Жоспарлау әдістерінің кәсіпорынға әсер етуінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2015 в 21:47, курсовая работа

Описание работы

Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының қызметкерлері жұмыстың жөндеуаралық кезеңін барынша ұзартып және ұңғымалардың пайдалану коэффициентін арттырып отыратын, олардың бекітілген технологиялық режимдегі жұмысын қамтамасыз етіп, ұңғымалардың сапалы жөндеуіне және мұнайды қосынды өндіру мөлшерінің артуына кепілдік беретін шараларды жүйелі түрде әзірлеп және жүзеге асырып отыруы тиіс. Жерасты жөндеулері пайдалану шығындарының есебінен жүргізіледі, соңғыларына сол жөндеулер орындалған кезеңдегі мұнай мен газдың өзіндік құнына арнайы бап түрінде енгізіледі.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................

МҰНАЙ ГАЗ ӨНДІРУ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ҚАЗІРГІ КҮЙІ............................................................

Мұнай өндіру кәсіпорны – Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің негізгі буыны.....................................................
Өндіріс процесін ұйымдастыру және мұнай өңдеу кәсіпорындарының өндірістік құрылымы....................................................................................
Негізгі және қосалқы өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау...............

КОМПАНИЯНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОҒАН БАҒА БЕРУ......................................

Телекоммуникация мен байланыстың жағдайына жалпы сипаттама.......................................................................................................
Барлық байланыс түрлерімен қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру.................................................................................................
Қазақстан нарығында телекоммуникация мен байланыстарды бағалау және талдау...................................................................................................

ЖОСПАРЛАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ – МҰНАЙ ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ.......................................................................

Жоспарлау әдістерінің кәсіпорынға әсер етуінің ерекшеліктері.............
Пайда – кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің маңызды көрсеткіштерінің бірі....................................................................................
Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау...................

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................

Файлы: 1 файл

Дип.-ЖОСПАРЛАУ-ӘДІСТЕРІН-ЖЕТІЛДІРУ-–-МҰНАЙ-ӨНДІРУШІ-КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ-ПАЙДАСЫ-МЕН-РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН- (1).doc

— 442.00 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ......................................................................................................................

 

  1. МҰНАЙ ГАЗ ӨНДІРУ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ҚАЗІРГІ КҮЙІ............................................................

 

    1. Мұнай өндіру кәсіпорны – Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің негізгі буыны.....................................................
    2. Өндіріс процесін ұйымдастыру және мұнай өңдеу кәсіпорындарының өндірістік құрылымы....................................................................................
    3. Негізгі және қосалқы өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау...............

 

  1. КОМПАНИЯНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОҒАН БАҒА БЕРУ......................................

 

    1. Телекоммуникация мен байланыстың жағдайына жалпы сипаттама.......................................................................................................
    2. Барлық байланыс түрлерімен қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру.................................................................................................
    3. Қазақстан нарығында телекоммуникация мен байланыстарды бағалау және талдау...................................................................................................

 

  1. ЖОСПАРЛАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ – МҰНАЙ ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ.......................................................................

 

    1. Жоспарлау әдістерінің кәсіпорынға әсер етуінің ерекшеліктері.............
    2. Пайда – кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің маңызды көрсеткіштерінің бірі....................................................................................
    3. Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау...................

 

