Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2013 в 15:36, курсовая работа
Қазақстанда қонақ үй секторы ұзақ уақыт бойы коммерциялық жылжымайтын мүліктің офистік және сауда секторларының неғұрлым талап етілетін көлеңкесінде қалып отырды.
1. Қонақ үй бизнесінің спецификасы мен жобалардың ұзақ мерзімді өтелімділігі өздеріне инвесторлар мен деволоперлерді тартпады. Бірақ соңғы бірнеше жылдар Қазақстанға келетін шет ел қонақтарының ағыны жылдан жылға өсуде. Сондықтан да қазіргі уақытта Қазақстанда қонақ үй комплексінің секторы дамуда.
2. Шетел және отандық құрылыс салушылар еліміздің қонақжайлылығын дамытуда инвестицияны белсенді түрде құя бастады.
Кіріспе
1.
Қазақстанда қонақүйі бизнесінің дамуы мен бәсекеге
қабілеттілігі
8
1.1.
Қазақстанда қонақүй бизнесінің дамуына туризмнің әсері
8
1.2.
Қонақүй шаруашылығы, қызмет көрсету сферасының секторы ретінде
16
1.3.
Қонақүй бизнесінде менеджменттің бәсекеге қабілеттілігі
22
1.4.
Қонақүй бизнесі дамуының халықаралық тәжірибесі
30
2.
Қазақстанда және Жамбыл обылысында қонақүй бизнесінің дамуын талдау
36
2.1.
Құрылу тарихы, басқару және оны ұйымдастыру
36
2.2.
Басқару құрылымы және әр бөлімнің атқаратын міндеттері
37
2.3.
Жамбыл қонақ үйі қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштері
44
2.4.
Өнімді өндіру мен өткізуді талдау
46
2.5.
Еңбек ресурстарының көрсеткіштерін талдау
47
2.6.
Негізгі құралдар құрылымын және қозғалысын талдау
51
2.7.
Өнімді өндіруге кеткен өндіріс шығындарын талдау
53
2.8.
Кәсіпорынның пайдасын және өнім рентабелділігін талдау
54
3.
Қазақстанда қонақүй бизнесінің тиімділігін арттыру
жолдары
58
3.1.
Қонақүйдің жалпы шығындары және заңнаманы жетілдіру
мәселелері
58
3.2.
"Жамбыл" қонақ үйінің бәсекеқабілеттілігін арттыру шараларының экономикалық тиімділігін есептеу
60
Қорытынды
63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
65
Өз туристік маршруттарын жасауда күрделі жұмыс жасау қажет, ол бағдарламаға тарихи орындармен, мәдениет ескерткіштерімен, қызықты табиғи орындармен және өз тұрмысының, дәстүрлі, айқын көріністі элементтерімен, көңіл көтерудің ұлттық түрлерімен, аңшылықпен және т.б. демалысты ұйымдастыруды енгізу қажет. Нағыз табиғи жағдайлармен( таулы туризм, альпинизм, тау шаңғысының спорты, ат жарыстары, өзендер бойынша баидаркаларда және салмен түсу)қамтамасыз етілген спортпен демалыстар түрлерін ұсыну және дамыту.
Туризмді дамыту үшін туризім сипатамасын өзгерту қажеттілігі белгілі мәнге ие. Туризмнің өткен жылдары топтық туризмді ұйымдастыруға негізделген, сол уақытта дүние жүзілік тәжірибе көрсеткендей туристердің негізгі бөлігі жеке саяхаттануды құмартады.Туризм индустриясының алдында көтерілген мәселелерді шешу үшін экономикалық қарым- қатынастардың әр- түрлі формаларын пайдалану қажет: шетел инвесторларымен бірігіп фирмаларды құру, жаңа туристік объектілерді салу, жеке бастамаға (инициатива) еркіндік беру.(15)
Қонақ үй шаруашылығымен туризм сферасында статистикалық есепті жақсарту қажет, онда атап өткен сфералардың жұмыс істеуі және дамуының барлық қызықтыратын жақтарын ( мемлекттік басқару органдарын, баспасөзді, кәсіпкерлерді, статистиканы және т.б.) толық көлемде бейнелеуге болады.
