Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 15:20, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді, жағдайды, жалпы инфляцияны талдау және елдегі инфляцияға қарсы саясаттың құрылуы мен жүргізулуін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляциялық теориялық негіздерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай мәселелеріне талдау жүргізу;
- Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаттың мәселелерін жетілдіру жолдарын іздестіру.
ХХ ғ. 70-80-ші жылдардағы инфляция мен жұмыссыздықтың динамикасын талаудың бұлардың арасындағы байланыстың өте тұрақты еместігін айқындады. Экономикалық дағдарыстар кездерінде баға және жұмыссыздық бірдей қосарласып өсті. Осындай экономикалық жағдай стагфляция, яғни инфляциямен бір мезгілде келген экономикалық тоқырау, деп немесе сламфляция, яғни инфляциямен кенеттен келген экономикалық құлдыраудың ұштасуы, деп аталады. Осы кезеңдегі инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланыстары туралы деректер екі қорытынды жасауға мүмкіндік береді: Филлипстің қисық сызығы оңға қарай жоғары жылжиды да, енді инфляция дәрежесінің әрқайсысына жұмыссызқтың өскен дәрежесі сәйкес келеді немесе осы құбылыстардың арасында байланыс болмайды. Стагфляцияның пайда болуын Кейнстік мектептің экономистері бірінен соң бірі келіп отырған ұсыныстың болмай қалуымен, үзілуімен дәлелдейді. Бағалар мен жұмысты балудың өзара байланыстарының бұдан бұрынғы талдауды, өзгермейтін тұрақты ұсыныс жағдайында, жиынтық сұраныстың дәрежесі өзгеріп тұратындығына негізделген болатын. Жиынтық ұсыныстың төмендеуі инфляция мен жұмыссыздық дәрежесінің бірдей бір мезгілде өсуіне әкелетін. Нәтижесінде стагфляция пайда болады және Филлипстің қисық сызығы жылжиды. Неоклассикалық мектептің өкілдері стагфляцияны басқаша, адаптивтік және рационалдық күтімдер теорияларын дәлелдейді. Осы екі концепция экономикада жұмыссыздықтың табиғи деңгейі болады деп есептейді. Осыған жетіп ол тұрақтылыққа ие болады. Осыдан қандай болмасын ауытқу пайда болса, ол инфляция немесе дефляция әкеледі. Адаптивтік күтімдер теориясы бойынша, шаруашылық субъектері күтіліп отырған инфляция туралы пікірлерін, бұдан бұрын болған оның алдындағы кезеңде орын алған қателіктегі түзетілген, бағаның өсу қарқынына сүйене отырып қалыптастырады. Осы күтімдердің тұрақтылығы жетімді деуге болады.
Инфляция мен жұмыссыздықтың арақатынасының себебін былай түсіндіруге болады: өндірістер тоқтайды, сол себептен баға өседі, баға өсуімен байланысты ақша құнсызданады да, жұмыссыздар саны көбейеді. Нарықтық жағдайда міндетті түрде жұмыссыздық туады. Инфляцияның қарқыны мен жұмыссыздық дәрежесінің өзар тәуелділігін мына теңдеу арқылы көрсетуге болады:
Мұнда, Р – инфляцияның қарқыны;
Ре – инфляцияның күтілетін қарқыны;
U – нақты жұмыссыздықтың
U* - табиғи жұмыссыздықтың дәрежесі;
b – 0- ден 2,5 дейінгі шамадағы коэффицент, Оукен заңы бойынша;
AS – ұсыныстың күрт өзгерістері.
\3, 316-318 б.б.\
Қорыта келгенде, жұмыссыздық пен инфляция арасында тікелей байланыс бар: жұмыссыздық бар болғанда және кәсіпорындар бар күш - қуатын салып жұмыс істемегенде, бағалардың өсуі жүреді, ал бұл
өз кезегінде инфляцияға алып келеді. Толық жұмыспен қамтылуға жеткенде, жұмыссыздық жойылады, ал кәсіпорындар бар күш – қуатын жұмысқа салса, онда инфляция тумайды.
II. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай мәселелерін талдау.
2.1. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қалыптасуы және оның даму қарқыны.
Қазақстан Республикасы
үшін инфляцияның классикалық көзі
– мемлекеттік бюджет тапшылығы
тән. Бюджет тапшылығы инфляцияның
қайталама факторы болып
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бастап 2003 жылға дейінгі инфляциясы туралы мәліметтер 1 – кестеде көрсетілген.
1-кесте.
