Қазақстанның Ресей құрамына енуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 23:26, курсовая работа

Описание работы

Жоғарыда көрсетілген мəселелерге талдау жасауда жергілікті материалдардың қолданылуына баса назар аударылған. Мысалы, патша үкіметінің жер саясатына баға беруде, оның Шығыс Қазақстанды мекендеген қазақтарға əсеріне сипаттама берілген. Осы қазақтардың ата мекендерінен қуылып, Қытай, Монғолия жəне Алтай өлкесіне қоныс аударуға мəжбүр болуы жаңа деректік негізде қарастырылған. Оқу құралының соңында берілген қосымша материалдар студенттің өзіндік
жұмысын ұйымдатыруына көмекші құрал болады деп сенеміз.

Содержание работы

Кіріспе
1-тарау. Қазақстанның Ресей құрамына енуі
1.1 ХVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның ішкі саяси жəне
халықаралық жағдайы. Қазақ-жоңғар соғыстары
1.2 Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауы.Əбілқайыр хан
1.3 XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің отаршылдық саясаты.
Абылай хан
1.4 Қазақстанның Ресей құрамына енуінің аяқталуы
2-тарау. Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі халық-азаттық күресі
2.1 Сырым Датов бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
2.2 Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар көтерілісі
2.3 Кенесары Қасымов бастаған азаттық қозғалысы
3-тарау . Қазақстан Ресей империясы құрамында.
.1 ХIХ ғасырдың 20, 60-90 жылдарындағы реформалар
3.2 ХIХ ғасырдың 20-60 жылдары қазақ қоғамындағы əлеуметтік-
экономикалық өзгерістер
3.3 ХIХ ғасырдың соңғы ширегіндегі патша үкіметінің Қазақстандағы
отарлық саясаты
4-тарау. ХVIII –ХIХ ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті
4.1 Халық ауыз əдебиеті
4
4.2 Музыка өнері
4.3 Қазақтың демократ ағартушылары
4.4 Халық ағарту ісі
Қосымша
Қолданылған əдебиеттер

Файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 166.43 Кб (Скачать файл)

1906), Кердері Əубəкірдің (1858-1912) қазақ мəдениетін қалыптастырып,  дамытуға

қосқан үлесі  көп. Олардың заманында ел билеу  тəртібін өзгертіп, халықты

бұрыннан қалыптасқан  салт-дəстүрден, əдет-ғұрыптан айырып, елді

орыстандырудың  шаралары іске асырыла бастады. Қазақтардың  арасында

отарлаушы орыстарға  арқа сүйеген пысықтар көбейді. Солардың арам пиғылды іс-

əрекеттерін ақындар  ашық та айқын əшкереледі.

68

Х1Х ғасырдың екінші жартысында ақындық өнер одан ары  қарай дами түсті. Сол

кезеңнің ерекше көзге түскен ақыны Жамбыл Жабаев (1846-1945) болды. Жамбыл

жастайынан еңбекші  бұқараның мұңын жоқтап, жырын  жырлайды, бай-

манаптарды, дін  иелерін өзінің отты да өткір жырымен  түйреп отырды. Бұған

ォШалтабайға”, “Қалиға”, “Сараң бай мен жомарт кедейге” деген өлеңдері дəлел.

Жамбылдың айтыскерлік  атағын шығарған – Құлмамбетпен айтысы. Ол көптеген

дастандар шығарды. Солардың ішінде “Өтеген батыр”, “Сұраншы батыр”

дастандарын атауға болады.

Жамбылмен аты қатар  шыққан ақындардың бірі – Шашубай  Қошқарбаев. Жасынан

домбыра, сырнай, гармонь  тартып, ақындық, əншілігімен аты  шықты.

4.2 Қазақ  музыка өнері

Қазақ халқының рухани мəдениетінің етене саласы музыка өнері  болды.

Жеке əн салу мен  аспапты жеке тарту кең тараған.Шығармалардың  негізгі түрлері

əн мен күй  болған.

