Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау-сақтау-не-сатуға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 21:12, дипломная работа

Описание работы

Инфляция - ақша жүйесіндегі дағдарыстың көрсеткіші. Инфляция мынадай нысанда көрінуі мүмкін:
- тауар мен қызметке төленетін құнның өсуі, ал құнның біркелкі көтерілмеуі ақшаның құнсыздануына соқтырып, оны сатып алу қабілеті төмендейді;
- шетел валютасымен салыстырғанда ұлттық ақша бірлігінің курсын төмендетеді;
- ұлттық ақша бірлігіндегі алтынның құны көтеріледі.

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................................ 3
I ТАРАУ. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуға криминологиялық сипаттама.
1.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың динамикасы, жалпы жағдайы мен құрылымы................................................6
1.2 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың
себептері мен қылмыстарға жол беретін жағдайлар......................................12
1.3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасаушы, сақтаушы, не сатушы қылмыскердің тұлғасы......................................................................................18
II ТАРАУ. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың алдын алу шаралары
2.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстардың алдын алудың түсінігі және оның
түрлері.................................................................................................................25
2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, оның құрылымдары, Қазақстан Республикасы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және бақылау Агенттігі - қылмыстардың алдын алу субъектісі ретінде.............. 35
2.3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны,
не сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік..................................................44
Қорытынды.........................................................................................................72
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................76

Файлы: 1 файл

Дип.-Жалған-ақша-мен-бағалы-қағаздарды-жасау-сақтау-не-сатуға-криминология.doc

— 785.00 Кб (Скачать файл)

Іс-тәжірибеде жұмысшылардың  еңбек ақысының орнына ақша бейнесі  көрсетілген закладты берген жағдайлар  кездескен. Құқық қорғау органы бұл әрекетті ҚР ҚК 206-бабы және 177-бабымен саралаған. Келтірілген мысалдан, ақша орнына ұсынылған закладты жалған ақша деп атауға болады ма, "жалған ақша" ұғымы шынайы ақшадан басқа кез келген ұсынылатын зат дегенді білдіреді ме, орыс тіліндегі "поддельные деньги" және "жалған ақша" ұғымдарының арақатынасы қандай еді деген сауалдар туындайды.

Заклад қандай жағдайда да жалған ақшаны сату жөніндегі қылмыс үшін даярланбайды. Заклад арнайы функцияны  атқарады, ол қағаз, кітап беттерін бөліп тұратын құрал. Ақша бейнесі бар закладта шынайы ақшаға тән міндетті белгілер тіптен сақталынбайды. Заклад пен ақшаны тек суреттері ғана байланыстырады. Закладта бұл құжаттың ақша еместігі де жазылған. Заклад бейнесін күрделендірсек, ақша бейнесін алуы мүмкін. Закладты ақша орнына ұсыну - алаяқтық, алдау.

"Поддельные деньги" ұғымының аудармасы өтірік ақша  деген мағынаны бермейді, ол ақшаның  бейнесін заңға қол сұға отырып, жасауды білдіреді. Сондықтан  да "жалған ақша бірліктері  мен бағалы қағаздар" ұғымдарына  нақты түсінік берген жөн. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздар ұғымына мына белгілер тән:

- жалған ақша бірліктері  мен бағалы қағаздар құжат  нысанында болуы;

- айналымда кездесетін, не айналымнан шығып кеткенімен  алмастыруға жататын ақша, не  бағалы қағаз болуы;

- сараптама қорытындысымен анықталуы;

- жалған ақша бірліктері  мен бағалы қағаздарды арнайы  уәкілетті органдардан басқа  тұлғалардың шығаруы;

- айналымда белгілі  уақыт аралығында жүре алу  мүмкіндігі болуы;

- міндетті реквизиттерді  мүмкіндігінше сақтауға тырысуы;

- түпнұсқа орнына берілетін жалған ақша бірлігі мен бағалы қағаз ақша мен бағалы қағаз функциясын атқаруы. Басқа функцияны жүзеге асыру мақсатында жасалынбауы. Мысалы, заклад.

