Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 19:50, реферат
«Саясат» термині (грекше politika – мемлекеттік және қоғамдық істер, polis – қала-мемлекет) Аристотельдің «Саясат» атты еңбегінде алғаш зерттеліп, қарастырылған. Сол кездің өзінде саясатты зерттеудің екі басты бағыты қалыптасты: функционалды және құндылықты. Функционалды зерттеу бағыты көбіне саясаттағы мақсат пен соған жету және нәтижесіне көңіл бөледі. Ал құндылықты бағыт сол саясаттың негізінен идеялық құрылым мен адамгершілік критерийлерді іздейді.
27.Жеті Жарғы маңызды саяси құжат ретінде
Бұл құжатқа байланысты ауызша жә¬не жазба деректерді қарастыра оты¬рып, «Жеті жарғының» мемлекет пен қо¬ғамның тіршілігін үйлестіретін не¬гіз¬гі заң қағидаларының жинағы немесе мем¬лекеттік биліктің үлгісі ғана емес, сонымен бірге, ұлттық құқықтанымның айнасы, халық рухының айшықты бейнесі, ұлттық мүдденің жаршысы екенін аңғарамыз.
Жер жүзіндегі қандай да бір елдің арман-тілегі де, мақсат-мүддесі де мемлекеттік және ұлттық тәуелсіздігі, осы ұлы түсінік ұлттық сананың негізгі мазмұнын құрайды. «Жеті жарғының» ел құрметіне бөленіп, шежіреші және кемеңгер ақсақалдардың жадына берік жазылуына негізгі себепкер оның ережелерінің қазақ ұлтының мемлекеттілігі мен құқықтық өзіндігінің жаршысы екендігінде. «Жеті жарғы» ең алдымен біздің заманымызға дейін қа¬рия¬лардың берік жадымен жеткен қа¬зақ¬тың байырғы әдет-ғұрып заңдары мен ережелері, еуразиялық көшпелі қауым¬дардың мемлекеттік және құқықтық өмі¬рінің, мәдениетінің жарқын ережесі. Тәуке ханның “Жеті жарғысының” әрбір бабы сол заманның талаптарына сай келді. Онда әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық өлшемдері, сондай- ақ салықтар, діни көзқарастар, жер дауы, құн дауы, туралы ережелер енгізіліп, ол қазақ қоғамы өмірінің барлық жағын түгел қамтыды. Оның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ қоғамында заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы рөлі де зор болды.
28. XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси ой-пікірлері
XIX ғасырдың екінші жартысында
қазақ даласында саяси идеология ретінде
ағартушылық кең өріс алды.Бұл кезде қазақтың
ұлы ғалымы,ағартушы-демокрит,
Бұл кезде қазақ халқынан шыққан Ы.Алтынсарин да өмір сүрді.ол халықты дүниеге дұрыс көзқараспен қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойды. Тек білім,ағартушылық қана бұқара халықты билеп төстеушілердің қысым-қыспағынан құтқара алады деп,барлық күш-жігерін олардың білімін көтеруге арнады.Адамдарды ойындағы бос қиялдардан арылып,дүниенің ақиқтына көздерін ашып, шын мәнінде алға жылжитын,прогрестік жолға түсіруге тырысты.
29. XX ғасырдың басындағы Қазақстанның саяси ой-пікірлері
Қазақ халқының саяси санасының
дамуына XIX ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында
пайда болған алғашқы зиялылар тобы да
топ та ықпал етті. Оларға:Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М,Шоқай,М.Тынышбаев,М.
