Инфляцияның теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 15:20, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді, жағдайды, жалпы инфляцияны талдау және елдегі инфляцияға қарсы саясаттың құрылуы мен жүргізулуін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляциялық теориялық негіздерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай мәселелеріне талдау жүргізу;
- Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаттың мәселелерін жетілдіру жолдарын іздестіру.

Файлы: 1 файл

Инфляция моя Курсовая работа.doc

— 480.50 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

 

Қазіргі таңда Қазақстан  Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан-2030" ұзақ мерзімді бағдарламасына және он жылдық стратегиялық жоспарға сәйкес Қазақстан ілгері дамып келеді, көзделген шаралардың барлығы дерлік рет - ретімен жүзеге асырылып жатыр. Қай салада болмасын нарықтық қатынастардың алғышарттары қалыптасып, оның даму жолы айқындалуда. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуімен қатар елде экономиканың күйреуі, шаруашылықтың кері дамуы, кедейшілік, жұмыссыздық және инфляцияның орын алғаны белгілі. Осындай қиын жылдары халқымызға жігер беріп, болашаққа дұрыс бағыт – бағдарды нұсқап, жөн сілтеген, шығатын биіктерін, асатын асуларын көрсеткен Елбасымыздың "Қазақстан-2030" ұзақ мерзімді жолдауы еді. Экономиканы дамытудың көптеген өзекті мәселелерін шешуге бағытталған тағы да бір құжат бұл – 2003 ж. 17 маусымда Елбасының №1096 жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. арналған индустриалды – инновациялық дамуының стратегиясы". Бұл стратегияның мақсаты – шикізаттық бағыттан кетуге жағдай тудыратын экономика салаларын  диверсификациялау жолымен елдің орнықты дамуына жету, ұзақ мерзімді тұрғыда сервистік - технологиялық экономикаға көшу үшін жағдай дайындау. Стратегияда алға қойылған басты міндеттердің бірі – еңбек өнімділігін жыл сайын 3 есе арттыру, ал бұл өз кезегінде инфляцияның 2-4%-ға дейін төмендеуіне алып келеді.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы әкімшіл - әміршілдік экономикадан нарықтық экономикаға өту барысында алғашқы қадамдарының әлеуметтік - экономикалық салдарлары ауыр болғаны белгілі. Әсіресе инфляция ел экономикасын қиын жағдайға соқтырды. Инфляция ақша жүйесінің дағдарыстық жағдайымен сипатталады. Инфляция кезінде тауарлар мен қызметтер бағалары өседі де, ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуіне алып келеді. Бүгінде инфляция бағаның өсуі нәтижесінде ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен байланысты. Өсіп келе жатқан инфляция – бұл үкіметтің экономикаға бақылауын жоғалтуының белгісі. Сондықтан Қ.Р. Ұлттық банкі мен Үкіметі инфляциямен күрес шараларын жүзеге асырады. Инфляциямен күресу және инфляцияға қарсы арнайы бағдарламаны жетілдіру экономиканы тұрақтандырудың қажетті элементі болып табылады. Сондықтан зерттеу жұмысының өзектілігі Қазақстан Республикасының өтпелі экономика кезеңіндегі инфляциялық жағдаймен және онымен күресу мақсатында инфляцияға қарсы тиімді саясатты құрумен байланысты.

Курстық жұмыстың мақсаты.  Қазақстан Республикасындағы инфляциялық  процестерді, жағдайды, жалпы инфляцияны талдау және елдегі инфляцияға қарсы саясаттың құрылуы мен жүргізулуін қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • инфляциялық теориялық негіздерін қарастыру;
  • Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай мәселелеріне талдау жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаттың мәселелерін жетілдіру жолдарын іздестіру.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні. Қазақстан Республикасы

экономикасының өтпелі кезең жағдайы, оған инфляцияның тигізетін әсері және  Қ.Р. Ұлттық банкі мен Үкіметі жүргізетін инфляцияға қарсы саясат.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі. Курстық жұмысты жазу, яғни инфляция және инфляцияға қарсы саясат шараларын зерттеу барысында Қазақстан Республикасының экономикасы зерттелді.

Ақпараттық негіздері. Жұмыстың теориялық базасы, инфляцияның әр түрлі мәселелері отандық ғалымдардың еңбектерінен алынды және Қазақстан Республикасында инфляция және инфляцияға қарсы саясаттың қалыптасуы мен дамуына байланысты мерзімді басылымдар ақпараттары қолданылды.

I. Инфляцияның теориялық негіздері.

    1. Инфляция түсінігі және оның қалыптасуының себептері.

 

Экономикалық құбылыс  ретінде инфляция ұзақ уақыт бойы тарихи

негізде қалыптасып дамуда. Оның пайда болуын негізінен, ақшаның  шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі – inflation – қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861 – 1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. Осы түсінік XIX ғасырда Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде көрінді.

Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі, ақшаның сатып алу жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.

Ақша, тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда, құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты  құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен емес, басқа да тауарлар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқылауларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополия мен экономиканы реттеуге, салықтың жаңа мөлшерлемелерін енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына, нарық конъюнктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т.б. байланысты. Демек, бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері тиеді. \1. 3-4 б.б.\

Сонымен, инфляция – бұл бағаның  өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай–ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі. Инфляцияның табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғалатын тауар ауқымынан оқшаудырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілетсіздігінде. Ақшаның жұмыс істеу негізі тауар, төлем айналымына қызмет көрсете отырып, тиімді орындауға, қорланым және құнды сақтаудың құралы болуға мүмкіндік береді. Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшының құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі. Бүгінде инфляция бағаның өсуі нәтижесінде ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндіріс пен өткізу сферасындағы әртүрлі факторлар тудырған өндіріс процесінің қарама – қайшылықтары себепші болады. Инфляцияның әуел бастағы себебі – ұлттық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы  жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным, мемлекеттің кірістері мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар.

Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын  айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын – монетарлық емес және ақшалай –монетарлық факторларды  бөлуге болады. Ақшаға жатпайтын факторлар  – бұл шаруашылық сәйкестігінің  бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік – саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік қаржының дағдарысы, бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай-ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады. Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар, басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады. Сөйтіп, көпфакторлы процесс ретінде инфляция – бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы алшақтықтың көрінісі. Инфляцияның іс-әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мынадай қаржылық факторларға тәуелді болып келеді: белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану; инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы, мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері; мемлекеттік берешектің көлемі. Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді. Бірінші фактор – мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлей алушылық сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен, салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қоюды. Бұл ұзаққа созылатын тапшылыққа ұрындырады. Екінші фактор – табысқа салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға мезанизмі арқылы тұтынушыға ауысады және нарықтағы бағаның көтерілуінің басты себебі болады. Үшінші фактор – бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары. \2, 496-498 б.б.\

Жалпы инфляцияның себептері базистік қатынастардың қарама-қайшылықтарынан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен  дағдарыстан, оның өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен тиімділігінен болады. Инфляция өсуінің инфляциялық себептері мыналар:

Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік  бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер дефицит орталық комиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса, басқаша айтқанда “ақша станогы” белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша массасы көбейеді.

Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен  инвестицияны қаржыландыру жүргізілген  жағдайда да бағаның инфляциялық  өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетте тұрақты тапшылық жайдайында және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.

Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы  өсуі қазіргі нарықтық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең, бәсеке кезіндегі нарықта көптеген өндірішулер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем ұқсамайды.

Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік  шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында “импорттық” инфляцияның қауіпті туады. Бұл инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине, өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады, ол бұл дүниежүзілік нарықта бәсекелестің төмендеуіне әкеліп соқтырады.

Бесіншіден, инфляция өзінен-өзі дем  беретін құбылыс ретінде сипат  алады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де факторды ерекше көрсетуде. \1, 4-5 б.б.\

Сонымен, инфляция – бұл  көп факторлы құбылыс, ол бағаның  жалпы дәрежесінің өсуі арқылы және нақты активтерге қарағанда ақша белгілерінің құнсыздануы арқылы бейнеленеді. Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде  де инфляция өршуінің сан түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты. Мысалы, бұрынғы КСРО-ны алсақ, соңғы жылдардағы инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе-теңсіздік жатады.

 

 

1.2 Инфляцияның  түрлері және олардың әлеуметтік  – экономикалық салдарлары.

 

Экономикалық әдебиеттерде инфляцияның мынадай түрлері  анықталады:

  1. Экономиканы мемлекетік реттеудің “тереңдігіне”, инфляцияға

қарсы саясаттың құралдарына  байланысты, инфляция айқын немесе басылған бүркемелі түрде жүріп отыруы мүмкін. Инфляция процесінің айқын немесе ашық формада болып отырғаны бағаның өсуі, ұлттық валюта бағамының төмендеуі арқылы көрінеді. Басылған инфляция бүркеме, жасырын формада жүреді және ол өнім сапасының төмендеуі, ассортимент құрылымының өзгеруі, экономикалық тапшылықтың өсуі арқылы көрінеді.

  1. Зерттеу объектісіне байланысты, инфляция ұлттық, аймақтық және

әлемдік болып бөлінеді. Ұлттық және аймақтық масштабына талдау объетісін көтерме және бөлшек сауда  бағаларының динамикасы, кейбір елдердегі, елдер бірлестігінің дәрежесіндегі, халықаралық нарықтағы ЖҰӨ-нің дефляторы құрайды. \3, 308-309 б.б.\

  1. Инфляция сыртқы экономикалық қызмет тарапынан арандатылуы

мүмкін, бұл – импортталатын  және экспортталатын инфляция. Бірінші жағдайда ол шетелдік валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық банкте депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сана алады; банк пассивтері артады, мұның өзі оларға несие операцияларын және несиелік экспансияны кеңейтуге мүмкіндік береді. Экспортталатын инфляция тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге экспортық бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы елдерде, соның ішінде дамып келе жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар халықаралық корпорациялардың – нарықтағы үстемдік жағдайды пайдаланатын монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық опреациялары олар болған елдерде несие капиталының қосымша ұсынымын жасайды. Сөйтіп, шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және орталық және коммерциялық банктердің қызметі арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады. \2, 504 б.\

  1. Бағаның өсу қарқынына байланысты, инфляцияның мынадай

түрлері болады: баяу инфлция  – баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі; орташа инфляция – баға тез қарқынды жылына 20-дан 200%-ға дейін өседі, мұндай баға ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады; гиперинфляция – баға жыдына 500-ден 1000%-ға дейін және одан жоғары қарқынмен өседі. Ол шаруашылық мехнизмді ақсатады, экономикалық байланыстар үзіліп, бартерлік айырбасқа өтеді. Мұндай жағдайда бизнесті жүргізу мүмкін емес. Қазақстанда 1994-1996 жж. Инфляция деңгейі 2000 пайызға жетті.

 Инфляция қарқыны  статистикалық көрсеткіш – тұтыну бағаларының индексі тауарлар мен қызметтердің түрлерін қамтитын тұтыну қаржыны негізінде анықталады. Тұтыну бағаларының индіексін есептеу үшін ағымдағы жылдағы тұтыну қаржының бағасын базалық жылдағы қаржының бағасына бөліп, 100%-ға көбейтеміз. Тұтыну бағаларының индексінің үш сандық мәні болуы мүмкін:

Информация о работе Инфляцияның теориялық негіздері