Жоспарлау әдістерінің кәсіпорынға әсер етуінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2015 в 21:47, курсовая работа

Описание работы

Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының қызметкерлері жұмыстың жөндеуаралық кезеңін барынша ұзартып және ұңғымалардың пайдалану коэффициентін арттырып отыратын, олардың бекітілген технологиялық режимдегі жұмысын қамтамасыз етіп, ұңғымалардың сапалы жөндеуіне және мұнайды қосынды өндіру мөлшерінің артуына кепілдік беретін шараларды жүйелі түрде әзірлеп және жүзеге асырып отыруы тиіс. Жерасты жөндеулері пайдалану шығындарының есебінен жүргізіледі, соңғыларына сол жөндеулер орындалған кезеңдегі мұнай мен газдың өзіндік құнына арнайы бап түрінде енгізіледі.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................

МҰНАЙ ГАЗ ӨНДІРУ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ҚАЗІРГІ КҮЙІ............................................................

Мұнай өндіру кәсіпорны – Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің негізгі буыны.....................................................
Өндіріс процесін ұйымдастыру және мұнай өңдеу кәсіпорындарының өндірістік құрылымы....................................................................................
Негізгі және қосалқы өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау...............

КОМПАНИЯНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОҒАН БАҒА БЕРУ......................................

Телекоммуникация мен байланыстың жағдайына жалпы сипаттама.......................................................................................................
Барлық байланыс түрлерімен қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру.................................................................................................
Қазақстан нарығында телекоммуникация мен байланыстарды бағалау және талдау...................................................................................................

ЖОСПАРЛАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ – МҰНАЙ ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ.......................................................................

Жоспарлау әдістерінің кәсіпорынға әсер етуінің ерекшеліктері.............
Пайда – кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің маңызды көрсеткіштерінің бірі....................................................................................
Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау...................

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................

Файлы: 1 файл

Дип.-ЖОСПАРЛАУ-ӘДІСТЕРІН-ЖЕТІЛДІРУ-–-МҰНАЙ-ӨНДІРУШІ-КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ-ПАЙДАСЫ-МЕН-РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН- (1).doc

— 442.00 Кб (Скачать файл)

Мұнай-газ өңдеу кәсіпорнының өндірістік құрылымының негізін анық түрдегі бағыттану, қосалқы өндірістердің негізгі өндірістен бөлінуі және өндірістің барынша жоғары мөлшерде шоғырлануы құрайды.

Өндірістік құрылым ретінде кәсіпорынның ішкі өндірістік бөлімшелері мен қызметтерінің жиынтығы, олардың өзара қатынасы мен байланысы түсініледі.Мұнай-газ өндірісінде құрылымдық бірлік ретінде цех - өндірістік әкімшіліктік-бөлектенген бөлімше шығады, оның міндеттеріне өнімді шығару немесе белгілі бір жұмыс түрлерін жүргізу жатады. Негізгі өндіріс өнімді шығарумен тікелей қатысты болатын процестерді қамтиды. Қосымша өндіріс негізгі өндіріс бөлімшелерінің өнімді үздіксіз шығаруына арнап қалыпты жағдайларды қамтамасыз етеді. Негізгі өндіріс ретінде орталық инженерлік-технологиялық қызметпен (ОИТҚ) біріктірілген аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер (АИТҚ) бөлінген.

Орталық инженерлік-технологиялық қызметтің негізгі міндеті – мұнай-газ өнеркәсібінде орталық инженерлік-технологиялық қызметі бекітілген технологиялық режимін ұстанумен мұнай мен газ өндіру жөніндегі жоспарлық тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету. Орталық инженерлік-технологиялық қызмет төмендегілерді жүзеге асырады:

• аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер жұмысын басқару;

• негізгі өндіріс объектілерінде жұмыстарды орындау кезінде мұнай-газ өнеркәсібінің барлық өндірістік бөлімшелерінің іс-әрекетін тәулік бойы жедел бақылау және үйлестіру;

•  барлық өндірістік объектілер бойынша ақпаратты жинақтау мен өңдеу;

•  апаттарды жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

•  оқыс жағдайлар кезінде көмек көрсету және т.б.

