Кәсіпорынның өзіндік мәні және несиелік капиталын қалыптастыру және қолдану жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 09:30, дипломная работа

Описание работы

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.

Содержание работы

КІРІСПЕ ............................................................................................................................ 3
I ТАРАУ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ
МӘНІ МЕН РОЛІ............................................................................................................6
1.1 Кәсіпорын қызметінің табыстылығын ұлғайтудың тиімді әдісінің бірі –
ол айналым капиталын қалыптастыру және басқару ........................................... . 6
1.2 Кәсіпорынның айналым капиталының классификациясы ..................................20
1.3 Айналым капиталының қалыптасу және қаржыландыру көздері ......................26

II ТАРАУ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ...................................................................................35
2.1 «Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталының құрамы мен құрылымы ... ...........35
2.2 «Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталын экономикалық талдау ....................45

III ТАРАУ АЙНАЛЫМ ҚҰРАЛДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ
КӘСІПОРЫННЫҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.................... 51
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................................. 71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................. 74

Файлы: 1 файл

Дип.-кәсіпорынның-саясаты-мен-айналым-капиталын-және-оның-ұтымды-пайдалануын-үйрену.doc

— 587.00 Кб (Скачать файл)

1. Өндіріске кететін  тікелей шығындарды есептеу.

1.1. Технологиялық мақсатқа жұмсалатын энергия:

Сэ.т. = Цэ.т. * Qэ.т.

мұнда,   Цэ.т. – 1кВт  электрэнергиясының құны

              6 –  электрэнергия шығынының  нормасы

             Qэ.т. – 1 жылдық технологиялық мақсаттағы электрэнергия шығыны

              Цэ.т. = 0,650 теңге/кВт.сағ

              Qэ.т. – 204000*6 = 1224000 кВт

             Сэ.т. = 0,650*1224000 = 795,6 мың теңге

1.2.  Өндіріс жұмысшыларының  негізгі еңбекақысы:

   Зопр = 1,3*1,4*Фдр*Рсп*γср

мұнда, 1,3 – «Мерей-Әсем» ЖШС өз қызметкерлеріне төленетін аудандық     коэффициенті;

              1,4 – «Мерей-Әсем» ЖШС өз қызметкерлеріне  орнатылған инфляция коэффициенті;

              Фд.р. – жұмысшылардың жұмыс уақыттарының нақты жылдық қоры, Фд.р. = 1730 сағ.

              Рс.п. - өндіріс жұмысшыларының тізімдік саны 120 адам

              γс.р. - өндіріс жұмысшыларының 1 сағаттық орташа тарифтік ставкасы.

             Зопр = 1,3*1,4*1730*120*277,7 = 104924 мың теңге

             Жөндеу қызметкерлерінің еңбекақысы:

             Зопр = 1,3*1,4*Фдр*Рсп*γср

мұнда, 1,3 – «Мерей-Әсем» ЖШС өз қызметкерлеріне төленетін аудандық     коэффициенті;

              1,4 – «Мерей-Әсем» ЖШС өз қызметкерлеріне  орнатылған инфляция коэффициенті;

              Фд.р. – жұмысшылардың жұмыс уақыттарының нақты жылдық қоры, Фд.р. = 1730 сағ.

              Рс.п. - өндіріс жұмысшыларының тізімдік саны 50 адам

              γс.р. - өндіріс жұмысшыларының 1 сағаттық орташа тарифтік ставкасы.

              Зопр = 1,3*1,4*1730*50*138 = 21725,3 мың теңге

Негізгі және жөндеу қызметкерлердің еңбекақысынан зейнетақы қорына бөлуі:

                       ( 104924 + 21725,3) * 10% = 12664,9 мың теңге

Негізгі және жөндеу қызметкерлердің еңбекақысынан әлеуметтік сақтандыру қорына бөлуі:

                       ( 104924 +21725,3 – 12664,9) * 21,0% = 23936,7 мың теңге

Барлығы еңбекақыға:

                     104924 + 21725,3 + 23936,7 + 12664,9 = 163250,9 мың теңге 

2. Жабдықтардың жұмыс істеуіне жұмсалатын шығындар есебі.

2.1. Өндірістік мұқтаждыққа қажетті отын мен энергия.

Қуат беретін электрэнергиясы:

              Сэ.с. = Цэ.с. * Qс.

