Жоспарлау әдістерінің кәсіпорынға әсер етуінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2015 в 21:47, курсовая работа

Описание работы

Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының қызметкерлері жұмыстың жөндеуаралық кезеңін барынша ұзартып және ұңғымалардың пайдалану коэффициентін арттырып отыратын, олардың бекітілген технологиялық режимдегі жұмысын қамтамасыз етіп, ұңғымалардың сапалы жөндеуіне және мұнайды қосынды өндіру мөлшерінің артуына кепілдік беретін шараларды жүйелі түрде әзірлеп және жүзеге асырып отыруы тиіс. Жерасты жөндеулері пайдалану шығындарының есебінен жүргізіледі, соңғыларына сол жөндеулер орындалған кезеңдегі мұнай мен газдың өзіндік құнына арнайы бап түрінде енгізіледі.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................

МҰНАЙ ГАЗ ӨНДІРУ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ҚАЗІРГІ КҮЙІ............................................................

Мұнай өндіру кәсіпорны – Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің негізгі буыны.....................................................
Өндіріс процесін ұйымдастыру және мұнай өңдеу кәсіпорындарының өндірістік құрылымы....................................................................................
Негізгі және қосалқы өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау...............

КОМПАНИЯНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОҒАН БАҒА БЕРУ......................................

Телекоммуникация мен байланыстың жағдайына жалпы сипаттама.......................................................................................................
Барлық байланыс түрлерімен қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру.................................................................................................
Қазақстан нарығында телекоммуникация мен байланыстарды бағалау және талдау...................................................................................................

ЖОСПАРЛАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ – МҰНАЙ ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ.......................................................................

Жоспарлау әдістерінің кәсіпорынға әсер етуінің ерекшеліктері.............
Пайда – кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің маңызды көрсеткіштерінің бірі....................................................................................
Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау...................

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................

Файлы: 1 файл

Дип.-ЖОСПАРЛАУ-ӘДІСТЕРІН-ЖЕТІЛДІРУ-–-МҰНАЙ-ӨНДІРУШІ-КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ-ПАЙДАСЫ-МЕН-РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН- (1).doc

— 442.00 Кб (Скачать файл)

Күрделі жөндеу кезіндегі негізгі жұмыс – ұңғымаларды цементтеу, бұл жұмысты оқшауландыру жұмыстары (І және ІІ категориялы) кезінде, қайту мен тереңдеу (ІІІ категория) кезінде және ұңғыманы жойған кезде (ІV категория) жүргізіледі. Апаттарды жою (V категория) көбінеки ұстап алып шығу жұмыстарынан құралады (ұңғымадан құм немесе цементпен ілінісіп қалған сорғыш-сығымдағыш құбырларды, сорғыш қарнақтарды, тереңдік сорғыштарды, газ зәкірлерін, сүзгілерді, болат арқандарды алу; ұңғымаларды бөгде заттардан тазарту). Басқа жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары (VІ категория) – бұл жағалата орнатылған мұнаралардың зақымдануларын (майысу, сыну, сүзгілерді жөндеу) жою, ұңғымалардың құрылымын өзгерту (қосымша мұнараны түсіру немесе екінші бұтасын қазып орнату), тығын түзілумен күресу, мұнараларды кесу немесе олардың кесілген жерін қалпына келтіру және т.б. Жұмыстарды орындау үшін күрделі жөндеу бригадасы наряд алады, онда ұңғыма жөніндегі деректер, жөндеудің категориясы мен түрі, оның басталу уақыты, ұзықтығы мен істеу бағасы көрсетіледі. Нарядтың арғы бетінде бригаданың еңбекақысы есептеледі.