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Сурет 3 – Негізгі және қосымша өндіріс цехтары

     

Жұмыстарды жоспарлауға маңызды мән беріледі. Орталық инженерлік-технологиялық қызмет өздеріне ұңғымалар бойынша барлық қажетті жұмыстар кіретін айлық кешендік кесте-жоспарларды әзірлейді.

Аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер – мұнай өндіруге тікелей қатысатын инженерлік-технологиялық қызметтің негізгі технологиялық органы. Бұл қызметтің басты міндеттері – мұнай мен газды өндіру жөніндегі жедел жоспар-кестелер мен тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету, тәулік бойы техникалық тұрғыдан сауатты игеру мен ұңғымаларды пайдалануды жүзеге асыру, оларды пайдалану режимін сақтау, ұңғымалар мен аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер аумағында орналасқан басқа объектілерді жерасты және күрделі жөндеу жөніндегі өндірістік процестердің барысына технологиялық бақылау жүргізу. Бұл органның жұмысын қызметтің бастығы басқарады. Мұнай өндіру операторлары технологиялық топтар бойынша бөлінген және аға инженерлердің басқаруымен ұңғымаларды күтімге алу, пайдалану жұмыстарын жүргізеді, оларды тексеріп және қарап шығады, құрал-жабдықтың ақауларын жөндейді, жұмыс тәртібін сақтайды, ұңғымаларды іске қосады және т.б. Бұл топтар әрдайым диспетчерлік пункт пен оның басшылығымен байланысты болып келеді. Аудандық инженерлік-технологиялық қызметтер мұнайды, газды, ауаны жинақтау мен сумен қамту, ұңғымалар коммуникацияларының, ауа және газ үлестіргіш құрылғылардың жүйесінің, компрессорлық станциялардың және т.б. технологиялық сұлбаларымен байланысқан.

Ұңғымаларды өндірістік күтімге алумен қатысты қосалқы өндірістер өндірістік күтімге алу базаларына біріктірілген. Өндірістік күтімге алу базалардың құрамына келесілер кіреді:

•   пайдаланушылық құрал-жабдықтың илектеу-жөндеу цехы (ПҚИЖЦ);

•  электр жабдығы мен электрмен қамтудың илектеу-жөндеу цехы (ЭЖ   мен ЭИЖЦ);

•   ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу цехы (ҰЖ және КЖЦ);

•   өндірісті автоматтандыру цехы (ӨАЦ).

Өндірістік күтімге алу базалар басшылығы кесте-жоспарларға сәйкес цехтардың іс-әрекетін үйлестіреді және ұңғымалар мен барлық негізгі өндіріс объектілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тікелей мұнай-газ  өндіру басқармасына бағынатын құрылымдық бөлімшелер бар, атап айтқанда:

•    мұнайды даярлау мен айдау цехы (МДАЦ);

•    қаттық қысымды ұстау цехы (ҚҚҰЦ);

•    бу-сумен қамту цехы (БСҚЦ);

•    газ сығымдағыш (газ) цех (ГСЦ);

•  құрылыстық-монтаждау телімі (ҚМТ) – мұнай-газ өнеркәсібінің дербес құрылыс ұйымы болмаған жағдайда.

Қабат қысымды ұстау цехының басты міндеті – жұмыстық реагенттің бекітілген қазу жобасына сәйкес көлемдерде өнімді деңгейжиектерге айдалуын қамтамасыз ету.

