Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау-сақтау-не-сатуға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 21:12, дипломная работа

Описание работы

Инфляция - ақша жүйесіндегі дағдарыстың көрсеткіші. Инфляция мынадай нысанда көрінуі мүмкін:
- тауар мен қызметке төленетін құнның өсуі, ал құнның біркелкі көтерілмеуі ақшаның құнсыздануына соқтырып, оны сатып алу қабілеті төмендейді;
- шетел валютасымен салыстырғанда ұлттық ақша бірлігінің курсын төмендетеді;
- ұлттық ақша бірлігіндегі алтынның құны көтеріледі.

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................................ 3
I ТАРАУ. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуға криминологиялық сипаттама.
1.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың динамикасы, жалпы жағдайы мен құрылымы................................................6
1.2 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың
себептері мен қылмыстарға жол беретін жағдайлар......................................12
1.3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасаушы, сақтаушы, не сатушы қылмыскердің тұлғасы......................................................................................18
II ТАРАУ. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың алдын алу шаралары
2.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстардың алдын алудың түсінігі және оның
түрлері.................................................................................................................25
2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, оның құрылымдары, Қазақстан Республикасы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және бақылау Агенттігі - қылмыстардың алдын алу субъектісі ретінде.............. 35
2.3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны,
не сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік..................................................44
Қорытынды.........................................................................................................72
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................76

Файлы: 1 файл

Дип.-Жалған-ақша-мен-бағалы-қағаздарды-жасау-сақтау-не-сатуға-криминология.doc

— 785.00 Кб (Скачать файл)

Бұл сұрақты шешу үшін профессор Қайыржанов Е.І. қылмыс объектісін топтауда қоғамдық қатынастың нақты  бейнесі - мүддені қолдануды ұсынады. Мүддесіз қоғамдық қатынас та жоқ. Қоғамдық қатынас адамдардың арасындағы сан қырлы байланыстардың жиынтығын білдіреді. Бұл байланыстар кластың, әлеуметтік топтың мүдделерін білдіретін материалдық, рухани, эстетикалық, құқықтық және басқа да сипатқа ие. Жеке тұлға бұл қатынастардың жекеленген материалды субстраты болады. Мүддені иеленуші (субъект) ғана емес, оның объектісі - мүддесі бар субъектілерді байланыстыратын әлеуметтік игілік те болады.

Мүдде - қоғамдық қатынастың нақты бейнесі, ол құқықтық нысанда  нақты көріне алады. Барлық қылмыстар  қылмыстық заңмен қорғалынатын қоғамдық, мемлекет, жеке тұлғаның мүдделеріне шығын келтіреді. Арнайы, не топтық объект белгілі топтың мүддесі болады. Топтың мүддесі бір, қатысушылары ұқсас болуы шарт. Бұл ереже ҚР ҚК ерекше бөліміндегі ұқсас қылмыстар сынды жекеленген баптардың тобында көрініс табуы тиіс [58,736.]. Тікелей объект нақты әрекетпен кімнің, қандай мүддесі бұзылады, қайсысы маңыздырақ деген сұраққа жауап береді. Ол нақты объектінің жеке белгілерін сипаттайды.

Заң теориясында формальды  түрде қылмыс объектісі ретінде  құқық нормасын алады. Профессор Таганцев Н.С. былай дейді: "Егер де норма бұзылмаса, ол қандай болмасын шығын алып келгенімен қылмыс деп есептелінбейді. Сондықтан қылмыстың объектісі құқық нормасы болып табылады" [59,6526.].

Қылмыстық заң қоғам  мүшелерін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғайды. Оның міндеті: "Адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасынының конституциялық құрылымы мен аумақтың тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады".

