Кәсіпорынның өзіндік мәні және несиелік капиталын қалыптастыру және қолдану жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 09:30, дипломная работа

Описание работы

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.

Содержание работы

КІРІСПЕ ............................................................................................................................ 3
I ТАРАУ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ
МӘНІ МЕН РОЛІ............................................................................................................6
1.1 Кәсіпорын қызметінің табыстылығын ұлғайтудың тиімді әдісінің бірі –
ол айналым капиталын қалыптастыру және басқару ........................................... . 6
1.2 Кәсіпорынның айналым капиталының классификациясы ..................................20
1.3 Айналым капиталының қалыптасу және қаржыландыру көздері ......................26

II ТАРАУ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ...................................................................................35
2.1 «Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталының құрамы мен құрылымы ... ...........35
2.2 «Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталын экономикалық талдау ....................45

III ТАРАУ АЙНАЛЫМ ҚҰРАЛДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ
КӘСІПОРЫННЫҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.................... 51
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................................. 71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................. 74

Файлы: 1 файл

Дип.-кәсіпорынның-саясаты-мен-айналым-капиталын-және-оның-ұтымды-пайдалануын-үйрену.doc

— 587.00 Кб (Скачать файл)

 

 

                                                                               

                                                                                 

 

 



                      

                                                                             

 

                                                  МАЗМҰНЫ

 

 

          КІРІСПЕ  ............................................................................................................................ 3

          I   ТАРАУ  КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ  АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ

              МӘНІ МЕН РОЛІ............................................................................................................6

           1.1     Кәсіпорын қызметінің табыстылығын  ұлғайтудың тиімді әдісінің бірі  – 

                   ол айналым капиталын қалыптастыру және басқару ........................................... . 6

           1.2     Кәсіпорынның айналым капиталының  классификациясы ..................................20

           1.3     Айналым капиталының қалыптасу  және қаржыландыру көздері ......................26

 

       II  ТАРАУ  АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ  ОНЫ 

             ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ...................................................................................35

         2.1  «Мерей-Әсем»  ЖШС-ң айналым капиталының құрамы мен құрылымы ... ...........35

         2.2   «Мерей-Әсем»  ЖШС-ң айналым капиталын экономикалық  талдау  ....................45

 

         III  ТАРАУ АЙНАЛЫМ ҚҰРАЛДАРЫН  ҚАЛЫПТАСТЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ 

               КӘСІПОРЫННЫҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.................... 51

         ҚОРЫТЫНДЫ ..................................................................................................................   71

         ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................................  74

         

 

 

                                                              КІРІСПЕ

           Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.

           Нарықтық  экономика жағдайында экономикалық  қызметтің барлық экономикадағы  негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтанда, бұл деңгейде  қоғамға қажетті өнім өндіріп, қызмет көрсетілуі тиіс. Кәсіпорында ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Ең білікті кадрлар жинақталады. Сол сияқты бизнес – жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады. 

