Жоспарлау әдістерінің кәсіпорынға әсер етуінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2015 в 21:47, курсовая работа

Описание работы

Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының қызметкерлері жұмыстың жөндеуаралық кезеңін барынша ұзартып және ұңғымалардың пайдалану коэффициентін арттырып отыратын, олардың бекітілген технологиялық режимдегі жұмысын қамтамасыз етіп, ұңғымалардың сапалы жөндеуіне және мұнайды қосынды өндіру мөлшерінің артуына кепілдік беретін шараларды жүйелі түрде әзірлеп және жүзеге асырып отыруы тиіс. Жерасты жөндеулері пайдалану шығындарының есебінен жүргізіледі, соңғыларына сол жөндеулер орындалған кезеңдегі мұнай мен газдың өзіндік құнына арнайы бап түрінде енгізіледі.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................

МҰНАЙ ГАЗ ӨНДІРУ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ҚАЗІРГІ КҮЙІ............................................................

Мұнай өндіру кәсіпорны – Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің негізгі буыны.....................................................
Өндіріс процесін ұйымдастыру және мұнай өңдеу кәсіпорындарының өндірістік құрылымы....................................................................................
Негізгі және қосалқы өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау...............

КОМПАНИЯНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОҒАН БАҒА БЕРУ......................................

Телекоммуникация мен байланыстың жағдайына жалпы сипаттама.......................................................................................................
Барлық байланыс түрлерімен қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру.................................................................................................
Қазақстан нарығында телекоммуникация мен байланыстарды бағалау және талдау...................................................................................................

ЖОСПАРЛАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ – МҰНАЙ ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ.......................................................................

Жоспарлау әдістерінің кәсіпорынға әсер етуінің ерекшеліктері.............
Пайда – кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің маңызды көрсеткіштерінің бірі....................................................................................
Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау...................

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................

Файлы: 1 файл

Дип.-ЖОСПАРЛАУ-ӘДІСТЕРІН-ЖЕТІЛДІРУ-–-МҰНАЙ-ӨНДІРУШІ-КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ-ПАЙДАСЫ-МЕН-РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН- (1).doc

— 442.00 Кб (Скачать файл)

2005 жылдың 1 шілдесінен бастап  бөгде операторлардың желісінде  қалааралық трафикті өткізуді  тарификациялау механизмі өзгертілді.

2006 жыл ішінде барлық  байланыс түрлерінен түсетін  табыстардың төмендегідей құрылымы  қалыптасты: сымсыз байланыс – 43,2%, халықаралық, қалааралық –20,3%, жергілікті телефондық – 8,4%, мәліметтерді беру қызметтері мен телематикалық қызметтердің қызмет көрсетулері – 6,4%, телерадиобағдарламаларды беру – 3,7% және басқа да байланыс түрдері – 16,0%. Аса серпінді түрде келесідегідей байланыс түрлері дамыды: мәліметтерді беру қызметі мен телематикалық қызметтердің, атап айтқанда Интернет қызметтердің ұсынатын қызметтері  (2006 жыдың қаңтар-желтоқсанында 2005ж. Қаңтар-желтоқсанындағы көрсеткіштермен салыстырғанда табыс соған сәйкес 21,7 % және 61,8 %-ға артты). Сымсыз байланыс қызметтерінен түскен пайда 63,3%-ға артты, олардың ішінде ұялы байланыстан түскен пайда 65,3%-ға, халықаралық байланыстан түскен пайда 24,7 %-ға және тұрғындарға ұсынылатын басқа қызметтерден пайда 6,5%-ға артты. Соңғы жылдарда желінің толық ауқымды жаңартылуы мен кеңейтілуінің негізін қалаған елеулі өзгерістер орын алды:

• Қазақстан Республикасының аумағында ұзындығы 1750 км Трансазиялық-еуропалық талшықтық-оптикалық байланыс желісі, ұзындығы 137 км Петропавловск – Корниловка Солтүстік талшықтық-оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ), салынды;