Жиырмадан аса əр түрлі музыкалық аспаптар болған, олардың кейбіреулері –

шертер, жетіген, саз  сырнай, шаңқобыз, даңғыра, асатаяқ  жəне басқалары музыка

өнерінің кəсіби талаптарына сай келмей, біртіндеп  құри берген. Ал дыбыстық

сапаларын жетілдіруге  келетін басқалары музыкалық  аспаптар тобын құрады.

Олар: домбыра, қобыз  немесе қылқобыз, сыбызғы, дауылпаз.

Əн мен күй  халық өмірінің барлық салаларымен  етене аралас болды. Той-думан

əн-күймен басталды, ақсақалдар кеңестерінің алдында, жайлауға көшу мен

қыстауға қайтып оралу да əн-күймен атап өтіліп отырған. Əйелдер үй тігіп, мал

сауып, жүн сабаған, жіп иіріп, кілем тоқыған, киіз басқан кездерінде өлең айтып,

балаларын тербете  отырып, бесік жырын жырлаған. Қайғыға  ұшыраған отбасын

жұбататын көңіл  айту, қуаныш хабарға сүйініп сүйінші  сұрап, құттықтау дəстүрі

де өлеңмен айтылған.

Музыкалық туындылар  мазмұны мен құрылымы жағынан  əр алуан болған.

Тұрмыстық жол-жора (той-томалақ, жерлеу) кезінде орындалатын  əндер, сондай-

69

ақ балалар əндері, бесік жыры қысқалылығымен, əсерлілігімен  ерекшеленеді.

Бұларды жұрттың  бəрі айтатын болған. Ал лирикалық, əлеуметтік тақырыптарға,

тарихи, эпикалық жəне аңыздық сюжеттерге шығарылған əндер  мен күйлердің

əуендері ырғақты  қайырмалы, формалары күрделі болып  келген.Оларды танымал

дарындар айтатын  болған. Орындайтын шығармаларының тақырыптарына  қарай

“ақын”, “жырау”, “əнші”, “ күйші”, “ертекші” деп  атаған.

Кəсіби музыкалық  өнерпаздардың дарындылығы көпшілік алдындағы арнайы

айтыстарда көрінген. Мұндай музыкалық-поэзиялық жарыстар тойларда, жайлауға

көшуге байланысты, қыз ұзатқан кезде жəне басқа  да отбасылық қуаныштарға орай

өтіп отырған. Аса  көрнекті ақындардың есіміне “сал______________”, “сері” деген құрметті

атақтар қосылып  айтылған.

ХVIII ғасырда əншілердің, аспаптарда ойнаушылардың, ақындардың

шығармашылық-орындаушылық шеберлігі барынша дамыды. Осы  ғасырдағы

тарихи оқиғалар қазақтың музыкалық өнер туындыларынан  да орын алды. Жоңғар

шапқыншылығы кезінде  өмірге келген қазақ күйшілерінің шығармаларының

арасында аса  белгілілері “Қаратаудың шертпесі”, “Қалмақ биі”, “Беласар”,

“Абылайдың қара жоғасы”, “Кеңес” т.б. күйлер.

Сол заманның белгілі  күйшілерінің бірі – Керейдің Абақ тайпасынан шыққан,

теңдесі жоқ өнер иесі Байжігіт күйші. 1723 жылы 18 жасында  ол “Ақтабан” атты

күй шығарған. Одан кейінгі оның кең тараған шығармасы  “Қайың сауған”. Ол да

ақтабан шұбырынды  оқиғасымен өзектес, мұң, зармен басталып, жеңіске деген

жігер мен қажымас  күреске шақырған, сенімге толы күй. Байжігіттің халық өмірі

мен тұрмысы тақырыбына шығарған күйлері көп болған (300-ге жуық), олардың

ішінде аңға шыққан кезде болған əр алуан жайлар туралы 10 бөлімді “Аңшының

зары” күйінің орны бөлек.

ХVIII ғасыр мен  ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында бүкіл қазақ халқына аты

шыққан домбырашылардың  арасынан республиканың батыс өңіріндегі

күйшілердің ішінен Қара ұлы Боғданы атауға болады. Ол домбырашы болумен

бірге ел тағдырын, халық қамын өз күйлеріне өзек етіп, əлеумттік маңызы,

70

көркемдік қасиеті  күшті күйлерді көп шығарған. Солардың ішінде “Ақ желең”,

“Боз төбе”, “Қара  жаяу” деп аталатын күйлерінің жөні бөлек.

