Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 21:12, дипломная работа
Инфляция - ақша жүйесіндегі дағдарыстың көрсеткіші. Инфляция мынадай нысанда көрінуі мүмкін:
- тауар мен қызметке төленетін құнның өсуі, ал құнның біркелкі көтерілмеуі ақшаның құнсыздануына соқтырып, оны сатып алу қабілеті төмендейді;
- шетел валютасымен салыстырғанда ұлттық ақша бірлігінің курсын төмендетеді;
- ұлттық ақша бірлігіндегі алтынның құны көтеріледі.
Кіріспе................................................................................................................ 3
I ТАРАУ. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуға криминологиялық сипаттама.
1.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың динамикасы, жалпы жағдайы мен құрылымы................................................6
1.2 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың
себептері мен қылмыстарға жол беретін жағдайлар......................................12
1.3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасаушы, сақтаушы, не сатушы қылмыскердің тұлғасы......................................................................................18
II ТАРАУ. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың алдын алу шаралары
2.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстардың алдын алудың түсінігі және оның
түрлері.................................................................................................................25
2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, оның құрылымдары, Қазақстан Республикасы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және бақылау Агенттігі - қылмыстардың алдын алу субъектісі ретінде.............. 35
2.3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны,
не сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік..................................................44
Қорытынды.........................................................................................................72
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................76
Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау әрекеттері -формальды құрам болғандықтан, жалған ақша бірлігі мен бағалы қағазды жасау дегеніміз ол жалған ақша бірлігі мен бағалы қағазға материалдық нысан беру. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың міндетті реквизиттерді сақтай отырып, тым болмағанда жалған ақша бірлігінің бір үлгісін жасауы, шынайыға ұқсас кейіп беруі аяқталынған қылмыс болып табылады. Мұнда жалған құжатта шынайы ақша бірлігі мен бағалы қағаздың міндетті реквизиттері мен айыру белгілері мүмкіндігінше сақталуы керек.
Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасауға дайындық әрекеттерін анықтаудың сот іс-тәжірибеде орны ерекше. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды даярлаудың жолы мен әдісін жоспарлау, қажетті техникалық құрал-саймандарды іздестеру, қылмыс жөнінде келісу -ауыр немесе аса ауыр қылмыстарға даярлығы үшін заңда қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Ал, Йемен Республикасы қылмыстық кодексінің 204-бабында: "Себепсізден-себепсіз ақша жасауға пайдалынатын құрал-саймандарды даярлағаны үшін тұлға бас бостандығынан айырылуға жазалануы тиіс" [88,166.].
Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың шынайы еместігіне алдау әдістерін қолданбай-ақ оңай айыруға болатын сырттай шынайы ақша бірліктері мен бағалы қағаздарға ұқсай бермейтін (өрескел даярланған) құжатты даярлау, қылмысқа оқталу болып табылады. Оны сақтау - толық аяқталған қылмыс.
Солопанов И.В., жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды қабылдау кезінде жәбірленушінің мұнымен хабарсыз болуы тиіс, деп есептейді [5,676.]. Құжаттың өрескел даярлануы оны ұсыну кезінде көбіне басқа тұлғаның құжаттың жалған екендігін біліп қойып, қайтарып беруімен аяқталады.
Шынайы ақша бірліктері мен бағалы қағаздарға сырттай пішіні ұқсамайтын, өрескел даярланған жалған ақша мен бағалы қағазды айналымға жіберу әрекеті Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206 және 177-баппен бағаланады. Кудрявцев В.Н.:"Өрескел даярланған жалған ақша бірліктерін түпнұсқа орнына сату шын мәнінде алдаудың ерекше түрі болып табылады. Жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не сату арнайы нормамен көрсетілген және де қылмысты жасаудағы мақсат мүлікті иемдену болмағандықтан, бұл қылмыстық әрекетті алаяқтық деп саралау қажет емес", -дейді [89,130-14166.].
