Қазақстанның Ресей құрамына енуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 23:26, курсовая работа

Описание работы

Жоғарыда көрсетілген мəселелерге талдау жасауда жергілікті материалдардың қолданылуына баса назар аударылған. Мысалы, патша үкіметінің жер саясатына баға беруде, оның Шығыс Қазақстанды мекендеген қазақтарға əсеріне сипаттама берілген. Осы қазақтардың ата мекендерінен қуылып, Қытай, Монғолия жəне Алтай өлкесіне қоныс аударуға мəжбүр болуы жаңа деректік негізде қарастырылған. Оқу құралының соңында берілген қосымша материалдар студенттің өзіндік
жұмысын ұйымдатыруына көмекші құрал болады деп сенеміз.

Содержание работы

Кіріспе
1-тарау. Қазақстанның Ресей құрамына енуі
1.1 ХVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның ішкі саяси жəне
халықаралық жағдайы. Қазақ-жоңғар соғыстары
1.2 Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауы.Əбілқайыр хан
1.3 XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің отаршылдық саясаты.
Абылай хан
1.4 Қазақстанның Ресей құрамына енуінің аяқталуы
2-тарау. Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңіндегі халық-азаттық күресі
2.1 Сырым Датов бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
2.2 Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған шаруалар көтерілісі
2.3 Кенесары Қасымов бастаған азаттық қозғалысы
3-тарау . Қазақстан Ресей империясы құрамында.
.1 ХIХ ғасырдың 20, 60-90 жылдарындағы реформалар
3.2 ХIХ ғасырдың 20-60 жылдары қазақ қоғамындағы əлеуметтік-
экономикалық өзгерістер
3.3 ХIХ ғасырдың соңғы ширегіндегі патша үкіметінің Қазақстандағы
отарлық саясаты
4-тарау. ХVIII –ХIХ ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті
4.1 Халық ауыз əдебиеті
4
4.2 Музыка өнері
4.3 Қазақтың демократ ағартушылары
4.4 Халық ағарту ісі
Қосымша
Қолданылған əдебиеттер

Файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 166.43 Кб (Скачать файл)

Қазақстандағы патша  əкімшілігінің шенеуніктері қазақ  халқының сауатын ашу

үшін бастауыш мектептер  жеткілікті деп санады. Олар қазақ  балаларының орта

гимназиялық білім  алына жол бермеуге тырысты. Олар ұлттық зиялылардың пайда

болуынан, ұлт сана-сезімінің  өсіп, қазақ халқының отаршылдық режимге  қарсы

ұлт-азаттық күресінің  өрлеуінен қорықты.

Отаршылдық əкімшіліктің Қазақстанның байырғы халқының гимназиялық (орта)

білім алуы зиян деп  тануы – күмəнсіз факт, ол аймақта  еуропалық үлгідегі ұлттық

жалпы орта білім  беретін оқу орындарының болмауынан көрінеді. Осыған

байланысты қазақтар балаларын орыс метептеріне беруге мəжбүр болды.

ХIХ ғасырдың екінші жартысында болыстар мен ауылдардағы  қазақ балалары

əдетте мұсылман мектептері мен медреселерде оқыды. Патша үкіметінің Қазақ

даласындағы мұсылмандық  білім алуға кедергі жасауға  тырысқанына қарамыстан

жер-жерлерде, əсіресе ______________ислам дінінің ықпалы күшті  болған оңтүстік облыстарда

мұсылман мектептері ашыла берді.

81

Мектептерде көбінесе 8-ден 17 жасқа дейінгі балалар  білім алды. Медреселерде

мектепте білім  алған жəне өз білімін тереңдетуге  тілек білдірген адамдар оқыды.

Медресеге түскендер  шəкірттер деп аталды. Олар Орта Азияға жəне Еділ

татарларына жалпы  белгііл оқулықтар мен оқу  құралдары бойынша араб

филологиясын жəне мұсылман діні құқығын, сондай-ақ діни философияға қатысты

басқа да бірқатар пəндерді оқыды.

