Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 15:20, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді, жағдайды, жалпы инфляцияны талдау және елдегі инфляцияға қарсы саясаттың құрылуы мен жүргізулуін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляциялық теориялық негіздерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай мәселелеріне талдау жүргізу;
- Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаттың мәселелерін жетілдіру жолдарын іздестіру.
Қазір Қазақстан Республикасында бірқалыпты инфляция тенденциясы байқалып отыр. Басқа елдер тәжірибесіне сүйенсек, одан шығу көптеген зардаптар, қиыншылықтар әкелуі мүмкін. Жалпы инфляцияны төмендету бойынша тұрақтандыру бағдарламарын жүргізудегі жетістіктер монетарлық емес сипаттағы көптеген факторларға және Ұлттық банктің әрі қарайғы іс - әрекетіне байланысты. Инфляцияға қарсы күрес - ақша – несие саясатының ең басты мақсаты. Ол үшін ақша саясатының басқарылатын либерализация есебінен инфляциялық өсудің теріс әсерлерін азайту мақсатында нақты айырбас бағамының иімділігін қамтамасыз ету керек. Бағалардың тұрақтылығы негізгі мақсат ретінде бекітіліп қойылған. Соңғы жылдардағы мемлекеттік экономикаға тән тұрақты экономикалық өсу жағдайындағы инфляцияның монетарлық емес факторларды емес факторларды инфляциямен күресі үшін тосқауыл болып отыр. Қалыпты инфляцияның себебі, ең басты, құрылымдық факторларды: қызметтерге әрдайым өсумен сипатталатын бағалардың өзгермелі құрылымын; ресурстарды тиімсіз бөлуге әкелетін салықтар төленетін энергоресурстар бағаларының төмендетілуін жинау болып саналады. \6, 5-7 б.б.\
Қорыта келгенде, инфляцияға қарсы саясатты құрған кезде экономиканың құрылымдық проблемаларын, баға белгілеудегі мемлекет саясатын, банк жүйесінің тұрақсыздығын, өтпелі экономика кезеңіндегі инфляцияның басты себебі болып табылатын сыртқы факторлардың әсерін талдау қажет. Сондықтан монетарлық және несиелік саясаттың бюджет жетіспеушілігін қаржыландыруды шектеу, ақша айналысының либерализациясы, монетарлық тәсілдерді реттеудегі Ұлттық Банктің тәуелсіздігі сияқты қосымша құралдарына және құрылымдық саясатты жүргізу, бәсекелес экономикалық ортаны құру мақсатында монетарлық емес тәсілдерді қолдану эффективтілігіне сүйенетін инфляцияға қарсы күрес жүргізудің тиімді әдістерін активизациялау қажет.
3.3. Әлем елдеріндегі
инфляцияға қарсы саясат
Инфляцияны басқаруды жақсарту және инфляцияға қарсы саясат шараларының бірі ретінде қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде инфляциялық таргеттеуге үлкен маңыз беріледі. Қ. Р. Ұлттық банкінің негізгі міндеті ретінде бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету ақша – несие саясатындағы мүлделі жаңа айқындама Ұлттық банк жариялаған Еуроодақ стандарттарына және инфляциялық таргеттеуге көшумен үйлеседі. Инфляциялық таргеттеу қағидаттарына дайындық және оған көшу ақша базасы бойынша мақсатты көрсеткіштерден біртендеп бас тарта болжайды. Соңғы жылдары формальды мақсатты инфляциялық көрсеткіштерді белгілеуге негізделген ақша – несие саясаты өнеркәсібі дамыған елдерде ғана емес, нарықтық экономикасы қалыптасып келе жатқан елдерде де кеңінен қолданылуда. Инфляцияның мақсатты көрсеткіштері және олардың жүйесі жүргізілетін ақша – несие саясатына деген сенімді арттырады. Инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерді қолданатын өтпелі экономикасы бар елдер қатарының өсуі жүйенің артықшылықтары бар екендігінің жанама белгісі болады.