•   ұзындығы 2528 км Шымкент-Қызылорда-Ақтөбе-Атырау-Ганюшкино Батыс талшықтық-оптикалық байланыс желісі салынып пайдалануға енгізілді;

•  ұзындығы 1140 км Алматы-Қарағанды цифрлік редиорелелік желісі салынды және осылайша Ресейге Алматы – Астана – Петропавловл – Ресей радиалдық тармақ бойынша цифрлік шығу қамтамасыз етілді, ол Орта Азия - Өскемен аналогтық радиорелелік желі бойынша Алматы және Астана қалаларындағы цифрлік телефондық станцияларды жалғауға арналған;

• Алматыда цифрлік арналар бойынша транзиттік трафикті өткізуге арнап және GSM стандартындағы ұялы байланыс қажеттеріне арнап 34Мбит/с  цифрлік ағым ұйымдастырылды;

 •  Алматы қаласындағы «Орбита» спутниктік байланысы қайта жөн- делді, сондай-ақ Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында Интелсат халықаралық спутниктік жүйесіндегі станциялар орнатылды, солардың арасындағы спутниктік байланыстың магистральдік арналары құрылған және Геомания, Англия, Швейцарияға, Ресейге, БАЭ мен Канадаға жаңа бағыттар ашылды;

 • республиканың шалғай жатқан және халқының саны аз аудандарындағы байланысты қамтамасыз ететін Ауылдық байланыстың ұлттық спутниктік желісінің құрылысы жүргізілуде. ДАМА 182 цифрлік спутниктік станциясы, соның ішінде жоғарыдағы аудандардың елдімекендерінде 149 салынған;

•  Алматы қаласындағы Халықаралық коммутациялар орталығының құрал-жабдығы мен Орал, Тараз, Ақтөбе және Астана қалаларындағы автоматтық қалааралық телефондық станцияларды (АҚТС) жаңғырту аяқталды.

• 2001 жылдың қыркүйегінде Астана қаласында халықаралық коммутациялар орталығы салынып және пайдалануға енгізілген. Бұл цифрлық қалааралық коммуникациялар желісін құру жұмысын аяқтауға мүмкіндік берді.

Бәсекеге қабілетті телекоммуникациялар нарығын серпінді дамытуға арнап жағдайлар тудыру және тұрғын халықты сапалы және қол жетерліктей қызметтермен қамтамасыз ету.

Телекоммуникацияның міндеттері:

1  Телекоммуникациялар саласындағы мемлекеттік реттеу механизмін жетілдірумен бәсекелестікті дамыту және саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

2  Телекоммуникациялық инфрақұрылымды сонымен қатар ауылды жерлерде дамыту;

3  Интернет қызметтерінің дамуы мен қол жеткілікті болуына арнап жағдайлар тудыру;

Бұдан әрі телекоммуникациялар саласын ырықтандыру мен телекоммуникациялар желілерін дамыту ісі жалғасатын болады. Ұлттық ақпараттық супермагистральдің құрылысы аяқталатын болады, сондай-ақ жергілікті телекоммуникациялар желісін, ұялы байланысты, орталықтандырылған түрде сақтау мен деректерді беру мен Интернет қызметтері желісін дамыту мен жаңғырту жалғасады.

«KAZSAT-1» байланыс және хабар тарату спутнигінің сыйымдылығын толтыру жұмыстары жалғастырылып, сондай-ақ «KAZSAT-2» спутнигін жасау жөніндегі шаралар жүзеге асырылатын болады. Ұялы байланыс нарығындағы бәсекелестікті дамыту мақсатында 1800 МГц ауқымындағы радиожиіліктерді пайдалану жөніндегі шаралар жүргізілетін болады. Жергілікті бекітілген байланыс пен Интернет-қызметтер саласындағы бәсекелестікті одан әрі дамыту, сондай-ақ тарифтерді төмендету мақсатында басымдылыққа ие байланыс операторларының, жергілік байланыстың баламалы операторларының абоненттік желілеріне және Интернет-провайдерлеріне тең түрде қол жеткізу реттелетін болады.