Казаков-Турбовский Е.И. осы орайда былай дейді: "Жалған ақшаны жасау, сақтау, не сатудың затына жорамалдап жасалынған металл монетаны және тұрпайы даярланған қағаз ақшаны жатқызуға болмайды. Олар қоғамға онша қауіпті емес. Бұл құжатты айналымға жіберіп көру барлық уақытта жалған ақшаны сатушы, не оның сыбайласының ұсталып қалуымен аяқталады.
Тергеу және сот іс-тәжірибе
материалдарын бағалау
Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды қандай деңгейде даярлағанда шынайы түріне ұқсайтындығын анықтау шынында да қиындау. Әр адамның танымы әртүрлі, ол жалған құжаттың жасалу деңгейін де түрлі бағалауы мүмкін. Мұндай бағаланатын категориядағы түсініктер қылмысты саралауда қателіктер тудырады. Григорьева А.В. өз еңбегінде қылмыстың заты жалған ақша мен бағалы қағаздың аса шеберлікпен даярланған түпнұсқаға ұқсас болуы шарт. Оның жалған екендігі арнайы құралмен анықталады, - дейді [74,256.]. Жалған ақша бірлігі мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу арнайы норма болып көрсетілгендіктен және бір әрекетті бір баппен бағалау әділеттілік болғандықтан (идеал жиынтық емес) бұл әрекетті тек Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабымен бағалаған дұрыс шешім болар еді.
Қылмыскердің жалған ақша бірлігін, бағалы қағазды жасаудан бас тартуын дайындық пен оқталудан ажырата алған жөн. Қылмыскер қылмыс жасаудан өз еркімен бас тартса, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Мұнда тұлғаның әрекетінде басқадай қылмыс құрамының белгілерінің болмауы шарт. Түрлі себептермен қылмыс жасауға бағытталған әрекеттің тоқтап қалуымен қоғамға қауіптілік жойылады. Мұндай жағдайда қылмыстан бас тартудың негізі бар ма деген сауал туындайды. Қылмыстық әрекеттен өз еркімен бас тарту ұғымын дұрыс түсіне алу үшін мынадай сұрақтарды шешу керек:
- қылмыстан бас тарту әрекеті өз еркімен жасалынды ма, әлде мәжбүрленбеді ме;
- бұл әрекет қылмыс жасаудан бас тарту ма, әлде қылмыстық әрекетті уақытша тоқтата тұру емес пе.
Алғашқы сұраққа жауап іздеу өте қиын. Қылмыстан өз еркімен бас тартты деп есептеу үшін тұлға қылмысты өзі ойлағанындай етіп жасай алатындығына іштей сенімді болуы керек, сондай-ақ бұл әрекет қосымша қиындықтардың туындауы, не қауіптің күрт күшеюінің нәтижесі болмауы тиіс. Мұндай жағдайда тұлғаның қылмыстық әрекеттерден неліктен бас тартқанын анықтау керек. Ол үшін тұлғаның қылмыстық жауапкершіліктен қорыққанын, не көздеген мақсатына жете алмағандықтан әрекетін тоқтатқанын анықтаған жөн. Бұл тұлғаның ерікті түрде, не мәжбүрлі түрде қылмыстан бас тартқаны деп шешуге негіз болады.
Қылмыстан өз еркімен бас тартуды басталып кеткен қылмыстың дайындық бөліміндегі қылмыстық әрекеттерді уақытша тоқтата тұрудан ажырата алған жөн. Қылмыскер қылмыстық әрекетін уақытша тоқтата тұрған кезде әрекеттің қоғамға қауіптілігі жойылды деп қорытынды жасауға болмайды. Субъектіде қылмысты жалғастырмау ниеті әлі толық қалыптаса қойған жоқ, сондықтан да оны жауапкершіліктен босату асығыстық. Мысалы, азамат К. басқа тұлғалармен ұзақ уақыт бойында жалған ақша жасауға дайындалып, тиісті құралдар жинаған. Бірақ қылмысқа дайындық әрекеті ақшаның кейбір қорғаныс белгілерінің жасалуына мүмкіндіктің болмауымен тоқтап қалады. Азамат К. сол кезден қамауға алынғанға дейін екі жыл бойында қылмысты жалғастыру шараларын қарастырмайды. Ол сотта қылмыстан бас тартқандығын айтып, жауабынан жалтармайды. Қылмыс құралдарының арнайы құпия орындарда сақталғандығына сілтеме жасай отырып, сот тұлға қылмыстық әрекеттен толық бас тартпаған деп тұжырымдайды.
