Кәсіпорынның өзіндік мәні және несиелік капиталын қалыптастыру және қолдану жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 09:30, дипломная работа

Описание работы

Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.

Содержание работы

КІРІСПЕ ............................................................................................................................ 3
I ТАРАУ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ
МӘНІ МЕН РОЛІ............................................................................................................6
1.1 Кәсіпорын қызметінің табыстылығын ұлғайтудың тиімді әдісінің бірі –
ол айналым капиталын қалыптастыру және басқару ........................................... . 6
1.2 Кәсіпорынның айналым капиталының классификациясы ..................................20
1.3 Айналым капиталының қалыптасу және қаржыландыру көздері ......................26

II ТАРАУ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ...................................................................................35
2.1 «Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталының құрамы мен құрылымы ... ...........35
2.2 «Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталын экономикалық талдау ....................45

III ТАРАУ АЙНАЛЫМ ҚҰРАЛДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ
КӘСІПОРЫННЫҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.................... 51
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................................. 71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................. 74

Файлы: 1 файл

Дип.-кәсіпорынның-саясаты-мен-айналым-капиталын-және-оның-ұтымды-пайдалануын-үйрену.doc

— 587.00 Кб (Скачать файл)

Орталықтан зейнетақы төлемдері еркектер 63 жасқа, әйелдер58 жасқа толғанда тағайындалады.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес, зейнетақы орташа айлық табысының 60% есебінен жүргізіледі және жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез-келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге адына отырып есептеледі.

Зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған  табысқа еңбекақы төлеудің барлық түрлері және тізбесін Үкімет белгілейтін өзге табыстар кіріктіріледі. Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін 3 жылғы жұмыс ішіндегі табыс қатарынан 36 күнтізбелік айдағы жұмыс ішіндегі табыс қатарынан 36 күнтізбелік айдағы жұмыс ішіндегі табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады және орташа айлық жалақы шығарылады. Алайда зейнетақының  есептеуге қажет табыс тиісті жалға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 15 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. 1998 жылғы қаңтардың 1-іне дейін қажетті еңбек өтілінен тыс жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін  зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1%-ға өсіріледі, бірақ ол зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табыстың 75%-ынан аспау тиіс.

1998 жылға қаңтардың 1-іне дейін  тағайындалған зейнетақы төлемдерінің  ең жоғары мөлшері тиісті жылға  арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75%-ынан аспауы тиіс. Бұған өндірістердің жұмыстардың үкімет бекіткен    № 1 тізімдегі 1998 жылғы қаңтардың 1-іне дейін зейнетақы тағайындалған адамдар жатпайды.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры жинақтаушы зейнетақы қорларының меншікті капиталы қалыптастырады,. Бұл капитал оның міндеттемелерінің сомасы шегертілгеннен кейінгі жинақтаушы зейнетақы қоры активтерінің құны болып табылады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталы мыналардың есебінен қалыптасады:

1) жарғылық капиталға салынған  құрылтайшылар мен акционерлердің салымдары;

2) комиссиялық сыйақылар;

3) Қазақстан Республикасы Заңнамасымен  қарастырылған басқа кодтар.

Зейнетақы активтері – жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін қамтамасыз етіп, төлеуге арналған қаражаттар (ақша, бағалы қағаздар, өзге қаржы құралдары).

Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері кастодиандық келісім-шартқа сәйкес банк-кастодиандарда шотта сақталынып, есептеледі. Кастодиандық келісімшарт банк-кастодиан, жинақтаушы зейнетақы қоры және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым арасында жасалады. Егер зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жинақтаушы зейнетақы қоры өздігінше жүзеге асыратын жағдайда кистодиандық келісімшарт банк-кастодиан мен жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін инвестициялық басқару зейнетақы активтеріне жинақтаушы қорды инвестициялық басқаратын ұйым  жүзеге асырады. Шетелдің қатысуымен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жиынтық жарғылық капиталы Қазақстан Республикасы зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдардың жиынтық жарияланған жарғылық капиталыынң 50% аспайды.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым заңи тұлға, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіптен акционерлік қоғам нысанында құрылады.

 Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік  қоры – акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық ұйым, оның жалғыз құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып табылады.

Қор өзінің қызметін меншікті активтерінен алатын комиссиялық сыйақы есебінен жүзеге асырады.

Комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті мөлшерін және оны пайдалану механизмін жыл сайын Үкімет белгілейді.

Қордыңменшікті қаражаттары оның жарғылық капиталы мен комиссиялық сыйақысынан тұрады.

Қордың:

1) міндетті әлеуметтік аударымдарды  шоғырландыруды жүзеге асыруға;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тәртіппен бағалы қағаздармен байланысты қызметпен айналысуға;

3) қор қызметін жүзеге асыруға  комиссиялық сыйақы алуға;

4) қаражаттардың қозғалысы туралы  Әлеуметтік төлеулер орталығынан  ақпарат алуға;

5) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде қарастырылған жағдайларды шығарып тастағанда Қордың қызметін қамтамасыз ету үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларынан ақпаратты сұраттыруға және алуға құқы бар.

