Учет и аудит заработной платы в БТА

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2012 в 20:42, дипломная работа

Описание работы

Целью написания данной дипломной работы является исследование учета и анализа заработной платы в банковском секторе, а так же исследовать опыт и теорию организации аудита.
Для достижения поставленной цели необходимо решить следующий круг задач:
- рассмотреть теоритическую основу при исследований оплаты труда;
- исследовать учет расчета по оплате труда;
- рассмотреть удержание с фонда заработной

Содержание работы

Кіріспе
1 ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 7
Еңбекақының мәні мен маңызы және нормативтік-құқықтық реттеу 7
Еңбекақының нысандары мен жүйелері 13
БТА АҚ есеп саясаты, құрылымы мен экономикалық сипаттамасы 21
БТА АҚ ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ ЕСЕБІ 28
БТА АҚ еңбекақы есебін ұйымдастыру ерекшеліктері 28
БТА АҚ еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі 36
Еңбекақыдан шегерімдер мен ұсталымдар 42
БАНКТІК СЕКТОРДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫНЫҢ АУДИТІ МЕН ТАЛДАУ ӘДІСІ 48
Еңбекақы қорының аудиті мен талдауының ақпарат көздері 48
3.2 Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті 56
3.3 Еңбекақыны талдау және маңызы 62
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 79
ҚОСЫМШАЛАР 81

Файлы: 1 файл

изменение 8.docx

— 231.01 Кб (Скачать файл)

 

 

Кесте 10 - Ішкі бақылау жүйесін тексеру және қызметкерлер еңбекақысымен есеп айырысуда бухгалтерлік есеп турал сауалнама

Сұрақ мазмұны және зерттеу объектісі

Сұрақ мазмұны және бақылау шешімі

Аудитор қорытындысы мен шешімі

1

Белгіленген штаттық кесте бар ма және ол қолданыла  ма

Штаттық кесте жылына бір рет қарастырылады.

Ішкі  бақылау әлсіреген қателіктер болуы  мүмкін (К2)

2

Барлық  жұмысшыларға жеке карточкалар жасалынған ба

Жасалынған 

Бақылау міндетті деңгейде (К4)

3

Қабылдау, жұмыстан шығару және с.с бұйрықтар  уақытында құрыла ма

Бұйрықтар уақытында және дұрыс құрылады.

Бақылау міндетті деңгейде (К4)

4

Кадр  бөлімшесімен белгіленген келісім  баға мен тарифтік қойылым қолданыла  ма

Таңдаулы  түрде, бір жыл ішінде кадр бөлімшесі  жағынан бақылау жүргізіледі

Ішкі  бақылау әлсіреген қателіктер болуы  мүмкін (К2)

5

Жалақының ұсталуы дұрыс тексеріле ме

Таңдаулы  түрде, үнемі емес, бір жыл ішінде бақылау жүргізіледі

Ішкі  бақылау әлсіреген қателіктер болуы  мүмкін (К2)

6

Әлеуметтік  сақтандыру ұйымы мен салық қызметкерлері  есептемені тексерген бе

Есептік жылда тексеріс болмаған

Ішкі  бақылау әлсіреген қателіктер болуы  мүмкін (К2)

7

Есептік-төлемдік ведомост дұрыс нөмірленген бе

Арасы ашық нөмірлеу іске асырылады

Бақылау міндетті деңгейде (К4)

8

Қосымша ақша, демалысқа ауруға байланысты аударымдар белгіленген тәртіп бойынша  сақталына ма

Сақталынады, бірақ төлемдерді төлеуде ішкі белгіленген  жағдай жоқ

Ішкі  бақылау әлсіреген қателіктер болуы  мүмкін (К2)

9

Жалақыны  және басқадай қосымша төлемдерді төлеуде  кешігулер бола ма

Ия, бар

Себебін анықтау (К2)

10

Дайын өнімге жалақы беруде фактілер бар  ма

Ия, бар

Салықтың  дұрыс салынуын тексеру (К2)

11

Жалақсі жасалынғаны туралы шоттардың байланыс жүйесі жасалынған ба

Жоқ

Шот корреспонденциясынан қателіктер болуы  мүмкін (К2)

12

Бірінші ретті құжаттар берілгендер жалақымен  есеп айырысудағы синтетикалық және аналитикалық шот есебімен сәйкес келе ме

Тексеру тоқсан соңында таңдаулы түрде жүзеге асады.

