Кәсіпорынның өзіндік мәні және несиелік капиталын қалыптастыру және қолдану жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 09:30, дипломная работа

Описание работы

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.

Содержание работы

КІРІСПЕ ............................................................................................................................ 3
I ТАРАУ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ
МӘНІ МЕН РОЛІ............................................................................................................6
1.1 Кәсіпорын қызметінің табыстылығын ұлғайтудың тиімді әдісінің бірі –
ол айналым капиталын қалыптастыру және басқару ........................................... . 6
1.2 Кәсіпорынның айналым капиталының классификациясы ..................................20
1.3 Айналым капиталының қалыптасу және қаржыландыру көздері ......................26

II ТАРАУ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ...................................................................................35
2.1 «Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталының құрамы мен құрылымы ... ...........35
2.2 «Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталын экономикалық талдау ....................45

III ТАРАУ АЙНАЛЫМ ҚҰРАЛДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ
КӘСІПОРЫННЫҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.................... 51
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................................. 71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................. 74

Файлы: 1 файл

Дип.-кәсіпорынның-саясаты-мен-айналым-капиталын-және-оның-ұтымды-пайдалануын-үйрену.doc

— 587.00 Кб (Скачать файл)

            Инвестициялық ақша активтерінің қалдығы нарықтың жекелеген сегменттерінде қолайлы конъюктура болуына байланысты тиімді қысқа мерзімді қаржы салуды қалыптастырады. Қалдықтың бұл түрі нысаналылықпен тек сол уақытта қалыптастырылады, егер де ақша салымдарының қалыптасуы қажеттігін толық қанағаттандыратын болса. Қазіргі еліміздің экономикасының дамуы жағдайына байланысты кәсіпорындардың басым көпшілігінің ақша активтерінің бұл түрін қалыптастыруға мүмкіншілігі жоқ.

            Өтемдік ақша активтерінің қалдығы  – негізінен банктердің талабы бойынша кәсіпорынға есеп айырысу қызметін көрсетуге және оған басқа қаржылық қызметтің түрін орындауға қалыптасады. Ол – азаймайтын ақшалай активтердің сомасы, оны кәсіпорын банкпен жасалған келісім бойынша тұрақты түрде өзінің есеп шотында сақталуы керек. Мұндай қалдық ақша активтерін құру банктен кәсіпорынға несие берудің бір шарты ретінде қарауға болады.

            Қаралған қалдық ақша активтерінің  түрлері тек кәсіпорынның өз  салым ақшасын қалыптастырудың  экономикалық құралын сипаттайды. Айталық, сақтандыру ақша активтерінің қалдығын қолданбайтын кезеңінде оны инвестициялық мақсатқа пайдалануға болады немесе кәсіпорынның қатарлас өтемдік қалдық ақша ретінде қарауға болады. Сондай-ақ инвестициялық қалдық ақша активтерін, пайдаланбаған кезеңде – оны сақтандыру немесе өтемдік қалдық активі ретінде қарауға болады, бірақ жинақы қалдық ақша активтерінің көлемін қарағанда, әр аталған құрал есепке алынуы керек.

            Нарықтық экономика кезінде кәсіпорындардың  қаржы-шаруашылық жұмыс істеу  процесінде тұрақты түрде қарсы агенттермен, бюджетпен, салық мекемелерімен есеп айырысуды жүргізу қажеттілігі туады. Өндірілген тауарларды тиеп жіберу немесе кейбір қызмет көрсету арқылы, кәсіпорындар, әлбетте, қолма-қол төлем ақша алмайды, яғни сатып алушыларды несиелейді. Сондықтан өнімдерді тиеп жіберген уақыттан, кәсіпорынға төлем қаражаты түскен уақытқа дейін кәсіпорын дебиторлық берешек түрінде әрекетсіздікте болады, оның деңгейі көптеген факторлармен анықталады: өнімнің түрімен, нарық сиымдылығымен, өндірілген өніммен нарықтың молықтырылу деңгейі, шарттың жағдайы, кәсіпорынның қолданатын есеп айырысу жүйесі және тағы басқалар.

