Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау-сақтау-не-сатуға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 21:12, дипломная работа

Описание работы

Инфляция - ақша жүйесіндегі дағдарыстың көрсеткіші. Инфляция мынадай нысанда көрінуі мүмкін:
- тауар мен қызметке төленетін құнның өсуі, ал құнның біркелкі көтерілмеуі ақшаның құнсыздануына соқтырып, оны сатып алу қабілеті төмендейді;
- шетел валютасымен салыстырғанда ұлттық ақша бірлігінің курсын төмендетеді;
- ұлттық ақша бірлігіндегі алтынның құны көтеріледі.

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................................ 3
I ТАРАУ. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатуға криминологиялық сипаттама.
1.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың динамикасы, жалпы жағдайы мен құрылымы................................................6
1.2 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың
себептері мен қылмыстарға жол беретін жағдайлар......................................12
1.3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасаушы, сақтаушы, не сатушы қылмыскердің тұлғасы......................................................................................18
II ТАРАУ. Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың алдын алу шаралары
2.1 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сату жөніндегі қылмыстардың алдын алудың түсінігі және оның
түрлері.................................................................................................................25
2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, оның құрылымдары, Қазақстан Республикасы қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және бақылау Агенттігі - қылмыстардың алдын алу субъектісі ретінде.............. 35
2.3 Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасағаны, сақтағаны,
не сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік..................................................44
Қорытынды.........................................................................................................72
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................76

Файлы: 1 файл

Дип.-Жалған-ақша-мен-бағалы-қағаздарды-жасау-сақтау-не-сатуға-криминология.doc

— 785.00 Кб (Скачать файл)

Қылмыс құрамының келесі элементі - қылмыстық объективтік жағы. Қылмыстың объективтік жағы - бұл қылмыстық құқықпен қорғалатын объектілерге қолсұғатын, заңмен көрсетілген қоғамға қауіпті әрекеттердің сыртқы белгілерінің жиынтығы. Қылмыстық құқық оқулықтарында қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілерге мыналар жатады:

- қоғамға қауіпті әрекет  пен әрекетсіздік;

- қоғамға қауіпті зардап;

- әрекет, әрекетсіздік  пен зардап арасындағы себепті  байланыс;

- уақыт, орын, жағдай, әдісі, құралы.

Кудрявцев В.Н.:"Кез-келген қылмыстың объективті жағы сырттай қарағанда субъектінің қылмыстық әрекетімен басталып, қылмыстық нәтиже берумен аяқталынатын, оқиғалар мен құбылыстардың кезектілігінен тұратын, заңмен қорғалынатын мүддемен байланысты қоғамға қауіпті заңсыз қолсұғушылық процес болып табылады", дейді [75,50-6066.].

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу жөніндегі қылмыстардың объективтік жағының негізгі  элементінің бірі - жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды сақтау және айналымға жіберу әрекеттері.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау. Жалған құжатты жасау туралы мәліметтерді (міндетті реквизиттер туралы) пайдаланып, қажетті құралдарымен жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздар құрастырылады, даярланады, яғни құжаттар заңсыз жолмен эмиссияланады. ҚР қылмыстық заңы бойынша "құжатты бұрмалау" (подлог) және "қолдан жасау" подделка ұғымдарының ерекшелігі бар. "Қолдан жасау" (подлог) - жасалынған ақшаның шынайы ақшамен ұқсастығының болуы ғана қылмыс болып табылады. "Қолдан жасау" (подделка) қасақана тек арнайы құралдың көмегімен жоғары сапада шынайыға ұқсайтын ақша бірлігін даярлау болып табылады. Қылмыстық құқықта "құжатты бұрмалаудың" екі түрі бар: материалды және құжаттың мазмұнын бұрмалау. Құжаттың мазмұнын бұрмалағаны үшін тек лауазымды тұлғалар ғана жауапкершілікке тартылады. Мұнда құжаттың сыртқы белгілері (реквизиттері) сақталынады да, құжаттың мазмұнындағы ақиқат бұрмаланады. Құжаттың мазмұнын бұрмалауды анықтау үшін криминалистік сараптама тағайындамайды. Материалды құжатты бұрмалағанда шынайы құжаттың мазмұны өзгертіледі. Құжаттың жалған екендігін анықтау үшін криминалистік сараптаманың қорытындысының болуы шарт.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды сақтау. Қылмыскер жалған құжатты болашақта айналымға жіберуді көздеп, белгілі жағдайда орында оны ұстай тұрады, иемденеді. Бұл әрекет жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау мен сату әрекеттерімен салыстырғанда белсенді емес.

Қылмыскер өзі жасаған, не даярлаушыдан, не сатушыдан алған, не басқа тұлғадан өз қолына келіп түскен құжатты сәті түскен уақытта айналымға жіберу мақсатымен белгілі орында ұстап отырады, не басқа тұлғаға береді. Сақтаушы құжаттың жалған ақша мен бағалы қағаз екендігін білуі тиіс.