Таңдаулы  тексеру жүргізу керек


Ескертпе. Кесте 18 әдебиет көзі негізінде жасалған.

Сауалнамадан кейін аудитор тексеру бағдарламасын дайындайды, соған сәйкес қызметкерлермен әрбір есеп айырысу түріне аудиторлық тексеріс жүргізіледі және аудит процедураларын жүргізеді.

Уақытша еңбекақы төлеуде  тарифтік қойылым мен келісімшарт  шарттарының дұрыс қолдануын  тексереді. Жұмыс уақытын қолдану  табелін және басқадай еңбеақы аудару туралы құжаттарды тексергенде оларға басқадай ойластырылған тұлғаларды қосқан жағдайлардың бар жоқтығын анықтайды. Алдыңғы төленген бірінші ретті  құжаттарға қайтадан аударуы туралы жағдайларды тексеру қажет, бір  немесе бірнеше тегтің есептік-төлемдік ведомостерде қайталануын қарастыру  қажет.

Сыйақылардың аударымы басқарушының бұйрығымен рәсімделуі тиіс және ол қосымша  төлем қағидаларына сәйкес болуы  қажет. Есептердің дұрыстығын тексеруде, орташа еңбекақыға негізделе отырып, дұрыс орташа жалақы анықталғанба, одан кейін басқадай төлемдердің  дұрыстығын анықтау тиіс. Еңбекақыны ұстауды тексеруде олардың құжаттық негізделуі мен заңдылығы, ұсталынған сомманың белгіленген уақытында  аударылуын анықтау. Одан басқа барлық ұсталымдар соммасы еңбекақының 50 пайызынан  аспау керектігін есте сақтау қажет.

 

Кесте 11 - Еңбек ақы есебінің аудитін орындаудың бағдарламасы

Аудит іс – әрекеті

Ақпарат көзі

1

Баланс  қорытындылары айналым қалдық ведомостінің деректерінің сәйкестігін тексеру

Баланс, айналым қалдық ведомосы

2

Еңбекақы  есебінің аналитикалық және синтетикалық есебінің дұрыстығын тексеру

Алғашқы құжаттар, айналым қалдық ведомосы, еңбекақы есептелуінің журналы, синтетикалық есеп

3

Еңбекақы  есебінің сақтаудың, олардың түгендеудің, жұмыс уақытын дұрыс жүргізуін  есептеу

Алғашқы құжаттар, айналым қалдық ведомосы, еңбекақы есептелуінің журналы


Ескертпе. Кесте 18 әдебиет  көзі негізінде жасалған.

Бірінші ретті құжаттар мен  есепті ведомосттерді тексеруде  арифметикалық есептемелердің дұрыстығана  назар аударылады. Аудитор көңілін  құжаттардың дұрыс рәсімделуі мен  ынталандыру сипаттағы басқадай төлемдердің аударылуына, сыйақылардың жұмыс қорытындысы бойынша белгіленген  уақытында, көмек ретіндегі төлемдер, қосымша жұмыс үшін қосымша төлемдер, жұмыс жасамаған уақыты үшін демалыстық есеп, уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы есепке көп көңіл аударуы  тиіс.

 

Кесте 12 – Аудит процедуралары

Процедуралар  тізімі

Ақпарат көзі

1

Мекеме  есебі және келісушілердің еңбекақысының  есептелуін және аударылуын тексеру

Нарядтар, маршруттық қағаздар, еңбек ету нормасы, келісімді бағалар

2

Уақытша және басқадай төлем түрлерін аударудағы есеп айырысуын тексеру

Белгіленген тарифтік қойылымдар, міндетті еңбекақылар, төлемдер.

3

Еңбекақыдан ұстаудың есебін тексеру

Есептік-төлемдік ведомосттер, айналым қалдық ведомосы, бұйрықтар және т.б.