Сол заманның белгілі  күйші-композиторлары Құрманғазы, Дəулеткерей, Абыл,

Сарымалай, қобызшы  Ықылас, Қазанғап, Диналардың арасында Махамбет батыр

да болды.

Махамбеттің “Ақжелең”, “Жайық асу”, “Жорық”, “Қайран Нарын”, “Тарлан”,

“Нарын” сияқты оннан  астам күйлері сақталған. Бұл  шығармалары оның қатардағы

көп күйшінің бірі емес, аса дарынды тұлға екендігін  дəлелдейді.

Қазақ күйшілерінің арасында халқымыздың рухани бітім-болмысына  қайталанбас

қасиет, нəр берген, оның ажарын ашып келе жатқан тұлға  – Құрманғазы Сағырбай

ұлы (1818-1889). Ол Батыс  Қазақстан облысының Жаңақала ауданында  туған.

Құрманғазының анасы  аса дарынды əнші, өнерпаз адам болған. Жасынан өнер

дарыған Құрманғазы күйшілікпен ерте айналысқан. Ол халық  арасына кең тараған

елуден аса күй  шығарған. Құрманғазы күйлерінің бірі өмір жайындағы

философиялық толғау, бірі нəзік махаббат лирикасы болса, енді бірінде халық

мерекелерінің шат-шадыман ______________көріністері бейнеленеді. Солардың ішінен “Адай”,

“Алатау”, “Байжұма”, “Балбырауын”, “Жігер”, “Кішкентай”  “Көбік шашқан”,

Кісен ашқан”,”Қайран  шешем” күйлерін ерекше атауға болады.

Қазақ өнеріне өзіндік  қолтаңбасымен із қалдырған, жанға  жағымды, жаймақоңыр

күйлердің дəстүрін жалғастырған Тəттімбет Қазанқап ұлы (1815-1860) заманының

белгілі, беделді, лауазымды  адамы болды. Оның шертпе күйлер шығарып,

орындаушы ретінде  даңқы жайылды. Күйлерінің көпшілігіне  əсерлі, асқақ

лирикалық сарын  тəн. Ол елуден аса халыққа кеңінен  тараған күйлерін қалдырды.

Бұлардың арасында “Азына”, “Бес төре”, “Балқан тау”, “Былқылдақ”, “Қос басар”,

“Боз торғай”, т.б. күйлері кейіннен камералық, симфониялық  туындыларға арқау

болған.

ХIХ ғасырда өмір сүріп, төре күйі деген ұғымды орнықтырушы, төре күйі

мектебінің негізін  қалаушы Дəулеткерей Шығай ұлы (1820- 1887) есімі қазақ еліне

ертеден кең тараған  адам. Ол Кіші ордадағы Жəңгір ханның баласы Шығай

сұлтанның ұрпағы. Өмірден көрген-түйгені көп, қазақ  елінің тарихын, мəдени

71

дəстүр, салт-ғұрпын жақсы білген. Дəулеткерейдің шығарған күйлері аз емес. Олар

өзінің сұлу, сырлы  сазы, əсем үнімен ерекшеленеді. “Ақбала  қыз”, “Желдірме”,

“Жігер______________”, “Қосалқа”  күйлері қазақ музыкасы мұрасынан  орын алған.

ХIХ ғасырда қазақтың музыкалық мəдениетін дамытуға елеулі үлес қосып,

халықтың музыкалық  қазынасын тамаша күй туындыларымен  байытқан

композитор күйшілердің  арасында Ықылас пен Динаның орны айрықша бөлек.

Қобызға арналған шығармалар классикасының қалыптасуына Ықылас Дүкен

ұлының (1843-1916) композиторлық  таланты мен орындаушылық шеберлігі  зор

ықпал жасады. Ол арғы аталарынан қобыз ойнау өнерін əбден  меңгерген тамаша

музыкант болған. “Айрауық”, “Аққу”, “Асанқайғы”, “  Бозторғай”, “Жалғыз аяқ”,

“Жез киік”, “Ерден”  күйлерін халық қобызшы-күйшілердің  орындауында қызыға

да құмарта тыңдайды.

