Жоспарлау әдістерінің кәсіпорынға әсер етуінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2015 в 21:47, курсовая работа

Описание работы

Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының қызметкерлері жұмыстың жөндеуаралық кезеңін барынша ұзартып және ұңғымалардың пайдалану коэффициентін арттырып отыратын, олардың бекітілген технологиялық режимдегі жұмысын қамтамасыз етіп, ұңғымалардың сапалы жөндеуіне және мұнайды қосынды өндіру мөлшерінің артуына кепілдік беретін шараларды жүйелі түрде әзірлеп және жүзеге асырып отыруы тиіс. Жерасты жөндеулері пайдалану шығындарының есебінен жүргізіледі, соңғыларына сол жөндеулер орындалған кезеңдегі мұнай мен газдың өзіндік құнына арнайы бап түрінде енгізіледі.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................

МҰНАЙ ГАЗ ӨНДІРУ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ҚАЗІРГІ КҮЙІ............................................................

Мұнай өндіру кәсіпорны – Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің негізгі буыны.....................................................
Өндіріс процесін ұйымдастыру және мұнай өңдеу кәсіпорындарының өндірістік құрылымы....................................................................................
Негізгі және қосалқы өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау...............

КОМПАНИЯНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОҒАН БАҒА БЕРУ......................................

Телекоммуникация мен байланыстың жағдайына жалпы сипаттама.......................................................................................................
Барлық байланыс түрлерімен қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру.................................................................................................
Қазақстан нарығында телекоммуникация мен байланыстарды бағалау және талдау...................................................................................................

ЖОСПАРЛАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ – МҰНАЙ ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ.......................................................................

Жоспарлау әдістерінің кәсіпорынға әсер етуінің ерекшеліктері.............
Пайда – кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің маңызды көрсеткіштерінің бірі....................................................................................
Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау...................

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................

Файлы: 1 файл

Дип.-ЖОСПАРЛАУ-ӘДІСТЕРІН-ЖЕТІЛДІРУ-–-МҰНАЙ-ӨНДІРУШІ-КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ-ПАЙДАСЫ-МЕН-РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН- (1).doc

— 442.00 Кб (Скачать файл)

Жоспарлау әдістерінің үшінші тобын математикалық-статистикалық әдістер құрайды, олар әртүрлі үлгілерге негізделген оңтайландыру есептеулерінен құралады. Аса қарапайым үлгілерге статистикалық үлгілер жатады, мысалы, корреляциялық үлгі, ол екі шаманың тәуелділігін көрсетеді. Соған негізделумен, А оқиғасы орын алған жағдайда Б оқиғасының орын алуын белгілі дәрежедегі ықтималдықпен болжауға болады. Статистикалық үлгілер ағымдағы салымдар мен берілген пайыздық мөлшерлемелерге негізделумен келешек шығындарды есептеп шығуға, қаржылық әрекеттерді жоспарлауға және т.б. мүмкіндік береді. Дәл сол қаржылық жоспарлау саласында олар аса кең қолданысқа ие болады. 

Желілік программалау әдістері бірқатар айнымалы көрсеткіштерді байланыстыратын теңдік пен теңсіздік жүйесін шешуге мүмкіндік береді, соған негізделумен әртүрлі үйлесімдегі солардың оңтайлы шамалары анықталады. Бұл берілген критерий бойынша, мысалы, күтіліп отырған нәтиже кезіндегі шығындардың минимумы бойынша; қайсыбір шығындар кезіндегі нәтижелердің максимумы және т.б. бойынша нақты экономикалық объектінің әрекет ету нұсқаларының бірін таңдап алуға мүмкіндік береді. Көбінеки бұл нұсқалар әртүрлі шикізатты, материалды, технологияларды таңдаумен қатысты болып келеді.

Жоспарлық кезеңнің ұзақтылығы мен мақсаттарға байланысты келешектік жоспарлау ағымдағы және жедел-күнтізбелік жоспарлауды бөледі.