мұнда,   Цэ.с. – қуат беретін электрэнергиясының 1кВт/сағ құны

              Цэ.с. = 0,65 теңге/кВт.сағ

              Qс. – қуат беретін электрэнергиясының 1 жылдық шығыны

              Qс. = 12000 кВт.сағ

              Сэ.с. = 0,65*24000 = 15,6 мың теңге

Кесте 7.

Тікелей шығындардың сметасы, (мың теңге)

Шығындардың атауы  

Сомасы, мың тг.

Жиынның үлесі %

1

Шикізатқа кеткен шығындар

2184840

49,94

2

Технологиялық мақсаттардағы қосалқы материалдар

1860480

42,53

3

Технологиялық мақсаттардағы нормаланатын материалдар

32856,2

0,75

4

 Отын

132600

3,03

5

Технологиялық мақсаттарға жұмсалатын энергия

795,6

0,02

6

Өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысы

104924

2,40

7

Жөндеу қызметкерлерінің еңбекақысы

21725,3

0,50

8

Әлеуметтік салық

23936,7

0,55

9

Зейнетақы қорына

12664,9

0,28

 

Барлығы:

4374822,7

100


 *  «Мерей-Әсем» ЖШС баланс есебінен         

2.2. Өндірістік мұқтаждыққа қажетті бу (пар).

         Сп. = Цп. * Qп.

мұнда,   Цп. – будың 1т құны:                Цп. = 1037 теңге/Гкал

              Qп. – 1 жылдық бу шығыны:    Qп. = 2100 мың Гкал

              Сп. = 1037*2100 = 2177700 мың теңге

2.3.    Өндірістік  мұқтаждыққа қажетті су.

         Св. = Цв. * Qв.

мұнда,   Цв. – 1м3 су құны: Цв. = 597теңге/мың м3

          Qв. – 1 жылдық өндіріске қажетті су шығыны:

          Qв.= 200 мың м3

               Св. = 597*200 = 119,4 мың теңге

2.4. Қосалқы жұмысшылардың негізгі және қосымша еңбекақысы және әлеуметтік сақтандыруға бөлуі.

      Қосалқы жұмысшылардың негізгі еңбекақысы

               Зопр = 1,3*1,4*Фдр*Рсп*γср

мұнда,   Фд.р. – жұмысшылардың жұмыс уақыттарының нақты жылдық қоры, Фд.р. = 1720 сағ.

               Рс.п. -  қосалқы жұмысшыларының тізімдік саны

               γс.р. -  қосалқы жұмысшыларының орташа тарифтік ставкасы.

               γс.р. = 125 теңге/сағ

                                                              Ряв * 100

                                                 Рс.п. = --------------

                                                            ( 100 - Кнв)

мұнда,    Ряв – қосалқы жұмысшылардың келгендер саны

               Кнв – орынды себеппен жұмысқа шықпай қалуының жалпы жоспарлы пайыздық есебі;                Кнв = 5 %

                                                             36*100          

                                                  Рсп= ———– = 38 адам

                                                            (100-5)

         Зов = 1,3*1,4 *1720 *38 *4,5 = 535,3 мың теңге

           Негізгі  және жөндеу қызметкерлердің  еңбекақысынан зейнетақы қорына бөлуі:

           535,3 *10% = 53,5 мың теңге

           Қосалқы  жұмысшылардың еңбекақысынан әлеуметтік  сақтандыруға бөлуі:

           (535,3 - 53,5) * 21% = 101,2 мың теңге

Барлығы: 535,3 + 101,2 + 53,5 = 690,0 мың теңге

2.5. Жабдықтардың жұмыс істеуі.

           Қосалқы  материалдарға кеткен жалпы шығындардың 10% , осы         бөлімнің  шығындары құрайды:

           1860480 * 10% = 186048 мың теңге

2.6. Өндірістік жабдықтар мен көлік құралдарының амортизациясы.

           Өндірістік жабдықтардың амортизациясы.

            Са.об. = Цоб (а.об./100)

мұнда,   Цоб. = 25000 мың теңге.

               аоб. – амортизация нормасы: аоб. = 11%.

             Са.об. = 25000 * (11/100) = 2750 мың теңге.

             Көлік құралдарының амортизациясы.

             Са.тр. = Цтр (а.тр./100)

мұнда,    Цтр. = 4700 теңге.

                атр. – амортизация нормасы: атр. = 20%.

              Са.тр. = 4700 * (20/100) = 940 мың теңге.

Барлығы: Са.об.тр. = 2750 + 940 = 3690 мың теңге.

