Инфляцияның теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 15:20, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді, жағдайды, жалпы инфляцияны талдау және елдегі инфляцияға қарсы саясаттың құрылуы мен жүргізулуін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляциялық теориялық негіздерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай мәселелеріне талдау жүргізу;
- Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаттың мәселелерін жетілдіру жолдарын іздестіру.

Файлы: 1 файл

Инфляция моя Курсовая работа.doc

— 480.50 Кб (Скачать файл)
  • баға индексі 100%-ға тең болады, яғни баға өзгермеген болып табылады;
  • баға индексі 100%-дан жоғары, мысалға 140%-ға тең. Демек, ағымдағы жылдағы бағаны базалықпен салыстырғанда 1,4 есе өскен, яғни ақша инфляциялық құнсызданады;
  • баға индексі 100%-дан төмен, айталық 80%-ға тең, яғни ағымдағы жылдағы баға базалыққа қарағанда 20%-ға төмендеген. Бұл дегеніміз дефляцияның болғаны, яғни баға деңгейінің төмендеуін білдіреді. \4, 30-31 б.б.\
  1. Экономиканың бағаның өсу қарынына ұтымды бейімделуіне

байланысты, инфляция балансталған және баланстандырылмаған болып  бөлінеді. Біріншіде бағалар орташа және тұрақты өсіп отырады. Екіншіде тауарлардың бағасы секіріп өседі  және бұл бір мезгілде жүрмейді, ал экономика өзгермелі жағдайға бейімделуге үлгере алмайды.

  1. Мемлекеттің инфляциялық процеске әсер ету қабілетіне

байланысты, инфляция бақылаудан шықпаған және бақылауға көбейтін болып  бөлінеді.

  1. ЖҰӨ-нің көрсеткішінің өзгеруіне байланысты, экономикада

сұраныстың өскен жағдайында ақиқат және жалған инфляция орын алады. \3, 309 б.\

  1. Бағаның болашақтағы өсу қарқыны және оған үйлесімді бейімделу

дәрежесі туралы болжамның  дәлме-дәл болуына-болмауына байланысты, болжауға болатын және болжауға келмейтін  инфляция болады. Болжауға болатын инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны жоспарлайды. Болжауға келмейтін инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен сипатталады, ал ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен, тұтынушылар нарыққа сатып алу қабілеті бар сұраныс ретінде ғана ақша жұмсайды, оны көбірек сақтап жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне, оны төмендету мақсатында қысым жасалады. \1, 6-7 б.б.\

  1. Инфляциялық процесті тудыратын және оған дем беретін

факторларға байланысты “сұраныс” инфляциясы және “шығындар” инфляциясы болады:

Сұраныс инфляциясы. Сұраныс  пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы  сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі  себептері: мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы, толық жұмыспен қамтылған кездегі өндіріс құрал-жабдықтарына сұраныстың өсуі, өндірістік қуаттардың толық жұмыс істеуі, кәсіподақтар әркетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің жоғарылауы және т.б. Осының салдарынан айналымға тауар көлімінен артық ақша түсіп, бағалар өседі. Мұндай жағдайда өндірісте жұмыспен қамту толық болғанымен, өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауарлар ұсынысымен жауап бере алмай қалады. Басқаша айтқанда, айналымдағы төлем қаржыларының көбеюі шектелген тауар ұсынысына тап болады, сөйтіп бағаның жалпы деңгейі өседі.

Шығындар инфляциясы. Бағалардың өсуін өндіріс шығындарының ұлғаюымен түсіндіріледі. Шығындардың  көбеюі: баға белгілеудің олигополиялық  тәжірибесінен, мемлекеттің экономикалық және фискалдық саясатынан, шикізат  бағасының өсуінен, кәсіподақтың жалақыны көтеру талабынан және т.б. болады. Тәжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен айыру оңай емес, олар бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан жалақының өсуі, мысалы, сұраныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде де көрінуі мүмкін.

ХХ ғасырдың екінші жартысында экономикасы дамыған елдердің бәрінде  дерлік ұзақ уақыт бойы толық жұмыспен қамту, еркін нарық немесе бағаның  тұрақтылығы болғанын атап өту керек. Экономиканың тоқырауы мен құлдырауы  кезеңдерінде де, өндіріс өз қуаттарын толық бағалардың бір мезгілде өсуі ХІХ – ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы циклдық өзгерістердің алапат құбылысы кезінде орын алды. Мұндай құбылыс стагфляция деп аталады және ол экономикалық дағдарыс пен стагнация жағдайындағы бағаның, инфляцияның өсуі. \1, 5 б.\

Инфляцияның жоғары деңгейі  баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша конъюнктураны жандандырады. Процестің ұшығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция, аттың текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушылардың ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті “таудан аққан тасқынға” айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады., банктер, несие мекемелері зиян шегеді. Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып машиналды және нақты жалақының өсу қарқынының қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін құлдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткерлер және жалпы бүкіл халық басынан өткізеді.