Ал, Кудрявцев В.Н. қылмыс объектісін мына кешен құрайды дейді: "а) адамдар арасындағы нақты қоғамдық қатынас; ә) олардың құқықтық нысаны, не "қабы"; б) осы қоғамдық қатынастың материалдық нысаны, алғы шарты және пайда болу шарты. "Материалдық" құрамда объект зиянмен, кейде қолсұғушылықтың заты арқылы анықталады" [60,636.]. Бұл жағдайда Кудрявцев В. Н. логикалық жүйенің бұзылуына жол береді, тұжырымдарда ішкі қарама-қайшылықтар аңғарылады. Бір жағынан, ол объектіні - қоғамдық қатынас десе, екіншіден - объектіні "құқықтық нысан", үшіншіден, қоғамдық қатынасты алғы шарт, шарт, материалдық нысан ретінде қарайды [61,1516.].

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату -күрделі қылмыс. Бұл қылмыстың  объектісі заң нормасына сәйкес, ақша және несие жүйесі болып табылады. Профессор Меньшагин В.Д.: "Жалған ақша бірліктері мен мемлекеттік бағалы қағаздардың объектісі ақша жүйесі болады" [62,122б.]-десе, ал қылмыстық құқық оқулығының авторлары (1950ж.) жалған ақшаны жасау, сатудың объектісі - ақша жүйесі, ал жалған бағалы қағазға қатысты - несие жүйесі, деп есептейді [63,24-2566.]. Соңғы пікірмен біз келісе аламыз. Кеңестік қылмыстық құқық оқулығының авторлары [64,356.], ақша жүйесін мемлекеттік қаржы жүйесінің бір бөлігі ретінде қарайды.

"Қаржы жүйесі","несие  жүйесі" мен "ақша жүйесі" ұғымдары күрделі түсініктер, оларды тұтас бір ұғым деп түсінуге болмайды. "Қоғамның қаржысына барлық ақша қатынастары емес, тек мемлекеттің тікелей нұсқауымен ақша құралдарын мобилизациялайтын материалдық өндіріс саласындағы ұйымдардың шаруашылық қызметі процесінде қолданылатындары ғана кіреді" [65,24-2566.]. Мемлекеттегі ақша қаражатының қоры орталықтанған және орталықтанбаған қорлардан тұрады. Орталықтанған және орталықтанбаған қорларға келесі төлемдер жатады: бұл біріншіден, салық, алым, баж; екіншіден, несие (мемлекеттік және банктік); үшіншіден, сақтандыру; төртіншіден, ақшаны эмиссиялау. Қаржы жүйесі - бұл ақша құралдары мен экономикалық қатынастардың қалыптасуы мен пайдалануымен байланысты қорлардың жиынтығы. Оларға мемлекеттік бюджет, мемлекеттік әлеуметтік, сақтандыру, мемлекеттік-мүліктік және мүліктік емес сақтандыру, банктік және мемлекеттік несие мекемелер мен шаруашылық саладағы қаржылар кіреді [66,356.].

Несие жүйесі деп ссудалық капитал нарығына қызмет ететін, ақша капиталын аккумуляциялайтын және мобилизациялайтын несие-қаржы институттарының жиынтығын айтады. Ал, ақша жүйесін экономистер заң нормаларымен анықталған, елдің валютасының типін және елдегі ақша бірліктерінің арақатынасын білдіретін елдің ақша айналымы жүйесі деп түсінеді.

Жоғарыда келтірілген  пікірлерден соң, біз ақша жүйесін  қаржы-несие жүйесінің немесе қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарауға болмайтындығына көз жеткіздік. Ақша жүйесі мен ақша айналымы елдің ақша-несие жүйесін қалыптасуына және функциялануына әсер етеді.