2.7.  Тез тозатын құралдарды қалыптастыру мен қалпына келтірудегі шығындар.

Есептен жылына бір қосалқы жұмысшыға 2400 теңге қабылданады.

         Св.изн. = 36 * 2400 = 86,4 мың теңге.

2.8. Басқа да шығындар: 

6 – 11 бөлімдердегі шығындардың  тең 5% соммасы қабылданады

         Спр.з. = 211187,9 * 5% = 10559,4 мың теңге

2.9.   Шикізаттың артуымен  қатар сатып алынған шикізатқа  шығындардың көлемі де артады

Кәсіпорын  бойынша шығындардың барлығы:

           Зоб = Зпр + Зс

           Зоб = 6804645,5 + 218484 = 7023 129,5 мың теңге

3. Пайда.

           Пр = Тп - Зоб

           Пр = 13542 720,8 – 7023 129,5 = 6519591,3 мың теңге

 

 

 

 

 

ІІІ Тарау Айналым құралдарын қалыптастыру саласындағы кәсіпорынның саясаты және жетілдіру жолдары

             Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінің шындығы кәсіпорындарда шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауар формасына айналуында. Қазіргі шынайы өмір фактілері адамзат қоғамының бүгінгі таңдағы экономикалық өмірінде әрі қарайғы даму жолын айқындау үшін теориялық тұрғыдан ой елегінен өткізілуі қажет.

           Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай-ақ басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

           Айналым  қаражаты кәсіпорынның жұмыс  істеуіне өндіріс пен өнімді  өткізу барысында әсер ететін  басты құрал болып табылады. Өндіріс  саласында өнім өндіру мен  шикізат пен материалдарды сатып алуға, жұмысшыларға жалақы беруге және көптеген өндірістік шығындарға қажет ақшалай қаражат. Өнім шығаруға қажетті шикізаттар мен материалдарды сатып алу, жұмысшыларға төленетін еңбек шығындары және өндірілген дайын өнімді өткізуге кеткен шығындар үшін ақшалай қаражат керек. Осыған орай, айналым қаражаты дегеніміз, өнім өндіру мен өткізудің жоспарлы және үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға берілген ақшалай қаражаттардың жиынтығы. Өндірістік айналым қорлары өндіріс процесінің үздіксіздігін қадағалайды, ал айналыс қорлары кәсіпорынның пайдасын көбейту үшін өнімнің нарықтан орын табуына және өтуіне оң ықпалын тигізеді. Өндіріс процесінің үздіксіз қалыптасып жұмыс істеуіне әсер ететін айналым қаражаттарының экономикалық маңызын анықтайды.

           Белгілі  бір уақыт аралығында өнім  өндіру үшін жұмсалған барлық  айналым қаражаттары қолданылып, өнімге немесе тауарға айналады: бұл  белгілі бір уақыт немесе  белгілі бір цикл келесі жұмыстармен сипатталады:

  • жабдықтаушылардың қолма-қол және қолма-қолсыз ақшаға әкелген

    шикізаттар мен материалдар;

  • алынған шикізаттар мен материалдарды өндірістік өңдеу жұмысшыларға

    еңбек ақы төлеу;

  • өндіріс процесіндегі «аяқталмаған өндіріс» -тен «дайын өнім» деңгейіне

     көшу;

-  дайын өнімді өткізу мен  олар үшін сатып алушыларға  шоттарды ұсыну;

-  сатып алушылардан қолма-қол  ақшаның түсуі.

           Кәсіпорындарға  тәжірибеде айналым құралдарының  ақшалай құрамына өндірістік-материалдық қорлардың құны; дебиторлық борыштар; алдағы кезеңдердің шығындары немесе алдын ала төленген шығындар (сақтандыру төлемдері); ақша қаражаттары.

           Өндіріс  процесінің маңызы өндірістік-материалдық  құрал-жабдықтарды құру қажеттігі  болып табылады. Яғни өнім өндіру процесі сағат сайын, күн сайын жүргізіледі. Оның тоқталуы тек демалыс күндері немесе өндірістік құралдарды жөндеуде болса ғана мүмкін. Қарап отырсақ өнім өндіру процесінде қажетті шикізаттар мен материалдар және т.б. қажетті кірістер үнемі уақытында кешікпей түсіп отыруы тиіс.          

Информация о работе Кәсіпорынның өзіндік мәні және несиелік капиталын қалыптастыру және қолдану жолдары