Мысалы, азамат Б. жалған ақшаны айналымға жіберу мақсатында үйінде ұстайды. Ол өз жолдастарынан аталған әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенімен хабардар болып, сақтап жүрген жалған ақшасын жоймақ болады да, тыққан жерінен таба алмайды. Құқық қорғау органы қызметшілерінің қолдарына азаматтың жалған ақшасы түседі. Бұл жағдайда тұлғаның қылмыстан бас тартқандығын дәлелдеу өте қиын.
Келесі жағдайда, азамат М.-ның жалған ақшаны сақтағандығын құқық қорғау органының сезгенін естіп, тез арада оны жоймақ болып жалған ақшаны тыққан жерінен іздейді, бірақ та құжатты таба алмайды. Құқық қорғау органының қызметшілері азамат М.-ның үйінен зат алу процесінде жалған ақшаны қолға түсіреді.
Соңғы жағдайда да тұлғалар жалған ақшадан арылмақ болады. Алғашқыда тұлғаның қылмыстан бас тарту жөніндегі идеясы саналы түрде өздігінен туындайды. Екінші жағдайда тұлға қылмыстан лажсыздан ерікті түрде бас тартады. Қылмыс құралының ізінің жойылуы, сондай-ақ тұлғаның қылмыстық ойдан арылуы тұлғаның қылмыстан өз еркімен бас тартқанына толық көз жеткізіп, жауапкершіліктен босатуға негіз болар еді. Тұлға жалған ақша мен бағалы қағазды жасап болғаннан кейін де қылмыстан бас тартуды ойлауы мүмкін. Сондықтан да қылмысты дұрыс саралау үшін субъектінің санасында өткен ойды (процесті) динамикада қарау маңызды. Қылмыстан бас тарту жалған ақшаны сақтау үстінде де кездесуі мүмкін. Қылмыстан бас тартуда жоғарыдағы талаптардың сақталынуы тиіс. Демек тұлға өзінде жатқан жалған ақша бірліктерін сақтаудан түбегейлі бас тартады, оны өзгеге бермей, одан арылудың жолдарын қарастырады. Сонымен біз жалған ақша мен бағалы қағазды жасау, сақтау, не айналымға жіберудің қылмыстық сатыларға бөлгендейміз.
Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыс қылмыс құрамы жағынан басқа қылмыстармен ұқсас та.
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабы - жалған ақша мен бағалы қағаздарды сату мақсатында жасау, сақтау, не сату мен Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 207-бабы - жалған төлем карточкасын және басқа да төлем-есеп құжаттарын сату мақсатында жасау, не сатудың байланысына келсек.
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 207-баптағы қылмыстың объектісі - қаржы-несие жүйесі, ал Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-баптың объектісі ақша-несие жүйесі. Материалдық мазмұнына байланысты қаржы қатынасы келесі түрлерге бөлінеді: бюджеттік, салықтық, сақтандыру саласында, несие-есеп, ақша айналымы. Яғни, қаржы-несие жүйесі мен ақша-несие жүйелері арасында байланыс бар.
