Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау-сақтау-не-сатуға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 21:12, дипломная работа

Описание работы

Инфляция - ақша жүйесіндегі дағдарыстың көрсеткіші. Инфляция мынадай нысанда көрінуі мүмкін:
- тауар мен қызметке төленетін құнның өсуі, ал құнның біркелкі көтерілмеуі ақшаның құнсыздануына соқтырып, оны сатып алу қабілеті төмендейді;
- шетел валютасымен салыстырғанда ұлттық ақша бірлігінің курсын төмендетеді;
- ұлттық ақша бірлігіндегі алтынның құны көтеріледі.

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................................ 3
I ТАРАУ. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуға криминологиялық сипаттама.
1.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың динамикасы, жалпы жағдайы мен құрылымы................................................6
1.2 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың
себептері мен қылмыстарға жол беретін жағдайлар......................................12
1.3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасаушы, сақтаушы, не сатушы қылмыскердің тұлғасы......................................................................................18
II ТАРАУ. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың алдын алу шаралары
2.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстардың алдын алудың түсінігі және оның
түрлері.................................................................................................................25
2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, оның құрылымдары, Қазақстан Республикасы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және бақылау Агенттігі - қылмыстардың алдын алу субъектісі ретінде.............. 35
2.3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны,
не сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік..................................................44
Қорытынды.........................................................................................................72
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................76

Файлы: 1 файл

Дип.-Жалған-ақша-мен-бағалы-қағаздарды-жасау-сақтау-не-сатуға-криминология.doc

— 785.00 Кб (Скачать файл)

Валиев С.Х. өз еңбегінде бағалы қағаздар мен ақша бірліктерін қолдан жасап алудың екі жолын атап көрсетеді [45,128-14566.]:

- қарапайым құрал жабдықтарды,  техниканы қолданып;

- арнайы технологиялық  құрылғылардың көмегімен жасаған.

Эмитент үшін бағалы қағаздарды қарапайым құрал-жабдықтармен дайындау тиімсіз, себебі сақтану белгілері де нашар болады. Жалған құжатты түрлі-түсті көшірме құралдарымен көп жасайды. Компьютермен бағалы қағаздардың кез келген түрін даярлауға болады. Арнайы компьютерде жаңа графиктік пакеттердің көмегімен принтерден шығаратын қағаз түрін түзетіп, өңдеуге де болады. Сондықтан да түрлі-түсті офсетті баспа бүгінде көшіріп алудан қорғану құралы бола алмайды. Лазерлі принтерді қолданып бағалы қағаз бейнесін алсақ, ол офсетті бояу сынды судан қорықпайды, қатарлы принтерден шыққан құжаттың бейнесі арнайы шаралар қолданбаса суда жайылып кетеді. Түрлі-түсті лазерлі принтердің құны да жоғары. Сапалы құжат даярлау үшін түрлі-түсті офсетті баспада арнайы талаптар сақталынады.

Офсетті баспада қажетті  бояуларды басылу процесі басталғанға дейін қосып, даярлап алып қолданады.

Ғалым өз еңбегінде атақты фирмалармен ойластырылған бағалы қағаздарды көшірмеден қорғаудың төмендегідей технологиясын ұсынады:

- бағалы қағаздың сурет  бейнесі таза графиктік болуы.  Бұл - жалған құжатты түпнұсқадан айырудың негізгі жолы.

-  графиктік бейнені  қолдану. Графиктік бейнені көшіргенде  түпнұсқадағы сызықтар үзілмейді,  ал көшірмеде артық сызықтар  пайда болады, оны лупамен көруге  болады;

- құжат бейнесінің  жоғары сапалы штрихтардан түруы. Бұл жүқа штрихтердің аралығы белгілі бір жерлерінде үзіліп қалады. Шынайы түпнұсқада сырттай қарағанда сызықты бейне жылтырлап тұрады және анық болады, ал көшірмеде олай емес;

- бағалы қағаз бейнелерін  екі, кейде үш гильоширлі тор  түрінде жасау. Бейнедегі сызықтар өте жүқа, оны скайнерлегенде түсі өзгереді. (боз реңді түстегі бағалы қағаздарды принтерден басып шығарғанда сызықтар үзіліп қалады);

- бағалы қағаздың технологиясын  сақтау. Құжаттың "жасырын белгілері"  тез байқалынады, не толық көрінбейді;

-қорғанудың кең тараған әдісі - биіктігі 0,2-0,3 мм-дегі қоршаудың ішінде жазылған микромәтін немесе штрихті суреттің астында қандай да бір штрихті бұлт тәріздес бейненің болуы;

- арнайы ашық жерлер  қалдыруы. Бұл белгіні компьютерлі  моделдеу арқылы ғана орындауға болады. Суретші оны жасай алмайды. Көшірмеде бұл ашық орын жанындағы қара элементтерге қосылып кетеді, не бояуы жайылады;

- үрділі голограмманы  қолдану.

