Саясаттың мәні және табиғаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 19:50, реферат

Описание работы

«Саясат» термині (грекше politika – мемлекеттік және қоғамдық істер, polis – қала-мемлекет) Аристотельдің «Саясат» атты еңбегінде алғаш зерттеліп, қарастырылған. Сол кездің өзінде саясатты зерттеудің екі басты бағыты қалыптасты: функционалды және құндылықты. Функционалды зерттеу бағыты көбіне саясаттағы мақсат пен соған жету және нәтижесіне көңіл бөледі. Ал құндылықты бағыт сол саясаттың негізінен идеялық құрылым мен адамгершілік критерийлерді іздейді.

Файлы: 1 файл

саясаттану.doc

— 410.00 Кб (Скачать файл)

Ең алғашқы саяси  кафедра 1662 жылы швецарияның Упсаль Университетінде құрылған. Нағыз ғылым ретінде де «Саясат » ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғысырдың басында қалыптасты. Батыс Еуропамен АҚШ да кең тарады.

Бұл ғылымның халықаралық  мәртебе алып, толық қанды қалыптасуына, 1949 жылы ЮНЕСКО-ның басшылығымен құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы құрылды.

Бүгінгі таңда АҚШ-тың  Шығыс елдерінің барлық жоғары оқударында саясаттану жеке пән ретінде оқытылды. әлемнің ең ірі университеттері  саясатанушы мамандар дайындайды.

Бұрынғы КСРО-да 80-жылдарда дейін саясаттанудың ғылым ретінде мәртебесі болған жоқ. Қайта құру жылдарынан бастап қана саясатқа деген көзқарас өзгере бастады.

1989 жылдан бері Жоғары  Аттестатциялау Коммисиясында саясаттанудан  эксперттік сарапшылық кеңес  жұмыс істей бастады. 1990 жылы  КСРО-ның ғылым және техника саласы  бойынша мемлекеттік комитеті «саяси ғылымдар» деген атпен саяси ғылым қызметкендерінің тізімі ресми түрде бекітті. 1989-1990- оқу жылдарында Балтық бойы елдерінде 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану өтіле бастады. Қазір Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындарында дерлік бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде. Сонымен қатар мемлекет саясаткер-политолог мамандығын мойындап, жоғарғы оқу орындарында бұл сала бойынша мамандар дайындай бастады.

8.Саясаттанудың негізгі парадигмалары.

Саясаттану парадигмалары - [грек, paradeiqma - теория, үлгі] - саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуді, білімді ұйымдастырудың қисынын  білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың  бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгілі бір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады. Соған орай ол деректерді жинап, талдайды, түсіндіреді, мағлұматтарды жинақтайды, жүйелейді.

Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және тиімді сыни деп жүйелеуге болады.

• Теологиялық парадигма саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болған. Ол кезде барлық әлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінген.

• Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда, географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді.

Географиялық ортаның  саясатқа ықпал етуін теориялық  түрде негіздеген француз ойшылы Ж.Боден (1529- 1596) болды. Оның идеясын  одан әрі дамытқан Ш.Монтескье (1689-1755). Оның ойынша географиялық орта, әсіресе  климат халықтың рухын, мемлекеттің құрылыс түрін, қоғамдық құрылыстың сыр-сипатын айқындап, саясатында шешуші рөл атқарады.

Саясатты биологиялық  себептермен түсіндірушілер (неміс  ғалымы П.Майер, австриялық К.Лоренц) саяси  процесті адамның туа біткен физиологиялық  қасиеттерімен байланыстырады.

Ал психологиялық бағыттың негізін қалаушылар саяси даму процесін адамның психологиялық қасиеттерімен  түсіндіреді. Бұл бағыттың негізін  қалағандар Г.Тард, Г.Лебон, Э.Дюркгейм және т.б.

• Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Мысалы, марксизм саясаттың мәнін экономикалық қатынастардан шығарады. Ол қоғамның әрбір экономикалық базисі қажетті түрде әзіне сәйкес қондырма тудырады деді. Яғни, белгілі бір экономикалық базис негізінде саяси, құқықтық, философиялық, діни, этикалық, эстетикалық, т.с.с. көзқарастар мен идеялар пайда болып, дамиды.

• Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Оны жанжалдық және мәмілеге келу парадигмалары деп екіге бөлуге болады.

