Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 19:50, реферат
«Саясат» термині (грекше politika – мемлекеттік және қоғамдық істер, polis – қала-мемлекет) Аристотельдің «Саясат» атты еңбегінде алғаш зерттеліп, қарастырылған. Сол кездің өзінде саясатты зерттеудің екі басты бағыты қалыптасты: функционалды және құндылықты. Функционалды зерттеу бағыты көбіне саясаттағы мақсат пен соған жету және нәтижесіне көңіл бөледі. Ал құндылықты бағыт сол саясаттың негізінен идеялық құрылым мен адамгершілік критерийлерді іздейді.
Марксизм қоғам
дамуына материалистік
Таптық қатынастарға
талдау жасаған кезде таптар
арасындағы айырмашылықтарды
Дүние жүзі халық
санының ахуалы мен өсу
Марксизм жеке адамның саясаттағы орнын төмендетпей де,асыра дәріптемей де диалектикалық тұрғыдан қарастырады. Бұл орайда Ф.Энгельстің еңбектеріне жүгінсек те жеткілікті, бұл еңбектердің мазмұнын Г.В.Плеханов, атап айтқанда, «Жеке адамның тарихтағы ролі туралы» атты кітапшасында тамаша ашып берген болатын. Марксизм аса көрнекті тұлғалардың тарихи процестегі және соның ішінде оқиғалардағы аса көрнекті ролін мойындайды, яғни жеке адамдар тарихи процестер мен оқиғаларды не тездете, немесе тежей алады, бірақ оларды тоқтата алмайды, олар тарихтың объективті барысына кедергі жасай алмайды және, әдетте, аса көрнекті та-рихи тұлғалар көбінесе тарих дамуының бетбұрыс кезеңдерінде пайда болып, қалыптасады.
Саясаттың өз заңдылықтары
бар, оны дерексіз көпшілік
емес, өздерінің мақсаттарымен,
Сөйтіп, саясаттың
субъектісі ретіндегі жеке
Қазіргі кезде орынсыз ұмытыла бастаған К.Маркстің қағидасын есімізге түсірейік. Ол былай дейді: «Әлеуметтендіру - индивидке еш ойланбастан дайын әлеуметтік қалыпты тигізе салу емес. Әлеуметтендірудің объектісі ретінде әрекет ететін индивид сонымен қатар қоғамдық белсенділіктің субъектісі, қоғамдық нысандарды жасаушы да болып табылады». Сонымен бірге К.Маркс атап көрсеткеніндей: «өндірістің арқасында жаңа сапаларға қол жеткізе, өзін-өзі жетілдіре және өзгерте отырып, жаңа күштер мен жаңа түсініктерді, жаңа қарым-қатынас әдістерін, жаңа қажеттіктер мен жаңа тілді жасай отырып, өндірушілердің өздері де өзгереді».
Басқаша айтқанда, мына жағдайды естен шығаруға болмайды: осындай тіршілік иесін қоғам ғана жасамайды, адам да «қоғамды жасайды», «өзін-өзі және айналадағыларды жасайды». Бұл белсенді жеке тұлғаны, оның саяси «менін» жасау процесі, яғни жеке адамның саясатқа араласуы саяси жүйе индивидті өз аясына тартып, өзінің жақтастарын топтастырған кезден, сондай-ақ оларды қарапайым саяси міндеттерді орындауға үйретіп, жай саяси қызмет дағдысын қалыптастырған кезден басталады. Саясат пен жеке адамның бұл өзара әрекеттестігінің нақты тарихи сипаты бар. Әрбір саяси жүйе саяси әлеуметтеидірудің өзіндік тетіктерін жасайды. Ал бұл тетік таптық қоғамның дамуымен ғана байланысты, яғни құл иеленуші қоғамнан бастап пайда болады. Алайда оның дамыған нысандары таптық күштердің орналасуы жеке адамдардың саяси рольдерін, мүдделері мен құндылықтарын елеулі түрде
айқындайтын жерде, капитализмнен бастап, пайда болады.
22) ХХ ғ. Шетелдік саяси ой-пікірлер.
Г.Моска «Саяси ілімнің
негіздері» деген кітабында саяси
қарама-қарсы екі кітаптың – үстемдік
жүргізуші азшылықтың және оған бағынышты
көпшіліктің күресінің
ХХ ғасырда саяси ілімде өзіндік із қалдырған немістің көрнекті саясаттанушысы, фәлсафашы, тарихшы, әлеуметтанушысы Маркс Вебер болды. Ол өзінің зерттеу қызметінің принципі ретінде плюрализм идеясын негіздеді. Оның іздеген басты мәселелері-қоғамның шаруашылық өмірінің, әр түрлі әлеуметтік топтардың материалдық және идеологиялық мүдделері мен діни сананың араларында қандай байланыстары бар, соларды ашуға тырысты. Діни капитализмді тудыратын белсенді күш ретінде санады.
Вебер әлеуметтік құрылым
мен таптық жанжалдарға елеулі көңіл
бөлді.Бұл орайда Маркстің көзқарасына
қарсы шығып, таптық ерекшеліктер мен
жағдайлардың көп қырлы болатындығына
баса назар аударды. Билікке қатынасына,
мәртебиесіндегі
Шарль Луи Монтескье (1689-1775) «Заңдар рухы» атты еңбегінде алғаш геосаяси тұжырымдаманың негізін салған. Оның ойынша, әртүрлі факторлар: климат, георграфиялық орта, заң, дәстүр, дін тағы да басқалардың әсерінен халықтық рух қалыптасады. Оны қазіргі тілмен менталитет деп атайды.