Министірліктермен және ведомоствалармен, ҚР мемлекеттік шекарасын қорғау қызметімен, кедендік қызметпен іскерлік байланысты тәртіпке келтіру. Саланың көріну келешектері үміттендіреді. Мамандар дүние жүзілік туристік нарықта ҚР- ның мәні әрі қарай өсуін болжаулайды. Бірақ, еліміздің туристік потенциалын тиімді пайдаланылуын армандай отырып, негізгі және шұғыл міндет- саланың қазіргі инфраструктурасын, және ең алдымен, халықаралық стандартқа жауап беретін орналастыру секторын құру жөнінде міндетті есте сақтаймыз.
1.2 Қонақ үй шаруашылығы, қызмет көрсету сферасының секторы ретінде
Алғашқы қонақ үйлердің пайда болу уақытын тура айту мүмкін емес. Бұл жөніндегі тарих терең дәуірлерде тамыр жайған. Адам баласы саяхаттап бастағанннан бері,уақытша тұратын жерлерде керек болды. Ежелгі Грецияда сол кездің өзінде - ақ саяхатшылар жататын арнайы бөлмелер қолданылатын болған. Алайда ең алғашқы қонақ үйлер римда пайда болған еді. Дәл осы жерде саудагерлер сауда - саттық мәселесімен әлем елдерін шарлауға міндетті болды.
Осындай жүйенің дамуының нәтижесінде саяхатшыларға ыңғайлы қонақ үйлер мен арнайы қонақ күтетін аймақтар пайда болып отыр. Римдегі театрларда өткізілетін коріністер көрермендері тұрақты жерді керек етті. Кейде жаңбыр жауғанда көрермендер тығылу үшін театрды алшақ жерлерде сақпаған. Осындай жағдайларда жоғарғы үстемтап өкілдер үшін алдын ала жағдайлар жасаған, ол саудагерлер мен қарапаыйм саяхатшылар өз жағдайын өзі жасаған. Үй жайлар үшін бағалар тұрақты болмағандықтан әрбір сахатшылар баға жайында иесімен келісетін болған. Қонақ үйлерде барлық жағдайлар жасалмаған болса да, бірақ олар демалу үшін жарамды болды. Олардың көбісі ағаштан соғылған. Орта ғасырларда Европада қонақ үйлер жеке меншік болды, соған орай саяхатшылар әр үйге қонақтайтын болған. Қонақ үйлердің көбеюі нәтижесінде коммерциялық сауда да бірте - бірте дамыды. Тастардан шіркеулер мен қорғандар ғана соғылды. Мұндай мекендер қауіпсіз болғандықтан байлардың көбісі осындай шіркеулерде тұратын болған. Шіркеулер саяхатшыларды қабылдаған. Олардың барлығы діни тұрғыда жасалды. Осыған орай діни шіркеулер қонақ үйлер жүйесінің пайда болуына негіз болып отыр.
1095 жылы басталған 200 жылғы жалғасқан Крест шайқастары жанама түрде қонақ үйлік жұмыстардың, яғни адамдардың жаппай кошіп- қонуына әсер етті. Крест шайқасынан кейін қайтадан жаңару кезеңін ең бірінші Солтүстік Италия қабылдады. Европа және шығыс елдерінің арасындағы суда - саттық байланысын бақылау, солтүстік Италия қалаларын дамытты. Қонақ үй бизнесі күннен күнге өркендеді, соның нәтиждесінде «Қонақ үй шаруашылығы» дамып, қонақтар үшін жаңа ережелер бекітілді. 1539 жылы Генрих VIII шіркеулік ережені тоқтату әрекетімен қонақ үй бизнесінің өсуін тоқтатты. Табынушылардың жағдайларына байланысты азық - түлік пен тұрғын үйлер ұсынылды. Шіркеу жерелері сатылды немесе жалға берілді, сол уақытта шіркеулік қонақ үй жүйесі құрыды. Қонақ үй шаруашылығының тағы бір факторы ол карольдік пошта жүйесі еді. Англия заңы қонақ үйлерді жалпы қоғамдық етіп және оның иелерін саяхатшылардың жағдаыйна жауапты етіп тағайындады.
XVIII ғасыр мен XIX басындағы дамыған үйлер коптің көзіне арбалық (коретный) қонақ үйлер ретінде елестейді.
