Учет и аудит заработной платы в БТА

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2012 в 20:42, дипломная работа

Описание работы

Целью написания данной дипломной работы является исследование учета и анализа заработной платы в банковском секторе, а так же исследовать опыт и теорию организации аудита.
Для достижения поставленной цели необходимо решить следующий круг задач:
- рассмотреть теоритическую основу при исследований оплаты труда;
- исследовать учет расчета по оплате труда;
- рассмотреть удержание с фонда заработной

Содержание работы

Кіріспе
1 ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 7
Еңбекақының мәні мен маңызы және нормативтік-құқықтық реттеу 7
Еңбекақының нысандары мен жүйелері 13
БТА АҚ есеп саясаты, құрылымы мен экономикалық сипаттамасы 21
БТА АҚ ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ ЕСЕБІ 28
БТА АҚ еңбекақы есебін ұйымдастыру ерекшеліктері 28
БТА АҚ еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі 36
Еңбекақыдан шегерімдер мен ұсталымдар 42
БАНКТІК СЕКТОРДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫНЫҢ АУДИТІ МЕН ТАЛДАУ ӘДІСІ 48
Еңбекақы қорының аудиті мен талдауының ақпарат көздері 48
3.2 Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті 56
3.3 Еңбекақыны талдау және маңызы 62
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 79
ҚОСЫМШАЛАР 81

Файлы: 1 файл

изменение 8.docx

— 231.01 Кб (Скачать файл)

Жұмысты азаматтық-құқықтық шарттар бойынша орындайтын адамдарға  ұйымның ішкі тәртібіне бағынбай жүзеге асырылатын белгіленген жұмыстарды уақытша орындауға (нақты жұмыс  көлемін орындау үшін бір жолғы, арнайы шаруашылықты) тек келісім  немесе шарт бойынша қабылданған қызметкерлер жатады [21].

Жұмысқа қоса атқарушылық  бойынша қабылданған қызметкерлер - негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайларында тұрақты ақы төленетін жұмысты орындайтын адамдар.

Еңбекақы қорына - Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес және олардың қаржыландыру көзі мен оларды нақты төлеу мерзіміне қарамастан, салықтар мен басқа да ұстап қалулар (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары) есепке алғанда, ұйымның қызметкерлерге ақы төлеу үшін есептелген жиынтық ақшалай қаражаттары (лауазымдық айлықақылар (тарифтік мөлшерлемелер), қосымша төлемдер, үстемеақылар, сыйлықақылар және өзге де ынталандыру мен өтемдік сипаттағы төлемдер).

Еңбек бойынша есептілікті  Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2009 жылғы 7 шілдеде № 128 бұйрығымен бекітілген Еңбек жөніндегі  статистикалық есептілікті толтыру  бойынша нұсқаулыққа сәйкес кәсіпорындар және ұйымдар толтырады.

«БТА  Банк»  АҚ қызметкерлердің тізімдік саны орта есеппен алғанда есепті айдағы мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, есепті айдың әрбір күнтізбелік күн үшін тізімдік құрамдағы қызметкерлер санын қосындылау және алынған сомманы есепті айдағы күнтізбелік күнге бөлу жолымен есептеледі. Жылына орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны есепті жылдың барлық айларына орта есеппен қызметкерлердің орташа санын қосындылау және алынған соманы 12 бөлу жолымен анықталады.

 «БТА Банк» АҚ тізімдік құрамның қызметкерлер саны әрбір күні қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалануын есепке алу табелі деректерімен сәйкес келуі керек.

Осыған сүйене отырып, тізімдік құрамға мынадай қызметкерлер енгізіледі:

- шын мәнінде жұмысқа  келгендер және өндірістің бос  тұрып қалу себебі бойынша  жұмыс істемегендерді қоса;

- қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында жұмысқа сынақ мерзімімен қабылданғандар. Бұл қызметкерлер тізімдік құрамға еңбек міндеттерін жүзеге асыруды бастаған күннен енгізіледі;

- еңбек шартының талаптары  бойынша толық емес жұмыс күніне  немесе толық емес жұмыс аптасына  жұмысқа қабылданғандар, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының Еңбек  Кодексіне сәйкес жұмыс уақытының  қысқартылған ұзақтығы белгіленген  қызметкерлер санаты жатпайды (он  төрт жастан он алты жасқа  дейінгі және он алты жастан  он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер; ауыр дене жұмыстары және зиянды  еңбек жағдайлары бар жұмыстарда  жұмыспен қамтылғандар);

