Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 19:50, реферат
«Саясат» термині (грекше politika – мемлекеттік және қоғамдық істер, polis – қала-мемлекет) Аристотельдің «Саясат» атты еңбегінде алғаш зерттеліп, қарастырылған. Сол кездің өзінде саясатты зерттеудің екі басты бағыты қалыптасты: функционалды және құндылықты. Функционалды зерттеу бағыты көбіне саясаттағы мақсат пен соған жету және нәтижесіне көңіл бөледі. Ал құндылықты бағыт сол саясаттың негізінен идеялық құрылым мен адамгершілік критерийлерді іздейді.
14) Қайта өрлеу дәуірінің саяси ой-пікірлері.
Қайта өрлеу дәуірінің төмендегідей ерекшеліктері бар.Саяси ғылымның теологиядан оқшаулануы, мемлекеттің пайда болуының табиғи идеяларын негіздеу. Мемлекет туралы жүйелі ілім қалыптастыруға ұмтылу, "Мемлекет" деген ұғымды енгізу. Буржуазиялық мемлекеттің абсолютизмнен республикаға дейінгі формаларын тұжырымдау.
Буржуазиялық саяси-құқықтық ойлардың пайда болуы. Азаматтық қоғам және қоғамдық келісім теориясының өкіметті бөлісу принципі туралы ілімнің қалыптасуы. ХVІ ғасырдағы алғашқы утопиялық социализм және ХVII-ХVIII ғасырлардағы сыншыл утопиялық социализм.Қоғамдық дамудың, білімнің, ақыл-ойдың рөлін дәріптеу.Гуманизм, адам құқы мен бостандығы идеяларын жария ету.Саяси басқару нысандарының ауысу заңдылықтары мен әлеуметтік күрестін мойындау - саяси өзгерістердің қозғаушы күші.Феодализм ыдырап капитализм орнай бастады. Католик шіркеуінің озбырлығы мен оның діни қағидаларына қарсы шыққан халық адам құқығын, ар-намысын қорғауға ұмтылды. Бұл уақыт "Қайта өрлеу" немесе "Гуманизм" деп тарихқа енді. Реформациялау, яғни шіркеуді өзгерту демократияландыру басты мақсат болды. Бірақ гуманистер халыкқа сенбеді."Қайта өрлеу" дәуірінің негізін салушы Николло Макиавелли (1469-1527) болды. Оның "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жайлы ойлар", "Флоренцияның тарихы", т.с.с. еңбектері болған.
Макиавелли дінге қарсы болды. Тұңғыш рет мемлекет ұғымын енгізді. Макиавеллидің ойынша мемлекет басқарушы мен бағынушының қарым-қатынасы. Ол Республикалық мемлекеттік еркіндікті, теңдікті аңсады. Мемлекет ерікті болса ғана, қуатты, абыройлы болады деп сенді. Мақсатқа жету үшін амал айланың қай түрін болсын қолдануды сұрады.
15) Жаңа замандағы саяси ой-тұжырымдар.
1. ХVIII ғ. аяғы - XIX ғ.
басындағы "Философиялық
2. Сыншыл утопиялық-социализм - Сен-Симон, Ш. Фурье, Р.Оуэн; капитализмді күрт сынау, қоғамдық меншіктің пайдасына бола жекеменшікті жоққа шығару, еңбек басты тұтыным жеке адамның дамуы революцияны жокқа шығару.
3. Революциялық демократиялық
утопиялық социализм-Н.
4. Марксизм-ленинизм - К.Маркс,
Ф.Энгельс, В.И.Ленин.
Жаңа заман XVII ғасырдағы Англиядағы буржуазиялық революция тұсында басталды.
Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі - ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588-1679). Оның ойынша мемлекет жалпыға бірдей бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін керек. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке береді.
Францияда буржуазиялық революцияның өкілі Шарль Луи Монтескье (1689-1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортамен байланыстырды. Мемлекет азаматтарды тіршілікке қажетті қаражатпен қамтамасыз етуге міндетті деген ұстанымда болды.