Сонымен, қылмыстық жолмен жасалған, сақталған, не айналымға жіберілген мүлік тек жалған ақша бірлігі мен бағалы қағаз ұғымына жататын зат бола алады, сондай-ақ жалған ақша мен бағалы қағаздың даярлану деңгейіне қарай қылмыстық әрекет сараланады.

Жоғарыда біз жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасаудың әдістері жөнінде сөз қозғадық.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды айналымға  жіберудің де өзіндік жолдары  бар. Олар: ұйымдасқан қылмыстық топ  эмиссарларының халықаралық байланысты қолдану; ұсақ кәсіпкерлердің елдегі тауарды сыртқа шығарып, олармен есептесу кезінде жалған ақша алу; турист, шетелге іс-сапарда жүргенде жалған ақшаны иемденіп қалғандар; сыртқы экономикалық бөлімше басшылары көрінеу жалған мәміле жасап, пара ретінде жалған ақша алу; Отанымызда шетел азаматтарының тұрмыстық мәміле жасау барысында жалған ақшаны айналымға жіберуі; қылмыстық ұйымдардың өзара есептесуі; белгісіз тұлғадан жалған ақша мен бағалы қағазды алу; делдалдардан, жеке кәсіпкерлерден, жалған ақша жасаушылардан жалған ақшаны алу; тауар сатып жүрген алаяқтардан жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды алу, т.б.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасаудың әдісі  мен оны айналымға жіберудің  жолдары қылмысты саралауда ескерілмейді, бірақ жаза тағайындауда әсер етеді. Ол жалған құжаттың шынайыға ұқсастықтығын, қылмыс орнын анықтауда, қылмысқа қатысушылық туралы тұжырым жасағанда қолданылады. Сондай-ақ жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасаушының арнайы шеберханасының, яғни қылмыс орнының болуы, жаза тағайындауда ескеріледі.

Қылмыскер жалған ақшаны жәбірленушіге ұсынған соң, қай уақытта құжаттың жалған екендігін білгені жөніндегі факт қылмысқа баға беруде басты белгі емес.

Қылмыстың объективтік  жағының бір элементі - зардап. Қылмыстың  нәтижесі кінәлінің әрекеті, әрекетсіздігінің әсерінен болатын қылмыс құрамының объективтік белгісіне кіретін, қылмыстық заң қарастырылған қоршаған ортадағы өзгерістер болып табылады. Бұл нәтижелер заңмен қорғалынатын объектіге тікелей, не жанама зиян келтіреді, не шығынның келу қаупін төндіреді. Кузнецова Н.Ф.:"Барлық қылмыстар құқықтық тәртіпті орнату барысында құқықтық шығын әкеледі, құқықтық мемлекет жүйесінің дұрыс функциялануына кедергі келтіреді",-дейді [82,2376.].

Заң шығарушылық пен  нормативтік практикада қылмысты нәтижесі үш бағытта көрінеді:

- нәтиже нақты көретіледі (материалдық);

- нәтиже нақты баяндалмаса да, әрекет-әрекетсіздіктің қауіптілігі жөнінде айтады;

- "ауыр, не аса ауыр  зардап" немесе "ірі, не елеулі  мөлшерде" шығын әкеледі. Екі  бағыт та құқық нормасының  диспозициясында көрініс табады.