Эмитенттердің арасында керемет су белгісін (филиграндар), физикалық және химиялық бояуларды  қолданып жасайтын қымбат тапсырыстар өте аз. Мұндай мүмкіндіктер қылмыскердің тиісті қағаздарды табуына кедергі бола алмайды.

Көп мекемелер бір баспаға бағалы қағаз басып шығаруға тапсырыс береді де, олардың бағалы қағаздары тек  текстерімен ғана ерекшеленеді. Компьютерлік бағдарламалардың көмегімен тек бланкіні текстен тазалап, суреттерін туралап қойса болды, жалған құжат дайын. Бағалы қағаздар мен ақша бірліктерін сканерлеу, не принтерден түрлі-түсті бояулы Орловты баспаның көмегімен басып шығарады. Орловты баспаны қарапайым офсетті машиналарға пайдалану мүмкін емес, оларға арнайы баспа машинасы қажет. Мұндай кластағы машина өте қымбат және оны қадағалап отыруға болады. Егер де бағалы қағаз көпшіліктің сұранысына ие болса, жалған бағалы қағаздарды жасушылар түпнұсқаны жасауға қолданған техниканы да игерер еді. Мұндайда кәсіби қылмыскер жоғары сапалы сканердің көмегімен тамаша офсетті машинада жалған құжатты жасайды. Сонда барлық көзге көрінетін суреттер түпнұсқадағыдай сақталынады, бірақ бірде-бір тұлға түпнұсқаны жалған құжаттан айыра алмайды. Енді тек микраскоппен ғана көрінетін құпия элементтерге назар аудару қажет. Бұл - сарапшыларға тапсырылатын жұмыс.

Мықты қорғану әдістерін қолдансақ  та, бұл жеткіліксіз. Сапалы етіп құжат  даярлау үшін көп шығын кетеді. Тіпті жалған бланкілер даярлауға кеткен қаржы, оның номиналына сәйкес келуі де мүмкін. Осылай да эмитент қорғана алады.

Соңғы уақытта айналымда ерекше әдіспен даярланған жалған бағалы қағаздар пайда болуда. Шын айтсақ, олар қолдан жасалған жалған бағалы қағаз емес, имитация. Мұнда жалған бағалы қағаздарды тиісті ережелерді сақтай отырып жасайды, олардың микротексі тиісті орында, сапалы, сулы белгісі де болады. Бір қарағанда барлығы да дұрыс сияқты, бірақ суреттері мен бояулары шынайыға ұқсамайды. Қылмыскерлер мұндай имитацияны, біріншіден, бағалы қағаздың қандай екендігін ешкім біле бермейтін, екіншіден, бағалы қағаз жасауға арнайы лицензиясы, стандартты дизаинерлік шешімдері бар, көп кәсіпорын пайдалынатын, оның қорғану белгілерінің қырларын біле бермейтін эмитенттерге қатысты пайдаланады.

Түрлі баспалардың өз арсеналдарында барлық бағалы қағаздарды шығарған кезде  қолданатын дайын, шектелген көлемде  жазу түсіргіш (клиштері) болады. Баспалардағы барлық жазу түсіргіш бір-біріне ұқсас келеді. Бұл бір типографиядағы бағалы қағаздарды келесі басқа баспада даярлауға мүмкіндік береді. Шығарған бағалы қағаздары өте ұқсас баспалардың қайсысының қандай бағалы қағаз даярлайтынын білу қиын, оларды тек эмитенттері ғана ажыратады. Мұндай алаяқтықтан қорғанудың жолы - өздігінше ерекше, бір-біріне ұқсамайтын, эмитент атымен жасалынатын бағалы қағаздарды жасау. Тиісті дизаинерлік шешімдерді қылмыскерлерге сол бағалы қағазға ұқсастырып жасап үлгертпей, тым ұзақ мерзімге ұстап отырмауы керек, яғни бағалы қағаздарының түрлерін түрлендіріп отырған дұрыс. Эмитент үшін ол қосымша шығындар алып келеді, бірақ бағалы қағазды имитацияланудан қорғайды.