Соның нәтижесінде 2007 жылы:

•  бекітілген телефондық желілердің тығыздығы елдің әр 100 тұрғынына 20 құрайтын болады;

• ұялы байланыс абоненттерінің тығыдығы плотность абонентов сотовой связи –  елдің әр 100 тұрғынына 45 құрайды; жергілікті коммуникация желілерін цифрлендіру деңгейі – 85 пайызды құрайды;

•  Интернетті пайдаланушының тығыздығы – елдің әр 100 тұрғынына 8;

2008 жылы:

•  бекітілген телефондық желілердің тығыздығы елдің әр100 тұрғынына 23 құрайды;

•    ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы – елдің әр 100 тұрғынына 60; жергілікті коммуникация желілерін цифрлендіру деңгейі – 90 %;

• Интернетті пайдаланушылардың тығыздығы – елдің әр 100 тұрғынына 10;

2009 жылы:

•  бекітілген телефондық желілердің тығыздығы елдің әр 100 тұрғынына 24 құрайды;

•   ұялы байланыс абонентінің тығыздығы – елдің әр 100 тұрғынына 95;

•   жергілікті коммуникация желілерін цифрлендіру деңгейі – 95 %;

  • Интернетті пайдаланушылардың тығыздығы – елдің әр 100 тұрғынына 15.

Телекоммуникация қызметтері нарығының оңтайлы құрылымы және қоғамның экономикалық дамуына ықпал ететін ақпараттық қоғамның технологиялық негізі ретінде тиімді және дамыған телекоммуникациялық инфрақұрылым құрылатын болады.

Қорытындылай келе айта кететіні, телекоммуникацияларды мемлекеттің монополиясынан шығару және соның салдарынан – байланыс қызметтерін ұсынатын жаңа компаниялардың пайда болуы әрекеттегі компаниялардың бәсекеге қабілеттілігінің артуына ықпал етумен телекоммуникациялар нарығына жағымды әсерін тигізеді, аталмыш компаниялар мұндай жағдайда ұсынылатын қызметтердің сапасын төмендете алмайды, осының барлығынан түптеп келгенде тұтынушы ұтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3   ЖОСПАРЛАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ  – МҰНАЙ ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ  ПАЙДАСЫН МЕН РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН  АРТТЫРУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ

 

    1. Жоспарлау әдістерінің кәсіпорындарға әсер етуінің ерекшеліктері

 

Жоспарлау дегеніміз – бұл ең алдымен келешекте фирманың тиімді қызмет етуі мен дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шешімдерді әзірлеу мен қабылдау процесі. Кәсіпорын жоспары жұмыс өнімі ретінде алдын-ала әзірленген іс-шаралар жүйесі болып келеді, онда өндіріс және мақсаттарды жүзеге асыру бойынша жұмыстарлы орындаудың көлемі, әдістері, реттілігі мен мерзімдері және сол жұмыстарды қажетті құралдармен қамсыздандыру ескерілген, алайда оларда солардың мақсаттарына қол жеткізудің техникалық әдістері реттелмеген. Сонымен қатар жоспар өндірісті дамытудың қажетті және қалаулы қарқынын, және пропорцияларын қамтамасыз етуі тиіс.

Жоспар кәсіпорын қызметкерлері үшін әрекет етуге басшылық болып табылады. Қазіргі кәсіпорын – бұл күрделі басқару жүйесі болғандықтан, жоспарлық мақсаттарға кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің, директордан бастап қатардағы қызметкерлерге дейін барлық қызметкерлерінің үйлесімді жұмыс істемейінше мүмкін болмайды. Жоспар кәсіпкерлік идеяларды негіздемелеу үшін, сондай-ақ алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін кәсіпорынды басқару үшін қолданылады.