Жалған шетел валютасын  жасау, сақтау, айналымға жіберудің нәтижесінде кімге зиян келеді, қылмыс болған елге ме, әлде шетел мемлекетінің ақша-несие жүйесіне ме, деген сұрақ орынды туындайды. Себебі өткен тарауларда айтып кеткеніміздей, шетел мемлекетінің ақша бірлігі ұлттық ақша айналымынан валюталық айналым жүйесіне енеді. Ал, валюта дегеніміз сол елдің ақша бірлігі, шетел мемлекетінің ақша бірлігі, сондай-ақ халықаралық есеп айырысу құралы. Сондықтан да жалған шетел валютасын жасаған, сақтаған, не айналымға жіберген соң қылмыс болған елдің де, шетел мемлекетінің де ақша жүйесіне нұқсан келуі мүмкін.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберуде жәбірленушіге  материалдық, моральдық шығынның, несие-ақша жүйесінің ережелерінің бұзылуы нәтижесінде нақты залалдың болуы шарт емес. Қоғамға қауіпті әрекеттен келген шығын мөлшері қылмыстық жаза тағайындауда ескеріледі. Ірі мөлшерде (10000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде) зиянның келуі саралаушы белгі ретінде ауырлататтын мән-жайға жатқызылады. Қылмысты саралауда қоғамға қауіпті әрекеттің жасалынуының өзі жеткілікті.

Қылмыстың міндетті элементтерінің бірі - қылмыс субъектісі. Субъектіні мына белгілер сипаттайды: жеке тұлға, тұлғаның есінің дұрыстығы, қылмыстық жауаптылық жасқа толуы. Қылмыс субъектісін  негізгі және қосымша белгілер сипаттайды. Қосымша белгілердің жиынтығы жөнінде бірыңғай көзқарас жоқ. Орынбаев Р.О. арнайы субъектіні сипаттайтын белгілерді төмендегідей топтайды [83,57-6566.]:

- құқықтық жағдайын  сипаттайтын белгі (шетел азаматы,  ҚР азаматы);

- мамандығы мен қызметін  сипаттайтын белгілер;

- жәбірленуші мен кінәлінің  байланысын сипаттайтын белгілер (ата-анасы, қамқоршысы, баласы);

- физикалық жағдайын  сипаттайтын белгілер (ер, әйел, жасөспірім). Фролов Э.Ф. Галиакпаров Р.Р.  арнайы субъектіні сипаттайтын белгілерге рецидивистікті де жатқызады [84,926.].

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстардың субъектісі 16 жасқа толған, есі дұрыс, жеке тұлға болуы тиіс. Тұлғаның дәл осы қылмысы үшін бұрын соттылығының бар болуын белгі ретінде танимыз. ҚР ҚК 206-бабының субъектісі мынадай нысанда кездесуі мүмкін:

- жалған ақша бірлігі  мен бағалы қағазды жасаушы;

- жалған ақша бірлігі  мен бағалы қағазды сақтаушы;

- жалған ақша бірлігі  мен бағалы қағазды жасаушы, әрі сақтаушы;

- жалған ақша бірлігі  мен бағалы қағазды айналымға  жіберуші;

- жалған ақша бірлігі  мен бағалы қағазды сақтаушы, әрі айналымға жіберуші;

- жалған ақша бірлігі  мен бағалы қағазды жасаушы,  әрі айналымға жіберуші;

- қылмысқа қатысушылар.

Қылмыстық құқық теориясында  қылмыстың субъективті жағын  сипаттайтын негізгі белгіге  кінә, ал факультативті белгіге ниет пен мақсат жатады. Қылмыстың субъективтік жағы - қылмыстың ішкі белгісі. Кейбір ғалымдар қылмыстың субъективті  жағына эмоцияны да жатқызады. Утевский Б.С. сезімді (эмоция) кінәнің элементі деп қарастырған. Ғалым бұл пікірді психологиялық ғылыми тұрғыдан дәлелдемек болған. Адам психикасын, адам санасын, сезімі мен еркінен бөлек алып қарауға болмайды, сотталушының кінәсінің дәрежесін анықтағанда қылмысқа итермелеген сезім туралы сөз қозғамауға болмайды деп тұжырымдайды [85,576.]. Қылмыстық құқық (МГУ 1993) оқулығының авторлары да осы пікірді ұстайды. Эмоция -бұл ниетпен байланысты, қылмыстың субъективтік жағын құрайтын, қылмысқа дайындық және оны жасау процесінде кездесетін сезім. 1948 жылы Исаев М.М. эмоциялық кінәнің құрамындағы психологиялық процесс элементі болатындығын алғаш рет терістеген.