Жалган ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды сату (айналымға жіберу). Жалған құжатты сату сатысында қылмыскер жалған ақша мен бағалы қағазды шынайы (түпнұсқа орнына) ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың орнына басқа тұлғаға тапсырады, сыйға тартады, қарызға береді, алмастырады, қарызға береді, кепілге қояды, еңбек ақысына береді және тағы да басқалар. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды сату - активті қылмыстық әрекет. Қылмыстық құқықта сату дегеніміз құжаттты айналымға ақылы, не ақысыз нысанда беру болып табылады.

Буклерова А.А. жалған құжатты сатуды заңсыз жолмен басқаға беру деп түсінеді [76,926.]. Ожегов С.И.-дің орыс түсіндірме сөздігінде [77,6076.], сату (сбыт) - дайын өнімді сату, ал продажа (сату) - басқа тұлғаға ақыға беру [77,5276.]; айналымға жіберу алмасу процесінде, пайдалануда бөлу дегенді білдіреді. Ал қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде [78,616.], "Сату"- 1. Затты өз құнына тұратын ақшаға беру, саудалау, 2. Ауыстыру, Айырбастау; "айырбастау" - а) бір заттың орнына басқа екінші затты алмастыру. ә) сату -өзгерту, ауыстыру деген мағынаны береді.

Солопанов Ю.В. өз еңбегінде "сату" ұғымының орнына жалған ақша мен бағалы қағазды "айналымға жіберу" ұғымын қолданады [5,55-5766.]. Поленов Г.Ф. жалған құжатты пайдаланудың сату ұғымынан ерекшелігі сол, сатуда жалған құжат ақыға беріледі деп, жалған ақша мен бағалы қағазды келесі тұлғаға тегін беруді сату ұғымына кіргізбейді [79,416.].

"Сату" ұғымы әдетте, тұтынушыға кез келген нәрсені ақыға беру деген мағынаны береді. Қылмыстық құқықта жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың бір тұлғадан екінші тұлғаға ақылы, ақысыз нысанда көшеді, яғни "сату" ұғымы орнына "айналымға жіберу" ұғымын қолданған жөн деп есептейміз.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың жойылу негіздері  төмендегідей болуы мүмкін:

- ақша реформасының  жүруі (жаңа ақша түрінің енуі);

- жалған ақша мен  бағалы қағаздың әрі қарай  айналымда жүруге жарамауы, тозуы;

- қолдануға жарамай  құжаттың зақымдануы;

- құқық қорғау органымен,  басқа тұлғалармен, не қылмыскермен  жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың жойылуы.

Іс-тәжірибеден мысал  келтірсек, ОҚО Шымкент қалалық  сотында ҚР ҚК 206-бабы 1-тармағымен қылмыстық  іс қаралған (1999ж. 20. 05).            Абданбекова А. атты азаматша "жоғары" базарда орналасқан шайханада аспазшы болып істеп жүріп, жұмыс орнында бұрын танымайтын тергеу жолымен анықталмаған, екі қазақ кісіге тамақ берген соң, олардан арзан бағамен келісім бойынша 200$ АҚШ долларын қабылдап, тамақ ақысын алып қалып, қалған соманы қайтарады. Азаматша Абданбекова шетел валютасын сатып алған соң, зиян орнын толтырып алу мақсатында өзінде сақтайды. Ақша сұрап келген ұлына ақшаның жалған екенін айтпай, өзінің қылмыстық әрекеттерін іске асыру үшін 200$ АҚШ долларын беріп, "өзіңе керек ақшаны алып қалып, қалған ақшаны айырбастап, өзіме қайтарып бер" деп, беріп жібереді. Ұлы Абданбеков Б. жалған ақшаны сатып, құқық қорғау органы қызметшілерімен ұсталады.

Сот процесінде Абданбеков Б-ның ақшаның жалған екендігін  білмегені анықталып, анасы Абданбекова  жалған ақшаны сату мақсатында сақтағаны және айналымға жібергені үшін ҚР ҚК 206-бабымен бас бостандығынан шартты түрде айрылады.

