Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 15:20, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді, жағдайды, жалпы инфляцияны талдау және елдегі инфляцияға қарсы саясаттың құрылуы мен жүргізулуін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляциялық теориялық негіздерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай мәселелеріне талдау жүргізу;
- Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаттың мәселелерін жетілдіру жолдарын іздестіру.
Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтарды асқындырып жәберетіктен мемлекет инфляцияны бесеңдету және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды. Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы болады:
кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық мөлшерлемелерді, инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар қолданылды; компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді.
шаралар кешенін жүргізу. Инфляцияны төмендету жөніндегі шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет етуінің өндірістік-экономикалық, құқықтық, институционалдық, моралдық-адамгершілік сфералардың әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды десекте олардың шешушісі базалық, өндірістік-экономикалық сфера болып табылады.
Инфляцияға қарсы саясат
– инфляциямен күреске
Дефляциялық саясат – мемлекеттің шығындарын азайту, несие үшін паайыздық мөлшерлемерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша – несие және салық механизмі арқылы ақша сұранысын реттеуді қарастырады. Бұл сасат экономиканың өсуін тежейді.
Табыс саясаты – бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллелді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін. \5, 506-507 б.б.\
Индексациялау – ақшаның құсыздану нәтижесінде болған зиянның орнын толық немесе жартылай толтыру әдісін білдіреді. Бұл әдіс 1999ж. 5 сәуірде Қ. Р. Үкіметтің шешімімен “еркін өзгермелі валюта бағамына” өту барысында, АҚШ долларына қатысты теңге бағамынынң күрт төмендеуінен туындаған (мысалы, 1 АҚШ долларының бағамы 87,5 теңгеден 132,4 теңгеге және одан жоғары көрсеткішке жетті) халықтың екінші деңгейлі банктердегі теңгедегі салымдары бойынша зиянды мемлекеттің қаражаты есебінен қалпына келтіру мақсатында пайдаланылды. Сонымен қатар осы әдістің көмегімен, бұрынғы КСРО-ның Жинақ банкінде сақталған және 90-шы жылдардың басындағы орын алған қарқынды инфляцияның салдарынан құнсызданған халықтың жинақтары, қазіргі Халық Жинақ банкісі арқылы қайта қалпына келтіріліп, кезеңімен қайтарылу жұмыстары жүргізіліп жатыр. \4, 32-33 б.б.\
Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынысты шекетеудің әр түрлі әдістерін біріктіреді:
айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту.
жететіндігін азайту мақсатында орталықтандырылған несиелер үшін қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесің арттыру.
3. Несие мультипликаторын
қысу және коммерциялық
4. Сондай мақсаттарда
Орталық банктің талаптарын
Инфляцияға қарсы фискалдық
саясат салықтарды көбейту, мемлекеттің
шығыстарын қысқарту және осының негізінде
мемлекеттік бюджеттің
Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл процесті бюджет сферасына да, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қатысты материалдық өндіріс сферасында да таратуды қажет етеді. Бұл жерде мынаны ойда ұстаған жөн: соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфляцияның екінші құрамдас бөлігіне – шығындар немесе өндірушілер инфляциясына қатысты болып отыр, сондықтан олардың ықпалы бөлек қарастырылатын болады. Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:
а) тура әдістермен – шектеумен (рестрикциялармен), яғни заңнамалық актілер немесе өкіметті мемлекеттік орындардың өкімі негізінде қол жеткен деңгеймен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы;
ә) секвестірлеу әдісімен – барлық шығыстарды әр түрлі факторлармен анықталатын төмендетудің берілген жалпы мөлшеріне сәйкес үйлесімді төмендетумен;
б) қолда бар кірістердің деңгейін бақылаумен;
в) мемлекеттік бюджет тапшлығының деңгейін шектеумен.
