Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 09:15, реферат
Қоғамдық дамудың әр түрлі болуы әлемнің әрқилылығы мен қатар, олардың өзара байланысты болуын туғызады. Мемлекеттердің өзара тәуелділігінің барған сайын өсе түсуіне әлемдік экономикалық қатынстар негіз болып отыр. Мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстың көптеген ғасыр бойы өзіне тән тарихы бар. Жүздеген жылдарда мұның өзі сыртқы сауда түрінде болды.Ол көптеген проблемалық мәселелерді шешті. Мәселен, ұлттық экономикада тиімсіз өндірілген немесе тіптен өндірілмеген тауарлар сырттан әкелініп тұрған халықтың сұранымы қамтамасыз етілді. Сыртқы экономикалық байланыстың одан әрі өрістеуі нәтижесінде әлемдік экономикалық қатынастардың күрделі жиынтығы пайда болды.Ол жер шарындағы барлық мемлекеттердің оған мүдделігін туғызды.
Сонымен бірге, ұлттық шаруашылық субъектілеріне қатысты (сәйкес үкіметтік органдардын) протекционизм және преференцияның кез келген формасынан бас тарту жөніндегі шешімдері қабылданды.
Атап айтқанда, тауарлар мен қызметтердің ірі тапсырыс берушісі бола отырып, толық экономикалық интеграция шеңберінде мемлекет сәйкес келісім-шарттарды бекіту кезінде отандық фирмаларды таңдауға құқығы жоқ, бірақ ол келісім-шарттың өте тиімді шарттарын ұсынатын компанизны таңдауға міндетті.
Сауда-экономикалық одақтың әр түрлі типтерінің сипаттатмасы төмендегі кестеде көрсетілген.
Одақ ішіндегі еркін сауда |
Үшінші елдерге қатысты |
Одақ ішіндегі өндіріс факторларының еркін қозғалысы |
Қатысушы елдердің келісілген экономикалық саясат |
Қатысушы елдердің біртұтас экономикалық саясаты | |
Еркін сауда аймағы |
х |
– |
– |
– |
– |
Кедендік одақ |
х |
х |
– |
– |
– |
Ортақ нарық |
х |
х |
х |
– |
– |
Экономикалық нарық |
х |
х |
х |
х |
– |
Толық экономикалық интеграция |
х |
х |
х |
х |
х |
4.2 Еңбектің халықаралық ұйымдастырылуы.
Халықаралық ұйымдардың дамуы мен қалыптасуы — шаруашылық өмірді интернационализациялауға көшірудің глобалды бағытын көрсету және халықтар арасындағы экономикалык, жақындасудың объективті процесі. Қазіргі кезде халықаралық ұйымдардың бірнеше түрлері құрылды: ол ұйымдар глобальды сипатта БҰҰ-ға кіретін халықаралық институттар, ұйымдар болды. Оның қалыптасу негізіне жататын принциптер әлеуметтік-экономикалық жүйенің бірігуі бойынша, елдердің ұйымға кіруі, аймақтық ұйымдар т.б.
Қазіргі кезде әлемде, халықаралық ұйымдардың қызметінің маңызы өсуде, осы жағдайда бірде-бір мемлекет экономикалық, мәдени, гуманитарлық дамуда жеке-дара дами алмайды. Елдер арасындағы ең тиімді ұйымдардың формасы халықаралық институттардың құрылуы.
Халықаралық ұйымдардың мақсаты - оның құрамына қандай елдер кіруімен ерекшеленеді.
Дамыған капиталистік елдердің ұйымдары сауда, валюта, төлем балансы, өндірістік қиындықтарды, сондай-ақ трансұлттық корпорациялардың қызметін кеңейту мәселелерін шешеді. Халықаралық экономикалық ұйымдардың маңызы қазіргі әлемде үлкейіп келеді. Бұл ұйымдардың қызметі әр түрлі әлеуметтік құрылымдағы елдердің арасындағы күрделі мәселелерді шешуге бағытталған.
Халықаралық саудаға қатысатын елдер, осы облыста кездесетін түсініспеушіліктердің себебін іздеуде жөне оны болдырмау немесе жұмсарту шараларын қарастыруда. Бұл жағдайда осы проблемаларды шешуде халықаралық сауданың табиғатына тән екі жақтылық айқын көрінеді. Бір жағынан, олар өз күштерін сыртқы сауданың дамуы мен кеңею құралдарын іздеуге жұмсаса, екінші жағынан қарама-қарсы бағыт туындайды — ол бағыт оның орталықтануы, яғни жекелеген елдер арасында және экономикалық топтастырудағы айырмашылықтар. Міне, осы екі жақтылық ұжымдық іс-әрекеттің объективті қажеттілігі жағдайында, өз жолында күрделі қиындықтарға кездесуде. Өзара байланысты, жинақты сыртқы сауда саясатын ойластыру өзінің ойдағыдай тиімділігін бере алмады, бірақ та кейбір жетістіктер күрделі қарама-қайшылықтарды жартылай шешуде.