\1, 10 б.\

Инфляцияның мынадай  әлеуметтік – экономикалық салдарларын  көрсетуге болады:

  1. Инфляция ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі

топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және болжамсыз  қайта бөлуіне мәжбүр етеді.

  1. Инфляцияның жоғары қарқыны және баға құрылымының күрт

өзгеруі фирмалар мен  үй шаруашуалықтарының жоспарлауын  қиындата түседі. Нәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қауіп-қатер өседі. Осының төлемі ретінде пайыз мөлшерлемесі пен пайда өседі. Инвестициялар қысқа мерзімдік сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы көлемінде құрылыстың үлесі төмендейді және спекулятивтік операциялардың үлес салмағы өсе түседі. Болашақта бұл жағдай ұлттың тұрмысын, әл-ауқатын және жұмыспен қамтылуын төмендетуі мүмкін.

  1. Қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс

өседі. 

  1. Экономикалық “ашық” секторындағы бағаның өсуінің шамамен

жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қабілетін  төмендетеді. Бұның нәтижесінде  импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық  көбейеді және тауар өндірушілер  ойсырайды.

  1. Тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі.

Капиталдың шетелге кетуі өседі, валюта нарығында спекуляция үдей түседі. Осылар бағаның өсуін жылдамдатады.

  1. Ақша формасында жасалған жинақтың нақты құны төмендейді,

нақты активтерге сұраныс  өседі. Бұның нәтижесінде осы  тауарлардың бағасы, бағаның жалпы  дәрежесінің өзгеруінен шапшаң өсіп отырады. Инфляцияның жылдам жүруі экономикадағы сұраныстың өсуіне дем береді, ақшадан “қамуға”жол ашады. Фирмалар мен үй шаруашылықтары нақты активтер сатып алу қосымша шығындар жасауға мүжбүр болады.

  1. Мемлекеттік бюджеттің құрылымы өзгереді және де оның нақты

табыстары төмендейді. Мемлекеттің  экспансионистік фискалдық және монетарлық саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеледі. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік борыш өседі.

  1. Жұмыспен толық қамтамасыз етілмеген жағдайда қызмет ететін

экономикадағы орташа инфляция халықтың нақты тобысын шамалы төмендетіп, оның көбірек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуін талап етеді. Нәтижесінде жылжымалы инфляция бір мезгілде экономикалық өсудің “төлемі” және оның стимулы болып табылады.

  1. Әр түрлі тауарлардың салыстырмалы бағалары және олардың

өндірісінің көлемі ұқсас  емес бағытта жылжиды.

  1. Стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен

жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулі инфляция жұмыспен қамтуды өсіруге  мүмкіндік береді десек дұрыс  болмас. Бірақ, инфляциямен, бір жақтан, өндіріс көлемі және жұмыссыздықтың, екінші жақтан, арасында тікелей өзара байланыс болмайды. \3, 312-314 б.б.\

Сонымен, инфляцияның  дүние жүзіндегі көптеген түрлері  мынадай  әлеуметтік-экономикалық салдарларға  соқтырады: жұмыссыздықтың өсуіне, жинау процесінің тежелуіне, шаруашылық байланыстарының шырқын бұзуға әкеліп соғатын инфляция экономикадағы үйлесімсіздікті күшейтіп, ұзақ мерзімді инвестицияларға ынталандыруды жояды; нақты жалақыны төмендетеді және халықтың барлық топтарын кедейлендіреді; төлем қабілеті бар сұранысты азайтады; ақша-несие жүйесінің жұмыс істеуін бұзады, оның қорларын азайтады, капиталдарды тарту және салу ауқымында күрес жүргізіледі, елден капиталдың кетуін күшейтеді; халықарлық экономикалық байланыстарға жағымсыз әсер етеді, экспорт азайып, импорт өседі, елдің төлем балансы нашарлайды; қаржыландыру процесіне, мемлекеттік бюджетке жағымсыз әсер етеді, мемлекет қарызы көбейеді; валюталық дағдарыс күшейеді.

 

 

1.3. Инфляция  мен жұмыссыздық арақатынасы

 

Ағылшын экономисі А. Филлипс ХХғ. 50-ші жылдары жұмыссыздықтың нормасы мен жалақының өсімі арасында тәуелділік бар екеніне назар аударды. Оның қорынтыдысы бойынша, жұмыссыздықтың кейбір дәрежесінде жалақының дәрежесі тұрақты және оның өсімі нөлге тең болған. Жұмыссыздық осы табиғи дәрежеден төмен болса, онда жалақының өсімі шапшаңдайды және керісінше. Соңынан жалақы мен бағаның өсуінінің өзара қатал байланысы бар тезис пайдаланып, осы заңдылық жұмыссыздық және бағаның өсу қарқынының (инфляцияның) өзара байланысы болып қайта өзгертілді.

Филлипстің қисық сызығының  тыс бейнесі 1 – суретте көрсетілген .

 

1-сурет.

 Филлипс қисық сызығы.