30. Кеңес дәуірі шынайылығындағы Қазақстандағы саяси ой-пікірлердің ерекшеліктері мен негізгі бағыттары
31. Қазіргі Қазақстандағы саяси ой-пікірлердің ерекшеліктері мен негізгі бағыттары
32.Салыстырмалы саясаттану оның обьектісі мен пәні
Салыстырмалы саясаттану - әртүрлі елдер мен халықтардың саяси дамуындағы ортақтық пен ерекшелікті зерттейтін саяси ғылымның бір бағыты. Ал кейбір зерттеушілер салыстырмалы саясаттану ерекшелігі оның әдісінде деп есептейді. Тағы бір анықтамаға сүйенер болсақ, салыстырмалы саясаттану пәні - ұлттар мен олардың саяси жүйесін салыстырмалы зерттеу. Әртүрлі саяси жүйелер қызметін теориялық және тәжірибелік түрғыдан салыстырмалы зерттеу келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
1) олардың негізгі ерекшеліктері мен белгілерін, әлеуметгік табиғатын, мазмұнын жақсырақ түсінуге;
2) қоғамдық теория мен тәжірибенің үдемелі дамуына көмек беретіндей олардың әлді және әлсіз жақтарын нақты анықтауға;
3) әртүрлі саяси жүйелердің экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық негіздерін, олардың икемделу тетігін тереңірек зерттеуге
Салыстырмалы саясаттану: Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысын зерттейді.Зерттеу әдістерінің типтері Алмонд функционалдық әдістік жүйені сақтау және реттеу әдістерін зерттеуге пайдаланды. Ол саяси жүйені адаптация мен ықпалдасу қызметтерін орындайтын өзара қарым-қатынас саласы ретінде анықтайды. Барлық жүйелер негізінен екі қызметті атқарады: "ену" және "шығу". Ол "енудің" төрт қызметін: саяси әлеуметтендіру мен араласуға тарту; мүдделерді артикуляциялау; мүдделерді жүзеге асыру; саяси коммуникация; "шығудың" үш функциясын: ережелерін қалыптастыру, ережелерді пайдалану мен ережелердің орындалуын бақылауды анықтайды. "Ену" қызметтері үкіметтік емес ұйымдармен: қысым көрсету топтары, сая¬си партиялар, тәуелсіз басылым және т.б. арқылы, ал "шығу" қызметтері үкіметтік ұйымдар көмегімен жүзеге асырылады. Ол "ену" қызметтерін талдауға көбірек көңіл бөледі. Саяси әлеуметтендіру мен коммуникация тиімді саяси қызмет саласының барлығы белгісі. Саяси жүйелерді салыстырмалы зерттеуде:
жүйе мүмкіндіктерін;
конверсиялау функцияларын;
қолдау және адаптациялау функцияларын;
жоғарыда көрсетілген қызметтердіц өзара қарым-қатынасын салыстыруды ұсынды.
Осы салыстыру әдісі саяси дамуды талдауға да пайдаланылды. Қазіргі кезеңдегі бес демократиялық елдегі - Англия, Италия, ГФР, АҚШ және Мексика - саяси жүйені салыстыра отырып, саяси мәдениеттің үш таза түрін көрсетті.
34. Саясат - (гр. politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:
1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланыс¬ты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;
2) мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау;
3) адамзат қоғамының
даму тарихында бұл ұғым
4) әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;
5) мемлекеттік және
қоғамдық өмірдің күнделікті
мәселелер немесе оқиғалар
Басқа әлеуметтік институттардан саясаттың ерекшелігі,оны-жеке бастың ғана емес, ең әуелі мемл билігінсіз іске асыру мүмкін емес,ол топтық мүдделерді қанағаттандыруға қызмет етеді.Демек, жалпыға міндетті әлеуметтік нысандарын қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болатын арнайы қондырмалардың пайда болуы бір топтың мұқтажын қанағаттандырғанмен,халықтың басқа топтарының мүдделері мен әлеуметтік жағдайларына нұқсан икелтірумен байланысты.Топтардың, қауымдастықтардың өзара әрекеттестігі,олардың талаптарының мемлекеттің араласуынсыз жүзеге аса алмайтынына айқын көз жеткенде ғана саяси сипат алады.Саясат ең алдымен,қай жер мүдделер мен көзқарастар ортақтастығы жете түсінікте болса,билік жүйесіне өздерінің қатысын айқындайтын бірлестіктер мен қозғалыстар қалыптасып жатса сол жерде басталады.Кез келген саясат –адамдар арасындағы билікке қол жеткізу үшін олардың ыдырауымен және топтасуымен қатар жүретін өзара әрекет.
35. ) Саясаттағы адамның ролі.
Адам – саясаттың субъектісі мен объектісі Саясаттың субъектісіне әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер,саяси партиялар, қозғалыстар жатады. «Тұлға» деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз әрекетіне жауап беретін, еңбек етіп қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады. «Субъект» - деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады. «Объект» - деп, субъектінің танымдық және басқа іс-әрекетті неге бағытталса, соны айтады. Қандай адам болмасын белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа, мемлекетке жатады. Осының өзі де өмір жағдайы мен іс-әрекетіне, саясатқа жанама түрде тартылады. Сонымен қатар ол басқаларға қарап еліктеп, белгілі адам, әрекет жасайды, оны өзінше дәлелдейді. Сөйтіп, ол саясатқа тікелей қатынасады, саясаттың субъектісіне айналады. Саясат пен кәсіби айналыспайтын «орташа» адам саясатың толық субъектісі болуы үшін ол әлеуметтік мұқтаждықтар мен мүддені, ондағы қайшылықтардың неден туғанын және оларды жою жолдарын, өз басының пайдасы әлеуметтік мүдденің мүмкіншілігімен қаншалықты сәйкес келетінін білу керек.