Кінә - бұл қасақаналық, абайсыздық нысанында кездесетін, қылмыскердің өзінің жасаған әрекеттеріне психикалық қатынасы. Макашвили В.Г. кейініректе кінә ұғымын бұл момент толық сипаттамайды, -деп, оның мазмұнына қоғамға қауіпті, заңға қайшы әрекетке қоғамның сөге отырып беретін бағасын жатқызады. Адамның психикалық жағдайы тұлғаны тәжірибелік қызметтерге бағыттайды және объективті әрекеттерді, ниет, мақсаты, сезімімен байланыстырушы және ерік (ықтиярлық) пен интеллектуалдық кезеңдерді қамтиды. Ол әр уақытта әлеуметтік жағдайларға толы. Дагель П.С. пен Котов Д.П. кінә ұғымына нақты сипаттама беру үшін келесі категорияларға жүгінеді [86,656.]: кінәнің мазмұны, кінәнің мәнісі, кінәнің нысаны, кінәнің дәрежесі.

Кінәнің мазмұны дегеніміз қылмыстың белгілерін бейнелеген, сондай-ақ кінәнің сол белгілерге психикалық көзқарасын анықтайтын психикалық элемент. Кінә мазмұны - бұл нақты қылмыстың қасақаналық пен абайсыздықтың мазмұны.

Кінәнің мәнісі - субъектінің  психикалық ерекшелігі, қылмысқа көзқарасы - оның қоғамға қауіптілігі.

Кінә нысаны - бұл мазмұнның ішкі құрылымы, белгілердің арақатынасы. Кінә нысанын анықтауда екі психиологиялық элемент қолданылады: интелектуалдық, ықтиярлық.

Кінәнің дәрежесі - кінәнің  салыстырмалы түрде ауырлылығын  сипаттайтын сандық сипаттама. Дәрежені мына мән-жайлар сипаттайды:

- кінәлінің жеке басын  сипаттайтын мән-жайлар;

- қылмыстардың себептері мен жол беретін жағдайлар;

- ниет пен мақсат;

- әрекеттің қоғамға  қауіптілігі.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу әрекеттері кінәнің  тікелей қасақаналық нысанында  жасалынады. Тікелей қасақаналықта  субъект әрекетінің қоғамға қауіптілігін ұғынады, зардабын алдын ала біледі, соған саналы түрде жол береді. Зардаптың қоғамға қауіптілігін алдын ала білу дегеніміз саналы түрде әрекеттің қоғамға қауіптілігін ұғыну болып табылады. Қылмыс жасаған субъектінің зардаптың не екендігін, оның мөлшерін алдын ала білуі мүмкін бе?,-деген сауалды Котов Д.П. пен Дагель П.С. қоя отырып, алдын ала зардапты білу мүмкін емес, тек оның белгілі дәрежеде ауырлығын ғана білу мүмкін, деп жауап береді.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберуде субъект өз әрекетінің қоғамға қауіптілігін нақты сезеді, тілейді. Белгілі жағдайда тұлға өзі сатып тұрған ақша мен бағалы қағаздың жалған екендігін біледі де, онан заңсыз кіріс түсіруді көздейді. Зардапты сипаттайтын белгілер ниет пен мақсатта нақтылана түседі.

Мақсат - тұлғаның қалауы, ұмтылысы. Заңға сәйкес, жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтауда субъектінің оны айналымға жіберу мақсаты болуы керек. Қылмыскердің жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасағаны мен сақтағаны туралы факті анықталысымен тұлғаның жалған ақша бірлігін айналымға жіберу туралы ойының тікелей болғандығын куәландыратын басқа да мән-жайларды анықтамай тұрып, қылмыс жасады деп тұжырым жасауға болмайды. Жалған құжатты сақтау барысында айналымға жіберу мақсатының болғандығын жалған ақша бірліктерін буып-түюінен, қаптап жинақтауынан, инкассаторлық сөмкеге салуынан, тасымалдауынан және басқа да әрекеттерінен байқаймыз. Іс-тәжірбиеде тұлғаның жалған ақшаны айналымға жіберу мақсатының болғандығын дәлелдеу өте қиын.