Мыналардың нәтижесінде инфляцияның екінші типін – шығындардың өсуінен туатын инфляцияны жою проблемарын шешу неғұрлым қиынырақ болып келеді:
бұзылуына байланысты еңбек өнімнің төмендеуі;
көтереді.
Өндіріс шығындарымен байланысты болатын инфляцияны жою өзара
байланысты проблемалардың
бірнеше күрделі блоктарын
Инфляцияға ықпал етудің ең түбегейлі құралы экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберінде бағамен жалақыға бақылау қою болып табылады. Баға мен жалақыны реттеудің ауқымдарын таңдау қысқа мерзімді саясат бағдарламарында айқындалады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп отырады. Жалақыны реттеу бастапқы деңгейден еңбек өнімділігінің нақты артуына қатаң байланыста жүзеге асырылады, өйткені машиналды жалақы мөлшерлемелерінің еңбек өнімділігі өсуінің қарқынына тең өсімі өзінің сипаты бойынша инфляциялық емес болып табылады.
Сыртқы экономикалық қызметті қамтып көрсететін төлем балансы тарапынан инфляцияны төмендету шаралары оның құрылымын жқсартуда болады. Бірінші кезекте бұл тауарлар мен қызметтердің, яғни экспорттық-импорттық операциялардың қозғалысымен байланысты болатын ағымдағы операциялар бойынша теңдікке жетуге қатысты болады. Төлем балансының ағымдағы тапшылығын қысқартуға жалпы импортталатын тауарлар мен қызметтерге ауыстыру есебінен, сондай-ақ сыртқы сұранысқа қарағанда экспорттық өндірістің икемділігін арттыру есебінен жету керек. Бұған реалистік деңгейде валюта бағамын белгілеу саясатын жүргізу, инфляциялық серпіліс кезеңінде сауда және валюталық шекетеулердің ұтымды ұштасуы және инфляция қарқыны төмендеген кезде сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру арқылы жетеді. \5, 507-510 б.б.\
Қорыта келгенде, инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. Қазақстан Республикасы экономикасындағы инфляциялық процестер шаруашылықтың жалпы құлдырауымен, экономикалық байланыстардың бұзылуымен, тым өсіп кеткен басқару аппаратын қаржыландырумен байланысты. Сондықтан ресурстарды үнемдеу және бюджет тапшылығын жою инфляцияға қарсы саясат жүргізудің басты құралына айналды.
3.2. Қазақстан
Республикасының инфляциямен
Қазақстан Республикасындағы инфляцияны төмендету жөніндегі атқарушы органдардың іс-әрекеттері жүйелік сипатқа ие емес, ол тек жартылай шешімдермен шектеледі. Үкіметтің инфляцияға қарсы күрес бағдарламасы теориялық тұрғыдан әлі анық емес. Үкімет осы бағдарламаны сипаттайтын арнайы құжатты дайындап, оны осы жылдың екінші жартысында басып шығарады деген, бірақ бағдарлама әлі жарық көрген жоқ. Қазақстанда бағалардың құрылымы әлі күнге дейін толығымен экономикада болатын өзгерістерді көрсетпей, нарықтық сипатта болып отыр. Мысалы, өткен жылдың күзінде жанармай мен дизель отыны бағалары лезде ауытқыды, яғни бірнеше күн ішінде үш есе қымбаттады. Бұл жағдай әкімшілдік әсер ету арқылы жойылды, бірақ мұндай жағдай қайтадан қайталанбайтындығына кім кепілдік береді. Қазір ақшаның көптігі туралы емес, тауардың жетіспеушілігі, яғни “сұраныс инфляциясы” туралы айту керек. Халықтың тұтынушылық қабілетінің өсуі соңғы екі жыл ішінде сұраныс пен бағаның өсуіне алып келеді. Қызметтер тарифтері, жанармай бағалары өсті. Алдыңғы жолдардағы ақша ұсынысының тез өсуі де өз әсерін тигізді және тұтынушылар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың дисбалансы жойылмайынша бағалардың өсуі жалғаса береді. Бір сөзбен айтқанда, ең басты, ұлттық өнім өндірісін арттыру, ұлттық валютаның тұрақты бағамын сақтау, бәсекелестік ортаны күшейту үшін жағдайлар туғызу негізінде инфляцияны төмендетуге болады. Елдегі инфляциямен күрес жүргізу үшін азық-түлік нарығының “демонополизациясымен” қатар негізгі тамақ өнімдерін өндіруді арттыру жүргізілуі қажет. Сонымен қатар монополияға қарсы шаралардың тиімділігі мен жылдамдығын арттыру, монополияға қарсы заң актілерін қолдану қажет. Инфляциямен күресу үшін тек ақша-несие саясатымен шектелмей, басқа да қажетті шараларды қолдану керек. Басқаша айтқанда, бағалар саласында проблемаларды шешу кешенді жол табуды қажет етеді. Егер де Үкімет сөзбен іске көшпесе, инфляцияның өсу қарқынын тоқтату мүмкін емес. Дамыған елдерде тұтыну бағаларының 3%-дан асуы дағдарыс ретінде қабылданады. Ал біздің елде шенеуніктердің инфляцияны 3-5%-ға төмендету жөніндегі болжамы орындалмай қалды. Ендігі үкіметтің келесі екі жылға арналған инфляцияның болжамы – 5-7%. Алайда, өткен жыл динамикасына қарағанда, инфляцияны бұл деңгейге түсіру мүмкін болатынына сену өте киын. \9, 3 б.\
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2007ж. инфляция осы жыл көрсеткішінен аспайды, яғни 8,5% шегінен шықпайды деп болжап отыр. Елдің бас банкирі Анвар Сайденовтың айтуы бойынша, Ұлттық банк екі сценарийді қарастырады: “төмен бағалар сценарийі” және “жоғары бағалар сценарийі”, яғни олар мұнай нарығында тұрақтылықты сақтап қалу үшін және инфляцияны белгіленген шекте ұстап қалу үшін әрекет етеді. Сайденовтың сөзі бойынша, инфляция бірнеше жыл ішінде біркелкі себептер әсерінен пайда болады. Олар: жалпы сұраныстың жалпы ұсыныс көлемінен асатын жоғары деңгейі, еңбек өнімділігінің өсуінен жалақының жоғары өсуі, ЖІӨ өсуінен асатын табыстардың тез өсуі, отандық тауарлар мен қызмет көрсетулер нарықтарындағы бәсекелестіктің төмен деңгейі. Ұлттық банк төрағасы ертеректе банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 9%-ға дейін және депозит бойынша мөлшерлемені 4%-ға көтергенін еске салды. Осы жыл ішінде екінші деңгейдегі банктердің қаржысын 7 трлн. 300 млрд. санасында тарту бойынша депозиттік операциялар көрсетілді. “Егер бұл жеткіліксіз болса, Ұлттық банк ликвидтілікті айықтыру көлемін көбейтіп, мөлшерлемелерді өзгерте бастайды. Бірақ қазір нарықта артық ликвидтілік жоқ”, - деді депутат Анвар Сайденов.
Осы жылдың сәуір айында елбасшы Нұрсултан Назарбаев Үкімет басшылығымен және Президент Әкімшілігімен елдің қаржы – экономикалық жағдайы, инфляцияға қарсы күрес, 2006 жыл бюджетін анықтау, монетарлық және фискалдық саясат мәселелеріне арналған жиналыс өткізді. Кейінірек 2006 ж. 19 сәуірде Бақылау агентігінің жылдық есебін тыңдау үшін Қ. Р. Президентінің кездесуі өтті. Н. Ә.Назарбаевтың сөзінде мемлекеттік органдардың алдына нақты мақсаттар қойылды. Президент “экономикалық өсудің басты шарты болып табылатын қабылданған барлық мемлекеттік бағдарламалардың сәтті жүзеге асырылуына мүмкіндік беретін инфляцияның төмен деңгейін қамтамасыз ету” қажеттілігін атап өтті. Ол үшін:
Біріншіден, Ұлттық банк пен Үкімет үлгідегі іскерлік активтілігінің жоғары деңгейіне сәйкес инфляцияны төмендету, яғни инфляцияға қарсы күрес бағдарламасын жүргізу.
