Қазақстанда қонақүйі бизнесінің дамуы мен бәсекеге қабілеттілігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2013 в 15:36, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанда қонақ үй секторы ұзақ уақыт бойы коммерциялық жылжымайтын мүліктің офистік және сауда секторларының неғұрлым талап етілетін көлеңкесінде қалып отырды.
1. Қонақ үй бизнесінің спецификасы мен жобалардың ұзақ мерзімді өтелімділігі өздеріне инвесторлар мен деволоперлерді тартпады. Бірақ соңғы бірнеше жылдар Қазақстанға келетін шет ел қонақтарының ағыны жылдан жылға өсуде. Сондықтан да қазіргі уақытта Қазақстанда қонақ үй комплексінің секторы дамуда.
2. Шетел және отандық құрылыс салушылар еліміздің қонақжайлылығын дамытуда инвестицияны белсенді түрде құя бастады.

Содержание работы

Кіріспе

1.
Қазақстанда қонақүйі бизнесінің дамуы мен бәсекеге
қабілеттілігі
8
1.1.
Қазақстанда қонақүй бизнесінің дамуына туризмнің әсері
8
1.2.
Қонақүй шаруашылығы, қызмет көрсету сферасының секторы ретінде
16
1.3.
Қонақүй бизнесінде менеджменттің бәсекеге қабілеттілігі
22
1.4.
Қонақүй бизнесі дамуының халықаралық тәжірибесі
30
2.
Қазақстанда және Жамбыл обылысында қонақүй бизнесінің дамуын талдау
36
2.1.
Құрылу тарихы, басқару және оны ұйымдастыру
36
2.2.
Басқару құрылымы және әр бөлімнің атқаратын міндеттері
37
2.3.
Жамбыл қонақ үйі қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштері
44
2.4.
Өнімді өндіру мен өткізуді талдау
46
2.5.
Еңбек ресурстарының көрсеткіштерін талдау
47
2.6.
Негізгі құралдар құрылымын және қозғалысын талдау
51
2.7.
Өнімді өндіруге кеткен өндіріс шығындарын талдау
53
2.8.
Кәсіпорынның пайдасын және өнім рентабелділігін талдау
54
3.
Қазақстанда қонақүй бизнесінің тиімділігін арттыру
жолдары
58
3.1.
Қонақүйдің жалпы шығындары және заңнаманы жетілдіру
мәселелері
58
3.2.
"Жамбыл" қонақ үйінің бәсекеқабілеттілігін арттыру шараларының экономикалық тиімділігін есептеу
60

Қорытынды
63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
65

Файлы: 1 файл

Диплом Галым.doc

— 1.15 Мб (Скачать файл)

Шағын және орта жекеменшік бизнес миллион долларға дейін көмегімен жобаларды игеру мүмкіндігін дәлелдеді.

Алғашқы кезекті шешімдерді келесі мәселелер талап етеді:

      1. Кәсіпорынның материалды-техникалық базасын инвестициялауға қосымша құралдарды тарту үшін қолайлы жағдайларды жасау қажеттілігі.
      2. Сала ерекшеліктерін ескеретін салық төлемдердің нормативтерін заңды белгілеу сұрақтарының шешілмегендігі.
      3. Қазақстанның туристтік сала кәсіпорындары мен шетелдегі  ұқсас кәсіпорындардың жұмыс істеу тәжірибесі және халықаралық талаптарға бар нормативті-құқықтық негіздің сәйкеспеушілігі.
      4. Мемлекет және жергілікті үкімет органдары жағынан сала кәсіпорындарының қаржы-экономикалық қолдау концепциясының жоқтығы.
      5. Мемлекет және шетелдегі Қазақстанның туристтік өнімінің жарнама деңгейінде Қазақстандық қонақ үйлердің жүктемесін арттыруға әрекет жасау механизмінің жоқтығы.

