Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 15:20, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді, жағдайды, жалпы инфляцияны талдау және елдегі инфляцияға қарсы саясаттың құрылуы мен жүргізулуін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляциялық теориялық негіздерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай мәселелеріне талдау жүргізу;
- Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаттың мәселелерін жетілдіру жолдарын іздестіру.
Инфляцияға қарсы саясаттың формалары мен әдістері қайта өндірудің
Механизмдерімен қоса ақша – несие, бюджеттік, салықтық шаралардың кең көлемін көрсетеді. Ұлттық банк инфляцияға қарсы шаралар сияқты ақша айналымынын реттеуде ашық нарықтағы операцияларды, қайта қаржыландырудың мөлшерлемелерін, міндетті резервтер нормаларын, пруденциалды нормативтердің бекітілуін өзіне қосатын ақша – несие саясатын қолданады. Ұлттық банк ақша жиынының өзгерісіне қатаң бақылау жасап отырады, оның тауар жиыны мен қызмет көрсетуінің сәйкестігіне тікелей және жанама әдістермен әсер етеді.
Ақша айналымының тұрақтылығы экономиканың тұрақты дамуын нақты білдіреді. Сондықтан неоклассикалық және экономиканың тұрақтылығы үшін ақша – несие және қаржылық шараларды қолдануға бағыттайды.
Кейнсиандықтар баяу
инфляциядан тұрақты
Кейнсиандық теориясының қарсыластары монетаристтеориясының кәсіпкерлері ақша – несиені реттеудің көмегімен, оның ішінде инфляциямен күресу жолымен тұрақты экономикаға жетуге тырысады. Олар мемлекеттің экономикаға үнемі араласу тәжірибесін қолдамайды. Монетаристер инфляцияның негізгі факторы – ақша жиынындағы өзгерісті көре тұра, олар өндірістің кақытша құлдырау (стагфляция) бағасымен ғана мүмкін болатын күресті, яғни инфляцияны ұзақ мерзімді ақша феномені деп мойындайды. Осылайша, олар теңгерімді бюджетке, ақша эмиссиясына шектеу қоюды жөн көреді.
Қазақстан бұл екі теорияны нақты экономикалық, әлеуметтік – саяси жағдайлар есебімен экономиканы тұрақтандыруда және ақша айналымында инфляциямен күрес жүргізуде қолдануға тырысады. \12, 95-98 б.б.\
Қазақстандағы әкімшілдік - әміршілдік экономикадан нарықтық экономикаға қозғалыс ерікті экономикаға қарай қозғалысының даму процестерінің классикалық қағидаларына сай жүргізілді. Олар:
сәйкес қалыптастыру;
тұлғалардың кәсіпкерлік құқығын заңдастыру және экономиканың түрлі секторларында өндірісті монополиясыздандыру;
шаруашылығында;
кұкығын қорғау мен жүзеге асыруды қамтамасыз ету, монополияға қарсы саясат арқылы бәсекелестікті қолдау, парасатты салық және ақша саясатын жүргізу, тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту, шағын кәсіпкерлікті, мемлекеттік қолдау, салалық инфрақұрылымды дамыту (клік, байланыс);
тұрақтандыруға қол жеткізу, яғни инфляцияны аузыдықтау мақсатында мелекеттік бюджет тапшылығын жою, артық ақшалай эмиссия мен несие беруді тоқтату және ұлттық валютаның еркін айналымдылығына жағдай жасау;
қалыптастыру, бұған кіретіндер еркін сауда қатынастары, шетелдік инвестицияларды тиісінше қорғау, пайданы репатриациялауға мүмкіндік беру.