Келешектік жоспарлау – бұл кәсіпорын жоспарын ұзақ уақытқа арнап әзірлеу: бес, он және одан артық жылға (ұзақмерзімді жоспарлау). Онда сол кезеңде кәсіпорынның алдында тұрған негізгі міндеттер және соларды шешу әдістері көрсетіледі. Ірі өндіріс пен жылдам техникалық прогресс жағдайларында келешектік жоспар техникалық-экономикалық жоспарлау жүйесінде негізгі орынға ие  болады. Кәсіпорынның келешектік жоспарында оның өнімді шығару бойынша, оның сапасын арттыру бойынша, жаңа қуаттылықтарды, өндірісті автоматтандыру мен механикаландыру жөніндегі жаңа құралдарды игеру бойынша, бөлінген ресурстарды (капиталдық шығындарды, материалдық-техникалық құралдарды, еңбекті және т.б.) қолдануды жақсарту бойынша соның дамуының негізгі бағыттары белгіленеді.

Өндірісті тактикалық жоспарлау бір жылдық және оған қарағанда қысқа кезеңдерді қамтиды, ол фирманың алдында осы жоспарлық кезеңде тұрған проблемаларды шешудің тактикасын көрсететін ағымдағы (қысқамерзімді және жедел) жоспарларды әзірлеу түрінде орын алады. Осыған орай тактикалық жоспарлауды тәжірибеде өндірістің ағымдағы жоспарлауымен теңеп жатады, соңғысы алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін өндірістің барлық элементтерінің бірге әрекет етуін қамтамасыз ететін фирманың іс-әрекеті процесін даярлау мен жүргізу теориясы мен тәжірибесінің жиынтығы болып келеді.

Ағымдағы жоспарлаудың мақсаты – кәсіпорынның уақыт бойынша, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелері бойынша үздіксіз, ырғақты, теңгерімделген жұмысын қамтамасыз ету. Ағымдағы жоспарлау фирманың стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың кезеңі болып табылады. Нарықтық экономикада ағымдағы жоспарлардың бастапқы нүктесі ретінде өнімнің ағымдағы жылда өткізілуін болжамдау қабылданады. Сонымен қатар, стратегиялық жоспарға қарағанда ағымдағы жоспарлардың нәтижелерін көрсету түрлері біршама өзгертіледі. Ағымдағы жоспарлау кәсіпорынның әртүрлі іс-әрекеттері бойынша жоспарлардың жиынтығы болып келеді. Ағымдағы жоспарды әзірлеу бөлімшелерден басталуы тиіс. Солардың алдында тұрған міндеттер іс-әрекет жоспарын және соларды шешу үшін жеткілікті болатындай ресурстарды қажет етеді. Нәтижесінде бөлімшелер бойынша жоспарлар бюджеттер немесе сметалар түрінде әзірленеді. Өткізуді болжамдау – ақырында бөлімшелердің барлық бюджеттері өзіне негізделумен құрылатын негіз.

Қысқамерзімді жоспарлар, ағымдағы жоспарлардың құрамдас бөлігі ретінде, тұтастай фирмамен және жекелеген бөлімшелерімен бір жылға дейінгі (ай, тоқсан, жарты жыл, жыл) кезеңге арнап былайша айтқанда күнтізбелік жоспарлар түрінде әзірленеді. Олар ғылыми зерттелуре, маркетинг, материалдық-техникалық қамсыздандыру, өткізу, өндіріс тәрізді іс-әрекет салаларын қамтиды, келіп түскен тапсырыстардың, материалдық және қаржлық ресурстардың есебімен құрастырылады және көбінесе бюджеттер түрінде болып келеді.