 

Қабат қысымын ұстау жөніндегі жұмыстар

 

Мұнай-газ өнеркәсібінде қабат қысымды ұстау жұмыстарын қабат қысымдарды ұстау цехы (ҚҚҰЦ) жүргізеді. Қабат қысымдарды ұстау цехы судың көлемі мен сапасын бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен бақылаумен, оны айдаудың берілген мөлшерін қамтамасыз етіп оны сол деңгейде ұстап отырады. Суландыру жөніндегі жұмысты тәулік бойы жедел басқаруды ауысым бастықтары жүргізеді. Цехтың негізгі жоспарлық көрсеткішіне қатты қазу жобасымен бекітілетін кубтық метрмен көрсетілген суды құю көлемі (Қс) жатады, ол қаттан алынатын сұйықтың мөлшерінен аспауы тиіс.  Бір жылға арнап құю көлемін анықтаған кезде тәуліктік құю Қс.т. мен жоспарланып отырған мерзімдегі күндердің күнтізбелік санына tкүнт. Негізделеді:

Қс = Қс.т. ·  tкүнт., (10)

мұндағы, Қс.т. – қаттан алынатын судың мөлшерінен асатын қатқа тәулігіне құйылатын судың мөлшері, м/тәу.

Тоғыту ұңғымаларының саны  nұңғ.т. әзірлеу жобасымен бекітілген қажетті құю көлеміне негізделумен келесі формула арқылы анықталады:

Қс = R · Сч · kп (11)

мұндағы, R – ұңғымалардың айлық қабылдауыь, пайдалану айына м3/ұңғыма;

Сч – бір жылдағы тоғыту ұңғымалары бойынша есепте тұрған ұңғ.ай жұмыс көлемі;

kп – тоғыту ұңғымалары, станциялар мен су алулар бойынша тоқтауларды ескеретін пайдалану коэффициенті;

Тоғыту ұңғымалары бойынша ұңғыма-айлармен берілген жұмыс көлемі немесе пайдалану көлемі келесі мағынаға тең:

Сч = nұңғ. · Нtкал / 30, (12)

Осылайша,                        Қс = Rnұңғ. · Нtкал · k3 / 30

Тоғыту ұңғымаларының саны қатқа арнап белгіленген құю көлеміне, сондай-ақ тоғыту ұңғымаларының айлық қабылдауы мен пайдалану коэффициентіне байланысты. Тоғыту ұңғымаларының қабылдауына қаттың сүзгіш бетінің күйі әсерін тигізеді; оған көбінеки тоғыту ұңғымаларын игеру әдістері әсерін тигізеді. Сол себептен қабылдау көбінесе игеру бөлігі мен геологиялық қызметтің жұмысымен негізделген. Суды тоғытуға жұмсалатын шығындардың ішінде аса жоғары меншікті салмаққа электрқуаты мен амортизацияға жұмсалатын шығындар, сондай-ақ цехтық шығындар жатады. Сол себептен электрқуатын үнемдеп жұмсап, сондай-ақ тоғыту ұңғымаларының бағасын арзандатуға және цехты басқаруға жұмсалатын шығындарды азайтуға тырысу керек.

 

Мұнайды әзірлеу және аудау

 

Ұңғымадан келіп түсетін мұнай мен газ жабық жүйе бойынша жинақталады, ол мұнайды жинақтау және оның ұңғымалардан өткізу пунктіне дейін қозғалуы кезінде мұнайдың атмосфералық ауамен түйісуін болдырмайтындай жағдайларды қамтамасыз етеді. Мұнайды жинақтау жүйесі мұнайды газдан айырып, оны су мен құмнан тазартуды, ұңғымалардың (мұнайдың, газдың, будың) өнімінің жекедара өлшеуін жүргізіп, мұнайды ішкішаруашылық тасымалдауды, мұнайды өңдеуге әзірлеуді, мұнайдың жалпы шаруашылық өндірісі мен өткізілу мөлшерін өлшеуді жүргізуі тиіс.

Шикі мұнайды жинақтау мен оны ұңғымадан жинақтау құрылғысына дейін айдау жұмыстарын аудандық инженерлік-технология қызметкерлері жүргізеді. Бұдан арғы мұнайды айдау, оны өңдеуге, сақтауға, есебін жүргізу мен өткізуге арнап әзірлеу жұмыстарын мұнайды әзірлеу мен айдау жөніндегі арнайы цехтар орындайды.