Жанжалдық парадигма XIX г. пайда болды. Оның негізін қалағандар - К.Маркс, А.Бентли, Земмель және т.б. Олар саяси өмірде дау-жанжал, шиеленістер  шешуші рөл атқарады дейді. Қазір  бұл теорияны қолдаушыларға Р.Дарендорф, Дж. Бертон және т.б. жаұтады. Бірақ олар К.Маркс сияқты саяси дау-жанжалды тап күресіне, қоғамдық құрылыстың түбегейлі өзгеруіне апармайды, қоғамдағы билік қорлары үшін бәсекелестікті, әлеуметтік тапшылықтан туатын мәселелерді шешу саяси ағзаның өзін-өзі жетілдіріп, дамуына әкеледі дейді.

Мәмілеге келу (консенсус) парадигмасының әкілдеріне М.Вебер, Т.Парсонс  жатады. Олар саяси әмірдегі дау-жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі  екінші орынға қояды. Халықтың арман-аңсарының, негізгі әлеуметтік және мәдени құндылықтарының, бағдарларының бірлігі адамдар арасында туатын қайшылықтарды саналы түрде реттеп, шешуге, қоғамда тұрақтылық пен ынтымақтастықты орнатуға көмектеседі. Олар саяси мәселелерді шешуге күш қолдануға, қоғамның революциялық жолмен дамуына қарсы. Бұл бағытты ұстанушылар орта тап санының көбеюі арқасында Батыс елдерінде таптық қарсыласу жойылды дей келіп, оның қоғамдағы рөліне үлкен үміт артады.

9.Ежелгі шығыстағы  саяси ойлар.

Саяси-құкықтық ілімдер  алғашқы кезде адамдардың  мифтік көзқарастары негізінде пайда болды. Адамдардың қоғам мен табиғаттағы орны туралы мәселе  ежелгі Шығыс жөне Батыс халықтарында, египеттіктерде, үндістерде, вавилондықтарда,  гректерде, қытайларда, римдіктерде және т.б. халықтардың мифтік аңыздарында көрініс табады.

Мифология — ежелгі адамдардың өзін қоршаған әлемге, дүниеге қатынасы. Бұл кездегі өндіріс қатынастары  мен өндіргіш күштердің жетілмегенін, бүкіл әлемді, оның заңдылықтарын  түсіну өте қиынға соқты.

Мифтік көзқарастарда  болашақ ілімдердің элементтері де кездесетін, оларды алғашқы адамдар өздерінің тіршілігі мен қызметіне қажетті түрде пайдаланған. Мифтік аңыздарда адамдарды алғашқыда құдайшылардың билегендігі, кейіннен құдайлар адамдарды ел билеу әдістсріне үйретіп, ел билеуді олардың өз қолдарына бергендігі туралы айтылады.

Хаммурапи бірінші Вавилон  әулетінің алтыншы патшасы (б.з.д. 1792—1750 жж.) Бұл уақыт Вавилонныц бүкіл Қос озен аралығында экономикалық, саяси жане мәдени орталығына айналу және оның гүлдену мен дәуірлеу кезеңі. Вавилонның саяси және әлеуметтік құрылымы туралы бағыты және жан-жақты мәліметтер қалдырған. Хаммурапи зандары жазылған биік базалы бағана 1901—1902 жылдары француздың археологиялық экспедициясының Сузы қаласын қазуы кезінде табылды. Бағананың жоғары жағында тақта отырған күн тәуіпі Шаман қүдай және оның алдында ілтипатты түрған әйел патша Хаммурапи салынган.

Әділдіктің қорғаушысы ретінде баяндалған бұл заң еркін  адамдар мен құлдардың құқықтық жағдайын заң жүзінде бекітеді. Олардың  әлеуметтік жағдайы мен тұрмысын өзгертуге жатпайтын норма ретінде бағалайды, билеуші топтың мүдесін және жеке меншікті кызғыштай қоргайды.

Ежелгі парсылардың  дүниетаным туралы көзқарасгары зороастризмде  көріпіс тапты және дамытылды.

Зороастризм бойынша  мемлекет аспан қүдайы Ормуздаиын жердегі билігі болып саналады. Мемлекет билеушісі — монарх — жердегі Ормузданың омірі орындаушы қызметкері, ол халықтық жауыздық пен жамандықтан қорғауға, мемлекетке қауіп төндіретін әрекетке қарсы күресуге, қайырымдылық нәрін себуге міндетті.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы, зороастризм бойынша, әркімнің қандай кәсіппен шұғылдануы еркін таңдауы  бойынша жүзеге асырылады. Бұл әлеуметтік топтың әрқайсысының басында жетекшілік ролді атқаратын неғұрлым белсенді жәнебеделді адамдар тұрады. Заратустра Ормузда қызметшілерін өзара сүйіспеншілік пен сыйластыққа, бір-бірін кешіре білуге және бітімге  шақырады.

