Инфляцияның теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2013 в 15:20, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестерді, жағдайды, жалпы инфляцияны талдау және елдегі инфляцияға қарсы саясаттың құрылуы мен жүргізулуін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляциялық теориялық негіздерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай мәселелеріне талдау жүргізу;
- Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаттың мәселелерін жетілдіру жолдарын іздестіру.

Файлы: 1 файл

Инфляция моя Курсовая работа.doc

— 480.50 Кб (Скачать файл)

Ұлттық банкте қаржы  нарығындағы ағымдағы жағдайға арналып өткізілген баспасөз маслихатында әдеттегідей, алдымен өткен айдағы инфляция деңгейі ауызға алынды. Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша 2005 жылдың қараша айында инфляция 0,6%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары – 1,3%, ақылы қызмет көрсету 0,4%-ға қымбаттаса, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,6%-ға арзандаған. Азық-түлік тауарларының ішінде ең көбірек қымбаттағаны – жұмыртқа, оның бағасы 9,9%-ға өскен. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында бензинге – 16,0%, дизель отынына – 11,6%, мазутқа – 7,6%төмендегені байқалды. Жыл басынан бірге инфляция 6,6%-ды құрады (2004 ж. қаңтар – қарашада – 5,8%). Үстіміздегі жылғы қарашада инфляция жылдық көрсетуде 7,5% болды. \10, 5 б.\

2005ж. желтоқсан айында  инфляция 7,6%-ды құрады. Қ.Р. Ұлттық  Банкі жылдық инфляцияны 5,2-6,9% деңгейінде, ал Қ.Р. Экономика және Бюджеттік жлспарлау министрлігі 5-7% шамасында болады деп болжамдады. Бірақ екі болжам да нақты шамадан аз болды. Мұның басты себебі – сыртқы фактоорлар: Қазақстан экспортының негізі болып табылатын мұнай мен металдардың жоғары әлемдік бағалары. Инфляцияға ішкі факторлар да әсер етеді: жалақы, зейнетақы, стипендияны көтеруге бағытталған бюджеттен төленетін әлеуметтік төлемақылар, энерготасушылар, көрсетілетін қызметтер және жеміс-жидек бағаларының өсуі. Қ.Р. Премьер-Министрі Д. Ахметов инфляциялық процестерді реттеудің эффективтілігін жоғарылату тез арада шешімін табуға міндетті мәселе екенін атап өтті. “ Бұл жұмыс жүйелі сипатта болу керек. Бүгін бізді инфляциялық процестер құрылымында монетарлық факторлардың 42,2% құрауі алаңдатып отыр. Бұл мәселе экономикалық талдауды қажет етеді, ” - деді Премьер-Министр.

2006 жылғы инфляция  көрсеткіштері оның өткен жылы  экономикада орын алған мәні  және факторлармен түсіндіріледі. 2005 жылғы экономикалық жағдайды  талдай отырып, 2006 жылғы инфляциялық процестерді былай болжауға болады:

Бірінші фактор. 2005 ж. Қазақстанның сауда балансы мен ағымдағы есебі  туралы статистикалық көрсеткіштер мен болжамға қарамастан, шетел валютасының  түсімі төмен болды. Нәтижесінде  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің валюталық резервтері қысқарды. Тұтас алғанда, Ұлттық банк және Ұлттық қор резервтерін қосқанда экономиканың алтын валюталық резервтері 2005 ж. 2004 ж. қарағанда өзгерген жоқ. Қазақстанның алтын валюталық резервтерінің төмендеуі нәтижесінде 2005 ж. ақша массасының баяу өсуіне алып келді. Сөйтіп, 2006 ж. ел экономикасына инфляциялық қысым қатты әсер етпейді деп болжамдалды.

Екінші фактор. 2005 ж. экономиканың жалпы резервтерінің төмендеуін білдіретін ақша массасының баяу өсуі болашақта инфляциялық потенциалды, яғни ақша массасы өсімі мен тауар өндірісінің арасындағы алшақтықты бәсендетеді.