Францияның тағы бір ойшылы - Жан-Жак Руссо (1712-1778) ұсақ буржуазияның шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғары игілік деп санады. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек.
Американың ойшылы Томас Джефферсон (1743-1826). 0л Америка Құрама Штатының "Тәуелсіздік декларадиясын" жазды. Декларацияда адамдардың табиғи құқығы мемлекет белгілеген зандардан жоғары түруы керек. Жаратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты және олардың өмірге, бостандыққа, бақытқа тырысуына құқығы бар делінген.
Келесі ойшыл-Томас Пейн (1737-1809). Ол Америка халқын азаттық күреске шақырды. Ол бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Оның ойынша, мемлекетті қоғам тудырды. Үкіметтің мақсаты қауіпсіздікпен бостандықты қамтамасыз ету. Пейн соғысқа қарсы болды, бейбітшілікті жақтады.
Германияның ойшылы Иммануил Кант (1724-1804). Оның "Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары", "Өмірлік бейбітшілікке" деген еңбектері бар. Оның ойынша адам бір іс бастағанда өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа алу керек. Ол басып алушылықты, тонаушылық соғысты, оған дайындықты әшкерледі. Мемлекеттер арасындағы халық аралық сауда мен өзара қарым-қатынасты бейбітшілікті орнату мен сақтаудың құралы деп білді.
Пролетариат күресінің алғашқы кезенінде Сен-Симон. Фурье, Оуэн сияқты социалист-утопистер болды. Әркім өз қабілетіне қарап еңбек ету, ақы алу сияқты пікірлер айтты. Олар материалдық игіліктерді әділ бөлу мәселесіне баса назар аударды.
16) Томас Гоббстың қоғамдық келісім теориясы.
Томас Гоббс (1588-1679) - XVII ғасырдағы ағылшын революциясы кезіндегі көрнекгі саяси ойшыл, философ-материалист. Жаңа дәуірдегі саяси ғылымның ірге тасын салушылардың бірі болып есептеледі. "Азамат туралы", "Левиафан" т.6. еңбектерінде мемлекет пен саяси өкіметтің өзара келісімі негізінде, заңға бағынған қоғамның басқару теориясын ұсынады. Гоббстың айтуьшша мемлекет ұлы да құдіретті күш өздерінің құзырындағы адамдарға шексіз билік жасайды және олардың мүлтіксіз бағынуын міндеттейді. Сөйтіп Гоббс мемлекетке толық бағынудың қажеттілігін мойындап, оның төменгі табының құқын шектейді. Ол шексіз билікті қамтамасыз ететін мемлекеттің монархиялық түрін қолдайды.
17) Ш.Л.Монтескьенің саяси теориялары
Монтескье Шарль Луие – француз ағартушысы, философ, социолог.с
Негізгі еңбектері: “Парсы хаттары” (1721), “Заңдардың рухы туралы” (1748). Монтескье теология мен дінді қатты сынға ала отырып, адамзат қоғамының дамуында белгілі бір объективті заңдылық бар екендігін мойындайды. Дінді қоғамда тәртіпті сақтау үшін, адамгершілікті қалыптастыру үшін қажет деп есептейді. Монтескье адамның табиғи еркіндігі теориясына сүйене отырып, оның бақытты болуға құқылы екендігін түсіндірді. Оның саяси идеялары классикалық либерализмге негізделген. Монтескье “Заңдардың рухы туралы” еңбегінде заңдардың шығу себептерін, қалыптасуын зерттеді. Монтескье пікірі бойынша, нағыз әділ заң адамның табиғи құқығына негізделуі қажет. Монтескье адамның ақыл-ойы, парасаты құдай белгілеп берген нәрсе емес, оның өмір сүріп отырған ортасының жемісі, сол ортаның өзгеруімен ол да өзгеріп отырады, заңды қатаң сақтау бостандықты қамтамасыз етуге, мемл. төңкерістерді болдырмауға қызмет етеді деген пікірде болды. Ол мемлекеттік биліктің үш сатысын:заң шығарушы,атқарушы
сот билігін бөлу арқылы басқару азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өкімет билігін теріс пайдаланып, қиянат жасауды болдырмайды деген ой айтты.