Кәсіпорындағы жедел жоспарлау, әдетте, жедел-өндірістік деп аталады. Жедел-өндірістік жоспарлаудың негізінде ағымдағы жоспарда немесе бизнес жоспарда әзірленген және орындауға қабылданған дайын өнімді шығарудың бір жылдық, тоқсандық, айлық өндірістік бағдарламасы жатыр. Жедел жоспарлар бірден он дұмыс күніне дейінгі кезеңді (екі күнтізбелік аптаға дейінгі) қамтиды, алайда көбінеки олар тәуліктік болып табылады. Мұндай жоспарлар әдетте үш негізгі элементтен құралады:

•  цехтардың, телімдердің, желілердің өндірістік бағдарламаларынан, олар өндірістік қуаттылықтардың іс-жүзіндегі жүктемесін көрсетеді;

•   осы бөлімшелерге берілген жедел тапсырмалардан;

• бұйымдардың және олардың жекелеген бөліктерінің технологиялық тізбек бойынша қозғалуының кесте-жоспарларынан.

Осылайша, жедел жоспарлар құрал-жабдықтың жүктемесін, технологиялық циклдегі жекелеген әрекеттердің орындалу тізбектілігін; соған арнап бөлінген уақытты; адамдардың қолда бар өндірістік  қуаттылықтардың, материалдық ресурстардың, қызметкерлердің есебімен бөлістірілуін белгілейді. Сондай-ақ цехаралық және цех ішіндегі жоспарлауды бөледі. Цехаралық жоспарлау – әр цехке арнап өнімді өндірудің шұғыл жоспарын белгілеу. Цех ішіндегі жоспарлау кезінде өндірістік телімдерге арналған шығару бағдарламалары, әдетте, цех үшін белгіленгенге қарағанда толығырақ белгіленеді. Тапсырма тек өндірістік телімдерге ғана емес, сондай-ақ телім шеңберіндегі белгілі құрал-жабдық топтарына, бөлшектерді іске қосу және олардың әрекеттер бойынша өту мерзімдері бойынша, сондай-ақ оларды шығару мерзімдері бойынша белгіленеді.

Нарықтық типтегі экономикаға көшу жағдайларында реформаларды сәтті түрде жүзеге асырудың басты мәселелеріне өндіріс салаларындағы, әлеуметтік саладағы және аймақтардағы барлық әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеу жатады. Экономиканы реттеу нарықтық шаруашылық ету жағадйларындағы мемлекеттің аса маңызды қызметі болып табылады. Мемлекеттік реттеудің негізін экономикалық процестердің бастиектері мен әдістерін, тікелей және жанама реттегіштерін қолдану құрайды. Экономикалық іс-әрекеттің әртүрлі аспектілерін мемлекет бюджеттік, банкілік жүйе арқылы, мемлекеттік тапсырыстар, кедендік қызмет арқылы реттейді. Жоспарлау, экономикалық болжамдау, бақылау және басқарудың басқа да қызметтері кеңінен қолданылады.

Мемлекеттік реттеу экономикалық іс-әрекеттің ережелері мен тәртібін, сол ережелердің орындалуына қатысты жауапкершілікті белгілейді. Сонымен қатар мемлекеттік реттеу барлық экономикалық құрылымдардың дербес түрдегі іс-әрекетін қамтамасыз етеді. Әртүрлі өндіріс типіндегі кәсіпорындарда жедел-өндірістік жоспарлау әдістері әртүрлі болып келеді, олардың өз ерекшелігі бар. Тек соның есебімен ғана кәсіпорында жедел-өндірістік жоспарлаудың тиімді түрде әрекет ететін жүйесін құруға болады.       

 

    1. Пайда – кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің маңызды көрсеткіштерінің бірі

 

Өнеркәсісптің тиімді өндірістік-шаруашылық әрекеттілігінің маңызды жинақтаушы көрсеткішіне өндірістің табысы жатады. Пайда экономикалық дәреже ретінде саудалы әрекеттілігінің процесінде материалды өндірістің орталығында пайда болған таза табысты көрсетеді.

