Кәсіпорынның өзіндік мәні және несиелік капиталын қалыптастыру және қолдану жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 09:30, дипломная работа

Описание работы

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.

Содержание работы

КІРІСПЕ ............................................................................................................................ 3
I ТАРАУ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ
МӘНІ МЕН РОЛІ............................................................................................................6
1.1 Кәсіпорын қызметінің табыстылығын ұлғайтудың тиімді әдісінің бірі –
ол айналым капиталын қалыптастыру және басқару ........................................... . 6
1.2 Кәсіпорынның айналым капиталының классификациясы ..................................20
1.3 Айналым капиталының қалыптасу және қаржыландыру көздері ......................26

II ТАРАУ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ...................................................................................35
2.1 «Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталының құрамы мен құрылымы ... ...........35
2.2 «Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталын экономикалық талдау ....................45

III ТАРАУ АЙНАЛЫМ ҚҰРАЛДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ
КӘСІПОРЫННЫҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.................... 51
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................................. 71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................. 74

Файлы: 1 файл

Дип.-кәсіпорынның-саясаты-мен-айналым-капиталын-және-оның-ұтымды-пайдалануын-үйрену.doc

— 587.00 Кб (Скачать файл)

           Өндірістік  кәсіпорындардың жұмыс істеуін  қамтамасыз ететін тауарлы-материалдық  құндылықтардың 3 түрлі қорлары бар:

- өндірістік қорлар;

- аяқталмаған өндіріс;

- дайын өнімнің қорлары.

           Аталғандардың барлығы өзінің мазмұны бойынша заттай және қаржылай бағаланады.

           Өндірістік қор. Оған қайта өңдеуші кәсіпорындарда шикізаттар мен материалдарды, сатып алынатын жартылай дайын өнімдерді, оларды дайын өнімге айналдырушы еңбек шығындарын, өнімге қажетті қосымша құралдар немесе тауарды безендіруге қажетті құралдар жабдықтарды көруге техникалық аппараттарды химиялық тексеруден өткізу, отын мен жанар-жағармайды сақтауға, тасымалдауға арналған бұйымдарды жатқызамыз.

       Пайдалану жағынан ыдыстарды екіге бөлеміз:

      1. айналымға енетін.

      2. 1 рет қолданылатын.

            Осыған орай өндірістік қорларды  өнімді өндіру процесінде қолданылатын  өндірістің заттай факторы десек, екінші жағынан тауарлы материалдық  құндылықтардың ақшалай көрінісі деп те айтамыз.

            Өнімнің тез арада өндірілмейтіні  бізге белгілі. Өндірістік қорлар  дайын өнім қорлар формасына  өтпес бұрын, шикізаттар мен материалдарды  бірнеше өңдеу кезеңдерінің өткізеді. Әр кезеңінде өзінің аяқталмаған  өндірісі бар. Өңдеу процесі жүргізіліп жатқан уақыт аралығын аяқталмаған өндіріс деп атайды. Бұл қорға тауарлы-материалдық құндылықтар мен кеткен еңбек шығындарын, өнім өндіруге кеткен электроэнергия мен су шығындарының құны жатады. Басқа да еңбек құралының құрамына кәсіпорынның аяқталмаған өндірісі, қазіргі жасалған барлық шығындардың жиынтығы, өнімнің өзіндік құнында есептелінеді.          

            Дайын өнім қорларына өндірісте  біткен және сатуға дайын тауарлар, қоймада орналасқан дайын өнім  қалдықтарының құны кіреді. Берілген жағдайда дайындауға кеткен барлық шығындар есептелінеді. Көп жағдайда өнімді қоймада біраз уақыт сақталынып, оны безендірсе, оған кеткен шығындар да есепке алынуы тиіс. Кәсіпорынның жұмыс істеуіне материалды-өндірістік қорлардың әртүрлі әсері болғандықтан осылай үшке бөлінген.

             Нарықтық экономика жағдайында  кәсіпорынның шаруашылық қызметінің  негізгі және түпкі мақсаты  табыс алу болғандықтан, барлық  назарды осы көрсеткішті талдауға  аудару керек.

             Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады. Пайда – тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Басқаша айтсақ, пайда – бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез келген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі – қосымша еңбек – қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, пайда құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес. Егер бұйым сатқанда тек жұмсалған шығынды ғана өтеп, ешқандай пайда келтірмесе, кәсіпорынға бұйым шығарудың қажеті не ?

             Ал кәсіпорынның қорлануының  мөлшері неге байланысты ?  Егер белгілі бір кезеңде ұжым қажет болып отырған өнім өндіруді арттырып, оның сапасын жақсартып, ассортиментін кеңейтсе, егер еңбек өнімділігі артып, өндіріс шығыны азайтылса, пайда мөлшері де өседі. Демек, бұл кәсіпорын өндіріс тиімділігін арттырды деген сөз.

            Пайда баланстық және есептеулік  болып бөлінеді. Менің жоғарыда  пайданы есептеуді көрсетілген  кестем баланстық есептеуге жатады. Пайданы үлестіру объектісі де  кәсіпорынның баланстық пайдасы  болып табылады. Оны үлестіру  заңдылығы – салық және басқа да төлем шарттары түрінде түрлі деңгейде бюджетке түсетін бөлігі.