Халықаралық саудаға қатысатын елдер келісімінде негізгі рөл сыртқы саудадағы протекционизм мен либерализацияны жұмсарту бағыты, сондай-ақ келісім бойынша халықаралық ұйымдар құруда елдер арасындағы сыртқы сауда саясатын мемлекетаралық деңгейде реттеу. Сонғы уақыттағы сауда-саяси тәжірибеде халықаралық экономикалық байланыстағы проблемаларды қарастыруда, жан-жақты шешімдер көбейді, осы мәселелерді шешуде халықаралық саудаға тән күрделі қарама-қайшылықтар жиі кездеседі.
а) ГАТТ-тың қызметі
Бұл ұйым (Сауда және тариф жөніндегі бас ассоциация) тариф және сауда келісімі бойынша 1948 жылы құрылған. Осы ұйымға қатысушы елдердің келісімі бойынша сыртқы сауданың мемлекеттік реттеу қағидалары мен принциптері қарастырылған. Бұл ұйым үш негізгі принцип бойынша құрылған:
1) қатысушы барлық елдердің теңді
2) жан-жақты келісім жүргізу арқылы салықты төмендету;
3) импорттық квоталарды жоғалту.
Нақты алғанда ұйымның негізгі қызметі тарифтік шектеулер бойынша жан-жақты келісім жүргізу формасы. Қазіргі кезде ұйымға 100 ел кіреді жөне сауданы либерализациялау бағытының дамуы маңызды фактор екеніне ешкімнің күмәні жоқ. Басқа да ұйымдардан айырмашылығы келісімдердің негізі оның икемділігіне. Ұйымдағы қүқық және міндеттер айырбасы мемлекет келісімі ретінде қарастырылады, сондықтан да қатысушы елдер ұйымның мүшесі ретінде емес, келісуші елдер деп қаралады. ГАТТ ұйымына мүше елдердің қызметіне қарсы шығу үшін сол елдің міндеті бойынша ондай қызметтің болуы мүмкін еместігін дәлелдеу керек. Егер бір ел екінші келісімге отырған елдін, алдында келісім шарт бойынша міндеттерді бұзса, екінші ел өзінің құқығын және міндеттерін қайта тіркеуте құқы бар, сондай-ақ сауда-саяси шегіну формасы түрінде өзінің шығынын өтеуіне болады немесе қарсы қолданады.
Ұйымнын, қызметінің негізгі механизмдерінің бірі жан-жақты келісімдердің қайта қаралуы бойынша жаңа қағидалардың пайда болуы. Бұл жағдайда халықаральтқ саудада мемлекеттік реттеудің жаңа нормалары пайда болады. Көп уақыт бойы негізгі күші кеден салығын төмендету бағытында болды да, онда көптеген жетістіктерге жетті. 7 рет кездесудің нәтижесінде 50-жылдары 25-30%-тік кеден салығынан 1980 жылы 5%-ке дейін төмендеді.
Халықаралық саудада бейтарифтік ұйьшдардың рөлінің көбеюі және әлемдік шаруашылық айырбасының жаңа формаларының тез дамуы жағдайында ГАТТ-тың мамандануы айтарлықтай кеңіді.
1973-1979 жылдардағы 7-Токио раундынан кейін көптеген сұрақтар бойынша келісімдер бекітілді, олар: өнімді сертификациялау және стандартизациялау демпингке қарсы саясат, үкіметтік сатьт алу, импортты лицензиялау, кедендік мақсат бойынша тауарды бағалау, экспортты жәрдемақылау және ол тауарларға компенсациялық салық салуды қолдану. 1986 жылғы 8-Уругвай раундында ГАТТ-тың одан ары мүмкіншілігін кеңейту қадамы қаралды.
Күн тәртібінде мынандай ұсыныстар қойылды:
1) ауыл шаруашылығына сауда
шектеуін және субидияларды
2) қызмет көрсету саудасындағы
шектеуді алу (халықаралық
3) шетел инвестициясына шектеуді жою;
4) халықаралық негізде патенттік, авторлық құқық, сауда маркісіне құқықтарды іске қосу.