            Жеткізілген өнімдер үшін есептесудің  негізгі түрлері қолма-қол ақшаменен  және ақшасыз төлем түрінде  жүргізіледі. Тұрақты экономикада ақшасыз төлем басым болады, яғни чек, векселдер арқылы, ақшасыз есептесу және ағымдағы шоттарға аудару арқылы төлеу түрінде жүргізіледі. Тұрақсыз экономика жағдайында алдын ала есеп айырысу түрі басынқы болады.

            Айналым саласындағы қаражаттарды қысқартуды ынталандыру факторы айналым қаражаттарын толықтыруға керекті банкілік несие, ол айналым капиталын ұтымды пайдалануға мүмкіншілік тудырады.

            Өнім өндіруші кәсіпорындардың  дебиторлық қарызының едәуір  бөлігін тиелген тауар қаражаттарды құрайды. Тиелген тауарлар қаражаты шарасыз пайда болады, өйткені, қоймадағы дайын өнімдер, шартта көрсетілген уақытта тұтынушыларға тиеліп жіберілуі тиіс. Бірақ тиеліп жіберген тауарлардың құрамында әртүрлі мағыналы қаражаттар болады. Олардың бір бөлігі тиеліп жіберген тауарлардың үлесіне тиісті, бірақ төлем уақыты жетпеген. Бұның жағымдылығы - тез өтетін құбылыс. Төлем мерзімі өткеннен кейін, кәсіпорынның төлембеген қаражаттары, тиеп жіберген тауарлар түріне айналады. Соныңда, тұтынушының төлем қаражатының жоқ екендігін көрсетеді. Төленбеген шоттардың үлкен үлесті салмағы және басқадай қарыз түрлерінің болуы – кәсіпорындарға түсетін қаражаттардың негізгі көздерінің бірі болып есептелінеді, осыған сәйкес дебиторлық қарыздарды басқару туралы шешім қабылдауды қажет етеді. Ең алдымен, барлық дебиторлық қарыздың сипаты бағаланады, дебиторлардың құрамы талданады, олардың құрамындағы үмітсіз қарыздар анықталады. Бұндай бағалау әртүрлі мезгілде пайда болған дебиторлардың топтары бойынша жүргізіледі.

           Дебиторлық қарыздарды талдау және басқару процесінде кәсіпорындар болжау ретінде, сондай икемді шарт жүйесін жасауы керек, онда өнімдерге (толық немесе жартылай) алдын ала төлеу, аралық шотты ұсыну немесе инфляция индексіне сәйкестендіріп икемдік баға құру керек және бұл шаралардың қаржы нәтижесіне әсері бағалануы тиіс.7

           Тұрақсыз  экономика кезінде шығындарды  болдырмау мақсатымен өнімдерге  алдын ала төлемді кең практикалану  мақсатымен есептегі қаражаттың  айналымдығына бақылау жүргізіледі. Айналымдық көрсеткіш, қарызды қайтару дәрежесін көрсетеді.

           Айналым  капиталының құрамындағы маңызды  қор айналымының құрамына дебиторлық  қарыз және ақша қаражаты жатады. Олардың спецификалық түрлеріне, қозғалыс жылдамдығына, пайда болу  заңдылығына қарай айналым қаражаттарының бұл түрлері нормаланатын айналым қаражаттары сияқты алдын ала есептелінбейді және есепке алынбайды. Бұл элементтерді басқару басқа әдістермен орындалады. Шаруашылық етуші субъектілердің осы құралдармен басқаруға мүмкіншіліктері бар және олар несиелеу және есеп айырысу жүйесі арқылы олардың көлеміне әсер ете алады.