Аталған еңбекте басқарудың республика, монархия және деспоттық түрлерін айқындап, олардың өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетті. Билікті бөлу теориясына ерекше көңіл бөлді. Билікті әділ бөлмейінше, оны заңдастырмайынша еркіндіктің, саяси бостандықтардың жүзеге асуына жол жоқ. Монтескье мемлекет, демократия басқару жүйесін ұсына отырып, оның объективтілігін негіздеуге ұмтылды. Қоғам, оның ойынша, біртұтас әлеуметтік құрылым және тек халықтың жалпы рухы арқылы тануға болатын процесс. Монтескье философия тарихында алғаш рет географиялық орта мен оның қоғам дамуындағы орнына ерекше көңіл бөлді. Оның ойынша табиғаттың объективті заңдылығы әрбір халықтың психологиясы мен тұрмысына ерекше әсер етеді. Әсіресе климаттың, топырақ пен жер қыртысының адамдардың мінез-құлықтары мен халықтық әдет-ғұрыптардың қалыптасуына ықпал ететіндігін атап көрсетті.
18.Ж.Ж.Руссоның саяси теорияларыФранцияның тағы бір ойшылы - Жан-Жак Руссо (1712-1778) ұсақ буржуазияның шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғары игілік деп санады. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек.
19.Дж.Локк либерализмнің негізін салушы ретінде. Локк Джон — ағылшын философы. Локк философия тарихында танымның эмпирик. (тәжирибелік) теориясы мен либерализмнің идеялық-саяси негізін жасады. Локктың көзқарастарына П. Гассендидің, Р. Бойль мен И. Ньютонның идеялары ықпал етті. Оның “Адам ақыл-ойының тәжірибесі туралы” (1690) деген еңбегінде философия тарихында алғаш рет таным теориясының жүйеге келген негізі көрсетілді. Локк философиясында адамның ақылы, зердесі зерттеудің негізгі нысанасына алынды, ақылдың мүмкіндігі, қабілеті қарастырылып, оны пайдалану қажеттілігі айтылды. Р. Декарттың білім “туа пайда болады” деген идеясын сынай отырып, “сезімде жоқ нәрсе ақылда болуы мүмкін емес” деп, эмпирик. таным әдісін ұсынады. Адамның жаны ақ қағаздай тап-таза, оған белгі түсіріп, жазу жазатын сыртқы дүние. Сыртқы дүние сезім мүшелері арқылы бізге әсер етіп, білім береді деп санады. Білімнің негізі тәжірибеде жатыр деген Локк көзқарасы Бэкон философиясынан басталатын эмпирик. бағыттың сара жолы еді. Локк философиясы зердені тек ақылдың деңгейінде, яғни алған білімдерді жинақтайтын қызмет түрінде ғана бейнелейді. Оның ойынша зерде (оны Локк ақыл дейді) — жан қабілетінің ең жоғарғы сатысы. Оның әрбір қадамы білімге әкеліп, белгілі бір жаңалықтар ашып отырады. Мұндай ойлау процесінің қабілеті ақиқатты тауып зерттеуге бағытталады. Локк зерде мен әдістің өзара байланысын ашпақшы болып, олардың өзара ұқсастығын (білім мен пікірдің байланысын) көз алдына елестетеді. Егер ақыл ойлау қабілетінің сатысы ретінде білім алуға жол ашса, әдіс ақыл арқылы идеяларға ие болуға мүмкіндік береді. Локк сыртқы дүние бізге түйсіктер арқылы беріледі деген таным теориясында жаңа, тың пікір айтты. Ол түйсіктерді сыртқы және ішкі деп екіге бөледі. Сыртқы дүние адамның сезім мүшелеріне әсер ететін түйсіктердің сапаларын, ал оның ішкі дүниесіне әсер ететін түйсіктер эмоциясын, сезімін тудырады. Локк түйсіктер идеясын әрі қарай дамытып, солар арқылы келетін сапаларды жан-жақты зерттеп, терең талдайды. Локктың сапаларды бір-бірінен айырып, оның объективті және субъективті жақтарын қарама-қарсы қоюы философия тарихында жаңа ағымның — субъективті философияның пайда болуына әкелді. Локктың пайымға сүйенген философиясы зерделік ойда жіберген қателіктерді айқын көре білді.
