Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 15:20, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді, жағдайды, жалпы инфляцияны талдау және елдегі инфляцияға қарсы саясаттың құрылуы мен жүргізулуін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляциялық теориялық негіздерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай мәселелеріне талдау жүргізу;
- Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаттың мәселелерін жетілдіру жолдарын іздестіру.
\6, 3 б.\
ТБИ төмен табыс алатын және жоғары табыс алатын халық топтары үшін 2004ж. бірдей 107,7%-ды құрады. 2005ж. нашар қамтылған тұрғындар тобы үшін ақылы қызметтерге шығындар 9,6%-ға өсті. Бұл көрсеткіш мемлекет бойынша орташа көрсеткіштен (8%) 1,6%-ға артық. Ол, ең алдымен, тұрғын үй - коммуналдық саланың қызметтеріне шығындардың 10,8%-ға артуымен байланысты. Бұл топтық азық-түлік емес тауарларға бағалардың өсуі орташа көрсеткіштен 0,5%-ға жоғары болды, оның ішінде, ең басты киім, тұрмыстық заттар және жеке гигиена тауарларына күнделікті ұсыныстың қарқынды өсуінен болды. Жақсы қамтылған халық тобының ақылы қызметтерге шығындары орташа көрсеткіштен 0,2%-ға өсті, азық-түлік тауарларына – 0,5%-ға. Базалық инфляция 2005ж 6,9%-ды, ал 2004ж. 6,6%-ды құрады. Оның өсу тенденциясы 2005ж. жыл бойы байқалды. Екінші тоқсандағы аз ғана баяулау үшінші және төртінші тоқсандарда қайтадан жанданды, ал қазан айында инфляция ең жоғары көрсеткіші – 0,9%-ға жетті. Бұны 3-суреттен көруге болады.
3-сурет.
2004-2005 жж. базалық инфляция мен тұтыну бағаларының индексі.
------------ базалық инфляция,
\3, 3-4 б.б.\
Қазақстанда азық-түлік өнімдердің қымбаттауы басқа тұтыну тауарларының бағаларының өсу қарқынынан асып отыр. Олардың бағаларының өсуі 2004ж. 7,4%, 2005ж. 8,1%-ға дейін байқалды, бұл инфляцияны 4%-ға өсірді. Бұл мәліметтер 4-кестеде көрсетілген.
4-кесте.
Жекелеген тауар топтарының тұтыну бағаларының өсуіне қосатын үлесі.
Тауар тобы |
2004 ж. |
2005 ж. | ||
Өсімі |
Үлесі |
Өсімі |
Үлесі | |
ТБИ |
6,7 |
7,5 |
||
Азық-түлік тауарлары |
7,4 |
3,7 |
8,1 |
4,0 |
Нан және ұн өнімдері |
8,5 |
1,1 |
3,4 |
0,4 |
Ет және ет өнімдері |
12,3 |
1,3 |
12,5 |
1,4 |
Сүт, ірімшік, жұмыртқа |
12,4 |
0,6 |
6,9 |
0,3 |
Жеміс-көкөніс өнімдері |
5,9 |
0,3 |
23,1 |
1,0 |
Азық-түлік емес тауарлар |
6,2 |
1,5 |
5,9 |
1,4 |
Киімдер |
6,6 |
0,8 |
7,5 |
0,9 |
Автомобиль жанармайы |
14,1 |
0,3 |
3,2 |
0,1 |
Ақылы қызметтер |
5,9 |
1,5 |
8,0 |
2,1 |
Тұрғын үй-коммуналдық |
3,0 |
0,4 |
7,4 |
1,1 |
Жолаушылар транспорты |
10,3 |
0,3 |
6,0 |
0,2 |
Білім беру |
10,7 |
0,2 |
19,5 |
0,4 |
\6, 5 б.\
Мұндай динамиканың
себебі өспелі сұраныс жағдайындағы
ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудегі
жануарлар тамағының
5-кесте
Инфляция және оның тұтыну нарығындағы белгілері.