Қазақстан эокономикасының өтпелі кезеңге басқан алғашқы қадамдарының әлеуметтік салдарлары ауыр болғаны белгілі. Әлеуметтік – экономикалық жүйесі озық дамыған мемлекеттерде (Германия, Жапония, Швеция) нарықтық шаруашылық эволюциялық жолмен, біртендеп спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, сатылы түрде ұзақ мерзімде қалыптастырылса біздің елемізде қысқа мерзімде шапшаң жүргізілді. Экономиканы қайта құруды радикалды, тітіркендіру терапиясы таңдалды. Экономиканы өсу резервтерінің жоқтығында мұндай саясатты ұстану дағдарысты асқындырып, тұрақсыздық пен белгісіздікті орнатты. Өндірістің терең құлдырауы орын алып, мәселен республикамыздағы өндірістің құлдырауы 1995 жылы, 1991 жылмен салыстырғанда 40%-дан асса, 1990 жылмен – 57%-ды. 1989 жылмен - 53%-ды құрады, инфляциялық процестер өршеленеді, шаруашылық аралық байланыстар үзілді, тұрғындардың өмір сүру деңгейі күрт нашарлады, адамдардың менталитеті абдыраған күйге ауысты, нарықтық өзгерістер мен реформалаудың оқыстан аяқсыз қалу қаупі төнді. Нарытық шаруашылыққа өту кезеңі басталғанда республикамызда ондай мамандар объективті себептермен жоқтың қасы болды.
Бағаны ырықтандыру нарықтық қатынастарға өтудің негізгі шарттарының бірі екендігі күмәнсіз еді, өйткені бәсекелестік арқылы анықталатын нарықтың басты (сұраныс пен ұсыныс) механизмінің күшіне енуі еркін бағалардың орнығуында ғана мүмкін. Алайда, көптеген зерттеулер мен әлемдік тәжірибеге сүйенсек, нарық таза күйінде ешқашан әрекет етпейді және әлеуметтік тұрғыдан жалаң нарық механизмдерінің кеміс тұстары аз емес екендігі белгілі. Кез – келген әлеуметтік – экономикалық жүйе мемлекеттік мененджменттік араласуы мен оңтайлы басқаруынсыз тиімді жұмыс істемейді. Мелекеттік менеджмент әрдайым дағдарысқа қарсы (антикризистік) менеджмент сапасында дайын болуға тиісті, бұл дегеніміз қандайда бір шараларды жүзеге асыруға кірісуден бұрын олардың салдарын болжау және ауыртпалылықтарын жұмсартудың жолдарын белгілеу қажет еді. Алайда, республикамызда реформалар басында алдын – ала есепсіз, яғни жауапсыз қадамдар жасалды. Нарықтық институттардың, әсіресе жекеменшік иелерінің жоқтығында аталмыш шараға беру үлкен асығыстық болды.
Бағаны ырықтандырумен байланысты бірінші қағиданы қадағалаудың салдары – инфляцияның шектен тыс асқынуы (1992 ж. - 3061%, 1993 ж. - 2265%) болды, кеңестік дәуір мұрасы ретінде жасырын формада болған ол ашық аласұрған сипат алды. Әлеуметтік – экономикалық феномен ретінде инфляция шаруашылық баланс пен гармонияның ауылын мүлдем аластады, соның ішінде экономиканың қан айналу жүйесі саналатын қаржы саласының тынысын тарылтты, сәйкесінше, қоғамдық ұдайы өндірістің тиімділігін кемітті. Созылымды терең дағдарыстың алғышарты жасалды.
1992 – 1993 жж., экономиканы
ырықтандырудың тағы бір шарты
ретінде, мемлекеттің
1992 – 1993 жж. аралығында жалпы қоғамдық өнім 30%-ға, ұлттық табыс 27%-ға, өнеркәсіп өнімін шығару 28%-ға және халық тұтынатын тауарлар 33%-ға қысқарды. 1991 жылмен салыстырғанда 1993 жылы халық тұтынатын азық – түлік тауарларының кемуі 40%-ды құрады. 1992 – 1993 жж. нарықтық экономиканы қалыптастыруға бағытталған макроэкономикалық саясаттың стихиялы нарықтық реттегіштерге негізделген, дағдарысқа қарсы мемлекеттік менеджменттің жоқтылығынан туындаған және әлеуметтік салдары халықтың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуіне әкелген гиперинфляция жағдайындағы макроэкономикалық тұрақсыздық билеген терең жүйелік дағдарыс кезеңі ретінде сипатталады. Бұл кезеңде экономикалық тиімділік пен әлеуметтік әділеттілік қағидаларының (принциптері) екеуі де ескерілмеді. Айта кету қажет, 1993 ж. қарашасында ұлттық валютаны енгізуге дейін Қазақстан үкіметтің макроэкономикалық саясаты белгілі дәрежеде Ресейде қабылданатын ұйымдардан тәуелді болды. Үкіметтің 1993 – 1995 жж. арналған дағдарысқа қарсы шаралардың ортамерзімдік тұңғыш бағдарламасының қауқарсыздығы, атап өткеніміздей, инфляция деңгейі 1993 ж. 2265%-ға жеткенде-ақ белгілі болды. 1994 ж. ортасында Елбасымыз республиканың сол кездегі министрлер кабинетінің жұмысына өте қатаң баға беріп, таратты.