            Бөлінбеген пайда кең мағынада  пайда ретінде тұтынуға пайдаланған  және өткен жылдардағы пайдаланбаған  пайда кәсіпорынның қаржы орнықтылығын, кейінгі дамуы үшін қаржы көздерінің бар болуын дәлелдейді.

            Кәсіпорындарда пайданы үлестіру  және пайдалану тәртібі оның  жарғысында тіркеліп қойылады  және оны кәсіпорын басшысы  бекітеді.

            Сонымен, нарықтық экономика жағдайында  пайданың маңызы орасан зор. Оны  алуға ұмтылу тауар өндірушілерді  өнім өткізудің көлемін арттыруға, оған кететін шығындарды азайтуға  бағыт көрсетеді.

Кесте 8.

«Мерей-Әсем» ЖШС-ң  2005 жылғы біріктірілген пайданың есебі,

(мың теңге)

Пайда

Жыл басынан

1.1

Негізгі қызметі

64 363 243

 

дайын өнімді сатудан түскен табыс

61 665 633

 

өткізудегі жұмыс пен қызмет

2 083 191

 

ТМҚ өз өндірісін сатудан түскен

614 419  

1.2

Негізгі қызметтен тыс

3 663 501

 

ТМҚ сатудан түскен

1 926 684

 

қызметті қайта көрсетуден

437 182

 

жалға беру қызмет үшін

98 402

 

құнды қағаздарды сатудан түскен

-34 147

 

қаржылық инвестицияны сатудан түскен

0

 

НҚ, МЕА сатудан түскен

1 235 380

1.3

Сатудан тыс операциялар

2 922 660

 

алынған ескертулер мен тиымдар

5 445

 

алынған дивидендтер мен пайыздар

20 304

 

курстық айырмашылықтар

2 101 137

 

ақша құралдарының конвертациясы

342

 

тағы басқалары

795 432

 

Пайданың барлығы:

70 949 404


* «Мерей-Әсем» ЖШС-ң баланс есебінен     

           Кәсіпорынның  сатқан өнімдерінің, тауарларының  басқа да активтерінің өзіндік құны, сондай-ақ оларды сату, есептен шығару барысында пайда болатын шығындар сомасының жиынтығы субъектінің шығыстары болып табылады. Шығындар – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:

  • өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл  капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;
  • өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл  жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;
  • өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.

          Практикалық  маңызы болатын ең тұрақты  және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі  уақыт ішіндегі сомасы өнімді  өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары және т.б.

          Ауыспалы  шығындар – бұл осы кездегі  уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне  және сатылуына тәуелді болмайтын  шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия, көлік қызметі  және т.б. Тұрақты және ауыспалы  шығындардың арасындағы айырмашылықтың елеулі маңызы бар. Тұрақты шығындар өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін.

          Қаржы  менеджері ағымдағы шығындарды  қалыптастырудың әртүрлі варианттарын  талдау негізінде өз кәсіпорынның нақтылы экономикалық жағдайына сәйкес келетін,оның төлемқабілеттілігін,рентабельділігі мен активтерінің өтімділігін қамтамасыз етеиін вариантты таңдап алады.

 

 

 

 

 

  Кесте 9.

  «Мерей-Әсем» ЖШС-ң 2005 жылғы біріктірілген шығындардың есебі, (мың теңге)

Шығындар

Жыл басынан

2.1

Негізгі қызметі

48 337 479

 

сатылған дайын өнімдердің өзіндік құны

30 776 621

 

өткізудегі жұмыс пен қызметтің өзіндік құны

2 207 805

 

ТМҚ өз өндірісін сатудың өзіндік құны

363 477

 

Шығындар кезеңі

14 989 577

 

сатудағы шығындар

4 536 959

 

жалпы әкімшілік шығындар (вычет)

5 439 363

 

жалпы әкімшілік шығындар (невычет)

2 439 394

 

пайыздық шығындар

2 573 861

2.2

Негізгі қызметтен тыс

3 443 845

 

ТМҚ сатудан шеккен

1 762 491

 

қызметті қайта көрсетуден

365 090

 

жалға беру қызмет үшін

65 682

 

құнды қағаздарды сатудан шеккен

729,00

 

қаржылық инвестицияны сатудан шеккен

-

 

НҚ, МЕА сатудан шеккен

1 249 853

2.3

Сатудан тыс операциялар

4 389 598

 

алынған ескертулер мен тиымдар

753 788

 

курстық айырмашылықтар

1 212 443

 

ақша құралдарының конвертациясы

145 864

 

тағы басқалары

2 277 503

2.4

Резервтерді құру

-1 818 725

 

Шығындардың барлығы:

54 352 198

*  «Мерей-Әсем» баланс есебінен


           Менің  ойымша, кәсіпорынның экономикалық  қауіпсіздігі, сол кәсіпорынның экономикасының даму жағдайы деп анықтауға болады, яғни мемлекеттің және тұлғалардың әлеуметтік-экономикалық сферадағы қызығушылықтарын сыртқы және ішкі факторлардың теріс әсер етуінен қорғау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 10. 