Мұнайды даярлау мен айдау цехы шикі мұнайды жинақтау мен оны жинау құрылғысына дейін айдау, өңдеуге, сақтауға, есепке алу мен тапсыруға әзірлеу жұмыстарын жүргізеді. Мұнай мен газ өндіру цехы мұнай мен газды ұңғыманың түбіне қарай жасанды қозғалу процестерінен, мұнай мен газды күндізгі жазықтыққа көтеру, тауарлық мұнайды әзірлеу процестерін қамтиды. Өндірістік қажеттілік болған жағдайда жекелеген мұнай-газөнеркәсіб бірлестіктің рұқсатымен цехтар құрылуы мүмкін: илектеу-жөндеу, батырмалы электрқұрылғылар, құбырларды шегендеу (футерлеу) (жемірілуге қарсы жабындар, әйнектеу, эпоксидтік шайырлармен жабу, эмальдау). Мұнай өндіру процесінің үздіксіздігі көбінеки мұнай және газ ұңғымаларын дұрыс пайдалануға, күтімге алу мен жөндеуге байланысты болып келеді. Пайдалану жабдығының илектеу-жөндеу цехы пайдалану жабдығын жөндейді, оны пайдаланудың техникалық ережелерін ұстануды бақылайды, механикалық жабдықты дер кезінде және сапалы жөндейді.

Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының өндірістік құрылымын жетілдірудің негізгі бағыты – негізгі өндірісті бағыттандыру процесін оны бұдан әрі бірқатар қосымша қызметтерден босату мен оларды дербес кәсіпорындарда шоғырландыру арқылы жалғастыру, атап айтқанда, МГӨК-тің құрамынан жөндеу және көліктік қызмет көрсетуді шығару және орталық илектеу-жөндеу базалары мен технологиялық көлік басқармаларын, және бірлестіктерде арнайы техниканы құру. Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының типтік өндірістік құрылымы 4-суретте келтірілген.

 

    1. Негізгі және қосалқы өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау

 

Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы негізгі өндірістік процестің қалыпты жүрісі қосалқы өндіріс арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл кәсіпорындарда қосалқы процестер сан-алуан түрлі болып келеді және оларға мәні мен өндірістік-шаруашылық бағыты бойынша әртүрлі болып келетін жұмыстар жатады. Бұрғылау мен қазуда қосалқы өндірістің аса маңызды бағыттарына келесілер жатады:

•  негізгі өндірістік қорларды күтімге алу және қалпына келтіру (сондай-ақ жабдықты жөндеу);

•   кәсіпорынның әртүрлі бөлімшелерін бу-сумен қамту және энергиямен қамту;

•   көлік және қажетті шикізатты, материалдар мен дайын өнімді сақтау;

• ұңғымалардың, мұнайдың, мұнай өнімдері мен газдың сапасын техникалық бақылау.

Құрал-жабдықты жөндеу, энергиямен қамту, мұнайдың, мұнай өнімдері мен газдың сапасын техникалық бақылау тәрізді процестерді ұйымдастыру ісі әртүрлі мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарында көбінеки бірдей болып келеді, алайда ол өндірістің ерекшелігімен негізделген кейбір ерекшеліктерге ие.  

 

Жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру

 

Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарында құрал-жабдықты, ғимараттар мен құрылыстарды күтімге алу мен жөндеу жұмыстары үлкен көлемде орындалады. Жоспарлы-алдын алу жөндеу деген атауға ие болған бұл жұмыстардың басты мақсаты сол не өзге түрдегі объектілерді олардың ұзақ мерзімділігі мен өнімділігін мүмкіндігінше арттырудың есебімен сенімді қызмет етуін қамтамасыз етуге негізделген. Тәжірибеде жөндеудің негізгі үш түрі қолданылады: қараудан кейінгі, жоспарлы-алдын алу (мерзімді) және жоспарлы-мәжбүрлі (стандарттық).

Қараудан кейінгі жөндеу кезінде құрал-жабдық сол не өзге түрдегі жабдықтың шамамен алынған қызмет ету мерзімдеріне негізделумен мерзімді жөндеуге түсіп отырады.

Жоспарлы-алдын алу жөндеу ғимараттардың, құрылыстардың және т.б. жоспарланған мерзімдерде жөнделуін ескереді. Бұл ретте жөндеу жұмыстарының іс-жүзіндегі көлемі қараулар мен ақаулы ведомостерді құрастыруға негізделумен анықталады.

