Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2012 в 20:42, дипломная работа
Целью написания данной дипломной работы является исследование учета и анализа заработной платы в банковском секторе, а так же исследовать опыт и теорию организации аудита.
Для достижения поставленной цели необходимо решить следующий круг задач:
- рассмотреть теоритическую основу при исследований оплаты труда;
- исследовать учет расчета по оплате труда;
- рассмотреть удержание с фонда заработной
Кіріспе
1 ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 7
Еңбекақының мәні мен маңызы және нормативтік-құқықтық реттеу 7
Еңбекақының нысандары мен жүйелері 13
БТА АҚ есеп саясаты, құрылымы мен экономикалық сипаттамасы 21
БТА АҚ ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ ЕСЕБІ 28
БТА АҚ еңбекақы есебін ұйымдастыру ерекшеліктері 28
БТА АҚ еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі 36
Еңбекақыдан шегерімдер мен ұсталымдар 42
БАНКТІК СЕКТОРДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ ҚОРЫНЫҢ АУДИТІ МЕН ТАЛДАУ ӘДІСІ 48
Еңбекақы қорының аудиті мен талдауының ақпарат көздері 48
3.2 Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті 56
3.3 Еңбекақыны талдау және маңызы 62
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 79
ҚОСЫМШАЛАР 81
«БТА Банк» АҚ-да жұмыс уақыты - жұмыс берушінің актілеріне және жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес қызметкердің еңбек міндеттерін (функция) атқаратын уақытының ағымы.
Қазақстанда Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Еңбек шарттарында екіжақтың келісімі бойынша аз жұмыс уақытының ұзқтылығы көзделуі мүмкін. Қызметкерлердің жеке санаттары үшін Кодекспен қысқартылған жұмыс уақытының ұзақтығы белгіленеді.
Уақытша толық емес жұмыспен қамту терминінің анықтамасы KILM - 12 берілген. Жұмыс міндеттерін атқаруға келіскен және кірісуге дайын тұрған басқа қызметкердің еңбегінің альтернативті жағдайымен салыстыру бойынша қызметкердің жұмыс сағаты жеткіліксіз болғанда уақытша толық емес жұмыспен қамту пайда болады. Уақытша толық емес жұмыспен қамту және сайма - сай емес еңбек шарты есебінің (бағалары) негізгі мақсаты ретінде жұмыспен қамту мәселелерінің талдау мүмкіндігінің күшеюі болып табылады, сондай-ақ жұмыспен қамтудың толық, тиімді және ерікті жетістіктеріне арналған критерийлерді әзірлейді.
«БТА Банк» АҚ жұмыспен өтелген адам - сағат саны барлық қызметкерлермен нақты жұмыспен өтелген үстемелік, мереке (жұмыс істемейтін) және демалыс (кесте бойынша) күндері жұмыспен өтелген сағаттары, осы ұйымдағы жұмысты негізгі сондай - ақ қосалқы жұмыс бойынша және қызметтік іссапарлардағы сағаттарды қоса қамтиды. Жұмыспен өтелген адам-сағат санына мыналар жатпайды: қызметкерлердің жыл сайынғы, қосымша және оқу демалыстарда болуы; ауырған уақыты; әкімшіліктің рұқсаты арқылы демалыста болу уақыты; ауысымішілік бос тұрып қалу және басқа жағдайлардағы жұмыста қызметкерлердің жоқ болу уақыты, оған еңбекақының сақталуы немесе сақталмауы тәуелді емес [23].
«БТА Банк» АҚ бір қызметкерге есептегендегі орташа нақты жұмыспен өтелген сағат саны есептік кезеңде қызметкерлермен жұмыспен өтелген адам-сағат (жиынтық) санын жалпы сол кезеңдегі жұмыс сағаттарының есептелуі бойынша орташа қызметкерлер санына бөлу жолымен есептеледі.
«БТА Банк» АҚ бір қызметкерге есептегендегі орташа нақты жұмыспен өтелген сағаттарының саны жөніндегі жеке деректер жұмыс істейтіндердің әрбір санаты бойынша критерийлеріне қарай беріледі. Олар: толық емес жұмыс уақытымен жұмыспен қамтылған тұлғалар; толық жұмыс уақытымен жұмыспен қамтылғандар; толық жұмыс уақытымен жұмыс істейтіндер және деректермен қамтылған кезеңде жұмыста болғандар; кездейсоқ және уақытша қызметкерлер; ерлер мен әйелдер, сондай - ақ жасөспірімдер.
«БТА Банк» АҚ кесте бойынша бекітілген жұмыс күнінің ұзақтығы, қалыптыдан артық болғанда, жұмысқа шыққан сандарын қысқарту нәтижесі жағдайында мерзімнен тыс жұмыс уақыты сағатына жатқызылмайды. Жұмыс уақытының жиынтық есебі бар жеке салалы ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлер үшін өндіріс талаптары бойынша демалыс және мереке (жұмыс істемейтін) күндері (мысалы, көлік, электр стансасы, сумен жабдықтау және т.б.) жұмыстарын тоқтатуға болмайтын, жұмыс уақыты кесте бойынша, демалыс және мереке күндеріне келетіндерге үстеме сағаттары болып саналмайды және жұмыспен өтелген уақыт саны болып есептеледі.
