Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау-сақтау-не-сатуға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 21:12, дипломная работа

Описание работы

Инфляция - ақша жүйесіндегі дағдарыстың көрсеткіші. Инфляция мынадай нысанда көрінуі мүмкін:
- тауар мен қызметке төленетін құнның өсуі, ал құнның біркелкі көтерілмеуі ақшаның құнсыздануына соқтырып, оны сатып алу қабілеті төмендейді;
- шетел валютасымен салыстырғанда ұлттық ақша бірлігінің курсын төмендетеді;
- ұлттық ақша бірлігіндегі алтынның құны көтеріледі.

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................................ 3
I ТАРАУ. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуға криминологиялық сипаттама.
1.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың динамикасы, жалпы жағдайы мен құрылымы................................................6
1.2 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың
себептері мен қылмыстарға жол беретін жағдайлар......................................12
1.3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасаушы, сақтаушы, не сатушы қылмыскердің тұлғасы......................................................................................18
II ТАРАУ. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың алдын алу шаралары
2.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстардың алдын алудың түсінігі және оның
түрлері.................................................................................................................25
2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, оның құрылымдары, Қазақстан Республикасы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және бақылау Агенттігі - қылмыстардың алдын алу субъектісі ретінде.............. 35
2.3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны,
не сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік..................................................44
Қорытынды.........................................................................................................72
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................76

Файлы: 1 файл

Дип.-Жалған-ақша-мен-бағалы-қағаздарды-жасау-сақтау-не-сатуға-криминология.doc

— 785.00 Кб (Скачать файл)

Жоғарыда байқағанымыздай, екі норманың қылмыс заттарынан басқа элементтері бір-біріне ұқсас. Бір жағынан азаматтық айналымда акциздік марка ақша мен бағалы қағазбен маңыздылығы жағынан теңесе алмайды. Екіншіден, акциздік марканы қолдан жасау, иелену, пайдалану, сатудың қоғамға қауіптілік дәрежесі жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не айналымға жіберудегі әрекеттерден төмен екендігін санкцияларындағы жаза мөлшерінен байқауға болады. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-6. 1-т. санкциясында мүлкін тәркілеп, немесе тәркілемей, 5 жылға дейін бас бостандықтан айыру, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-баптың 2-тармағында 5-8 жылға дейін б.б.а. және мүлкін тәркілеу, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-баптың 3-тармағында 5-10 жылға дейін б.б.а. және де мүліктерін тәркілеу жазасы қолданылса, ал ҚР ҚК 208-бапта 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, 300-500 АЕК мөлшерінде, не жалақы көлемінде, сотталушының 3-5 айлық кірісі шегінде айыппұл қолданылады.

Қылмыстың қауіптілігін бағалаушы категория ретінде  қылмыстан келген шығын мөлшерімен, заңда көрсетілген жаза түрлерімен анықтауға болады. Экономикалық қызмет барысында жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберуден мемлекеттің ақша-несие жүйесіне келетін зардаптар пен акциздік марканы қолдан жасау, пайдалану, иелену және сатудан келетін зардаптарды салыстыра отырып, екі норманы бөлек қарастырғанымыз дұрыс дейміз.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу әрекеттер көбіне топтық сипатқа ие. Қатысушылар жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды даярлау, сақтау және айналымға жіберуде бір-біріне көмектесіп отырады.

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-баптың 3-тармағында субъектілердің ұйымдасқан топ болуы  арнайы бөлініп көрсетілген. Енді іс-тәжірибеден мысал келтірсек. Жалған ақша бірлігін жасауда қылмыскерлер банкноттың қорғану элементтерін сақтаудың түрлі амалдарын қолдануға тырысады. Оған Соколов, Ротов, Сабрин, Назаров, Кукеев және Саттаровпен 1993 жылы жалған ақша жасау үшін тұрақты қылмыстық ұйым құрған тұлғалардың әрекеттері мысал бола алады.

Ротов пен Сабрин компьютерлік техникада жұмыс істеудің арнаулы әдістерін жетік игеріп, компьютерде ақшаның графиктік бейнелерден тікелей шығарып алып отырған. Жалған құжаттың анық бейнесін алу үшін жаңа жетік принтер қолданған. Соколов, Назаров, Саттаров, Кукеев болса, Ротовтың тапсыруымен жалған ақша даярлауда қолданылатын арнайы құрылғыларды, қағаз, бояу, желімдерді жеткізіп отырған, сондай-ақ ақша бірліктерінің қос беттерін жапсырып, қырқып, престеген. Қылмыстық ұйым ережесін сақтап, құқық қорғау органдарының көзіне түспес үшін жалған ақша жасайтын орындарын ауыстырып отырған. Соколов, Назаров, Кукеев және Ротов жалған ақшаны айналымға жіберумен айналысқан.

