Әлемдік экономика мәні,20-21ғғ.оның дамуындағы негізгі заңдылықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 09:15, реферат

Описание работы

Қоғамдық дамудың әр түрлі болуы әлемнің әрқилылығы мен қатар, олардың өзара байланысты болуын туғызады. Мемлекеттердің өзара тәуелділігінің барған сайын өсе түсуіне әлемдік экономикалық қатынстар негіз болып отыр. Мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстың көптеген ғасыр бойы өзіне тән тарихы бар. Жүздеген жылдарда мұның өзі сыртқы сауда түрінде болды.Ол көптеген проблемалық мәселелерді шешті. Мәселен, ұлттық экономикада тиімсіз өндірілген немесе тіптен өндірілмеген тауарлар сырттан әкелініп тұрған халықтың сұранымы қамтамасыз етілді. Сыртқы экономикалық байланыстың одан әрі өрістеуі нәтижесінде әлемдік экономикалық қатынастардың күрделі жиынтығы пайда болды.Ол жер шарындағы барлық мемлекеттердің оған мүдделігін туғызды.

Файлы: 1 файл

Әлемдік экономика.doc

— 789.00 Кб (Скачать файл)

•   дамушы елдердің экономикасындағы қарыздың ықпалының әлсіреуі және қысқаруы;

•   "нашар дамыған елдерге" әдейі арналған шаралар қолдану, қазіргі кезде 42 экономикасы нашар дамыған кедей елдерді колдау, сондай-ақ басқа да ерекше қолайсыз жағдайда болған елдерге көмек көрсету;

•   дамушы елдер арасындағы сауда-экономикалық байланысты кеңейтуге  жағдай жасау, ал дамыған елдермен экономикалық байланысты дамыту, өздерінің әдеттегі байланыстарын жаңарту арқылы әлемдік экономикаға үлесін қосу.

ЮНКТАД қызметінде қазіргі кездегі ең маңызды сұрақтардың бірі әр түрлі әлеуметтік жүйедегі елдер арасындағы байланысты терендету. Осы проблемаларды шешуде ұйым бірнеше маңызды тұжырымды бекітті. Жалпы қызметінің бағыты — өндірістік күштердің дамуы, әсіресе Еуропа континентінде, халықаралық сауда, өзара тиімді тең  құқықты сауда және жүк бағыттарының дамуы.

ЮНКТАД қызметтерінін, бірі - халықаралық сауда жеңілдіктерін жасауға жағдай туғызу. Ұйымда әдейі арналған комитеттар бар. Олар дамушы елдердің саудасын дамытуда әр түрлі шектеулерге жол бермеу шараларын ұйымдастыру және экономикадағы құрылымдық өзгерістерге көмектесуі, сауда байланысындағы жаңа келісімдерді қарау, сондай-ақ трансұлттық корпорациялар жоғарыда айтылғаннан басқа мынандай сұрақтарды қарастырады:

- валюта және қаржы;

- теңіз тасымалдауы;

- қауіпсіздендіру;

- технологиялық айырбас.

ЮНКТАД қазір өзінің дамуында өтпелі кезенде тұр. VII сессияның қорытындысы бойынша көптеген елдер ЮНКТАД ұйымын, БҰҰ Ассамблеясының органы ретінде сақтау керектігін білдіруі, сонымен қатар ұйымның қызметі және болашағы туралы әр түрлі баға беру, сондай-ақ оның ХЭҚ жүйесіндегі болашағы туралы түрлі ойлар бар.

Халықаралық валюта сферасындағы қатынастар, сауданың өсуі және тепе-теңдігін сақтау мәселелерін шешуде валюта қорының рөлі өте үлкен.

в) Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) реттеу механизмі

Халықаралық валюта қоры 1944 жылы Бреттон-Вудота БҰҰ-ның валюта-қаржы конференциясында құрылды. Бұл жерде ХВҚ-ның келісім статьясы қабылданды, ол Жарғы ретінде өзінің рөлін орындауда. Қор БҰҰ-ның маманданған статусына ие және мүше елдер арасындағы валюта-есеп байланыстарын реттеу, сондай-ақ оларға шетел валютасын қарыз беру. Іс жүзінде халыкдральтқ валюта жүйесінде институциялық негізде қызмет етеді. ХВҚ-ның жоғарғы басқару органы - басқару кеңесі; әр мүше елдердің басқарушысы және оның көмекшісі болады. Көп жағдайда қаржы министрі немесе орталық банктің жетекшісі мүше болып кіреді. Барлық мүше елдердің міндеті -валюта курсын және халықаралық жүйені реттеуде, төлем балансының қызметін қайта құруда әділетсіз бәсеке нәтижесінде басқа мүше елдердін, алдында артықшылығын көрсетпеу.