Мәселелерді шешуге мүмкін болады, егер:

    • белгілі бір кезең аралығында қонақ үй төлемдерінің мөлшерін төмендетіп, ҚҚС дифференциалған мөлшерін еңгізіп, қонақ үй кешенінің кәсіпорындарына салық қысымын азайту;
    • қызметтерге жұмсалатын шығындардың құрамын қалыптастыруға сала ерекшеліктерін ескеру;
    • Мемлекеттік бюджет құралдарының шектілігін ескеріп, қонақ үй сала кәсіпорындарының жақын арада жеңіл несиелерді алуға инвестициялардың нақты көздері болып қонақ үй сала кәсіпорындарына салық қысымын азайту нәтижесінен алынған құралдар табылады.
    • 5 % дейін қонақ үй төлемі мөлшерлемесінің азаюы және біріңғай мөлшерлемені орнату есебінен;
    • Қонақ үйде тұру қызметтеріне, қосылған құн салығына мөлшерлеменің азаюы есебінен.

Туристтік сала кәсіпорындары үшін типтік шығындарды анықтаудың нормативті негізі қәзіргі уақытта жоқ болғандықтан қонақ үй кәсіпорындарының қызметтеріне шығындар құрамын анықтауға қажетті тәсілді қайта қарау қажет.

Қазақстандағы туристтік тартымдылығы бойынша жарнамалық қызмет мемлекеттік деңгейде толық жүргізілмегендігінен, номерлік қорды толтыру мәселесі өзекті болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін кәсіпорында жаңа бөлімшелерді - тіркеу, маркетинг бөлімдерін құруға жоспарланады, жарнамаға маркетингтік зерттеулер мен шараларға елеулі құралдарды жұмсауға мәжбүр болады.

Жақын арада бұл мәселенің күрделенуі болжамдалады, өйткені халықаралық қонақ жүйелерінің өкілдері клиент үшін өзінің күресу тәжірибесі мен елеулі қаржы капиталымен монополист болып жатыр.

Бұл мәселені шешу үшін саланың мемлекеттік басқаруының қалыптастыру нәтижесінде ашылған ұйымдық артықшылықтарды пайдалану қажет.

Мәселені туристерді орналастыру бойынша қызметтерді лицензиялау арқылы шешуге болады. Бұл кезде орналастыруды алудың жеңілдетілген процедурасы пайдаланады.

Атап айтқанда, бүгін орналастырудың барлық құралдарының жалпы инвентаризациялауды жүргізу міндеті, біріңғай критерийлер мен стандарттардың халықаралық тәжірибесінің негізінде жасау, номерлердің категориясын анықтау міндеті, қонақ үй инфрақұрылымының топтастырылу міндеті өте өзекті.

Жалпы шығындардың есебіне қонақ үй шығындарын жатқызу мәселесінде әрекет жасайтын заңнамамен орнатылған басқа шектеулердің арасында негізгі қорларды жақсартуға жұмсалатын жалпы шығындар жарнасының шектеуін белгілеуге болады. Жалпы шығындардың осындай ерекшелігінің бар болуы қонақ үйге өзінің номерлік қорын жоғары европалық класстың деңгейінде жабдықтауға мүмкін емес.

Кәсіпорын, яғни қонақ үй өз шығындарын жалпы шығындардың құрамына қандай да мөлшерде жатқызғаннан салық салынған пайданың мөлшері байланысты, нәтижесінде ол қонақ үй қызметтерінің өзіндік құнына, жалпы қонақ үй индустриясының инвестициялық тартымдылығына маңызды әсер етеді.

Мұндай жағдай қонақ үй бизнесінің субъектілерін ғана емес, және де алғашқы кезекте, қонақ үй қызметтерінің тұтынушыларын қиын жағдайға әкеледі, ол өз кезегінде осындай қызметтердің өндірісіне жұмсалған жоғары шығындардың нәтижесінде олардың өзіндік құнының көбеюімен ескерілген.

Сонымен, Қазақстандағы қонақ үй бизнесі өзінің дамуының қәзіргі кезеңінде қонақ үй субъектілеріне даму қарқындарын өсіру мүмкіндіктерін беру, өз бәсекеге жарамдылығын арттыру, Қазақстан экономикасының инвестициялық тартымды бағыттарының бірі болу мақсатындағы салық қысымының маңызды азаюын қажет етеді.

Нәтижесінде, қонақ үй бизнесі және жалпы туристтік орта мемлекеттік және жергілікті бюджеттерді  толтыру тәсілі болу қажет, ол тиісті нақты шарттарды, тиімді жұмыс істейтін салық заңнамасын талап етеді.

