Кәсіпорынның өзіндік мәні және несиелік капиталын қалыптастыру және қолдану жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 09:30, дипломная работа

Описание работы

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.

Содержание работы

КІРІСПЕ ............................................................................................................................ 3
I ТАРАУ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ
МӘНІ МЕН РОЛІ............................................................................................................6
1.1 Кәсіпорын қызметінің табыстылығын ұлғайтудың тиімді әдісінің бірі –
ол айналым капиталын қалыптастыру және басқару ........................................... . 6
1.2 Кәсіпорынның айналым капиталының классификациясы ..................................20
1.3 Айналым капиталының қалыптасу және қаржыландыру көздері ......................26

II ТАРАУ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ...................................................................................35
2.1 «Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталының құрамы мен құрылымы ... ...........35
2.2 «Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталын экономикалық талдау ....................45

III ТАРАУ АЙНАЛЫМ ҚҰРАЛДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ
КӘСІПОРЫННЫҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.................... 51
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................................. 71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................. 74

Файлы: 1 файл

Дип.-кәсіпорынның-саясаты-мен-айналым-капиталын-және-оның-ұтымды-пайдалануын-үйрену.doc

— 587.00 Кб (Скачать файл)

           Басқа  жағынан қарағанда, ескеретін жай, кәсіпорынның ақша активтерін ұлттық валютамен сақтау кезінде, оның инфляцияға байланысты нақтылы құнынан айырылу қаупі бар, одан басқа ақша активтері ұлттық және шетел валюталарыда сақтау кезінде өз құнынан айырылады, осыған байланысты олардың орташа қалдығын барынша азайтуды қажет етеді.

           Бұл  аталғандар қарама-қайшылықты талап  ақша активін басқару саясатын  жасаған кезде ескерген жөн.

             Сонымен, ақша активтерін басқару  саясаты – кәсіпорынның айналымды  активтерін жалпы басқару саясатының  бір бөлігі ретінде қаралады, олардың жиынтық қалдық мөлшерін оңтайландыру арқылы кәсіпорынға тұрақты төлем қабілеттігі қамтамасыз етіледі.12

           Есеп  айырысуда ең күрделісі – сапа  көрсеткіші болып табылады. Сол  себепті өнім сапасы оның міндетіне  байланысты жалпы сату мөлшерінен тұтынушылардың кепілдік қызмет көрсетудегі кері қайтарған бұйымдары (өнімдер), тұтынушылардың кері қайтарған өнім мөлшерлері процент бойынша бағаланады.

           Қалыптастырудың  бастапқы жағдайы айналым құралдарының  жалпы көлемін бекіту болып  табылады. Ол өндіріске тікелей әсерін тигізеді. Ол мына алда қойған мақсаттарға байланысты:

           Біріншіден, айналым құралдарының көлемі тиімді болуы керек. Басқаша айтқанда біржағынан белгілі бір дәрежедей сапалы және керекті шикізаттар мен материалдармен, отынмен жабдықтап, екінші жағынан өнеркәсіптік-өндірістің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі.

           Екіншіден, оның көлемін анықтаған кезде келесі жағдайларды қарастыру керек: құралдарда алуға кеткен уақытты; заказдарды қабылдау, өндірістің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін материалдық құндылықтарды сақтау, дайын өнімді сақтау, тұтынушыларға апаратын өнімді партияларға бөлу, жарнама жасау, өнімді өткізуге кеткен шығындар.

           Айналым  құралдары жалпы көлемі алдын  ала құралған нормалар мен тұтынудың нормалары негізінде есептелінеді. Өндіріс барысында кеткен барлық шығындар қатаң түрде сметаларға сәйкес есептелінеді. Айналым құралдарының нормасы қордың көлемі мен уақытын анықтайды.

           Басқаша, өндірістегі шикізаттар мен материалдарға төленген шоттардан бастап дайын өнімді өткізуге, сатуға кеткен шығындар үшін кеткен айналым құралдары (ақшалай) төленген уақыт аралығын көрсетеді.

           Айналым  құралдарының нормасы әр қорға  бөлек есептелінеді: өндірістік  аяқталмаған өндіріске; дайын өнімге, айналым құралдарының көп бөлігі (85-90%) өндірістік қорлардың үлесіне кетеді. Өндірістік қорларды құруға кеткен айналым қорларын жоспарлап, реттеу мен бақылау үшін ағымдағы қауіпсіздік дайындаушы, мезгілді деп бөледі.