Қылмыс затын анықтаудың қылмысты саралауда орны зор. Қылмыс заты - қылмыстық әрекет әсер ететін мүлік. Қылмыстың заты дегеніміз қылмыскер объектіге қол сұққан кезде оның әсеріне ұшыраған сыртқы ортадағы материалдық зат. Қылмыс затын зерттеу қылмыстың объектісін шын мәнінде терең және дұрыс анықтап, нақтылау үшін және өзара ұқсас қылмыстардан ажырата алу үшін қажет. Қылмыстың заты жөнінде бірыңғай пікірлер жоқ. Объект пен қылмыстың заты арасындағы байланыс олардың әрқайсысының даралығын терістемейді, бірақ та ажырата алу да керек. Объект пен қылмыс заты ұғымдарын бөлу бір жағынан қылмыстың объектісі тұрғысынан қарағандықтан, ал екіншіден - қоғамдық қатынас ұғымының мазмұны жеткіліксіз дәрежеде анықталғандықтан туындайды. Қылмыс затын түсіндіруде екі түрлі бағыт қалыптасқан: бірі - кең мағынада, екіншісі - тар мағынада. Қылмыс затын кең мағынада түсінетін болсақ, тұлғалар арасында қоғамдық қатынас нақты құндылықтарға байланысты туындайды. Ол нақты әрекет нысанында кездесуі мүмкін. Қоғамдық қатынастың элементі субъект те бола алады. Зат пен мүлік категориялары сапалық және мүліктік қасиеттермен сипатталады. Мүлік, қасиет және қатынас бір-бірімен тығыз байланысты, олар бір-бірін толықтырады. Мұнан затсыз қылмыс жоқ, ол мүліктік, материалдық, материалдық емес нысанда кездеседі деген тұжырым туындайды [67,70-7166.]. Тар мағынада қылмыс заты тек материалдық нысанда кездеседі. Пионтковский А.А., қылмыс объектісін қоғамдық қатынас ретінде қарап, қылмыс затын қылмыс объектісінің құрамдас бөлігіне жатқызады [68,373-37466.]. Қоғамдық қатынас мүлікке қатысты да, байланыссыз да туындайды. Сондықтан да құрамында қылмыс заты кездесетін де, кездеспейтін де қылмыстар болады.

Трайнин А.Н.:"Қылмыс заты - қылмысқа қатысты қылмыс жасалынатын  мүлік. Объект қылмыстан зиян шегеді, не оған қауіптің келуі мүмкін. Ал қылмыстың  затына қауіп келмейді",-деп түсінеді. Мұндай пікірмен келісу, әрине қиындау, қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде қылмыстың заты да зақымданады. Коржанский Н.А.:"Мүлік қылмыстық қолсұғушылықтың объектісі бола алмайды, себебі қоғамдық қатынас адам мен мүліктің арасында емес, қатынас адам мен адам арасында мүлікке байланысты туындайды" [69,216.],- деген. Қоғамдық қарым-қатынас тірі тіршіліктің қозғалысы ұғымына тән нәрсе. Философтар қоғамдық қарым-қатынастың адамзат пен табиғат, не тірі организм мен өлі зат арасындағы байланыстарды дәлелдейді.

ҚР ҚК 206-бабына сәйкес, жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың  заты - ақша бірліктері мен бағалы қағаздар. Өткен тарауларда ақша-несие жүйесіне берілген сипаттамадан соң, ақшаның  нақты және несие ақшалар болып бөленетінін білдік. Ақша бірлігі (нақты) қағаз ақша мен монетадан тұрады. Жалпылама ұғымдардан арылу мақсатында, ҚР ҚК 206-бабында "ақша" ұғымының орнына "ақша бірлігі" деген ұғымды қолданған орынды болар еді.

ҚР ҚК 206-бабына берілген түсініктемеде қылмыстың затына төмендегілер жатқызылады:

1 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 1, 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары (Ұлттық Банк кез-келген банкнотты шығара алады).

2  Қағаз ақша, алтын,  күміс, не платинадан соғылған металл монеталары (олардың белгілі бір көлемі коллекция заты ретінде пайдаланады).

3  Бағалы қағаздар (мемлекеттік және мемлекеттік  емес) коносомент, акция, облигация,  заң актілерінде немесе олармен  белгіленген тәртіппен шығарылған  ҚР ұлттық валютасындағы басқа да бағалы қағаздар (ҚР АК 130-бабында).