 

 

3.2. "Жамбыл" қонақ үйінің бәсекеқабілеттілігін арттыру шараларының экономикалық тиімділігін есептеу

 

Жүргізген талдаудың нәтижесінде “Жамбыл” қонақ үйіне біз келесі шараларды ұсынамыз.

Кәсіпорынның тұрақты жұмысын және еңбек ақы қорының тиімді пайдалануын ұйымдастыру үшін « Жамбыл» қонақ үйі жетекшілігіне өзінің қызметтеріне қоса номерлерге тағам тапсырыстарын ұйымдастыру қажет. Атап айтқанда жақсы ұйымдастырылған тағам тапсырыстары арқасында «Жамбыл» қонақ үйінің қызметтеріне туристтердің қөңілін аударуға болады. Жақсы ұйымдастырылған сервис жетекші маркетологтардың зерттеулері бойынша қызмет көрсету көлемін  30% дейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Көктем» мейрамханасының қызметтеріне  номерлерге тағам тапсырыстарын ұйымдастыруын ұсынамыз. Жылдам, сапалы және жеткілікті бағаларға.  Әр тапсырыстың құны 700 тенге. Тапсырыстардың құны:

Тапсырыстардың құны: З= 3 * (700 * 15) = 31500 тг.

Номерге  тағамдар тапсырысын ұйымдастыру бойынша шығындарды бір жолғы шығындардың түріндегі (қызмет көрсетуге) кеткен шығындар сияқты кезең шығындары 31,5 мың тг тең болады

Шара еңгізумен байланысты кәсіпорын қызметі көрсеткіштерінің  өзгерісін есептейміз:

А) Өткізілген өнім (көрсетілген қызмет) көлемінің өсімі 10 % мөлшерінде жоспарланады, онда  жоспарлы өнім көлемі:

Впл. = 117693 * 10  /  100 + 117693 = 129462,3 мың тг.

Б) Өткізілетін өнім (көрсетілген қызмет) көлемінің өсімімен өзіндік құнның өзгеруі болады.

- шара еңгізу нәтижесіндегі өзіндік құнның төмендеу пайызын анықтаймыз:

С/с = (1 - Iуп  /  Iвр) * өзіндік құндағы  у.ш үлес салмағы  

С/с = (1 - 1  /  1,1) * 14,2 = 1,42 %

- онда жоспарлы өзіндік құн құрайды:

Спр = 129462,3 * 0,89 - (105087 *1,42  /  100) + 31,5  = 113760,72 м. тг.

В) Шара еңгізгеннен кейін өткізілген өнім (көрсетілген қызмет) көлемінің 1 тенгесіне шаққандағы  шығындар :

З= 113760,72 / 129462,3= 0, 87 тг.

Г) Шара еңгізгеннен  болатын шартты-жылдық үнемділік

Эу = (0,89  - 0,87) * 129462,3 = 2589,24 мың тг.

Г) Өткізілген өнім (көрсетілген қызмет) көлемінің 1 тенгесіне шаққандағы  шығындардың төмендеуі :

Δ З = 0,87 /  0,89 * 100 - 100 = 2,3 %

Д) Жарнамадан болатын тиімділікті есептейміз:

Эф = 2589,24  /  31,5 = 82,19 мың тг.

Кесте 18  -  «Жамбыл» қонақ үйінің болжамды технико-экономикалық көрсеткіштері

 

Көрсеткіш

атаулары

Өлшем бірлігі

 

2008 ж.

 

Болжамды

Ауытқу

Абсолютті (+,-)

%

1

2

3

4

5

6

Өткізілген өнім (көрсетілген қызмет) көлемі

мың тг.

117693

129462,3

11769,3

110,0

Жұмыскерлердің  саны

адам

 

 

48

48

-

100

Еңбек ақы қоры

мың тг.

22176

22838,4

662,4

103

Бір жұмыскердің орташа жылдық еңбек ақысы

мың тг.

462

475,8

13,8

103,0

Бір жұмысшының еңбек өнімділігі

мың тг.

2451,9

2697,13

245,23

110,0

Өткізілген өнімнің (көрсетілген қызметтің) өзіндік құны

мың тг.