           Коммерциялық  есеппен жұмыс істеуші кәсіпорындар  дебиторлық қарыздың мөлшерін  қысқартуға құштар, өйткені бұл  айналым қаражаттарының айналым  саласындағы айналымдылығын тездетеді, демек айналым капиталын тиімді пайдаланады. Мысалы, тауарлар операциясы бойынша дебиторлық қарыздың көлемін азайту арқылы, шартпен келісілген тауарларды жеткізу жоспарын орындау көрсеткішін, пайда туралы жоспарды және рентабельдікті жақсартады. Айналым қаражаттарын басқадай есеп айырысуда қысқарту арқылы, оларды толығырақ мақсатпен пайдалануға мүмкіндік тудырады, өйткені олар бұл ретте өндіріс саласынан шығып кетпейді. Соныменен, әрбір кәсіпорынның мақсаты, айналым саласындағы айналым қаражаттарының көлемін барынша қысқартуға барлық резервтерді пайдалану. Бұл резервтерге кәсіпорындар арасында тура шаруашылық байланысты дамыту, шарттық тәртіпті қатайту және ондағы міндеттемелерді орындау, прогрессивті есеп айырысу түрін қолдану практикасын кеңейту жатады.

           Кәсіпорындардың  дебиторлық қарызын тиімді басқару  мақсатымен дебиторлық қарызды  басқару саясаты жасалынып және  орындалуы керек. Дебиторлық қарызды  басқару саясаты – кәсіпорынның  айналым активтері мен маркетингтік  жалпы саясатының бір бөлігі болып есептелінеді, сондықтан сатылатын өнімдер көлемін көбейтуге, қарыздың жалпы мөлшерін оңтайлану арқылы өз уақытында төлемді қамтамасыз етуді қажет етеді.8

 

 

1.2     Кәсіпорынның  айналым капиталының классификациясы.

          Жоспарлау, есеп және талдау тәжірибесінде айналым капиталы келесі белгілер бойынша жіктеледі:9

-  өндіріс процесінде функционалдық  роліне байланысты: өндірістік

    айналым қорлары және  айналыс қорлары;

-  бақылау, жоспарлау және басқару  тәжірибесіне байланысты:

    нормаланатын айналым қорлары және нормаланбайтын айналым

     қорлары;

- айналым капиталдарының қалыптасу  көздеріне байланысты: жеке

    меншік айналым капиталы  және қарыздық айналым капиталы;

-  өтімділікке байланысты: абсолютті  өтімді айналым капиталы: тез  

    өтімді  айналым капиталы, баяу өтімді айналым капиталы;

-  капитал салымының тәуекел  деңгейіне байланысты: салымның 

    минималды деңгейімен  айналым капиталы, салымның аз  тәуекелімен

    айналым капиталы, салымның  орташа тәуекелімен айналым капиталы,

    салымның жоғары тәуекелімен  айналым капиталы;

-  кәсіпорынның балансындағы  көрінісі мен есеп стандарттарына 

    байланысты: запастардағы  айналым қорлары, есеп айырысуларжәне  басқа 

   да активтер;

-  материалды-заттық мазмұнына  байланысты: еңбек заттары (шикізат,

        материалдар, аяқталмаған өндіріс және т.б.), дайын өнім мен тауарлар,

        ақша қаражаттары  және есеп айырысу қорлары.

Функционалдық белгісі бойынша айналым капиталдарын айналым қорлары мен айналыс қорларына бөлу айналым каипталының өндіріс және айналыс процесінде келу уақытын бөлек есептеу мен талдау үшін қажет.

 

 

 

 

Кесте 1.

Кәсіпорынның айналым капиталының өндіріс процесінде функционалдық роліне байланысты классификациясы

Айналым капиталы

Айналым капиталына кіретін құралдар

1. Өндірістік айналым капиталы           (өндіріс сферасындағы және өндіріс  процесіндегі айналым капиталдары).

