Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 09:30, дипломная работа
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
КІРІСПЕ ............................................................................................................................ 3
I ТАРАУ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ
МӘНІ МЕН РОЛІ............................................................................................................6
1.1 Кәсіпорын қызметінің табыстылығын ұлғайтудың тиімді әдісінің бірі –
ол айналым капиталын қалыптастыру және басқару ........................................... . 6
1.2 Кәсіпорынның айналым капиталының классификациясы ..................................20
1.3 Айналым капиталының қалыптасу және қаржыландыру көздері ......................26
II ТАРАУ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ...................................................................................35
2.1 «Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталының құрамы мен құрылымы ... ...........35
2.2 «Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталын экономикалық талдау ....................45
III ТАРАУ АЙНАЛЫМ ҚҰРАЛДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ
КӘСІПОРЫННЫҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.................... 51
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................................. 71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................. 74
Ұйымдық жағынан қорлар арнаулы аппараттың немесе министрліктің қарауында болады, бұл қаржы ресурстарының оқшауланған бөлігін басқару, оларды ұтымды, мақсатты пайдалануға бақылау жасау икемділігіне жәрдемдеседі. Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың қарауында шоғырландырылған мақсатты қаражаттарды жедел басқарып, ұйымдастыруға мүмкіндік береді: дүниежүзілік практикада қорлар, дербес –банктің өкілетті органдарының араласуынсыз басқарылады, бұл қорларды басқарудың мемлекеттік органдарына мақсатты қаржыландыру мәселелерін тез шешуге, дер кезінде жағдаяттың өзгерісіне дер кезінді құлақ асуға мүмкіндік береді.
Өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы төлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың қаржысын қалыптастырудың қиындықтары: олардың көбісінің залалдығы, өзара берешектер, төлем қабілетсіздігі болып табылады. нәтижесінде қордың бюджеттері теңгерімсіз болды және шұғыл әлеуметтік-экономикалық мұқтаждарды мақсатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді.
Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйесі реформалауға жиі ұшырады: біраз уақыт олар өзін өзі биледі, мемлекеттік бюджеттің құрамында «Мақсатты қаржыландыру қоры» бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді.
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1999 жылдан бастап мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты мақсатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары республикалық бюджетке шоғырландырылады. Алайда дүниежүзілік практика қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттің қаржы ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды.
3. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары
Мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар сан алуан әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мақсатты ақша қаражаттарын қалыптастыруға және пайдалануға арналған. Олардың құрамы, бағыттылығы мемлекеттің жүргізіп отырған әлеуметтік саясатымен, қоғам дамуының бұл кезеңіндегі оның мақсаттарымен, сонымен бірге экономиканың мүмкіндіктерімен анықталады.
Қазақстанда қаржы қатынастарын ұйымдастырудың бұл нысанын қолданудың тәжірибесі жинақталған. 1995-1998 жылдар ішінде мына әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар жұмыс істеді:
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры;
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;
Міндетті медициналық сақтандыру қоры;
Жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қоры.
Олардың жұмыс істеуі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеліп отырады, оларда міндетті әлеуметтік сақтандыру қаражаттары жұмыс берушілердің сақтық жарналары мен басқа түсімдердің есебінен қалыптасатыны белгіленді. Жарналардың мөлшері «Республикалық бюджет туралы» жыл сайынғы бекітілетін заңда белгіленіп, қорлар аарсында бөлініп отырады. Бұл нормалар 1998 жылға дейін тұрақты болды және заңи тұлғалардың еңбекке ақы төлеу қорының 30%-ын құрады. Заңи тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар ай сайын әрбір жұмыскерге келетін бір айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде төлеп отырды.
Жарналарды төлеу бойынша мүгедектердің, еңбекке қабілеттілігі шектелінген адамдардың, ардагерлердің ұйымдары үшін, бірқатар ізгіліктік және балалардың ұйымдары үшін жеңілдіктер белгіленді.