- қызмет бабымен іссапарларда  жүргендер, сондай-ақ шетелдерде  қызмет бабымен қысқа мерзімді  іссапарларда жүрген қызметкерлерді  қоса, егер олардың сол ұйымдағы  еңбекақысы сақталатын болса;

- жұмысты өз еңбегімен  үйінде орындау туралы жұмыс  берушімен еңбек шартын жасағандар;

- ұйымнан тыс жерлерде  уақытша жұмыс істейтіндер (жүктелім  бойынша), егер олар еңбекақыны осы ұйымнан алатын болса;

- басқа ұйымдардан жұмысқа  уақытша тартылғандар, егер олардың  еңбекақысы негізгі жұмыс орны бойынша сақталмайтын болса;

- жұмысты вахталық әдіспен  орындау үшін жіберілген қызметкерлер.

Тізімдік құрамға мыналар  кірмейді:

- егер олар басқа ұйымдардың  тізімдерінде болса, жұмысты азаматтық-құқықтық  сипаттағы шарттар бойынша орындайтын  адамдар, сондай-ақ қоса атқарушылық  бойынша жұмысқа қабылданғандар;

- басқа ұйымға уақытша  жұмысқа жіберілгендер, егер олардың  негізгі жұмыс орнындағы еңбекақысы сақталмайтын болса;

- жұмыс беруші білім  беру ұйымдарында немесе білім  беру қызметімен айналысуға құқығы  бар білім беру ұйымдарына  өндірістен қол үзіп оқуға  жіберілген, жұмыс берушінің қаражаты есебінен стипендия алатын қызметкерлер.

«БТА Банк» АҚ қызметкерлердің нақты саны (орташа еңбекақыны есептеу үшін қабылданатын) - жұмысқа ресми тіркелген (жүктілігі және босануы бойынша, балаға күтім жасау бойынша және басқа да демалыстарда жүрген адамдар) қызметкерлердің жекелеген санаттарын шегергендегі тізімдік құрамдағы қызметкерлердің саны болып табылады [21].

Статистикалық тәжірибеде негізгі және қайталама қызмет түрлері  бойынша еңбек жөніндегі мәліметтерді әзірлеу жүргізіледі. Ұлттық шоттар жүйесіне сәйкес тауарлар мен қызмет көрсету өндірісі процесінде мынадай өндірістік бірліктер жүзеге асырылады:

1) Қызметтің негізгі түрі - қосылған құны субъект жүзеге асыратын қызметтің кез келген басқа түрінің қосылған құнынан асатын қызмет түрі;

2) Қызметтің қайталама түрі - үшінші тұлғалар үшін өнімді өндіру мақсатында жүзеге асырылатын, негізгіден басқа қызмет түрі;

3) Қызметтің көмекші түрі - осы объектінің тұтынуына арналған қысқа мерзімді сипаттағы тауар және қызметтермен қамтамасыз ете отыра, объектінің негізгі қызмет түрлерін қолдау үшін жүзеге асырылатын қызмет түрі.

Сондықтан еңбек бойынша  есептілікте «БТА Банк» АҚ қызметкерлер санын, негізгі қызметте жұмыспен қамтылған қызметкерлер және қайталама қызметте жұмыспен қамтылған қызметкерлер деп бөледі.

Банктің негізгі қызметінде жұмыспен қамтылған қызметкерлерге негізгі өнім (тауарлар немесе қызмет көрсету) және басқа банктерге немесе кәсіпорындарға өткізілуі мүмкін негізгімен қатар сөзсіз алынатын жанама өнімдер өндірісінде тікелей жұмыспен қамтылған қызметкерлер жатады.

«БТА Банк» АҚ қайталама қызметінде жұмыспен қамтылған қызметкерлерге қызметтің басқа (негізгіден басқа) түрлеріне жататын жұмыстарды орындайтын қызметкерлер жатады.

Қызметтің көмекші түрін  жүзеге асыратын қызметкер қызметтің  негізгі түрін жүргізуге арналған жағдайларды қамтамасыз етеді. Қызметтің  көмекші түрін жүзеге асыратын қызметкер  ұйымның негізгі қызметінде жұмыспен қамтылған қызметкерлер құрамында  есепке алынады.

«БТА  Банк» АҚ еңбек бойынша статистикалық есептілікте қызметкерлер саны негізгі екі санатқа бөлінеді: жұмысшылар және қызметшілер.

