəңгірдің қайын атасы Қарауылдың отбасында 1832 жылы дүниеге
келген. 1841 жылы ордадағы мектепке түсіп, оны бітіргеннен кейін Орынбордағы
Неплюев атындағы кадет корпусына оқуға барды. Үлгілі үлгерімі, зеректігі,
тəртіптілігі үшін оқу бітірмей жатып унтер-офицер шенін алды. Ол қоғамтану
сабақтарын жақсы игерді. Шығыстанушы В.В.Григорьев, П.И.Небольсин сияқты
орыстың озық ойлы адамдарымен, Шоқан, Жəңгірдің ұлы Ғұбайдолламен жақын
дос, жолдас болған.
Кадет корпусын бітірген
соң бірер жыл Шекаралық
кейіннен азаматтық істермен айналыса бастады. Туған өлкенің мəдениетін,
тарихын, əдет-ғұрпын, салт –санасын зерттеуді өзіне мақсат етті. Орыс география
қоғамына тұрмыстық заттардың экспонаттарын, тарихи ескерткіштерді, қазақтың
тұрмыс-тіршілігіне байланысты деректерді жеткізіп беріп тұрды. Солардың
негізінде орталық басылымдарға мақала, очерктер жазды. Оның ォОрыс
хабаршысыサ, ォҚаракетサ, ォПетербург хабаршысыサ т.б. басылымдарда жарық
79
көрген еңбетері жұртшылықтың ыстық ықыласына ие болды. Ол этнографиялық
терең мазмұнды мақалалары, очерктері, деректері мен жаңалықтары үшін Орыс
география қоғамының күміс медалімен марапатталды.
4.4 Халық ағарту ісі.
Қазақ жерінде отаршылдық саясаттың басталуы патша əкімшілік органдарына
қажетті мамандар дайындау мəселесін қойды. 1789 жылы ашылған Азиялық
мектеп тілмаштар мен жер өлшеуші мамандар дайындауға тиіс болды.
Қазақстанда еуропалық үлгідегі жаңа мектеп алғаш рет 1841 жылы Жəңгір ханның
бастамасымен Бөкей ордасында ашылды. Отаршылдық аппараттың төменгі
органдарына тілмаштар мен хатшылар дайындау үшін 1850 жылы Орынборда қазақ
балаларына арналған жеті жылдық арнаулы мектеп ашылды. 1857 жылы осындай
үлгідегі мектеп Омбыда да құрылды.
ХIХ ғасырдың 60-жылдары Қазақстанда бастауыш мектептердің ашылуы
Ы.Алтынсариннің есімімен тығыз байланысты. 1867-68 жылдардағы
реформалардан кейін
мұнда мектептер Қазақ
жұмыс істей бастады. 1868-69 жылдарда Орал облысында 24 орыс-қазақ мектебі,
олардың қатарында 2 екі сыныптық, 6 селолық бір сыныптық, 14 жоғары сыныптық
мектеп жəне 2 жекеше училище болды. 1877 жылға қарай Оралда 2250 оқушы
оқыды, бұл сол өңірдегі мектеп жасындағы қазақ балаларының 2 пайызынан сəл
ғана асатын.
Ақмола облысында 70-жылдардың басынан бастап мектеп ісі жандана бастады. Ол
кезде бүкіл облыста барлығы 2767 оқушысы бар 76 оқу орны болды. ХIХ ғасырдың
аяғына қарай мектептер саны үш еседей көбейді. 1898 жылы Ақмола облысында
мектеп жасындағы балалардың саны 61 106 болса, олардың 88 пайызы мектепке
тартылмай қалды.
1898 жылы Семей облысында мектеп жасындағы 61 668 баланың 5 пайызы ғана
оқыды. 1900 жылы оқу орындарының саны 114-ке жетті.
80
1883 жылы қазақ балаларын оқытуға арналған ер балалар интернаты Семей,
Павлодар, Өскемен жəне Зайсанда жұмыс істеді, ал қазақ қыздарын оқытуға
арналған интернаттар Семей мен Павлодарда ғана болды.
Сырдария облысында орыстарға арналған алғашқы мектептер 1860 жылы ашылды.
1876 жылы облыста 10 мектеп жұмыс істеді. Сол жылы Түркістан өлкесінің оқу
орындарын басқару жөніндегі дербес инспекция құрылды. Педогог кадрларды 1879
жылы құрылған Ташкент мұғалімдер семинариясы даярлап отырды. 1896 жылы
облыстағы оқу орындарының саны 78-ге жетті, соның жетеуі “орыс-бұратана”
мектебі болды. Осы мектептерде оқыған 3896 баланың 548-і қазақ балалары болды.
Жетісу облысында алғашқы мектептер 1868 жылдан бастап ашыла бастады. Х1Х
ғасырдың 90-жылдарының аяғына қарай облыстың алты уезінде 61 оқу орны
болды, оның ішінде Верный қаласында ер балалар жəне қыздар оқитын
классикалық гимназиялар, əскери гимназия, үш сыныптық қалалық училище, 40
оқушысы бар қазақ пансионы, 2 ауыл шаруашылық мектебі, ал қалған уездерде екі
сыныптық ер балалар мектебі мен бір сыныптық приход мектептері болды. 1897
жылы мектеп жасындағы 89 110 баланың 97 пайызы оқымады.