Стандартты жөндеулер (мәжбүрлі) түзілімдер мен бөлшектерді олардың тозу дәрежесіне байланыссыз ауыстырумен жүргізеді және олар алдын-ала қарауды қажет етпейді.

Жоспарлы-алдын алу жөндеу жүйесіне келесідегідей жұмыс түрлері кіреді: а) жөндеуаралық күтімге алу;

    ә) техникалық қараулар;

    б) мерзімді жоспарлы жөндеулер (ағымдағы, орташа, күрделі).

Жөндеуаралық қарау кезінде алдын-алу сипатындағы жұмыстар жүргізіледі. Ол құрылыстардың, құрал-жабдық пен машиналардың күйін бақылаудан, құрал-жабдықтар мен машиналарды дер кезінде реттеу, майлау және олардың жұмыс режимін бақылап отырудан құралады. Бұл жұмыстарды операторлар, машинистер, кезекші шеберлер мен жөндеушілер орындайды.

Техникалық қараулар орын алған ақаулылықтарды анықтауға және оларды дер кезінде алдын-алуға арналған. Олар бұрғылау кәсіпорындарының, мұнай шаруашылықтарының, құбырлық магистральдердің, мұнай базаларының, жерасты қоймаларының және басқа объектілердің сенімді жұмысын қамтамасыз ететін алдын алу шараларының кешені болып келеді. Техникалық қараулар екі түрге бөлінеді: техникалық қараулар-1 және техникалық қараулар-2, олар жұмыстардың көлемі мен құрамы бойынша айырмашылықтанады. Құрылыстардың, құрал-жабдық пен машиналардың текке тұру уақыты техникалық қараулар мен жөндеулерге арнап бекітілген нормаларға сәйкес анықталады.

Мерзімді жоспарлы жөндеулер ағымдағы (ұсақ), орташа және күрделі жөндеуге бөлінеді.

Ағымдағы (ұсақ) жөндеу барысында қызмет ету мерзімі барынша қысқа болатын бөлшектер ауыстырылуы мүмкін. Орташа жөндеу қызмет ету мерзімі екі орташа жөндеудің арасындағы кезеңге тең болатын тозған бөлшектерді ауыстыруға, қалпына келтіруге арналған. Орташа жөндеуге ағымдағы жөндеу жұмыстары да енгізіледі. Күрделі жөндеу барлық құрылыстардың, құрал-жабдық пен машиналардың оларды толықтай бөлшектеумен жөнделуін қамтамасыз етуі тиіс. Күрделі жөндеу кезінде құрал-жабдықтың әрекеттілігі толығымен қалпына келтірілуі тиіс. Барлық жұмыс түрлері белгілі түрдегі реттілікпен жүргізіледі. Екі күрделі жөндеудің арасындағы кезең ішінде бірнеше рет жоспарлы қараулар, ағымдағы және орташа жөндеулер жүргізіліп отырады. Бір күрделі жөндеуден екінші күрделі жөндеуге дейінгі бұл кезең жөндеу циклы деп аталады. Жөндеулер мен алдын-алу қарауларының саны мен тәртібі жөндеу циклының құрылымын құрайды. Кез келген түрдегі екі іргелес жөндеулердің арасындағы уақыт жөндеуаралық кезең деп аталады.

 

Энергетика шаруашылығын ұйымдастыру

 

Мұнай-газ өнеркәсібі кәсіпорындарында энергетика шаруашылығы қосалқы өндірістің құрамдас бөлігі болып табылады. Кәсіпорындар электр және жылу қуатымен аудандық станциялардан, сондай-ақ меншікті электрстанциялары мен қазандықтардан қамтамасыз етіліп отыруы мүмкін.