Қор мыналарды:

1) Орталықтың әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруы үшін қаражаттарды уақытылы аударып отыруға;

2) Ұлттық банк арқылы қаржылық  құралдарға қордың уақытша бос  қаражаттарын орналастыруға;

3) жыл сайынғы аудитті жүргізуді  қамтамасыз етуге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамалық  актілеріне сәйкес өзге міндеттемелерді атқаруға міндетті.

Қордың кепілге өзінің активтерін беруге және заңмен қарастырылмаған кәсіпкерлік және өзге қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

Қордың активтерін Қор мен Ұлттық банк арасында жасалынатын келісімшарт негіздемесінде Ұлттық банк арқылы қаржылық құралдар орналастыру жолымен Қор инвестициялық қызметті жүзеге асырады. Ұлттық банк қордың активтерін шрғырландыру және орналастыру жөніндегі барлық операциялардың, инвестициялық табыстар есебін жүргізеді және тосан сайын Қорға  шоттардың жай-күйі және жасасқан келісімшартқы сәйкес Қор активтерімен жасалатын инвестициялық қызмет туралы есеп береді.

Қордың активтері мыналардың есебінен қалыптасады:

1) әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік  аударымдарды төлеу мерзімін  кешіктіргені үшін алынған өсімпұл, қор қызметін қамтамасыз етуге берілетін комиссиялық сыйақыны алып тастаған кейінгі инвестициялық табыс; міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары үшін. әлеуметтік сақтандыру қорына төленуі тиіс әлеуметтік аударымдар мынадай мөлшерде белгіленеді: 2005 жылдан бастап әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 2%, 2006жылдан бастап 2%, 2007 жылдан бастап 3%.

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен  қарастырылған басқа көздер..

Қордың активтері тек мына мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін:

1) Әлеуметтік төлемдерді жүзеге  асыру;

2) тізбесін Қазақстан Республикасының  үкіметі анықтайтын қаржы құралдарына  орналастыру;

3) әлеуметтік аударымдардың артық  төленген сомалары мен өзге  қате есептелген қаражаттарды  қайтару.

Қор бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан заңнамасымен белгіленген тәртіппен Қордың меншікті қаражаттары және активтері бойынша бөлектеп қаржылық есептеме тапсырады. Қор бухгалтерлік есепте және есептеме жасау кезінде пайдаланылатын құжаттардың есебі мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Сақтауға жататын негізгі құжаттардың тізбесі мен оларды сақтаудың мезгілі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.

әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорындағы әлеуметтік аударымдардың сақталуы мен мақсатты пайдалануын мемлекет кепілдендіреді.

 

4. Эконмикалық арналымның  бюджеттен тыс қорлары

Дамудың мемлекеттік институттары сияқты бюджеттен тыс экономикалық қорларды – инвестициялық, инновациялық, ұлттық қорды құру 2003-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриалдық – инновациялық дамуы стратегиясының мақсаттары мен міндеттеріне жетуге бағытталған.

Проблемаларды шешу және Стратегия шеңберінде қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету үшін Қазақстанның даму банкісін жандандыру дамудың арнаулы институттарының – Қазақстан инвестициялық қорының, Инновациялық қордың, Экспорттық кредиттерді сақтандыру жөніндегі корпорацияның жұмыс істеуін қажет етеді.

Бұл институттар жаңа өндірістерді жасауға және  жоғары қосымша құны бар жұмыс істеп тұрғандарын дамытуға инвестициялау саясатын жүргізеді және перспективалы салаларды кешенді талдау, олардың неғұрлым маңызды элементтерін анықтау негізінде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулар мен зерттемелерді қолдайды.

Қазақстанның инвестициялық қоры акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық ұйым болып табылады, оның жалғыз құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып келеді. Қор қызметінің мақсаты перспективалық ұйымдардың жобаларына инвестицияларды жүзеге асыру - және тарту арқылы, экономиканың шикізаттық емес секторындағы жекеше сектордың бастамаларын қаржылық қолдау арқылы Қазақстанның индустриалдық-инновациялық саясатын іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.

Қордың мақсаттары мыналар болып табылады:

1) шикізат пен материалдарды  мұқият жаңа технологияларды пайдаланып конкурсқа қабілетті өнімдерді шығаратын, сонымен бірге өнеркәсіпте өзінің қызметін жүзеге асыратын перспективалық ұйымдарға өндірістік қызметтер көрсететін жаңадан құрылатын сондай-ай жұмыс істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталына инвестицияларды жүзеге асыру;

2) инвестициялық жобаларды ұйымдардың  жарғылық капиталына инвестицияларды  жүзеге асыру Қормен ортақ  қаржыландыру және бұл жобаларды  басқаруға қатысу арқылы экономиканың  шикізаттық емес секторына жұмсалатын  жекеше инвестицияларды ынталандыру;

3) шетелдегі қазақстандық ұйымдардың  инвестициялық белсенділігін арттыруға  жәрдемдесу.