Білімнің көзі — тәжірибеде деген эмпирик. көзқарасты дамыта отырып, Локк ешқандай да туа пайда болатын білімдердің болмайтынын анықтады. Ол өзінің шығармаларында адамның қабілеті туа пайда болады деген көзқарасты да негізсіз деп тапты. Локктың әлеуметтік-саяси қөзқарастары философия тарихында өшпес із қалдырды. Мемлекет, билік және құқық туралы ілімдерінде мемлекетті басқару реформаларын жүргізу идеясын ұсынды. Мемлекеттің міндеті, Локк бойынша, еңбек арқылы алынған бостандық пен меншікті сақтау. Оның пікірі бойынша, билік заң шығарушы, атқарушы және одақтық, федерация болып бөлінеді. Локктың әлеуметтік-саяси қөзқарастары француз ойшылдарына, жалпы саяси ой-пікірлердің дамуына зор әсер етті.
20.Т.Джефферсон
мен А.Гамильтонның саяси
21. ХІХ-ХХ ғғ. Әлеуметтік-саяси идеялары мен ағымдары.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысыңда капиталистік өндіріс әдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшылықтарының шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды.
Карл Маркс (1818—1883) философия мен саяси экономия саласыңда екі жаңалық жасады. Біріншісі — тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. Оның мәні мынада. Өндіргіш күштер мен өңдірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын материалдық тұрмыстық өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік саяси және рухани процестерді туғызатыңдығын дәлелдеді. Капиталистік құрылыстың өндіргіш күштері үздіксіз дами отырып, өңдіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікке негізделген буржуазиялық өңдірістік қатынастармен сөзсіз қайшылыққа келеді. Өңдіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы терендеп келе жатқан антогонизмді тек пролетарлық революиия ғана шеше алады, ол жұмысшы табының өкіметін орнатуға жеткізеді және қоғамды социалистік жолмен қайта құру үшін жол ашып береді деді. Екінші жаңалығы — капиталистік қанаудың сырын әшкерелеген қосымша құң туралы ілім болды.
Маркс пен Энгельс
капитализмнің орнына
Маркс пен Энгельс
тап күресі, социалистік революция
және пролетариат диктатурасы
туралы ілімді жасады. Олар пролегариаттың
өзінің меншікті саяси
Маркс пен Энгельстің
ізбасары В. И. Лешш (1870—1924) болды.
Ол капитализм дамуының
Ленин Маркс пен Энгельс жасаған социалистік революция теориясын дамьпты. Буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуын негіздеді. Социализмнің алдымен бірнеше елде немесе тіпті жеке бір капиталистік елде жеңу мүмкіндігі туралы тұжырымдама жасады (бұған дейін марксистер социализмнің жеке бір елде немесе елдердің шағын тобында жеңуі мүмкін еместігі, дүниенің дамыған елдерінің көпшілігіңде социализмнің бір мезгілде жеңуінің міндеттілігі туралы тезиске сүйенген болатын)
Ленин әр түрлі
елдердің капитализмнен социали
Жаңа қоғам құру
ісін Ленин елді
Марксизм-ленинизм коммунизм кезінде мемлекет, саясат болмайды деп ұқты.
Маркстік емес теорияларда, әдетте, саясаттын бірден-бір нақты субъектісі жеке адам (индивид) деп білетін индивидуалдық көзқарасқа басымдық береді. Ал ірі ұжымдық қызмет нысандары және олардын ықпалы жекелеген іс-әрекеттердің жиынтығы ретінде қаралады. Бұл жерде көрнекті тұлғаларға айрықша роль жүктеледі. Ал бұқара дербес әрекет өте алмайтын күш, статистикалық шама ретінде ғана түсіндіріледі.
Ресми-институциалық
тұжырымдамаларда саясаттағы
Маркстік теория
саясатты және оның