Дина Нүрпейісова  теңдесі жоқ домбырашы болған. Сонымен бірге Дина шығарған

“Əсемқоңыр”, “Байжұма”, “Бұлбұл”, “Науысқы” сияқты күйлер өнердің

қайталанбайтын  тамаша туындылары болып табылады.

Сарымалай (1835-1885) сыбызғыға  арнап классикалық күйлер шығарумен  қатар,

аса шебер орындаушы  болған. Ол сыбызғы тарту өнерін əкесінен үйренеді.

Сарымалай эпос, аңыз-ертегілердің желісі бойынша бірқатар тамаша күйлер

шығарды. “Қоңыр қаз”, “Нар идірген”, “Қоңыр бұқа” күйлерінің орны ерекше.

Қазақ əн мəдениетінің дамуына Біржан сал Қожағұл ұлы (1834-1897), Мұхит

Мералы ұлы (1841-1918), Ақан сері Қорамса ұлы (1843-1913), Жаяу Мұса Байжан

ұлының қосқан үлесі  де зор. Олардың əсерлі , сазды əндері жүрекке жылы тиер

жан толқытар сыршылдығымен  ерекшеленеді. Бұл əндерде тұрмыстың, қоғамдық

өмірдің күрделі  əлеуметтік проблемалары көрініс тауып, адамның ар-намысын

аяққа басатын ескілік  қалдықтарына жəне əлеуметтік теңсіздікке  қарсылық шебер

бейнеленеді.

4.3 Қазақтың  демократ ағартушылары.

ХIХ ғасыр Қазақстанның мəдени өміріндегі ағартушылық ғасыр  деп аталады. Осы

кезеңдегі қазақ  мəдениетінің қасиетті тұлғаларын сөз  еткенде олардың ішіндегі ең

72

ірісі, ең өнімдісі де, өзектісі де деп Шоқан, Ыбырай, Абай, Мұхамбет Салық

Бабажанов сияқты есімдерді, ел білген, орасан зор ойшылдығымен танылған

тамаша тұлғаларды ауызға аламыз.

Қазақ халқының ұлы  ғалымы Шоқан Уəлиханов (1835-1865) Құсмұрын бекінісінде

туған. Шын аты  – Мұхамед-Қанапия. 12 жасқа дейін  Шоқан Құсмұрындағы жеке

меншік мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысады.

Ол мұнда шығыс  поэзиясын оқумен айналысты. Сонымен  қатар Шоқан

сурет салуды үйренді  жəне сурет салу оның бұдан кейінгі  ғылыми жұмысында көп

көмектесті.

1847 жылы Шоқан  Омбы кадет корпусына оқуға  түсті. Бұл оқу орны Сібірдегі

таңдаулы оқу  орындарының бірі болды. Кадет корпусында оқушылар əскери

біліммен қатар, бірқатар жалпы білім беретін  пəндер: география, тарих, орыс жəне

батыс əдебиеті, философия  негіздері, зоология мен ботаника, математика,

геодезия, құрылыс  өнері жəне архитектура негіздері  бойынша білім алды. Кадет

корпусында Шоқан  Уəлиханов белгілі ғалым, географ  жəне Азияны зерттеуші

Г.Н.Потанинмен бірге  оқып, достасып кетті.

Қоршаған орта, демократиялық  ықпал Шоқанның аса үздік қабілеті оның жан-

жақты жəне тез жетілуіне  игі əсерін тигізді. Ол орыс тілін  тамаша меңгерді, оқу

бағдарламасын үздік  оқып қоймай ғылыммен де айналыса бастады.

Шоқанға Омбыда болған болған кезінде орыс зиялыларымен танысуы  көп əсер

етті. Аса көрнекті орыс жазушысы Ф.М.Достоевскиймен жəне оның досы,

революционер-демократ С.Ф.Дуровпен кездесу өшпес əсер етті. Ф.М.Достоевский

өзінің хаттарында дос ретінде Шоқанға пайдалы  кеңестер беріп, рухын көтеріп,

оның алдына аса  зор игі міндеттер қояды.