Шамамен ХIХ ғасырдың аяғына қарай қазақтар Орал мен Еділ бойы қалаларында

ашылған “жаңа үлгімен” оқытатын татар медреселеріне ден  қоя бастады.

ТӨЛЕ  ƏЛІБЕКҰЛЫ

(1663-1756)

Көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, Ұлы жүздің атақты биі жəне заң шығарушы Төле

Əлібекұлының есімі  қазақ халқының тарихында мəңгілік қалады.

Төле жас шағынан  өз руының ісіне араласып, ақыл-кеңес  беріп, билік шешімдерін шығарып, би

міндетін атқара бастайды. Қазақ даласында би атану  үшін екі қасие: билік дəстүрінен жан-жақты

хабардар болу жəне шешендік өнері болуы талап етілетін. Əдет-ғұрыптардың терең білгірі  жəне

жезтаңдай шешен-даугер Төле би талаптан да асып түсті. Жиырма бес жасында оның даңқы

шартарапқа жайылып, руластары мен көршілері ақыл-кеңес  сұрай, дау-дамайларын шешу үшін

іздеп келетңн болған. Көбіне, ол даудың түйінін бір-ақ ауыз сөзбен шешіп беретін. Төле бидің

ақылды, тапқырлыққа, шеберлікке толы, таным-талғамы мол  сөздері қазір де құнын жоғалтпаған

қанатты сөздерге айналған. Мысалы: ォМақтаншақ жігіт жисаң-ұятқа қалдырарサ, ォДосыңа өтірік

айтпа – сенімің  кетерサ, ォБатыр деген барақ ит, екі долы қатынның бірі табады. Би деген бір

бұлақ, қатынның ілуде  бірі табадыサ, т.б. Халық арасында ォАқтабан шұбырындыサ аталған жоңғар

шапқыншылығы жылдарынад Төле би басқыншыларға қарсы күресті  ұйымдастырушылардың

бірі болады. Тəуке  ханның замандасы əрі серігі Төле би бір орталықты тұтас мемлекет құруды

жақтайды, Қазқ хандығының күші үш жүздің бірлігінде, біртұтас халық  болуында, осы бірілкті

қамтамасыз ететін қатаң да əділ заңның сақталуында  деп біледі. Руаралық жанжал мен  дауларға

жаны қас Төле би: ォХалық ынтымақты болса, өзгеге өнеге бола алады. Билеуші халық қамы мен

бірлігін ойласа ғана өз орнында отырғаныサ деген.

Үш жүздің бірігуі  кезеңінде төбе би болған Төле –  атақты ォЖеті Жарғыサ заңдар жинағы

авторларының бірі. Баға жетпес өмір тəжірибесі бар билер  көшпелі халықтың этикасын,

əкімшілік заңдары  мен нормаларын, қылмыстық жəне азаматтық  құқығын жинақтап, қоғамдық

қатынстарды белгііл  ережелерге бағындыратын құқықтық құжат  жасады.

82

Төле бидің өмір мен қызметін, оның тарихи маңызын, шешеннің өзінің мына сөзі айқындап

тұрғандай: ォхалық – бай адамдарымен емес, ақылды адамдарымен бақыттыサ.

ҚАЗЫБЕК КЕЛДІБЕКҰЛЫ

(1667-1764)

Орта жүздің атақты биі Қазыбек келдібекұлы халыққа  ақылды елші жəне əділ қазы

ретінде белгілі. Өткір  сөздері жəне тойтарыс бере білуі  қасиеттерімен ерте көзге түскен Қазыбек

даулы істерге ғана емес, елшілік қызметтерге де араласқан. Қазақ пен қалмақ арасын бітістіріп,

бейбітшілікке қол  жеткізген. Он тоғыз жасар Қазыбектің алғашқы елшілік сапары сəтті

аяқталып, тұтқынға түскен адамдарды қайтарып алады. Осы  жолы Қазыбектің қалмақ билеушісі

Қалдан ханға  айтқан сөзі халық арасында ұмытылмай  сақталған.