1.1. Өндірістік запастар:

     -  шикізат

     -  негізгі  материалдар

     - сатып алынатын  жартылай

        фабрикаттар

     -  қосымша материалдар

     -  аз құнды  және тез тозатын заттар

        (қалдық  құны бойынша)

1.2. Өндіріс процесіндегі құралдар:

     -  аяқталмаған  өндіріс

     -  өзіндік  жартылай фабрикаттар

     -  болашақ  кезең шығындары

2.  Айналыс қорлары (айналыстағы айналым қорлары)

2.1. Өткізілген өнім

      - кәсіпорынның  қоймасындағы дайын

        өнім

-  тиелген, бірақ әлі  төленбеген өнім

      -  қайта  сатуға арналған тауарлар

 

2.2. Ақша қаражаттары

     -  касса

     -  есеп айырысу  шоты

     -  басқа  да ақша қаражаты

     - басқа да  кәсіпорындармен және

        ұйымдармен  есеп айырысу

3. Айналым капиталының жалпы сомасы

п1+ п2


* И. А. Бланк «Основы финансового менеджмента» Киев, 2000,стр.301

 

Басқару деңгейіне қарай айналым капиталдары нормаланатын және нормаланбайтын болып бөлінеді. Нормаланатын айналым капиталдарына барлық өндірістік айналым қорлары жатады. Сонымен қатар кәсіпорын қоймасында өткізілмеген дайын өнім қалдықтары түріндегі айналым қорларының бөлігі жатады.

Нормаланбайтын айналым қорларында айналыс қорының қалған элементтері жатады, яғни тұтынушыларға жіберілген, бірақ әлі де төленбеген өнімдер және де ақша қаражаттары мен есеп айырысудың барлық түрлері.

Айналым капиталының жеке меншік қарыздық болып бөлінуі олардың қалыптасу көзі мен кәсіпорындарға айналым капиталдарын тұрақты және уақытша қолданысқа беру формаларынан көрінеді.

Жеке меншік айналым капиталы кәсіпорынның меншік капиталы есебінен қалыптасады (жарғы капиталы, резервтік капитал, жинақталған пайда және т.б.) Шаруашылық қызметтің айналым капиталымен қамтамасыз етілуі үшін олардың көлемі меншік капитал көлемінің шегінде бекітіледі. Меншік айналым капиталы тұрақты түрде пайдаланып отырады.

Кәсіпорынның меншік айналым капиталына қажеттілігі жоспарлау объектісі болып табылады және оның қаржылық жоспарында көрініс табады. Бұл қаражаттар запастартарды, яғни нормаланатын айналым қаражаттарын жабудың көзі ретінде қызмет етеді. Олардың алғашқы қалыптасуы компанияның құрылуы кезінде және оның жарғы капиталының жасалуы кезінде болады.

Қарыздық айналым капиталдарының қалыптасу көздеріндегі маңызды және негізгі мән-мағынаға ие. Қарыз қаражаттары кәсіпорынның ақша қаражаттарына уақытша қосымша қажеттілігін жабады. Қарыз қаражаттарын тарту өндіріс сипатымен, нарықтық экономикаға өту кезінде пайда болған қиые есеп айырысу қатынастарымен, меншікті айналым қаражаттарының жеткіліксіз мөлшерін толтыру қажеттілігімен және басқа да объективті және субъективті себептермен шарттасқан. Қарыздық айналым капиталдары банктік несие формасында, сонымен қатар кредиторлық қарыз ретінде қалыптасады. Олар кәсіпорынға уақытша пайдалануға беріледі. Олардың бір бөлігі ақылы (несиелер мен қарыздар), екінші бөлігі – ақысыз (кредиторлық қарыз). Кәсіпорынның қарыздық айналым капиталдарына қажеттілігі де жоспарлау объектісі болып, бизнес – жоспарда көрініс табады.

Кесте 2.

Кәсіпорын    балансы    бойынша       айналым      капиталының

классификациясы

Айналым капиталының топтары

Баланс активінің бөлімдері

1. Материалды айналым капиталдары (запастар)

Өндірістік запастар

Өсіріліп жатқан жануарлар

Аз құнды және тез тозатын заттар. (қалдық құны)