Жұмыстың аса күрделі бөлігі – мұнайды өңдеуге арнап әзірлеу. Ол тікелей мұнай өңдеу кәсіпорындарында және бұл ретте кешенді түрде жүргізілуі тиіс, б.а. оған механикалық қоспалардан тұндыру, сусыздандыру (эмульсиясыздандыру), тұзсыздандыру (негізінен хлорлы тұздардан, кальцийден, магнийден, натрийден) және тұрақтандыру процестері кіруі тиіс. Тұрақтандыру ретінде мұнайдан жасанды әдіспен онда еріген ұшқыш көмірсутегілерді бөліп алу, соның нәтижесінде мұнайдың құрамы әдеттегі жағдайларда тұрақты болып қала береді. Бұл жағдайда мұнай-газ өндіру кәсіпорны өндірілетін өнімнің (мұнай мен газдың) мөлшері үшін ғана емес, сондай-ақ оның сапасы үшін жауапкершілікте болуы тиіс. Бұл ретте мұнайды әзірлеу мен айдау цехы өткізілетін мұнайдың сапасын техникалық бақылау немесе зертханалық бақылау бөлімінің қызметін орындайды. Цех мұнайды айдау, әзірлеу, өткізуді, мұнай сорғыш станциялардың, мұнай құбырларының, резервуарлық парктің, эмульсиясыздандыру құрылғысының жөнделуін жоспарлайды. Мұнайды айдау мен өткізу жоспарларында келесі негізгі көрсеткіштер беріледі:

  1. тонна бруттолардың мөлшері (Б);
  2. тонна неттолардың саны (Н);
  3. ластануы (Л), пайыз;
  4. жанармайдың потенциалы (ж).

Тонна бруттолардың мөлшері (Б) – бұл өзіндегі қоспалармен бірге қабылдауға және айдауға жоспарланып отырған мұнайдың мөлшері, ол келесі формула бойынша белгіленеді:

Б = Н · 100 / 100-л (13)

Тонна неттолардың саны (Н) (қоспасыз) мұнай өңдеу кәсіпорнындағы мұнайдың балансынан алынады, ластануы бекітілген нормаға сәйкес пайызбен қабылданады.

Ластану пайызы (Л) – механикалық қоспалардың (Л) тонналарының салмақтық өлшерінің тонна бруттолардың салмақтық санына (Б) қатынасы түрінде болып келетін пайызбен көрсетілген әр резервуар бойынша орташа өлшенген шама:

Л = Л / Б · 100 (14)

Жанармайдың потенциалы (ж) – бұл қайнау соңы 1500ºС дейінгі мұнайдағы жанармайлық фракциялардың пайызбен көрсетілген потенциалдық (мүмкін болар) мөлшері. Жанармайдың потенциалы сонымен қатар әр резерваур бойынша орташа өлшенген шама ретінде белгіленеді және жанармайлық фракциялардың салмақтық мөлшерінің мұнайдың салмақтық санына, б.а. тонна неттолардың санына (Н) қатынасы болып келеді:

ж = Пж / Н ∙ 100 (15)

Мұнайды өткізу немесе жеткізу жоспары екі бөлімнен тұрады:

  1. мұнайды мұнай құбырлық немесе тауарлық-көліктік ұйымға өңдеуге арнап өткізу;
  2. мұнайды басқа тұтынушыларға өткізу – мұнда мұнайдың шығыны ескеріледі. Бұл жоспарды сондай-ақ тұтынушының талап етуі бойынша сұрыптар бойынша құрастырады.

Өткізу жоспарында мұнай тонналарының саны мұнай-газ өндіру кәсіпорнының өндірістік бағдарламасындағы мұнайдың балансына сәйкес келуі тиіс, ал жанармайдың ластану пайызы мен потенциалы – бекітілген нормаларға сәйкес келуі тиіс. Өткізілетін мұнайға арнап әрбір сорты мен резервуар бойынша Өткізілетін мұнайдың паспорты жасалады, онда зертханалық талдаудың деректері көрсетіледі: тағыздығы, тұздардың, механикалық қоспалардың мөлшері, батырылуы, судың мөлшері. Паспорт мұнайды өткізу кезінде соның сапасын растайтын құжат болып табылады.