Бұл жаңалықтарды кіргізу нәтижесі ойдағыдай деуге болмайды. Уругвай декларациясының сиясы кеппей жатып-ақ министрлердің келісілген жаңа міндеттері бойынша жаңа протекционистік шектеулерді кіргізбеу және ескілерді жою шараларын басында-ақ әлемдік нарықта жаңа тауарлар ағымдарының жиіленуі, онсыз да тұрақты емес халыкаралық сауда жүйесін одан ары тұрақсыздандырды.
Уругвай раундының жан-жақты сауда келісімінен кейін сауда келіспеушілігі өте көбейіп кетті.
Ондай келіспеушіліктердің тізімін келтірсек, ұзыннан-ұзақ. Атап айтқанда, АҚШ-тағы мұнайды импорттаудағы салық, АҚШ рыногына Германия мен Швейцария станогын кіргізудегі шектеу, Вашингтонның астық экспорттауында Испания мен Португалияның ЕЭС-ке кіруі мәселесінен кейінгі шығындарын өтеу талабы, АҚШ-тың, Англия, Франция, Германия, Испанияның "Аэробус" самолетын сатудағы әділетсіз бәсеке деп айыптауы, АҚШ-қа жапониялық электрондық өнімін кіргізудегі 100%-тік салық. ГАТТ үйымының қызметінің үлкен көлемі және жаңа проблемалары оны шешуде көп қиындықтарға кезде-суде. Оны 1988 жылы (Монреаль) қаласында өткен министрлер мәжілісі көрсетті. Көптеген ашық талқылаулардан соң, біріншіден ауыл шаруашылығын субсидиялауды алып тастау, тоқыма саудасы бойынша ымырашылдық, басқа бағыттар бойынша Монреальдағы келісімдердің күшінің жоқтығын мойындады. Бір келісімге келу үшін тағы да қосымша үш ай керек болады. Жан-жақты келісім 1989 жылы Женева қаласындағы Уругвай раундында жалғасты.
Келісімдердің күрделі болуына қарамастан, оған қатысушылардың жалпы мақсаты, әлемдік шаруашылық айырбасының дамуына кедергі болатын жағдайларды шешу.
ГАТТ-тың көптеген ұйымдастыру сұрақтарын шешудегі күресте, АҚШ және ЕО өзінің рөлін күшейтуге тырысуда. Олар жұмыс бағдарламасын қалыптастыруда, шешімдердің ме-ханизмін және біриеше жағдайларды шешуде тәртіптерді қатан ұстауда негізгі рычагты босатпау. Бір жағынан, осы ұйымдастыру реформасының бағытына дамушы елдер кіруде. Бұл күресте маңызды орынды бақылаушы ұйымдар алады. Халықаралық ұйымдардың ішінде бақылаушы статусына кіретіндер: ЮНКТАД, ЮНИДО, ФАО, МВФ, МБРР, БҮҮ-ның аймақтық комиссиялары, сондай-ақ дамыған елдердің аймақтық ұйымдары.
ә) ЕЭК-ның рөлі және қызметі
Қазіргі өзара бағынышты әлемде халықаралық экономикалық байланыстардың күрделі мәселелерін шешуде барлық елдердің қызығушылығы артуда. Осы мақсатта бірнеше авторитетті халықаралық экономикалық ұйымдар өзінің қызметін жүргізуде, олардың ішінде ерекше орын алатыны Еуропалық экономикалық комиссия (ЕЭК). Ол 1947 жылы социалистік елдердің бастамасы бойынша, Еуропа елдерінің соғыстан кейінгі ұлттық экономикасын қалпына келтіру мақсатында құрылған. Қазіргі кезде ЕЭК сауда-экономикалық ынтымақтастық ұйымы ретінде, аймақта тәртіп орнату жұмыстарын жүргізеді. Комиссия мүшелері болып 34 ел кіреді (барлық Еуропа елдері жөне АҚШ пен Канада). Оның қызметі жалпы Еуропалық процестермен тығыз байланысты комиссияның тәжірибесі және мүмкіншілігі, сондай-ақ оның атына тікелей айтылатын ойлар қорытынды мәжілісте қаралады. Ол (СБСЕ) Еуроналық ынтымақтастықтың қауіпсіздігі жиналысы, оған қатысушылар "екінші кәрзеңкедегі сұрақтарды талқылайды. Олар: экономика, ғылым, техника, экология сұрақтарын шешу. 1987 жылы ноябрьде болған әдейі арналған ЕЭК-дағы оның негізгі басты сұрағы.