Қазақстан Республикасындағы
тұтынушылар бағалары индексінің және
өнеркәсіп бағаларының
Тұтыну бағалары |
Өнеркәсіптегі бағалардың индексі | |
1991ж. желтоқсан |
247,1 |
312,3 |
1992ж. желтоқсан |
3060,8 |
3916,9 |
1993ж. желтоқсан |
2265,0 |
1423,8 |
1994ж. желтоқсан |
1258,3 |
2023,8 |
1995ж. желтоқсан |
160,3 |
140,2 |
1996ж. желтоқсан |
128,7 |
118,5 |
1997ж. желтоқсан |
111,2 |
111,7 |
1998ж. желтоқсан |
101,9 |
94,5 |
1999ж. желтоқсан |
117,8 |
157,2 |
2000ж. желтоқсан |
109,8 |
119,4 |
2001ж. желтоқсан |
106,4 |
85,9 |
2002ж. желтоқсан |
106,6 |
111,9 |
2003ж. желтоқсан |
102,1 |
104,7 |
\5, 33 б.\
Осы кестеге сүйенсек, инфляцияның ең жоғарғы деңгейі еліміздің нарықтық экономикаға өту кезеңінің басталуына сәйкес келеді. Сонымен, 1992 жылдың желтоқсан айынан бастап 1993 жылдың желтоқсан айына дейін баға либерализациясының және инфляцияны шектеудің нәтижелі іс-әрекеттерінің болмауына сәйкес инфляцияның көрсеткіші ең жоғары деңгейге жетті, яғни сәйкесінше 3060,8% - 2265,0%. Посткеңестік кеңістікте жалғасып жатқан дезинтеграциялау процестері Қазақстан Республикасында ұлттық валюта – теңгені енгізуге мәжбүр етті. Теңгені айналысқа енгізе отырып және ұлттық экономикаға автоматты түрде бүкіл бақылауды иелене отырып, Қазақстан Республикасында инфляцияға қарсы саясаттың жаңа кезеңі басталды. Алайда Қазақстан Республикасы өзінің ұлттық валюта бірлігін енгізгенімен, республикада инфляцияның өршуі проблемасы әрі қарай жалғаса берді және 1994 жылдың соңында инфляция 1258,3%-ды құрады. Бұл жағдай экономиканы реструктуризациялауға жұмсалған шығындардың аз болуымен, жақсы банк жүйесінің болмауымен түсіндірілді. Сонымен қатар бұл жағдай негізгі капиталға салынатын инвестицияларға теріс әсер етті. Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің көрсеткіштері бойынша, бұл инвестициялар 1992 жылдан бастап 1996 жылға дейін жыл сайын 50%-ына азайып отырды, бұл әрине өндіріс көлемінің қысқаруына алып келді. Сөйтіп, 1992-1995 жылдар аралығында ЖІӨ-нің төмендеуі байқалды, ол тек 1996 жылы тоқтады. 1996 жылы Банк жүйесінің сенімділігі жөнінде халық арасында күдік туды. Ірі банктердің бірі Крамдс Банк жабылды және тағы да екі ірі банк Тұранбанк және Алембанк бірігуге мәжбүр болды. Халықтың банк секторына сенімділігінің жоғалғаны олардың банктік депозиттерге, әсіресе шетел валютасындағы депозиттерге, халық сұранысының азайғанынан көрініс тапты. 1996 жылы табыс айналымының жылдамдығы 5%-ға артты. Жеке секторғ банктік несиелер азайды. Банк секторындағы қиыншылытар экономиканы реттеудің монетарлық шараларының мүмкіндіктерін шектеді. Қазақстанда 1996 жылдан бастап жүргізілген қатаң қаржылық қадағалау инфляцияның біршама төмендеуіне алып келді. Осы жылы алғаш рет ТБИ жылдың соңында 28,7%-ды құрады. Әрі қарай монетарлық экспансияны шектеу саясаты 1997ж. соңында ТБИ – дің 11,2%-ға төмендеуіне, ал 1998 жыл соңында инфляцияның ең төмен көрсеткішіне 1,9%-ға жетуіне әсер етті. Негізгі капиталға салынған инвестицияның 1997ж. 11,6%-ға, ал 1997ж. 41,9%-ға көбейгенін атап өткен жөн.
Қазақстан Республикасындағы инфляцияның даму қарқынын қарастыру үшін инфляциямен қатар өзге де макроэкономикалық көрсеткіштерді: экономикалық өсу, пайыздық мөлшерлеме және халық жинағын қарастыру керек. Ол үшін 1997-2002 жылдар аралығындағы макроэкономикалық индекаторлар берілген 2-кестеге жүгінеміз.
