Саясаттың мәні және табиғаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 19:50, реферат

Описание работы

«Саясат» термині (грекше politika – мемлекеттік және қоғамдық істер, polis – қала-мемлекет) Аристотельдің «Саясат» атты еңбегінде алғаш зерттеліп, қарастырылған. Сол кездің өзінде саясатты зерттеудің екі басты бағыты қалыптасты: функционалды және құндылықты. Функционалды зерттеу бағыты көбіне саясаттағы мақсат пен соған жету және нәтижесіне көңіл бөледі. Ал құндылықты бағыт сол саясаттың негізінен идеялық құрылым мен адамгершілік критерийлерді іздейді.

Файлы: 1 файл

саясаттану.doc

— 410.00 Кб (Скачать файл)

Белгілі бір жерінде  қорланады. Бұл билік адамға берілген мемлекеттің иерархиялық құрылымында  белгілі бір орынға ие болуына  мүмкіндін береді.

Бұл биліктің көмегімен  адам материалдық және рухани байлыққа құқылы ететін қандай да бір жеңілдектерге, әлеуметтік жағдайға қол жеткізеді.

Рухани билік –  адамдарға ақпарат, ғылыми жетістіктер  арқылы іске асырылатын құралдары және т.б. арқылы іске асырылады.

Принудительное билік  – күш көрсету, қорқытуға сүйенеді. әр мемлекетте пайда болған мәселелерді күш көрсету арқылы шешетін арнайы құрылымдар бар.

Силовые құрылымдар. Шенеуніктік  аппарат, әскер, сот, түрме, прокуратура  және т.б. кіреді.

48) мемлекеттік  билік саяси биліктің ең жоғарғы  формасы ретінде

Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді.Бұл мәселенің үлкен астары бар. Себебі, бұрынғы кеңестік дәуірде бұл ұғымдарды теңестіріп,бірыңғайлау саяси жүйенің барлық құрылымын мемлекеттендірудің тәсілдемелік негізі болды. Саяси билік таптық,топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді.Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін биліктің түрі жатады. Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы. Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді.    Басқа қоғамдық билік түрлерінен ажыратуға негіз болатын Мемлекеттік биліктің белгілері мыналар:1. пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,2. Жария-саяси сипатта жүруі,         Қазақстанда бір ғана мемлекеттік билік бар – оған Парламент арқылы жүзеге асатын заң шығару билігі; орталық органдардан (министрлік, ведомстволар мен агенттіктер) және жергілікті органдардан (әкімдіктер) тұратын Үкімет – атқарушы билік және мемлекеттік соттар (Жоғарғы сот және жергілікті соттар) арқылы жүзеге асатын сот билігі кіреді.     Мемлекеттік биліктің бірден бір қайнар көзі – халық.

49) Биліктің  құрылымы

Билік құрылымы: Атқарушы билік,Ұсынушы билік,Құқық қорғау органдары

Атқарушы билік —  “биліктің тармақталуы” заңдарына  сәйкес құқық қолданушы билік. Оған парламенттің яғни заң шығарушы биліктің қабылдаған заңдарын атқару міндеті  жүктеледі. Атқарушы билік жетекші, бірінші билік ретінде саналатын заң шығарушы билікке тәуелсіз. Атқарушы билік не президентке — мемл. басшысына және үкіметке (президенттік респ-ларда), не мемлекет басшысына (парламенттік елдерде) тиесілі болады. ҚР Конституциясында республикасының Атқарушы билікгін Үкіметтің жүзеге асыратындығы, атқарушы органдар жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық жасайтындығы көзделген. Үкімет өзінің бүкіл қызметі үшін ел Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Конституция бабында көзделген реттерде Парламентке есеп береді. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституция заңмен белгіленеді (64-бап). Атқарушы билік заң шығарушы бастаманың қайнар көзі ретінде, әрі парламенттің заң шығарушылық қызметіне нәтижелі әсер ете отырып, заң шығарушы биліктің өз уәкілеттерін ойдағыдай жүзеге асыруына тікелей ықпал етеді.

Ұсынушы билік-мәслихат. Мәслихат— тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қарамағындағы аймақтың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік  орган. Ол сол аймақ халқының қалауын, ықтиярын білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілейді әрі атқарылу барысын бақылайды.     Мәслихатты сайлау және оның пайда болуы халықаралық стандарт талаптарына жауап береді. 2001 жылдың 23 қаңтарында қабылданып, 2006 жылдың 10 қаңтарында өгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес мәслихат өкілетті орган ретінде төмендегі функцияларды орындайды:

аумақтың жоспарын, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, жергілікті бюджетті, оның атқарылуы туралы есепті бекіту;

қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламаларды бекіту;