Мемлекеттік-жинақтаушы зейнетақы қоры.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері:
а) зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу үшін қаражаттар жинау, сонымен бірге зейнетақы ісін ұйымдастыру;
ә) аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға қатысу.
Зейнетақы қорының қаражаттары мынадай көздерден жасалынды:
1) міндетті зейнетақы жарналары;
2) меншік нысанына қарамастан
барлық шаруашылық органдары
төлейтін сақтық жарналары
3) жеке еңбек қызметімен
4) жоғарғы органдардың
5) ерікті зейнетақы жарналары және т.б.
Зейнетақы қорының жұмсалу бағыттары:
1) заңнамаға сәйкес
2) балаға қарау жөніндегі
3) материалдық көмектің бір жолғы төлемақылары;
4) зейнетақыларды индекстеуге
5) қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қағаздарға, ғылыми-техникалық базаны дамытуға және т.б. резервтерді орналастыру.
Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры. Бұл қор сақтық әдісімен жасалады.
Жасалу көздері:
1) кәсіпорындар мен ұйымдардың сақтық жарналары (немесе арнаулы салық);
2) мемлекеттік бюджеттің
3) санаторийлерге, демалыс үйлеріне,
курорттарға жолдамаларды
4) басқадай көздер;
Қордың қаражаттары мыналарға жұмсалады:
1. Жәрдемақылар төлеуге (еңбекке
уақытша жарамсыздық бойынша; жүкті
болғанда және босанғанда
2. Санаторлық-курорттық қызмет көрсетуді қаржыландыруға.
3. Кәсіподақтардың қызметін
1998 жылдан бастап зейнетақы
Міндетті зейнетақы жарналары кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңи және жеке тұлғалардан (жұмыс берушілерден) табысты төлеу көзінен ұсталынды және өнімді, жұмыстарды, қызметтерді, өндірудің шығындарына жатқызылды. Жарналардың мөлшері еңбекке ақы төлеу қорының 15 %-ы мөлшерінде белгіленілді.
Міндетті зейнетақы жарналарынан басқа мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары бұл қорларға еңбекке ақы төлеу қорының 10% мөлшерінде қосымша зейнетақы жарналарын аударып отырды. Сөйтіп, жаңа зейнетақы жүйесінің қалыптасу кезеңінде жарналардың жалпы нормативті еңбек ақы трөлеу қорының 25% -ын құрады.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры еңбекақы төлеу қорының 2% мөлшерінде Қазақстан Республикасы азаматтарының жалақы қоры жайында шетелдің қатысуымен және шетелдік заңи өкілдікті қоса, жұмыс берушілердің міндетті сақтық жарналары есебінен қалыптасты. Бірқатар ұйымдар үшін жеңілдіктер қарастырылды.
Бұл қорларды қалыптастыруға аударылған қаражаттардың аударымдарын заңи және жеке тұлғалар ұйымдар мен мекемелер өндіріс пен айналыс шығындарына кіріктірді және өнімнің, жұмыстардың, қызметтердің өзіндік құнына жатқызылды.
Әлеуметтік арналымның қорларын қалыптастыруға басқа көздерден қаражаттар бағытталды.
Міндетті әлеуметтік сақтандыруға төленген жарналар салық заңнамасына сәйкес жиынтық жылдың табыстан шегерілетін шығыстарға жатқызылды, ал бюджеттік және басқа коммерциялық емес ұйымдар үшін оларды ұстауға жұмсалатын шығыстардың сметасында қарастырылды.
Әлеуметтік қорлардың бюджеттерін үкімет бекітетін.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорларының уақытша бос қаражаттарын инвестициялау тек мемлекеттік бағалы қағаздарға, ұлттық банктің бағалы қағаздарына және мемлекеттік банктердің депозитіне жіберілетін.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мыналарды қаржыландырды:
Көрсетілген қорға олардың пайдасына зейнетақы жарналары төленген зейнеткерлер болғандарға және зейнетақы төлемдерін алушыларға берілетін мемлекеттік зейнетақыларды;
Егер зейнетақының мөлшері заңнамамен бекітілген ең төменгі деңгейден төмен болса, қосымша төлемдер түріндегі әлеуметтік жәрдемақыларды.