           Олардың  айырмашылығы, мысалы: ағымдағы қорлар өндірістің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қауіпсіздіктегі (кепіл) қорларды өндіріс процесіндегі күтпеген жағдайда қолдануға болады, ол егер шикізаттар мен материалдардың кешіккен жағдайда, сапасыз шикізаттар әкелінсе қолданады. Айналым құралдарын өндірістік емес тұтынуға тарту деп санауға болады. Бұндай жағдайда қорларды тек өндірістік шикізаттармен қамтамасыз ететін болса ғана құру керек. Басқаша мұндай қамтамасыз ету түрін «транзиттік әкелімдер» деп аталады. Тәжірибеде көбінесе әкелінгенше шикізаттар мен материалдарды қосымша тексеріп, тәжірибе жасап, өндіріс процесіне дайындау істері жүргізіледі. Белгілі бір уақыт аралығындағы өндірістің тоқтап қалмауын әсіресе мерзімдік, қордың мақсаты болып табылады. Мерзімдік қорлардың жұмыс жасау уақыты белгілі бір яғни шектеулі және шикізаттардың сақталуы анықталғандықтан мерзімдік қорлар басқа қорлардан ерекшеленеді. Орташа айналым құралдарының бөлек материалдар мен шикізаттарға, жартылай дайын өнімге және тағы, басқа бөлек шығындарға орташа өніммен айналым құралдарының есептелінуі.

             Айналым құралдарының нормасы  әр шикізаттар мен материалдар  бойынша өзіне бірнеше көрсеткіштер  есептелінеді: ағымда әкелінген  уақыты, қауіпсіздік, траспорттық, технологиялық  қормен, жүкті әрі-бері тасу, орналастыру, қоймаға орналастыру шығындары. Бұлардың әрқайсысы айналым қорлар нормасын жасауға әсерін тигізеді.

             Дайын өнімге айналым құралдар  нормасын анықтау үшін қоймадағы  кеткен уақытта дайын өнімді  сорттау, заказ бойынша бөлу, керекті станцияларға апару барлығы жатады. Шикізат пен материалдар, ыдыстар, жөндеуге арналған бөлшектер т.б. қордағы айналым құралдарының мөлшерін анықтаудың өз ерекшеліктері бар.

             Шығарылған өнімнің сапасы жоғары  болған жағдайда, әсіресе өндіріс өнімдерінде 70-80% негізгі бұйым немесе тауардың құрамы шығарылады. Негізгі осы өнім түрлерінде айналым құралдардың орташа есептелінген айналым құралдарының нормасы есептелінеді. Ол қоймада орналасқан барлық дайын өнімге қолданылады. Шығарылған заттардың айналым құралдар нормасы төлем құжаттары мен шоттардың банкке тапсырылған уақытында есептелінеді.

             Жартылай айналым құралдарының  нормасы дайын өнімге немесе  нормативтің жалпы сомасын бір  күнде шығарылған тауар өніміне  бөлсек аламыз.

             Мысалы: складтағы дайын өнімнің  айналым құралдар нормативі 350 млн. тг жіберуге дайын өнім 150 млн. тг ағымдағы жылдың 4-ші тоқсаныңда  шығарылатын дайын өнімнің құны 6300 тг.

             Онда айналым құралдарының жалпы  нормасы:

  • өндірістік дайындауға және меңгеруге кеткен шығындар;
  • өндірісті ұйымдастыру мен технологиямен шарттанған тура өнім өндірісіне байланысты шығындар;
  • еңбекке төлеуге кететін шығындар;
  • табиғи шикізатты пайдаланумен байланысты, сонымен қатар өнім сапасының жақсаруына байланысты капиталды емес мінездемелі шығындар;
  • рационализаторлық ұсыныстармен, техникалық дамумен, ойлап табумен байланысты жұмсаулар;
  • өндіріс процесіне қызмет етуге (ағымдағы, орташа және толық жөндеуге) байланысты шығындар;
  • техникалық қауіпсіздік пен еңбек етуге жақсы жағдайларды қамтамасыз етуге байланысты шығындар;
  • жұмыс күшін жинауға, қабылдауға байланысты жұмсаулар;
  • мамандарды дайындау мен қайта дайындауға байланысты шығындар;
  • жұмысшыларды жұмыс орнына және жұмыс орнынан тасымалдауға, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен зейнетақыны қамтамасыз ету аударымдарына, яғни сәйкес өнімдер өндірісінде істейтін, жұмысшылардың еңбегіне төленетін шығындардан мемлекеттік жұмыс пен қамту қорына аударымдарға байланысты жұмсаулар;
  • міндетті медициналық сақтандыруға байланысты аударымдар;
  • банк қызметіне төлемдер, банктердің қысқа мерзімді ссудаларына пайыз төлеуге байланысты шығындар;
  • кепілді қызмет етуге байланысты шығындар;
  • өнімді өткізуге (қаптау, сақтау, жеткізу) байланысты жұмсаулар;
  • негізгі өндірістік қорларды жандандыруға (толық қайта құрылуға амортизация) байланысты шығындар;
  • кәсіпорын мүлкін сақтандыру бойынша төлемдер;
  • материалдық активтер бойынша тозу;
  • сапаның сәйкес келмеуіне (брак) байланысты жоғалтулар;
  • ішкі өндірістік себептерге байланысты тұрып қалудан болған жоғалтулар.

           Осы  шығындардың көлемі өнім өндіруге, сонымен қатар олардың технологияны  пайдалануына қажетті шикізат  бағасына байланысты.

           Кәсіпорынды  құру және олардың құрылымдық  бөлімшелерінің негізіне өндірістік  процестер жатады. Өнімді өндірумен байланысты кез келген технологиялық процес түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі, қосымша қызмет көрсету, басқару және т.б. жұмыстарын іске асырады. Дайын өнімді жасауда жоғарыдағы көрсетілген операциялардың ролі түрліше. Өнімді қалыптастыру негізгі өндірістік процестердің кезінде шығады, ал басқа процесте оны жасауға тек ықпал етеді. Мұның барлығы тиісті бөлімшелерді қалыптастырудың негізі болып табылады.

           Айтылғандарды  есепке алсақ, өндірістік бөлімшелер  өнімді өндірудегі жалпы технологиялық процестердегі олардың өзара байланысы кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Құрылым кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін элементтердің іс-әрекетін тұлғалайды.

 Қазақстандағы көптеген кәсіпорындарды  шетелдік және отандық инвесторлар емес, алаңдаушылық тудыратын фирмалар сатып алған. Яғни, өзіндік капиталы жоқ, басқа фирмалардан қарыз алып, сол қарызын жекешелендірілген кәсіпорынның өндірген өнімін беру есебінен жабады. Және де Қазақстандық кәсіпорындардың ерекшелігі, яғни қорлардың және технологиялардың моральды және физикалық тозуы, толығымен қайта құруды ұсақ инвесторлар жүзеге асыра алмайды.

           Осыған  байланысты мемлекеттік бюджетке  ірі көлемді табыстар әкелетін, ұлттық мәнге ие объектілерді  мемлекеттік қадағалауға құқықтық негізде қайтару мәселесі туындап отыр. Басқаша айтқанда, кейбір жағдайларда жеке меншік иелігінен алу сұрағын қойып отырмын. Әрине, бұл инвестициялық климаттың нашарлауына септігін тигізеді, алайда ыңғайлы климат ұлттық қызығушылықтарға зақым келетін жолдармен жасалмауы тиіс. Жекеменшік иелігінен алу нысандары әр түрлі болуы мүмкін: жекешелендіру келісім-шарттарын соттық негізде бұзу, қосымша акциялар пакетін шығару және оны мемлекетке беру, банкрот процесі арқылы мемлекет иелігіне алу, мемлекетпен акцияларды сатып алу және т.б       

           Нарықтық  экономика жағдайында экономикалық  қызметтің барлық экономикадағы  негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтанда, бұл деңгейде  қоғамға қажетті өнім өндіріп, қызмет көрсетілуі тиіс. Кәсіпорында ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Ең білікті кадрлар жинақталады. Сол сияқты бизнес – жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады. Мұның барлығы терең жкономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі нарықтық жағдайға тек «Мерей-Әсем» ЖШС өміршең бола алады. Ол нарық талабын аса сауаттылықпен және компоненттілікпен анықтайды, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді ұйымдастырады және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз етеді.