            Кәсіпорының ағымдағы іс - әрекеттерін қамтамасыз етуде айналым капиталы маңызды ресурстардың бірі, ол өндіріс сферасына ғана емес, айналдыруларға, экономикада есеп – қисаптардың күй – жағдайын көрсетуіне, сонымен қатар елдегі ақша айналымдарына ықпалын тигізеді.                                                                                                                                                                                                                                       Егер жоспарлы экономика кезеңінде өндіріс қорлары айналым құралдарының құрылымынан жоғары болса, онда шаруашылық етудің жаңа шарттарына ауысуға жаңа проблемалар туғызды - өнімдерді тиеп жіберген уақыттан, кәсіпорындарға төлем қаражаты түскен уақытқа дейін кәсіпорын дебиторлық берешек түрінде әрекетсіздікте болады. Өнім өндіруші кәсіпорындардың дебиторлық қарызының едәуір бөлігін тиелген тауар қаражаттарды құрайды. Оны жабудың қаржылық көзімен мерзімі өткен кредиторлық берешек болады. Айналым қаражаттары кәсіпорынның өндірісін тоқтаусыз қозғалыста ұстап тұруға, өндірісті ақша және материал ресурстарымен уақытында қажеттігін қамтамасыз етуге және айналым қаражатының пайдалану тиімділігін арттыру үшін қажет. Қазіргі уақытта меншік айналым құралдары өте аз, ал ол болса кәсіпорында басты ролді атқарады, өйткені коммерциялық есеппен жұмыс істейтін кәсіпорындардың белгілі мөлшерде рентабельді жұмыс істеуі үшін меншік мүлкі болуы керек. Айналым саласындағы қаражаттарды қысқартуды ынталандыру факторы айналым қаражаттарын толықтыруға керекті банкілік несие, ол айналым капиталын ұтымды пайдалануға мүмкіншілік тудырады. Сонымен қатар кредиторлық қарыздың өте маңызды ерекшелігі бар: меншік айналым құралдары мен банктік несиеден айырмашылығы, ол тауарлық түрде тартылады. Неғұрлым кәсіпорын – сатып алушылардың (бөтендердің) экономикалық айналымында тауарлары мен ақшалары көп болса, соғұрлым көбірек ол оны орналастырады. Бірақ та капиталдың соншалықты тартылуы ел экономикасының қаржылық жағдайына және оның буындарына апатты сәулесі түседі.

         Сайып келгенде, нарықтық қатынастың дамуы кәсіпорындарға  жаңа        жағдайларды  талап етуде. Жоғарғы инфляция, төлем  қабілеттігінің нашарлауы және  басқа да дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындардың айналым активтеріне деген саясатын өзгертуге ықпал етті, оны толықтырудың жаңа көздерін іздестіру проблемаларын қарастыруда.  

         Жоғарыда  айтылғанның барлығы, сонымен қатар  айналым капиталын ұтымды пайдалану  және оның жағдайының жақсарту қажеттілігі дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауын анықтады.

           Бұл  тақырыбымның мақсаты – кәсіпорынның  саясаты мен айналым капиталын  және оның ұтымды пайдалануын  үйрену.

           Мақсаттан тыс, жұмысыма қойылған келесі тапсырмалар:

  • Кәсіпорын айналым капиталының экономикалық мәнің оқып – үйрену;
  • Кәсіпорын айналым активін қазіргі заманға сай топтастыруын көрсету;
  • Кәсіпорынның негізгі тиімділік қызметін, айналым капиталын басқаруын үйрену;
  • «Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталының құрамы мен құрылымын талдау;
  • Кәсіпорын саясатын зерттеу саласындағы айналым құралдарын құру;
  • «Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталын қаржыландыру және құрылу көздерін оқып – үйрену.

             Нарықтық экономикаға сай кәсіпорынның  айналым капиталын пайдалану  және құру проблемаларын теориялық және практикалық негізде зерттеу.

             Зерттеу обьектісі « Мерей-Әсем» ЖШС.

            Жұмысымның теориялық және практикалық  негізінде отандық, шетелдік, ресейлік  ғалымдардың еңбектерінен айналым  капиталын қалыптастыру саласындағы  кәсіпорынның саясаты, статистика  бойынша Қазақстан Республикасының  Ұлттық Агенттігінің және кезекті баспа материалдары, сонымен қатар «Мерей-Әсем» ЖШС-ң 2004-2005 жылдардың қаржылық есебі.

 

 

                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I Тарау  Кәсіпорын қызметіндегі  айналым капиталының мәні мен  ролі.

1.1     Кәсіпорын қызметінің табыстылығын ұлғайтудың тиімді әдісінің бірі – ол айналым капиталын қалыптастыру және басқару.