4

Қызметкерлер  туралы аналитикалық есеп жүргізуін  тексеру

Жеке  шоттар, ведомостар


                            12 - кестенің жалғасы

Процедуралар  тізімі

Ақпарат көзі

5

Еңбекақы  төлеуде шот дұрыстығын және бос  шоттарды тексеру

Ведомосттар, айналым қалдық ведомосі

6

Әлеуметтік  қажеттіліктерге төлемдердің есептелуінің дұрыстығын тексеру

Есептік ведомості, расшифровка

7

Еңбекақыға  байланысты депоненттелген соманы тексеру

Депоненттелген  қағаз, депоненттік еңбекақының  есеп кітабы.


Ескертпе. Кесте 18 әдебиет  көзі негізінде жасалған.

Есептердің дұрыстығын тексеруде, орташа жалақыға негізделе отырып, дұрыс орташа жалақы анықталған ба, одан кейін басқадай төлемдердің  дұрыстығын анықтау тиіс.

Жалақыдан ұстауды тексеруде  олардың құжаттық негізделуі мен  заңдылығы, ұсталынған сомманың белгіленген  уақытында аударылуын анықтау. Одан басқа барлық ұсталымдар соммасы  жалақының 50 пайызынан аспау керектігін есте сақтау қажет. Аудиторлық тексеру  үрдісінде жалақыны төлеуде және жалақыны ұстауда шот корреспонденциясының дұрыстығын анықтау қажет, берілген есептік регистрлерде көрсетілген. Бұл үшін персонал еңбекақысына негізделе  отырып жалақы туралы салыстырмалы есептерді  тексереді.

Еңбекақы төлеуде аналитикалық есепті сол уақыттағы Бас кітаптағы  және бухгалтерлік баланстағы синтетикалық есеп көрсеткіштерін салыстыру қажет. Бұл үшін Бас кітаптағы айдың  бірінші күніндегі сальдоны салыстыру қажет және баланстағы есептік - төлемдік ведомость соммасының қорытындысымен салыстыру қажет. Сәйкессіздік тапқанда оның себептерін анықтау қажет. Негізгі себебі ақшалай қаржылардың шығынын еңбек төлемі, түрлі төлемдер ұстаулар қорына алу, авансты толық ұстамау, төлемдердің құжаттарын екі рет есепке алу, сальдоны бір есептік ведомостен екіншіге ауыстырғанда дебиторлық қарыздың төмендеуі немесе кредиторлық қарыздың өсуі, есептің дұрыс жүргізілуі.

Аудиторлық тексеру барысындағы  анықталған қателер мен ауытқулар, бұзылған нормативті құжаттар көрсетіле  және есеп беру көрсеткішіне сандық әсерін анықтай отырып, аудитордың жұмыс  құжатына жазылады. Қызметкерлермен еңбеккақы бойынша есеп айырысудың бухгалтерлік есебіндегі кең тараған қателіктер мен ауытқулар:

  • жұмысшыларға төлемнің заңдылығы мен мақсаттылығын растайтын құжаттардың жоқ болуы немесе дұрыс болмауы, уақытында енгізілмеуі;
  • орташа жалақыға қатысты төлемдерді (демалыс, уақытша еңбекке жарамсыздық және т.б.) есептегендегі қателіктер;
  • түнгі уақытта еңбек ету, қосымша жұмыс және т.б. шін түрлі төлем және қосымша төлемді дұрыс есептемеу;
  • еңбек ақысы және басқа төлемдерді есептеу бойынша шоттардың дұрыс емес корреспонденциясы.

 

 

3.3 Еңбекақыны талдау және оның маңызы

 

 

Нарықтық экономикадағы  еңбекақының рөлі мен еңбекақының мәні ең алдымен, еңбек етушілер әл-ауқатының негізгі көрсеткіштері, кәсіпорындар (жұмыс берушінің) шығындарының өлшемі мен экономика секторы, қызмет түрі, кәсіптер мен өңірлер бойынша бөлу және қайта бөлудің маңызды факторы болып табылатындығымен анықталады.  