Арбалық (коретная) дәуірі 1784 жылы Ұлы Британияда басталды, ол кезде Парламент мемлекеттік поштаны экипаж арқылы тапсырған.
Пошталық экипжда жеті жолаушылық орын болған. Көптеген қонақ үйлер ұлттық пошта жүйесімен қамтамасыз етілген. Қалалық саяхатшылардың көбісі атты экипажбен жүретін болған. Ал, 1838 жылы Англия Парламенті поштаны темір жол арқылы тасуға рұқсат бергендіктен, атты экипаж дәуірі тоқтатылды. Назарға салатын болсақ, тұрақты жерлер саяхатпен тығыз байланысты. 1820 жылы Пенсильвания штатында 1200 км ге дейін созылған каналдар соғылды. Каналдың жағаларында (таверналар) соғыла бастады. Сонымен қоса Нью - Йорк штаты каналдардың жағасынан жылдамдатып қонақ үйлер соқты.
Қазірге кезде Америкалық деревняларда және қаларда калониалдық кездерден бастап сақталған таверналар бар. Бұл ескі таверналар көбінесе отбасына және жеке адамдар қолдану үшін жасалған.
Алғашқы отельдер Францияда пайда болды. Олар қаланың ең көркем жерлерінде соғылғын қорғандар болды. Дәл осы жерде сыйлы қонақтар тоқтайтын болған.
1829 жылы Бостанда «Тремон - Хаус» ашылды. Бұл ең алғашқы жоғарғы люкстық жасалған отельдер болды, яғни әр номердің өзінің кілті және ыңғайлы жуынатын бөлмелері болды. Бұл американдықтардың ұзапқ уақытқа дейінгі стандартты ательдері болды.
Қалалық ательдердің көбісі темір жол станцияларының қасында болды.
XIX ғасыр аяғы қонақ үй шаруашылығының өркендеу кезеңі болды. «Статлер атель» америкалық алғашқы Эльворд Статлердің ательі болды. Буффало - Статлер қонақтарды 1,5 $ тұратын жуынатын бөлмесімен қамтамасыз етті.
30 жылдары қонақ үй бизнесінде ең танымал болған Конард Хилтон және Эрнест Эндерсон.
Орта ғасырларда Қазақстанда сауда - саттық орталықтарының жандарынан қонақ үйлер ашылды. Ол кездегі қонақ үй «караван сарайы» деп аталды. Оны ауқатты адамдар басқаратын болған. Караван - сарайында ас дайындайтын бөлмелер, жолаушылар қонатын бөлмелер, арнайы сақтау бөлмелері болды. Караван - сарайының бастығы жолаушылардан белгілі бір мөлшерде төлем алып тұрды.
Көшпелі аймақтарда қонақ үй дамымады, ол жергілікті салт - дәстүрге байланысты болды, яғни көшпелілерде жолаушыны құрметтеп қабылдау міндет еді. Жолаушыны құрметтеп қарсы алған көшпелі, өзі кейін жол жүргенде сыйлы болады деген ұғым сол елдің салтында қалыптасқан.
Қазақстандағы қонақ үй шаруашылығының өсуі Ресейге қосылғаннан кейін білінді. Бұл қонақ үйлердің барлығы ресейлік үлгіде болды. Алайда қонақтарға қызмет көрсету дәрежесі төмен болды. 1829 жылы Бостонда дүние жүзіндегі алғашқы ательдер жұмыс істеп жатқанда , Қазақстанда бұл шаруашылық дамымай, оның экономикасы мен мәдениеті артта қалып қойған еді.
Қазан төнкерісінен кейін өндірістік және өндірістік емес салалардың дамуы қонақ үй шаруашылығының жаңа дамыған түрде біршама өсуіне әкеп соқты.
1935 жылы Қарағанды «Чайка» қонақ үйі соғылды. 1937 жылы Алматы қаласында «Иссак» қонақ үйі соғылды.
50 жылдың аяғы мен 60 жылдардың басында қонақ үй ғимараттарын соғу басталды.
70 - 80 жылдары эксплуатацаяға жаңашаланған, жоғары клссты, ыңғайлы « Алма - ата», «Қазақстан», «Отырар», «Достық» тағы басқа қонақ үйлер берілді. Алайда олардың барлығы жоспарлық шаруашылық жағдайында жұмыс істеді..