Шығыс пен Батыс елдерінің сауда байланыстары. Бүл сұрақтармен сыртқы сауданы дамыту комитеті шұғылданады. Сауда мәселесі және өнеркәсіптік ынтымақтастық комиссиясының басқа да қосымша ұйымдарының қызметімен толықтырылады, олар үздіксіз ЕЭО сессияларында және де жиылыстар мен симпозиумдарда қаралады. Қорытынды актынын, ұсынысы Хельсинки бағдарламасы бойынша сауда облысында бірінші орынға Батыс-Шығыс сауда-экономикалық байланыстарын дамытуда қолайлы жағдай тудыру проблемалары тұрды. Ол сұрақтарды шешуде сауда, өнеркәсіп байланысы, информациялық айырбас, әкімшілік кедергілерді жеңудегі мәселелер қойылды. 1983 жылы компенсациялық сауданы шешуде, ұзақ мерзімді ірі масштабтағы байланыстар, дара коммерциялық жұмыстар және тауарды сатып алу қаралды.
Қазіргі кезде ЕЭК өзінің қызметінде дамудың жаңа кезеңінде тұр. Бұл жерде Батыс және Шығыс елдерінің мүдделерін бірдей қорғау ұмытылысы байқалады, бұрынғы жеміссіз сөзталастың керегі жоқ екенін түсініп, одан шегіну.
Бұл жаңа шараларды қолдану 1986 жылғы Шығыс пен Батыс сауда байланыстарының болашағын қарастыру мәжілісінде болды. ІІІығыс-Батыс сауда-экономикалық байланысы комплек-тісі бір бағытта қаралды. Жаңа маңызды фактор болып Солонник қаласындағы симпозиумда ЕЭК-ке мүше елдерінің белсенді топтарының қатысуы, оның проблемаларын жеке-дара талқылауға мүмкіндік берді. Комиссияның қызметінің жана кезеңінің қальптасуы оның жаңа бағыттарының көтерілуі, әр түрлі әлеуметтік жүйедегі елдердің, олардың арасындағы болашақтағы жаңа экономикалық өзара ыкдал ету бағыттарының өсуі.
б) ЮНКТАД-тың негізгі қызметі
Әр түрлі әлеуметтік-
ЮНКТАД - халықаралық сауданың дамуына ықпал ететін және осыған байланысты көптеген сұрақтардың жиынтығын шешетін ұйым.
ЮНКТАД - БҰҰ-ның әдейі арналған ұйымы 1904 жылы бекітілді. Онық негізгі қызметі халықаралық сауданы кеңейту, әсіресе экономикалық дамуды жылдамдату көзқарасынан алғанда, халықаралық сауда саясаты принциптерін орнату. Ол өздігінен халықаралық саудада кездесетін кез келген теңсіздікті жоюға көмектесер еді. Жеке елдердің ұлттық саясатын ескере отырып, келісімге келуі және аймақтық экономикалық топтардың ерекшеліктерін ұмытпау. ЮНКТАД-тың негізгі органы конференция және сауда дамуы жөніндегі кеңес. Конференция үш-төрт жылда бір рет болады. Бұл ұйымның қызметінің қажетті бағыттарының бірі халықаралық сауда шараларын реттеу, шикізат өнімдерін өндеу жұмыстарын қарастыру.
Бұл жоспардың мақсаты әлемдік нарықта шикізат саудасының жағдайының жақсаруы. Тағы да жоспардын, басты элементтерінің бірі өндіру өнеркәсібі мен ауыл шаруашылық өнімдері туралы келісім жүргізу. Бұл жоспардың сонғы мақсаты әлемдік нарықта шикізат бағасының бірқалыпқа келуі, дамушы елдердің тек өндірісте емес, шикізат тауарын өңдеуде қатысуын кеңейту. ЮНКТАД көлемінде қарастылатын негізгі тақырыптары, сондай-ақ секретариат қызметінің негізгі міндеті төмендегідей:
• дамушы елдердің экспортын кеңейту нәтижесінде өнім мен қызмет көрсетуді шығарудың бағытын белгілеу, сондай-ақ елдің дамуы үшін саясат пен шараларды пайдаланып, өздерінде ішкі рынок ашу мен өндірістік құрылымды өзгерту,
• халықаралық рынокта шикізат тауарын қалыптастыру, дамушы елдердің көпшілігі бұрынғыдай экспорттық түсуге байланысты болмай, өндеуге көбірек қатысуын ке-ңейту, шикізат тауарын бөлу және өткізу, өз экономикасын диверсификациялау арқылы жетуі;
• дамушы елдердің экспорттық куатьш ішкі және сыртқы ресурстарды шығару жолдарымен кеңейту, сыртқа капитал салуды пайдалануды дамыту, кеме жолдарын дамыту, сондай-ақ сауда және көлік жолдарын дамытуда ұлттьтқ саясат жүргізу;
Информация о работе Әлемдік экономика мәні,20-21ғғ.оның дамуындағы негізгі заңдылықтар