«БТА Банк» АҚ әкімшіліктің рұқсатымен берілген демалыстарының (келмей қалулар) адам-күні саны өндірістің тұрып қалуына байланысты демалыстар (оның ішінде еңбекақы сақталмайтын) және өздерінің еркі бойынша, сырқатына байланысты еңбекке жарамсыз қағаздарына сәйкес (күнтізбе бойынша жұмыс күндері келетіндер) және Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен рұқсат етілген басқа да келмей қалулар көрсетілген демалыс (келмей қалу) немесе есептік кезеңде болған әрбір қызметкердің сырқаты күндерінің саны ретінде анықталады.
Тізімдік құрылымдағы
қызметкерлер қозғалысы жұмысқа
қабылданғандығы және әртүрлі себептер
бойынша шыққан қызметкерлердің
тізімдік санының өзгерістерімен сипатталады.
Есептік кезеңдегі
(2)
мұндағы, ТС кб - кезең басындағы қызметкерлердің тізімдік саны;
Қ - есептік кезеңдегі қабылданған саны;
Ш - есептік кезеңдегі шыққан саны;
ТС кс - есептік кезең
соңындағы қызметкерлердің
«БТА Банк» АҚ есептік кезең соңындағы қызметкерлердің тізімдік саны өткен жылмен салыстырғанда 22 қызметкерге аз, яғни 144 адамды құрайды.
Қабылданғандар санына есептік кезеңде осы ұйымның жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрығымен (үкімімен) есепке алынған тұлғалар жатады.
Жұмыстан шығарылғандардың санына осы ұйымдағы жұмыстарын қалдырып кеткендердің негіздемесіне байланысты емес (әкімшіліктің немесе қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу, екіжақтың келісімі, әскери қызметке шақыру немесе түсу, қызметкердің басқа ұйымға ауысуы, оның келісімі бойынша немесе т.б.), кету немесе бұйрықпен (үкіммен) рәсімделген ауысуына, сондай-ақ өліміне байланысты кеткен барлық қызметкерлер жатады [24].
«БТА Банк» АҚ жаңадан құрылған жұмыс орындарына қабылданғандар санына - қабылданған немесе есептік кезеңдегі жаңадан құрылған жұмыс орындарына қабылдануы мүмкін қызметкерлердің санымен бейнеленеді.
Жұмыс орны - еңбек статистикасында қызметкерді жұмыспен қамтумен қамтамасыз ететін өндірістік-технологиялық жағдайлардың жиынтығы ретінде анықталады. Есептің обьектісі ретінде қызметкерлердің нақты саны және жұмыс орындары қарастырылады. Халықаралық есеп ұйымының әдіснамасы бойынша жұмыс орындарының жалпы саны, бұл нақты жұмыспен қамтылған қызметкерлердің және есептік кезеңдегі бос жұмыс орындарының жалпы саны болып табылады.
Жұмыс күшінің қозғалысы абсолютті сондай-ақ салыстырмалы көлемдегі (коэффициенттер) көрсеткіштердің көмегімен зерттеледі. Көлемді көрсеткіштер қызмет түрлері, өңірлерде, әртүрлі меншікті кәсіпорындарында қабылданған және босатылған және т.б. жұмыс күші санаттарына кіретін және шығатын тұлғалар санымен сипатталады.
Салыстырмалы көрсеткіштер
қызметкерлердің әртүрлі
Жұмыс күші қозғалысының қарқындылық бағасы келесі салыстырмалы көрсеткіштерді (пайызбен) қолдану арқылы жүргізіледі.
Олар: қабылдау бойынша айналым коэффициенті, босатылу бойынша айналым коэффициенті, жұмыс кадрларының тұрақсыздық коэффициенті, жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті, құрамның тұрақтылық коэффициенті.
Қабылдау бойынша айналым коэффициенті - бұл есептік кезең ағымындағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге қабылданғандар санына қатынасы.
АКқ = *100
( 3 )
Босатылу бойынша айналым коэффициенті - есептік кезең ағымындағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге босатылғандар санына қатынасы.
АКб = *100 ( 4 )
Жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - есептік кезең ағымындағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге тұрақсыздық себептері бойынша босатылған қызметкерлердің арақатынасымен анықталады. Тұрақсыздық себептеріне еңбек тәртібін (себепсіз кешігу) бұзуына байланысты және өз еріктері бойынша босатылғандар жатады.
ТК = * 100
( 5 )
Жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті - босатылған қызметкерлердің санына қабылданған қызметкерлер санының қатынасымен сипатталады, яғни босатылған қызметкерлердің қайта қабылданған кадрлармен ауыстырылуы.