Өндірісі факторларының және шаруашлықы субъектілердің пайдалы өндірісітік әрекетілігінің байланысының нәтижесіне дайын өнім жатады, ол тұтынушыға өткізу жағдайарына байланысты тауарға айналады. өткізу сатысында алдында затталған және таза еңбек құндылығын қосатын тауардың бағасы анықталады. Таза еңбектің құндылығы жаңа шығарған бағаны көрсетеді және де ол екіге бөлінеді. Біріншісіне жұмысшылардың жалақысы (қажет еңбектің құндылығы), екіншісіне таза табыстан (қосымша еңбектің құндылығы) құралады.

Өнеркәсіп әрекеттілігінің финасты нәтижесін анықтау үшін өнімді сатудан пайда болған табысты оны өндіру мен өткізу шығындарымен сәйкестендіру қажет. Егер табыс финансты нәтижелерден жоғар болса, онда табыстың алынғаны көреміз. Егер тауарды өткізуден пайда болған табыс оны өндіру шығындарына тең болса, онда өнеркәсіп өндірістік өнімді шығару үшін шығындарды жапты деуге болады. Табыстан шығындар жоғары болатын болса, онда өнеркәсіп шығынға ұшыраған – теріс финансты нәтиже, бұл оны қиын финанстық жағдайға қояды және банкротстваға ұшырауды мүмкіндігін де қарастыруға болады.

Өнеркәсіптің пайдасына өнеркәсіптің  өндірістік және әлеуметтік даму мақсатына бағытталған ақшалы жинақының бір бөлігін, сонымен бірге  барлық  деңгейлі  бюджеттерге  ақшалы  қаржыны  жіберуді  айтамыз.

Өнімді өткізуден пайда болған өнеркәсіптің пайдасының мәнін анықтайтын факторға қолданып жатқан бағалар жатады. Оларды өткізу жағдайындағы еркін бағалар берілген өнімнің басекелестік мүмкіндіктеріне байланысты және басқа өнеркәсіптер шығаратын ұқсас өнімнің сұраныс пен ұсыныстарына байланысты анықталады. Сондықтан да өнімге қойылатын еркін бағаардың деңгейі өнеркәсіптен байланысты болып келетін факторға жатады. өнеркісптке тәуелсіз болып келетін факторға өнеркәсіп-монополистермен өнімге қоятын мемлекеттік реттелетін бағалар жатады. Өнеркәсіптің шаруашылық әрекеттілігінің соңғы финанстық нәтижелеріне балансты кіріс  жатады,  ол  келесі  үш  құраушыдан тұрады:

•    өнімді өткізуден пайда болатын табыс (шығын);

•  негізгі қондырғылар және басқа да өндірістің мүлігін өткізуден пайда болатын табыс (шығын);

•    өткізуден басқа да қаржылық нәтижелер.

Өнімді өткізуден пайда болатын табыс (шығын) дегеніміз бұл өндірістің негізгі әрекеттілігінен пайда болған финанстық нәтиже және де ол уставта берілген және заңмен рұқсат етілмеген әртүрлі түрлері бойынша орындалады. Финанстық нәтиже әрекеттілігінің әр түрі бойынша бөлек анықталады және берілген баға бойынша өнімді өткузіден пайда болған табыс пен оны өндіру мен өткізуге кеткен шығындар  арасында тең болады. 

 

 

 

 

 

 




 



         Сурет 5 - Өткізуден пайда болған табыс

 

Негізгі қордарды және басқа да өндірістің мүлігін өткізуден пайда болатын табыс (шығын) дегеніміз бұл өнеркәсіптің негізгі әрекеттілігімен байланысты емес болып келетін финанстық нәтиже. Ол басқа да өткізуден пайда болған табысты (шығынды) көрсетеді.

