Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 19:50, реферат
«Саясат» термині (грекше politika – мемлекеттік және қоғамдық істер, polis – қала-мемлекет) Аристотельдің «Саясат» атты еңбегінде алғаш зерттеліп, қарастырылған. Сол кездің өзінде саясатты зерттеудің екі басты бағыты қалыптасты: функционалды және құндылықты. Функционалды зерттеу бағыты көбіне саясаттағы мақсат пен соған жету және нәтижесіне көңіл бөледі. Ал құндылықты бағыт сол саясаттың негізінен идеялық құрылым мен адамгершілік критерийлерді іздейді.
оппозицияның болуы-бұл
қоғам мен мемлкетті
59. Этнос-гректің сөзінен шыққан,тайпа,халық дегенді
білдіреді. Этнос терминін екі түрлі мән-мағынада
ұғынған жөн. 1:этникос атауы тұрғысынан.2:ЭТНИКАЛЫҚ
әлеуметтік организм ретінде. Бір тұрпатты
этникосқа,қай жерде тұратынына қарамастан,аталған
этностық барлық топтар жатады.Мысалы,Түркияда,Иранда,
Ал,ұлт дегеніміз жер,тіл,экономикалық қатынастар,мәдениет
ерекшеліктері мен психологиялық құрылымның
ортақтығы негізінде қалыптасқан адамдардың
тарихи әлеуметтік-этникалық бірлестігін
айтады. Әлеуметтік аспект ұлтты өндірістік
қатынастармен байланысқан қоғамдық таптардан
тұратын әлеуметтік-экономикалық тұтастық
етіп танытады. Ол белгілі бір жүйенің
ұлттарында қандай ортақтық бар,оларды
өзара,шын мәнінде,не жақындастырып,
61 Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті
62. Ұлттар мәселесінің шешілу принциптері.
Ұлтаралық келісімнің қалыптасуы мен дамуы ұлттық мәселені ғылыми түрде шешумен тығыз байланыста. Мұндай келісім ұлттық, жалпы адамзаттық бірліктің негізінде мүмкін болады. Әлбетте әрбір ұлттың сана сезімі, өздері жасаған материалдық және рухани құндылықтарға деген ұлттық мақтанышы бар.Ұлтаралық мәселе тек әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар дамуының маңызды факторы ғана емес сондай-ақ қоғамның тату-тәтті тірлік кешкен халықтар арасындағы қажетті берік байланыстарының тұрақты болуының негізі.Ұлтаралық келісімде әділ де демократиялық қоғамның бекуі мен жетілуіне көпұлтты тұрғындардың күш біріктіруін қажет ететін ұлттар бірлігінің шынайы өсу процесін анықтайтын сана қалпы көрініс табады.Ұлтаралық қарым қатынас жоғары мәдениет келісімінің принциптерін меңгерген адам әлеуметтік өмірде белсендірек, аса көреген, болашаққа сенімдірек қарайтын болады.
63Ұлттық-мемлекеттік құрылымның формалары.
Конституциялық монархияда монархтың билігі конституцямен шектелген. Яғни, нақты заң шығару билігі парламенттің қолында, ал үкімет атқарушы билікке ие. Мұндай мемлекеттерде монархтар "патшалық етеді, бірақ басқармайды", тек ұлттық символы ретінде сан жылғы дәстүрді жалғастырады. Батыс Еуропаның көптеген елдеріне монархияның осы түрі тән: Бельгия, Дания, Нидерланд, Норвегия және т.б. конституциялық монархиялар арасында жоғары дамыған елдермен қатар, Лесото сияқты мешеу елдер де бар. Азиядағы жетекші ел Жапония да конституциялық монархиялар қатарына жатады. Теократтық (грек. theos — құдай, kratos — билік) монархияларда мемлекет басшысы діни жетекші қызметін де атқарады. Мұндай мемлекеттер қатарына Бруней, Сауд Арабиясы және Ватикан жатады. Мемлекеттік құрылымына байланысты унитарлы (латын. unitas — бірлік) және федерациялы (латын. foederatio — одақ, бірлестік) мемлекеттерді ажыратады. Унитарлы мемлекеттерде әкімшілік-аумақтық бірліктер тікелей орталық үкіметке бағынады, ортақ заң жүзеге асырылады. Унитарлы мемлекеттер қатарына Италия, Франция сияқты республикалармен қатар, Жапония, Ұлыбритания тәрізді