Ежелгі Үндістандағы саяси және құқықтық ілім мифтік және діни көзқарастар түрінде қалыптасты.

Брахманизм идеяларының  алғашқы көріністері б.э.д. екі мыңдаған жылдықтағы "Веда" ескерткіштерінде кездеседі. "Веда" — "білім, кіріспе" (Санскрит тілінде) деген ұғымды білдіреді. Бұл ведаларда адамдардың төрт варнаға (кастаға) бөлінетіндігі және олардың брахмандар — Пуруши құдайдың аузынан, кшатрийлер — құдайдың қолынан, вайшийлер — құдайдың санынан, шудралар — құдайдын табанынан жаратылды деп айтылады. Манузаңдарының 96-бабында "Тірі нәрселсрдің ішіндегі ең қасиеттісі — жандылар, ал жандылардың ішінде адам, ал адамдардың ішінде брахмандар" деп айтылады.

    «Манузаңдарында»  адамдардың варналарға бөлінуі  және олардың қоғамдағы орны  мен әлеуметтік теңсіздігі қорғалады.  Мұнда да брахмандардың жоғары  дәрежедегі жағдайы мен үстемдігі,  артықшылығы туралы айтылады.

"Ману зандары"  бойынша патшаның өкілдігі шектеулі, ол брахмандардың ақыл-кеңестерін тыңдаумен қатар кейбір талаптарға да сәйкес болуы керек.

"Ману заңдарының" 7-тарауы бүтіндей жазаға арналган. Онда жазаның қуаттылығы мен  күштілігі және коғамға пайдасы  туралы көп айтылады. "Жаза  бүкіл адамды билейді. Жаза адамдарды қорғайды, ол өзгелер ұйықгап жатқанда сергектік танытады, данышпандар жазаны, данданы қорғаушы" деп жариялаған. Егер патша қылмысына қарай жаза тағайындауды үздіксіз жүзеге асырып отырмаса, оңда күштілер «әлсіздерді қармақтағы балықтай қуған болар еді. Жаза дұрыс қолданылмаса бүкіл варналар бұзылып, бөгеттер жойылып, бүкпі халық наразы болар еді" делінеді.

Әртүрлі варна мүшелерінің  құқықтары мен міндеттерінің  тең болмауы олардың заң алдындағы  қылмыс пен жазадағы әділетсіздігінсн көрінеді. Брахмандар заң алдында ерекше жеңілдіктерге ие болған. "Әлемдегі бар нәрсенің бәрі брахмандардың меншігі болып табылуымен бірге" (100-бап), оларға ешқашан тон жазасы қолданылмайтын еді. Олар үшін ең ауыр жаза — шашын алу болып саналды. Қылмыс үшін айып төлеуде варналардын қоғамдағы теңсіздігінің. сипаты анық көрінеді. Мысалы, брахмақнды тілдеген кшатрийге 100 пан айып салынады. вайший екі жарым есе артық төлейді, ал шудрадене жарақатымен жазаланады (267-бап). Ал "брахман кшатрийді тілдесе 50 пан, найшийді тілдесе, оған 12 пан айып салынады" (268-батт).

 Ежелгі Қытай философиясы  мен қоғамдық-саяси ойындағы ықпалды  ағымдардың бірі даосизм ілімінің  негізін салушы болып б.э.д. VI ғасырда  өмір сүрген Қытай оқымыстысы  Лао-цзы болып саналады.

Даосизм ілімінде асқан, табиғат және қоғам заңдылықтары анықталады. Бұл заңшылық жоғары қайырымдылық пен табиғи әділдікті жақтайды. Дао ілімі бойынша барлық адам тең. Өз дәуіріндегі мәдени жетімсіздіктер мен адамдардың әлеуметтік-саяси теңсіздігін, халықтың қайыршылық жағдайын және т.б. Лао-цзы даодан ауытқу деп есептейді. Сол кездегі халыктың ауыржағдайына наразылық білдірген Лао-цзы даоның әділдікті қайта орнататынына сенеді.

Даосизм ілімінде адамдардың қанағатшылығы мен белсенді әрекеттермен тартыну принципі көбірек орын алған. Лао-цзы сонымеи бірге соғыстың барлык түрі мсн армияны қатты сынға алады. Оныңайтуынша, әскер жүріп өткен жерде арам шөптер мсн тікенектер ғана өседі, үлксн соғыстардан кейін ашаршылық жылдары басталады. Прогрестік дамуды жақтырмаған Лао-цзы өткен дәуірдің қайта оралуды және білім мен ғылымнан бас тартуды ұсынады. Оның айтуынша ақылды билеуші өзінің қол астындағыларға "дао" жолымен (табиғи жолмен) жүруге жағдай жасайды. Ондай билеуші халықтың жеке ісіне араласпайды. Оның басты міндсті — елдегі тәртіп пен заңдылықты сақтау ғана.