  «Мерей-Әсем» ЖШС-ң 2005 жылғы біріктірілген қорытынды есебі,            (мың теңге)

Қорытындысы

Жыл басынан

3.1

Негізгі қызметі

16 025 764

 

дайын өнімді сатудан

30 889 012

 

өткізудегі жұмыс пен қызмет

- 124 613

 

ТМҚ өз өндірісін сатудан

250 942

 

Шығындар кезеңі

-14 989 577

3.3

Негізгі қызметтен тыс

-1 247 283 

 

Жалпы өткізулер

219 656

 

Өткізуден тыс операциялар

-1 466 939

 

Сонымен қатар курстық айырмашылықтан

743 172

3.4

Резервтерді құру

1 818 725

3.5

Табыс салығы бойынша шығындар

6 126 795

3.6

Өткен табыс салығы бойынша шығындар

-

3.4

Табыстын азаю үлесіне қалуы

10 470 411

3.5

Төтенше жағдайдан алынған табыс

-

3.6

Төтенше жағдайдан шеккен зиян

-

3.6

Төтенше жағдайдан шеккен зиян

-

 

азаю үлесі

197 096

 

Қорытынды нәтиже

10 472 382


*  «Мерей-Әсем» баланс есебінен

Әрбір кәсіпорынға экономикасына қауіптің төнуі – бұл ішкі және сыртқы факторлардың әсер етуінен потенциалды дамудың сондай түрі, яғни экономиканың негізгі салаларының және оны басқару жүйелерінің құлауы, ұлттық байлықтың ысырап болуы, технологиялық артта қалушылық,  ғылыми және әлеуметтік регресстің пайда болуы, қоғам дезинтеграциясы және т.б. орын алуы. Тауарларды несиеге сату кезінде, компания міндетті түрде клиенттін тауарлар үшін және көрсеткен қызметі үшін өтей алмау қабілеттілігімен кездеседі. Егер компания мұндай оқиғаларға ұшырап қалмауы үшін, онда ол өз клиенттерін толығымен тексеруі керек, бірақ бұл тексеріс көптеген шығын әкеледі. Және де тұрақты өз клиенттерінен айырылады. Кейбір клиенттер компаниядан несие алалмағандықтан, олар әрине компанияның бәсекелестіктерінен несие алуға тырысады, сөйтіп компанияның тауарларды өткізу көлемі қысқарады. Сондықтан қаржы менеджері қызметтерінің бірі – дебиторлық қарыздарды басқарудағы сатып алушылардың төлем қабілетсіздігін жою.

 Кәсіпорынның қаржылық жағдайының қауіпсіздік сұрақтарын шешетін көптеген факторлар арасында, екеуі ерекше орында. Біріншісі – бұл экономикалық жағдайы, оның бәсеке қабілеттілігінің деңгейі. Екіншісі - әлемдік шаруашылықтағы бәсекелестік деңгейі, әлемдік экономикадағы белгілі-бір орынға күрес. Және де ештеме тұрақты емес, оның ішінде бәсеке қабілеттілік. Бірде-бір мемлекет әлемдік бәсекеге қабілеттілік деңгейіндегі орнынан айырылу тәуекелінен сақтандырылмаған. Экономиканың қауіпсіздігін сақтау тек қана саясатқа ғана емес, сонымен бірге ұлттық приоритеттердің қатал принциптеріне де байланысты.

            Кәсіпорынның экономикалық саясатының  қалыптасу процесінің жалпылыма  логикасы, кәсіпорынның экономикалық  қауіпсіздігі стратегиясы аясында  жүргізілетін, әртүрлі құжаттардағы  жағдайлар мен талаптарды тіркеуді қосады.

           Кәсіпорынның  ақша активтерінің құрамын қаржылық  менеджментінің көзқарасымен сипаттай  отырып, атап кететін жай, мұндағы  трактат бухгалтерлік есептен  кең. Бухгалтерлік есепте қысқа  мерзімді қаражат бөлу айналым активтерінің құрамында жеке дара есеп объектісі және есеп беру ретінде қаралады, ал қаржылық менеджмент қысқа мерзімді қаржы бөлуді бос ақша қалдығы активтерін қор түрінде орналастыруды қарайды, өйткені ол кез келген уақытта кәсіпорынның қаржылық міндеттемесін орындауға қажет болуы мүмкін.

           Қаржы  менеджментінің негізгі мақсатына  сай, ақша активтерін басқару  процесінде, оны басқаруға сәйкес  саясат қалыптастырылады. Осы саясатты  қалыптастыру процесінде есепке  алатыны, кәсіпорынның тұрақты төлем қабілеттігін қамтамасыз ету талабы көп мөлшерде ақша активтерін жасаудың қажеттілігін анықтайды, яғни кәсіпорынның қаржылық мүмкіншілігі шеңберінде орташа қалдықты барынша көбейту.

Информация о работе Кәсіпорынның өзіндік мәні және несиелік капиталын қалыптастыру және қолдану жолдары