4  Шетел валютасы - қазыналық билет, банкнот, монета  түріндегі шетел мемлекетінде  немесе мемлекеттер топтастығында  заңды құралы болып табылатын  ақша бірліктері.

5 Шетел валюталары  айналым қабілеттілігіне байланысты еркін айналатын (свободно конвентируемый), жартылай айналатын және айналымға түспейтіндер болып бөлінеді. Еркін айналымдағы валюталарға мына шетел валюталары жатады [70,40-5366.]:Австралиялық доллар, Австрия шиллингі, Ағылшын фунт стерлингі, Бельгия франкі, Голландия гүлдені, Дат кронгі, евро, Испан песеті, Ирланд фунті, Итальян лирі, Канада доллары, Ливан фунті, Кувейт доллары, Люксембург франкі, неміс маркасы, Норвегия кронгі, Португалия эскудосы, Сингопурлық доллар, АҚШ доллары, француз франкі, Швед кронгі, Швецария франкі, жапон йенасы, Финляндия маркасы. Валютаның басқа түріне ТМД мемлекеттерінің валюталары, тізімге енбегендер кіреді.

6  Шетел валютасындағы  бағалы қағаздар - төлем құралдары (чек, вексель және т.б.), қор құндылықтары (акция, облигация) және басқа да шетел валютасындағы қарыз міндеттемелер.

Шетел валютасы мен шетел  бағалы қағазын жалған ақша мен бағалы қағазын жасау, сақтау, не сату жөніндегі  қылмыстың затына енгізу туралы 1929ж. Халықаралық Конвенцияда келісілген [71,786.]. Әр елдің бағалы қағаз туралы түрлі түсінігі мемлекеттің ішкі және халықаралық актілері арасында қайшылықтар туғызады. Шетел төлем құжаты, не бағалы қағаз шетел валютасында, ұлттық төлем құжат, не бағалы қағаз ұлттық валютада көрсетіледі.

Кейбір мемлекеттер үшін бағалы қағаз болып табылатын құжат біздің мемлекетте бағалы қағаз емес (Мысалы, вексель, чек), яғни бағалы қағаз жөнінде бірыңғай түсінік жоқ. (Бұл мәселе өткен тарауларда қарастырылған болатын). Сондықтан бағалы қағаздарды ұлттық валютадағы не, шетел валютасындағы бағалы қағаздар деп даралағаннан, қылмыстық құқықта шетелде эмиссиялаған және ҚР аумағында эмиссиялаған бағалы қағаздар деп бөлген тиімді болар еді.

Ағыбаева Л.А. өзінің ғылыми жұмысында жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың затына ақша бірліктері мен мемлекеттік бағалы қағазды кіргізеді [6,106.]. Жалған мемлекеттік емес бағалы қағазды жасау, сақтау, не сатудың нәтижесінде тек меншік құқығына қол сұғатын болғандықтан қылмысты алаяқтықпен саралауды ұсынады.

Қаржы нарығы - несие ресурстары мен фиктивті сала. Несие қатынасында  бағалы қағаздың мемлекеттік те, мемлекеттік  емес те түрлері қатысады. Қаржы  өндірісінде бағалы қағаздарға тек  мәміленің объектісі, сондай-ақ бір  рет, не тұрақты кіріс көзі бола алатын ақшалай құжаттар жатады. Мемлекеттік емес, не шетел бағалы қағаздарын жалған бағалы қағаздар жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстың затына жатқызбағанда, қылмыс елдің несие жүйесіне әсер етпейді ме деген сауал туады. Өткен тарауларда несие жүйесіне қаржы нарығындағы қызмет ететін несие-қаржы инситуттары жататындығын айтып кеткенбіз.