Үшінші фактор. Соңғы  үш-бес жылда инвестицияның тез  өсуі орын алды. Сөйтіп, өткен жылы қаңтар-қарашада ол 23%-ды құрады. Инвестициялау 2006 ж. кәсіби өндіріске тауар-ақша дисбалансын жоя отырып, жағымды әсер етеді. Сонымен қатар ол белгілі көлемде тұтынушылар сұранысын қанағаттандырады.

Төртінші фактор. Инвестицияның  өсуіне қарамастан, тұтынушылар сұранысы жоғары деңгейде сақталады. Халықтың нақты табысы өседі, тауар-ақша дисбалансы бұрынғыдай орын алады. Сондықтан тұтынушылар секторы инфляциялық қысымның қалыптасуына өз үлесін қосады.

Мамандардың пайымдауынша, 2006ж. инфляциялық қысым сақталады, бірақ инфляцияның төмендеу мүмкіндік  ескереді. “ТұранАлемБанктің” мамандары 2006ж. инфляция деңгейі 6,4-7,2% болады деп жорамалдады. Қ.Р. Экономика Министрі Қайрат Келимбетов 2006-2008 жылдарда инфляция деңгейі мен ЖІӨ-нің өсуі тұрақты сақталады деп есептейді. Оның айтуы бойынша, бұл кезде орташа жылдық инфляция 2005ж. 7,6%-ға қарағанда 5,7-7,3% шамасында болады. ЖІӨ орташа 8,5%-ға өседі, ал кәсіби өндіріс - 5%-дан аз емес. Бір жыл бұрын, яғни 2005ж, инфляция деңгейін болжай отырып, монетарлық факторлардың, оның ішінде ең негізгісі – ақша агрегаттарының, тауар-ақша дисбалансы жағдайында баға динамикасына әсер етуін күту. Инфяцияның күтімі расталды. 2005ж. екінші жартысында нақты сұраныстың өсуі байқалды, ал бұл инфляциялық сұранысты тудырады. Сонымен, монетарлық дәне монетарлық емес факторлардың әрекеттесуі инфляцияның өсуіне әсер етті. Сонда да Ұлттық банк жүргізетін монетарлық саясат ТМД бойынша ең төменгі инфляция деңгейін көрсетеді. Талдаушылардың ойынша, инфляциялық сұраныс жағдайында инфляцияны монетарлық әдістермен реттеу қиынға түседі. Бірақ әзірге экономиканың нақты өсуі ТБИ- нің жылдық өсуінен артып отыр, яғни инфляция реттеліп отыр деп нақты айтуға болады. Алайда инфляциялық қысым сақталып қалады. \11, 16-19 б.б.\

Осы жылдың мамыр айында “Қазақстан глобальды экономикада: проблемалар, мүмкіндіктер және қозғалыс жолы” атты халықаралық конферецияда Қ.Р. Экономика және Бюджеттік жоспарлау вице-премьер-министрі Карим Масимов Қазақстанда инфляция 8,4% деңгейінде сақталады деп болжамдаған болатын. 2006ж. мамырда орташа жылдық инфляция 9% құрады, бұл соңғы үш жыл ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш. 2006ж. 1-сәуірден бастап Ұлттық банк қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін 8%-дан 8,5%-ға көтерді (2005ж. мөлшерме екі рет 7%-дан 8,5-ға көтерілді). Қ.Р. Ұлттық банкінің қабылдаған шешімі инфляцияның жылдық жоғары деңгейімен және күтілетін инфляциялық қысымнның сақталуымен мотивацияланады. 6-суреттен көріп отырғанымыздай, жылдың соңында Ұлттық банктің қайта қаржыландыру деңгейі 9%-ға өсуі мүмкін.

 

6-сурет.

2000-2006 жж. Қ.Р. Ұлттық банкінің  қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің және инфляция деңгейінің динамикасы.