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу мақсаты. Қазіргі нарық қатынасына көшіп жатқан кезде өнім, жұмыс және қызмет көрсету сапасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің ең негізгі көрсеткіші. Адамның ұдайы өсіп келе жатқан және біртұтас қоғамның сұранысы сапасыз ешқашанда қанағаттандырылмайды. Сапа экономиканың жетілгенін аңғартатын көрсеткіш. Қандай да бір кәсіпорын өндірген өнімнің сапасы жоғары болған сайын пайдасы да жоғары болады. Өнеркәсісптің тиімді өндірістік-шаруашылық әрекеттілігінің маңызды жинақтаушы көрсеткішіне өндірістің табысы жатады. Жалпы айтқанда, пайда – материалдық өндіріс саласында кәсіпорын қызметкерлерінің қосымша еңбегімен құрылатын таза табыстың бір бөлігі. Жоспарлық пайданың көлемі өнімді кәсіпорынның көтерме бағалары бойынша өткізуден түскен түсім мен өнімнің жоспарлы өзіндік құнының арасындағы айырма ретінде белгіленеді. Егер пайда кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінен абсолюттік әсерді көрсетсе, рентабельділік кәсіпорынға бекітілген өндірістік қорларды қолданудың тиімділік дәрежесін сипаттайды. Іс-әрекеттің тиімділігіне баға берудің критериі ретінде қарастырылатын жалпылама көрсеткіштің болуы кәсіпорынның қаржылық және экономикалық күйінің толық бейнесін құруға мүмкіндік береді.

Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының қызметкерлері жұмыстың жөндеуаралық кезеңін барынша ұзартып және ұңғымалардың пайдалану коэффициентін арттырып отыратын, олардың бекітілген технологиялық режимдегі жұмысын қамтамасыз етіп, ұңғымалардың сапалы жөндеуіне және мұнайды қосынды өндіру мөлшерінің артуына кепілдік беретін шараларды жүйелі түрде әзірлеп және жүзеге асырып отыруы тиіс. Жерасты жөндеулері пайдалану шығындарының есебінен жүргізіледі, соңғыларына сол жөндеулер орындалған кезеңдегі мұнай мен газдың өзіндік құнына арнайы бап түрінде енгізіледі.

Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешені еліміздің халық шаруашлығының аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол өз құрамында отын ресурстарының өндірісі мен өңделуін, оларды түрлендіру мен тікелей жеткізушілерге пайдалану үшін қолайлы болатындай түрінде және белгілі бір сапалық параметрлерімен жеткізуді қамтамасыз ететін кәсіпорындарды, ұйымдарды, құрылыстар мен технологиялық объектілерді біріктіреді. Қазақстан өзінің табиғи ресурстарының есебінен өзін отын-энергетикалық ресурстармен толықтай қамтамасыз етіп және отынды республиканың аймағынан тыс шығару және электрқуатының берілісін жүзеге асыра алады. Қазақстанның ресурстар мен энергия сыйымдылығының жоғары дәрежесімен сипатталатын халық шаруашылығының қалыптасқан құрылымы отын-энергетикалық шикізатын ұтымды пайдалануды қажет етеді. Қазіргі кезде отын-энергетикалық ресурстардың басым бөлігі тікелей отын және энергия ретінде тұтынылуда, соның өзінде оларды прогрессивті бағыттар бойынша тұтыну мөлшері тым төмен (34,1%). Отын-энергетикалық ресурстардың небәрі 0,3%-ы ғана химиялық және мұнай-химия өнімдерінің өндірісіне жұмсалуда.

2004 жылы отын-энергетикалық кешен әлемдік энергия тасымалдағыштар нарығындағы жағымды жағдай орын алған кезде дамыған болатын. Әлемдік сауда алаңшаларындағы мұнайдың бағасы өсіп отырды. Осыған ұқсас жағдай әлемдік энергетикалық және коксталушы көмір нарығында да орын алған болатын.