Сен қалмақ болсаң, мен қазақ,

Сен темір болсаң, мен көмір,

Еріткелі келгенмін.

Қазақ, қалмақ баласы

Табысқалы келгенмін.

Қазыбек би бұдан  кейін де бірнеше елшілік іске жүріп, қалмақтармен ォтату көршілік қатынасты

сақтауғаサ қол жеткізді. Осындай бір сапарында би екі жыл тұтқында жатқан, кейін қазақтың

атақты ханы болатын  Абылайды босатып əкеледі. Бұл туралы Шоқан Уəлиханов былай жазады:

ォАбылайдан барлық орда батырларының қайсысын жақсы көретінін сұрағанда ол; ォМенің

алдымдағы жасы үлкен  еркектердің ішінде Қаракесек Қазыбектің орны ерекше. Ол Қалданның

алдына барып, 90 адамды тұтқыннан босатып алғанサ дейдіサ.

Тарихи жағдайды дұрыс бағалай келе, орта жүздің бас биі үнемі қалмақтармен, өзбектермен,

орыстармен тату көршілік қатынаста болуға, қазақтарды ауызбірілікке, руааралық араздықты

жоюға шақырудан  танбайды. Жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық  күрес, біртұтас мемлекет құру ісі

де қазыбек би есімімен тығыз байланысты. Тəуке  ханның тұсында ォЖеті жарғыサ заңдар жинағын

жазған жеті бидің  бірі – Қазыбек болған.

Қазыбек бидің əділ шешімдері (халық арасынад оны ォқара қылды қақ жарғанサ деп бағалаған),

нақыл сөзге, мақал-мəтелдерге де айналып кетіп отырған. Шешендігі  үшін халық оны Қаз

дауысты Қазыбек  деп атаған.

Елші əрі əділ би, шешен əрі ақын Қазыбек би – осы қасиеттердің жиыньық бейнесі  ретінде қазақ

халқының тарихындағы  жарқын тұлғалардың бірі.

83

ƏЙТЕКЕ (АЙТЫҚ) БƏЙБЕКҰЛЫ

(1682-1766)

Тəуке хан, Төле би, Қазыбек би, Əйтеке ______________би – бір  заманда өмір сүрген адамдар.

Бұл батыл да өз Отанын шын сүйген адамдардың дүниетанымы  мен іс-əрекеттерінің ұқсастығы

оларды бір-біріне жақындастыра түседі. Жасөспірім шағында  Төле би мен Қазыбек биден бата

алған Əйтеке Бəйбекұлы  жасы үлкен ниеттестірінің лайықты  серігі бола білді.

Балалық шағынан  ол ауылдастарын керемет тапқырлығымен, шешендігімен қуантып, көзге түсе

бастайды. Жиырма жасында  белгілі би, нағыз халық қамын  жеген ара ағайын болып

қалыптасады. Халық  жадында оның қарапайым да терең  толғанысты билік сөздері мен

шешімдері сақталып келеді. Əйтеке бидің пікірінше, қаазы  əрқашан жоғары адамгершілік

деңгейінде болуы  керек, сонда ғана ол замандастары мен  ұрпағы санасында айқын із қалдыра

алады. Əйтеке бидің  өзі осындай адам болды. Оның адалдығы мен əділдігі, халықтың салт-

дəстүрін терең  білетіндігі, шығыс философиясымен таныстығы, ォдала ғұламасыサ атағы аңыз боп

тарады. 30 жасында  ол Кіші жүздің ұлы биі сайланды. Тəуке ханның жас жігітті қазақтың

алғашқы ォдала конституциясыサ - ォЖеті жарғыныサ жазатын жеті бидің құрамына қосуы тегін

емес. Сол кезден бері тТəуке хан мен Əйтеке би есімі  қатар аталады. Əйтеке би Тəуке ханның

көмекшісі əрі кеңесшісі  болды, онымен бірге Сайрамға ұмтылған жоңғар шапқыншылығының

бетін қайтарады, жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ, қырғыз, қарақалпақтардың бірігуіне күш

салдаы. Əйтеке бидің  дің үш жүзді біріктіруде, жақ-жақ  болған қазақ рулары мен тайпаларын

қайта қосуда шешуші рөл атқарғаны да мəлім, өйткені  хан кеңесінде Қазақ хандығының ішкі

жəне сыртқы саясатына  байланысты мемлекеттік істерді  қарағанда ол шешуші дауысқа ие

болған.