 


 

 

 

 

 

 


 

Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегиясында монетарлық саясаттың басты мақсаты  болып инфляцияның орташа жылдық деңгейін 2003-2004 жж. 4,6% шамасында және 2005ж. қарай 3-5%, ал келесі жылдары 2-4% төмендету қала береді. Сонымен қатар вице-министр атап өткендей стратегияда еңбек өнімділігін 2000 ж. салыстырғанда 3 есе арттыру болжамдалып отыр. М. Кусаиновтың айтуы бойынша, бұл мақсатқа жету үшін жыл сайын еңбек өнімділігін 9%-ға көтеріп отыру қажет. Егер ел экономикасындағы жұмысшылар саны көбейсе онда еңбек өнімділігінің жылдық өсімі 9% -ды құрайды. Қ. Р. Қаржы вице-министрі Елемесов талдауға сәйкес “еңбек өнімділігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым инфляция төмендейді”-деген қортынды жасайды.

Қ. Р. Ұлттық банктің 2005 ж. арналған жылдық есебінде былай көрсетілген: “Соңғы үш жыл көлемінде еңбекақының  орташа өсу қарқыны жылына 10,7% -ға жетті, ал 2005 ж. еңбекақының ай ішіндегі орташа өсімі 2004 ж. салыстырғанда 12% -ды құрады, еңбек өнімділігі өсті, жылына орташа 7% -ға, ал 2005 ж. – 8,8% -ға”. Сөйтіп, еңбекақының өсу қарқыны еңбек өнімділігінің өсу қарқынан жоғары болуы инфляциялық потенциалдың артуына алып келетін факторлардың бірі болып табылады. Инфляцияның өсуі жөніндегі кінә Қазақстанның банктеріне жүктеледі. Альянс Банктің басқарма председателі Ж. Ертаев өз түсініктемесімен сөз сөйледі. Оның ойынша, инфляция – бұл бірінші кезекте бос ақша массасының өсуі, яғни бұл еңбекақының еңбек өнімділігіне қарағанда өсуін білдіреді.  \8, 18 б.\

Сонымен, Қазақстан Республикасындағы  процестерді талдау барысында, елдегі инфляция деңгейі болжамданғандай  төмендеудің орнына керісінше өсіп келе жатқанын байқауға болады. Соңғы  жылдары Қазақстанда көптеген тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтер бағаларының қымбаттауы инфляцияның өсуіне алып келді. Бұл жағдай ел экономикасына кері әсер етеді. Сондықтан инфляцияны ұстап қалу немесе төмендету жөнінде тиісті шараларды қолдану көптеген бағдарламалар мен стратегияларда көзделіп отыр.

 

 

2.3. Инфляцияға  қарсы осы замаңдағы саясат.

 

Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары, оған шалдыққан елдердің үкіметін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етті. Алдымен экономистер  ең басты сұраққа жауап іздейді. Инфляцияның төтенше шаралар қолдану арқылы жою керек пе, әлде оған бейімделу керек пе? Бұл дилемма әр елде өзінше, сол елдің ерекшеліктеріне сәйкес шешіледі. Мысалы, АҚШ-та, Англияда инфляцияға қарсы күрес мемлекет деңгейіндегі мәселе. Басқа бір елдер бейімделу шараларын қарастырады.

Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн. Бірінші бағыт (қазіргі кейнешілер қолдайтын шаралар) белсенді бюджеттік  саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа  ықпал жасайды.

Инфляциялық артық сұраныс  тұсында мемлекет өз шығыстарын тежеп, салықтар деңгейін жоғарылатады. Нәтижесінде  сұраныс қысқарады, инфляцияның  қарқыны төмендейді. Алайда, солармен бір мезгілде өндіріс те қысқарып, экономикада дағдарыс пен тоқырау  белгілері байқалады, жұмыссыздардың саны өседі. Бұл инфляцияны тежеудің қоғамдық бағасы.