2    КОМПАНИЯНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОҒАН БАҒА БЕРУ

 

    1. Телекоммуникация мен байланыстың жағдайына жалпы сипаттама

 

Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық қатынастарға көшуінің жылдам дамып келе жатқан процесіне байланысты соңғы онжылдықта елімізде мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру саясаты белсенді түрде жүзеге асырылуда, бұл үлкен қоғамдық резонанс тудыруда және тұрғындардың басым көпшілігінің өмірлік мүдделеріне қатысты. Мемлекеттің меншігінде тұрған және мемлекетсіздендіруге және жекешелендіруге жататын объектілерге телекоммуникациялар жатады. Телекоммуникациялар ақпаратқа қол жеткізуді кеңейту мен оны беру арқылы нарықтық механизмдердің қызмет етуін қолдайды.

Телефондар, факстер мен электронды пошта қазіргі бизнесті дамытудың маңызды және объективті қажетті шарттары болып табылады. Басқа түрлеріне қарағанда, өз мәні бойынша «интернационалды» және икемді болғандықтан, ақпараттық технологиялар бизнестің, экспорттық іс-әрекеттің дамуына және экономиканың орталықсыздандырылуына көбірек ықпал етеді. Олар ұлттық экономикаларды ықпалдастырады және аймақтың шеңберлерін кеңейтумен әлемдің экономикалық байланыстарды нығайтады.

Сонымен қатар телекоммуникациялар жаңа жұмыс орындарын құрумен, ауылдық және қалалық аймақтардың арасындағы экономикалық көші-қонды азайтумен, әлеуметтік саладағы ауытқулар мен жағымсыз құбылыстарды әлеуеттік түрде біріктіруі мүмкін. Ақпарттық технологиялардың денсаулық сақтау мен білім беру, сондай-ақ қоршаған ортаны сақтау мен жақсарту үшін маңызы баға жетпес болып табылады.  Жеңіл қол жеткілікті және толықтай қолданысқа енгізілген телекоммуникациялық жүйенің тағы бір жағымды қасиеті сол, жолдардың жаман жағдайына, жекелеген аймақатрдың қашықта орнаалсуы мен жолаушы тасымалдарына қатысты тарифтердің жоғары болуына қарамастан барлық тұрғындар ақпаратқа қол жеткізе алады.

Біздің үкіметіміз қашықтағы және нашар дамыған аудандарға тым болмағанда ең төмен байланыс қызметтерін ұсынатын болады. Мысалы, балалар мен жастарға арнап аймақтық оқыту сабақтарын беріп отыратын болады. Мұның құны ең төмен болады және келешекте елеулі пайда әкелетін болады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдында ең алдымен келешекте бәсекеге қабілетті, дамыған елдердің инфрақұрылымына ұқсас инфрақұрылымына ие болатын телекоммуникациялық жүйелердің мөзіндік және тиімді жүйесін құру міндеті тұр. Қазақстан телекоммуникацияларының қазіргі жағдайы басқа елдермен салыстырғандағы, желілердің жеткілікті дәрежедегі тығыздығына қарамастан, елеулі экономикалық проблемаға айналып келеді.

Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялар нарығы тұрғындарды әртүрлі байланыс түрлерімен (телевизиялық, телефондық, телеграфтік, электронды және т.б.) қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет тарапынан реттелген іс-әрекет болғандықтан Қазақстан экономикасы үшін іс-әрекет салаларының ең маңызды саласы болып табылады. Соның салдары ретінде ол инвесторлардың үлкен қызығушылығын тудыруда.    Республиканың телекоммуникациялық кешенін дамытудың тиімді стратегиясын әзірлеуде бұл саланың Қазақстан экономикасының жалпы құрылымындағы рөлі мен алатын орнын нақты және анық түсінудің үлкен маңызы бар, себебі осыларға негізделумен келешек кезеңге арнап даму мақсаттарын белгілеп және міндеттерді құрылымдауға болады.