Əйтеке би өмір сүріп, əрекет еткен уақыт бүліншілікке толы аласапыран кез елі, қазақ халқының

еркіндігі мен тəуелсіздігіне қауіп төніп тұрды. Замандастары белгііл мемлекет жəне қоғам

қайраткері Əйтеке бидің ерлігі мен азаматтығын  жоғары бағалады. Оның есімі, шешендік сөздері

мен əділ шешімдері  халық жадында қастерленіп келеді.

БҰҚАР ЖЫРАУ

(1668-1781жж.)

Бұқар Қалқаманұлы  – қазақтың аса көрнекті жырауы, мемлекет қайраткері. Ұзақ ғұмыр сүрген

ол көптеген тарихи оқиғалардың куəгері. Тəуке хан  тұсында беделді билердің бірі болған.

Материалдық-тұрмыстық  қиындықтарды басынан кешіріп, Ақтабан  шұбырынды жылдарда өз

билігінен айрылған Бұқар жырау билік басына Абылай хан келгенде мемлекеттік істерге  қайта

84

араласады. Ханның бас кеңесшісі жəне ең беделді  билердің бірі бола отырып, жырау қазақ

халқының өміріндегі күрделі мəселелерді шешуде маңызды  рөл атқарды.

Өз заманында  Бұқар жырау білімдар адам болған жəне араб тілінде жазған. Оның поэтикалық

мұрасынан бізге 1200 жолға жуығы жетті. Олар XIX-XX ғасырларда ел аузынан жиналып

алынған болатын. Өз дəуірінің тұрақсыз жəне құбылмалы  сипатын Бұқар жырау заңды  құбылыс

ретінде қабылдайды. Оның айтуынша, əлемде ешбір зат  мəңгілік емес, адам өмірі мен табиғат  та

өзгереді.

Бұқар жырау бір  орталыққа бағынатын біртұтас мемлекетке үш жүздің бірігуін аңсайды.

Ондықтан да бұл  армаын жүзеге асыратын Абылай хан  деп санап, Бұқар жырау өзінің іс-əрекеті

мен өлеңдері арқылы оны қолдап, хандық билікті нығайтып, дамыту жолында күрес жүргізді. Ол

орыс патшалығының басты мақсаты қазақ жерін  отарлау саясатын жүзеге асыру екенін жақсы

түсінді.

Өз туындыларында  өзекті мəселелерді көтерген абыз ақын халықты бірлікке, достыққа жəне

батылдыққа үндейді. Абылайдың кейбір іс-əрекеттерін  қатты сынаған ол айбарлы ханның

ақылшысы ғана емес, мемлекеттік саясат істеріне ықпал  етіп отырған қабырғалы биге, өз

заманының ұраншысына айналды.

БӨГЕНБАЙ  БАТЫР

(1690-1775жж.)

Абылай ханның тұсында  батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие

болған, сондықтан  оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің

жағасында дүниеге  келіпті. Оның атасы - Əлдекүн, əкесі  – Ақша, анасы – Баяу деген  кісілер.

Бөгенбайдың екі  ұлы болған: Тұраналы, Тұрымбет. Тұраналыдан  – Бапан би, Тұрымбеттен –

Саққұлақ би туған.

Батырлығы мен қосбасшылық  дарыны арқасында Бөгенбай үлкен  құрметке бөленіп, ерлігі ел

аузында аңызға айналып  кетті. XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын қорғауда

Бөгенбай батыр  қамал бұзар қайратымен көзге  түсті. ОЛжабай, Қабанбай, Малайсары  секілді

дарабоздармен қоян-қолтық көксерке атын борбайлап, қазақ халқының тəуелсіздігі жолындағы

талай қанды айқастарға қатысты. Бөгенбайдың қалмақтармен жəне қытай əскерлерімен болған

қиян-кескі шайқастарда  көрсеткен қайраты сол кезеңдегі  жорық жырауларының толғауларында

мəңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды.