Олар 1998 жылы шілде-тамызда компьютерлік техниканы иемденіп, оны өз үйлеріне орналастырған да, 1998ж. тамызда Ротов, Сабринмен 100$ АҚШ долларын даярлауға кіріскен. Ротовтың тапсыруымен Саттаров доллардың жекеленген элементтерін жасау үшін өз танысы химиктен арнайы бояуларды даярлаудың әдісін сүрайды, сондай-ақ 1955ж. дейін шығарылған 100$ АҚШ долларының серияларын үлгі ретінде тауып отырған. Кукеевке жалған ақшаның жекеленген элементтерін даярлайтын бояуларды сатып алу қызметі жүктелінеді. Стоврополь қаласындағы зауыттан бояу және жалған ақша престейтін арнайы құрал алып келген. Ротов жалған ақша жасайтын қағазды іздеп тапқан және өз сыбайласы Соколовтың гаражына апарып қояды. Соколов пен Назаров ақшаны қырқу, желімдеу, престеу үшін гаражды ыңғайлап, жайлап құралдарды орналастырған. 1998ж. 100$ АҚШ долларының 3000 банкнотын айналымға жіберу мақсатында бірлесіп даярлайды. 1998ж. қазанда қылмыстық әрекеттер жалғастырылып, компьютерлік техника Соколовтың пәтеріне орналастырылады. Қылмыстық ұйым мүшелері 100 мың теңге даярлайды.

Мұнда Сабрин мен Ротов банкноттың қос бетін басып шығарса, Соколов пен Назаров арнайы құрал-саймандармен қамсыздандырылған гаражда ақша бірліктерін қырқып, қос беттерін желімдеп, престеген.

1998ж. қараша айында  бірлескен күшпен 45-тей 100 мың  теңге сату мақсатында жасалынған. 1998ж. қараша айының соңында Саттар өз пәтеріне жаңа компьютерлер алып келеді. Бұл орында 50000 орыс рублі даярланады. Кукеев, Саттаров, Сабрин құқық қорғау органдарымен жалған ақша даярлау үстінде үсталынады, қылмыстық ұйым мүшелерінің пайдакүнемдік ниеттері іске асырылмай қалады. Қыркүйек айының соңында Ротов пен Сабрин 100$ АҚШ долларының бейнесін басып шығарады. Ротов өзі ақша бейнесін қиып, желатинді суда ерітіп банкноттарды суда ерітіп, желімдейді де, престейді. Бұл ақша шынайыдан өзгелеу болып қалады. Ротов ақшаны өз әріптестеріне көрсеткенде, Соколов тағы да престеу керек, деп кеңес береді. Соколов пен Назаров банкнот престейтін металл құрал жасап алады. Бірақ жалған ақшалар нашар желімденеді.

Әріптестер Ақтаудан келген кәсіпқой қылмыскерге жалған ақшаны көрсеткенде, банкноттағы 100 цифрінің жылтырламайтынын ескертіп, жалған ақша бірлігін жасауда көне ақшаларды қолдануды ұсынады. Қылмыстық әрекет жалғаса береді. Сапалы және сапасыз даярланған ақшаларды араластырып сатып жатады. Қылмыскерлер құқық қорғау органы қызметкерлерімен толық құрамда ұсталынады.

Өзбекстан Республикасының  қылмыстық кодексінің 176-бабының  саралаушы бабында қылмысты қайталап жасау, не қылмысты рецидивистің жасауы, ірі мөлшерде, алдын ала ұйымдасқан топпен қылмыс жасау жағдайлары қарастырылады. Йемен Республикасының қылмыстық кодексінің 204-бабында жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не сатуды мына мән-жайлар ауырлатады:

- ел ішінде валюта құнының, не оның курсын шетел валютасына қарағанда төмендету. Әсіресе, АҚШ долларына қатысты: ұлттық валюта курсын шетел валютасына, мысалға, АҚШ долларына теңестіру ауырлататын мән-жай емес;

- ел ішінде, не шетелде  мемлекеттік облигацияның құнын түсіру;

- азаматтарды ұлттық валютаға деген сенімін жою.