АК = * 100
( 6 )
Кадрлардың тұрақтылық коэффициенті - жыл бойы құрам тізімінде тұрған қызметкерлер санының есептік кезең ағымындағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге қатынасы. Жыл бойы жұмыс істегендер жыл басындағы тізімдік санынан қызметкерлер санын анықтауда бір жылда жұмыстан шыққандар және осы жылы қабылданғандар санынан босатылғандардың жалпы саны арасындағы айырмасы шегеріледі [25].
ТК = * 100 ( 7 )
Кесте 13 - БТА АҚ № 25 бөлімшесінің қызметкерлері қозғалысының 2010 - 2011 жылдардағы көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
Өткен жылға |
Есепті жылға |
Жыл басына тізімдік саны |
180 |
150 |
Қызметке қабылданғандар , саны |
28 |
15 |
Қызметтен босатылғандар, саны |
42 |
21 |
Оның ішінде өз өтінішімен босағандар |
12 |
10 |
Еңбек тәртібін бұзғаны үшін босағандар |
8 |
2 |
Жыл соңына тізімдік саны |
166 |
144 |
Ортатізімдік саны |
172 |
138 |
қабылдау бойынша айналым коэффициенті |
0,4 |
0,3 |
босатылу бойынша айналым коэффициенті |
0,2 |
0,12 |
жұмыс
кадрларының тұрақсыздық |
0,14 |
0,07 |
жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті |
0,5 |
0,4 |
құрамның тұрақтылық коэффициенті |
0,7 |
0,77 |
Ескертпе. Кесте БТА Банк АҚ мәліметтері бойынша автормен құрастырылған.
Кәсіпорында 2011 жылы тізімдік саны 21 қызметкерге азайған себебі, қызмет түрлерінің электронды жүргізілу және жетілдіру мақсатында операциялық жұмыс компьютерленгендіктен функционалдық жауапкершіліктерді қызметкерлерге қосымша жүктеу алынуы арқылы түсіндіреміз. Жыл көлемінде маусымдық жұмысқа қызметкерлердің алынуы және босатылуы көрсеткіштік коэффициенттердің барлық түріне әсер етеді. Осыған байланысты штаттық құрамның тұрақтылығы есепті жылда 0,77 тең болып тұр.
Кадрлардың жұмыс сапасын
бағалау үшін көрсеткіштер жүйесі қолданылады.
Бұл жүйенің негізгі
Орнын басу коэффициенті - жұмысқа қабылданғандар мен босатылғандардың тізімдік санының айырмасы қызметкерлер санының орташа сандық кезеңінің қатынасына тең.
Ко.б. = (8)
Кесте 14 - Орнын басу коэффициенті
Көрсеткіштер |
Өткен жылға |
Есепті жылға |
Қызметке қабылданғандар , саны |
28 |
15 |
Қызметтен босатылғандар, саны |
42 |
21 |
Ортатізімдік саны |
172 |
138 |
Орнын басу коэффициенті |
-0,08 |
-0,04 |
Ескертпе. Кесте БТА Банк АҚ мәліметтері бойынша автормен құрастырылған
Коэффициент теріс екені көрсетіліп тұр. Егер қабылдағандар саны босатылғандардын орнын басса, онда ол техникалық қайта құралдандырумен де байланысты.
Келісімшарттардың орташа ұзақтығын талдау үшін қызметкерлердің тұрақтылық индексі (Иқ.т) қолданылады, яғни тұрақты қызметкерлер санының қызметкерлердің тізімдік санына қатынасы.
Иқ.т = ( 9 )
Кесте 15 - Қызметкерлердің тұрақтылық индексі
Көрсеткіштер |
Өткен жылға |
Есепті жылға |
құрамның тұрақтылық коэффициенті |
0,7 |
0,77 |
Ортатізімдік саны |
172 |
138 |
қызметкерлердің тұрақтылық индексі (Иқ.т) |
0,004 |
0,005 |
Ескертпе. Кесте БТА Банк АҚ мәліметтері бойынша автормен құрастырылған
15 - кестеге сәйкес, қызметкерлердің тұрақтылық индексі есепті жылға 0,005 құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,001 артқанын байқадық. Бұл артудың себебі есепті жылы жұмысшылардың саны 34 адамға кемуіне байланысты болды.
Жұмыс күшіне кеткен шығындар құны бойынша статистикалық байқау жүргізу әдіснамасы жұмыс күшіне кеткен шығыстарды Халықаралық стандарттық жіктелімі және 11 Еңбек Статистиктерінің Халықаралық конференциясымен (1966ж., ХЕҰ) қабылданған «Еңбек құны статистикасы туралы қарарында» тұжырымдалған.
«БТА Банк» АҚ-да жылына бір рет немесе жүйелі емес негізде жүргізілетін шығыстарды (төлемдерді) ескеру үшін жұмыс күшіне арналған шығындарды жан - жақты зерттеу кезінде байқау кезеңі күнтізбелік жылдың 12 айын яғни әдеттегі есепті жылды қамтиды.