Отандық және толықтыратын шектес өндірісті дамытушы шетелдік ұйымдар арасында өндірістік Кооперацияны қамтамасыз ететін Қазақстаннан тыс жерлердегі инвестициялық жобаларды бірігіп қаржыландыру арқылы.

Қор қызметінің негізгі бағыттары өтелетін және тиімді инвестициялық жобаларды жүзеге асырушы перспективалық ұйымдарды инвестициялау және инвестицияларды тарту болып табылады.

Қордың инвестициялауы Қордың инвестициялық мағлұмдамасына сәйкес жүргізіледі.

Қор мына шарттардың сақталуы кезінде инвестицияны жүзеге асырады:

1) инвестициялық жоба Қазақстан  Республикасының индустриялық-инновациялық  саясатының негізгі бағыттарына  сай келеді;

2) инвестициялық жоба экономикалық және қаржылық параметрлері бойынша тартымды болып келеді;

3) инвестициялық жоба ұйымдардың  технологиялық әлеуетін үдетуге, сапаны артыруға және өнім өндіру мен қызметтердің көлемін  өсіруге, шикізатпен материалдарды ұқсатуды тереңдетуге, жоғары технология өнім шығаруға бағытталған.

Қор акцияларды және ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатудан алынған капиталды кейін қайта инвестициялай отырып, ұйымдардың жарғылық капиталдарына, басқа ұйымдарға инвестициялауды  жүзеге асырады.

Қор акцияларға айырбасталымды не акцияларды сатып алуға құқықтар беретін бағалы қағаздарды сатып алуға құқылы.

Қордың уақытша бос ақшалары Қор мақұлдамасымен анықталатын шектерде және тәртіппен ішкі және сыртқы рыноктарда мемлекеттік және мемлкеттік емес бағалы қағаздарды қоса, өтімді активтерге орналастырылады.

Қордың инвестициялары ұйымдардың шаруашылық дербестігін шектемейді.

Ұйымдардың жарғылық капиталдарында Қор қатысуының шекті мөлшері Қордың инвестициялық қызметінде негізгі құжат болып табылатын Қордың инвестициялық мағлұмдамасымен анықталады. Инвестициялық мағлұмдама мақсаттарды, стратегияны, инвестициялаудың бағыттарын, тәуекелді басқарудың саясатын, бағалы қағаздардың әр түрлі түрлері бойынша бағалы қағаздар портфелін әртараптандырудың нормаларын және инвестициялық жобаларды Қор қатысуының тоқтатуының шарттарын анықтайды. Қордың инвестициялық мағлұмдамасын Үкімет бекітеді.

Жоғарыда айтылғандай, Қордың жалғыз акционері Қорды басқаруға қатысатын Үкімет болып табылады. Қордың жарғылық капиталын республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен акциялардың атаулы құны бойынша акцияларды өтеу арқылы қазақстан Республикасының Үкіметі қалыптастырады. Қордың жарғылық капиталын көбейтуге қордың жалғыз акционерінің шешімі бойынша рұқсат етіледі және Қазақстанның заңнамасына сәйкес акцияларды шығару және орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

Қордың таза табысы оның жылдық есебін бекітудің қорытындысы бойынша тек қана резевтік капиталды қалыптастыруға бағытталады. Резервтік капиталды бөлудің тәртібін  акционер анықтайды.

Қор ұйымдардың жарғылық  капиталына қатысатын оларды басқарудың мониторингін жүзеге асырады. Монинторинг электрондық әдістерді дамытып, қолдану негізінде жүргізіледі.

«Республикалық инновациялық қоры» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті дамыту, инновациялық жұмыстарды қайтарылымды қаржыландыру механизмін іске асыру және ғылымды қажетсінетін өндірістерді жасауға жәрдемдесу мақсатында құрылған. Оның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы 100%-ды құрайды. Инновациялық қорды құру инновациялларды енгізудің тиімді әрі рыноктық механизмінің болмауының жүйелік проблемасын шешуі тиіс.

Инновациялық қордың міндеттері мыналар болып табылады:

1) отандық және шетелдік инвесторлармен  бірлесіп  венчурлік қорлар құру, механизмдер мен инновациялық жобаларды венчурлік қаржыландырудың инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу;

2) коммерциялық нәтиже мен гранттар  беру жолымен экономиканы технологиялық  дамыту тұрғысынан әлеуетті перспективалық  болып табылатын жаңа технологиялар, тауарлар, жұмыстар, қызметтер жасауға бағытталған қолданбалы  ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік –конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру. 

Информация о работе Кәсіпорынның өзіндік мәні және несиелік капиталын қалыптастыру және қолдану жолдары