Кәсіпорынның өзіндік мәні және несиелік капиталын қалыптастыру және қолдану жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 09:30, дипломная работа

Описание работы

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.

Содержание работы

КІРІСПЕ ............................................................................................................................ 3
I ТАРАУ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ
МӘНІ МЕН РОЛІ............................................................................................................6
1.1 Кәсіпорын қызметінің табыстылығын ұлғайтудың тиімді әдісінің бірі –
ол айналым капиталын қалыптастыру және басқару ........................................... . 6
1.2 Кәсіпорынның айналым капиталының классификациясы ..................................20
1.3 Айналым капиталының қалыптасу және қаржыландыру көздері ......................26

II ТАРАУ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ...................................................................................35
2.1 «Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталының құрамы мен құрылымы ... ...........35
2.2 «Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталын экономикалық талдау ....................45

III ТАРАУ АЙНАЛЫМ ҚҰРАЛДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ
КӘСІПОРЫННЫҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.................... 51
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................................. 71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................. 74

Файлы: 1 файл

Дип.-кәсіпорынның-саясаты-мен-айналым-капиталын-және-оның-ұтымды-пайдалануын-үйрену.doc

— 587.00 Кб (Скачать файл)

            Алматы: Агентство Республики Казахстан по статистике, 2000, 466 б.

     16.   И.Т. Балабанов «Анализ и планирование  финансов   хозяйствующего   

             Субъекта», учебное пособие -Москва: Финансы и статистика, 1994 –

             478б.

     17.    Л.С. Бляхман     «Экономика фирмы»,     учебное пособие   -    Санкт-

               Петербург,     Издательство Михайлова, 2000, 279б.

     18.    К.Ш.  Дюсембаев           «Анализ           финансового        положения 

              предприятия»    Алматы, Экономика, 1998, 312б.

     19.    С.А.  Жданов           «Основы               теории               экономического

             управления предприятием», учебник - Москва, Финпресс, 2000, 384б.

     20.    А.И. Ковалев,         В.П.  Привалов        «Анализ              финансового

             состояния   предприятия», Москва, Центр экономики и маркетинга,

              1995, 345 б.

     21.    В.В. Ковалев             «Финансовый            анализ.              Управление  

              капиталом. Выбор   инвестиций.     Анализ   отчетности» – Москва:

             Финансы и Статистика, 1996.

     22.   Қ.С. Құлпыбаев,             Қ.Қ Ильясов         «Қаржы»      Алматы: 1-2-ші 

             басылым,  қайта  өнделген және  қосымша, 2005, 472 б.

     23.    Л.Н. Павлова  «Финансы предприятий», учебник - Москва, Финансы,

             1998, 639 б.

     24.   В.М. Родионова     «Финансы»    Москва,    Финансы    и статистика,

            1994,435б  .          

     25.    Е.С.   Стоянова,       Е.В.  Быкова,      И.А.    Бланк         «Управление

              оборотным капиталом» – Москва, Перспекитва, 1998, 130б.

     26.   Под   ред. Е.С.    Стояновой    «Финансовый   менеджмент: теория и

             практика»    4-е      изд.,   перераб. и   доп.  -    Москва:   издательство

            Перспектива, 1999, 656 б.

     27.  Под    ред.     М.В.     Романского      «Финансы предприятий»   Санкт-

            Петербург, Бизнесс-Пресса, 2000, 528 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Версии и подверсии ............................................................................................136

Как устроены окна ..............................................................................................137

Пролетая над столом ..........................................................................................141

Рабочий стол .............................................................................................141

Панель задач (Taskbar) .............................................................................146

Кнопка Пуск и главное меню Windows ................................. ................151

Меню Пуск в Windows ХР .......................................................................156

Завершение работы Windows ............................................................................158

Способы копирования и перемещения .............................................................175

Корзина, или Оживление покойников ..............................................................178

Подменю Создать ...............................................................................................181

Искалка Windows ................................................................................................183

Команда Отправить ............................................................................................186

Настройка проводника .......................................................................................194

Настройка главного меню и панели задач .......................................................202

Настройка главного меню в Windows ХР ........................................................203

Настройка рабочего стола ..................................................................................206

Панель управления .............................................................................................216

Установка программ ...........................................................................................222

Удаление программ ............................................................................................224

Шрифты ...............................................................................................................235

Установка Windows ............................................................................................267

Windows без мыши .............................................................................................271

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16-тарау. Мемлекеттікбюджеттен тыс қорлар

 

16.1. Бюджеттен тыс қорлардың  мәні

 

Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.