Екіншіден, Валюта жүйесінің либерализациясына сәйкес Ұлттық банк бұл проблеманы бөлшектеп талдап, бұл жағдайдың дамуының болжамын құрастыру керек.
Үшіншіден, Үкімет Ұлттық банкпен бірге отырып мемлекеттік қарыз бен жалпы сыртқы қарыздарды басқарудың бірегей жүйесінің концепциясын ойлап шығару.
Төртіншіден, Ұлттық банк қаржылық бақылау және Үкіметпен бірге отырып орта мерзімді кезеңде қаржы секторын дамуының жаңа кешенді концепциясын бекіту керек.
Қазіргі уақытта Қ. Р.Ұлттық банктің алдында инфляция деңгейін қадағалау және теңге бағамының машиналды бекітілуін болдырмау мәселесін шешу міндеті тұр. Бұл мәселенің ең басты қиыншылығы – бұл бір уақытта инфляция және айырбас бағамы бойынша ориентирлерді орнату және оған жету мүмкін емес. Ұлттық банк заңға сәйкес өз іс - әрекетінде біріншіден, бағалардың, яғни инфляция деңгейінің тұрақтылығына жету керек. Осыған сәйкес Ұлттық банк 2004 ж . болашақта инфляциялық таргеттеуге өту туралы хабарлады. Бірақ бұл жағдайда теңгені нығайту процестерін бақылау жоғалады. Инфляция құрылымына келсек, ТБИ – нің жалпы өсімінде инфляцияның монетарлық құрамының бөлігі Ұлттық банктің соңғы есебі бойынша шамамен 45%-ды құрайды. Ал қалған 55%-ы монетарлық емес факторларға келеді. Олардың ішінде: әлсіз бәсекелестік орта, әкімшілік тосқауылдар. Монетарлық көзқарас бойынша, инфляциялық спираль былай бұрмаланады: Ұлттық банк шикізат ресурстары экмпортынан түсетін валютаны, көбінесе АҚШ долларын сатып алады, сол арқылы валюта нарығындағы сұраныс пен жоғары ұсыныс арасындағы үлкен айырмашылықты қамтамасыз етеді, ал оның орнына теңгені ақша айналысына шығарады. Ал теңгені нығайтуға келсек, онда теңгенің долларға формальды нақты нығаюы 2001 ж. басталды, ал номиналды – 2003 ж. 2000ж. теңгенің АҚШ долларына сай нығаюы 32% құрады. Ал енді теңгенің нақты айырбас бағамының негізгі сыбайлас елдерге сай және теңгенің нақты айырбас бағамының евроға сай нығаюы Ұлттық банктің мәліметтері бойынша тек 2004 ж. басталды. Формальды түрде, монетарлық көзқарас тұрғысынан, Ұлттық банк инфляцияны төмендету мақсатында валютаны сатып алудан бас тартуына болады, бұл теңгенің номиналды нығаюына алып келеді. Қ. Р. Ұлттық банкі “салмақты” түрде валюта нарығына қатысатынын хабарлады. Теңгені нығайту сондай – ақ Ұлттық банктің өзіне зиян келтіреді, себебі бухгалтерік есеп мақсатында теңгенің ресми резервтерінің шетел валютада сақталуының конвертациясы кесірінен Ұлттық банктің балансы төмендеуі мүмкін. Қазір, Ұлттық банк инфляциямен күресу мақсатында теңгені нығайтуды анық таңдады. \8, 15- 19 б.б.\