Карпец И.И. ғылыми еңбегінде жазаны ауырлататын мән-жайларды мүмкіндігінше толығымен тізбектеуге тырыса отырып жасаған. Қылмыстың тек ауырлығы ғана емес, қылмыскердің жеке басындағы ерекшеліктер де колония түрін, сондай-ақ ауырлататын мән-жайларды анықтауға негіз болады [90,214-22066.]. Қылмыстық жазаны ауырлататын мән-жайлардың қатары Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 54-бабында шектеулі. ҚР жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстар бойынша жаза тағайындауда ескеруді қажет ететін ауырлататын мән-жайларға мыналарды жатқызамыз:

- азаматтардың өз ұлттық валютасына деген сенімінен айыру;

- қылмыстық әрекеттің  бағалы қағаз құнының күрт түсіп кетуіне алып келсе;

- қылмыстың нәтижесінде  жәбірленушінің материалдық, моральдық ауыр зардаптар шегуі;

- жалған ақша бірліктері  мен бағалы қағаздарды ірі  мөлшерде жасауы, сақтауы, не айналымға  жіберуі;

- бұрын осы қылмысы  үшін, не ҚР ҚК 207-бабы бойынша  қылмыстар үшін соттылығы бар  тұлғаның ҚР ҚК 206-бабындағы қылмыстық  әрекеттерді қайта жасауы.

Мемлекетте әділ жаза таза тағайындауда, қылмыскерлердің  түзелуіне жағдай жасауда жеңілдететін мән-жайларды қарастырудың орны ерекше. Жеңілдететін мән-жайларға тұлғаның өз еркімен ақша бірлігінің жалған екендігін  білмей қабылдап алып, кейін оны лажсыздан айналымға салып жіберуге мәжбүр болып (отбасындағы қиындықтар, т.с.с), өз еркімен құқық қорғау органына қылмысты хабарлауын жатқызсақ болады.

Иемен Республикасының  қылмыстық заңымен қылмыстық  іс бойынша тергеу әрекеттері басталғанға  дейін және жалған ақшаны айналымға жібергенге дейін ерікті түрде уәкілетті органға қылмыс туралы хабарлаған тұлға жазадан босатылады. Қатысушыларды ұстауға көмегі бар қылмыс туралы маңызды мәліметтерді кінәлі тұлға тергеу басталғаннан кейін де хабарласа, тұлғаның әрекеттерінде басқа қылмыстық әрекеттер болмаса, қылмыстың зардаптарын жойса, сот тұлғаны жазадан босатуы мүмкін.

1959 ж. Қазақстан Республикасы  қылмыстық кодексінің жалған  ақша бірліктері мен бағалы  қағаздарды жасағаны, сақтағаны,  не айналымға жібергені үшін ауыр қылмыстар ретінде өлім жазасы қолданған. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабына сәйкес, жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны, не сатқаны үшін мүлікті тәркілеу және бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабының 1-тармағында ҚР Ұлттық Банкінің жалған банкноты мен монетасын, ҚР валютасындағы жалған мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды, немесе шетел валютасы мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату мақсатында жасағаны, сақтағаны, не сатқаны үшін мүлкін тәркілеп, не мүлкін тәркілемей, сотталушыны 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал 2-тармағында сотталушыны 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу, 3-тармағында 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.

Іс-тәжірибеде, әсіресе, ақша-несие жүйесіндегі қызметтерге бұрын осы саладағы қылмыстары үшін қылмыстылық жауапқа тартылған тұлғаларды қызметке алатын жағдайлар кездеседі. Несие-қаржы институттарының звеноларын орталық банк (мемлекеттік және жартылай мемлекеттік банктер) банктік секторлар, сақтандыру секторлары, банктік емес несие қаржы институттары құрайды. Ақша-несие звеносындағы қызметшілерге зор жауаптылық жүктелінеді. Бағалы қағазды шығару, не тарату, ақшаға байланысты операцияларды жасау қызметтерін толық игерген, бұрын ҚР ҚК 206-207-баптағы қылмыстары үшін қылмыстық жауапқа тартылған тұлғаның бұл қылмысқа қайта бармайтынына кім кепіл. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабымен сотталғандарды, не соттылығы бар тұлғаларды ақша-несие саласындағы звеноларға қызметке тарту - бұл саладағы жауапты қызметтерді сенімсіз қолға тапсырумен бара-бар. Сондай-ақ, өткен тарауларда біз жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны, не сатқаны үшін жауапқа тартылғандардың 12,34%-ы жеке коммерциялық ұйымдарда қызмет етушілер екендігін айтқан болатынбыз. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, біз ақша-несие жүйесіндегі қызметші-сотталушыға үш жылға дейінгі мерзімге белгілі қызметпен айналысу мен лауазымды қызметті атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза қолданған дұрыс деп есептейміз.