әкім ұсынған әкімшілік  — аумақтық бірлікті басқару сызбасын бекіту;

әкімнің ұсынысы бойынша  әкиматтың жеке құрамын мәслихат сессиясының шешімімен келісу;

атқарушы органдар жетекшілерінің есептерін қарау, мәслихат шешімін  орындамаған ұйымдардың, мемлекеттік  басқару органдарының лауазымды  тұлғаларын жауапкершілікке тарту  бойынша тиісті органдарға ұсыныс беру;

ҚР заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету өкілеттіктерін іске асыру;

ҚР әкімшілік құқық  бұзушылық Кодексіне сәйкес тәртіпті бекіту;

жергілікті бюджеттің, жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының орындалуына  бақылау;

мәслихаттың тұрақты  комиссиясын және басқа да органдарын құру, олардың қызметтерінің есептерін  тыңдау;

халықты еңбекпен қамту  және кедейшілікпен күресу бағдарламасын  бекіту;

ведомствоаралық сипаттағы  мәселелер бойынша акимат жанынан  консультативтік-кеңестің жеке құрамын әкімнің ұсынысымен бекіту;

ҚР Жер заңдары бойынша  жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;

ҚР Конституциялық нормаларын, заңдарын, Президенттің актілерін, ҚР Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін  орындауға қатысу

Құқық қорғау органдарына: сот, конституциялық сот, прокуратура, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, әділет, төрелік, кедендік бақылау, қаржы полициясы органдары және т.б. жатады.

Құқық қорғау органдары  – заңдылықты және құқық тәртібін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қылмысқа қарсы күрес міндеттерін атқаратын мемлекеттік органдар. Құқық қорғау органдарына сот, төрелік сот, Конституциялық сот (Қазақстанда Конституц. кеңес), прокуратура, ішкі істер органдары, мемлекеттік қауіпсіздік (Қазақстанда өлттық қауіпсіздік), кедендік бақылау, әділет органдары жатады. Кең мағынада алғанда, Құқық қорғау органдары ұғымы бірқатар беймемл. институттарды да: адвокатураны, аралық сотты, т.б. қамтиды. Күшейтілген қылмыстық-құқықтық қорғау жүйесіне қауіпсіздік шаралары мен әлеум. шаралар да кіреді.

50.Билік институттары Саяси институттарға мемлекет,саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер т.б ұйымдар мен бірлестіктер жатады.  Бұл ұйымдардың бәрі  таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, жас мөлшеріне қарай және т.с.с. байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады. Солардың ішіндегі ең негізгісі –мемлекет.ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады,оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, еріксіз көндіретін күштеу,зорлау органдары болады. Мемлекеттік емес ұйымдардың арасында қазіргі қоғамның саяси өмірінде ең үлкен рөл атқаратындар-саяси партиялар. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыруға,саяси жүйені,идеологиялар мен докториналарды,қоғамдық пікірді,саяси сананы қалыптастыруға ат салысады.Қоғамның саяси жүйесіне діни ұйымдар да кіреді.олардың ролі әсіресе феодалдық қоғамда зор болды.алайда осылардың ішінде мемлекет пен саяси партиялардың саяси жүйеге тікелей қатынасы бар.

51. Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар:қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру,оның саяси өмірін ұйымдастыру,әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мелкететтің істерін басқару,өкімет органдары,саяси емес процестерге басшылық жасау,саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп келгенде,белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін,саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты ,ашық не жабық қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау,дау-дамай,шиеліністерді ашып,оларға шек қою,дер кезінде шешу,қоғамдық келісімге,мәмілеге келу және т.б.Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып,жұмыс істейді:1)жоғары орталық саяси институттар,мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар,саяси партиялар мен қоғамдық  ұйымдарды басқару органдары кіретін қте ірі деңгей. 2)Орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық,облыстық,аудандық шеңбердегі жергілікті әкімшілік билік. 3)адамдар,кішігірім топтар,ұйымдар,одақтар,өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі,арқауы болып табылатын,саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.