Телекоммуникациялар -  байланыс саласының ең маңызды құрамдас бөлігі, ол өзінің өніміне хабрламаларды беру және хабарламаларды беруге арналған техникалық құралдарды ұсыну түріндегі қызметтер жататын қоғамдық өндіріс саласы болып табылады. Телекоммуникациялар саласы тұтынушыларға ақпарат беретін және телекоммуникация қызметтерін сататын телекоммуникация желілері мен қызметтерден құралады.

Саланың Қазақстан Республикасы инфрақұрылымының элементі ретіндегі рөлі мен мағынасы телекоммуникациялардың елдің тіршілік қарекетін қамтамасыз етуіне негізделген. Қазіргі жағдайларда мемлекеттік, шаруашылық және адам өмірінің ешбір саласында телекоммуникация құралдары болмай іс бітпейді. Телекоммуникациялар мемлекетті ұлттық қауіпсіздікті басқару мен сақтау құралымен қамтамасыз етеді. Жыл сайын мемлекет барлық бюджеттік шығындардың 1,5-2%-ы көлеміндегі қызметтерді тұтынады. Олар қазіргі заманғы бизнес пен экспорттық іс-әрекетті дамытудың қажетті шарты болып табылады. Жыл бойы сала елдің шаруашылық кешені мен тұрғындарға жүздеген миллион қызметтерді ұсынады. Байланыс басқа салалардың өндірістік шығындарының қажетті және елеулі элементтерінің бірі болып табылады, ірі және серпінді дамып келе жатқан сала болып табылады. 2000 жылы телекоммуникация саласының өндіру көлемі 50 млрд. Теңге немесе республиканың жалпы ішкі өнімнің 2 %-ын құрайды.

Телекоммуникациялар тұтастай экономикаға қарағанда жылдамырақ дамуда, және бұл соңғы онжылдықта дамушы елдердің бүкіл секторының беталысына айналды. 2002 жылы сала кәсіпорындарының мемлекеттік бюджетке салықтық аударымдары 2001 жылдағымен салыстырғанда шамамен 66 %-ды құрады, бұл 11 млрд. Теңге немесе мемлекеттік бюджетке жоспарланып отырған барлық түсімдердің 3,2%-ы деген сөз. Телекоммуникациялар кәсіпкерлік іс-әрекеттің тартымды объектісі болып табылады. Елімізде нарықтық қайта құрулардың дамуының нәтижесінде  телекоммуникациялар экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда жоғары табыстылықты қамтамасыз етумен кәсіпкерлердің назарына іліккен объектіге айналды. 1996 жылы байланыс операторларының Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарын, жеке және заңды тұлғаларды қажетті байланыс түрлерімен қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекетін мемлекеттік реттеу мен бақылап отыру мақсатында байланыс саласындағы іс-әрекетті лицензияландыру енгізілген. 1996 жылды қарашасы мен 2000 жылдың желтоқсан айы аралығында Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі шамамен алғанда 600 лицензия берген, оның 75 %-ы телекоммуникациялар саласының үлесіне тиіп отыр. Телекоммуникациялар саны көп жұмыс орындарының көзі болып табылады. Телекоммуникациялар саласында тікелей шамамен алғанда 35 000 астам адам еңбек етеді, бұл экономика саласындағы барлық еңбек етушілердің %-ын құрайды. Сонымен қатар аталмыш сала үлкен құрылыс көлемдерін жүзеге асырумен және қазақстандық кәсіпорындар шығаратын құрал-жабдықты, кабельдік өнімді сатып алумен экономиканың басқа салаларындағы жұмыс орындарының сақталуы мен құрылуын қамтамасыз етуде. 2000 жылы күрделі құрылысқа 79.13 млн. АҚШ доллары жұмсалған, соның ішінде «Қазақтелеком» АҚ-на арнап 70 млн.АҚШ доллар жұмсалды.

Информация о работе Жоспарлау әдістерінің кәсіпорынға әсер етуінің ерекшеліктері