Мұнай өндірісінде электрқуатының шығыны 1 т. Мұнайға қатысты есептеледі. Электрқуатының шығынын есептеу үшін орнатылған қозғалтқыштардың қуаттылығы, агрегаттардың машиналық уақытының коэффициенті, қуаттылықты пайдалану коэффициенті мен тәулігіне жұмысқа арнап жоспарланған сағаттардың саны есептеледі. Жарықтандыру қажеттеріне қатысты электрқуатына деген қажеттілікті жарықтандырылатын алаңды, жарықтандыру нормалары мен жарықтандыру сағаттарының санына негізделумен анықтайды.

 

Жылумен қамту

 

Жылу қуаты бу мен ыстық су түрінде тұтынылады. Бу технологиялық және қозғалту қажеттеріне арнап жұмсалады. Мұнай базалары, мұнай шаруашылықтары мен МӨЗ-лардың тауарлық-шикізат парктерінде бу сорғыштардың жетегіне, мұнай мен мұнай өнімдерін ыдыстар мен цистерналарда ысытуға және т.б. арнап қолданылады. Аса қуатты жылу шаруашылығы өзіндегі бу құбырларының ұзындығы ондаған километрді құрайтын мұнай өндіретін зауыттарда құрылады. Сатылып алынатын электрқуатының ақысы тарифтер бойынша төленеді. Буды меншікті қазандықта шығарған жағдайда тиісті калькуляция әзірленеді. Кәсіпорынның шығындарына күтімге алушы қызметкерлердің еңбекақысы, отынның бағасы, амортизация, цехтық және басқа шығындар жатады.

Мысалы, будың өзіндік құнының есебі төмендегідей болады: жылдық жұмсау мөлшері – 1500 мың Гкал; будың бағасы 1 Гкалы үшін 4,8 ақш. Бірл., будың шығындары – 5%; кәсіпорынның буды үлестіру мен пайдалануға жұмсайтын шығындары – 380 000 ақш.бірл.

Шығындарды ескерумен тұтынылған будың мөлшерін анықтайық:

15 000 000 / 0,95 ≈ 1 579 000 Гкал бу.

ТЭО-дан сатылып алынатын будың бағасы келесі соманы құрайтын болады:                          4,8 · 1 579 000 = 7 579 200 ақш.бірл.

Кәсіпорын үшін будың өзіндік құны келесі шамаға тең болады:

(7 579 + 380 000) / 1 579 000 = 5,04 ақш.бірл. / Гкал

Энергетика шаруашылығының жұмысын ұйымдастыру барысында энергетикалық құрал-жабдықты бұрынғысынан да тең түрде жүктемеленуіне, технологиялық сұлбаларды жетілдіру, құбырларды жылыту сұлбаларын ұтымды ету және қуаттың меншікті шығынын азайту мәселелеріне үлкен көңіл бөлініп отыруы тиіс. Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарында жылу ресурстарын үнемдеудің аса маңызды бағытына жылуды (түтін газдарының, судың жылуын және т.б.) қайталап пайдалану айналуы мүмкін.

 

Сумен қамту

 

Мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарының суға қатысты жоспарланып отырған қажеттігі жүргізілетін жұмыстардың көлемі мен бір жұмыс бірлігіне жұмсалатын судың нормаларына сәйкес анықталады. Жұмсалған судың ақысы кубтық метрге қатысты есептеледі. Орталықтандырылған түрдегі сумен қамту кезінде техникалық суға жұмсалатын шығындар Шс келесі формула бойынша есептеледі:

Шс = С · t · Бс, (3)

мұндағы, С – судың сағатына куб.метрмен көрсетілген жұмсалуы;

t – объектінің сағ. Жұмыс  істеу уақыты;

Бс – 1м3 судың ақш.бірлікпен көрсетілген прейскуранттық бағасы.

Объектіні жергілікті көздердегі (өзендердің, көлдер мен т.б.) техникалық сумен немесе ұңғыманы қазу арқылы қамтамасыз еткен жағдайда 1м3 суға жұмсалатын шығындарды калькуляциялау арқылы біледі.

Информация о работе Жоспарлау әдістерінің кәсіпорынға әсер етуінің ерекшеліктері