         52. Саяси биліктің ресурстары дегеніміз-олардың үстінен бағынушыларға ықпал жасау мен биліктік ерікті іске асыруға бағытталған әдістер мен құралдардың жиынтығы болып табылады. Саяси биліктің ресурстары ретінде экономикалық,күшке ие,әлеуметтік,мәдени-ақпараттық және де басқа ресурстар көріне алады.Экономикалық ресурстарға жататындар-қоғамдық,өзіндің өндіріс пен тұтыну үшін қажетті керек-жарақ құндылықтары,бұлардың жалпыға ортақ маңызы бірдей белгісі ретінде ақша,техника,құнарлы жерлер,пайдалы қазбалар т.б. Саяси билік экономикалық ресурстарды көптеген мемлекеттік және халықаралық сипаттағы проблемаларды шешу үшін пайдаланады.Күш қолдану ресурстарына күш көрсету арқылы көндіру қондырымдары және бұл үшін арнайы дайындаған адамдары жатады. Бұлардың бәрі елдің қорғанысын,ішкі тәртіпті сақтауға қамтамасыз етеді. Мемлекетке күшке ие ресурстардың түйінін әскер,полиция,қауіпсіздікті сақтау ісіндегі түрлі қызмет орындары және сот мен прокуратура,бұлардың ғимараттары,қару-жарағы,техникасы,абақтылары т.б.құрайды. Әлеуметтік ресурстарға-әлеуметтік мәртебені,не болмаса дәрежені,мекен-жайды әлеуметтік стратификацияда көтерудің,не болмаса төмендетудің қабілетін айтады. Әлеуметтік ресурстар қызмет орнын,дәрежені,білім беру,дәрігерлік қызмет,әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету. Т.б.сияқты көрсеткішті қамтиды. Қазіргі таңда халықты әлеуметтік қорғаудың  кең жүйесі жұмыс жасайды,зейнетақымен ету деңгейі жоғары,қайырымдық көрсету ұйымдардың кең жүйесі дамыған т.б.Мәдени-ақпараттық ресурстар-білім мен ақпарат,сондай-ақ,оларды қабылдау мен таратудың құралдары,ғылым мен білім мекемелері,бұқаралық ақпарат құралдары т.б. Қазіргі кезде және келешекте білім мен ақпарат саяси биліктің өте маңызды көздеріне айналуда және де айнала бермекші. Демографиялық ресуртарға-адамның өзі жатады. Адам-әмбебап,көп міндетті және басқа ресурстарды өндіретін мүмкіндік көзі. Адам-керек-жарақ игілік жасаушы,білім мен ақпаратқа ие және оны таратушы.

54) Саяси билік,егер оны бұқара ерікті келісім бойынша қабылдап,оның дегендеріне бағынса,онда ол заңды билік деп аталады. Легитимілік саяси биліктің берік сипаттамаларының қатарына жатады деп тұжырымдауға болады. «Легитимділік» термині алғашында XIXғасырдың басында Францияда пайда болады. Ал «билік легитимділігі»туралы ұғымды ғылымда алғаш рет неміс  әлеуметтанушысы арі саясаттанушысы Макс Вебер енгізді.  Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Легитимдік дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы,оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін негізгі 2шарт қолданады:1)ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек. Яғни,мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мезгілге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс.2)Мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек. Саяси биліктің заңдылықтарын негізінен 3түрі болады. 1)Дәстүрлі,2)Харизматикалық.3)Тиімділік-құқықтық заңдылық.

55) Дәстүрлі заңдылық.Бұл түр Билікке жүгізудің әдеттері,дәстүрлері,дағдылары арқасында ертеден келе жатқан тәртіптің мызғымайтындығына және қажеттілігіне деген сенімнің арқасында пайда болады. Ережесі үстемдік пен бағынушылық қатынастың негізгі ретінде көрінетін дәстүрлі үстемдік монархиялар үшін тән. Әдет-ғұрыппен,дәстүрмен сәулеленген бұл ережелер кімнің билікке құқығы барлығын,ал кімнің оған бағынуға міндетті екендігін көрсетеді. Дәстүрлі ережелер билік жүргізуші топтіыңда мүшелері жөнінде де,бүкіл халық жөнінде міндеттеу күшіне ие. Көсемдердің дәстүрді бұзуы бұхара халық алдында олардың билігі заңдылығының жоғалуына әкліп соғады.  Қазіргі таңда дәстүрлі билік жүргізу монархиялық тәртіптегі елдерде (Непал,Сауд Арабиясы) және артта қалған елдерде сақталған.

56).Тиімділік-құқықтық заңдылық. Мұның шығу тегі көпшілік таныған ережелер,яғни демократиялық тәртіптер негізінде қалыптасқан үкімет шешімдеріне адамдардың бағынуына түрткі болатын тиімді түрде түсінілген мүдде болырп табылады. Тиімділік-құқықтық заңдылықтың саяси билікті қалыптастырған:ерікті сайлау,заңының жоғарлығы,билік пен азаматтардың заң алдындағы бірдей жауапкершілігі т.б.сияқты сырт көріністі ережелердің дұрыстығына деген сенімге негізделген. Заңдылықтың бұл түрі демократиялық мемлекеттерге тән.Бұл түрдің неғұрлым дамыған формасы конституциялық мемлекет болып табылады.