Саясатты адамиландыру - оны ұйымдастыру, мақсаты мен мазмұнынан, сонымен бірге саяси қызмет құралдарынан көрініс табады. Адамиландыру қағидаты - адамды ең басты қазына ретінде қарастыру, әр жеке тұлғаның өмір сүруге құқын, еркін дамуға, өз қабілеттерін жүзеге асыруға және бақытқа ұмтылуын сыйлау. Адамилық - адамның барлық құқықтарын мойындау. Жеке түлға игілігі кез келген қоғамдық қызметті бағалауда басты негіз болады. Ол адамдарды нәсілі, ұлты, діні бойынша бөлмейді. Қазіргі заманда саясатты ұйымдастырудың адами түрі ретінде азаматтардың бостандығы мен теңдігін, биліктің тұрғындар бақылауында болуына, адамның құқықтары мен ізгіліктерін сыйлауға негізделген демократиялық саяси жүйе қарастырылады.
Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі - жеке түлғаның саяси мәртебесі мен саяси мәдениеті, саяси кәсібилігінен туындайтын саяси қатынастарға, саяси үрдіске ықпал ету шарасы, деңгейі. М.Вебер саясаттың үш түрін жіктейді. Және оған қатысуына байланысты саясаткер-тұлғаның үш тү¬рін көрсетеді. "Жағдайға байланысты, кездейсоқ" саясат - саяси қатысудың түрі, бұл жағдайда жеке тұлға өз еркін ара-кідік, тіптен саяси акциялардың маз¬мұны, сипаты мен бағыты туралы ойланбай жүзеге асырады. "Қосымша" сая¬сат адаммен қажет және мұқтаж болған жағдайда басқа қызметімен қатар жүзе¬ге асырылады. Саясатпен "қосымша" айналысатын адамдар үшін саяси қызмет басты болып есептелмейді. Кәсіби саясат бұл жеке тұлғаның кәсібі болып табылады. Кәсіби-саясаткер - саяси кеңестер мен ұсыныстар беруге қабілетті талдаушы, билік технологиялары бойынша маман. Жоғарыда көрсетілген жағдайлардағы саясатта жеке тұлғаның қатысуынан оның рөлі анықталады.
36. ) Саясаттың
негізгі элементтері Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі
- жеке түлғаның саяси мәртебесі мен саяси
мәдениеті, саяси кәсібилігінен туындайтын
саяси қатынастарға, саяси үрдіске ықпал
ету шарасы, деңгейі. М.Вебер саясаттың үш түрін жіктейді.
Және оған қатысуына байланысты саясаткер-тұлғаның
үш тү¬рін көрсетеді. "Жағдайға байланысты,
кездейсоқ" саясат - саяси қатысудың
түрі, бұл жағдайда жеке тұлға өз еркін
ара-кідік, тіптен саяси акциялардың маз¬мұны,
сипаты мен бағыты туралы ойланбай жүзеге
асырады. "Қосымша" сая¬сат адаммен
қажет және мұқтаж болған жағдайда басқа
қызметімен қатар жүзе¬ге асырылады. Саясатпен
"қосымша" айналысатын адамдар үшін
саяси қызмет басты болып есептелмейді.
Кәсіби саясат бұл жеке тұлғаның кәсібі
болып табылады. Кәсіби-саясаткер - саяси кеңестер мен ұсыныстар
беруге қабілетті талдаушы, билік технологиялары бойынша м
Саясаттың субъектісі деп өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық-саяси ұйымдар, мемлекет жатады.
Саясат объектісі көп түрлі саясат дүниесі болып табылады, бұған мемлекетті, саяси институттарды, билік нысандарын және олардың қоғамдық жүйедегі рөлін зерттеуді жатқызуға болады, бүл оның саяси қозғалыстардың, партиялардың, сайлау жүйелерінің маңызы мен рөлін талдау, сайлаушылардың саяси мінез-құлқының әртүрлі нысандарын және олардың мотивациясын, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін және олардың қоғамдық пікір қалыптастыруға тигізетін әсерін зерттеу.
37. Саясат түрлері М.Вебер саясаттың үш түрін жіктейді. Және оған қатысуына байланысты саясаткер-тұлғаның үш тү¬рін көрсетеді. "Жағдайға байланысты, кездейсоқ" саясат - саяси қатысудың түрі, бұл жағдайда жеке тұлға өз еркін ара-кідік, тіптен саяси акциялардың маз¬мұны, сипаты мен бағыты туралы ойланбай жүзеге асырады. "Қосымша" сая¬сат адаммен қажет және мұқтаж болған жағдайда басқа қызметімен қатар жүзе¬ге асырылады. Саясатпен "қосымша" айналысатын адамдар үшін саяси қызмет басты болып есептелмейді. Кәсіби саясат бұл жеке тұлғаның кәсібі болып табылады. Кәсіби-саясаткер - саяси кеңестер мен ұсыныстар беруге қабілетті талдаушы, билік технологиялары бойынша маман. Жоғарыда көрсетілген жағдайлардағы саясатта жеке тұлғаның қатысуынан оның рөлі анықталады.
38. Саясаттанудың қызметі - қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады. Оған ең алдымен танымдық қызметі жатады. Саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуғе, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді. Келесі қызметі - бағалау. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады. Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі - қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді. Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттік басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік-саяси шиеленістерді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін көрсетеді. Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.