Өнеркәсіп өз мүлігімен өзі айналысады. Олар өз мүлігін жою, сату, жалға беру немесе басқа өнеркәсіптердің шартты капиталдарына беруге мүмкіндігі  бар. Финансты капитал тек мүлікті сату жағдайларында ғана пайда болады.Негізгі фондтар және басқа да өндірістің мүлігін өткізуден пайда болатын табыс өкізілген мүліктің сатылым бағасынан және өткізуге бойынша пайда болған шығындар есептеу отырып алдық бағасының арасындағы айырмашылығымен анықталады.



    =

 

 


   +

   

 

    Сурет 6 - Негізгі қондырғылар және басқа да өндірістің мүлігін өткізуден пайда болатын табыс

өткізуден басқа да пайда болған қаржылық нәтижелер бұл өнеркәсіптің негізгі әрекеттілігіне жатпайтын және өнімді, жұмысты, қызымет, негізгі қорлар мен басқа мүлікті өткізумен байланысты болмайтын әртүрлі сипаттағы операциялар бойынша алынатын табысты (шығын) айтамыз. Қаржылық нәтиже өткізуден тыс болған табыс пен олар бойынша жасалған шығындар арасындағы айырмашылық бойынша анықталады.

Түсім – бұл өнеркәсіптің өзіндік финанстық ресурстардың қалыптасу көзі. Ол өнеркәсіптің үш негізгі бағыты бойынша қалыптасады:

•  негізгі;

•  инвестициялық;

•  қаржылық.

Негізгі әрекеттілігінен пайда болған түсім өнімді өткізуден пайда болған ақша түрінде беріледі.

өнімді сатудан пайда болған түсім дегеніміз бұл өндірістік өнім, жұмысты орындау және қызымет көрсетуден пайда болған ақшалай қаржы. Бұл шығындарды жабатын және өндірістің табысын көрсететін негізгі қаржылай көзі болып келеді. Өткізуден пайда болған түсім бұл өндірістің өзінің өнімін өткізу, жұмыс пен қызыметті көрсетуден, алдын ала сатып алынған тауарларды өткізуден, сонымен бірге мүлікті заңдарын өткізуден пайда болған табысты айтамыз.

Өнеркәсіптің негізгі өнімін сатудан басқа пайда болған түсімге басқа сатудан пайда болған ақшалай түсімді, сонымен бірге өткізуден басқа да операциялардан пайда болған түсімді жатқызуға болады. Өткізуден пайда болған түсімнің көлемі өндірілген өнімнің көлемі, оның түрлері, бағалар деңгейі, есептеу әдістері және т.б. әсер  етеді. Түсімнің пайда болудың маңызды моментке қаржының уақытысында түсуі жатады.

Өнеркәсіптің негізгі әрекеттілігінен пайда болған түсімнен басқа өнеркәсіптің инвестициялық пен қаржылық әрекеттілігінен түсім де болуы мүмкін.

Инвестициялық әрекеттілігінен пайда болған түсім айналымның сыртыңдағы активтерді сатудан және бағалы қағаздарды өткізуден пайда болған түсімдер түрінде беріледі.

Қаржылық әрекеттілігінен пайда болған түсім инвесторлар арасында өнеркәсіптің облигациялары мен акцияларды сатудан пайда болады.

өнеркәсіпте жалпы (баланстық) және есептік пайда жоспарланады.

Жалпы пайда – бақылаушы сандардан, ал рентабельность – есептік көрсеткіштерден құралады. Жалпы пайданың Пб құрамына келесілер кіреді: өнеркәсіптің негізгі әрекеттілігнен (өндіруден пайда болған тауарлы өнімді өткізу және ұңғымаларды пайдалануға беру) пайда болған табыс По, басқа сатудан пайда болған табыс Ппр және сатудан тыс пайда болған табыс Пвнр кіреді, яғни:                                          

Информация о работе Жоспарлау әдістерінің кәсіпорынға әсер етуінің ерекшеліктері