105087

113760,72

8673,72

108,2

           

Өткізілген өнімнің (көрсетілген қызметтің) 1 теңгесіне келетін шығын

тг

0,89

0,87

0,02

97,7

Кесте 18 жалғасы

         

1

2

3

4

5

6

Жалпы табыс (шығын)

мың тг

12606

15701,58

3095,58

124,5

Өнімнің рентабельділігі

%

2,7

3,2

0,5

-


 

1. Өткізілген өнім (көрсетілген қызмет) көлемі :

Орп =117693+ 11769,3=129462,3 мың тг

2. Жұмыскерлер саны өзгеріссіз қалады және  Ч = 48 адамды құрайды.

3. Еңбек өнімділігінің өсімін есептегенде ортажылдық жалақы құрайды:

Пср= 462* 1,03= 475,8 мың тг

4. Еңбек өнімділігі:

ПТ = 129462,3/ 48= 2697,13 мың тг

5. Жалақының қоры  құрайды:

ФЗП = 475,8* 48= 22838,4 мың тг

6. Өнімнің (көрсетілген қызметтің) өзіндік құны:

С = 113760,72 мың тг

7. Өткізілген өнімнің (көрсетілген қызметтің) 1 теңгесіне шаққандағы шығындар:

З= 113760,72 / 129462,3= 0,87 тг

8. Жалпы табыс:

ВД= 129462,3- 113760,72= 15701,58 мың тг

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену жөнінде  Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында, біздің республикамызда  туризм оның жоғары тиімділігінің  арқасында ол бүгінгі күні ұлттық  экономиканың  басымды бағыттарының бірі болып қарастырылады /    /. Туризм индустриясының  тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында  туристік сферада бірыңғай мемлекеттік саясат анықталған және дайындалған. Шытырман  қызықты турларды: спортты және таулы туризм, альпинизм, шыңға көтерілу, дельтапланеризм, таулы және жазықта шаңғы тебу, шанамен сырғанау, ұйымдастыру үшін Қазақстан бай ресурстарға ие.Таулы қонақүйлерін және спорттық базаларды ашу үшін бізде керемет мүмкіндіктер бар.

Қонақүйлер үшін ұсынылатын қызметтің сапасын көтеру мақсатында нормативтік құжаттар қатары дайындалған, оның ішінде жетекшілік жөнінде ереже, қонақүй мен турист арасындағы типтік келісім, турист өмірін және оның мүлігін  сақтандыру бойынша келісім жобасы бар. Туризмнің дайындалған нормативтік құқықтық базасы, Қазақстанның бүкіл әлемдік туристік ұйымға (ВТО) мүшелігі,  шетел мемлекеттермен ынтымақтастығы жөнінде келісімннің бар болуы, саланың дамуы үшін  сенімді демеу  береді.

Инвестицияның тартылуы, жаңа қонақүйлердің құрылысы, туристердің тартылуы қонақүй бизнесінің  дамуын көрсетеді. Біздің регион тарихи және географиялық көзқараспен қонақүй бизнес сегментіне өте қолайлы. «Жібек жолы» кластерінің идеясы біздің регионмен тығыз байланысты. Ол үшін туристерге сапалы қызмет көрсету сұрақтары бойынша туристік және қонақүй ұйымдарына практикалық көмекті көрсету, туризмді басқару қызметінің координациясы  бойынша жұмыстар жүргізіледі.Тур ұйымдарының басшылары  СІМ (Сыртқы Істер Министрлігі), ІІМ (Ішкі Істер Министрлігі), ҰҚК (Ұлттық Қауыпсіздік Комитеті), мемлекеттік шекараны қорғау бойынша Мемлекеттік Комитет, республиканың  жетекші авиакомпаниялары сияқты ортақ министрліктермен  ведомоствалардың  өкілдерімен кездесулер ұйымдастырады.

Біздің  қалада қонақ үйлердің бәсекеге қабілеттілік жағдайын талдау жасай отырып, мынандай қорытындыға келуге болады, яғни қонақ үй бизнесінің барлық көрсеткіштері бойынша «Жамбыл» қонақ үйі жетекші орын алады.