Инфляцияның белгілері |
жылы |
Бірінші тоқсан |
Екінші тоқсан |
Үшінші тоқсан |
Төртінші тоқсан |
Инфляция | |||||
2003 |
6,8 |
1,7 |
0,5 |
0,5 |
3,8 |
2004 |
6,7 |
1,5 |
0,8 |
1,4 |
2,8 |
2005 |
7,5 |
1,9 |
1,6 |
1,4 |
2,5 |
2005 2004-пен салыстырғанда |
0,8 |
0,4 |
0,8 |
- |
-0,3 |
Базалық инфляция | |||||
2003 |
5,6 |
0,9 |
0,4 |
0,8 |
3,3 |
2004 |
6,6 |
1,4 |
1,0 |
1,5 |
2,6 |
2005 |
6,9 |
1,5 |
0,9 |
1,9 |
2,4 |
2005 2004-пен салыстырғанда |
0,3 |
0,1 |
-0,1 |
0,4 |
-0,2 |
Тұрғын үй-коммуналдық | |||||
2003 |
5,1 |
0,9 |
1,0 |
0,4 |
2,8 |
2004 |
3,0 |
0,3 |
0,8 |
0,3 |
1,6 |
2005 |
7,4 |
2,0 |
0,9 |
3,3 |
0,9 |
2005 2004-пен салыстырғанда |
4,4 |
1,7 |
1,0 |
3,0 |
-0,7 |
Жеміс-көкөніс өнімдері | |||||
2003 |
22,3 |
21,1 |
6,4 |
-15,9 |
12,9 |
2004 |
5,9 |
9,3 |
-3,0 |
-7,4 |
7,9 |
2005 |
23,1 |
16,6 |
11,3 |
-11,1 |
6,8 |
2005 2004-пен салыстырғанда |
17,2 |
7,3 |
14,3 |
-3,7 |
-1,1 |
Автомобиль жанармайы | |||||
2003 |
20,7 |
-4,7 |
-9,8 |
33,6 |
5,2 |
2004 |
14,1 |
-9,5 |
4,6 |
17,2 |
2,9 |
2005 |
3,2 |
-11,9 |
10,8 |
12,4 |
-5,9 |
2005 2004-пен салыстырғанда |
-10,9 |
-2,4 |
6,2 |
-4,8 |
-8,8 |
\6, 5 б.\
Өткен жылы азық - түлік емес тауарлар секторында динамиканың бәсеңдеуі байқалды. Оларға бағалардың өсуі 2005ж. 5,9%-ды көрсетті, ал 2004ж. -6,2%, бұл инфляцияға 1,4%үлес қосты. Бұл тауарлар бағаларының динамикасы киім және аяқ киім бағаларына 7,5%-ға әсер етті (2004ж. 6,6%). Бұның инфляцияға қосқан үлесі 2005ж. 0,9%-ды құрады. Ер және әйелдер сыртқы киімдерінің жекелеген түрлеріне бағалар 12%-ға өсті, ал балалар аяқ киіміне - 10%-ға. Жеке гигиена тауарлары 4,8%-ға, үй шаруашылығы заттары – 4,6% және дәрі-дәрмектер 2,1%-ға қымбаттады. Жанармай нарығы тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Бағалардың тез өсуі олардың түсуімен ауысып отырды. Мұндай динамиканың себебі – ішкі және әлемдік нарықтағы мұнай және оны өндеу тауарларына конъюнктураның өзгермелі болуы. 2005ж. екінші кварталында жанармай бағасы 10,8%-ға өсті. Бұл жағдай жанармайға сұраныстың өсуімен және отандық өндірушілердің оған бағаны өсірумен байланысты болды. Жалпы, өткен жылы жанармай бағаны 3,2%-ға өсті, ал 2004ж. – 14,1%. Бұл жағдай 4 және 5-кестелерде көрсетілген.