Қазақстан үшін 1994 ж. дербес ақша – несие саясатын жасау мүмкіндігінің пайда болуымен ерекшеленеді. Ұлттық валюта енгізідгеннен кейін Ұлттық банктің өкілеттілігі артты. Сол жылдары қазіргі уақытта экспорттық қуатымыз анықтап отырған шикізаттық салаларда терең құлдырау байқалды. Мұнай өндіру көлемі бойынша Қазақстан 14 жылға кері, яғни 1980 ж. деңгейіне шегерілді. Мұнай өнімдерін (бензин, керосин) шығару екі есеге дейін төмендеді. Темір кенін өндіру 1960 ж. шойын мен болат өндіру 1970 ж. деңгейінен табылды. Осындай жағдайлардың орын алуында, экономикалық реформаларды жетілдірудің 15 айға (1994 – 1995 жж.) есептелген бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарламаның басты мақсаты өндірісті тұрақтандыру мен оның жандануына мүмкіндік беру үшін инфляцияны белгілі деңгейге ауыздықтау болды. Stand by бағдарламасының шарттарына орай, үкіметтің бағдарлама авторлары 1994 ж. аяғына қарай инфляцияның айлық деңгейін 7%-ға дейін, ал 1995ж. көкек – мамыр айларында 1-2%-ға дейін шегерудің амбициозды міндеттерін алға тартты. Алайда, 1994 ж. қорытындылары бойынша инфляцияның жылдық деңгейі 1258%-ды (орташа айлық мөлшері 105%), ал 1995 ж. – 160,5%-ды (орташа айлық мөлшері 14%) құрады. Дегенмен, инфляцияның әжептеуір ауыздықталғаны байқалды. Бұл ақша эмиссияның қысқартуға негізделген қатаң қаржы – несие саясатын қолданудың арқасында мүмкін болды. Экономиканы монетизациялау коэффиценті (ақша массасының ЖҰӨ-ге қатынасы) 1995 ж. 5,4%-ды ғана құрады. Дамыған елдерді айтпағанда, Шығыс Еуропаның Польша, Латвия , Эстония, Словения, Венгрия сияқты өтпелі экономика елдерінде бұл көрсеткіш 25%-дан кем емес болатын. Айналымдағы ақшаның тым аздығының салдарынан, төлем дағдарысы ушығып, жаппай бартерлік байланыстарға жол берілді.
1996 ж. басында республикамызда реформаларды тереңдетудің 1996 – 1998 жж. арналған ортамерзімдік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама амбициясы жағынан бастапқыларынан бәсең болды. Түпкі мақсаты тұрғысынан ол бес жыл бұрын алдағы қойылған міндетті – инфляцияның айлық деңгейін өндірісті жандандыруға қажетті 9-12%-ға дейін жеткізуді көздеді (қысқа мерзімдік макроэкономикалық тұрақтандырудың критерийі мен белгісі), меже 1997 ж. аяғына қарай ысырылды. Үкімет тарапынан болған мұндай бәсеңдік өткен бағдарламалардың сәтсіздігінен туындады. Сонымен қатар, әлеуметтік бағдарланған жаңа нарықтық қатынастарды қалыптастыруда нақты бәсекелестікті біртіндеп орнатудың әдістері күшіне енгізілу тиісті екендігі кеш те болса, түйсінілді, сөйтіп институционалдық реформалау процестерінің күрделілігі мойындалып, макроэкономикалық мәселелрге назар аударылды. 1997 ж. қатаң ақша – несие саясатының арқасында инфляцияның алғашқы көзделген межесіне жетудің арқасында қысқа мерзімдік макроэкономикалық тұрақтандыруды олжалдық деп жар салынды, алайда мемлекеттің сыртқы қарызының үлкендігі, салық саясатының икемсіздігі, нақты сектордың құлдырауы, төлем дағдарысының асқынуы сияқты экономикамыздағы келеңсіз құбылыстар оның негізінің әлсіздігін көрсетті.