Қызметкерлердің жіктелімі  мынадай негізгі топтар бойынша  жүзеге асырылады:

- ұйым басшыларын қоса  барлық деңгейдегі билік органдары  мен басқармалардың басшылары  (өкілдері);

- біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар;

- біліктілігі  орта деңгейдегі мамандар;

- ақпараттар дайындаумен, құжаттамаларды ресімдеумен, есеп жүргізу және қызмет көрсетумен айналысатын қызметшілер;

- қызмет көрсету, коммуналдық  қызмет көрсету, сауда саласының  және қызметтің осы тектес  түрлерінің қызметкерлері;

- ауыл, орман, аңшылық  шаруашылықтарындағы, балық өсіру  мен балық аулаудағы білікті  қызметкерлері;

- ірі және ұсақ өнеркәсіптік  ұйымдардың, көркемөнер кәсіпшілігінің, құрылыстың, көліктің, байланыстың,  геология мен жер қойнауын  барлаудың білікті жұмысшылары.

«БТА  Банк» АҚ экономикалық қызмет түрлері бойынша еңбекақы туралы деректерді салыстыру, сондай-ақ олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында осы бөлімдегі төлемдер құрамы олардың қаржыландыру көздерінен тәуелсіз төлемдер сипатына сүйене отырып келтірілген.

«БТА Банк» АҚ төлеу үшін есептелген ақшалай сомалар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, қызметкерлерге жұмыспен өтелмеген уақытына (жыл сайынғы демалыс, мерекелік күндер) төлеу үшін есептелген ақшалай сомаларды қоса, қызметкерлермен еңбекақысы бойынша есеп айырысатын төлем құжаттарына сәйкес көрсетіледі. Көрсетілген сомалар «бруттоға» (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес салықтар мен басқа да ұстап қалуларды шегермегендегі) келтіріледі.

Ақы төленетін жыл сайынғы  еңбек демалыстарына, ақы төленетін  жыл сайынғы қосымша еңбек  демалыстарына есептелген сомалар  осы айдың демалыс күндеріне  келетін сомада есепті айда көрсетіледі. Келесі айдағы демалыс күндері үшін есептелетін сома келесі айдың есебіне кіреді [22].

Қазіргі уақытта «БТА Банк» АҚ қызметкерлер еңбекақысының мөлшерінің біржолғы есебі үшін бір мыңнан аса нақты лауазымдар мен кәсіптер атауы алынған.

Талдауға алынатын көрсеткіштерге - оның жасалған мерзімінен тәуелсіз еңбек шарты бойынша қабылданғандар (азаматтық-құқықтық шарттар бойынша, сондай-ақ қоса атқару бойынша жұмыс істейтін адамдардан басқа), қыркүйектің барлық күндерін толық мөлшерлеме (лауазым еңбекақысы) бойынша жұмыс істеген және қыркүйек айына еңбекақысы есептелеген барлық қызметкерлер жатады.

«БТА Банк» АҚ есептік деректерге келесі қызметкерлер туралы деректер жатпайды:

- 1 қыркүйектен кейін жұмысқа қабылданғандар;

- 1 қазанға дейін босатылғандар;

- уақытша еңбекке қабілетсіз қағазы барлар;

- балаға күтім жасау бойынша қосымша демалыста және жүктілігі бойынша демалыста жүргендер;

- ақысыз  демалыста жүргендер;

- жыл сайынғы (ақылы) демалыстарда жүргендер;

- толық емес жұмыс күні мен толық емес жұмыс аптасына қабылданғандар.

Еңбекақы қорына жататын төлемдер құрамына келетін болсақ, зерттелетін қызметкерлердің еңбекақы қорына олар нақты төленген төленбегеніне тәуелсіз тек қана қыркүйек айының күндеріне ақшалай және заттай нысандағы оларға  барлық қаражат көздері арқылы есептелген сомалар жатады. Ақшалай сомалар «брутто», яғни республиканың заңнамасына сәйкес салықтар мен басқа да ұстап қалуларсыз жүргізіледі.

«БТА Банк» АҚ нысандарды толтыру көздеріне есептелген  еңбекақыны есептеудің есептік және есептік-төлемдер тізімдемесінің көрсеткіштері, және есептелген еңбекақы, сыйақылар, және еңбекақы қорынан тағы басқа төлемдер туралы деректері бар құжаттар (ақшалай және заттай нысандар) жатады.

Төлемдер құрамы келесі ерекшеліктер есебімен анықталады:

- еңбекақы қорына бір жылдағы жұмыстарының нәтижесі бойынша сыйақылар, сыйлықақылар, мадақтаулар немесе бір реттік сипаты бар төлемдер;

- егер сыйлықақы мен  сыйақының есептеуі 1 тоқсанда істеген жұмыс нәтижелері бойынша есептелетін болса,онда қызметкердің қыркүйектегі еңбекақысына есепті жылдың 3 тоқсан жұмыстарының нәтижесі бойынша есептелген тоқсандық соманың үштен бір бөлігін қосады.