Бұл тауарлар бағаларының төмендеуі үкіметтің қолданған шараларына және мұнай, мұнай өнімдерін өндіретін ірі компаниялардың жергілікті атқарушы органдармен мұнай өнімдері нарығындағы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету туралы келісімге қол қоюмен байланысты. Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық қызметтеріне тарифтердің өсуі 2005ж 7,4%-ды құрады, инфляцияның өсуіне 1,1% үлесін қосты. Бұл фактордың ықпалы 2005ж. екінші жарты жылдыққа келді, бұл осы кездегі тұтынушылар бағаларының өсу қарқынын жылдамдатты. Газға төлем 2005ж. 34,5%-ға өсті, үйді қамтамасыз ету – 9,6%, суға төлем -2,2%, жылу – 1,3%-ға қымбаттады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық тарифтерінің өсуі отынның негізгі түрлерінің бағаларының өсуімен сәйкес жүрді: көмір 11,6%-ға, мазут 10%-ға, ағаш 17%-ға қымбаттады. Мемлекет бағаларына бақылау жүргізген көрсетілетін қызмет түрлері қымбаттады. Өткен жылы білім беру мекемелерін қызметтеріне тарифтер 19,5%-ға, қонақ үй және мейрамхана қызметтеріне тарифтер 10%-ға тез өсіп, 2004 жылғы көрсеткіштен асып кетті.
Өнеркәсіптік өндірістің келесі кезеңдерінде қолданылатын өнімдер бағалары 2002-2005 жылдарда екі есе қымбаттады, өндіріс құралдарының бағалары - 18%-ға. Тұтыну тауарларына осы кездегі баалар 8%-ға өсті, яғни олардың өсімі 2003ж. 1,3%-дан 2005ж. 6,3%-ға артты. Өндірушілер бағалары экономикалық жағдайлардың өзгерісіне тез бейімделеді. Оларға тұтыну тауарларының динамикасымен тығыз және формальді байланыс тән. 2003ж. кәсіпорын - өндірушінің бағаларының өсуі 0,9%-ға инфляциядан қалысты, 2004ж. одан 17,1%-ға асты, ал 2005ж. 12,8-ға артты. Бұл көрсеткіштерді 6-кестеден көруге болады.
6-кесте.
2001-2005 жж. өнеркәсіп өнімін
өндіруші-кәсіпорындар
Өнім |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
Өнеркәсіп – барлығы |
85,9 |
111,9 |
105,9 |
123,8 |
120,3 |
Өндіріс құралдары |
102,7 |
98,7 |
102,3 |
104,7 |
112,0 |
Аралық тұтыну өнімдері |
81,8 |
114,5 |
107,3 |
129,6 |
124,0 |
Тұтыну тауарлары |
99,6 |
96,6 |
101,3 |
103,9 |
106,3 |
\6, 5-7 б.б.\
Қазақстан Республикасының шикізат секторын экономикалық өсу, халық табысының, инфляциялық процестердің өсуі және оның қызып кетуінің басты көзіне жатқызамыз. Қазақстанда мұнай секторы сұраныс инфляциясын тудырады. Бұны 4-суреттен байқауға болады.
4-сурет.
2001-2005 жж. мұнай-газ өндірісі мен инфляция деңгейі.