Халықты жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қоры жұмыссыздық бойынша жәрдемақыларды, жұмыссыздарды қайта даярлауды және қайта оқытуды, мұқтаж азамататрды қолдау үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қаржыландырды.
Әлеуметтік сақтандыру қоры еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша, жүкті болғанда және босанғанда берілетін жәрдемақыларды төлеуді, бала туғанда және жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақыларды, сауықтыру сипатындағы қызметтерді төлеуді қаржыландырды.
Міндетті медициналық сақтандыру қорының қаражаттары есебінен медициналық ұйымдардың немесе жекеше медициналық практикамен айналысатын адамдардың, келісімшарттардың, шарттарына сәйкес сақтандырушыларға медициналық қызметтер көрсету жөніндегі шығыстар өтелініп отырды. Қор міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасының шеңберінде медициналық ұйымдарда немесе медициналық қызметтер көрсету эөнінде қормен келісімшарттар жасаспаған, жекеше медициналық практикамен айналысатын адамдарда медициналық қызметтер алған жағдайда сақтандырушылардың шығыстарын өтеп отырады.
199 жылдан халықты әлеуметтік
қорғауды қаржыландыру
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры – Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен салымшылардың міндетті зейнетақы жарналары жинайтын және алушыларға зейнетақы төлемдерін төлейтін, сондай-ақ зейнетақы мактивтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырып, оларды бағалы қағаздарға, банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңи тұлға; құрылтайшысы үкімет болып табылатын акционерлік қоғам нысанында құрылады.
Қазақстанда Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істейді. Жинақтаушы зейнетақы қорлары ашық және корпоративтік болуы мүмкін.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс орны мен тұратын орнына қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады. Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары алушылар – осы жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңи тұлғалардың жұмыскерлері үшін құрылады.
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы – міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім-шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасында зейнетақысымен қамсыздандыру туралы заңмен анықталатын мөлшерлемелер бойынша міндетті зейнетақы жарналарының салымшыларын төлейтін жарналары. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес заңы және жеке тұлғалардың ай сайынғы ақша немесе натуралдық нысандағы табысынан он пайыз мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары аударылады. Сонымен бірге міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге алынатын ай сайынғы табыс ең төменгі айлық жалақының 75 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
Ерікті зейнетақы жарналары – бұл меншікті қаражаттары есебінен салымшылардың немесе жұмыс берушілердің өздеріінң бастамасы бойынша міндетті зейнетақы жарналарына қосымша ретінде төлейтін мөлшері шектелінбейтін ақшасы.
Міндетті және ерікті зейнетақы жарналарынан басқа Қазақстан Республикасының заңнамасымен және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім-шартпен белгіленген тәртіппен Үкімет анықтайтын кәсіптердің тізбесі бойынша жұмыскерлердің пайдасына салынатын ерікті кәсіби зейнетақы жарналары да бар.
Ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейетақымен қамсыздандыру туралы келісімшарт тараптарының келісімі бойынша, бірақ жұмыскердің ай сайынғы табысының он пайызынан жоғары болмайтын мөлшерде белгіленеді.
Жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшылардың арасында зейнетақымен қамсыздандандыру туралы келісім-шарт жасалады.
Зейнетақы төлемдерін белгілеу зейнетақылар төлем жөніндегі мемлекеттік орталықтан жүргізіледі. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық – зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға заңи тұлғалардың және заңи тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік және өзге қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың, ресми транспрттердің міндетті жарналары есебінен зейнетақы төлейтін заңи тұлға, бұл жарналардың көлемі тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітіледі. Заңи тұлға міндетті зейнетақы жарналарының есебін жүргізеді және олардың төлемшілерден жинақтаушы зейнетақы қорларын аударылуын қадағалайды, сонымен бірге азаматтарға әлеуметтік жеке кодтар береді.
Әлеуметтік жеке код – зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар әрбір азаматқа тағайындалатын тұрақты жеке код.