«БТА  Банк» АҚ жұмыс уақытын сипаттайтын көрсеткіш үш жеке элементтерден құралады.

Біріншісі, аптасына «аз» сағат  саны бойынша жұмыс істейтін жұмыспен қамтылған халықтың үлесін анықтайды. Яғни, жұмыспен қамтылған халықтың көп бөлігі үшін жұмыс аптасының  қалыпты ұзақтығының жартысынан аз жұмыс уақытын құрайтын адамдар (Қазақстан Республикасында бұл  аптасына 20 сағаттан көп емес).

Екінші элемент, белгіленген  жұмыс уақыты ұзақтығынан «тыс»  жұмыс істейтін жұмыспен қамтылған  халықтың бөлігін сипаттайды. Яғни, бұл аптасына 40 сағаттан жоғары жұмыспен қамтылған халықтың көп бөлігі үшін аптадағы қалыпты жұмыс сағаттар санынан асатын адамдардың жұмыс  уақыты. Елдер өзге де уақытша бастапқы көлемдерді пайдалануы мүмкін.

Үшінші элемент, бір жұмыспен қамтылғанға келетін өтелген  жұмыс сағаттарының орташа жылдық санын  бейнелейді. Жұмыспен өтелген адам-сағат  саны кәсіпорынның барлық қызметкерлермен  нақты істелген жұмыстың қалыпты  кезең аралығында және одан тыс істелген жұмыс уақыттын сипаттайды.

«БТА Банк» АҚ халықаралық анықтамаға сәйкес жұмыспен қамтылғандарға белгіленген қысқа мерзімді зерттеу кезеңі аралығында тауарлар мен қызметтер өндірісінде жұмыспен қамтылған барлық адамдар, сондай-ақ жұмысы бар, бірақ зерттеу кезеңі аралығында жұмыс орнында болмаған адамдар жатады. «Жұмыспен қамтылғандардың» кең мағынадағы түсінігіне жұмыспен қамтылудың барлық кезеңдері, соның ішінде уақытша жұмыс, толық емес жұмыспен қамтылу және тұрақсыз жұмыспен қамтылудың барлық түрлері жатады.

«БТА Банк» АҚ жұмыспен қамтылғандар санының көп бөлігінің жұмыс аптасының ұзақтығы олардың өз еркілері бойынша және жұмыс берушінің еркі бойынша стандартты аптадан ерекшеленеді. Мерзімнен тыс жұмыс сондай-ақ жұмыс берушімен берілген ерікті және мәжбүрлі болуы мүмкін. Қызметкер өзінің еңбекақысына қанағаттанбаушылығына байланысты қалыпты жұмыс аптасының ұзақтығынан тыс жұмыспен қамтылуы мүмкін. «Қосымша жұмыс уақытымен байланысты жұмыспен қамтылудың сәйкессіздігі», сондай-ақ «жұмыспен қамтылудан тыс» деп аталатын» «мұнда кәсібі бар адамдар қалайтын немесе төмен табысқа сәйкес сол немесе басқа жұмыс орнындағы жұмыс уақытының ұзақтығы аз (зерттеу уақыты кезеңінде немен жумыс істеген) жұмысты іздейтін жағдай» ретінде анықталады.

«БТА Банк» АҚ қызметкерлер бір жылда бірнеше ай немесе аптасына бірнеше күн бойы жұмыспен қамтылуы, түндер немесе демалыс күндері жұмыс істеуі, әр түрлі тәулік уақытында жұмысқа келуі және кетуі мүмкін. Олар ұзақтау кезеңге жұмыс уақытының жалпы ұзақтығын белгілейтін кестенің бір бөлігі болып табылатын жұмыстың әр түрлі күнделікті немесе апталық кестелері болуы мүмкін. Демек, күніне немесе аптасына істелген жұмыс сағаттары саны түрленуі мүмкін, себебі орындалған жұмыстың көлемінің өзгеру үрдісі мен деңгейін анықтау үшін жұмыспен қамтылғандар санын немесе жұмыс аптасының ұзақтығын есептеу жеткіліксіз болып табылады. Жеке қызметкерлердің жұмыс кестелерін қарастыру және оларды салыстыруға орташа жылдық жұмыспен өтелген сағаттар саны туралы деректер көмектеседі.

Информация о работе Учет и аудит заработной платы в БТА