57) Харизматикалық заңдылық.Бұл-басшының беделіне сүйенген заңдылық және оған ерекше қасиеттер мен ғажайып қабілет танылады,яғни тіпті кейде асшыға табынып,оның жеке басын көкке көтерді. «Харизм» деген атау грек тілінен аударғанда «Құдай берген сый» дегенді білдіреді. Әуел баста бұл атау діни сипатта болған. Биліктің осы түрінің енгізушілері дін қайраткері Моисей,Давид,Мұхаммед,Будда. Алайда,кейіннен бұл атауды азаматтық көсемдергеде қолданып,оның өрісін кеңейтті. Осыған,байланысты.биліктің осы заңдылықты түрі көсемнің үздік сапаларына байланысты оның халық алдында шексіз сенімге ие болуымен сипатталатынын айтқан жөн.Демек,бұл түрдегі заңдылықтың халықтың көсемдері мен басшыларының ерекше қабілеттеріне деген сеніміне сүйенеді.

 Харизматикалық көсемнің  билігі оны өзінің көсемі  ретінде  қабылдаған халықтың көпшілігінің  оның алдында бас июімен аяқталады.  Көсем мен басшы бір жағынан  және бұхара мен халық екінші жағынан күшті сенім билеген,өзіндік байланыстар орнығады. Мұндай басшы мен көсемнің сөздері қателеспейтіндіктің сәулесіне бөлінеді. Бұлар өздерінің саяси қызметінде өмір сүруші әдет-ғұрыптарды,іс-ұимылдағы заңдылық ережелерді басшылыққа алмай,керісінше,өз шабытын басшылыққа алады. Алайда харизматикалық басшы мен көсемнің іс-қимылындағы сәтсіздіктер олардың халық алдындағы беделінің жоғалуына,өз билігінің заңдылықтарынан айырылуына әкеліп соғады. Харизматикалық  билік революциялық өзгеріс кезеңдері мен өткінші және тұрақсыз қоғамдарда пайда болды.

58. Көбіне көп басшылар.партиялар  қоғамда бірге,қатар жүреді де,келе-келе  бөлініп кетеді,қақтығысып қалады.Қарама-қарсы  күштер қалыптасады. Олардың мүдделеріне  шоғырында билік мәселесі тұрады.Оған деген талпыныс бұл күштерді қарама-қарсы тұруға және күреске итереді. Сондықтан билік үшін, оған ықпал ету үшін күрес жүргізуді оппозиция қызметінің басты тәсілі ретінде айту орынды.

Оппозиция(лат.- қарсы шығу) тікелей мағынасында қарсы әрекет, қарсылық көрсету дегенді білдіреді. Бұл тұрғыдан алғанда, оппозицияда конструктивті, қиратушы және бейтараптық жағдайлар орын алады.Оппозицияның болуы қоғамда тұрақтылықты сақтауға мүмкін еместігін ескертеді,өйткені қоғам әртүрлілігімен және адамдардың өз қасиеттерімен,саяси қатынастардың бұлжымастығымен органикалық түрде байланысқан. Сонымен қатар бұл жағдайдың жағымды жақтарыда бар. Мысалы: оппозиция биліктің монополиялануына жол бермейді. Оппозициясыз саяси режим өзін-өзі дамыту мүмкіндігінен айырылады,саяси режим билігі мықтап орнығады. Демократиялық режимде оппозицияның болуы биліктің маңызды атрибуты,оның «визиткалық карточкасы» болып табылады. Осы типтегі мемлекеттерде оппозицияның өз мәртебесі,құқы,билікке ықпал ету мүмкіндігі бар. Мысалы: Ұлыбританиядағы «оппозиция Ұлы мәртебелі патшайым»болып табылады,сонымен қатар оппозиция қоғамдық тәртіпті бүлдіруші,қиратушы факторлардың рөлнде де көрінеді.Демократиялық қоғамда оппозиция өзінің маңыздылығы жағынан құнды саяси институт болып табылады. Оппозицияның типіне сәйкес оның саяси қызметінің тәсілдері,құралдары қалыптасады:оларға басқаша ойлайтын топтардың,диссиденттердің саяси режимдерді сынауынан бастап бейресми жағдайдағы саяси партиялар мен қозғалыстардың тарапынан болатын саяси террорлар мен күштеу әрекеті жатады.

Оппозиция мен Үкіметтің  өзара қарам-қатынасына келсек,онда оппозицияны ұнататын билікті іздеп  табу қиын. Бірақ әр елдерде оған деген көзқарас түрліше қалыптасуда. Ресейде саяси оппозиция көбінесе дұшпан ретінде қарастырады. Оппозицияның болуы-қоғамның жіне мемлекеттің идеялық саяси шыдамдылығын,плюрализмді,еркін ойлауды,баспасөз,ақпарат құралдарының тәуелсіздігін және т.б.қамтамасыз етеді. Сонымен бірге,саяси

Информация о работе Саясаттың мәні және табиғаты