            Кәсіпорын – бұл дербес шаруашылық  субъект, шаруашылық қызметін жүргізу  үшін құрылған және оның мақсаты  пайда табу мен қоғамның қажеттілігін  қанағаттандыру. Кәсіпорын негізінен заңды тұлға ретінде құралады және жиынтық белгілер арқылы анықталады. Ол дербес бухгалтерлік баланстың бар болуы, банкте есеп шоттың ашылуы, мүлік пен міндеттемелер үшін жауапкершілігі және өз атынан қызмет жасауы. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің мәні өндірісті ұйымдастырудан және тауарды өткізуден құралады. Кәсіпорын басқа да кәсіпорындарымен қарым-қатынаста болады. Олар жабдықтаушылар мен сатып алушылар, біріккен қызмет бойынша серіктестер және банктер.

            Қаржы қатынастар ақша қаражаттардың  негізінен кәсіпорынның кірісі мен меншікті құралдардың құрылуынан, шаруашылық қызметін қаржыландырудан, қаржы көздерінен қарыздарды жұмылдырудан және кірістерді таратудан пайда болады. Шаруашылық қызметті ұйымдастыру үшін сәйкесті қаржылық қамсыздандыру талап етіледі. Бастапқы капитал кәсіпорын құрушылардың салымдарынан құрылып, жарғылық капитал формасына айналады. Бұл әрбір кәсіпорын мүлігінің қалыптасу көзі болып табылады. Кәсіпорынның жарғылық капиталының нақтылы құрылу тәсілі ұйымдық-құқықтық формасына байланысты болады.

 Кәсіпорынды құру кезінде  негізгі қорларды және айналым  қорларды керекті мөлшерде қалыптастыру  өндірістік-шаруашылық қызметті  дұрыс жүргізуге әсерін тигізеді. Сонымен, бастапқы капитал өндіріске  инвестицияланады да, өндіріс процесс  кезінде өнім құны құралады. Сол өнімді өткізу кезінде өнім ақша формасына айналады да, кәсіпорынның есеп шотына түседі.

            Айналым активтері кәсіпорынның  мүлкінің бір бөлігі ретінде  қаралады. Айналым активтері –  бұл өндірістік ақша қорларын  құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процесстер мен өнімді өткізудің қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражаттарының мәні – ұдайы өндірістік процесстердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процесске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге алып барады.1 Кәсіпорын қызметінің негізгі шарттарының бірі – ол тиімді пайдалану. Ұйымның жаңа шарттарын анықтауға нарықтың дамуы байланысты. Олардың жағдайы және тиімді пайдалану – кәсіпорын әрекетінің басты жағдайы болып есептелінеді. Нарықтық қатынастың дамуы кәсіпорындарға жаңа жағдайларды талап етуде. Жоғарғы инфляция, төлем қабілеттігінің нашарлауы және басқадай дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындардың айналым активтеріне деген саясатын өзгертуге ықпал етті, оны толықтырудың жаңа көздерін іздестіру проблемаларын қарастыруда.

           Кәсіпорынның айналым активтерін ұйымдастыру кәсіпорынның жалпы тиімділігін арттыру проблемасының негізі болып есептелінеді. Оған мыналар жатады:

-  айналым қаражатының құрамын  және құрылымын анықтау;

-  кәсіпорынның айналым қаражатына  қажеттілігін анықтау;

-  айналым қаражаттарын қалыптастыру  көздерін анықтау;

-  айналым қаражаттарын пайдалану  туралы өкім және ептілік жасау;

-  айналым қаражаттарын сақтау  және тиімді пайдалануға жауапкершілік 

   ету.2

 Айналым қаражаттарының құрамына  көптеген элементтер кіреді.

           Өндірістік  айналым активтерінің негізгі  бөлігі – шикізат, негізгі және  қосымша материалдар, жартылай фабрикаттар, жанар және жағар майлар, ыдыстар  және т.б. құрылады.