2000 жылы Шымкент қалалық  сотында Алмұратова С.Т.,                Мамытова Д.Ш., Шуренов К.М. ҚР ҚК 206-бабымен айыпталған қылмыстық ісі қаралады. Іс бойынша Алмуратов С. туысы Мамытов Д.- да жалған акция долларының бар екенін біліп, сатуға келіседі. Алмуратов С. танысы          Шуренов К.-мен базарға өткізбек болады. Мамытовтың жұбайы базарда тұз сату кезінде жалған 100 долларға алданған. Шуренов К. пен Алмуратовты Аюков А. күтіп тұрады да, Аюков А. ақшаны алып дәріханаға дәрі сатып алуға кіреді. Дәріханадан шығар есікте қылмыскер ОҚО ІІБ 9-Бас Басқармасының қызметшісімен ұсталынады. Аюков А. даярланып жатқан қылмыс туралы алдын ала құқық қорғау органына ескерткен болады.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не айналымға жіберу сынды қоғамға  қауіпті әрекеттер жекеленген жағдайда бөлек кездессе де жеке қылмысты құрайды. Бұл әрекеттер бір тұлғаның бойынан табылып, бір қылмыстық оқиғаны құрайтын болса, бұл әрекеттердің жиынтығы бір қылмыс құрамын береді. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасаушы мен сақтаушы бір тұлғаның бойында кездессе, онда жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасау мен сақтау моменттерін бөлек айырудың қажеті жоқ. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды сақтау мен айналымға жіберуде сондай. Мұндай әрекеттер жаза тағайындауда ескеріледі.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың бір тұлғадан екінші тұлғаға көшу мүмкіндігінің  варианттары төмендегідей:

- жалған ақша бірліктері  мен бағалы қағаздарды жасаушы  құжаттың жалған екендігін басқа  білмейтін тұлғаға шын ақша  мен бағалы қағаз ретінде береді;

- жалған ақша бірліктері  мен бағалы қағаздарды жасаған  тұлға құжаттың жалған екендігін  білетін тұлғаға береді;

- ақша бірліктері мен  бағалы қағаздардың жалған екенін  білмей, бір тұлғадан алып келесі  білмейтін тұлғаға береді;

- ақша бірліктері мен  бағалы қағаздардың жалған екенін  біліп алып, білмейтін тұлғаға  шын құжат ретінде ұсынады;

- ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың жалған екендігін білмей алып, жалған екендігін білетін тұлғаға береді.

Жалған ақша бірліктерін, бағалы қағаздарды алғашында түпнұсқа деп қабылдап, кейін шығынсыз арылуды көздеп, келесі тұлғаға жалған құжатты ұсынуды Солопанов Ю.В. "жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың әрі қарай берілуі" (дальнейшая передача фалыпивых денег) деген атау бере отырып, тұлғаны "кездейсоқ сатушы",- дейді [5,326.]. Мұндай әрекетті Максимов С.В. мен Гаухман Л.Р. жалған ақша мен бағалы қағазды сату деп саралайды [72,826.].

Қылмыс құралын қылмыс заты ұғымынан ажырата алу керек. Қылмыс заты - қылмыстық әрекет әсер еткен мүлік болса, қылмыстың  құралы - бұл субъектінің қылмыстық  әрекетін жүзеге асыруына көмекші себепші  болатын мүлік, не олардың комплексі. Түсіндірме сөздікте "құрал" ұғымы екі мағынаны береді: 1) құрал - мақсатқа жетудің жолы, 2) құрал-жабдық - қызметті жүзеге асыруда қолданылатын зат [78,55-5766.]. Филологияда "құрал" термині кең және тар мағынада пайдаланады. Көпшілік криминологтар бұл ұғымды қылмыс жасау үшін қолданылатын мүлік (құжат, механизм, сондай-ақ қандай-ақ қандай да материалдық дүние) деп түсінеді.

Қылмыс нормасына түсініктеме  бергенде аталған қылмыстың құралын әр жағдайға қатысты нақтылап көрсеткен жөн. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасауда қылмыстың құралы техникалық құрал, көшірме құрал, қағаз, қайшы және тағы басқалар болса, сақтау кезінде қылмыс құралы - қалта, кітап, қойма, т.б., жалған ақша мен бағалы қағазды айналымға жіберудің құралы, сол жалған ақша мен бағалы қағаздың өзі болады. Мұнан, ҚР ҚК 206-бабының қылмыс құралы қылмыстық әрекет түрлеріне қарай әркелкі болатынын байқаймыз.

Қылмыстың әдісі - қылмыстың  объективті жағын сипаттайтын белгі. Қылмысты жасаудың әдісі мен құралы бір-бірінен бөлек, бірақ тығыз байланысты ұғымдар. Қылмыстың әдісі деп қылмысты жасау кезінде сүйенетін жоспарланған әрекеттердің бағдарламасын (әдісін) айтады [80,416.]. Қылмыстық құқық нормасы диспозициясында қылмыстық әрекетті жасаудың әдісі туралы сөз қозғалмайды. Әдіс түрлі қылмыстық істерде анықтауға тиісті мән-жайлар болып табылады.

Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды жасаудың толық  және ішінара әдістері болады. Толық  даярлау әдістері төмендегідей болып  келеді: суретін салу, фотобейнесін түсіру, көшірмесін алу (электрографиялық), полиграфиялық және басқа да әдістер.