Несие-қаржы институттарының  звеноларын орталық банк (мемлекеттік  және жартылай мемлекеттік банктер) банктік секторлар, сақтандыру секторлары, банктік емес несие қаржы институттары құрайды. Олар да бағалы қағазды шығару, не тарату қызметімен айналысады. Несие-қаржы институттарының бағалы қағазға қатысты қызметін тек мемлекеттік бағалы қағаздармен шектеу несие жүйесіндегі қызметті толық қамти алмайды. Жалған мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалынатын қылмыстар несие жүйесіне қаншалықты зиян болса, мемлекеттік емес, шетелдік бағалы қағаздар да елдің несие жүйесіне соншалықты қатерлі.

Гаухман Л.Р. мен Максимов С.В. жалған ақша мен бағалы қағазды  жасау, не сату жөніндегі қылмыстың затына ЭЕМ-нің жадында сақталған құжатсыз бағалы қағазды жатқызады. Бұл ҚР ҚК 206-бабының мазмұнына жанаспайды. Онда қылмыстың заты материалдық сипатқа ие (шынайы ақшаға ұқсастығы) делінген. Ал, ЭЕМ жадында сақталған бағалы қағаз құжатсыз, сондықтан да бұл пікірімен келісе алмаймыз [72,746.].

Абдо Салех Абдулла  әл-Дамаридің еңбегінде Өзбекстан  Республикасы қылмыстық кодексінің 176-бабының (жалған ақша мен бағалы қағаз, акциздік марканы жасау, сату) қылмыс затына банктік билет, металл монета, акциздік марка, ұлттық валютадағы бағалы қағаз, шетел валютасы, не шетел валютасындағы бағалы қағаздар жатқызады. Бұл қылмыс экономикалық қылмыстар қатарында зерттелінеді. Қылмыстың затына акциздік марканы жатқызғанда, келесі моменттер ескерілмейді: акциздік марка құнды қағаз емес, ол бағалы қағаз сында мүліктік құқықтарды куәландырмайды және ақша бірлігіндей құнды емес, акциз - қосымша салықтың түрі.

Айналымнан алынып тасталған, алмастырылмайтын ескі чеканка (банкнот, монета, валюталар, шетел валютасы да) жалған ақшаны жасау, сақтау, не сату жөніндегі  қылмыстың затына жатқызылмайды. Ұтыс лотореялары, транспорт билеттері ҚР ҚК 206-бабының заты емес. Мысалы, Ресейде 60-70жж. жалған лотерея билеттерін жасаған және сатқан тұлғаларды жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасаушы, сақтаушы ретінде қылмыстық қудалаған [73,106.]. Мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдар лотереялық билетін иемденуде төленген, несие міндеттемесіне алмайды, яғни сатып алушыға омлет құнының сомасын қайтаруға кепіл бермейді. Лоторея билеті -бағалы қағаз емес, иемденушінің белгілі материалдық құндылықтарға, ұйымдастырылған ұтысқа қатыса алуына құқық береді. Мұндай билеттерді қолдан жасау, сату алаяқтық деп сараланады.                   Григорьева А.В. жұмысында, нөмірі, сериясы түзетілген мемлекеттік облигацияны жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстың затына жатқызбайды. Мұны ол түзетілген облигацияның көмегімен ұтысты алғанда ақша-несие жүйесіне қолсұғылмайды, онда алаяқтық бар деп түсіндіреді [74,1586.].

Құжат сериясын, нөмірін  ішінара түзетудегі мақсат құжатты  болашақта сату емес, ұтысты иелену үшін түзету болып табылады. Тұлға ұтысы бар бағалы қағаздың нөмірін, сериясын түзетеді. Ұтысқа қойылатын қаражат несие қатынасынан жұмсалады, демек облигацияның сериясы мен нөміріі ұтыс нөмірі мен сериясына сәйкестендіру оны заем өтеушіге ұсыну әрекеттері ақша-несие жүйесіне қарсы бағытталады. Ұтысты иелену мүмкіндігі - мүліктік құқық болып табылады. Сондықтан да нөмірі мен сериясы түзетілген облигацияны ұтысқа ұсынуды қылмыс құрамының басқа элементтері сәйкес келген жағдайда жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не айналымға жіберу деп атауға болады.

Информация о работе Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау-сақтау-не-сатуға