Экономиканың құлдырауы  кезінде сұранысты ұлғайту үшін, арнайы бюджеттік саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды, салықтардың деңгейі төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы аз топтарға салынады, әдетте, олар табысты жедел пайдаланады. Сөйтіп, қызмет көрсетулерге және тұтыну тауарларына сұранысты ұлғайтады. Сұранысты бюджеттік қаржылар арқылы ынталандыру, 60-70 жылдары көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей, оны күшейтеді. Дегенмен, бюджет тапшылығының ұлғаюы үкіметтің салық арқылы маневр жасау мүмкіндіктерін тарылтады.

Екінші бағыттың авторлары  экономикада пайда болған кемшіліктерді  ақша – несие саясаты арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің бұл түрі үкіметтің тікелей бақылауынан тыс, дербес орталық банк арқылы жүргізіледі. Ол айналымдағы ақша санын және қарыз процентінің ставкасын өзгертеді. Ақша – несие саясаты экономикаға қысқа мерзімдік ықпал жасау құралы ретінде қолданылады, басқаша айтқанда, экономистердің ойынша үкімет төлеу қабілеті бар сұранысты тежеу үшін инфляциялық шаралар қолданады. Өйткені экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыссыздықтың табиғи деңгейін жасанды әдістер арқылы төмендету, инфляцияны бақылаудан шығарады. Қоғамдық мүдде тұрғысынан инфляциямен күрес халық шаруашылығына үлкен зиян келтіреді, яғни жұмыссыздықты өсіріп, өндірісті құлдыратады. Кейбір есептер бойынша инфляцияны 1%-ға төмендету, жұмыссыздықты жыл, бойындағы өзінің табиғи деңгейінен 2% жоғарылатады, ал нақты ЖҮӨ-ні 4%-ға кемітеді. \1, 7-8 б.б.\

Инфляциямен күресу және инфляцияға қарсы арнайы бағдарламаны жетілдіру экономиканы тұрақтандырудың  қажетті элементі болып табылады. Осындай бағдарламаның негізінде инфляцияны анықтайтын себептер мен факторларды талдау, оны ойдағы деңгейге дейін азаюту немесе жоюға себепкер болатын экономикалық саясаттың шараларының жиынтығы жату керек.

Инфляцияға қарсы саясат инфляцияны қысқартуға бағытталған, экономиканы  мемлекеттік реттеудің шаралар жиынтығы болып ұсынылады. Осы шараларды ұзақ мерзімді сипатты мақсаттар мен әдістерді енгізетін стратегиялық және қысқа мерзімді нәтижелер алуға бағытталған тактикалық деп бөлуге болады. Инфляцияға қарсы стратегия ақша – несие, бюджеттік, радикалды ақша реформаларын өткізгенге дейін салықтық шаралардың кең жиынтығын көрсетеді.

Қазіргі тәжірибеде экономика  жағдайына байланысты инфляцияны реттеудің  екі нұсқасын бөліп көрсетеді:

  • Дефляция (латынша “deflatio”, “үрлеп шығару” деген мағына береді) саясаты ақша жиынының, несиелердің, жалақылардың, ең аяғы төлем қабілеті бар сұраныстың шектеулі өсімімен байланысты. Бірақ, бұл саясат экономиканың тым қызып кетуін тежеу мақсатымен экономикалық өсудің талаптарына ғана сай келеді;
  • Табыстытар саясаты стагдефляция (инфляцияның экономиканың құлдырауымен қоса жүруі) кезінде қолданылады, мемлекеттің бақылауымен жалақылар мен бағалардың өсу қарқының үйлесімімен келісімін, тіпті олардың толық тоқтауы немесе өсу шектерін анықтап көрсетеді;
  • Инфляцияға қарсы саясаттың нұсқалары елдегі жағдайларға және осы немесе басқа кезең уақытында халық шаруашылығындағы басымдылықтарға байланысты таңдалады. Егер экономикалық өсуді тежеу мақсаты қойылатын болса, онда дефляция саясаты өткізілуші еді, егер экономикалық өсу ынталандыру мақсатымен болса, онда артықшылықтар табыс саясатына беріледі;
  • Қазақстан экономиканы реформалау, орталықтандырылған тәртіптен директивті нарықтық экономикаға өту кезеңінде инфляцияның барлық түрлерінен өтті, оның маңызды себептері – тәртіпке келтірілген экономикалық байланыстардың бұзылуы, ауыл шаруашылығынан кейін өнеркәсіп тауарлары мен өнңмдеріне бағаларды босату, энергетикалық дағдарыс, экономика құрылымындағы көшірулер және т.б., яғни жоғарыда аталған осы себептер инфляцияның факторлары болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында баяу инфляция (5-7%) сақталып отыр. Қазақстанда бейімделу саясаты әзірленді, яғни экономиканың барлық субъектілері өз іс - әрекеттерінде – бәрінен бұрын теңгенің төлем қабілеттігінің төмендеу шығынын есепке ала отырып, инфляцияға көңіл қойып отыр. Бұл жерде шығынды өтеу үшін негізінен инфляцияның шамасына қарай пайыз мөлшерлемесінің индексациялау әдісі қолданылады. Мысалы, сыйақыға банктен несие алу үшін инфляцияның деңгейіне байланысты пайыздық мөлшерлемені көтереді, яғни қайта қаржыландыру мөлшерлемесі + инфляция + маржа.

Инфляцияға қарсы саясатты әзірлеу үшін бастапқы пункт тамыры қайта өндіру механизмінде жатқан инфляция теориясының дамуы болып табылады. Ұзақ инфляция факторынын тежейтін шаралар анықталып және инфляцияға қарсы ұзақ мерзімді стратегияның әзірленуін білдіреді.

Бұл жалпы шараларға  мыналар жатады:

  • экономиканы сауықтыру, Қазақстан 2003-2015 жж. индустриалды – инновациялық даму стратегиясын (ИИДС) қабылдаумен және оны жүзеге асыруымен экономиканың шикізаттық бағытынан жоғары технологиялы, бәсекеге қабілетті экономикаға өтуге тырысады;
  • саналы инвестициялық саясатқа көшу. Қазақстан инфляциясның бір жақтылығынан зардап шегіп келеді, барлық шетел инфляцияларының 90%-ы шикізатқа, кен өндіру салаларына салынады. Осыған байланысты ИИДС – сы республикамыздық шетелдік және ішкі инвестициялардың маңызды бөлігін өндеуші өнеркәсіпке бағыттауға ниет етіп отыр;
  • дәстүрлі емес тауарларды (тұрғын үй, жер, бағалы қағаздар және т.б.) нарықтық айналымға белсенді тарту. Қазақстан тұрғын үй бағдарламасын, ипотекалық бағдарламаны, жаңа Жер кодексін әзірлеумен тұрғын үй құрылысын, ипотека жүйесін дамытуға және тұрғын үй мен жерді нарықтық айналымға белсенді қосуға көңілбөліп отыр;
  • қызмет көрсету нарығын дамыту. Республикада бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Инфрақұрылым, қызмет көрсету аясы (оның үлесі ЖІӨ-нің 50%-нан астамын құрайды) даму үстінде;
  • экономика мен қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын кіші және орта бизнесті дамыту. Бұл бизнес негізінен халық тұтынатын тауарлар өндірісінде және саудада, қызмет көрсету аясында болады. Ол мықты бәсекені қалыптастырады;
  • саналы қаржы – несие жүйесін құру. Бұл қатынаста Қазақстанның белгілі бір жетістігі бар. Үнемі салық салуды, сақтандыруды, зейнетақымен қамтамасыз етуді жүзеге асырып отыратын, қазіргі заман талабына сай оның банк жүйесі бар.

Информация о работе Инфляцияның теориялық негіздері