Аяқталмаған өндіріс

Болашақ кезең шығындары

Дайын өнім

Тауарлар

ҚҚС және алынған құндылықтар бойынша арнайы салық

2. Дебиторлық қарыз

Тиелген тауарлар

Тауарлар мен қызметтер үшін дебиторлар мен есеп айырысу

Еншілес кәсіпорындармен есеп айырысу

Алынған вексельдер бойынша дебиторлармен есеп айырысу

басқа да дебиторлармен есеп айырысу

Жабдықтаушылар мен мердігерлермен берілген аванстар

Басқа да айналыс капиталдары

3.Ақша қаражаттары

Қысқа мерзімді қаржылық салымдар

Кассадағы ақша қаражттары

есеп айырысу шотындағы қаржаттары

Валюталық шоттардағы ақша қаражаттары

Басқа да ақша қаражаттары

4.Айналым капиталының жалпы сомасы

(п.1.+п.2+п.3)


   * И.А. Бланк «Основы финансового менеджмента» Киев, 2000, стр.304

Кәсіпорын балансында көрсету әдісі бойынша айналым капиталдары келесі топтарға бөлінеді:

  • Запас түріндегі материалды ақша қаражаттары Е3. Бұл жерге баланс активінің ІІ бөлімінің барлық баптары кіреді. Өндірістік запастар аз құнды және тез тозатын заттар, аяқталмаған өдіріс, болашақ кезең шығындары, дайын өнім, тауар, басқа да запастар.
  • Дебиторлық қарыз – ЕДҚ. Дебиторлық қарыз құрамына баланс акитивінің ІІІ бөлімінің келесі баптары кіреді. тиелген тауарлар, дебиторлармен есеп айырысу (тауарлар, қызмет пен жұмыс үшін алынған вексельдер бойынша, еншілес кәсіпорындармен, бюджетттен басқа да операциялр бойынша ұжыммен, басқа да дебиторлармен), жабдықтаушылар мен мердігерлермен берілген аванстар, басқа да айналым активтері.
  • Ақша қаражаттары ЕА.Ақаш қаражаттары құрамына баланс активінің ІІІ бөлімінің келесі баптары кіреді: касса, есеп айырысу шоты, ваоюталық шот,басқа да ақша қаражаттары, қысқа мерзімд қаржылық салымдар.

Айналым капиалының жалпы сомасы – Е

                                               Е=Е3+ЕДҚ+ЕА

Өтімділік және қаржылық тәуекел бойынша айналым капиталының классификациясы кәсіпорынның айналымдағы құралдарының сапасын сипаттайды. Мұндағы классификациясының міндеті өткізу мүмкіндігі аз мөлшерде болатын ағымдағы активтерді көрсету. Кәсіпорынның айналым капиталдарын тиімді басқару тек қаржыландырудың қосымша көздерін табу мен тартды ғана емес, сонымен қатар оларды кәсіпорын активтеріне, әсіресе ағымдағы активтерге дұрыс орналастыруды қарастырады.

Ағымдағы активтердің өтімділігі айналым қаржаттарына салынған капиталының салымының тәуекел деңгейін анықтайтын басты фактор болып табылады. Ұзақ уақыт кезеңінде қандай да бір айналым қаражатының өткізілімінің жинақталған бағалары бұл активтерге салымның мүмкін тәуекелін анықтауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

Кесте 3.

Өтімділік деңгейі бойынша айналым капиталының 

 классификациясы

Айналым капиталының топтары

Баланс активінің баптары

1. Ең өтімді активтер

1.1. Ақша қаражаттары

     -  касса

     -  есеп айырысу  шоты

     -  валюталық  шот

1.2. Қысқа мерзмді қаржылық салымдар

2. Тез өтімді активтер

2.1. Тиелген тауарлар

2.2. Дебиторлық қарыз

     -  тауарлар, қызметтер, жұмыс үшін

     -  алынған  вексельдер бойынша

     -  еншілес  кәсіпорындармен

     -   бюджетпен

     -   басқа  да операциялар бойынша

          ұжыммен

2.3. Басқа да айналым активтері

3. Баяу өтімді активтер

3.1. Запастар – болашақ кезең  шығындары мен алынған құндылықтар  бойынша ҚҚС-ты алып тастағадағы  баланс активінің ІІ бөлімінің  нәтижесі

4. Айналым капиталының жалпы сомасы

п.1+п.2+п.3

Информация о работе Кәсіпорынның өзіндік мәні және несиелік капиталын қалыптастыру және қолдану жолдары