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 207-бап пен Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-баптардың субъектілері - 16 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға, ҚР ҚК 207-баптың объективті жағы - тұлға жалған төлем карточкасын және басқа да төлем-есеп құжаттарын жасау, сату, тек Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бапта жасау, сату әрекеттері де бар. Алайда төлем карточкасын және басқа да төлем-есеп құжаттарын сақтаудың қауіпті екендігін ескерген де жөн. Екі баптың да субъективтік жағы - тікелей қасақаналық, құжаттарды жасау, не сақтау әрекеттерін сату мақсатында жасайды. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 207-бабының қылмыс затына толығырақ тоқталсақ, ол:
- бағалы қағаз емес төлем карточкасы (несие карта, есеп карта); I - бағалы қағаз емес басқа төлем және есеп құжаттарын (төлем талабы, төлем талап-тапсырмасы, чек, вексель, т.б.).
Чек, вексель - төлем құжат, бірақ бағалы қағаздар емес, ал РФ-да бағалы қағаз. Егер де осы төлем құрал ҚР ұлттық валютасында шығарылса, оны бүрмалап жасағаны үшін ҚК 207-бабы бойынша саралайды. Ал, шетел валютасындағы чек, вексельді жасағаны, сатқаны үшін халықаралық Конвенцияға сәйкес, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабы бойынша жауапкершілік көзделген. Демек, екі қылмыс та ұқсас, оларды түрлі валютадағы төлем құралдар байланыстырады.
ҚР валютасындағы төлем құралды (чек, вексель) жасағаны, сатқаны үшін соттылығы бар тұлға қайтадан шетел валютасындағы төлем құралды (чек, вексель) жасағанда, сатқанда, оның соттылығын саралаушы бапта ескермеуге болмайды. Бағалы қағаздар жайлы халықаралық бірыңғай түсініктің болмауынан қылмыстық әрекеттерді саралауда қайшылықтар туындайды. Қайшылықардың алдын алудың келесі жолдарын ұсынамыз: біріншісі - бағалы қағаз жайлы ортақ түсінікке келе отырып, олардың тізімдерін белгілеу, мұндай жағдай болмаса, екіншісі - бұрын Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 207-бабымен соттылығы бар тұлғаның жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасауы, сақтауы, не айналымға жіберуін ҚК 206-бабының субъектісін сипаттайтын саралаушы белгі ретінде ескеру.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-баптың 2-тармағында жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды ірі мөлшерде жасауы, сақтауы, не айналымға жіберуі немесе бұрын осы қылмысы үшін, не Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 207-бабы бойынша қылмыстар үшін соттылығы бар тұлғаның жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасауы, сақтауы, не айналымға жіберуін Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабының 2-тармағымен саралау керек деп есептейміз.
Өзбекстан Республикасының
ҚК 176-бабына 1998ж. халықтың денсаулығы
мен өмірін қорғау мақсатында жалған
акциздік марканы жасағаны, қолданғаны
үшін қылмыстық жауапкершілік көздел
Осыған орай, енді Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бап - жалған ақшалар мен бағалы қағаздарды сату мақсатында жасау, сақтау, не сату мен 208-баптардың арақатынасын анықтасақ. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабы - жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберудің объектісі - ақша және несие жүйесі болса, ҚР ҚК 208-бабы - акциз маркаларын жасау, иелену, пайдалану, не сатудың объектісі - мемлекеттің қаржы қызметі. Жоғарыда қаржы қызметінің құрамдас бөлігі ақша-несие жүйесіндегі қызметтер екендігін айттық.
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-баптың объектитік жағы - жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату болса, ал 208-бап - акциз маркасын қолдан және техника құралдарының көмегімен жасау, иелену, пайдалану, не сату. Қылмыстардың объективтік жақтары ұқсас. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 206-бабындағы қылмыстық әрекеттердің мәні, мазмұнына қарай, ҚР ҚК 208-бабында кездесетін иелену, пайдалану әрекеттерін нормада қолдану міндетті емес. Екі қылмыстық норманың субъективтік жағы - тікелей қасақаналық. Жалған құжатты жасауда, сақтауда қылмыскердің айналымға жіберу мақсаты болу керек. Субъектілері - 16 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға.
Информация о работе Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау-сақтау-не-сатуға