 

ХВҚ халықаралық валюта жүйесін  бақылайды, оның тиімді қызметін, валюта курсы саясатын және әдейі арналған принциптерді енгізуде мүше елдердің осы саясатқа бағынуын талап етеді. Осыған байланысты 1977 жылы ХВҚ-ның директоры "валюта курсының саясатына бақылау" деген атпен құжат шығарды, осы құжатта мүше елдердің бағынуға қажет қағидаларын көрсеткен, екінші жағынан ХБҚ тарапынан бақылауға алатын шаралар бекітілген.

Осы құжаттарға сай валюта рыногында болыл жатқан тәртіп бұзуға, яғни валюта курсының "қысқа мерзімді ауытқуына" қарсы шаралар қолданады. Қажет жағдайда мүше елдер валюта нарығының қызметіне араласа алады; бұл жағдайда басқа мүше елдердің мүддесін ұмытпау керек.

ХВҚ-ға мүше елдердін, экономикасы  мен валюта саясатына бақылауы жылына бір рет кеңес берумен жүргізіледі. Олар қорға қажетті хабарды алуға  мүмкіндік жасайды, мүше елдердің экономикасына және каржы жағдайына талдау жасайды. Сонымен бірге басқа да салаларда болып жатқан саясат және ұлттық саясаттардың байланысынан туындайтын қарама-қайшылықтарға халықаралық деңгейде талдау жасайды.

ХВҚ-ға мүше елдердің валюта курсын реттеу міндеттері өте жалпы және деларативті десе де болады. Бұл елдердің осы облыста еркін шешім қабылдауына мүмкіншілік береді.

ХВҚ-ның жарғысы валюта операцияларын, валюта рыногы қызметінің жүйесін реттейді. 8-бап бойынша мүше елдер қордың келісімінсіз төлем байланысында және халықаралық операцияларында шектеу қоюға еріксіз, іс жүзінде валюта курсының көп жақтылығын болдырмау және валюта құралдарын пайдалануда басқа елдердің мүддесін қанамау. Валюталық шектеу тек екі жағдайда ғана мүмкін:

1) оны құру немесе сақтау тек "өтпелі кезеңде" ғана мүмкін (қаншаға созылатыны белгісіз); қорға жаңа мүше болған елдер;

2) Қордың ресми өтініші бойынша қандай валюта "тапшы" 
болса,   мүше   елдердің  қайсысы   болса   да,   қормен  кеңескен   соң,   тапшы   валютаға уақытша шектеу жасай алады.

ХВҚ - мүше елдерге валюталық шектеуді және валюта курсының көп жақтылығын болдырмау үшін үнемі ұмтылып отырады. Ол үшін жыл сайын консультация беріп отырады. Бірақ та дамушы елдердің көпшілігі және Шығыс Еуропа елдерінде, күнделікті олерациялардың өзінде де валюталарын еркін айырбастау мүмкіншілігін жасай алмайды, ал капитал қозғалысын алсақ, оны айтуға да қиын. Соған қарамастан ХВҚ-на муше елдердің ресми түрде 7-бап бойынша міндеттер қабылдауына қарамастан, күнделікті операция жасауда валюта курсына шектеу жасаушылар тізімі көбеюде. 1978 жылы ондай елдер тек 46 болса, 1990 жылы 68 ел (45%) болды. ХВҚ валюта-қаржы байланыстарын реттеуде және сыртқы ресми несие беру орталығы ретінде өзінің беделін бекітті деп қарауға болады. Ұйым ретінде өзінің нақты қызметін жүргізе алатын және үлкен пайдалы ұйым екенін дәлелдеді. Әрине ХВҚ басқа да халықаралық ұйымдар сияқты ұлттық, экономикалық және саяси мүдделердің бәсекелесу аренасы болып қалады. Осыдан барлық мүдделердің тиімді механизмдерін салыстыра отырып, әлемдік қауымдастыққа ең пайдалы жерлерін алу керек.

ХВҚ өзінің мүмкіншілігін әлі де болса жойған жоқ, ол өркендеу үстінде, өз жоспарларын жүзеге асыруда және институционалдық құрылымы жағынан үздіксіз талпыныс үстінде. Бұл ойды көптеген батыс экономистері қолдайды.