           Мысалы, машина жасау өндірісінде, өндірістік  цикл ұзақ болады, осыған байланысты аяқталмаған өндірістің үсесті салмағы жоғары. Ал жеңіл және тамақ өнеркәсібінде басты орынды шикізат, материалдар алады. Сонымен қатар тамақ өнеркәсібінде қосалқы материалдардың қоры әлбетте жоғары болады.

           Материалдық  өндіріске кәсіпорын құралдарына қаржы салымдары айналым ұзақтығына тәуелді, олар негізгі және айналым құралдарына бөлінеді. Айналым құралдарының функционалдық ролі өндіріс процессінің түп тамырында негізгі капиталдан айырмашылығы бар. Айналым құралдары өндіріс процессінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.                                    

         Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт – қолда бар айналым капиталының болуы. Айналым капиталы – бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні – ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.3

           Айналым  қаражаттарын қалыптастыру көзіне қарай меншікті, қарызды және тартылған түрлеріне бөлінеді.

         Қазіргі  экономикалық жағдайда кәсіпорындарға  айналым қаражаттар пайдалануға  кең ерік берілген. Айналым қаражаттары  кәсіпорынның меншігінде және  оны ешкімнің алуға еркі жоқ.

             Кәсіпорын меншігіндегі айналым  қаражаттарын басқа кәсіпорындарға  сатуға, беруге, жалға беруге еркі  бар. Кәсіпорын алдында тұрған  маңызды проблема айналым қаражаттарын  сақтауды қамтамасыз ету. Кәсіпорын  қаржысын жоспарлау процесінде  жыл басына айналым қаражаттарының артық немесе жетіспеуін анықтаудың маңызы зор.

           Өндірістік  айналым қорына жекелеген құны  аз және тез тозатын заттар, аспаптар, арнайы құралдар, құрал  – саймандар, ағымдағы жөндеуге  керекті құралдар, арнайы киімдер және т.б. жатады. Бұл құрал жабдықтар бір жылдан кем уақыт аралығында жұмыс істейді. Кәсіпорындарда бұл еңбек құралдарының мыңдаған аттары бар, олардың тозығын есептеу техникалық жағынан қиыншылыққа соқтырады. Сондықтан, практика жүзінде оларды негізгі қорларға жатқызбай, айналым қорларына жатқызады. Аталған заттар және еңбек құралы – айналымдағы өндіріс қоры тобына жатқызылады. Одан басқа өндірістік қорға – аяқталмаған өндірісті және болашақ кезеңдегі шығындарды жатқызады.   Айналымдағы өндіріс қорына авансталған қаражат негізінен өндіріс процесін тоқтаусыз, қалыппен жүргізуді қамтамасыз етеді. Айналым қаражаттарының құрамы және құрылымы әртүрлі салаларда бірдей емес. Олар экономиканың көптеген әртүрлі факторларымен анықталады. Егер жоспарлауға байланысты кәсіпорынның меншікті айналым қаражаты жетіспейтін жағдайда, кәсіпорын уақытша қарыз қаражатының есебінен айналым қаражатын толықтырады. Кәсіпорынның айналым активтерінің жетіспеуі түрлі себептерге байланысты және ол кәсіпорын әрекетіне байланысты емес. Кәсіпорын заңсыз айналым қаражатын күрделі құрылыс қажеттігіне бөлу немесе жоспарланған пайданы алмауы салдарынан бар меншікті айналым қаражаттарды сақтауды қамтамасыз ете алмайды, яғни белгілі сомадан айырылады. Кәсіпорын әрекет етіп жатқан экономика жағдайы оның айналым қаражатына аумақты әсер етеді. Сатылып алынған тауар – материалдар бағасының өсуі кәсіпорын айналым қаражатын жетіспеуіне әкеп соғады. Банк несиесінің жоғарғы пайызбен берілуі және т.б.

Информация о работе Кәсіпорынның өзіндік мәні және несиелік капиталын қалыптастыру және қолдану жолдары