Полиграфиялық әдіс. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды баспа нысанында (матриц, клиш және т.б.) даярлайды және тираждайды. Құжат  өндірісте және қолдан да жасалынуы  мүмкін.

Электрографиялық әдісте жалған құжат арнайы көшірме-көбейткіш құралдарының көмегімен жасалынады.

Фотосуретке түсіру әдісі. Жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздарды осы әдіспен даярлағанда  қылмыскер жалған ақша мен бағалы қағаздың екі бетін де суретке  түсіріп алады. Даярлау барысында түрлі химикаттар қолданылады. Суреттің бет жағын бөліп алып, оны ақша мен бағалы қағаздың форматындай жұқа бархатты қағазға желімдейді.

Көшірме әдісінде жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың  бейнесін сулап, жұқа таза қағазға тікелей, не клише арқылы бояуын жұқтырады, яғни ақша мен бағалы қағаздың бейнесін түсіреді.

Суретін салу әдісі екі  түрлі болады: құжаттағы суреттің ұсақ детальдарына дейін салу, кейбір негізгі белгілерін ұқсатып салу. Мұндай әдістерді көп жағдайда суретшілер қолданады.

Кейде суретшілер шынайы ақша мен бағалы қағазды екіге бөліп, суретсіз қалған қағаз бетін престеп, үстінен сурет салады, алайда жалған ақшаның беті жүқарады. Ұқыптап қараған адамға суретін салу әдісімен даярланған жалған ақша бірліктері мен бағалы қағаздардың азды кемшіліктері байқалынады.

Ақша бірлігінің номиналды құнын көтеру үшін жаңа элементтерді желімдеу, реактивпен жеке элементтерін жойып, тазалап, тиісті бөлігін толықтырады, қағазды бөлшектеп кесіп, түрлі құндағы купюрді жинақтаудың түрі де қолданылады. Қылмыскер мұнда шынайы ақша бірлігін бөлшектейді немесе ортасынан бөледі де, қолдан жасап алған бөлігіне желімдейді. Шынайы ақша бірлігін жартысына келесі қолдан жасалған бөлігінің сәйкестендіріп желімдеуі деңгейіне қарай бұл әрекет сараланады.

Жинақтау әдісімен құрылған жалған құжат соңына дейін жасалынбауы да мүмкін. Егер де шынайы ақша бірлігінің бір бетінде ақша бейнесі көрсетілмесе, онда ол айналымда жүру мүмкіндігінен айырылады. Бірақ ондай жалған ақшалардың айналымда кездесуі де мүмкін.

Металл монетаны негізінен қалыпқа құю, мөртаңбалау, және гальванды әдіспен даярлайды. Метал монетаның қалпын жасау үшін медициналық гипс, цемент қолданылады, кейде металдың өзінен де даярлайды. Даяр болған қалыпқа балқыған металл құйылады, оны суытып, қалыптан шығарған соң, үстінен түзетулер енгізеді.

Мөртаңбалауда метал  кейіндегі мықты металдың алдыңғы  және кері беттері матрицамен даярланады.

Гальванды әдіс бойынша  жалған монета металды электронды токтың көмегімен түзету арқылы даярланады. Металл бетіне жұқа пленка жабыстырылады.

Жалған құжатты ішінара  түзеуге де болады. Құжатты ішінара  түзеуде құжаттың жекеленген белгілері  түзетіледі. Жалған ақша бірліктері мен  бағалы қағаздар екі түрлі сапада даярланады: шынайыға сырттай өте ұқсас, өрескел даярланған.

Ақша бірліктері мен бағалы қағаздар белгілі көлемде, сапада, тиісті материалмен, бояумен, ал металл ақша стандартқа сай салмақта даярланды. Қағаз ақшаның әрбіріне жеке нөмір, серия тағайындалады. Ақша және бағалы қағаздағы белгілер құнына қарай әркелкі. Ақша - құжат, алтынның белгісі, айналым құралы функциясында оның өлшемін білдіреді. Құжатта міндетті реквизиттері көрсетіледі. Басқа реквизиттер ақша бірлігінің қосымша белгілерін құрайды. Бұл белгілер қорғанудың құралы болып табылады.

Интерполдың ҚР Ұлттық Бюросына жіберілетін жалған ақшаны айналымда табылуы фактісін есепке алу жөніндегі 88-1/Ғ құжат түрінде мынадай ескерту бар: ақ-қара түсті, фотосурет, порнография банкноттары, тауарға жарнама банкноттар, жоқ мемлекеттің банкноттары Интерполмен қабылданбайды, тек клише, не түрлі-түсті фотокөшірме аппаратпен даярланған жалған банкнотар қабылдануға жатады [81,3046.]. Бұл да соңғы айтылған пікірге дәлел.

Информация о работе Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау-сақтау-не-сатуға