г) ЭСКАТО қызметі

Қазіргі кезде БҰҰ-нын, бес аймақтық экономикалық комиссиясы жұмыс жасайды, соның бірі экономикалық және әлеуметтік комиссия - ЭСКАТО (Азия - Тынық мұхиты елдеріне; орналасқан экономикалық және әлеуметтік комиссиясы). БҰҰ-ның аймақтық комиссиясы - ол ұйым аймақтар бойынша экономикалық ынтымақтастыққа ықпал ету мақсатында құрылып, қазіргі кезде ЭСКАТО - өзінің қызметіи мына бағыттарга бөлінген: ауыл шаруашылығының дамуы, өнеркәсіп, халықтың қоныстануы, табиғи ресурс, есеп, сауда, көлік, байланыс, кеме жасау. Жақында болып өткен Пекиндегі 48-сессиядағы негізгі тақырып - "Азия-Тынық мұхит аймақтық экономикалық байланыстар болашағы, приоритеті саясатының варианттары". Одан басқа да көп сұрақтар қаралды, олар: ұзақ мерзімдік екі жаққа да пайдалы қатынастар, аймақтық кооперациялауды дамыту, әлеуметтік-саяси міндеттерді бірігіп шешу. Азия-Тынық мұхиты елдері бір ауыздан өздерінің көзқарасын білдірді. Байланыстардың жаңа типіне көшуге де жоғарғы державалардың бақталастығының тоқтауы көп ықпал етті, елдерде реформа жасауға жағдай туғызу, сондай-ақ орталықтанған жоспарлы экономикадан нарыққа көшу. Осы елдер мақсаттарын ескере отырып, ЭСКАТО ұзақ мерзімді жоспар құрды. Ол жоспарда маман дайындау және консультативтік қызмет жасау және т.б. сұрақтар қаралды. Бірақ та сессияға қатысушылар өздерінің өр түрлі ойларын білдірді. Аймақтық кейбір мәселелерді шешуде бір шешімге келе алмауы көп жағдайларды қиындатты. Сессия нарыққа көшетін кейбір елдер тобына қаржы көмегін беру мәселесін қабылдамады. Бақылаушылардың ойы бойынша, ЭСКАТО ұйымынын, бюджетінен бөлінген қаржы басқа елдердің экономикасына ықпалын тигізеді. ЭСКАТО-ға мүше елдер жалпы әлемдік дамудың дентейінің төмендеп бара жатқанына және Уругвай раундының жан-жақты сауда келісімдерінің  прогресінің жоқтығына көңіл аударады.

 

4.3 Қазақстан әлемдік қоғамдастықта.

1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан БҰҰ-ға кірді және осы бүкіләлемдік ұйымның 164-ұлттық мүшесі болды. Қазақстан БҰҰ қызметіндегі саяси мәселелерді, әсіресе ядролық қауіпсіздікпен байланысқан сұрақтарды шешуге белсенді түрде қатысуда. Сонымен бірге Қазақстан еуразиялық қауіпсіздікті нығайту саласында мақсатты бағытталған жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Алматыға Азиядағы өзара байланыс және сенімділік шаралары бойынша Кеңесті дайындау үшін Арнайы жұмысшы топтың екі мәжілісі болып өтті. Бұл мәжіліс жұмысына 20-ға жуық Азия елдерінің сарапшылары қатысты.

Қазақстан өкілдерінің БҰҰ-ның  көмекші органдарындағы жұмысы күн санап кеңеюде. Соңғы жылдардың өзінде Қазақстан ел орналасқан жерлер бойынша ЭКОСОС (БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік одағы) комиссиясының және ақпарат бойынша комитеттің мүшесі болды. Қазақстан космосты бейбіт мақсатта пайдалану бойынша БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Комитетінің (КОПУОС) мүшесі болып табылады және қазіргі кезде Қазақстан Республикасын КОПУОС шеңберіндегі келісімдер, келісім-шарттар және конвенциялар қатарына қатыстыру ұсыныстары қарастырылып жатыр.

Қазақстан наркотиктік құралдарды бақылау бойынша БҰҰ-ның Халықаралық Кеңесімен тығыз ьнтымақтастықта қызмет етуде. 1992 жылдан бастап Қазақстанда осы проблематика бойынша қажетті техникалық көмек көрсету мақсатында БҰҰ-ның бірнеше миссиясы қайтты.

БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі даму бағдарламаларымен, әсіресе Арал, Каспий, Семей жерлеріндегі экологиялық проблемаларды шешу бойынша көмек көрсетуді ұйымдастыруға қатысты ынтымақтастық белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

БҰҰ-ның даму бағдарламасының қызметі Қазақстанда 1993 жылы басталды және ол ұлттық кадрларды дайындау ісіне жәрдемдесуге, сонымен бірге нарықтық реформаларды және экономиканың әр түрлі секторларындағы (ауыл шаруашылығы, ауыр өнеркәсіп, сауда және т.б.) қайта өзгертулерді жүргізуге Үкіметке консультативтік көмек көрсетуге бағытталған.

Қазақстан биологиялық алуан түрлілікке байланысты қоршаған орта жөніндегі даму бағдарламасының (ЮНЕП) жасаған конвенциясына қол қойды және 1994 жылдың қыркүйегінен бастап ол осы конвенцияның бір Жағы болды, сонымен бірге 1994 жылдың аяғында Нассауда (Багам аралдары) өткен биологиялық алуан түрлілік жөніндегі Конвенция жақтарының Конференциясының бірінші мәжілісіне қатысты.