Іс-тәжірибеде Қазақстан  Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабындағы қылмыстық әрекеттерді  жасаған тұлғаларды рақымшылдық еткен кездер болған. Мысалы, 1999ж. ОҚО Шымкент қалалық сотында Кучиев К.Х. пен Каримшихов Б.А. айыпталуымен №1-406 қылмыстық іс қаралған. Іс бойынша Гелашвили С.-те жалған 400 АҚШ доллары болады. Ол ақшаны сатып берген жағдайда пайданың 30%-ын бермек болып, Каримшиков Б.-ға береді. "Саяхат" базарына келіп, тұлға 24 пар нәски алып, сатушыға Гелашвили АҚШ долларымен есептесуді келіседі де, Каримшиков Б. болса есептеседі. Каримшиков қылмыс үстінде ұсталынады, ал Гелашвили болса қашып үлгереді. Каримшихов пен Кучиев жалған ақша мен бағалы қағазды сату мақсатында сақтаған және айналымға жібергені үшін Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-баптың 1-тармағымен 3 жылға бас бостандығынан айырылады. "Ұрпақ жалғастығы мен бірлігі жылы болуына байланысты рақымшылық" туралы заңның 3-бабы негізінде қылмыскерлер жазадан босатылады.

Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығына қол сұғатын, күні бүгінге дейін қоғам үшін қауіпті болып келген жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды айналымға жіберу мақсатында жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстар үшін қылмыскерге рақымшылық беру әділ шара болмас еді.

Қылмыстық құқық нормасын жетілдіру шараларын жүргізе  отырып, зерттеу жұмысының нәтижесінде біз Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабын келесі редакцияда ұсынамыз:

1 ҚР Ұлттық Банкінің жалған банкноты мен монетасын, ҚР ұлттық валютасындағы жалған мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды немесе шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды айналымға жіберу мақсатында жасағаны, сақтағаны үшін, не айналымға жібергені үшін - мүлкін тәркілеу немесе онсыз, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі қызметпен айналысу, не лауазымды қызметті атқару құқығынан айыру, немесе онсыз, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру;

2 Сол әрекеттерді ірі мөлшерде, сондай-ақ бұрын осы қылмысы үшін соттылығы бар тұлғаның немесе Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 207-бабы бойынша қылмыстар үшін соттылығы бар тұлғаның осы баптағы қылмысты қайта жасағаны үшін - мүлкін тәркілеу, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі қызметпен айналысу, не лауазымды қызметті атқару құқығынан айыру, немесе онсыз, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру;

3 Осы баптың 1,2-тармақтарында  қарастырылған әрекеттерді ұйымдасқан  топпен жасағаны үшін

- мүлкін тәркілеу, сондай-ақ үш жылға дейінгі мерзімге белгілі қызметпен айналысу, не лауазымды қызметті атқару құқығынан айыру, 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қолданылады.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды айналымға  жіберу мақсатында жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстар үшін жауапкершілік қарастырылған құқықтық норманы іс-тәжірибеде қолдану барысында сұрақтардың туындауына байланысты ҚР Жоғары Сот қаулысының төмендегідей жобасын ұсынамыз:

1 Сот жалған ақша  бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстық істердің нарықтық экономиканың қалыптасуы жағдайында мемлекет ақша бірліктерінің тұрақтылығын жоя отырып, ақша айналысын реттеуді қиындататындығымен қоғам үшін өте қауіпті екендігіне назар аударған жөн.

Бұл қылмыс халықаралық  сипатқа ие. 1929ж. 20 сәуірдегі "Жалған ақша белгілерін жасаумен күрес жөніндегі" Халықаралық Конвенцияға сәйкес, қылмыстың жасалуы орнына қарамастан, қылмыскер жауапкершілікке тартылуы тиіс. Осыған орай, жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу туралы қылмыстағы әрбір фактілер, қылмысқа қатысушының жеке басы, оның қылмысқа қатыстылығы мен қылмыстағы орны, сондай-ақ қылмыстың себептері толық, жан-жақты және объективті түрде анықталуы тиіс.

1 Жалған ақша бірліктері  мен бағалы қағаздарды жасау,  сақтау, не айналымға жіберу тек  қана тікелей қасақаналықпен  жасалынады. Тұлға жалған ақша  бірлігі мен бағалы қағаздарды  айналымға жіберу мақсатымен  жасайды, сақтайды, кері жағдайда, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Информация о работе Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау-сақтау-не-сатуға