            «Мерей-Әсем» ЖШС өзі құрылған  жылдан бастап-ақ өндіріс қуаты  мен өнім көлемін елеулі түрде  арттырды. Өндірістік шығындарды  барынша азайта отырып, сапалы және тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттанарлық өнім шығару.                                    

                          « Мерей-Әсем» ЖШС-ң саясаты

ЖШС «Мерей-Әсем»: Нан,нан өнімдерін және кондитерлік өнімдерді өндіретін нан-тоқаш комбинаты.

Мақсаты: Өндірістік шығындарды барынша азайта отырып, сапалы өнім көлемін көбейту.

Әлует:      Артықшылықтар:

  • арзан электр қуатымен қамтамасыздық;
  • өз иелігіміздегі өнім өндіру өндірістерінде қосалқы бөлшектер, тораптар мен механизмдер шығаруға кететін шығындардың біршама төмендігі;
  • ең бастысы – адамдар, тәжірибелі, білімді де білікті мамандар.

Осал жақтарымыз:

  • материалдар мен реагенттердің өте үнемсіз жұмсалуы;
  • ескірген ұйымдық әдістер мен экологиялық жағынан зиянды технологияларды қолдану жалғасып келеді;
  • тәжірибе жүзінде ЖСМ ( жаппай сапа менеджментінің ) жоқтығы.

Тәуекел тұстар: 

  • жоғары тауарлық құндылығы бар өнімдердің тұрақты, теңгермелі рыногынан айырылып қалу;
  • экологиялық және басқа да нормативті төлемдер мөлшерлемелерінің өзгеруі.

Стратегия:

  • Артықшылықтарды нығайтып, осал жақтарымыз бен тәуекел

           тұстарымызды нықтау.

  • Кең мағынасындағы ресурсты үнемдеумен шұғылдану қажет, өз артықшылықтарымызға: электр қуатына, жөндеу – механикалық өндірістерге, адамдарға ысырап – қорлықпен қарамау.
  • Мұндай артықшылықтарсыз біз тақырға отырамыз. Сондықтан оларды орнымен пайдаланып, дамытуға қаражат жұмсаған абзал.
  • Өзіміз ықпал ете алатын барлық осал буындарды шегеріп отыру қажет. Аталған осал жақтарымыз бен тәуекел тұстарымыздың ішінде тек тауарлы өнімдерді тасымалдау жөніндегі шығындар ғана ықпалымыздан тыс қалып келеді.         
  • Материалдар мен реагенттерді үйлесімді пайдалану үшін технологиялық жүйелер құрамы туралы дер кезінде және сенімді ақпарат алу қажет, ол үшін таяудағы 3 жылға дайындалған талдау және техникалық бақылау құралдарын жаңарту жобасы жүзеге асырылады.
  • Біздің абсолютті артықшылықтарымыз – адам денсаулығы мен қоршаған ортаға өндірісіміздің залалды әсерін төмендету, ал мақсатымызға жету үшін міндетті шарттарымыз озық технологиялық, техникалық – ұйымдық әдістерді енгізу.
  • Біз стандарттық топтама негізінде ISO 9000 сапа менеджменті жүйесін жетілдіруге кірістік және оны 2006 жылы енгізбекпіз. Іздеу –    « Мерей-Әсем » ұйым жобасының интегралдалған жүйесі, дұрыс басқарылып, бізбен жетілдіріп енгізіледі. Тез арада дұрыс шешім қабылдау – бұл жетістікке жетудің кілті ! Бұл кілтті бізге тек дұрыс ақпараттық технологияны қолдана алатын, білікті ұйым мәліметтері бере алады.
  • Біздің атқаратын ісіміз тәуекелдікті жою, ең алдымен Мемлекеттік және коммерциялық әріптестермен адал, шың пейілді қарым-қатынаста болу. Біздің саясатымыздың тұнықтығы мүмкіндігіміз бен мақсатымызға жол ашады және де бізге өздерінің түсінушілігін, көмегін, сенімділігін артады.

Информация о работе Кәсіпорынның өзіндік мәні және несиелік капиталын қалыптастыру және қолдану жолдары