Қазіргі нарықтық қатынастар кезінде «коммерциялық құпиялық» себептерімен қажетті көптеген материалдар алуға мүмкіншілік болмады. Қонақ үй басшылығы фискалды органдарға 7 түрлі формада жыл сайын есеп беріп отырады. Солардың кейбірінің формалары тіркемеде келтірілген.

Сонымен, 2007-2008 жж. аралығында өткізілген өнім көлемі 83990 мың тг-ден 117693 мың тг немесе 33703 мың тг ұлғайды.  Персонал саны 2007 ж салыстырғанда 2008 жылы 8 адамға көбейді. Өнім көлемінің өсуіне және жұмыскерлер санының өсуіне байланысты бір жұмыскердің еңбек өнімділігі қарастырылып отырған аралықта сәйкесінше 2099,8 мың тг-ден  2451,9 мың тг дейін өсті. Жалақы қоры 2007 ж  салыстырғанда 2008 ж 11280  мың тг көбейді. Ал бір жұмыскердің орташа жылдық жалақысы  189,6 мың тг өсті, бұл жұмыскерлер санының және өнім көлемінің көбеюіне байланысты. Өнімнің өзіндік құны 86721 мың тг-ден 105087 мың тг дейін өсті. Өткізілген өнімнің 1тг кеткен шығындар 1,03 тг-ден 0,89 тг дейін немесе 0,14 тг төмендеді. Бұл кәсіпорын қызметіндегі жағымды жағдай болып табылады. Кәсіпорынның жалпы табысы 15337 мың тг өсті, бірақ кезең шығындарының 7158 мың тг. төмендеуіне байланысты таза табыс қарастырылып отырған аралықта -10037 мың тг деңгейден 2846 мың тг дейін өсіп отыр. Қорыта айтқанда, кәсіпорын қызметі берілген аралықта табысты болып табылады және қаржылы тұрақты.Өткізілген өнімнің өзіндік құны 18366 мың тг. өсті. Ол өндіріс көлемінің 33703 мың тг ұлғаюына  байланысты болды. Өткізілген өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындар есепті жылы 0,14 теңгеге төмендеді. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтануын білдіреді. Өнімді  өткізуден алынған жалпы кіріс -2731 мың тг.-ден 12606 мың тг. дейін немесе 12038 мың тг. көбейді. Кезең шығындарының -7158 мың тг. өсуіне байланысты кәсіпорында қалатын таза кіріс 2846 мың тг. тең, ол өткен жылмен салыстырғанда 12883 мың тг. өсті. Кәсіпорынның кірісі қызметтің екі түрінен түскен кірістен қалыптасады, ол негізгі және негізгі емес қызмет. Берілген кәсіпорын тек негізгі қызметпен айналасады және осыдан алған кірісі қарастырылып отырған аралықта -20090 мың тг.-ден 12606 мың тг. дейін көбеіп отыр. Ол кезең шығындарының -6298 мың тг. төмендеуіне байланысты. Ал таза кірістің сомасы 2007 жылға қарағанда 2008 жылы өскен және 2846 мың теңге құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12883 мың тг. аз. Жүргізген талдаудың нәтижесінде “Жамбыл” қонақ үйіне біз келесі шараларыны ұсынамыз. Кәсіпорынның тұрақты жұмысын және еңбек ақы қорының тиімді пайдалануын ұйымдастыру үшін « Жамбыл» қонақ үйі жетекшілігіне өзінің қызметтеріне қоса номерлерге тағам тапсырыстарын ұйымдастыру қажет. Атап айтқанда жақсы ұйымдастырылған тағам тапсырыстары арқасында «Жамбыл» қонақ үйінің қызметтеріне туристтердің қөңілін аударуға болады. «Көктем» мейрамханасының қызметтеріне  номерлерге тағам тапсырыстарын ұйымдастыруын ұсынамыз. Шара нәтижесінде өткізілген өнім көлемі 11769,3 мың теңгеге жоғарлап, әрбір жұмысшының еңбек өнімділігі 245,23 мың теңгеге өседі. Шартты жылдық үнем 2589,24 мың теңгеге тең болады. 

Информация о работе Қазақстанда қонақүйі бизнесінің дамуы мен бәсекеге қабілеттілігі