Жалған бағалы қағаздардың айналымда  жүру мүмкіндігінен айыру мақсатында құжатты бағалы қағаздың қорғану  белгілерін жетілдіруге уәкілетті  орган ынталы. ҚР аумағында уәкілетті органның лицензиясы бар полиграфиялық кәсіпорындар ғана атаулы бағалы қағаздарды шығара алады. Бағалы қағаздарды басып шығаруда мынадай талаптардың сақталынуы тиіс:

- әрбір тапсырыс беруші бағалы  қағазды жеке-жеке рәсімдеу (шрифт, бояуы, қорғаныс элементтері, ұлттық сәйкестендіру нөмірі, бағалы қағазды эмиссиялаудың регистірлік нөмірі және т.б.);

- көшірмесін жасаудан жоғары  дәрежеде қорғалған бағалы қағазды  рәсімдеу;

- сақтану белгілері  бар, 702 г/квм салмақтағы қағазда  басу;

- бағалы қағаздың бланкісінде  міндетті түрде бағалы қағаздың  нөмірін, сериясын, индосомент, "атаулы" деген сөз, қаржылық қордың  мөлшерін, бағалы қағаздың номиналын  көрсету;

- бағалы қағазды шығарған  ұйым туралы мәліметтердің болуы.  Қосымша талаптарға мыналар жатады:

- түпнұсқаның арнайы  айыру белгілері, криминалистік  басу әдістері тек бағалы қағаздың  бланкісін жасаушыға, тапсырыс  берушіге және мамандарға ғана  белгілі болуы;

- қарапайым ультракүлгін  сәуле мен магнитті әдіспен  және магниттік тексеру әдісімен салыстырғанда анағұрлым күрделі, жоғары сапалы технологиялық машинамен оқылатын қорғану белгілерін иемдену.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың бояулары жайылмас үшін арнайы еріткіштер қосып  даярлау жолдары қылмыскерлермен  игерілген. Құжаттың жалған екендігін сондай-ақ қағазды бүктеу арқылы білуге болады, жалған құжатта қағаз бетіндегі бояулар жайлап түседі. Шынайы құжаттардың жаңасы ұстаған кезде сықырлап, қатты, жылтыр болады. Күлгін және қызғылт түсті талшық қағаздың өзіне түседі, ал көшірмеде мұндай емес. Лупамен қарағанда жалған ақшаның цифрлары, нөмірі, сериясы, әріптері қисайып түседі, рельефі болмайды, жазбаның шеттері тегіс емес. Жалған ақшаны көбіне сан соңына бөтен цифр тіркеу жолымен даярлайды. 1996-1997жж. айналымда банкноттардың жаңа сериялары шығарылып, қорғану белгілері күшейтілді. Жалған ақшаларды қазіргі банкноттардың дизаины арқылы ажыратуға болады. Олар күрделі технологиялық баспадан өтеді. Бұл қылмыскердің санаткерелік қабілеттерді игеруін қажет етеді.

Банкноттардың шын екендігін анықтайтын арнайы құрал-жабдықтар бар. Біріншісі - үлкейтілген приборлар. Олардың көмегімен:

- қағаздың фактурасы  анық көрінеді - шынайы мақта - зығырлы, не жай А4 форматы;

- қағаздағы талшықтар  (көшірмеден айыру үшін);

- баспаның типі (баспада  немесе лазерлі принтерде);

- банкноттың шартты  орындарында микробаспалардың бар,  жоғымен де анықталады.

Екіншісі - барлық бөлімшелерде кездесетін ультракүлгін сәуле лампы. Ақшадағы қорғаныш сызығын ультракүлгін сәуле арқылы көруге болады, шын  ақшада ол сары түске айналады. Мамандардың айтуынша, тәжірбиелі кассир жалған ақшаны арнайы құралмен тексермей де, қағаздың сапасынан сезе алады. Шынайы ақшаны зығырдан даярлайды, ол ақшаны қалыңдатады.

Отандық ұлттық валюта. Қазақ теңгесін алатын болсақ, теңге Германияда даярланған, жақсы қорғанған: сулы белгісі бар (сурет ақшаның екі бетінде де бар), металды лентамен, рельефті баспада даярланған. Монеталардың (металл тенге) да жалған түрлері айналымда кездеседі. Оның да қорғаныс белгілерін ескере отырып, ұқыпты қарасақ та жалған екендігін айырамыз.

Американдық банкноттар. Американдық банкноттың негізгі  ерекшелігі сол, оның әрбір номиналында  АҚШ президентінің бейнесі бар: 10$ долларда -А. Гамильтон, 20$ долларда - Э. Джексон, 50$ долларда - У. Грант, 100$ долларда Б. Франклин.

АҚШ Қаржы Министрі ақпарат  орталығының мәлімдемесі бойынша 1995 жылы айналымда 35 млрд. жалған американдық  доллар жүрген. Ол айналымдағы ақшаның 0,01% құрайды.(90% жалған банкноты тіркелген).