Зерттеу заты. Республикамызда көмір, мұнай, газ, гидроресурстар, жанғыш тақтатастар, гидротермальдік түрлер бар. Отын өндірісі аса жағымды техникалық-экономикалық көрсеткіштермен сипатталуда. Екібастұз алабындағы көмір өндірісінің жоғары дәрежедегі үнемділігі баршаға мәлім, Қазақстанның аса бай мұнай және газ кеніштерінің тау-геологиялық және экономикалық көрсеткіштері бірегей болып келеді. Мұнай, газ мен көмірдің жалпы қоры шамамен алғанда мұнай эквивалентінің 13,0 млрд. теңгесін (м.э.т.) немесе бірлігіне, б.а. жан басына 722 м.э.т. құрайды. Бұл көрсеткіштер бойынша Қазақстан әлемдегі бірінші ондыққа кіреді Отынның оны өңдеу, сақтау және тасымалдау кезіндегі шығындары едәуір болып келеді, олар газ бойынша 32%, мұнай бойынша – 29%-дан артық, көмір бойынша – 13% құрайды. Жуық шетел елдерімен нарыққа көшу кезінде шаруашылық қатынастардың бұзылуы жағдайларында дербес энергетикалық жүйені қалыптастырып, дайын өнімді алуға дейін өз отындық шикізатының өңделуін ұйымдастыру қажет. Қазақстанда электроэнергетикасын дамыту ісін көмір, су ресурстары тәрізді дәстүрлі көздердің өзіндік базасына негізделумен жүзеге асыру керек.

Отын энергетика кешені салаларының жалпы өнеркәсіптік өсіп-өркендеуге қосқан үлесі, сондай-ақ олардың жалпы ішкі өнімдегі алатын меншікті салмағы артты. Мысалы, 2004 жылы отын-энергетикалық пайдалы қазбалар өндірісінің жалпы өнеркәсіптік өсіп-өркендеуге қосқан үлесі шамамен 18%-ды, ал кокс пен мұнай өнімдерінің өндірісі – 3,7% құрады. Республиканың алдында тұрған экономиканы құрылымдық, техникалық және ұйымдастыру-шаруашылық қайта құрумен байланысты болып келетін стратегиялық мәселелерді шешудің қажеттігіне негізделсек, салыстырмалы түрде шектелген және салыстырмалы түрде қымбат болып келетін отын ресурстарын пайдаланудан оған қарағанда шектеулігі төмен және бағасы арзан отын ресурстарын пайдалануға көшу қажет етіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. МҰНАЙ ГАЗ ӨНДІРУ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ҚАЗІРГІ КҮЙІ

 

1.1 Мұнай өндіру кәсіпорны – Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің негізгі буыны.

 

Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешені еліміздің халық шаруашлығының аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол өз құрамында отын ресурстарының өндірісі мен өңделуін, оларды түрлендіру мен тікелей жеткізушілерге пайдалану үшін қолайлы болатындай түрінде және белгілі бір сапалық параметрлерімен жеткізуді қамтамасыз ететін кәсіпорындарды, ұйымдарды, құрылыстар мен технологиялық объектілерді біріктіреді.

Қазақстан өзінің табиғи ресурстарының есебінен өзін отын-энергетикалық ресурстармен толықтай қамтамасыз етіп және отынды республиканың аймағынан тыс шығару және электрқуатының берілісін жүзеге асыра алады. Мысалы, отын-энергетикалық ресурстарын меншікті өндірудің көлемі оларды жұмсау көлемінен 15,6%-ға асады. Көмір бойынша оны республикадан тыс шығарып әкету көлемі 42% құрайды, бұл оны тұтыну көлемінен 1,5 есе асады. Мұнай өндірісі оның тұтыну мөлшерінен 1.4 есе асады. Республикамызда көмір, мұнай, газ, гидроресурстар, жанғыш тақтатастар, гидротермальдік түрлер бар. Отын өндірісі аса жағымды техникалық-экономикалық көрсеткіштермен сипатталуда. Екібастұз алабындағы көмір өндірісінің жоғары дәрежедегі үнемділігі баршаға мәлім. Қазақстанның аса бай мұнай және газ кеніштерінің тау-геологиялық және экономикалық көрсеткіштері бірегей болып келеді. Мұнай, газ мен көмірдің жалпы қоры шамамен алғанда мұнай эквивалентінің 13,0 млрд. теңгесін (м.э.т.) немесе бірлігіне, б.а. жан басына 722 м.э.т. құрайды. Бұл көрсеткіштер бойынша Қазақстан әлемдегі бірінші ондыққа кіреді. Алайда отын-энергетикалық ресурстар республиканың аймағы бойынша аса шашыраңқы түрде орналасқан. Мысалы, қолданыстағы көмір кеніштерінің 100%-ы Орталық және Солтүстік-Қазақстанда, мұнай мен газ кеніштері – Батыс Қазақстанда, ал гидроресурстардың 90%-дан артық бөлігі Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда орналасқан. Бұл жағдай республиканың жекелеген аудандарының отын-энергетикалық қамсыздандырылуына әсерін тигізеді.