Нәтижесінде олардың арасында бәсекелестік болған жоқ. Біреулерінде қаржы өте көп болса, ал екінші біреулерінде қаржы мүлдем болмады. Ұсыныс пен сұраныс мүлдем зеттелмеді. Қонақ үй шаруашылығы халықаралық деңгейде жұмыс істемеді, яғни дүние жүзілік аренаға шықпады. Және оның жұмыс істеу тәжірибесі болмады. Қазіргі уақытқа дейін және қазір де дамудың қамтамасыз етілуі жоқ..
Мамандардың дайындығы, зерттеулердің жүргізілмеуі, артта қалған аймақтардағы қызмет көрсетудің төменділігі.Соның салдарынан қазірде қоноқ үй шаруашылығы дүниежүзілік алдынғы қатардағы қонақ үйлермен салыстырғанда артта қалып қойған.
Қонақ үй шаруашылығының ғасырлық тарихы бар. Қонақ үй шаруашалығы көптеген өзгерістер мен жаңашаланудың әсерінен бүгінгі өзінің кейіпіне келіп отыр.
Бүгінгі таңда қонақ үй кәсіпкерлігі қызмет көрсету саласындағы ең алдыңғы қатарлы, дамыған сала болып отыр.
. XIX ғасыр аяғындағы алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттердегі қонақ үй шаруашылығынынң дамып, жетілуі бүкіл дүние жүзінің экономикасына әсер етті.[19]
Маркетингтің дамуы жаңа нарықтық философияны ашылуына алып келді, бастысы пайда табу емес, тұтынушылардың сұранысы болып табылды. Осы қонақ үй шаруашылығы басқа қызмет көрсету саласы сиақты жүктеу және жекелеу процессі қарқынды жүреді. Соның салдарынан басқалардағыдай қонақ үй кәсібінде де түрлі баға өзгерістері, түрлі жеңілдіктер болды. Қонақ үй шаруашылығы жүиесінің кенейуі бәсекелестікті одан бекер арттыра түсті. Сондықтан енді барлық көңіл жарнамаға бөлінді. Яғни қонақ үйдің барлық мүмкіншіліктрері мен ыңғайлықтары толығымен көрсетілді. Бүгінде қонақ үй туралы барлық мәліметтерді дүние жүзінің кез - кеген жерінен іздеп табуға болады. Оны инетернет желісі, жүйелік каталогтардан табуға болады.
Ғылыми технологиялық прогресс бүгінгі таңдағы қонақ үйлердің дамуына, жаңашанланауына үлес қосуда.
Мысалға айтатын болсақ, көлік жүйесінің дамуы әлемнің әр түкпірінде қонақ үйлердің ашылуына түрткі болды. Көлік құралы қонақ үй шаруашылығы кәсіпорындарын орналастыруда бас факторы болудан қалды.
Қызмет көрсету деңгейін, олай болса табыс деңгейін көтеруге шақыратын орналастыру құралдарын техникалық және технологиялық қамтамасыз етуде алға үлкен қадам жасалды; техникада білгір саяхатшыға «жолдағы офисті» ұсыну; қонақ үй шаруашылығында есепті және басқару процесін жетілдіру және жеңілдету. Осындай техникалық жетістіктер қатарына броньдалған компьютерлік бағдарламалар, әрбір жеке нөмірлердің шоттарын және түгел барлық қонақ үйдің табысын басқару, барлық қонақтар жөнінде ақпаратты сақтау.
Тұрудың қауіпсіздігін көтеру мақсатында көптеген қонақ үйлерде әрбір жеке нөмердің әрбір қонағы үшін жеке, пластикалық карточкалар негізінде электромагнитті құлып жүйесі енгізілген. Компьютерлік будильниктер, электронды дауыс хабарлары, электронды сигналды беру жолымен қызмет көрсету тапсырыстық жүйесі әдеттегідей болды.
