Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2012 в 20:42, дипломная работа
Целью написания данной дипломной работы является исследование учета и анализа заработной платы в банковском секторе, а так же исследовать опыт и теорию организации аудита.
Для достижения поставленной цели необходимо решить следующий круг задач:
- рассмотреть теоритическую основу при исследований оплаты труда;
- исследовать учет расчета по оплате труда;
- рассмотреть удержание с фонда заработной
Кіріспе
1 ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 7
Еңбекақының мәні мен маңызы және нормативтік-құқықтық реттеу 7
Еңбекақының нысандары мен жүйелері 13
БТА АҚ есеп саясаты, құрылымы мен экономикалық сипаттамасы 21
БТА АҚ ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ ЕСЕБІ 28
БТА АҚ еңбекақы есебін ұйымдастыру ерекшеліктері 28
БТА АҚ еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі 36
Еңбекақыдан шегерімдер мен ұсталымдар 42
БАНКТІК СЕКТОРДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫНЫҢ АУДИТІ МЕН ТАЛДАУ ӘДІСІ 48
Еңбекақы қорының аудиті мен талдауының ақпарат көздері 48
3.2 Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті 56
3.3 Еңбекақыны талдау және маңызы 62
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 79
ҚОСЫМШАЛАР 81
Жұмысшының кінәсінен шеккен материалдық зиянның орнын толтыру бойынша ұсталымдар кәсіпорын бойынша бұйрықтың негізінде (жұмысшының келісімі бар болса) немесе соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Қызметкерлермен еңбекке төлеу бойынша есеп айырысуларды тексеруді әр айдың бірінші күндегі 5721 - 5723 шоттары бойынша аналитикалық есеп көрсеткіштерінің және бухгалтерлік баланстағы, бір уақыттағы Бас кітаптағы жазулармен сәйкестігін анықтап, бастаған жөн екендігін және бұл үшін Бас кітаптағы қарастырып отырған айлардың бірінші күндегі 5721 шот бойынша тізімдік ведомостінің жиынтық сомасымен (берілетін) кәсіпорын балансындағысымен салыстыру арқылы ары қарай есеп регистрлерінде көрсетілген шот корреспонденцияларының және есептелген еңбек ақы сомалары мен ұсталымдардың, есептелген, төленген және депоненттелген еңбекақы бойынша талдамалық және синтетикалық есеп мәліметтерінің дұрыстығы анықталады. Ол үшін табельдік номерлер шеңберінде есеп айырысу ведомостары бойынша «Есептелген сомалардың жиынтығы» және «Ұсталымдардың жиынтығы» көрсеткіштердің айырмасы ретінде анықталады «Берілуге тиісті сома» көрсеткіші бойынша жиынтық сомаларға арифметикалық бақылау жүзеге асырылады.
Тексеру қорытындысына төмендегілерді анықтау керек:
- еңбекақы қорына шығыстарды апарудың дұрыстығын;
- жекеленген төлемдерді өнімнің өзіндік құнына апарудың дұрыстығын;
- еңбекақы қоры бойынша бухгалтерлік жазулардың орындалуының дұрыстығын;
- синтетикалық және талдамалық есептерді жүргізудің, жиынтық -мәліметтердің және еңбекақы қоры бойынша бухгалтерлік қорытынды есеп беру нысандарын толтырудың дұрыстығын;
- белгіленген нормадан жоғары іс - сапар шығыстарының орнын толтыру кезінде төленген (егер ондай жағдай орын алған болса) сомалардың тұлғаның жиынтық табысына енгізілуін.
Еңбекақы бойынша аналитикалық есеп мәліметтерінің Бас кітаптағы синтетикалық есеп мәліметтерімен және бухгалтерлік баланс көрсеткіштерімен сәйкестігін анықтау үшін Бас кітаптағы және баланстағы «Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу» шоты бойынша айдың 1 күніне сальдоны есеп айырысу - төлем ведомостарының жиынтық сомаларымен салыстыру керек. Ауытқушылықтар табылған жағдайда олардың себебін анықтау қажет.
Айырмашылық табылғанда олардың себептерін анықтау керек. Сондай - ақ мәліметтерді депозитке салынған еңбекақы есеп кітабы көрсеткіштерімен салыстыру керек. Сосын бастапқы құжаттардың анық сенімділігін, толтырылу дұрыстығын, олардың еңбекақы және еңбекті өтеудің басқа түрлерін есептеу мен төлеу бойынша нормативті құжат талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Еңбекті уақыт бойынша төлеуде тарифтік мөлшерлеме немесе мәміле шарттарын қолданудың дұрыстығы, кесімді төлеуде - жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштерін орындау, нормалар мен баға қоюды қолданудың дұрыстығы тексеріледі.
Еңбек пен оны төлеу
есебі жөніндегі бастапқы құжаттарды
тексергенде орындалған жұмыс есебі
үшін жауапты лауазымды адамдардың
қойылған қолдары бар-жоқтығын, барлық
деректемелердің толтырылу
Жұмыс уақыты мен табелін, сондай еңбекті төлеуді есептеу жөніндегі бастапқы құжаттарды тексергенде, оларға ойдан шығарылған (жасанды) тұлғаларды кіргізу жағдайлары бар - жоқтығын анықтау қажет. Бұл үшін оларды берген уақыттағы нарядтарды талдап шығу, нарядтар мен жұмыс уақытының есебі табельдеріндегі жұмысшылардың аты - жөндерін жеке құрам есебінің және төленген сомалар туралы мәліметтерімен салыстыру керек.