Жалпы айтқанда, 1989 – 1998 жж. аралығын көптеген қазақстандық зерттеушілер республика экономикасын реформалаудың жүйелік дағдарыс кезеңі деп сипаттайды. 1998 ж. жалпы ішкі өнімнің құлдырауы 1991 ж. салыстырғанда 32,1%-ды ал 1989 ж. салыстырғанда 53,5%-ды құрады. Соның әсерінен оның орнын толтырудың мүмкіндігі 2010 жылдан ерте болмас делінді.
Жоғарыда болжауды Қазақстанның Даму Институты Адами даму жөніндегі 1997 ж. есебінде көрсеткен болатын. Содан бері біраз уақыт өтсе де, ол өміршеңдігін жоғалтқан жоқ. Экономиканың минералды – шикізаттық бағытталу дәресін төмендетіп, диверсификациялау саясатының арқасында өндеуші өнеркәсіп рөлін күшейтуге бағытталған Индустриалды – инновациялық стратегия бойынша өндірістің интегралданған жұйесін құру тек 2010 ж. белгілегендіктен, осы тұжырымның өзектілігі арта түседі. \13, 26-28 б.б.\
Сонымен, инфляцияға қарсы шаралар ағымдағы инфлцияның қысым жасауын азайтатын қысқа мерзімді әрекет шараларын білдіреді. Оның әдістері сұранысты бірге өсірмей ұсынысты кенет көбейтуге мүмкіндік береді. Мысалы, бағалар мен жалақы қатынастарына қатаң бақылау (бағалар мен жалақының өсуін уақытша тоқтату), кәсіпкерлікті салықтық ынталандыру, өмірлік маңызы бар салалар мен өндірістерді мемлекеттік шаруашылық шығындарды қолдау.
ІІІ-бөлім. Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясатының мәселелерін жетілдіру жолдары.
3.1. Инфляцияға қарсы осы замаңғы саясат шаралары
Инфляцияға қарсы саясат дегеніміз пайда болған инфляцияны болдырмау немесе тоқтату, ірку жөніндегі мемлекет іс жүзіне асыратын кешенді шаралар жиынтығы болып табылады. Дүниежүзілік теория мен оны іс жүзіне асыруда инфляцияға қарсы саясаттың әдістері мен шараларының мол тәжірибесі жинақталған.
Инфляцияға қарсы жүргізілетін саясат шараларын 3-сызбадан көре аламыз.
3-сызба.
Инфляцияға қарсы саясат.
Қазіргі кездегі инфляцияны толығымен жеңіп болдырмау мүмкін емес, өйткені оны шамдандыратын барлық факторларды жою және оның менанизмдерін қирату мүмкін емес. Себебі қайсы бір елде болмасын нарықтық экономика жағдайында бюджет тапшылығы, халық шаруашылында салалық сәйкестіктің бұзылуы, экономикадағы монополиялық құрылымдардың болуы, кәсіпкерлер мен халықтың инфляциялық жағдайды күтушілігі, елдер арасындағы қысқа мерзімдік капиталдармен алыпсатарлықтың ауыспалығының басқарылуға келмеуі т.б. тұрақты түрде болып отырады. Сондықтан инфляцияға қарсы саясаттың мақсатты инфляцияны басқарылатындай, оның деңгейін біркелкі жағдайда болатындай етіп ұстау болып табылады. Бұл мақсатты іске асыру үшін ақша-несиелік, бюджеттік, салықтық әдістердің мол жиынтығын, табыстық саясат саласындағы шараларды, сол сияқты тұрақтандырудың әр түрлі бағдарламаларын пайдалану, ақыр аяғында ақша реформасын жасау туралы батыл шаралар қолданылады. \16, 50 б.\