1725-1727 жылдары Бөгенбай  батыр Абылай ханмен бірге  қазақ қолын басқарып, осы ұрыс

нəтижесінде ойсырай  жеңілген онсан қалмақ əскері Түркістан  мен Саураннан Жоңғар

Алатауының арғы жағына қуылған болатын.

85

1756-1758 жылдары Бөгенбай  батыр Талқы түбінде Шығыс  Түркістанға алғаш рет аяқ  басқан

қытай əскерімен  қиян-кескі шайқасқа қатысты. Бұл  ұрыста ол қытайларды қыра талқандап,

Үрімшіге дейін  қуып барды.

Бөгенбай батыр  дана жəне аса зерделі адам болған. Ол 1761 жылы елшілік миссиямен Абылай

ханның ұлы Əділді алып Қытайға барды.

Бөгенбай батыр  Торғай өзенінің маңында қаза болған. Бұрындарда бұл жер ォБөгенбай сөресіサ

деп аталған, ал қазір ォШахтаサ деп аталады. Оның сүйегі түркістан қаласындағы Ахмет Йасауи

мазарында қойылған.

ҚАБАНБАЙ  БАТЫР

(XVII ғ.  соңы – XVIII ғ. орта шені)

Қазақ батыры, XVIII ғасырда  жоңғар басқыншыларына қарсы күрестің бел ортасында жүрген

қолбасшылардың  бірі. Халық арасында оны Қаракерей  Қабанбай деп атаған.

XVIII ғасырдың орта  шенінде қазақ хандары билік  үшін жүргізген күрес шиеленіскен  шағында

Барақ сұлтан Кіші жүздің ханы Əбілқайырды өлтірген. Қабанбай батыр Барақ сұлтанға кінə

тағып, оның Жоңғар хандығымен жақындасуына қарсы əрекет жасады. Осыған орай, қабанбай

батыр тек Орта жүздің ішкі жағдайларына ықпал етіп қоймай, Кіші жүзде болып жатқан тарихи

оқиғалардың да бел  ортасында болды.

Қабанбай батрыдың көптеген ерліктері Абылай ханның жоңғарларға  қарсы жорықтарында

жасалған. Бізге  дейін жеткен оның жауынгерлік жəне батырлық оқиғалары ォҚабанбай батырサ

дастанында суреттелген.

ƏБІЛҚАЙЫР ХАН

(1693 -1748 жж.)

Кіші жүз ханы. Шыңғысханның он бесінші ұрпағы.

1710 жылы Қарақұмдағы  халық жиынында жас Əбілқайыр  Кіші жүз əскерінің қолбасшысы  жəне

хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты батыр  Бөгенбай тағайындалды.

XVIII ғасыр қазақ  халқы үшін ел басына күн  туған кезең болды, жоңғарлар  тарапынан болатын

шабуылдар халықты  көп күйзеліске ұшыратты. Əбілқайыр  бұл сұрапыл соғыстарда жанкештілік

танытты. Ол бабаларының  иелігінде болған Сайрам, Түркістан  жəне Ташкент қалаларын қорғау

жолында ерен ерлігімен  көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең

емес ұрыста анасы  мен əйелі тұтқынға түскен соң, Əбілқайыр  шегінуге мəжбүр болды. 1718

жылы Аягөзде  Əбілқайыр мен Қайып ханның 30 мыңдық əскері жоңғарлармен қанды шайқас

жүргізді.

86

Əбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды əскербасы  жəне білгір саясаткер

болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан

Əбілқайырды Қазақ  хандығы əскерінің бас қолбасшысы етіп тағайындады.

Информация о работе Қазақстанның Ресей құрамына енуі