Бірақ рыноктық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салалрды қаржыландыруды бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.

Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.

Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық органдарына аударуды қажет етті; бұл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры (екйін Экономиканы жаңғырту қоры) сай болды. Басқа жағдайларда, рынокқа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-республикалық қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар қорлардың – Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түрлі арналымның инновациялық қорларының және басқаларының өте-мөте тар мақсатты арналымы болды.

Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одақтық-республикалық қоры уақытша қызмет етті – бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын қалыптастырудың қиындықтарымен, оған жұмылдыратын қаражаттардың белгілі бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз

Қорларды қалыптастыру кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге қайтарусыз тәртіппен ақша қаражаттарының бір бөлігін салудың қоымша міндеттілігі жүктеледі. Егер мұндай бөлік қосымша өнім (пайда, табыс) құнының есебінен салынса, онда тікелей кәсіпорындардың экономикалық мүдделерін шалады – олардың ұдайы өндіріс пен тұтынудағы мүмкіндіктерін тежейді (мысалы, 1995 жылға дейін жұмыс істеген Кәсіпкерлік пен бәсекені дамытуды қолу қорында). Қорларға аударылған аударымдарды өнімнің өзіндік құнына жатқызған жағдайда, құнның бір бөлігі баға арқылы тұтынушыға аудара салынады және бұл күш –салмақты жалпы қоғам көтереді. Сөйтіп, қорды қалыптастыру және пайдалану кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір бөлігі үшін белгілі бір уақыт хххххххх  баламасыз болып табылатын қайта бөлгіштік үдерістер өрбиді, яғни олардың экономикалық мүдделеріне қысым жасалады. Сонымен бірге бүкіл қоғам ауқымында бюджеттен тыс қорлардың көмегімен әлеуметтік экономикалық теңгерімділік пен тұрақтылық қолдап отырылады. Өйткені халықтың жекелеген топтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі жергілікті және жалпымемлекеттік ауқымның мәселелерін, бүкіл экономиканың  немесе өңірдің мүддесі үшін белгілі бір мақсатты бағдарламаларды орындауды, әлеуметтік-экономикалық дамуды теңестіруді шешу мүмкін бола бастайды. Сөйтіп, бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуінде топтық және қоғамдық мүдделердің қарама-қайшылығы көрінеді. Жалпы пайдаланудағы қорды қалыптастыру субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі. Бюджеттен тыс  қорлардың жұмыс істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржы қатынастарының бұл нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында.

Бюджеттен тыс арнаулы қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржы қатынастарын саралауға, олардың бір бөлігін тармаландандырылған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік әртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.

Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық-мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау (экологиялық), миграциялық, құқық тәртібіне жәрдемдесу, мәдени арналым және басқа қорлар, ал басқару деңгейіне қарай мемлекетаралық мемлекеттік және өңірлік, жергілікті болып бөлінеді.

Экономикалық қорлар – экономикалық дамудың, ал әлеуметтік қорлар қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған қорлар болып табылады. Мемлекеттік қорлар – бұл мемлекеттік деңгейде, ал өңірлік қорлар өңірлік деңгейде қалыптасатын қорлар.

Бюджеттен тыс қорлар арқылы қаржы ресурстарының едәуір көлемі қайта бөлінеді. Қазақстан Республикасында қайта бөлудің ауқымы 2005 жылдың басында елдің жалпы ішкі өнімнің 16%на жетті (Ұлттық қор мен дамудың мемлекеттік институттарын есепке ала отырып).

Бюджеттен тыс қорлардың көздері тұрақты және уақытша болуы мүмкін.

Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттарын жұмсаудщың негізгі бағыттары мыналар:

жарғылық қызмет;

артық ақшалардың белгілі бір үлесін қаржы активтеріне инвестициялау;

коммерциялық қызмет.

Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің қаржы буындарының бірі болып табылады. өзінің мәні жағынан бюджеттен тыс қорлар – бұл, жоғарыда атап кеткеніміздей, бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді және оперативті дербестік негізде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тартатын қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану нысаны.

Арналымы – мына арнаулы мақсатты аударымдар есебінен мақсатты шараларды қаржыландыру:

а) арнаулы мақсатты салықтар;

ә) қарыз және ақшалай –заттай лотериялар өткізу есебінен;

б) бюджеттен берілетін субсидиялар есебінен;

в) қосымша анықталған кірістер мен үнемделген қаржы ресурстары;

г) ерікті жарналар мен заңи және жеке тұлғалардың  қайырымдылықтар.

Бюджеттен тыс қорлардың көмегімен:

отандық кәсіпорындарды қаржыландыру, қаражаттандыру, несиелендіру жолымен өндіріс үдерісіне ықпал жасауға;

арнайы белгіленген көздер мен қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұлдар есебінен қаржыландыра отырып, табиғат қорғау шараларын қамтамасыз етуге;

зейнетақылар, жәрдемақылар төлеу , жалпы әлеуметтік инфрақұрылымды қаражаттандыру және қаржыландыру жолымен халыққа қызметтер көрсетуге;

қарыз беруге, соның ішінде шетел мемлекеттерін қоса шетелдік әріптестерге беруге болады.

Бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеу ұйымы биліктің мемлекеттік органдарының – орталық,  республикалық және жергілікті органдарының қарамағында болады.

Бюджеттен тыс қорлардың белгілі бір жеңілдіктерінің болуы мүмкін:

а) салық төлеуден босату;

ә) кеден баждарын төлеуден босату (коммерциялық қызмет бойынша жеңілдіктер болмайды) ауқымдылығымен алдын ала анықталады. Көздердің әралуандығы мен олардың мөлшеріне сол бір кезеңдегі елдің экономикалық және қаржы жағдайы әсер етеді.

Сөйтіп, бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу көздерінің салыстырмалы тұрақты да, сондай-ақ уақытша да сипаты болады. Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша ажырай отырып, олар мемлекет аумағында әр түрлі болуы мүмкін. Бюджеттен тыс қорларға түсетін қаражаттарды жұмсаудың бағыттарына қорлардың арналымы, нақтылы экономикалық жағдайлар және әзірленген іске асырылатын бағдарламалардың мазмұны себепші болады. Қаражаттардың бір бөлігі құрылтайшылық қызметке бағытталады, сонымен бірге бағалы қағаздарға салынады. Біріншіден, ақша қаражаттарын пайдалану оларды жасаудың уақытымен жиі тура келе бермейтіндігіне, екіншіден, инвестициялардан алынған кірістер тиісті қордың шығындарын қаржыландырудың қосымша көздері болып табылатындығына байланысты бюджеттен тыс қорлар инвестициялар және қаржы рыногының  қатысушылары болады.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгіліктік, соның ішінде халықаралық қорларға ұқсас болғанымен өзінің мақсатты арналымы бойынша өте сан алуан болып келеді. Сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар және мақсатты қаржыландыру қоры болып ажыратылады, бұл қорлар 1996 жылға дейін (оны қоса) мемлекеттік бюджеттің құрамында болып келді: жер қойнауын қорғау және минералды-шикізат базасын толықтырудың республикалық қоры, табиғатты қорғаудың республикалық қоры. Мұнда қаралған басқа да қорлар мезгіл-мезгіл, 1992-1996 жылдар ішінде мемлекеттік бюджетке енгізіліп, одан шығарылды. Бұл қаржы жүйесінің қалыптасу үдерісін, оның құрылымының  оңтайлы нұсқасын іздестіруді қамтып көрсетеді.

Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шарушашылық жүргізуші субъектілердің қорлары (жарғылық капитал, резервтік капитал, амортизациялық, валюта, жөндеу, қорлану, тұтыну және басқа қорлар) үшін қабылдауға болатын «арнаулы қорлар» термині қолданылуы мүмкін, мұның өзі олардың мақсатты арналымын баса көрсетеді.

Информация о работе Кәсіпорынның өзіндік мәні және несиелік капиталын қалыптастыру және қолдану жолдары