Ғылыми техникалық прогресс басқару ғылымына да әсерін тигізді, бұл, мысалы, өндірістік психологиялық факторының үлкен есебінде және «кері байланыс жүйесінің дамуында
бейнеленеді» .[20]
Қонақ үй шаруашылығы дамуының қазіргі беталысына экологиялық қауіпсіз өндіріске ұмтылу жатады. Табиғи баланстың сақталуы, экологиялық таза өнімдер мен материалдарды пайдалану, өндіріс қалдықтары пайдалы өнімге айналғанда тұйық циклды өндіріс технологиясының тәжірибесі қонақ үй индустриясының кәсіпорындарына пайдалы, ең алдымен, оны тұтынушы қалайды.
Қонақ үй шаруашылығының еңбек ресурстарының құрылымы сондай- ақ, өзгерістерді басынан өткізуде. Ең алдымен, бұл кадрларды «жасартудың» едәуір беталысы, өйткені жастар өзгертулерге, жаңартылуға неғұрлым сезімтал; өндіріс интернационалдандыруың нәтижесінде жұмысшы күші миграция процесін қарқындандыру және жастардың біліктілігін көтерудің беталысы (тенденция).
Қазіргі дүниеде қонақ үй шаруашылығының тағы бір ерекшілігі осы секторды монополияландыру, ол қонақ үй тізбесін немесе ассоциаланған мүшелер түрінде қарастырылады, онда тәуелсіз қонақ үйлер санының көп болуы.
Монополия, ірі қонақ үй тізбесінің, ішінде «Бэст Вестерн» , «Ромада Хаутелз», «Риджент Интернешинл Хаутелз», «Маритин» және т.б. қонақ үйлері ең танымал.
«Тәуелсіз кәсіпорын» түсінігі мәні бойынша меншік формасының шектелуі және осы кәсіпорындардың өзінің формасы бойынша (тәуелсіз қонақ үйлер, басқарудағы қонақ үйлер, қонақ үй тізбесі мен франчайзинг) басқарудың түрлі әдістері деп түсіндіріледі.
Ірі қонақ үй корпарациялары қызмет көрсету саласына бақылауды қамтамасыз етеді және орталықтандырылған жеткізу есебінен осы қонақ үйлердің шығындарын төмендетеді. Тәуелсіз кәсіпорындар үшін клиенттерге жеке қызмет көрсету үлкен дәрежеде сипатты. Қазіргі қонақ үйлердің көп жоспарлылығы қызмет көрсетудің түрлері мен формаларының палитрасын кеңейтеді және клиенттер үшін таңдаудың неғұрлым кең көлемін ұсынады.
Қазіргі қонақ үй шаруашылығында маңызды рөлді өндірісте интернациоландандыру процесі (мысалы, қонақ үйлер тізбектері: әртүрлі елдерде орналасқан қонақ үйлер үшін бірыңғай стандарттарды енгізу, біліммен алмасу, жұмысшы күшінің миграциясы, броньдаудың бірыңғай жүйесі) және оған кері процес- тәуелсіздікке ұмтылу (мысалы, тәуелсіз қонақ үйлер).
Дүние жүзілік қонақ үй шаруашылығы дамуының бас беталысы қонақ үй қызмет көрсетілуінің бірыңғай планетарлы нарығын құрудағы қозғалысы немесе ғаламдандыру (глоболизация) болып табылады. Әрине, біз «беталыс» деп айтамыз, қонақ үй индустриясы үшін ғаламдандыру (глоболизация) аяқталған нәтиже P.S .[4]
Көлік құралдары дамығанда және халықаралық туризм пайда болғаннан бері халықаралық аренада стратегиялық әрекет жасау қонақ үйлері үшін жаңалық емес.Содан бері қонақжайлылық индустриясы халықаралық нарықта кеңінен жайылды, онда қытай саяхатшысы Нью-Йорктан Лондонға Индиялық авиажолдарымен ұша алады және Канада компаниясының қонақ үйінде тоқтай алады. .[17]
Кез келген экономикалық құбылыс саяси, экономикалық және әлеуметтік процесстері жиынтықтарының өзара байланысының нәтижесін көрсетеді, сонымен, әрбір берілген ел үшін оның дамуының кез келген этапында бұл бірлік нақты өзара келісілген сипатқа ие. Одан мынаны көруге болады, нарыққа өтудің теориялық және практикалық мәселелері өндірістік қатынастарының барлық жүйесінің жетілдірілу ағынында шешілу керек.
Информация о работе Қазақстанда қонақүйі бизнесінің дамуы мен бәсекеге қабілеттілігі