Австралия, Канада, Финляндия , Жаңа Зеландия, Испания, Швеция, Ұлыбритания елдері инфляцияға қарсы саясат шарасы ретінде инфляцияның мақсатты таргеттеуін қолданады. Сонымен қатар нарықтық экономикасы қалыптасып келе жатқан көптеген елдерде де: Бразилия, Чили , Чехия, Израиль, Польша, Оңтүстік Африка Республикасы инфляцияны таргеттеуге көшеді. Қ. Р. Ұлттық Банкі нарықтық мөлшерлемесімен айқындалатын кейбір дәлізде ұстап тұру арқылы инфляцияны басқаруды көздейді. Сонымен бірге инфляциялық таргеттеу тетігінің мынадай түрі болады: Ұлттық Банк репо мөлшерлемесі мен оның өзгерістері дәлізінің енін өзгерте отырып бантік резервтер мен банкаралық пайыздық мөлшерлемелер арасындағы беллгілі бір балансқа қол жеткізеді. Банкаралық иөлшерлемелер өз кезегінде, несиелер мен депозиттер бойынша банктік мөлшерлемелерге ықпал етеді, сонымен қатар банктік өнімділікті, яғни инфляцияны да айқындайды. Инфляциялық тареттеу кезіндегі негізгі құралдар ашық нарық операциялары болады. Ашық нарық операцияларына ішкі нарықтан бағалы қағаздарды, оның ішінде кері сатып алу міндеттемесімен сатып алу және сату кіреді. Мемлекеттік бюджет орнықты болғанда, макроэкономикалық тұрақтылық және қаржы жүйесінің тұрақтылығы, орталық банктің тәуелсіздігі, ақпараттың ашықтығы жағдайларында инфляциялық таргеттеу табысты енгізілуі мүмкін. Қазіргі кезде Қазақстанда осы алғышарттардың барлығы бар. Қазіргі уақытта инфляциялық таргеттеуді енгізуге дайындық шеңберінде мынадай шаралар қабылданды: Ұлттық Банк 2000 ж. бастап ақша – несие саясатын жоспарлаудың үш жылдық деңгейін белгіледі. 2004 ж. бастап инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер “базалық инфляция” индексі қолданыла отырып белгіленеді. Бұл индекс монетарлық емес факторлар бағаларының деңгейіне дағдарыстық ықпалын жояды және инфляциялық роцестердің негізгі үрдістерін көрсетеді. 2004 жылдың қаңтарынан бастап Ұлттық Банктің мақсаты ретінде бағаларды тұрақтандыру және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға тиым салу міндеті заңмен бекітілді, бұл инфляциялық таргеттеу енгізудің қажетті шарттарының бірі болып табылады. 2002 жылдың қазан айынан бастап Халықаралық валюта қоры Ұлттық Банке инфляциялық таргеттеу тетігін әзірлеу мәселелеріне қатысты ақпараттық және консультациялық көмек көрсетіп келеді.
Инфляциялық таргеттеуге көшуге қажетті база жасау үшін Ұлттық Банктің алдында бірқатар мынадай ірі проблемаларды шешу міндеті тұр:
\2, 511-513 б.б.\
Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алғаннан бастап, өтпелі
экономикасы бар барлық басқа елдердегі сияқты, ең бірінші кезекте өндірістің төмендеуін тоқтату және перманентті экономикалық өсуге алып келетін экономикалық жағдайларды құру ең басты мақсаты болып табылатын экономиканы тұрақтандыру бағдарламасын жасау жөнінде мәселе туды. Инфляцияның өсу қарқынын бақылау экономиканы тұрақтандыру мен экономикалық өсудің ажырамас компоненті болып саналады. Өйткені инфляцияның төмен деңгейін сақтап қалу және нақты ЖІӨ-нің өсуі кез келген экономикалық бағдарламаның мақсаты болып табылады. Қалаулы макроэкономикалық көрсеткіштерге жету үшін жаңа қалыптасқан жағдайларда экономикалық бағдармалардың авторлары анық инфляцияға қарсы саясатсыз жұмыс істей алмайды. Бағалардың тұрақтылығы және инфляцияны болжау мүмкіндігі кәсіпкерлерге өздерінің инвестициялық активтілігін көтере отырып, мемлекет экономикасының өндірістік мүмкіншіліктерін кеңейтуге негіз салады. Осыған байланысты Қазақстандағы инфляция динамикасын экономикалық реформаларды жүргізудің табысты индекаторы болып отыр. \5, 33 б.\
Нарықтық экономикаға өту келесі құраушылардың: сұраныс пен ұсыныс; кіріс пен шығыс, ақша массасы, айналыс құралдары мен инвестицициялық ресурстардың өзара байланысын білдіреді.
Бұған мемлекетсіздендіру және жекешелендіру жолы арқылы, яғни жекеменшік институтын енгізу арқылы жетуге болады. Мемлекеттің ақша – несие, салық – бюджеттік, бағалық және монополияға қарсы, инвестициялық және технологиялық саясаттары негізінде экономикалық саясат құрылады. Бұл екі деңгейлі банк жүйесін құруды, алтын валюта резервін жинақтауды, жаңа қаржы, қор биржасы, салық және кеден органдарының, яғни жалпы мемлекеттік институттардың құрылуы мен дамуын талап етті. Бірінші кезекте, басты мәселе басқарудың әкімшіл - әміршіл тәсілдерін ауыстыру болды. Егер бұл мәселе шешілмесе, өзге де проблемаларды жою мүмкін емес еді. Тұтыну тауарларының өндірісі азайды, дүкендердің бос болуы сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігін көрсетті. Енді тек бағаларды өсіру есебінен пайданы арттыру басталды. Өсіп келе жатқан гиперинфляцияның тауар жетіспеушілігі жағадайында бола отырып, нарыққа өтудің басты қадамы ретінде бағалардың либерализациясы басталды. Классикалық схеманы, яғни сұраныстың ұсынысты тудыруын бастап қажет еді. Бірақ бұл халыққа кері әсер етті, себебі бағалар тез өсіп кетті. Кеңестік экономикада бағалар сұраныс пен ұсыныстың байланысынан емес, саяси және идеологиялық мотивтер бойынша бекітілді. Сондықтан ол әрқашан жетіспеуші және инфляциялық болды. Жоспарлы экономика тәсілдері арқылы тауарлар және қызметтермен қамтылмаған артық ақша проблемасын шешу мүмкін емес. Белгіленген бағадан еркін бағаға өту сәтсіз болды, себебі бұл жағдайдан тек бір жол арқылы шығуға болады: ашық инфляцияға жасырын инфляцияны айналдыру арқылы. \15, 5-6 б.б.\
Әкімшілдік - әміршілдік
жүйеден нарықтық экономикаға өту
үшін, осы бағыттағы әлемдік