Казақстан мамандары қуаңшылықпен күрес жүргізу бойынша Конвенцияны жасау ісінде ЮНЕП жұмысына қатысты.

1994 жылдың қаңтарында Қазақстан Еуропалық экономикалық комиссияның мүшесі болды. Қазіргі кезде Қазақстанның белгіленген приоритеттік салаларында ЕЭК-ның қызметін тұрақты ынтымақтастықта белгілеу бойынша комиссиямен жұмыс жүргізілуде.

1995 жылдың көктемінде қазақстандық делегация ЕЭК-нын жыл сайынғы сессиясының жұмысына қатысты.

Қазақстан өкілі экологиялық саясат бойынша ЕЭК комитетінін, мүшесі болып табылады. ЕЭК және ЮНЕП-тің бірлескен жобасы шеңберінде Комитет өтпелі экономикасы бар елдердің табиғатты қорғау қызметін кешенді түрде басқарудың жетекші принциптерін жасады.

Азия мен Тынық мұхитқа арналған БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік Комиссиясын 1947 жылы ЭКОСОС құрды.

Еуразия аймағының мемлекеті ретінде Қазақстан ЭСКАТО мүшесі болып табылады.

ЭСКАТО-мен бірлескен жобалардың бір қатарын Азиялық даму банкісі  қаржыландырады. ЭСКАТО-ның эгидасымен қазақстандық мамандардың қатысуымен көптеген Азия елдеріңде конференциялар мен семинарлар жүруде.

1992 жьтлдан бастап Қазақстан Денсаулық қорғаудың бүкіләлемдік ұйымына, Бүкіләлемдік почталық Одаққа, Азаматтық авиациялық Халықаралық ұйымына, интеллектуалдық меншіктің Бүкіләлемдік ұйымына, білім, ғылым мен мәдениет сұрақтары бойынша БҰҰ-ға (ЮНЕСКО), Халықаралық валюталық қорға, қайта құру мен дамудың Халықаралық банкісіне, Еуропалық банкке мүше болды.

1993 жылдан бастап Қазақстан Бүкіләлемдік  метеорологиялық ұйымға, Еңбектің Халықаралық ұйымына, электробайланыстың Халықаралық Одағына мүше болды. 1994 жьтлдан бері Қазақстан Азиялық даму банкісіне мүше.

Халықаралық қаржылық ұйымдар жөнінде айтар болсақ, 1992 жылы Қазақстан Халықаралық валюта қоры мен Халықаралық қайта құру және даму банкісіне мүше болды. ХВҚ-ға жәие Бүкіләлемдік Банктің ұйымдарына кіру үшін қажетті жағ-дайларды жасау үшін 1992 жылдың маусымында Қазақстанда "Қазақстан Республикасының Халықаральтқ валюталық қорға, Халықаралық қайта құру және даму қорына, Халықаралық даму корпорациясына, Халықаралық даму Ассоциациясына, инвестициялық дауларды реттеу бойынша Халықаралық орталыққа мүшелігі" жөнінде арнайы Заң қабылданған еді.

1993 жылдан бастап Қазақстан үкіметі  қаржылық тұрақтандыруға қол жеткізуге және экономиканы түбегейлі қайта құруға бағытталған ортақ экономикалық стратегияға сәйкес қызмет етеді. Біз күш-әрекеттеріміз көп жақты қаржылық мекемелерден де, екі жақты факторлар мен кредиторлардан да қолдау табудамыз.

ХВҚ-дан түсетін көмек 1993 жылы құрылымдық қайта құруды   қаржыландыру  механизмі   бойынша   заем   түрінде   және 1994   жылдың  қаңтары   мен   1995   жылдың  маусымыңца   бекітілген екі Стенд-бай несиелері түрінде келіп түсті.

Қазіргі кезде ХВҚ-дан стенд-бай бағдарламасы бойынша 3 жыл мерзімге жаңа несие алу жағдайлары қарастырылып жатыр. Халықаралық қайта құру мен даму банкісі Қазақстанға көмек ретінде 7 бағдарлама бекітті.

Қазақстан 1994 жылы Азиялық даму банкісінің мүшесі болды. 1994 жылдың қазан айында 1994-1996 жылға Қазақстан Республикасы Үкіметі және Азиялық даму банкісінің Миссиясы арасында өзара түсіністік Меморандумына қол қойылды.

1994 жылы Қазақстанға 839 мың доллар сомасында гранттар мен техикалық көмек көрсетілді,олар кадрларды дайындау  және менеджментті жақсарту саясатын,Алматының ауа бассейнінің экологиясын,банктік  саясатты және т.б. қамтиды.

Информация о работе Әлемдік экономика мәні,20-21ғғ.оның дамуындағы негізгі заңдылықтар