-------- мұнай-газ
өндірісі,
Қазіргі уақытта мұнай-газ өнімдерініне бағалардың өсуі инфляцияның дамуына әсер етіп отыр. \7, 41б.\
Сонымен, қорыта келгенде,
Қазақстан Республикасында
2.2. Қазақстан
Республикаындағы инфляциялық
Қазақстан Республикасы экономикасының қызуы проблемаларын қарқынды түрде қарастыру Қ.Р. Премьер – министрі үкімет отырысында жарияланғаннан кейін 2005ж. жазда басталды. Бірақ одан бұрын 2001ж. басында бұл проблеманы әйгілі экономист А. Есентугелов өзінің “Экономиканың ақшамен қызуы қауіпі” атты мақаласында көтерген болатын. Көптеген ресми тұлғалардың айтуы бойынша, “мемлекет экономикасының қызуы”, ең алдымен, ұлттық шаруашылықта инфляциялық процестердің дамуын білдіреді. 2006ж. қарай инфляцияның алты жыл бойы төмен деңгейде өсуіне байланысты жұмыссыздық та, инвестиция да маңызды проблемалар болып саналған жоқ. АҚШ-та қоғамдық көніл-күйдің мониторингі үшін әйгілі экономист А. Окун ойлап шығарған кедейшіліктің индексі, яғни инфляция мен жұмыссыздық санасы, қолданылады. Индекс жоғары мәнге ие болған сайын инфляция мен жұмыссыздық елдің ең басты проблемасына айналытынын көруге болады. АҚШ-та инфляция мен жұмыссыздық жоғары деңгейге жеткен кезде олар жалпы ұлттық проблема ретінде қаралады және сайлаудың нәтижесіне әсерін тигізеді. Олардың деңгейі төмен болған кезде олар маңызды сұрақтар тізімінен сызылып тасталынады. Қазақстанда соңғы кезге дейін кедейшілік индексі тек төмендеп қана отырды. Бұны 5-суреттен көруге болады.
5-сурет.
1995-2005 жж. аралығындағы Қазақстандағы
кедейшілік индексінің
Қ.Р. Премьер – министрі Д. Ахметовтың және басқа да ресми тұлғалардың сөздері бойынша және құжаттарға қарап инфляцияның басты көзі – энерготасушылар экспортынан түскен валюталық түсім, яғни сыртқы сауда секторы және “инфляция импорты”, мемлекеттік бюджет, белгілі тауар нарықтарындағы жетіспеушілік болып табылады. \8, 14-15 б.б.\
Соңғы жылдар ішінде бағалар саласында ең сәтті 2001ж. болды, бұл кезде Қазақстанда инфляция 6,4%-ға төмендеді. Одан кейін де инфляция деңгейін 3-5%-ға дейін төмендету жоспарланған болатын. Бірақ 2002ж. бастап бағалардың өсу тенденциясының баяулауы тоқтады. Үш жыл көлемінде инфляцияның тәжірибелік қарқыны белгіленген интервалдың ең жоғарғы шекарасына жетіп, бұл деңгейде сақталып, ал соңғы жылы бағалардың өсуі тез жүрді. Статистика агентігінің ресми көрсеткіштері бойынша өткен жылы инфляция 7,5%-ды құрады. Оның деңгейі бюджетте тіркелген және 2005-2007 жылдарға ақша – несие саясатының негізгі бағыттары мен мақсаттары бойынша анықталған (орташа жыл ішінде 4,9-6,5%) алдын ала болжам көрсеткіштерінен асып кетті. Инфляция тұтынушылар бағаларының өсуін 7%-дан асырмау жөніндегі болжамнан да артып кетті. Инфляцияның белгіленген көлемге сәйкес келмеуі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына шешуші әсер етпесе, мұндай инфляцияның деңгейі күшігендіктен белгілі бір әсер әкеледі. Осыдан үш жыл бұрын жеңілген болып саналған инфляция әрі қарай төмендеудің орнына, өсе бастады. Өткен жылдың инфляция динамикасын сипаттайтын ерекшелік - бұл жаз айларындағы бағалардың маусымдық төмендеуінің болмауы. Келесі тағы да бір ерекшелігі – алдыңғы жыл графигімен озып кеткен тұтынушылар бағаларының өсуі. Бағалар өсуінің максималды алшақтығы шілде айында