Жоспарлаудың негізгі міндеті – кәсіпорынның аса маңызды қызметтерін: өндірістік, инновациялық, технологиялық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және т.б. жүзеге асырудың нәтижесі ретінде оның барынша жоғары пайдаға ие болуына арнап әрекеттер бағдарламасын әзірлеу. Өндірістік жоспарлау кәсіпорынның қолда бар өндірістік қуаттылықтарына негізделумен шығарылатын бұйымдар мен қызметтердің атаулығы мөлшерінде, сондай-ақ өзін нарықтың тиісті сегменті игеруге қабілетті өнім көлемін ескерумен жүргізіледі. Нарықтың сол не өзге өнім көлеміне қатысты қажеттері неғұрлым көбірек болған сайын, кәсіпорынның өндірістік әлеуеті соғұрлым жоғары болуы тиіс.

Жоспарлық шешімдер, жоспарлау ауқымдары, сондай-ақ нақты кәсіпорынның іс-әрекетінің басқа да жақтары тұрғысынан жоспарлардың келесі түрлерін бөліп кетуге болады:

• стратегиялық жоспар – ұзақ уақыттық жоспар, әдетте, 10 – 15 жыл кезеңді қамтиды, онда уақыт пен ресурстар бойынша үйлестірілген міндеттер, сондай-ақ қойылған мақсаттарға қол жеткізудің жалпы стратегиясы қалыптасады;

•  ұзақ уақыттық жоспарлар – бірнеше жылға арнап әзірленетін және фирма стартегиясының жекелген дербес проблемаларын шешуге бағытталған жоспарлар;

•  ағымдағы жоспарлар – өзінде фирманың ағымдағы қаржылық жылға арналған іс-әрекетінің барлық бағыттары түйісіп жататын жоспарлар;

• шұғыл жоспарлар – кәсіпорын іс-әрекетінің нақты мәселелерін қысқамерзімді кезеңде шешуге арналған жоспарлар. Олар тар бағытты, жоғары дәрежеде тәптіштелген болып келеді және қолданылатын тәсілдер мен әдістердің  сан-алуандығымен сипатталады;

• инвестициялық жоспарлар – жаңа өндірістік қуаттылықтарды құруға және олардың қолданыстағыларын жаңғыртуға жұмсалатын күрделі салымдардың жоспарлары;

• бизнес-жоспар – жаңа фирманы құру жоспары, кәсіпорынның іс-әрекетінің жоспары, кәсіпорынның іс-әрекетінің нақты мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі іс-әрекет жоспары, оған күтілетін шығындар мен табысты бағалау кіреді.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды әдістерінің қатарына жоспарлау жатады. Ол өзінде ұдайы өндіріс процесін мақсатқа лайықты түрде әсер ету жөніндегі тапсырмалар әзірленетін іс-әрекет түрі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау экономикалық және әлеуметтік іс-әрекеттің барлық жақтарын барынша қамтудың түрінде болып келуі мүмкін. Алайда нарықтық экономика жоспарлауды жоққа шығармайды, себебі жоспар дегеніміз тиісті түрде ресімделген басқрамалық шешім болып табылады. Басқарудың негізгі қызметтерінің бірі табылумен, жоспарлау басқару объектісінің мақсатқа лайықты ғана емес, сондай-ақ серпінді және пропорционалды дамуын қамтамасыз етеді. Өзінің нақтылануына жоспарлау тиісті жоспарлық көрсеткіштер мен нормативтер арқылы ие болады. Қазіргі кезде жоспарларды құрастырудың, былайша айтқанда, жоспарлау әдістерінің бірнеше түрлері бар. Оларға баланстық, нормативтік, математикалық-статистикалық әдістер жатады.

Баланстық әдіс өздеріне фирма ие болып отырған немесе келешекте ие болатын ресурстарды, және соларға қатысты қажеттерді жоспарлық кезең шеңберінде, былайша айтқанда, өзіне арнап жоспар жасалып жатқан мерзім шеңберінде өзара байланыстыруға негізделген. Егер де ресурстар қажеттерге қарағанда жеткіліксіз болса, онда тапшылықтың орнын толтыруға мүмкіндік беретін олардың қосымша көздерін іздестіріле бастайды. Қажетті ресурстарды сырттан тартуға болады, сондай-ақ өз шаруашылығында оны оңтайландырумен босатуға болады. Егер де ресурстар оларға қатысты қажеттерге қарағанда артық болса, онда кері түрдегі проблеманы – шешуге тура келеді: оларды тұтынуды көбейтіп немесе артық ресурстардан құтылуға тура келеді.