конституциялық монархиялар да кіреді. Федерациялы мемлекет жағдайында оның құрамына енетін федерация мүшелерінің белгілі бір саяси, экономикалық дербестігі болады. Бірыңғай (федералдық) заңдарымен және басқару органдарымен, ортақ әскермен қатар, федерация мүшелерінде мемлекеттік биліктің барлық белгілері (ту, әнұран, конституция, парламент, атқарушы билік жүйесі) бар. Дүниежүзіндегі федерациялар саны 20-дан асады. Сонымен қатар БҰҰ-ның халықаралық деңгейдегі қызметін ұйымдастыруда оның құрамындағы Білім, ғылым және мәдениет мөселелері жөніндегі ұйымның (ЮНЕСКО, штаб-пәтері Парижде орналасқан), Халықаралық еңбек ұйымының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Азық-түлік пен ауылшаруашылық жөніндегі ұйымның (ФАО), Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) маңызы зор. Қауіпсіздікті сақтау мәселелерімен айналысатын ірі ұйымның бірі — Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҮ) болып табылады. Ол 1973 жылы құрылған. Ұйымға 56 ел мүше. 2010 жылы бүл ұйымға төрағалық ету мәртебесі Қазақстанға өтті. Бұл еліміздің халықаралық деңгейдегі дәрежесін кетерді
64) Ұлт саясаты
мемлекеттік саясаттың аса
Ұлттыұқ саясат теориялық та ,практикалық та проблемалардың орын алып отырғандығын болжайды. Қазақстандағы көпұлтты қоғамның қазіргі даму сатысында экологиядағы, экономикадағы, әлеуметтік саладағы мораль, мәдениеттегі келеңсіз құбылыстарды жою проблемалары ең бірінші кезекте тұр. Ұлттық шектеулікке қарсы күресу қажеттілігі күшейді,ұлт өмірін демократизациялау, қоғамды жаңарту, әлеуметтік әділеттілік принциптерін іске асыру, іс пен сөздің бірлігі тағы басқа көптеген шараларды жүзеге асыру кезек күттірмейтін мәселеге айналды.
65 Қазақстан Халықтар Ассамблеясы жүйелі қоғамдық-саяси институт ретінде.
Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
Ассамблеяның негізгі міндеттері
этносаралық қатынастар
саласында мемлекеттік
халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;
қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;
азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
Ассамблеяның мақсаты
мен міндеттеріне қол жеткізу
үшін этномәдени және өзге де қоғамдық
бірлестіктердің күш-жігерін
Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.
66. Қазақстан полиэтникалық қоғам ретінде.
Қазақстанның полиэтникалық
қоғамы қалай жасақталды, ондағы жүз
отыздан астам этностың бас қосып,
бір мемлекеттің аумағында
Қазақстанның полиэтникалық қоғамға айналу процесі ұзақ тарихи кезеңдерді қамтиды. Қазақстан тарихында ол кезеңдер үшке бөлінеді.
Бірінші кезең Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруімен байланысты. Нәтижесінде қазақтардың көшпенділіктен отырықшылыққа ауысуы арқылы өмір сүру стилі, құндылықты нормативтік жүйесі өзгереді. Осы кезеңде өмірлік маңызы бар құндылықтардың бастамашылары қазақ интеллигенциясы пайда болады.
Осы кезеңде Қазақстанның солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс өңірлерін отарлаудың әскери-әкімшілік билігінің нәтижесінде славяндықтардың ареалы пайда болды. Олардың көшін казактар бастап келді. Жайық казак әскерінің құрамында славяндардан басқа башқұрт, түркімен, татар, қалмық, қарақалпақтар да болды.
Екінші кезең Қазақстанның КСРО құрамына енуімен байланысты. Осы кезеңде Қазақстанның саяси, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми салаларында жаңа бетбұрыстағы алғышарттар құрылып, жаңа интеллектуалдық мүмкіншіліктер пайда болады, нәтижесінде Қазақстан мемлекеттілікке қол жеткізеді.