Сурет 1 – 2004 жылдың отын және электроэнергияның негізгі түрлеріне қойылған өндірушілердің баға индексі  (% бойынша)

 

Отын энергетикалық кешенін дамыту барлық халық шаруашылықтық мәселелерді шешудің негізі болып табылады, сондықтан Қазақстанның энергетикалық бағдарламасында келесідегідей ұйымдастыру-экономикалық шаралары ескерілуі тиіс: 

• отын энергетикалық кешені мен соған байланысты болып келетін салаларды оларды дамытуға арнап материалдық және қаржылық ресурстарды көбірек бөлу арқылы нығайту;

   • республиканың өндірістік күштерінің орналасуын отын тұтынушыларды Қазақстанның негізгі отын-эенергетикалық базаларына жақындату бағытында жетілдіру;

•  отын энергетикалық кешені салаларында нарықтық механизмдерді өндіріс арқылы реттеумен әзірлеу;

• өзінде мұнай, газ, көмір және т.б. өндіріс көлемінің негізгі өсімі қамтамасыз етілетін Батыс және Солтүстік-Шығыс Қазақстан аудандарынан энергетикалық ресурстарды тасымалдаудың әртүрлі әдістерін әзірлеу.

Салааралық байланыстардың тармақталуы, отын энергетикалық кешені кәсіпорындарының ұзақ мерзімді құрылысы Қазақстанның отын-энергетикалық теңгерілімінің құрылымын жетілдіру мәселесінің ауырлығына негіз болуда. Республиканың алдында тұрған экономиканы құрылымдық, техникалық және ұйымдастыру-шаруашылық қайта құрумен байланысты болып келетін стратегиялық мәселелерді шешудің қажеттігіне негізделсек, салыстырмалы түрде шектелген және салыстырмалы түрде қымбат болып келетін отын ресурстарын пайдаланудан оған қарағанда шектеулігі төмен және бағасы арзан отын ресурстарын пайдалануға көшу қажет етіледі. Қазақстанның ресурстар мен энергия сыйымдылығының жоғары дәрежесімен сипатталатын халық шаруашылығының қалыптасқан құрылымы отын-энергетикалық шикізатын ұтымды пайдалануды қажет етеді.    Қазіргі кезде отын-энергетикалық ресурстардың басым бөлігі тікелей отын және энергия ретінде тұтынылуда, соның өзінде оларды прогрессивті бағыттар бойынша тұтыну мөлшері тым төмен (34,1%). Отын-энергетикалық ресурстардың небәрі 0,3%-ы ғана химиялық және мұнай-химия өнімдерінің өндірісіне жұмсалуда. Отынның оны өңдеу, сақтау және тасымалдау кезіндегі шығындары едәуір болып келеді, олар газ бойынша 32%, мұнай бойынша – 29%-дан артық, көмір бойынша – 13% құрайды. Жуық шетел елдерімен нарыққа көшу кезінде шаруашылық қатынастардың бұзылуы жағдайларында дербес энергетикалық жүйені қалыптастырып, дайын өнімді алуға дейін өз отындық шикізатының өңделуін ұйымдастыру қажет. Қазақстанда электроэнергетикасын дамыту ісін көмір, су ресурстары тәрізді дәстүрлі көздердің өзіндік базасына негізделумен жүзеге асыру керек. Мұнай өңдеу өнеркәсібінде алғашқы кезектегі мәселеге Павлодар және Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыттарын өзіміздің шикізатпен қамтамасыз ету, сондай-ақ мұнай өңдеу өнімдерінің өз еліміздегі өндірісін арттыру мәселесі жатады. Республикадағы отын-энергетикалық кешенінің ерекшелігі сол, ол елдің ішіне қарағанда іргелес жатқан республикалардың отын-энергетикалық кешенімен неғұрлым көбірек ықпалдасқан. Бұл келесідегідей себептермен түсіндіріледі:

• шикі мұнайдың өз еліміздегі өндірісі мен мұнай өңдеу зауыттарының        қуаттылықтары оларды өңдеу үшін жеткілікті болса да республика мұнай өнімдерін сырттан әкеледі;

• Батыс Қазақстанның шикі мұнайы әрекеттегі мұнай құбырлары бойынша Ресейдің Еділ жағалауы аумағына жеткізіледі, ал республикамыздың Солтүстік-Шығыс және Оңтүстік кәсіпорындары батыс-сібір мұнайын сырттан әкеледі;

• Батыс Қазақстанның газы Ресейге экспортталады, ал ішкі қолданысқа арнап газ Орта Азия мен Ресейден әкелінеді.

2004 жылы отын-энергетикалық  кешен әлемдік энергия тасымалдағыштар  нарығындағы жағымды жағдай орын  алған кезде дамыған болатын. Әлемдік сауда алаңшаларындағы мұнайдың бағасы өсіп отырды. Осыған ұқсас жағдай әлемдік энергетикалық және коксталушы көмір нарығында да орын алған болатын.

Нәтижесінде 2004 жылы отын-энергетика кешені салаларының жекелеген макроэкономикалық көрсеткіштерге ықпалының күшейгендігі байқалған болатын. Отын энергетика кешені салаларының жалпы өнеркәсіптік өсіп-өркендеуге қосқан үлесі, сондай-ақ олардың жалпы ішкі өнімдегі алатын меншікті салмағы артты. Мысалы, 2004 жылы отын-энергетикалық пайдалы қазбалар өндірісінің жалпы өнеркәсіптік өсіп-өркендеуге қосқан үлесі шамамен 18%-ды, ал кокс пен мұнай өнімдерінің өндірісі – 3,7% құрады. «Электрқуатын, газ бен суды өндіру және үлестіру» атты іс-әрекетін бойынша өндіріс серпіні әлі күнге дейін салыстырмалы түрде қалыпты болып келеді, сол себептен оның өнеркәсіп өндірісіне қосқан үлесі шамалы ғана болып отыр.


Сурет 2 – 2004 жылдың отын-энергетикалық өнімдерінің өндіріс динамикасы (%   бойынша)

 

1.2 Өндіріс процесін ұйымдастыру және мұнай өңдеу кәсіпорын-дарының өндірістік құрылымы

 

Әр кәсіпорынның іс-әрекетінің негізін өндірістік процесс құрайды. Кез келген түрдегі өндірістік процесс – бұл өзара байланысқан еңбек процестерінің, техникалық және табиғи процестерінің жиынтығы. Еңбек процесіне еңбек, сондай-ақ оның заты мен құралы жатады. Еңбек процесінің нәтижесіне еңбек өнімі, б.а. адамның еңбек құралдары көмегімен мақсатқа лайықты іс-әрекетінің әсерімен еңбек затының алдын-ала көзделген өзгертілуі.

Технологиялық процесс – бұл еңбек затының сапалы (физикалық-химиялық және механикалық) (түрінің, көлемінің, күйінің, орналасуының, физикалық-химиялық қасиеттерінің, сыртқы пішінінің және т.б.) өзгерістері, олар адамның еңбек затына сол не өзге түрдегі еңбек құралдарын қолданумен әсер етуінен болады. Еңбек заты адамның тікелей қатысуынсыз табиғат күштерінің әсер етуімен, атап айтқанда табиғи процесстер кезінде де өзгеруі мүмкін.

Информация о работе Жоспарлау әдістерінің кәсіпорынға әсер етуінің ерекшеліктері