байқалды, бұл кезде жеті ай қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 4%-ды құрады, ал 2004ж. бұл көрсеткіш 2,6% болды. Кестеден көріп отырғанымыздай, соңғы жылдары, әсіресе азық-түлік тауарларына бағалар тез қарқынмен өсті. Азық-түлік тауарларының қымбаттауы басқа факторларға қарағанда инфляцияға қатты әсер етті. Себебі ТБИ өзгерісін есептеуге қажет қызметтер мен тауарлар қаржыны құрылымында бұл тауарлардың үлесі 50% шамасында, ал 25%-ы азық-түлік емес тауарларға және ақылы қызметтерге тиесілі. Азық-түлік тауарларының ішінде ет және ет тағамдары, сүт және сүт тағамдары, балық, жұмыртқа өнімдерінің бағалары тез өсті. Оның әр түрлі себептері бар. Азық-түлік нарығында сатылатын тауар көп болғанымен, мұнда “аштық” орнап отыр. Бірақ сатылатын тауарлардың көп болу себебі оларды көп өндірумен байланысты емес, халықтың көп бөлігінде ақша аз болумен байланысты. Енді халық табысы өскенде, бағалар табыспен бірге тез өсе бастады және бұл тенденция ұзаққа созылатын қаупі бар. 2004 жылмен салыстырғанда азық-түлік емес тауарларға бағалардың өсуі төмендеді. Бұл тауарлар бағаларының өзгеруі атқарушы биліктің іс-әрекетіне тәуелді емес. Өйткені бұл нарық көбінесе импорттық түсімдер әсерінен және сатушылардың тәбетіне байланысты қалыптасады. Бұл нарықта бағалар ұлттық валютаның тұрақтылығына да тәуелді. Өткен жылы тұрғындарға көрсетілетін ақылы қызметтер тез қымбаттады. Оған себепші білім беру, деңсаулық сақтау, транспорттық қызмет және мәдениет мекемелері салаларындағы қызметтердің қымбаттауы болды. Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағалары да өсті. Бұл шығындардың өсуімен және монополистердің тәбеттерімен байланысты. Олар халықтың талабына, мүддесіне қарамастан өседі. Бұл жағдайлардың барлығы, яғни өсу қарқыны 3-кестеде сызылып көрсетілген. Азық-түлік емес тауарлардың бағаларына қарағанда ақылы қызметтерге бағалардың өзгеру динамикасы атқарушы биліктің орындаған жұмыстарына байланысты. Бірақ олар монополистердің үнемі өсіп отыратын тәбетін тоқтата алмайды. Бағалардың өсуінің себебі автономды әсер етуші факторлардың әсеріне келіп тіреледі. Олар: ауылшаруалығындағы өнімділік, әлем нарықтарындағы бағалар, нақты салалар мен секторларды мемлекеттік реттеудің дұрыс жүргізілмеуі, яғни салықтық және кезеңдік реттеу. Сөйтіп инфляцияға негізгі әсер етуші елде жүргізілетін ақша - несие саясатымен анықталатын монетарлық факторлар. Алдыңғы жылдардағы тұтынушылар бағаларының өсуінің негізгі себептерінің бірі – бұл ақшалай ұсыныстың тез өсуі. 2004ж. ақша базасы 82,3%-ға кеңейді, ал ақша массасы 68,2%-ға көбейді. Бұл фактор өткен жылдың бірінші жартысында инфляция динамикасына кері әсер етті. Бірақ, тұтас алғанда, монетарлық факторлардың әсері өте маңызды болған жоқ, себебі ақша ұсынысының тез баяулауы орын алды. Он бір ай ішінде инфляцияға ең көп әсер ететін факторлар ақша базасы және айналыстағы нақты ақшалар сәйкесінше 5,5% және 4,3%-ға өсті. Ақша массасаның өсу қарқыны алдыңғы жылға қарағанда төмен болды, яғни 22% және жыл бойынша жоспарланған 29,9% деңгейінен аспады. Бұл жағдай өткен жыл инфляциясы монетарлық емес сипатқа ие және ол ақша саясатының дәстүрлі құралдар көмегімен көп жағдайда төмендемейді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. \9, 3 б.\