1853 жылы Шоқан  кадет корпусын бітіргеннен кейін  Сібір казак əскеріне қызметке

жіберіледі. Көп  ұзамай Батыс Сібір генерал-губернаторы  Гасфорттың адъютанты

болып тағайындалады. Осы қызметте жүріп патша итаршыларының  арам

пиғылдары мен зұлымдықтарының  куəсі болды. Осындай əрекеттерге  қарсы

аянбай күрескені  үшін олардың тарапынан қудалауға  ұшырып отырды.

73

1855 жылы Ш.Уəлиханов  Гасфорттың Омбыдан Іле Алатауына  дейінгі сапарына

қатысады. Бұл сапар  қарапайым халықтың өмірін танып-білудің  басы болды,

олардың тарихи аңыз-əңгімелері мен жырларын жазып алуға мүмкіндік  берді.

1856 жылы Болашақтағы  Шығыс зерттеушісіəнң өмірінде  өшпес із қалдырған

айтулы оқиға  болды – ол аса көрнекті ғалым, белгілі географ П.П Семенов-Тян-

Шанский мен танысып, араласуы оның өмірінен ерекше орын алды. Бұл оның

бүкіл ғылыми қызметіне  едəуір бағдар беріп, жол сілтеді. Сол  жылы Шоқан

Уəлиханов екі экспедицияға қатысты – біреуі Орталық Тянь-Шянь арқылы

Алакөлден Ыстықкөлге дейінгі; екіншісі дипломатиялық тапсырма бойынша

Құлжаға сапар. 1856-57 жылдың қысында ол экспедицияларда  жинақтаған

этнографиялық материалдарын  өңдеумен айналысты. Сондай-ақ ертедегі қазақтар

тарихынан қызықты, бұрын беймəлім болып келген деректерді іздеп табу

мақсатымен Омбы мұрағатында болды.

1857 жылы Шоқан  алатау қырғыздарына тағы да  сапар шегеді, онда көшпелі

қырғыз халқының өмірімен, тұрмысымен бұрынғыдан да жақсы  танысып, оның

тарихын, этнографиясын  жəне халықтық поэзиясын тереңірек  зерттеуге мүмкіндік

алды. Осы сапарында  ол қырғыз халының энциклопедиялық  дастаны “Манасты”

зор ынта-ықыласпен  жазып алды.

Ыстықкөлге экспедиция кезінде Ш.Уəлиханов ғылыми деректермен  қатар, көненің

көзі ерте заман  бұйымдарынның құнды үлгілерін  жинады. “Ыстықкөлге барған

сапардың күнделігі”, “Қытай империясының Батыс провинциясы  жəне Құлжа

қаласы”, “Қырғыздар туралы жазбалар” деген аяқталған  этнографиялық

туындылары жоғарыда аталған сапарлардың нəтижесі болатын. Оның ғылыми

қызметі Орыс географиялық қоғамының назарын аударып, 1857 жылдың

ақпанында ол қоғамның толық мүшелігіне қабылданады.

Ш.Уəлихановтың ғылыми қызметінің жаңа кезеңі 1858 жылғы Қашғарияға сапары

болды. Марко Поло мен иезуит Гоестен (1603 ж.) кейін осы  бір онша мəлім емес

елге тұңғыш рет  барған Шоқан “Алтышардың немесе қытайдың Нан-Лу

провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының  жағдайы туралы”

деген атақты еңбегін  жазды. Еңбекті Ресейде де, одан тыс  жерлерде де

74

шығыстанушылар  жоғары бағалады жəне көп ұзамай ағылшын  тіліне аударылып,

басылып шықты.

Қашғар саяхаты  барысындағы ауыр сапар жəне кездескен  қиындықтар оның

денсаулығына кері əсерін тигізді, елге қайтып келгеннен  кейін ауырып қалды. 1859

жылдың күзінде  Шоқан Əскери министрліктің шақыруымен Петербургке сапар

Информация о работе Қазақстанның Ресей құрамына енуі