Қытайдағысаяси және философиялық ілім тарихында конфуцизм  ілімі маңызды роль атқарады. Оның негізін қалаған б.э.д. 551—479 жылдары  өмір сүрген ұлы Қытай ойшылы Конфуций болды.

Дәстүрлі көзқарастарға  суйенген Конфуций меншікті патриархшы — патерналистік концепциясын дамытты. Оның айтуы бойынша, мемлекет — үлкен жанұя.

Әлеуметтік теңсіздікті  қалыпты жағдай ретінде қарастырған  Конфуций аристократиялық билік  концепциясын, яғни ақ-сүйектер тобының  билігін жақтады. Биліктің зорлықсыз тиесілі жақтаған Конфуций билеушілерді өз бағыныштыларына кайырымды болуға шакырды. Билеуші қайырымды болса, төменгі адам да қайырымды болады. Биліктің осы ережесін жақтаған Конфуцийден "Шөп жел сокқан жаққа кисаяды деген нақыл сөз қалған. Ішкі жәнесыртқы соғыстарға карсы болған Конфуций Кьггай жсрінен алыс түратын басқа халықтарды білімділікпен және ақылмен жаулап алуды ұсынды.

Конфуцийдің этикалық-құқықтық және мінез-құлық нормалары мен  принциптері адам өмірі мен тұрмысының барлық жағын қамтыған. Бұған дәстүр ережелері (ли), ата-аналар мен үлкендерге құрмет (сяо). адамдық касиет (жэнь). адамдар қамқорлығы (шу), билеушіге адалдык (чжун), парыз (и) және т.б. жатады.

Конфуций ілімін одан әрі жалғастырған Сянь-цзы "өлсм өзінің табиғи заңдылықтарымен өмір сүреді, сондықтан да оның тіршілік қажетіне жарату үшін оны зерттеу, құпия сырларын білу қажет» дсп ой түйеді. Яши адамдардың табиғаттан өз үлесін алуы немесе бай және кедей болып өмір сүруі олардың өздеріне байланысты. Сянь-цзының пікірінше адам тумысынан қызғаншақ, дүниеқұмар, алакөз болып келсді. Сондықтан да адамдардың мінезіне жақсы тәрбие беріп қана табиғи қалыптан өзгертуге болады. Ол үшін адамдардың өзі де өзін-өзі тәрбиелеуге және бір-бірінің қателігін бетке байып айтуы тиіс. Бұл туралы ол былай дейді: "Менің қателігімді дұрыс көрсеткен адам — менің ұстазым, менің игі ісімді дұрыс байқаған кісі — менің досым, ал маған жағынъш, жарам ақтанушылар — менің жауым".

Конфуцизм ілімі, сонымен  бірге, ел билеушілері мен өкімдерге  де қол астындағыларға тап баласындай қарауға кеңес береді. Конфуций бойынша "ақылды билеуші ауыр жазамен адамдардың жанын қинамайды, оларды табаңдылықпен, сң алдымен өзі үлгі-өнеге көрсетіп жақсылыққа тәрбиелейді". Конфуцизм ілімі мемлекеттік дін рөлін атқара бастады.

Ежелгі Қытайдағы легизм идеялары б.з.д. IV ғасырларда жарық көрген . Легизм ілімінің және заңшылдар мектебінің негізін қалаған ол Шан облысының билеушісі: болды. Шан Ян заңдар мен қатал жазаға сүйенген басқару жүйесін қолдады. Сол кездегі үлкен ықпалға ие болған конфуцизмді сынаған Шан Ян заң нормалары ғана елде тәртіп орната алады деп есептеді. Ел басқарудың негізгі әдісі ретінде қатал заңдарды жақтаған ол мемлекет пен адамдар арасындағы қатынастарды оңай реттеуге болатындығын айтты. Бұл "кімді КІМ жеңетіндігі" туралы принципке негізделген таптар күресінің қатынастарын көрсетті. Оның айтуынша, "халик, өз өкіметінен күштірек болса, мемлекет әлсіз, ал өкімет өз халқынан күштірек болса, армия күшті, өрі қуатты болады".

Информация о работе Саясаттың мәні және табиғаты