Бұрын төленген бастапқы құжаттар бойынша қайтадан есептеу жағдайлары бар-жоқтығын, бір адамның аты-жөндері бірнеше есептеу - төлемдік тізімдемелерде (ведомостерде) қайталануын тексеруде маңызды. Кәсіпорынның тізімдік құрамында жоқ, аз уақыт жұмыс істеген адамдарға жазылған нарядтарға, сондай-ақ төмен сапамен орындалған жұмысты қайта жасап, ақауды жою бойынша нарядтарға ерекше назар аударған жөн.
Бастапқы құжаттар мен есептік тізімдемелерді тексергенде арифметикалық санаудың дұрыстығына ерекше көңіл бөлу керек.
Аудиторлық тексерудің жүзеге асатын одан әрі кезеңдері мыналар:
- тексеру қорытындысында мыналарды анықтау қажет;
Еңбекақы есебінің аудитын
жүргізу басқа есептің
Жүйелік бақылау бойынша бөлінген міндеттер төмендегідей болып кезеңдермен атқарылыуы керек:
Жұмысшымен еңбекақы бойынша есеп айырысулардағы негізгі кемшілік - міндеттердің бірдей бөлінбеуі. Егер өндірістік цех бастығының міндеттері шектен тыс көп болса (мысалы, жұмысшыларды қабылдау және жұмыстан босату, ставкаларды бекіту және жұмыс уақыты есебінің табеліне қол қою), онда жоқ жұмысшының, жалған жұмыс уақытының немесе төлемінің көтеріңкі ставкасының есепке алыну мүмкіндігі ықтимал.
Бұл операциялар бойынша құжаттарды аудиторлар ішінара тексереді. Мұндай кезде аудиторлардың жетек шісі бақылау тиімділігі жеткілікті деңгейде жоғары деген шешім қабылдай алады. Кейінгі аудиторлық процедуралар барысында бұл бақылаудың қаралған құжаттарда бейнеленгендей жұмыс істейтіндігі туралы мәліметтер жинау керек. Керісінше, бақылаудың әлсіздігі (оның жоқ болуы немесе бірдей еместігі) болуы мүмкін елеулі қатерлердің қаржылық есепт беру ақпараттарына әсер етеді деген көзқараспен бағалау қажеттілігін туындатады. Мұндай жағдайда жыл сайынғы аудиторлық процедуралар елеулі қателіктерді болдырмауға бағыттануы керек.
Жұмысшылармен еңбек ақы бойынша есеп айырысулардың бухгалтерлік есебінде болуы мүмкін бұрмалаушылықтар. Тексеруді жүзеге асыра отырып, аудитор тексерілетін салада кездесетін көбірек тараған қателер мен бұрмалаушылықтарды білуге тиісті [20].
Жұмысшыларға есептелінген төлемдердің өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына апарылуының дұрыстығына тексеру жүргізу кезінде аудитордың кездесуі мүмкін бұрмалаушылықтар және олардың бухгалтерлік қорытынды есепке, салық салуға және заңнамалардың сақталуына тигізетін әсері төмендегідей факторлар болуы мүмкін:
Жұмысшылармен еңбек ақы
бойынша есеп айырысулардағы бұрмалаушылықтарды
қосымша анықтауға мүмкіндік
беретін баланстың жақын
- ақша төлемін сипаттаушы шоттар;
- басқа да міндеттемелер шоттары.
Осы орайда аудитордың мақсатына жету үшін қаржылық қортынды есебінің баптарының толықтығы, нақтылығы, дәлдігі тапсыру және ашып көрсету керек.
Еңбекақы бойынша есеп айырысуды және басқа да операцияларды тексерген кезде аудитор аудит стандарттарын қолдануды, білумен қатар өзінің жұмыс барысында бухгалтерлік есеп стандартында тиісті дәрежеде қолдана алуы керек. Еңбекақы бойынша есеп айырысуды тексеру барысында аудитор әр түрлі жағдайларға және әр алуан фактілерге ұшырасады, оларды оқып зерттейді, себептерін анықтайды, жүзеге асырылған операциялардың себептері мнн салдарын табады.
Аудиторлық тексерудің мақсаты
қызметкерлерге жалақы берудегі заңдылықты
сақтау, еңбектік қатынастарға қатысты
жалақының және басқадай төлемдер мен
сыйақылардың дұрыс аударылуын, сонымен
қатар жалақыға салық және басқадай
әлеуметтік қажеттілікке ұстаулардың
сақталуын қадағалау болып
- еңбек туралы нормативтік-құқықтық актілердің жағдайы және еңбек қатынастарындағы ішкі бақылау жағдайын қадағалау;
- бірінші ретті құжаттарға сай жалақының және төлемдер мен қосымша төлемдердің дұрыс аударылуын тексеру;
- еңбекақының дұрыс есептелуі мен табыс салығының басқадай төлемдері мен ұстаулардың дұрыстығын тексеру;
- қызметкер жалақысымен есеп айырысуда шоттардың корреспонденциясының дұрыстығын тексеру.
Қызметкер жалақысымен есеп
айырысуда ақпарат көздері