Ниет - бұл тұлғаның қоғамға  қауіпті әрекетті жасау жөнінде  ой туғызатын, іштей оятатын, итермелейтін күш. Қылмыскердің жалған ақша бірліктерін  жасау, сақтау, не айналымға жіберу әрекеттерінде пайдакүнемдік, кек  алу, қарсыласының беделін түсіру, күнін көру үшін елді экономикалық күйрету, қарсыласын материалдық қиындыққа ұшыратуы сынды ниеттері болуы мүмкін. Іс-тәжірибеде көпшілік жағдайда қылмыс пайдакүнемдік ниетпен жасалынады.

Қылмысты саралауда  қылмыстың сатыларына тоқталудың орны зор. Қасақаналықпен жасалған әрекеттер келесі сатылардан тұрады: дайындық, оқталу, аяқталу. Қылмыскер өз дегеніне жетсе, онда қылмыстық әрекеттерді жекеленген кезеңдерге бөлудің қажеті жоқ. Бірақ тұлға өз ойлағанын соңына жеткізе бермейді, өз еркінен тыс жағдайларға байланысты қылмыстық әрекеттерді соңына жеткізбейді.

Кейбір еңбектерде, қылмыстық  әрекеттердің дамуының алғашқы сатысын  қасақаналықтың туындауы сатысы, деп  көрсеткен. Яғни тұлға сөзбен, жазбаша, не конклъюденттік әрекеттердің көмегімен қылмыс жасамақ болған ойын білдіруі де қылмыстың жасалыну сатысы болмақ. Пионтковский А.А. қасақана қылмысты келесі сатыларға бөледі: қасақаналықтың туындауы, дайындық, оқталу, қылмыстың аяқталуы. Автор қасақаналық табылған кезден бастап-ақ қылмыстық жауапкершілік бар деп есептейді [87,3206.]. Алайда, тұлға қауіпті ойы үшін жауапкершілікке тартылмайды. Қасақаналық ойдың табылуы аяқталынбаған қылмыстық әрекет ретінде сараланбайды. Аяқталынбаған қылмыстық әрекет оқталу мен дайындықтан тұрады.

Қасақана қылмыстардың пайда болу жағдайын екіге бөлуге болады: алдын ала ойластырылған және сол сәтте-ақ пайда болған. Іс-тәжірибеде аяқталынбаған қылмыстарға байланысты келесі жағдайларда қателіктер туындайды:

- дайындық пен оқталуды  аяқталынған қылмыстардан ажыратуда;

- дайындықты оқталудан  ажыратуда.

Аяқталынған қылмысты аяқталынбаған  қылмыстан ажыратудың жолы сол, аяқталынған  қылмыстарда ҚК тиісті бабында көрсетілген  барлық белгілер бар, ал аяқталынбаған  қылмыста қылмыстың объективтік  жағының кейбір белгілері жетпейді. Материалдық қылмыстарда, мысалы, зардап болмай қалса, қылмыс аяқталынбайды, ал формальды қылмыстарда ҚК ерекше бөлімінің диспозициясында кейбір әрекет-әрекетсіздіктердің жекеленген міндетті әрекеттері қалып қояды.

Қылмысты аяқталынбаған  деп есептеу үшін мына ереже шарт:

- қылмыскердің өз дегеніне жету мүмкіндігінің болмауы;

- тұлға өз ойлағанына  өз еркінен тыс жағдайлардың  әсерінен жете алмауы.

Енді жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуға байланысты қылмыстардың аяқталу, даярлану, оқталу моменттеріне тоқталсақ.

Информация о работе Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау-сақтау-не-сатуға