Баланстық әдіс баланстар жүйесін – материалдық-заттық, бағалық және еңбектік баланстарды құрастыру арқылы жүзеге асырылады. Баланс екіжақты бюджеттік кесте болып келеді, оның сол жағында ресурстардың көздері, ал оң жағында олардың үлестірілуі көрсетіледі. Тұтастай алғанда кесте төмендегідей түрде болып келеді.

Кесте 1

Ресурстардың көздері

 

1. Кезеңнің басына қатысты қалдық

2. Сырттан келген түсімдер

3. Ішкі резервтер

1. Ағымдағы тұтыну

2. Сыртқа сату 

3. Кезеңнің соңына қатысты қалдық 

Жиыны

Жиыны

Баланс

Баланс


 

Мұндай кестелердің негізін баланстық басқару құрайды, ол кезеңнің басына қатысты ресурстардың қалдықтары оған қосылған олардың ішкі және сыртқы көздерден түсуі кезеңнің соңына қатысты шығынның және қалдықтың қосындысына тең болуы тиіс. Баланста ресурстардың барлық көздері негізгі жеткізушілерді бөліп көрсетумен беріледі.

Натуралды баланстармен қатар жоспарлауда бағалық баланстар кең қолданысқа ие болады. Бұл бірқатар жағдайлармен түсіндірледі.

Біріншіден, фирма нарықтық қатынастардың субъектісі болып табылады; ол ақшаға іс-әрекет етудің барлық қажетті жағдайларын сатып алады және өндірілетін өнім мен қызметті ақшаға сатады. Демек, ресурстар мен дайын өнімнің барлық ағымдары басында-ақ ақшалай өрнекке ие болады, ол жоспарларды құрастыру үшін әмбебап және аса ыңғайлы болып табылады. Екіншіден, ресурстар мен өнімнің кейбір ағындары тәжрибеде тек бағалық шамалармен ғана көрсетілуі мүмкін, мысалы, ақпарат, зерделік меншік және т.б. Үшіншіден, әртекті ресурстар мен өнімнің жалпылама көрсеткіштері сондай-ақ ақшалай түрге ие болуы мүмкін, себебі осы кезге дейін әлі ешкім картоптың тоннасын сүттің литрімен немесе шойын ыдыстарды электр қуатының киловатт-сағатымен қалай қосуға болатынын тапқан жоқ.

Нормативтік әдіс келесіге негізделген: белгілі кезеңдегі жоспарлық тапсырмалардың негізіне әртүрлі ресурстардың (шикізаттың, материалдардың, құрал-жабдықтың, жұмыс уақытының, ақшалай ресурстардың және т.б.) өнім бірлігіне жұмсалу нормалары қойылады. Осылайша, жоспарлаудың нормативтік әдісі баланстық әдіске қатысты дербес, сондай-ақ қосалқы болып табылады.

Жоспарлауда қолданылатын нормалар натуралдық, бағалық және уақыттық болуы мүмкін. Натуралдық нормалар әдетте өнім бірлігін өндіруге арналған материалдық ресурстардың (шикізат, энергия және т.б.) шығынына қатысты болып келеді. Бағалық нормалар әртүрлі ресурстардың жалпылама шығындарын немесе өздерін ақшалай түрден басқа түрде көрсетуге болмайтын шығындарды (мысалы, амортизация); немесе тікелей ақшалай шығындарды (мысалы, өнім бірлігіне қатысты төлемді) көрсетеді (скажем, оплата труда на единицу продукции). Уақыт нормалары оның жұмыстарды немесе солардың жекелеген элементтерін орындауға жұмсалатын шығындарын көрсетеді. Мысалы, жедел уақыт нормалары; жұмыс орнын қамсыздандыру уақыты, жеке үзілістер уақыты, даярлау-қорытынды уақыты және т.б. деп бөлінеді.

Информация о работе Жоспарлау әдістерінің кәсіпорынға әсер етуінің ерекшеліктері