W,P


 

 

 


                                          U

 

Мұңда, W – номиналдық жалақының өсу қарқыны;

              P – инфляция дәрежесі;

              U – жұмыссыздық дәрежесі, %.

          \3, 315 б. \

 

Филлипстің қисық сызығы жұмыссыздық пен инфляцияның арасында тұрақты және болжауға болатын керісінше байланыс бар екенін көрсетеді. Осыны кейнсшілердің, инфляция тек жұмыссыздықтың шамалы ғана дәрежесінде жоғары болуы мүмкін және керісінше деген тезисі де дәлелдейді. Экономикада практика жүзінде бағаларды өзгермейтін жұмыспен қамту дәрежесі болады. ХХғ. 50-60-шы жылдардағы дамыған елдердің статистикалық көрсеткіштерін зерттеудің қорытындысы Филлипс қисық сызығын толық растады. Сол жылдары көптеген елдердің экономикасында жұмыспен қамту толық жүзеге асырылды. Өндірісті әрі қарай өндіруге және жұмыссыздықты қысқартуға бағытталған шаралардың орындалуы бағаның өсуін шапшаңдатты және керісінше – инфляцияның қарғыны төмендеген сайын жұмыссыздық өсе түсті. \1, 9 б. \

 

Инфляция мен жұмыссыздықтың арасындағы керісінше байланыс әр түрлі  дәлелденіп отыр. Жартылай бұл жағдай еңбек нарығының бейімділігімен дәлелденеді. Еңбек нарығы жұмыспен қамтудың құрылымы, классификациялары, орналасқан орны және т.б. бойынша сегменттелген сипаты бар, көптеген индивидуалданған нарық болып табылады. Осы жағдай мынаған әкеледі: еңбек нарығының кейбір сегментінде экономика бірте-бірте жұмыспен толық қамтуға жылжып отырғанда, жұмыссыздық практика жүзінде сақталады, сонымен қатар еңбек нарығының басқа сегменттерінде қанағаттандырылмаған сұраныс сақталады. Бұларда шығындардың көбеюіне және бағаның өсуіне әкелетін жалақының өсуі жалғаса түседі. Осы процестің макроэкономикалық нәтижесі – инфляцияның қарқынының өсуі.

Филлипс қисық сығының  басқа дәлелі бойынша, өндірушілер  мен еңбекшілерге экономиканың өсу  кезеңдерінде баға мен жалақының  өсуін талап ету жеңіл түседі. Жоғары дәрежедегі жұмыссыздық жалданып жұмыс істеушілерді төмен жалақыға келісуге мәжбүр етеді, бұл инфляцияның “жалақы – баға” спиралін бұзады. Бұдан басқа, экономикалық жаман конъюнктура өндірушілердің бағаны көтеруге бағытталған әрекетіне кедергі келтіреді. Керісінше жағдайда, толық қамтуға таянған сайын өндірістің қосымша факторларына сұраныс өсе түседі. Осының нәтижесінде жалақы өседі және бұның өсуі еңбек өнімділігінің өсуімен артық болады. “Жалақы – баға” инфляциялық спиралі жандана түседі. Осыдан басқа, экономикалық өрлеу кезінде монополияларға олардың өнімдеріне бағаны көтеру жеңілге түседі. Осы процестердің нәтижесінде инфляцияның қарқыны шапшаңдайды.

Филлипс қисық сызығын  жиынтық сұраныс пен ұсыныстың  қисық сызықтарының талдауы айқын  дәлелдейді. Экономикада жиынтық  сұраныстың өсуі ондағы диспропорцияларды  шиеленістерді және жаңа диспропорциялар тудырады, психологиялық тұрғыдан ресурстардың шектелуін арттыра түседі. Мұның нәтижесінде сұраныстың өсімі көбейген сайын және экономика толық жұмыспен қамту дәрежесіне жеткен сайын бағаның өсуі күшейе түседі. Филлипс қисық сызығына көзқарастың екі бағыты бар деуге болады. Бірінші бағытта Филлипстің қисық сызығы экономикалық заң деп қаралады. Бұл күшті инфляция мен жоғары жұмыссыздық бір мерзімде болмайды деген тұжырымды сипаттайды. Мемлекеттік реттеудің құралдарының әр түрлі қолданудың көмегімен қисық сызықтың әр қилы нүетелеріне сай келетін инфляция мен жұмыссыздықтың ұштасуының қандайына болмасын жетуге болады. Сөйтіп, қисық сызықтың бойымен жоғары және төмен жылжуға болады. Нүктенің қандайын таңдап алу керектігі болып тұрған экономикалық жағдаймен және үкіметтің әлеуметтік-саяси бағдарларымен белгіленеді. Филлипстің қисық сызығы туралы екінші бағыт инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланыстарының тұрақтылығын және үзілмейтідігін жоққа шығарады. Экономикада орынды қарқыны берілген инфляция жағдайында жұмыспен қамтудың ең жоғары деңгейіне жетуге болады.

Информация о работе Инфляцияның теориялық негіздері