Екінші кезеңде Қазақстанның полиэтникалық құрамы жылдам қалыптасты. Оның негізі ретінде КСРО Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің 1924 жылғы 17 қазандағы «Отарлау мен көшірудің кезек күттірмес міндеттері туралы» қаулысын айтуға болады. Бұл құжаттың отарлаушылық маңызы КСРО аумағынан Қазақстанға адамдарды көшіріп орналастыру арқылы өңделмеген жерлерді шаруашылық айналымға енгізу еді. Бұл процесс екі бағытта жүзеге асырылды: бірі – халықты ерікті жолмен көшіру, екіншісі – күштеп көшіру. Шын мәнінде, ерікті деген болмады, екі акция да күштеп көшіру арқылы атқарылды. 1940 жылға дейінгі уақытта Қазақстанға 65 мың шаруа отбасы көшіп келді [2]. Оның ішінде Украинадан - 6478, Белоруссиядан - 2031, Воронеж облысынан - 1142, Курск облысынан - 1415, Рязанск облысынан - 574, Татарстаннан - 917, Чуваш республикасынан - 876, Мордовадан - 591, өзге де өңірлерден - 1068 отбасы көшіп келді [3].
Үшінші кезең Қазақстанның тәуелсіздік алуымен және халықаралық қауымдастықтың субъектісі болуымен байланысты. Бұл кезеңде әрбір этникалық топтың еркін дамуына қол жеткізілді, этникалық ерекшеліктерін қайта түлетуге мүмкіндік туды. Кезінде елден еріксіз кеткен қандастарымыз елге оралуда. Қазақтың біріктіруші рөлін арқау ете отырып, елдің тұтастығы мен этносаралық келісімді сақтауда барлық әлеуметтік-экономикалық шаралар қабылданып, халықтың табиғи өсімі алға басып, балалардың дүниеге келуі артуда. Қазіргі таңда Қазақстанда жүз отыз алты этнос өмір сүреді. 2009 жылғы халық санағының қорытындысына сәйкес Қазақстан халқының саны 16402861 адамды құраса, оның ішінде қазақтардың саны – 10989916 (67 %), өзге этникалық топтар мүшелері – 5412945 (33 %)
67. саяси жүйес деп билік жүргізіп қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін әлеуметтік топтар,таптар, ұлттар мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтады. Бұл жүйе саяси деп аталады. Себебі мемлекеттік істер алға қойған мақсатты, амал әдістерді оларға жету жолдарын қамтитын арнайы жете зерттелген шаралар, саяси бағыт арқылы жүзеге асырады. Саяси жүйе орасан зор әлеуметтік мәлімет , хабарламаларды қарастырып оларды нақты шешімге айналдырады.Халықтың әр түрлі жіктерінен түскен талаптарға саяси жүйе қандай типке жатуына байланысты әртүрлі қарайды, Демократиялық, конституциялық саяси жүйе халықтың мұқтаждығына, тілек талаптарына жауап беруді, оларды мүмкінділігінше қанағаттандыруды өз қызметін атқару деп түсінеді.
Саяси жүйе төмендегідей құрылымнан тұрады:
Институционалды, мұнда мемлекет, саяси партиялар мен ұйымдар кіреді;
Нормативті құрылым, бұған заңдар, жазылған немесе жазылмаған нормалар мен принциптер жатады;
Мәдени құрылым, саясаттың ішкі эмоционалды жақтарын қарасырады
Коммуникативті құрылым
қоғамдағы саяси билік
Функционалды құрылымға әр түрлі саяси рөлдер мен қызметтер жатады.
Саяси жүйенің жұмыс жасап, дамуы оның «кірісі» мен «шығысына» байланысты. Кіріске жататындар: талап тілектер, мүдде, мұқтаждықтар, қолдаулар немесе кеілпеушіліктер. Осы кіріске жауап ретінде саяси жүйе жұмыс жасайды. Ол шығыс деп аталады. Оған жататындар: заңдар, шешімдер, бұйрықтар, реформалар және тағы жа басқалары. Саяси жүйенің басқа қоғамның жүйелерден айырмашылығы, онда күш көрсету құқы бар.
Батыс саясаттанушыларының арасында саяси жүйені келесі түрлерге жіктейді: ағылшын-америкалық, құрылықтық-еуропалық, индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған, тоталитарлық.
Саяси жүйенің ағылшын-америкалық
түрі ондағы саяси мәдениеттің
Құрылықтық-еуропалық саяси жүйенің ұсынатын құндылықтары әр түрлі келеді. Онда ескі мәдениеттің жұрнақтары мен жаңа мәдениет астарласып жатады.
Индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған саяси жүйеде батыстың құндылықтары, этникалық салт-дәстүрлер, діни әдет-ғұрыптар шоғарланған. Мемлекет биліктері анық бөлінбеген.