Бостандық – заң неге ерік берсе, соны істеу. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу керек деп есептеген.
Жан Жак Руссо (1712-1778) тек теоретик қана емес, қоғам қайраткері болған адам. Оның ойынша алғаш адамдар өздерінің тұлғалық қасиеттерін ортақ игілік үшін қоғамға бере отырып, мемлекетті қалыптастырады, ал кейіннен сол мемлекет өзінің заңдары мен нормалары арқылы азаматтарын қайта тәрбиелеп шығарады. Адами құндылықтар тек мемлекет пайда болғаннан соң өмір келген деп есептейді.
Гаэтано Моска (1853-1941) итальян
саясаттанушысы «Басқарушы тап» атты
еңбегінде, қоғамның басқарушыларға және
бағынушыларға бөлінетінін
Ханна Арендт (1906-1975) австриялық саясаттанушы. «Тоталитаризм тамыры» атты еңбегінде тоталитаризмнің пайда болуын және мәнін зерттеген. Тоталитаризмді үшке
өледі: коммунизм, национал-социализм, фашизм. Тоталитаризмнің тек ХХ ғасырға тән құбылыс екенін дәлелдейді.
Морис Дюверже (1917 ж туған) француз саясаттанушысы. Еңбегі: «Саясат идеясы». Саясатқа мынадай анықтама береді: «Саясат, бір жағынан алып қарағанда әділдікті орнатушы күш, ал екінші жағынан идеялар мен принциптер арасындағы келіспеушілік». Дау-жанжалдың екі түрін көрсетеді: горизанталды және вертикалды.
23) Қазақстандағы саяси ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуы
Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай. Қазақтың алғашқы философы, әлеуметтанушысы. Математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Тархан әл-Фараби 870-950 жылдары өмір сүрген. Ол екінші Аристотель атанған. Барлығы 160-тан астам трактат жазған. "Бақытқа жету жолдары", "Саясат туралы", "Азаматтық саясат" деген еңбектері бар.
Әл-Фараби басқару түрін екіге бөлген: 1. Қайырлы - халықты бақытқа апарады. 2. Қайырымсыз - мұнда теріс әрекеттер болады. Әл-Фарабидің айтуынша адам бақытты болуға лайықты, сондықтан сол ол бақытын табуға тиіс. Оған ол тынымсыз еңбек арқылы ғана жетуге болады дейді. Ұлы дана халықтар достығын қолдады. Қазақ даласындағы ойшылдардың бірі — Жүсіп Хас-хаджиб Баласағұни (1021-1075). Ол - ақын, философ, қоғам қайраткері болған. "Құтадғу білік" (Құтты білік) деген дастаны бар. Ол түрік тілінде жазылған. Мұнда адамның тағдыры, қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың санасы, әдет-ғұрпы, т.с.с берілген. Өмірден әділ заңды, еркіндікті аңсаған. Қазақ халқының, тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Олар Қасым, Есім, Тәукехандар, "Қасымханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған. Ал Тәуке хан "Жеті жарғы" деп аталған қазақ әдеп-ғұрып заңдарының жиынтығын жасады. Мұнда құқықтық тәртіп деп мемлекеттік құрылымының негізгі принциптері айқындалды. Ол "халық кеңесі" мен "Билер кеңесін" тұрақты орган ретінде қалыптастырып, рөлін арттырады. Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор болды.
Қазақтың белгілі ойшысы-ШоқанУалиханов (1835-1865). Ол ғалым. ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, зерттеуші. Халықты патша-шенеуліктері мен жергілікті байлардың зорлық-зомбылықтарынан қорғауды, қолынан келгенше оның рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасауды өзінің мақсат-мүдесі деп білді. Шоқанның ойынша, халықты қанаудан құтқару үшін билікті жою керек, сонда ғана халық бақытты болады. Қазақ еліндегі тәртіпті өзгертудің жолдарын іздеді. Қоғамдық құрылыстың жаңартудың жолы ретінде реформаны таңдады. "Сот реформасы жайындағы хат" деген еңбек жазды. Сол реформаны іске асыру үшін көп зерттеулер жүргізген.
Саясатқа ат салысқан тұңғыш ұстаз - Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) халықты дүниеге "дұрыс көзқараспен" қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойған.
Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың білімін көтеруге арнаған. 1887ж. Ырғызда 20 адамдық интернат және қазақ қыздарына арнайы мектеп ашқан.
Қазақ даласының ғұлама ойшылы - Абай Құнанбаев (1845-1904). Ол қазақ халқының мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік- керектігіне назар аударды. Ол адамның "ақыл, ғылым, қайрат" арқылы жоғары дәрежеге көтеріліп, асқақтайтындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады.
Қазақ жерінде саяси сананың дамуына XIX ғасырдың аяғы XX ғ. басында пайда болған алғашқы зиялылар қауымы да ықпал етті. Оларға: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Б.Қаратаев, Халел және Жаһанша Досмұхамедовтерді жатқызуға болады.
24.Орта ғасырлық түркі ойшылдарының саяси көзқарастары
25.Ауыз әдебиеті
қазақ халқының саяси ой-
26) Қазақ халқының
саяси тарихындағы билер