2-кесте.
1997-2002 жж. негізгі макроэкономикалық индекаторлардың кестесі.
1997 |
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 | |
ЖІӨ-нің жылдық өсімі, % |
1,7 |
1,9 |
2,7 |
9,8 |
13,2 |
9,5 |
ТБИ, % (период санына сәйкес) |
11,2 |
1,9 |
17,8 |
9,8 |
6,4 |
6,6 |
Коммерциялық банктердің жергілікті валютадағы несие бойынша орташа пайыз мөлшерлемесі: | ||||||
Қысқамерзімді (1 жылға дейін) |
26,6 |
19,9 |
21,6 |
19,3 |
15,0 |
14,6 |
1жыл |
15,7 |
16,9 |
20,9 |
19,8 |
16,1 |
16,1 |
Ұзақмерзімді (>1 жыл) |
12,8 |
11,0 |
14,4 |
13,9 |
12,6 |
14,6 |
ЖІӨ-нен халық жинағы, % |
- |
1,8 |
2,7 |
3,5 |
5,7 |
6,9 |
\5, 35 б.\
Бұл статистикалық
мәліметтерден инфляцияның
Әр түрлі факторлар әсерімен 2005 жылы инфляцияның мақсаттық бағыттары өсті. 2005ж. маусым айынан бастап қарқынды өсу тенденциясында инфляция жыл бойында 7,5%-ды құрады. Бұл соңғы бес жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Инфляцияның жоғары болуының себебі сату және ақылы қызмет көрсету бағаларының өсуі және бюджеттің әлеуметтік шығындарының өсуін қайта қарастырумен байланысты инфляциялық күтудің өсуі. Бұл жағдай 2-суретте көрсетілген.
2-сурет.
2002-2005 жж. Тұтыну нарығындағы бағалардың өзгерісі.
Бұны Қазақстан Республикасында инфляция факторларының арасында жалпы сұраныстың өсуі мен оның жалпы ұсынысқа қарағанда артуын атап өтуге болады. Тағы да бір факторы болып халық табысының өсуі қала береді. Сонымен қатар ақшалай табыс ЖІӨ-нен артып отыр. Табыстың өсуі тұтыну көлеміне әсер етеді және оның өсуіне әкеледі, бұл бағаға қысым көрсетеді. Табыстың өсуі жалақының артуымен байланысты. Соңғы үш жыл ішінде оның өсуі 11-14% құрады, бұл көрсеткіш экономикалық өсу мен еңбек өнімділігінің өсу қарқынынан жоғары болып отыр. Қазақстан инфляциясына әсер етуші тағы да бір фактор – бұл инфляция импорты. 2005ж. ол валюта бағамының динамикасы, өндіріс және бағаға тәуелді сыртқы экономикалық конъюнктураның әсер етуімен қалыптасты. Инфляцияның қосымша көзі өндірістегі бағалар болды: 2005 жылы ақпаннан қыркүйекке дейін олардың өсу қарқыны тұтыну нарығының бағаларының өсу қарқынынан асып түсті. Бұл мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: экономикадағы сақтау үшін сыртқы және ішкі жағдайлардың әсерінен қалыптасатын тұрақты инфляциялық процестер жеткілікті. 2004 жылдың инфляциялық жағдайын былай сипаттаймыз: тұтынушылар бағаларының индексіне кіретін көптеген бөлшектердің салыстырмалы тұрақтылығы және кейбір тауарлар мен қызметтер бағаларының қарқынды өсуі байқалды. 2005 жылы 2004 жылы тәрізді инфляцияға ең көп өзгеріс әкелетін азық-түлік тауарлы қызметтер саласындағы бағалар өсті. Өткен жылдарға қарама-қарсы ақылы қызметтер саласындағы бағалар өсті, ал азық-түлік емес өнімдерге бағалар өткен жылға қарағанда 0,3%-ға аз болды. Бұның барлығын 3-кестеден көруге болады.
3-кесте.
2001-2005 жж. тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге бағалардың және тарифтердің өзгерісі.
Тауарлар тобы |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
Тұтыну бағаларының өсімі |
6,4 |
6,6 |
6,8 |
6,7 |
7,5 |
Азық-түлік тауарлары |
8,8 |
7,1 |
7,1 |
7,4 |
8,1 |
Азық-түлік емес тауарлар |
4,5 |
6,3 |
6,9 |
6,2 |
5,9 |
Ақылы қызмет көрсетулер |
3,5 |
5,8 |
5,9 |
5,9 |
8,0 |