1996 жылы жаңа купюрлер  енгеннен бері 100$ доллар жалған  банкноттар саны 18 есеге азайған. 1997 жылы жаңа 50$ АҚШ доллары шыққан. АҚШ Қаржы Министрінің мәліметі бойынша, олар 1997 жылы 17 млрд. сомаға заказ берілген. Ұсақ купюрлер айналымнан алынып тасталған [46,188-19166.; 211-21366.].

АҚШ долларының келесі айыру  белгілерін есте сақтаған жөн:

Портреттің детальдарын  қолдан жасаудың қиындығы. Оны ортасынан  сәл жылжытқан және де сулы белгі  орналастырылған. Бейне экранның фонындағыдай дәл салынған. Жалған ақшаның бейнесі  анық емес жеке детальдары бір-бірімен  қосылып кеткен, бұлыңғыр.

Қорғаныс сызығы портреттің оң қатпалында тігінен тұр, банкноттың ортасынан өткізілген. Сызық бойындағы "USASO" жазбасы мен ту бейнесі жарықта ғана көрінеді. Ультракүлгін түс жарықта сары рең береді.

Федеральды резервтегі жүйе - ФРС жаңа универсальды мөр. Сол жақтағы сериялы нөмірдің астындағы әріп пен нөмір федеральды резервті банктің банкнотты шығарғанын білдірді.

Микробаспа - банкнот  шетіндегі майда шрифті сөздерді басып шығару. Банкноттың алғашқы  бетіндегі "SUFTY" жазбасы рамканың ішінде қайталанады, ал "Uinifed states Amerika" сөзі портретке түскен.

Жіңішкі концентрлі сызықты  баспа әдісімен жасау. Оны бұрмалап дайындау қиын.

Құжаттың құбылмалы рең беруі. Даярлауда типографиялық бояу қолданылған. Егер де банкнотқа тігінен қараса, алғашқы бетінің төменгі жағындағы цифрлардың түсі жасыл рең береді, ал көлеңкеде нөмірдің түсі қараға айналады. Кейбіреулер банкнотты бір затқа үйкегенде, сол затқа бояуы жұғатын болса, мұндай ақша жалған болғаны деп ойлайды. Бұл олай емес. Керісінше, шынайы ақша үйкеген затында із қалдырады. Шынайы ақшаларда штрихтар болады, ақшаның көшірмесін жасағанда қара дақ түрінде қағаз бетіне түсетін болады. Бұл тек талшықтарды техникалық жағынан қорғайды.

Зерттелініп отырған  қылмысқа криминологиялық талдау жасай  отырып, жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберудің алдын алу шараларын екі топқа бөлеміз:

- жалпы;

- арнайы криминологиялық.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберудің жалпы  алдын алу шаралары деп жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберумен күресудің ұйымдастыру, техникалық, құқықтық шараларын айтамыз. Аталған қылмыстардың алдын алудың арнайы шаралары дегеніміз жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберуді жүзеге асыруға бағытталған белгілі, не нақты тұлғаларға әсер ететін шаралардың жиынтығы болып табылады.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздары жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстардың алдын алу шараларын ҚР Ұлттық Банкі және оның құрылымдары, ҚР қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және бақылау Агенттігі, ҚР Экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес Агенттігі, прокуратура, сот органы, Интерполдың ҚР Ұлттық Бюросы жүзеге асырады. Бұл - негізгі субъектілер.

Банкноттар мен бағалы қағаздардың қорғану белгілерін дамыту, мықты мамандар тарту, сақтану  әдістерін жетілдіру жұмыстары  ҚР Ұлттық банкі мен оның ұйымдарының, ҚР қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды бақылау және реттеу Агенттігінің қолында.

Сонымен, жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың жасалу, сақталу, не айналымда жүру мүмкіндіктерінің алдын алуда ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың қорғану белгілерін жетілдіру, яғни техникалық қорғану шараларын ұйымдастыру, қай кезеңде болмасын басты мәселе болып қалмақ.

 

 

2.2 Қазақстан  Республикасы Ұлттық банкі, оның құрылымдары, Қазақстан Республикасы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және бақылау Агенттігі - қылмыстардың алдын алу субъектісі ретінде

 

ҚР Ұлттық банкі - ҚР Президентінің алдында есеп беретін, Қазақсатан Республикасында жоғары дәрежедегі банктік жүйе. Ол өз қызметін жүзеге асыру барысында Қазақстан-2030 даму стратегиясын басшылыққа ала отырып, өз уәкілеттігі шегінде ақша-несие саясатын жүзеге асыруына қайшы келмейтін Үкіметтің экономикалық саясатын бірлесіп атқарады.

Информация о работе Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау-сақтау-не-сатуға