 «БТА Банк» АҚ еңбекақыны талдауды жетілдіру және оны жаңа болмысқа қайта бағдарлау еңбекақы туралы ағымдағы есептілік нысанының мазмұнын және оны ұсыну кезеңділігін елеулі өзгертті. Неғұрлым өзекті мәселелер бойынша арнайы зерттеулерді ұйымдастыру кеңінен қолданады, әйелдер мен ерлер, жекелеген кәсіптер, кәсіби топтар мен экономиканың секторларының жалақсы, жұмыс күшіне арналған шығындар құрамы мен құнын салғастырмалы талдау арқылы терең зерттеледі.

Экономикалық  талдау мақсатында міндетті түрде еңбекақы бойынша статистикалық есептіліктің нысандарына сүйенеміз. Яғни талдау жасауға еңбекақы  статистикасы бойынша ақпараттарды пайдаланамыз.

Қазіргі уақытта еңбекақы статистикасы бойынша ақпараттарды әзірлеу мынадай жалпымемлекеттік есептілік нысандары бойынша  жүзеге асырылады:

1 - Е «Еңбек бойынша есеп» нысаны, айлық;

1 - Е «Еңбек бойынша есеп» нысаны, тоқсандық;

1 - Е «Еңбек бойынша есеп» нысаны, жылдық;

1 - Е (Ж) «Еңбекақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын үйлестіру» нысаны, бір жолғы;

2 - Т (проф) «Қызметкерлердің жеке кәсіптері және лауазымдары бойынша еңбекақы мөлшерінің есебі» нысаны, біржолғы.

2 - МП «Шағын кәсіпорындар қызметтерінің негізгі көрсеткіштері (еңбек бойынша негізгі деректер)» нысаны, тоқсандық.

Ағымдағы және жылдық статистикалық  есептілік елдің өңірлері және экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық  еңбекақының серпіні мен деңгейі туралы деректерді қамтамасыз етеді.

Ақпараттарды барлық ұйымдар (заңды тұлғалар), орналасқан жері бойынша  олардың құрылымдық бөлімшелері, олардың  тиесілігі мен меншік нысандарына  қарамастан статистика органдарына  тапсырады. Еңбек бойынша статистикалық  есептілікті қатаң түрде уақыттың белгіленген күнтізбелік есепті кезеңінде толтырады: ай, тоқсан және жыл.

«БТА Банк»  АҚ еңбек бойынша статистикалық есептілікте келесі негізгі көрсеткіштерді толтырады:

- орташа алғанда есептік  кезеңдегі қызметкерлердің тізімдік  саны;

- орташа алғанда есептік  кезеңдегі қызметкерлердің нақты  саны (орташа еңбекақыны есептеу үшін қабылданатын);

- негізгі және қайталама  қызметтермен қамтылған қызметкерлер  саны;

- қызметкерлердың санаттары  бойынша саны;

- қызметкерлердің еңбекақы қоры;

- қоса атқарушылық бойынша  қабылданған қызметкерлер саны;

- жұмысты азаматтық-құқықтық  сипаттағы шарттар бойынша орындайтын  қызметкерлер саны;

- бір қызметкердің орташа айлық атаулы еңбекақысы;

- бос жұмыс орындарының саны;

- жұмыспен өтелген нақты  адам-сағат саны және басқалары.

Жиынтық ақпарат барлық экономикалық қызметтің негізгі түрлері және республиканың өңірлері бойынша, сондай-ақ, гендерлік белгілері және қызметкерлердің  санаттарын есепке алумен әзірленеді.

Еңбек бойынша статистикалық  есептілікте қызметкерлер саны негізгі  екі санатқа бөлінеді: жұмысшылар және қызметшілер.

Жұмысты азаматтық - құқықтық шарт бойынша орындайтын адамдарға ұйымның ішкі тәртібіне бағынбай жүзеге асырылатын, белгілі бір жұмысты (бір жолғы, арнаулы шаруашылық, жұмыстың нақты бір көлемін орындау үшін) орындау мерзіміне ғана шарт немесе келісімшарт бойынша қабылданған қызметкерлер жатады.

Информация о работе Учет и аудит заработной платы в БТА